Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/15
Дата11.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2015  №2  (27)
білдіргенде, Әбіш жаңа күйлер тарта жөнеледі.
Скрипканы  тартқанда  бар  жанын  салып,
күймен бірге өмір сүретін кезін жазушы былай
бейнелейді:
«Кейде 
жылдамдатып 
орқытып
ойнағанда,  шапшаң  қызуменен  тартып
кеткенде, Әбіштің жүзі дуылдап, қызара түседі.
...Кейіндеп біткен шашы ақ маңдайын кең етіп
көрсетеді.  Қысқалау  қоңырқай  шаштары
жалтырай таралған. Көтеріңкі  қырлы мұрын,
жұқа еріндері мен Абайша біткен жіп-жіңішке
қара  қасы  Әбішті  өз  тұқымының  ең  бір  сұлу
жасы дегізгендей. Бойы да ұзын, тіп-тік сұңғақ
біткен.  Бірақ  қырынан  қарағанда  сүйектері
жұқалау болғаннан ба, бар денесі де нәзік, жұқа
боп көрінеді. Ұзынша аппақ саусақтары скрипка
шектерін  бойлағанда  өзгеше  шапшаң.  Анық
«бармағынан бал тамған» дейтін осы. Шебер,
қиын,  мол  қимылдарды  шапшаң  сәнмен
атқарады» [2.184]. Мұнда Әбіштің бет-пішіні,
дене бітімі де сипатталған. Денесінің нәзіктігі,
саусақтарының  ұзынша  боп  келіп  шапшаң,
шебер  қимылдауы  оның  өнерлі  екенін
аңғартады. Бұдан кейін жазушы Әбіштің қайтыс
болған кезіндегі сипатын бір-ақ береді:
«Ғажап, Әбіш ұйықтап қана жатқандай,
өңі бұзылмаған. Ділдәнің жасты көзі байқағаны
тек  самайының  шашы  ғана  аз-аздап  түскен
екен» [3.197].
Мұхтар  Әуезов  романдағы  кейіпкерлер
портретін жан-жақты, әр түрлі қырынан жасап
көрсетеді. Құнанбайдың өгей шешесінен туған
інісі, старшын Майбасардың портреті бірнеше
жерде кездеседі:
«Құнанбай қасындағы қой көздеу, сұлуша
Майбасар  старшын болды  да, өз  достарынан
да,  Құнанбайдың  жақындарынан  да  ажырай
бастады» [4.23]. Романда Майбасардың сипаты
жан-жақты,  толық  берілмейді.  Тек  оның  қой
көзді, сұлуша келгені айтылады. Ал старшын
болғаннан  бастап  өз  достары  түгіл  жақын-
туыстарынан  бөлектенуі  оның  пәлеқұмар,
сотқар  мінезін,  яғни  шынайы  бет-бейнесін
ашып көрсетеді. Абай мен Бөжейлердің арасы
суып  кетуіне  осы  Майбасар  себепші  болған.
Оның келесі үзіндідегі пішінінде де айтарлықтай
ерекшелік жоқ, зор денелі, қызыл күрең жүзді
деп қана берілген:
«Орта  тұста,  ақ  сеңсең  ішігін  желбегей
жамылып,  зор  денелі,  қызыл  күрең  түсті
Майбасар тұр» [4.97]. Ал мұндағы Майбасардың
жүзінен  Құлыншаққа  деген  ашу-ызасының
қаншалықты үдей түскенін аңғаруға болады:
«Түсі сұрланып, екі танауы желбірей түсіп,
тентек  көздері  жиреніш  отын  шашып  отыр»
[4.198].
Жазушы Тобықтының белгілі үлкендері –
Байсал,  Бөжей,  Қаратай,  Сүйіндіктерді
сипатт ауда  үлкен  шеберлік  танытады.
Әрқайсысының 
бет-бейнесі, 
мінез
ерекшеліктері,  іс-қимылдары  әр  түрлі  болып
келуі  оларды  бір-бірінен  ажыратып  көрсетуде
маңызды  рөл  атқарады.  Бұлардың  нақты
сипаттары бірінші кітаптың алғашқы тарауында
Абайдың үйінде бас қосқан кезде бейнеленеді.
Алдымен  Абайға  ерекше  көңіл  бөліп  отырған
Қаратай көзге түседі:
«Өзге  үлкендер  ішінде  Абайға,  әсіресе,
көңіл  бөлген  сөзуар,  жарқын  жүзді  Қаратай»
[4.14].  Мұнда  толық  портреті  берілмесе  де,
сөзуар, жарқын жүзділігі оның мінез-құлқынан
хабар  береді.  Сүйіндік  те  жан-жақты
сипатталмайды:
«Сақал-шашы  бір  реңдес,  қара  бурыл
Сүйіндік оқта-текте бір қарап қойғаны болмаса,
Құнанбайға тесіле қарамайды» [4.18].
Жазушы  Бөжейдің  бет-әлпеті,  кескін-
кейпінің біршама суреттемесін береді. Отырған
адамдардың ішіндегі ең келбеттісі деп көрсетеді.
Аба й  арқылы  көздеріне  ерекше  тоқталып
кетеді:
«Түсі  ақ  сұр  келген,  өзі  қоңыр  сақалды,
кесек  мұрынды  Бөжей  –  осы  отырғанның
бәрінен  де  сұлу.  Бетінде  әжімі  де  аз.  Бірақ
Абайдың  көзін оған  көп  тартатын  бір нәрсе  –
бұның бітікшелеу, кішкене келген көздері» [4.18].
Байсалға берген мына бір сипатында кейіпкердің
бет-бейнесі  арқылы  мінезі  де  айқындалады.
Со дан  оның  салмақты,  байсалды  екенін
аңғарамыз:
«Қызыл жүзді, жирен сақалды Байсалдың
денесі ірі, қапсағай. Көкшіл түсті үлкен көздері –
әрі салқын, әрі сыр берместей сабырлы» [4.18].
Базаралыға  берілген  сипаттамалардан
оның дене пішінін, бет-жүзін, жас ерекшелігін
білуге  болады.  Алғашқыда  жасы  отызға  енді
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

67
2015  №2  (27)
ілінген кезі сипатталса:
«Еңгезердей  мол  денелі  болса  да,  аса
сымбатты, нұр жүзді Базаралы қазір отызға жаңа
ілінген.  Ақ  елтірі  ішігін  желбегей  жамылып
отырып, таңдайын қақты» [4.280], кейін талай
жылдар  өтіп, сақал-шашына  ақ кіре  бастаған
шағы да бейнеленеді:
«Жүдеген  жүзіне  айлар  мен  жылдар
салған  жүдеу  таңба  да  тез  айыға  бастады.
Ақшыл сарғылт жүзіне енді қайтадан қызғылт
қан  жүгіргендей.  Ұзын,  қоңыр  сақалына
араласқан  күміс  реңді  ақ  талдар  ғана  айқын
көрінеді.  Бірақ  нұрлы,  жылтыр  жүзінде  әлі
кәрілікке жеңгізген, жасыған ажар білінбейді»
[2,52];
«Қазағы  –  ұзын,  сымбатты  бойы  бар...
сұлу бурыл сақалды, аппақ кең маңдайлы, нұр
жүзді, келбетті адам..» [2,365].
Жазушы  Абайдың  жақын  туыстары
Құдайберді,  Тәкежан,  Оспандарды  көп
сипаттамайды. Құдайбердінің ауырып жатқан
кезіндегі халін, бет-әлпетін, дерттің қаншалықты
ағзасын  жеңгенін  өте  нанымды,  шынайы
суреттейді:
«Аппақ шөлмектей боп  жүдеген жүзіне
жұқалаң  қызғылт  шықты.  Қап-қара  сақалы
қазірде  бір  түрлі  ұзарып,  өсіп  кеткен  екен.
Сүйек-сүйегі  адырайып,  көк  тамырлары
көрініп, салдырап қапты» [4.337]. Жүзінің аппақ
болуы,  сүйектері  адырап,  көк  тамырлары
салдырауы  Құдайбердінің  енді  дертінен
айықпайтындығын  аңғартады.  Ал  Абайдың
інісі Оспан суреттелгенде, оның әдеттегі аппақ
тістері,  қызыл  ерні,  қара  мұрты  басқалардан
өзгеше  болып  сипатталады.  Көздерінен  ішкі
жан дүниесі білініп тұрғандай:
«Бұның қатты күлкіде ақсиып көрінетін
мінсіз аппақ тістері, қызыл ерні, қара мұрты да
өзгеше.  Бірде  қызумен,  бірде  көңілді  әзілмен
айқын  ашылып,  жалт-жұлт  етіп  отыратын
шошақтау үлкен көздері де әсерлі. Шам отындай,
лапылдап  жанғандай  бір  шыншыл  қызуды
білдіріп  тұратын  көз»  [2,44-45].  Тәкежанның
толықша кейпі мен қалжыңқой мінезінен басқа
нақты портреті жоқ:
«Бұл  кезде  толықша  тартып,  семіре
бастаған,  жігіт  ағасы  боп  қалған  Тәкежан
қалжыңқой, күлегеш болатын» [1,24].
Алшынбайдың портретін жазушы нақты,
айқын сипаттармен жасап шығарған:
«Толық, дөңгелек денелі, қызыл жүз, ақ
сақалды Алшынбай, тірсек жең қара камзолдың
сыртынан  пұшпақ  ішігін  желбегей  жамылып
отыр  екен.  Басында  сұрғылт  түсті  сырма
тақиясы бар. Қазақы тақия. Сол тақиясының екі
самайдағы жиегінен ойдым-ойдым боп түскен
ақ құйқа көрінеді. Жаңада қырылған ақ шашы
қайта  тебіндеп  шығып  келе  жатқанмен,
Алшынбайдың тазын жасыра алмай тұр. Биік
қырлы  мұрнын  көтере  сөйлеп...»  [4.31-32].
Алшынбайдың толық, дөңгелек денелі болуы
оның  ауқатты  екенін  танытса,  бір  кемшілігі
ретінде автор оның тазын алып көрсетеді.
Оразбайдың 
бейнесін 
жазушы
шеберлікпен суреттеп, оқырманға ерекше әсер
қалдырады:
«Көтібақтан  –  Жиренше,  Бөкеншіден  –
Күнту, Есболаттан – жалғыз көзді, ұзын селдір
қара сақалды, жал тұмсық, жар қабақ, ер жүзді
Оразбай  отыр»  [1,355].  Келесі  үзінділерде
Оразбайдың бет-бейнесі, дене-пішінімен қатар
киім-киісі де суреттеледі:
«Ол  бүгін  де  киімді  жұпыны  киініпті.
Үстіндегі ақ шапан, басындағы ақ қоян бөркі
ауыспаған. Бірақ төр алдында өзі отырып, бурыл
араласқан сояу талды, ұзын қара сақалын сипай
отырып,  әрбір  сөзді  батыл,  қатал  үнмен  өзі
бастап сөйлейді» [2,348]; «Ол – басында ақ елтірі
жеңіл бөркі бар, кесек мұрын, бурыл сақалды
кісі екен. Түйілген қалың қабақты, жалғыз көзді,
орта бойлы, нығыз адам тәрізді» [3.29].
Елді билеуші озбыр болыс, төре, шенеунік,
ояз, тіпті олардың тілмаштарын бірге суреттеу
арқылы Әуезов олардың мінез-қылықтарын, іс-
қимылдарын  әшкерелейді.  Асыра  суреттеуі
соншалық,  әжуаға  дейін  барады.  Майырды
суреттеуінен-ақ  жазушы  билік  тізгінін  ұстап
отырғандарға  ащы  кекесінмен  қарайтыны
білінеді:
«Аздан  соң  есік  ашылып,  еңгезердей
қызыл сары Майыр кірді. ...Үлкен көк көздері
қылилау келген. Бет-аузын қалың бұйра сары
сақал басқан. Шүйдесі қып-қызыл екі қатпар боп
тұратын»  [4.33].  Ал  ояз  Кошкиннің  суық
қабақты, қара сұр жүзінен оның қатал, қатыгез
адам екендігі айқын білінеді:
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

68
2015  №2  (27)
«Ширатылған ұзын қоңыр мұрты бар, биік
бойлы, суық қабақты, қара сұр ояз Кошкин ақыра
тергеу  жасап  отыр.  Бұның  сөзін  қазақшалап
тұрған қысық көз, шолақ мұрын, семізше тілмаш
екі  аяғынан  тік  тұр»  [1,160].  Әдеттегі
тілмаштардың би-болыстарға жағымпаздығын
ескерген  жазушы  олардың  да  бейнелерін
кекесінге  айналдырады.  Келесі  мысалдар  да
соған дәлел:
«Шұнақ құлақтау, тік шашты, тайқы маңдай,
жыпық  көз,  селдір  сары  мұртты  бір  тілмаш
ұлықтар столының маңына таман отыр» [1,177];
«Дәл жандаралдың сол жағында «керегім бола
ма?»  деп,  ентелеп  келе  жатқан  аласа  бойлы,
семізше, шардақы денелі, таңқы мұрын, бітік көз
қазақ тілмашы бар» [2,355]. Енді бір үзінділерде
шенеуніктерді әшкерелеп суреттеу айқын көрінеді:
  «Залдың  бергі  шетінде  мұртын  сәнмен
ширатқан,  бұйра  шашты,  жылтыр  жүзді
чиновник отыр еді» [1,189]; «Сарманов – бітік
көзді,  тылтиған  аласа  бойлы,  бөтегесі  жаңа
шығып келе жатқандай семізше жігіт. Өзі секектеп
жүреді.  Маңдай  шашын  кірпінің  түгіндей
тікірейте  қайырған  советник  Сарманов,  өте
ынталы  чиновник  болудың  үстіне,  аса  қатал,
шолақ-шолтырақ адам боп шықты» [3.117].
Болыс пен төрелердің кемшіліктерін басып
айтқан  үзінділер  де  оқырман  назарынан  тыс
қалмайтыны анық:
«То бықтының  Шағанынан  шыққан,
қолшыл, жуан бел Молдабай болыс бар. Шетінен
іркілдеген  семіз,  зор  келетін  Мотыш  руының
ішіндегі денесі де жуан, ісі де жуан, қырыс-қыңыр
бір болыс осы» [1,340-341]; «Ең алдында келе
жатқан шалқақ төсті, биік бойлы, қасқа бас төре.
Ол – келбетті адам. Дөңгелек жирен сақалы бар.
Екі иығын  жаңа эполет басқан,  төсінде оқалы
аксельбант. Толықтау қарнын көлденең буған оқа
белбеу. Төсінен қиғаш түскен әсем бауға ілінген,
қаралы  күміс  сапты,  сәнді  сұлу  қылыш  бар»
[2,354].
Жазушы Дәркембай мен Қодардан қалған
жалғыз  тұяқ  Дәрменнің  аянышты  халін
суреттеуде шеберлік танытады:
«Алыстан  сәлем  беріп,  Құнанбайдың
алдына тақап келген бұл екеудің біреуі – сақалына
бурыл  кірген  Дәркембай.  Қасындағысы  –
жыртық шапанды, жүдеу жүзді, жалаңаяқ, аяғын
қалың күс басқан 3-11 жасар бала еді» [1,12].
Келесі үзіндіде баланың аянышты халі тым үдей
түседі:
«Бетіне  бозғылданып  түгі  шыққан,  жүзі
жүдеу, шекесінде көк тамыры білінген, сүйектері
адырайған  бала  тұр»  [1,13].  Ал  сол  баланың
өсіп,  жігіт  шағына  келген  сипатын  автор
былайша береді:
«Дәрмен іркілген жоқ. Сұлу жүзді, қиылған
қара  мұртты,  ақ сұр  жігіт  домбыраны  шешен
сарнатып  отырып-отырып  барып,  жортып
бастап кетті. Үлкен қара көздері сәл қанталай
түсіп, шабыт отын маздатады» [2,64]; «Жылтыр
қара қасты, үлкен көзді, кесек қырлы мұрынды
Дәрмен  анық  сұлу  жігіт.  Қазір  жүріс  үстінде
толқынып  сөйлеу  себебінен  өң-ажары
ақсұрланып,  қылаңдана  түскен.  Ашық
маңдайында, кесек мұрнының жотасында және
екі бетінің ұшында жылтырап білінген сүйкімді
шұғыла бар» [2,224].
Мұхтар Әуезов елге өнерімен әйгілі болған
әнші,  күйшілердің  де  портретін  жасауымен
ерекшеленеді.  Мәселен,  Біржан  сал,  Әмір,
Мұқалардың  бейнелерін оқырман  көз  алдына
елестете алады. Арқаға аты шыққан, бүкіл ел-
жұртқа танымал Біржан салдың бет-бейнесімен
бірге киім-киісін де шебер сипаттайды:
«Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар
жиынға  қадірлі,  сүйіктісі  –  мынау  қос  ішекті
домбыраны  безілдетіп  отырған  орта  бойлы,
қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы, нұрлы жігіт.
Ол – Арқаға аты шыққан, бүкіл Орта жүзді асыл
саз, әсем әнімен ұйытқан Біржан сал. ...Үстінде
қара мақпал, кең, жеңіл шапаны бар. Омырауы
ағытылған, «сері жаға» ақ көйлектің сыртынан
киген сарғылт түсті, қытайы жібек камзолы бар.
Оқалы тақиясының жібек шоғы ырғала түседі.
Құйқылжыған әніне қалың жиын қыбыр етпей
ұйып,  мүлгіп  отырғанда,  кербез  әнші  өзі  де,
жүзіне  жылтыр  майда  рең  бітіп,  нұрлана
құбылады»  [1,61].  Жазушының  Біржанды
«нұрлы»  деп сипаттауы  тегін  емес. Ән  айтып
отырған  кезіндегі  жүзінің  нұрлана  құбылуы
Біржан бойындағы ерекше қабілетті көрсетеді.
Әнмен бірге өзі де құбылса, жиын да оны ұйып
тыңдайды. Ал Әмірдің бейнесін автор барлық
әншілерден  басқаша  деп  айтса  да,  о ны
дәлелдейтін сипаттарды онша келтірмейді:
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

69
2015  №2  (27)
«Әмір  де  бар  салдан  басқаша.  Бұның
сұңғақ  бойына,  аппақ  сұр  жүзіне  ерекше
жарасқан атлас, батсайы, тоты реңді киімі бар.
Қысқа  ғана  қою  қара  мұртының  арасында
жіпсіген тер көрінеді. Нұрлы жүзі, үлкен көзі,
ұялы  аясымен  Үмітей  жүзіне  табына  қарап
қапты» [1,224].
Ал  әнші  Мұқаны  сипаттағанда,  автор
оның зор үнді екенін айтып өтеді:
«Бұлардан басқа алты-жеті кісінің ішінде
атақты әнші Мұқа бар. Боздай шығатын зор үнді
Мұқа – биік денелі, ақшыл жүзді, келбетті жігіт»
[1,43].  Сонымен  қатар  бет-пішінін,  рең
келістілігін  танытатын  көріктеуіштерді  мол
қолданады:
«Кесек, сұлу жүзді, ақ сұр жігіт – әнші Мұқа
қазір  «көріпкел»  балгер  пішінмен,  жаңа  ғана
салған  құмалағын  шапшаң  жинап  жатыр»
[2,135].
Жазушының  Аққозы  мен  Дәулеткелдіге
берген  сипаттарын  көлемді  портретке
жатқызуға  болады.  Аққозыны  өзінің  Мотыш
деген руына, тегіне  ұқсағанын дәлелдеу үшін
автор көптеген көркемдік құралдарды қолданып,
мінез ерекшелігін де келтіреді:
«Аққозы  Мотыштың  көп  семізінің  бірі
екен. Тобықты ішінде Мотыш бөлек бітімді ру
болады. Бұлар – шетінен зор, семіз денелі, ақ
сары,  қой  көзді,  кесек  келбетті  тұқым.
Араларында сары мұрт, сары шашты, мөлдіреген
көк көзді кәрі-жасы да көп кездеседі. Аққозы дәл
осы тегіне тартқан. Ұзын бойлы, сақал-шашы
жиренге бейім, сап-сары, көзі мөлдіреген қара
көк. Көтеріңкі биік мұрны дәл ұшында шолақтау
боп,  таңқиыңқы  біткен.  Басы,  жақ  маңдайы
молынан  пішілген,  бітімді  келген  жігіт.  Жасы
Абай  құрбы  екен. Ол  көп  сөйлемейтін,  мінезі
тұйық, салмақты адам тәрізді» [1,287].
«Ақшолақ дейтін Сейітпен бірге пароходта
жүк таситын кең жауырын, ақ сары, қайқы танау,
қонақдос бір грузчиктің үйінде Абайға ең алғаш
сәлем бере келген Дәулеткелдінің пішіні оқшау
көрінген.  Екі  ұрты  суалған,  бет  сүйектері
шодырая  шыққан,  орақ  тұмсық,  шүңірек  көз
Дәулеткелді көселеу қалпымен еріксіз өз жүзіне
көз  тоқтаттыратын  бөлек  бейнелі  адам.  Бірақ
сұлу  болмаса  да,  жаңағы  жүзінде,  жар
қабағының астында жылтырап көрінген кішкене
шүңірек  көздері  кісіге  сондай  тартымды,
сүйкімді.  Көзінің  құйрығындағы  әжімдері
шашыла  тарапты.  Бұның  күлмей  тұрған
кескінінің  өзі  де  бір  уайымсыз  күлкі  тақау
тұрғанын аңғартады» [3.33].
Мұхтар Әуезовтің бірнеше адамдардың
портретін  қатар  сипаттайтын  сәттері  де
кездеседі.  Бұндай  жағдай  бір  шаңырақтың
балаларын сипаттау мақсатында:
«Мұнда  осы  ауылдардың  атасы,  бұл
күнде  өзі  қайтыс  болған  Махмұт  деген
ноғайдың  бес  баласының  үшеуі  отыр.
Солардың үлкені, төрге жуық отырған мынау
ерекше кесек денелі – Жақып. Екіншісі – және
де толық, биік келген, үлкен ақ сұр жүзді, қара
қас,  қара  сақалды,  үлкен  қара  көзді  Мұса.
Үшіншісі  –  бұл  ауылдың  кенжесі,  осы  үлкен
үйдің  иесі,  жас,  толық,  орта  бойлы,  ақшыл
қызғылт,  сұлу  жүзді  жігіт  Мұсабай.  Және
осылармен түсі, денесі, үлкен көзі, мұрны ұқсас
келген  жас  жігіт  Нұртаза  бар.  Ол  –  дәл  осы
отырған  жігіттердің  туған  жиені»  [2180];
жиында  отырған  адамдардың  бет-пішін
ерекшеліктерін таныту үшін:
«Сарсақалды, көк көзді Баймағамбеттен
басқа ұзын бойлы, сопақ басты, ақ сары реңді,
қой көзді, қырлы мұрынды Ақылбай – бір тип.
Оның  сақал-мұрты  аз.  Көселігі  жүзіндегі  бір
қайшылығы  сияқты  сезіледі.  Дөңгелек  бетті,
жалтыраған шапшаң, өткір, шошақ көзді, кішкене
таңқы  мұрынды,  бірақ  сұлу  қара  сұр  түсті
Кәкітайдың типі о да бөтен бір ел өкілі сияқты.
Бұл  жиын  арасында  Әбіш  пен  Мағаштың
пішіндері, тіпті, өзгеше, түстері ақ сұр, жіңішке
қасты, жұқа ерінді, көселеу келген екі жігіт бөлек
бір  орта  бейнесіне  келеді»  [2,33];  сондай-ақ
қатар  кіріп  келген  екі  адамды  бір-бірінен
ажырату мақсатында орын алады:
 «Біреуі – алдынан кірген биік бойлы, кесек
денелі, бұл күнде бұғағы шыға бастаған, ұзын
талды  шоқша  ғана  сақалы  бар,  жал  тұмсық
келген  Көкбай  еді.  Екіншісі  –  аласа  бойлы,
жалпақ  бетті,  ақшұбар,  қырма  қара  сақалды,
сыпайы  пішінді  көкше  Әлпейім  дейтін  жігіт.
...Көкбай болса бір кездерде Абайдың қасына
жақын  да  жүрген  жігіт еді,  қазір  сол  Көкбай
құндыз  ұстатқан  көк  мәуітімен  тыстаған
ноғайша  құмыра  бөрік  киіп  апты.  Ноғай
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

70
2015  №2  (27)
тігіншіге тіктірген иығы тік бешпеті көрінеді.
Оның  сыртынан  кигені  құла  түсті,  қала
моллаларының жұқа шапаны. Аяғында және де
қалаша тігілген кебіс-мәсі. Бұның қасындағы
аласа  бойлы,  төртпақ  келген  Әлпейім  де
осылайша «сызылып, шелтиіп» дегендей қалаша
киінген» [3.320].
Романның соңғы тарауында оқуда жүрген
Әзімбай 
мен 
Кәкітайдың 
балалары
сипатталып,  екеуіндегі  ұнамсыз  мінездері
айтылып,  қандай  жаққа  бет  бұрып  бара
жатқандар аңғарылады:
«Нығымет қалың қабақты, суық реңді, қара
сұр  пішінді  болумен  бірге,  әрбір  күлкісінің
кезінде өз жүзіне еріксіз көз аударады. Қалың
біткен қып-қызыл төменгі ерні ол күлерде әуелі
көтеріліп, ернін шығарған кісідей бір кекір, кер
қозғалыс жасап, содан кейін аппақ, кесек сұлу
тістерін ақсита күледі. Өткір көзінде, қалың суық
қабағында  басқа  сипатқа  ауыса  бастаса  да
Әзімбайлық бір тұлға  таныла тұрғандай. Бұл
кейде  ашық,  қалжың айтқыш,  күлегеш  мінез
көрсетеді.  Ал  Абайды  бүгін  де  өз  пішініне
көбірек  таңдандыра  қадалтатын  Кәкітайдың
баласы  –  Жәлел.  Жылқының  күзелген
құйрығының қыл түбіндей қатты біткен көмір
қара шашы бар. Онсыз да үлкен басына үдірейе
шыққан,  кірпі  түгіндей  шаштары  бұның
бойынан  қатты  бір  қиястық  сызын  сездіреді.
Үлкен, жазық маңдайы ақыл бейнесін аңғартса,
түксиген қабақ астындағы қисық, қиғаш көздері
ерекше суық. Сол кішкене көздеріне қона түскен
салбыраңқы бітік ет бар. Осы еті онсыз да қиғаш
көзді жартылай баса түсіп, кірпіксіз жыланкөз
етіп  танытады.  Сирек  біткен  ұсақ  тістері  бұл
беттің күлкісін де сүйкімсіз, суық бір құбылыстай
аңғартады.  Жәлелдің  кішкене  мұрны  үлкен
бетінің өзгеше бір қайшылығы сияқты» [3.351-
352].
Әдеби портрет, алдымен, кейіпкердің жан
дүниесіне  үндес  алынады  да,  соны  түсінуге,
түсіндіруге  бастайтын  байсалдық  рөлін
атқарады. Әдеби портрет кейіпкердің ішкі сезім-
түйсігін,  тебіреніс-толғанысын,  мінез  бітімін
танытуға қызмет ете отырып, жазушының өмір
шындығын,  көптеген  әсемдік,  сән-салтанат
үлгілерін  ашу  міндетіне  бағындырылған.
Қаламгердің портрет жасаудағы әдіс-тәсілдерін
зерлеп  зерттемейінше,  оның  қаһарман
сомдаудағы табыстарын жете айқындау мүмкін
емес. Сөз зергерінің басқа да жетістіктері сияқты
портрет  мүсіндеудегі  ізденістері  де  арнайы
зерттеуді қажет етеді.
  Әдебиет
1
Әуезов  М.  Абай  жолы.  2-кітап.  –
Алматы: Жазушы, 2004. – 432 б.
2
Әуезов  М.  Абай  жолы.  3-кітап.  –
Алматы: Жазушы, 2004. – 384 б.
3
Әуезов  М.  Абай  жолы.  4-кітап.  –
Алматы: Жазушы, 2004. – 400 б
4
Әуезов  М.  Абай  жолы.  1-кітап.  –
Алматы: Жазушы, 2004. – 368 б.
Резюме
Resume
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
В статье рассматривается мастерство писателя М.Ауэзова.
Theskill of the writer M. Auezovis consideredin the article.

71
2015  №2  (27)
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
Н.МУКАЕВА, магистрант
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Е.БУКЕТОВТІҢ «ШОҚАННЫҢ ШУАҚТЫ ШҰҒЫЛАСЫ» ПОВЕСІНДЕГІ ҰЛЫ
КЕМЕҢГЕРДІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІК
Евней Букетовтің қазақ әдебиетіне қосқан
үлесі  зор  және  ол  өз  шығармаларында  шын
өмірде болған оқиғалар мен құбылыстарды арқау
еткен. Өмір шындығын шығармаларына арқау
етіп,  қазақ  халқына  аты  мәшһүр  болған  елдің
аяулы  азаматтарын  шығармаларының  басты
қаһарманы етіп алады.
Е.Букетовтің  «Шоқанның  шуақты
шұғыласы»  атты  повесінің  негізгі  идеясы
Ш.Уәлихановтың 
өз 
жұрты 
ішінен
алғашқылардың бірі болып Ресейге қазақ деген
халықтың 
мән-жайымен 
таныстыруы,
орыстардың алдында көзі ашық білімдар ізденуші
болып мойындалуы, қазақ елінің қамқоршысы
екендігін  жазушы  негізгі  нысан  етіп  ұстап
отырған.
Он  екі  жасында  Кадет  корпусына  оқуға
түскен  Шоқанның  арада  алты  жыл  өткеннен
кейін  орыс  тілін  жетік  біліп,  білімдар  болып
шығуы шынайы суреттелген.
Бұл шығармадағы Шоқан бейнесінде көп
шындық бар және Шоқан зиялылық тұрғыдан
сатылап  өскен,  табанды,  ізденімпаз,  тәкаппар
тұлға ретінде бейнеленген.
Жазушы он екі  жасар Шоқанды білімнің
соңына түскен, сол үшін қалаға, кадет корпусына
ұмтылған талапкер ретінде суреттеуінің де жөні
бар.
Автор  Шоқанның  білім  мен  ғылымға
құмарлығы басты қасиеттері екенін үнемі есте
ұстап отырады. Табиғатпен біте қайнасып өскен
балғын  өзінің  осы  ерекше  қабілеттеріне  мән
бермесе де, орыс қалаларындағы адамдар көп
біледі деген сенім көңілінде ертеректе ұялағаны
сенімді  көрсетіледі.  Бо йында  зеректік,
қайырымдылық,  өжеттік  бар  Шоқан  даладан
келген жалғыз қазақ баласы. Бірақ корпусқа келе
салысымен бір ауыз орысша білмесе де өз әсерін
басқа  кадет  корпус  балаларына  да  тигізе
бастайды. Ол туралы жазушы: «Мұндай жағдай
мен беделге қол жеткізу оған оңайға түсті ме –
бұл  ойланарлық  жағдай.  Даланың  кішкентай
ғана тағылау дерлік ұлы, орысша кедір-бұдыр
сөйлей  бастаған  ол  бұл  тілдің  «басын  жарып,
көзін шығарса да» қайтпай, ілгерілей берді» [1,
46-б].
Повестегі  тартымды  тұлғаның  бірі  –
Г.Н.Потанин.  Ол  Шоқанның  қатарласы  ғана
емес,  ең  жақын  досы,  кейінірек  ол  Шоқанға
ризалығын  былай  жеткізеді:  «Мен  өмір  бойы
жүретін  жолдың  соқпағына  түстім.  Оқырман
бұл  тұрғыда  мен  Шоқанға  көп  қарыздар
екендігімді  жақсы  біледі  деп  ойлаймын»  -деп
жазады [1, 61-б].
Ш.Уәлиханов  өз  уақытындағы  озық
идеялармен  қаруланған,  рухани  және  өнегелік
биіктіктен  көріне  білген  тұлға  екені  бұл
шығармада  толығымен  жинақталған  деуге
болады.
Мақалада  автор Е.Букетовтің повесіндегі Шоқанның бейнесіне тоқталады. Жазушының
адам бейнесін ашудағы әдістеріне жан-жақты талдау жасайды.
Тірек сөздер: Е.Букетов, Шоқан, дүниетаным, повесть.
ӘОЖ 821.512.122
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет