Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет11/15
Дата11.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2015  №2  (27)
Е.Букетов қолда бар ғылыми және әдеби
деректерге  түгел  сүйене  отырып,  өзі  қажетті
деген  жерлерін,  тарихи  деректерді  іріктеп
пайдаланғаны шығармада байқалып тұрады.
Шығармада жат елде жүрген Шоқанның
басынан  кешкен  қиыншылықтары  былай
суреттеледі: «Адам ойлағанымен, бұйрық Аллада
ғой.  Түні  бойы  жаңбырдың  ірі  тамшылары
тарантастың шатыршасын сабалады да тұрды.
Әбден шалдыққан аттар батпақта тайғанақтап,
аяқтарын әрең алып келеді. Тек көшірдің аттарды
жіті  қамшылауы,  шаршаған  жануарлардың
пысқырғаны  ғана  жаңбырдың  бір  қалыпты
сарынын  бұзғандай  әсер  етеді»  [1,78],  -  деп
қиындықты  басынан  кешіргені  жан-жақты
қамтылады.
Евней  Букетовтің  «Шоқанның  шуақты
шұғыласы» атты шығармасында Шоқан бейнесі
ашылып,  оның  зеректігі,  алғырлығы  былай
беріледі: «Табиғат бала Шоқанның мінезіндегі
осалдықтарға  да  орын  берген».  Мұндайда
қоршаған  орта  өз  дегенін  жасамай  қоймайды.
Шыңғыс  тұқымдарының  арасында  олардың
кезіндегі  ұшы-қиырсыз  құқықтарға  ие  болуы
арқылы,  «бөлшектенген»  тұлғалардың  пайда
болуына әкеп соқты. Ал Шоқанға табиғат өзге
қасиеттермен бірге темірдей ерік, күшті жігерді
қоса  сыйлады.  Мәселен,  сенімсіздік  жағдайы
тоқырауға киліктіретін жағдаяттар оның ақылы
мен мінез-құлқын қайрай түсті, оның жігерлілігі
мен ақылға жеңдіре білушілігін ұштай түсті» [1,
17], - деп көрсетіп, жазушы болашақ ғалымның
өскен  ортасы  мен  болып  өткен  жағдайларға
тереңірек үңіледі.
Жазушының адам бейнесін ашуда повестегі
басқа  кейіпкерлерге  сөз  бере  отырып,  оларға
мінездеме  жасататындығымен  ерекшеленеді.
Мысалы, Г.А.Потанин Шоқан мінезіндегі кейбір
ерекшеліктерге былай тоқталады: «Ол ең жақын
деген  достарының  өздерін  аямай  олардың
мінездеріндегі  олқылықтарға  ғана  емес,
денелеріндегі кемшіліктерге де күлетін. Бірақ бір
жағынан ол достарын көп көрмегенде қауышып
көрісуге асығатын. Ал арада бір-екі ай өтсе, бұл
ынтазарлықтан  тағы  да  ештеңе  қалмайтын,
досының  жақсы  қасиеттерін  көрмей,  ұсақ  та
нашар жақтарын теретін, онымен қоймай, іліп-
қаға бастайтын. Егер жолдасымен ажырасқандай
болса  немесе  ол  қатты  ауырып  қалса,  Шоқан
қайтадан  оның  асты-үстіне  түсіп,  жаны
қалмайтын»  [1,  97],-  деп  Шоқан  мінезіндегі
ерекшелікті көрсетеді.
Қазақтың 
аса 
көрнекті 
ғалымы
Ш.Уәлихановтан мол әдеби мұра қалғаны, қысқа
өмірінің  ішінде  Азия  және  Қазақстан
халықтарының  тарихы,  тілі,  әдеби  мұрасы,
этнографиясы,  жағрапиясы  туралы  бірсыпыра
еңбектер  жазып,  қоғамдық-саяси  тақырыпта
бірталай  публицистикалық  туындылар  бере
алғанына жазушы өз туындысында жоғары баға
береді.
Шоқан  Уәлихановтың  осы  еңбектерінің
ішінде  Ыстықкөл,  Тянь-Шань,  Түркістан,
Қашқария  сияқты  елді  мекендерге  арналған
тарихи-географиялық шолулары - бүгінгі күнге
дейін өзінің ғылыми күшін жоймаған мазмұнды
дүниелер  екенін  жазушы  өз  шығармасында
дәлелдейді.
Ш.Уәлихановтың орыс жазушыларымен,
ғалымдарымен  жазысқан  хаттары  қазақ
әдебиетінің  тарихы  үшін  ерекше  маңызы  бар
дүниелер. Оның хаттары мен күнделіктерінен де
публицистік дарынын толық аңғарған Е.Букетов
ол  хаттардың  тарихына  кеңінен  тоқталады.
Сібір,  Қазақстан,  Моңғолия  мен  Орта  Азия
зерттеушісі, орыс ғалымы Г.И.Потанин Шоқан
еңбектері  туралы:  «Егер  қырғыз  халқының
арасында Шоқанды оқи алатын орта болса, онда
халқының  кемеңгері,  өз  елі  әдебиетінің  қайта
өркендеуінің басы болар еді» [2, 242], – деп баға
береді.
Е.Букетов «Шоқанның шуақты шұғыласы»
шығармасында  Құлжа  сапарында  болған
оқиғаларды  баяндаған.  Ғалымның  көрген-
білгендерін көркем тілмен толғана жаза отырып,
сол  елді  мекендеуші  халықтардың  тұрмыс-
тіршілігі,  тарихы,  табиғаты,  сол  жердің  ой-
қырлары, өсімдіктері мен хайуанаттарына дейін
тәптіштеп суреттеген күнделіктерін де жазушы
орынды пайдаланады.
Е.Букетовтің  Шоқан  туралы  деректі
повесіндегі  портреттер  кейіпкерлердің  іс-
әрекетіне орай суреттелген. Оның ішінде назар
аударуға тұратын бір адамның портреті: «Айдай
сұлу  Айғанымның  кескін-келбетін,  сөйлеу
мәнерін,  мінез  құбылысын  суреттеу  үстінде

73
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2015  №2  (27)
кейіпкердің  көңіл-күйін,  мінез-бітімін  толық
аңғарта алғанын көреміз. «Айдай сұлу Айғаным
болса  жағдайды  тез  арада  бағалап,  ерін  жан-
жақты  безбендеп  алған  соң  өзінің  мүлт
баспайтын  тас-табан  мінезін,  асқақ  ақылын,
алған бетінен қайтпайтын жүректілігін көрсете
білді. Кіші тоқал ханның үлкен әйелдеріне деген
сый-сияпатын  әдептілікпен  сақтай  отырып,
оның бер жағында көп ұзамай-ақ жігерсіз күйеуін
ханның  ставкасын  Сырымбетке  көшіруге  көп
қиналмай-ақ көндірді» [1, 23], - дей келе, әйел
ставкасының Сырымбетке көшуі Уәли ханның
атынан Айғанымның басқаруға көшуі екені анық.
Айғаным  өз  заманындағы  әйелдер
арасындағы ақылды, әділ билікші болғаны туралы
естеліктер  аз  айтылмағаны  тарихтан  белгілі.
Мұражайларда  Айғанымның  өз  жағдайын
күшейту үшін патша ағзамнан дербес мекен-жай
салуға, оның қасына мешіт мұнарасын көтеруге,
егін  шаруашылығымен  айналысуға  рұқсат
алғандығы туралы куәліктер сақталған.
Айғаным бейнесіне қарап, өз ортасындағы
әйелдердің  ішінде  назар  аударарлықтай  оқшау
тұлға  екендігін  байқауға  болады.  Осы
Айғанымның  көп  қырлы  қасиетін  жазушы
мейлінше  шеберлікпен  әсерлі  бейнелеп
көрсеткен. Автор сол кездегі қазақ қоғамындағы
әйел  бейнесін  суреттеу  үшін  образ  боларлық
адамдар  іздеп  жатпай-ақ,  Айғаным  бейнесі
арқылы сол ортаның типтік қасиеттерін танытуға
тырысады.  Қаламгер  бұл  шығарманың
қаhарманы  –  Айғаным  мінезін,  рухани  жан-
дүниесін, ой-сезімін шыншылдықпен суреттей
алған.
Шоқан  Уәлихановтың  Орта  Азия  мен
Шығыс Түркістанды зерттеуші ретінде сіңірген
еңбегі  ғылым  жүзінде  толық  мойындалған.
Оның еңбектері сол кездің өзінде орыс, ағылшын,
неміс, француз тілдерінде жарияланған. Ғалым
еңбектерінің ғылыми маңызы, байқампаздығы
мен  білімпаздығы  туралы  атақты  орыс
ғалымдары  П.П.Семенов-Тянь-Шанский,
Н.Г.Потанин, М.М.Венюков, Н.А.Аристов, т.б.
өте жоғары баға берген.
Жұртын сүйген Шоқан өз халқының ауыз
әдебиетін  де  жалықпай  зерттеумен  болғанын
академик  З.Қабдолов:  «Ш.Уәлихановтың  сөз
өнері жайлы ғылымға қатысты еңбектері екі сала
(ауыз  әдебиетін  жинау  және  жинаған
нұсқаларын  өзінше  парықтау)  екені  мәлім»
[3,73],  -  деп  тұжырымдайды.  «Қырғыздар
туралы  жазбалар»  очеркінде  Шоқанның  көп
аңыздар  мен  өзінің  жинаған  халық  ауыз
әдебиетінің  нұсқаларын  талдап-тексеріп,
оларды  басқа  елдер  әдебиеті  нұсқаларымен
салыстырғандығы  игілікті құбылыс  екенін  де
жазушы  ұмытпайды.  «Шоқан  өз  мінезіне
қарағанда, жан дүниесін көрінген ортада аша
бергенді қаламайтын, тіпті ең жақындарының
арасында  да  өйткенді  жақтырмайтын.
Қырғызстан  мен  қырғыз  халқын  зерттеумен
байланысты еңбектерінде ол құрғақ фактілермен
ғана шектелген. Оларға деген қарым-қатынасын
ол  ғылыми  зерттеу  мен  ой  толғауларының
шеңберінен тыс шыққанда ғана көрсетеді» [1,
91],- деп Шоқанның бұл халықтың тағдырына
бей-жай  қарамағанын,  өзге  ұлттарға  ықылас
білдірумен ғана шектелмей, ыстық ықыласын
жария етіп  отырғанын кеңінен  ашып көрсету
шығарманың кейбір тұстарында баршылық.
Е.Букетов «Шоқанның шуақты шұғыласы»
атты деректі хикаятында Шоқан характері бала
кезінен  берік  қаланғанын,  мінезіндегі
ерекшеліктері  уақыт  өткен  сайын  орныға
түскенін  өз  шығармасында  ескеріп  отырады.
Шоқан бейнесі мен характері айқын ашылған
бұл шығармада мақсаты нақты, атқарған істері
шаш-етектен екенін де жазушы ескеріп отырған.
Шо қанның 
қоғамдық-әлеуметтік
көзқарасының  дұрыстығына  автор  былай
сипаттама  беру  арқылы  оның  бүгіні  мен
болашағы туралы толғаныстарын елі өз кезінде
түсіне  қоймағанын  өкінішпен  еске  алады.
«Шоқан өз халқын бар болмысымен сүйген. Ол
өз махаббатымен жартасқа байланған Прометей
іспеттес. Оның өмірлік трагедиясы да осында
жатыр – халық оны аз білген. Ақсүйектер мен
өзге білікті қауым оны қу, оңтайлы әрі тасы өрге
домалап тұрған патша офицері ретінде санаған.
Оның  ақ  патшаның  өз  қабылдауында  болуы,
көптеген ірі патша жандаралдарымен жақын дос
болуы, одан қорқатын, алдында бас иіп тұратын
адам санатында бағалатқан» [1, 116].
Жазушы  Шоқанның  өмірінің  соңына
қарай Тезектің қарындасы Айсарыға үйленуін,
Шоқан қайтыс болғаннан кейін Айсары қатты

74
Resume
Резюме
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2015  №2  (27)
күйзеліп, ұзақ уақыт аза ұстағанын суреттеген
тұстарда жас келіншектің характері жан-жақты
ашылады.
Шоқанның  досы  Г.Н.Потаниннің  мына
естелігінен  үзінді  беру  арқылы  әйелдер  жағы
оның мазасын онша ала қоймағанына көзімізді
жеткізеді. «Шоқан әйелдерді сүйді ме, білмеймін,
Омбыда оның бірқатар әуестенген жағдайлары
болды, бірақ олары тым алысқа бармайтын, тек
Полонский мен Майковтың өлеңдерін байыппен
оқып берумен ғана шектелетін» [1, 120].
  Шоқан  өміріндегі  айтарлықтай  оқиға  –
Шоқан өлерінен бірнеше ай бұрын ғана Тезектің
қарындасы Айсарыға үйленуі повесте кеңінен
жазылады. Айсары бәлендей сұлу болмаса да,
табиғат  сыйлаған  ақылдан  кенде  емес  жан
екенін  жазушы  былай  суреттейді:  «Жесір
келіншектің қайғыдан қатты күйзелгені көрініп
тұрды,  бірақ  бей-берекет  жылап,  айналаға
мазасыздық туғызған жоқ, жалпы бет-бейнесі
өте ақылды адамның кейпін танытты» [1, 121],-
деп аурудан әбден қажыған Шоқан өзін сүйген
қызға  бақыт  алып  келе  алмайтындығын
сезгендіктен  үйленбей  жүріп  алғанын  нақты
оқиғалармен дәлелдейді.
Е.Букетовтің бұл повесін оқу барысында
көз жеткізгеніміз жазушы өмір материалдарын
кеңінен қамтитындығында.
Әдебиет
1.Букетов  Е.    Көкейкесті.  2-ші  кітап.  –
Қарағанды, 2002.
2.Потанин  Г.  Шоқан  Уәлиханов  туралы
естеліктер.
3.Біртуар. Академик Е.А. Букетов жайлы
естеліктер  жинағы  /  мақала;  Сыздықова  Р.
Әдебиеттің сарабдал сарбазы. -Қарағанды, 1998.
В  статье  рассматривается  мировоззрения  гениального  писателя  Ч.Валиханова  в
произведенииЕ.Букетова«Шоқанның шуақты шұғыласы».
This article considers ideology of great writer Ch.Valikhanov in work of E.Buketov«Шоқанның
шуақты шұғыласы».

75
АСЫЛ СӨЗ
2015  №2  (27)
 А.ШӘКӘРІМҰЛЫ, ақын
  ҚҰНАНБАЙ ТУРАЛЫ
Бұл  естелік  Семейдегі  Абай  мұражайының  қорында  сақтаулы  Ахат  Шәкәрімұлының
қолжазбаларынан алынды. Ахат ақынның туғанына 115 жыл толуына орай арнайы жарияланып
отыр.
Қазақтың қасиетті, ұлы адамының бірі –
Құнанбай Өскенбайұлы. Ол кісінің жайынан аз
сөз  жазбақпын.  Қазіргі  кезде  ол  кісі  туралы
әңгімелер көтеріліп жүр. Әрине, Құнанбайдың
жақсы жағы емес. Оны бай, жуан, зорлықшыл,
арам, халықты қанаған деген сияқты неше түрлі
жамандау. Тоқжанұлы Ғаббастың Құнанбайды
жамандап  Абайды  да  ұсақ  байшыл  ақын  деп
жазған  кітабын  оқыдым.  Әлі  де  Құнанбайды
жамандаушылар  болар.  Бірақ,  менің  ойыма
мынау келеді: «Ер сыншысы – ел», - дейді. Ел
елге еңбек еткен ерін мақтайды.
Мен жасымнан Құнанбай туралы сөздерді,
оның  басына  арналып  айтылған  түрлі
оқиғаларды  көп  есіттім.  Бұл  оқиғалардың
көпшілігі тарихи шындық.
Құнанбай  жайындағы  әңгімелерді  бірлі-
жарым  ғана  емес,  көп  адамдардан,  халықтан
естідім  десем,  мұным  қате  болмас.  Және
жамандаушылар – Құнанбай нашар тапты қанап,
кедейлерге зорлық қылды десе, мен сол нашар
кедейлердің: «Құнанбай әділ адам еді», - деген
сөздерін көп есіттім.
Құнанбайдың немересінің баласы болған
соң атасын мақтап отыр ғой дейтіндер де болар.
Бірақ мен естіген елдің айтқандарын жазбақпын.
Тарихи  шындықты  жақтайтын  болса,
халық анық жақсы адамын, өзі өсірген адал ұлын
мақтайтын  болса,  түбінде  жақсы  адам  бірді-
жарым  адамдардың  жамандағанымен  жаман
болып кетпейді.
Өз дәуіріне қарай, елге еңбек етсем деген
талап  Құнанбайдың  жасынан  алдына  қойған
мақсаты.
Мен Құнанбай туралы елден, ақ сақалды
аталардан,  аналардан,  оқыған,  оқымаған
адамдардан  естіген  шындық,  нақтылы
әңгімелерімен қоса Құнанбай жайында айтылған
легенде сияқты оқиғаларды да жазбақпын. Неге
десеңіз ескі тарихта болған атақты адамдардың
басына халық неше түрлі ғажап қиял, керемет
оқиғаларды қосып мадақтайды. Менше, бұлары
да жөн сияқты. Халық сүйген, жақсы көрген, ел
қамын жеген адамын  мақтағанда, жай адамда
болмайтын  қасиеттерді  сол  жақсы  көрген
адамына  таңуы  заңдылық  та  сияқты.
Сондықтан, оларды керемет иесі етіп көрсетеді.
Әрине, 
Құнанбайға 
байланысты
оқиғаларды, істеген істерін бәрін білемін десем,
оным  қате  болар.  Егер  Құнанбай  жақсы,  ел
сүйген адам болса, тарих оны тастамай өзімен
бірге  алып  жүрер.  Қайсыбір  еліне  еңбек  етіп,
артына із, белгі қалдырған, ел қамын ойлаған
хан, патша княздар да тарихта болған жоқ па?!
Мүмкін Құнанбай да сондай адамның бірі шығар.
Менше,  әр дәуірде  халық  өзінің ортасынан  өз
бастыған, өз көсемін туғызып отыратын сияқты.
«Ерді ел туғызады» деген мақал бар ғой және
тарихта да солай.
Егер  Құнанбай  жайын  білгің  келсе
қорқытпай, үркітпей елден – халықтан сұра, ары
зор, адамшылығы мол адамдардан сұра. Мені
ӘОЖ 821.512.122

76
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)
шылғи өтірік айтып отыр деуге өз арың да бара
қоймас.  Қажет  етсең,  керегіңді  аларсың,
керексізін  тастарсың.  Бірақ,  мынаны  ойла,
феодал  дәуірінде  болсын,  капитал  дәуірінде
болсын  халық  өзінің  аяулы  ұл-қыздарын
туғызып отырады. Солардың бақыттылығымен,
өмірін тілейді. Құнанбай сондай адам.
Құананбайдың 
әкесі 
Өскенбай
Кеңгірбайдан кейін Тобықтыға би болған, хат
танитын  адам.  Халық  Өскенбайды  өте  әділ
болған деседі. «Ісің ақ болса, Өскенбайға бар»
деген халық аузында аңыз бар. Халық айтысына
қарағанда,  жат  жердің  адамдары  Өкенбайға
келіп, дауларын шештіреді екен. Құнанбайдың
шешесі Найман ішінде Матай руының қызы –
Зере өте есті, адал, момын, тақуа, жомарт ана
болған.
1804 жылы Құнанбай дүниеге келеді. Ол
туғанда өте ірі, толық, зор болады. Бұл туарда
анасы  түс  көреді.  Ол  түсінде:  ері  Өскенбай
алтын сақаны үйіріп отырғанын көреді. Анасы
ол алтын сақа  – Құнанбай деп жориды. Оны
бір  күн  дәретсіз  емізбейді.  Зеренің  өзі  бертін
айтыпты: «Мен Құнашты бір күн дәретсіз емізіп
көргем жоқ және омырауымды тазалап жумай,
бісмілла айтпай емізген мезгілім болған жоқ», -
деп. Құнанбайдың денесі өте сымбатты, толық,
бойы зор, жүзі нұрлы, бота көз, маңдайлы қыр
мұрын,  сұлу  болған.  Балғын  зор  денесі
балуандыққа  өткір  көзі  ерлікке,  басы
ақылдылыққа сәйкестене біткен. Әкесі молдадан
оқытып,  Құнанбай  шала  хат  танып  қалса  да
әкесі Өскенбайға келген хаттарды біріне-бірін
салыстырып, өз талабымен хатты толық танып,
түрікше жазылған кітаптарды еркін оқи алатын
болған.
Бала  кезінен  бастап,  Құнанбай  өте
ұғымды, зерек, алғыр, бір естігенін, оқығанын
ұмытпайтын  болған.  Ол  ес  біле  бастағаннан
әкесінің қасында отырып, көп әңгіме оқиғаларды
биліктерді естіп, қазақтың өткір сөздерін, мақал-
тақпақтарын  нақыл  сөздерін,  батырлар,
эпостық  жырларын,  тарихи  оқиғаларды
жадына сақтап алатын болған.
Жас күнінен шешендік өнерге, сөз тапқыш
әдіске бейім болады. Адамдық борышты қалай
ақтау керек деген сұрақ Құнанбайдың ойынан
ерте кезден орын алған. Бұл сұрақты әкесіне,
басқа ел адамдарына қойса да, толық жауап ала
алмай жүрген. Өз әкесі Өскенбай халыққа еңбек
етіп,  адал  болу  керек,  арын,  адамшылығын
сатпау  керек  дегенді  айтқан.  Енді  Құнанбай
тарихта  халық  қандай  адамдарды  жақсы
көретінін, қандай адамды мақтап құреттейтінін
қарастырған.  Асқан  балуандарды,  ел  жауын
жеңген  батырларды,  ел  қорғаған  ерлерді
сүйетінін аңғарған. Және ел үшін дауға түсіп, ел
намысын  жоқтап,  елін  білім-өнерге  бастаған
адамдарды сүйетінін байқаған. Қайткенде туған
елге,  арысы  халыққа  адал  еңбек  еткен  адам  –
адамдық борыштан құтылып, шын адам атына
ие болады деген байламға келеді. Құнанбай ел
алғысын  алмай  амандыққа  қол  жетпейтінін
сезеді. «Батасыз ер жарымас, баталы ер арымас»,
«жаңбырмен  жер  көгерер,  елмен  ер  көгерер»,
«Көп тілеуі көл болар, көлсіз тақыр шөл болар»,
«Ер керегін ел берер, ер еңбеген ел  терер», «Ел
қорғаған  ер  болар,  елсіз  адам  кор  болар»,
«Адалдық адамдық белгісі, арамдық жамандық
белгісі», «Көпті жамандаған көмусіз қалар», «Көп
өрт сөндірер, залым өрт өндірер», «Көп түкірсе
көл болар, көлсіз жерде шөл болар», «Көптен
үйрен, арсыздан жирен», «Тура биде туған жоқ,
туғанды биде иман жоқ», «Сайтандық қылма,
сайтаннан иман қашар», «Құдай таза, сен де таза
бол», «Нашарды қолда, момынды қорға» сынды
мақал-мәтелдерді  Құнанбай  ойына  тоқып,
аузынан  тастамайды.  Бұларға  қоса  мынандай
сертке  келеді:  «Жанымнан  малым  садаға,
арымнан  жаным  садаға», -  деп  Құнанбай  осы
сертін бұзбай өтеді.
Құнанбай Шыңғыс тауының бауыр жағына
құлай ағатын «Хан өзені» деген өзеннің таудан
шыға беріс жағасында күнбатыс жағындағы «Би
биігі»  деген  биіктің  күнгей  бетіндегі  тастан
салған қой қораның қасында қазақ үйде туған.
Ол кезде қазақ там салуды білмеген. Тек қыста
ық  жерден  қойға  бола  тастан  қорған  салып,
қыста  көшіп-қонып  жүрген.  Түтеген  қаһарлы
қарлы  боранға,  қақаған  қызыл  шұнақ  аязға
Құнанбайдың  денесі  әбден  шынығып
шыңдалып өскен.
Құнанбайдың  туысын  ел  былай
баяндайды:  Қарлы  боранды  қыста,  ақпанның
қақаған  аязында  қыран  жартасты  шыңның
заңғар басына аяздың өтіне, тастың үстіне бір

77
АСЫЛ  СӨЗ
2015  №2  (27)
жұмыртқа туып тастайды екен. Ол жұмыртқа
қатты  аязда  шыдамай  жарылып  кетсе,  анасы
көріп, ол жарылған жұмыртқаны құздан төмен
қарай  атып  жіберіп,  келесі  қыста  және  бір
жұмыртқа  туады  екен.  Сөйтіп,  тек  аяздан
жарылмай  қалған  жұмыртқаны  ғана  басып
шығарады  екен.  Ол  балапан  құстың  құмайы
болып  шығады.  Ата-анасы  сол  балапанды
асырап, қанаттандырып, баулып жетілтеді екен.
Құнанбайдың  туысы  сондай,  -  деседі.  Және
елдің айтысы: «Құнанбай ел тілегіне туды. Ол
елі үшін еңбек ететін болады. Соның үшін жұрт
болып тілеп, оны екі ажалдан, екі айдаудан алып
қалдық.  Құнанбай  ажал  мен  айдаудың
қармағына  ілінгенде  халық  болып  құдайдан
жалынып тілеп, көз жасымызды көлдей төгіп,
оның жанын алып қалдық» деседі. Мұны жас
немересіне Құнанбайдың өзі де айтқан.
Тағы  өзінің:  «Елімнің  менде  өтелмес
қарызы  бар.  Мені  екі  өлім  ажалынан,  екі
айдаудан алып қалған елімнің тілеуі», - деген сөзі
бар. Өскенбайдың әкесі Ырғызбай өте балуан
батыр болған адам. Атақты Керей Ер Жәнібекке
жолдас болып, талай жорықта ерлік көрсеткен.
Сол  ел  қорғаудағы  және  ел  намысын
жібермеудегі  ерлік-батырлығына  сүйсініп  Ер
Жәнібек  ағасы  Есіргеміс  батырдың  қызы  –
қарындасы  Ермекті  Ырғызбайға  қалыңсыз
берген. Екі асылдан ер туар деген ойда болған.
1766  жылы  Абылай  хан  мен  Әбілпейіс
ұлы  жүзге  болысып,  Қоқанның  қоған  бегін
қуып,  Ташкенді  босатқан  тойында  Ырғызбай
балуанға  түсіп,  атақты  қоңыраулы  балуанды
жығып, бәйгеге тіккен көп астықты алып, барған
әскерлер азық қылған.
Құнанбай да 15 жасынан бастап күреске
түсіп,  ел  арасындағы  өзі  құрбы  балуан
дегендерді жығып, балуан атанған. 18 жастар
шамасында  Құнанбай  жауырыны  жерге
тимеген Көтібақ руынан шыққан 15 жасынан
әйгілі  боп,  атағы  жайылған  Сеңгірбай
балуанмен күресу ойында болды. Сеңгірбайдың
Құнанбайдан  жасы  үлкен,  әрі  туысы  жақын.
Сеңгірбайға келіп: «Қайсымыз жыққанымызды
ешкімге айтпалық, жықсам да жығылсам да ат
шапан  айып  берейін,  сізбен  оңаша  күресейін
деп едім»,  - дейді.  Сөйтіп қазіргі  Жарқымбай
биігі  деген  таудың  сайында  екеуі  кездесіп
күреседі.  Бірақ  қайсысы  жыққанын  ешкім
білмеген.  Олар  айтпаған.  Ат  пен  шапанды
Сеңгірбай  алған.  Уәдеге  берік  адамдар
сырларын іште сақтап кеткен. Сеңгірбай өлген
соң  қайсыңыз  жықтыңыздар  деген  құрбы  –
достарына  Құнанбай:  Секең  өлді  деп  уәдені
бұзғаным лайық емес, - деп жауап берген.
Құнанбайдың  өз  айтысы:    -  Бір  үлкен
жиын  то й  болып  Найман,  Тобықты
арасындағы  балуанға  түстім,  қарсыласқан
балуанға  күшім  жетпейтінін  сезген  соң,  тез
шалып  алдым,  қайырып  тастай  бергенде,
аяғым тайып кетіп, өр жағыма шығып кеткен
балуанның астына түсіп қалдым. Сөйтіп, қазақ
күресі  көбінесе  қапы  кетіреді  екен  және
балуандықты қуғанан басқа бір жол іздейін деп,
жиырма жасымда күресті қойдым, - дейді.
Өскенбай Құнанбайға Найман табының
Терістаңбалы руынан шыққан атақты Ағанас
бидің Күңкені айттырды. Өскенбай көбінесе,
ел ішінде жиын, съезде жүреді. Не басқа елдің
шақыруымен сонда барып, дау-шарды бітіреді.
Осындай кезеңдерде Өскенбайды іздеп келген
адамдардың  дауларын  Құнанбай  тыңдап,
әділдік,  билік  айтады,  оған  екі  жағы  да  риза
болып  қайтады.  Сол  билікті  кексе  билер
естігенде қисық деп айта алмайды.
Құнанбай  билік  айтқанда  мынау  би,
мынау  жуан,  мынау  аталы  деп,  олардың
ажарына мансап – дәрежесіне қарамайды, тек
істің  ағына  қарайды.  Со ндықтан,  ел
Құнанбайды  әділ  мырза  деп  атандырады.
Құнанбайды  қашан  қажыға  барғанша  халық
«Мырза»  деп  атаған.  Оның  екі  түрлі  жайты
болды дейді ел: Ол басында бай болған жоқ,
малы аз болған. Бірақ шын мұқтаж адамнан мал
аяп көрген жоқ. Тай-жабағысымен әкесінен он
екі  жылқы  енші  алған,  солардың  мінеуге
жарайтындарының бәрін аты жоқ кедейлерге
май  ғып  беретін  болған.  Тамағы  жоқтарға
асынан бөлгізіп беріп, жалаңаш адамдарға екі
киімнің  бірін  беретін  болған,  -  дейді.  Екінші
мырзалығы: «Дауласып келген адамдарға адал
билігін айтып, ақыл сұрағандардан таза кеңесін
аямайтын еді,- деседі.
Құнанбайдың 
уәдеге 
берік,
ұстамдылығы, қайратты, жігерлігін, сабырлы,
шешен, болжампаздығын ел аңыз етеді.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет