Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.24 Kb.

бет7/28
Дата09.01.2017
өлшемі6.24 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28

 
ТҮЙІНДЕМЕ 
VІІІ ғасырдың туындысы болып саналатын Орхон жазбалары бір ел билеушісінің ұлтына 
деген  жауапкершілігін,  ұлттық  бірлік  пен  ынтымақ  жолында  көрсеткен  қайсарлығын  айтып 
жеткізген  шығармалардың  бірі.  Бұл  мақалада  Білге  Қағанның  Күлтегін  жазбаларындағы 
сөздері осы күнге дейін жеткен мағыналары ескеріле отырып зерттелген. 
(Хисаржыклылар Е., Севим О. Күлтегін жазбаларындағы кейбір сөйлемдердің көрінісі) 
 
РЕЗЮМЕ 
Орхонские  письменные  памятники  являются  произведениями  VIII  века,  которые 
рассказывают  о  правителе  нации  и  его  ответственности,  национальном  единстве  и  мире.  В 
этой статье рассматриваются смыслы слов, которые сказаны Билге каганом. Его слова до сих 
пор используются тюркским народом. 
(Хисаржыклылар Е., Севим О. Виды некоторых предложений в письменном памятнике 
Культегин)
 
 
SUMMARY 
Orhon writings are creation of a VIII century which expresses the responsibility of a ruler of a 
country  for  his  nation,  and  an  effort  on  national  unity  and  their  friendship.  This  article  was  studied 
according to Bilge Kagan's words in Kultegin's works and their meanings that reached to the present. 
(Hisarjiklilar E., Sevim O. The Appereance of Some Expressions in Kultegin's Inscription) 
 
 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

58 
 
 
 
ӘОЖ 419. 99 272: 400. 141 
А.Г.ҚҰРБАНОВ 
филология ғылымдарының кандидаты,  
ОҚМПИ-нің доценті  
 
Ж.А.МЕЙІРБЕКОВА 
АӘИУ-нің магистранты 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ 
 
Қоғам  өмірінде  болып жатқан  жаңалықтар мен өзгерістер  тілге  әсер 
етіп  отырады.  Әсіресе,  оның  лексикасы  өзгеріске  барынша  бейім  және 
сезімтал  болып  келеді.  Кеңес  үкіметі  кезінде  тілші-ғалымдар  сөздік 
құрамның өзгеріске ұшырауын бірнеше топқа бөліп қарастырғанын көреміз. 
Біз  де  бұл  мақаламызда  лексиканың  қолдану  жиілігіне  қарай  актив  және 
пассив сөздер болып екі салаға бөлінетінін және сөздік құрамдағы сөздердің 
қолдану сипатына қарай бірнеше топқа бөлінетінін  баяндадық. 
Қазіргі  қазақ  тілінің  сөздік  қоры  қазақ  халқының  тарихымен  қатар 
дамып қалыптасқандығы баршаға аян. Сондықтан да сөздердің пайда болуы 
әртүрлі себептерге және тарихи дамуларға байланысты болады. Кезкелген 
тілдің  өзіне  тән  төл  лексикасы  мен  грамматикалық  құрылысы  болады. 
Осыған байланысты қазіргі қазақ тілінің төл сөздерінің жасалу жолдарын, 
оның 
ішінде, 
семантикалық, 
фонетикалық 
және 
синтетикалық, 
аналитикалық тәсілдеріне қарай бөліп қарастырдық. 
 
Кілт  сөздер:  лексика,  синтетикалық  тәсіл,  неологизм,  актив,  пассив, 
семантика, фонетика. 
 
Кез  келген  стилистикалық  коннотация  прагматикалық  салмаққа  ие 
болғанда  таңбаның  «іс-әрекетінің»  мәнділік  сипаты  анық  көріне  алады. 
Егемендік  алған  жылдарда  публицистикалық  стильде  жаңа  қазақ,  бай 
қазақтар деген сөздер қолданысқа енді. Жаңа қазақ сөзіндегі стилистикалық 
коннотация  стилистикалық  фреймдер  арқылы  адамның  ассоциативті 
теориялық ойлау жүйесінен туындаған. Жаңа қазақ тіркесінің прагматикалық 
мәні  тарихи-әлеуметтік  жағдайдан  пайда  болды.  Жаңа  қазақ  таңбасын 
адресант  адресатқа  төмендегідей  прагматикалық  мақсаттың  нәтижесін  бере 
алады:  кез  келген  стилистикалық  коннотация  прагматикалық  салмаққа  ие 
болғанда  таңбаның  «іс-әрекетінің»  мәнділік  сипаты  анық  көріне  алады. 
Егемендік  жылдарда  публицистикалық  стильде  жаңа  қазақ,  бай  қазақтар 
деген  сөздер  қолданысқа  енді.  Жаңа  қазақ  сөзіндегі  стилистикалық 
коннотация  стилистикалық  фреймдер  арқылы  адамның  ассоциативті 
теориялық ойлау жүйесінен туындаған. Жаңа қазақ тіркесінің прагматикалық 
мәні  тарихи-әлеуметтік  жағдайдан  пайда  болды.  Жаңа  қазақ  таңбасын 
адресант адресатқа төмендегідей прагматикалық мақсатта  бере алады: жаңа 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

59 
 
қазақ – ақылды,  білімді,  жаңа  мемлекет  өкілі. Жаңа қазақ - қазіргі кәсіпкер,  
жаңа  заманның  зиялы  өкілі,  сөйлеу  жағдаяттарына  және  контекске 
байланысты  адресант  жаңа  қазақ  сөзін  қоғамдық-рухани  құндылықтарын 
жоғалтқан,  тек  дүниеге  қызығушы,  ақшалы  адам  ретінде  айтуы  да  мүмкін.  
Осы  секілді  әлеуметтік  құбылысқа,  интеллектуалдық  мәдениетіне 
байланысты  пайда  болған  сөздердің  қолданылу  аясын  меңгерту  барысында 
тілші ғалымдардың дәлелденген тұжырымдамалары келтірілген. 
Қоғам өмірінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер тілге әсер етіп 
отырады.  Әсіресе  оның  лексикасы  өзгеріске  неғұрлым  бейім,  неғұрлым 
сезімтал  келеді.  Сөздің  ішкі  семантикалық  байланысы  оның  мағынасы  мен 
ұғымының  арақатынасынан  көрінеді.  Лексикалық  тіл  білімінің  негізі  –  сөз 
және  оның  мағынасы.  Сондықтан  оқушыларға  лексика  туралы,  оның 
ерекшеліктері мен түрлері туралы мәлімет игертіледі. Ал оны игертудің негізі 
мағына  мен  ұғым.  Көптеген  оқулықтарда:  “Сөз  –  мағына  мен  дыбыстардың 
бірлігі” деген анықтама берілген. Ой елегінен өткізе зерделесек, шындығында 
сөздің  құрамында  мағына  мен  дыбыстың  болатыны  даусыз.  Дыбысталусыз 
сөз  болмайтын  сияқты,  мағынасыз  да  сөз  болмайды.  Бірақ  бұл  анықтама 
сөздердің  барлық  қасиеттерін  анықтап  бере  алмайды.  Өйткені,  бір  сөздің 
мағынасы тіл-тілдерде әртүрлі сөз арқылы беріледі. Сондай-ақ бұл анықтама 
сөздердің  көп  мағыналық  қасиеті  мен  синоним,  антоним  сияқты  тілдік 
құбылыстардың  басын  ашып  бере  алмады.  Тіл  адамның  барлық  жұмыс 
саласындағы іс-әрекетімен түгелдей байланысты болғандықтан, сөздік құрам 
қоғам  өмірде  не  бар  соны  дереу  және  тікелей  көрсетіп  отырады.  “Сөз  – 
дыбыстар  мен  мағынаның  тұтастығы,  ақиқат  заттың,  құбылыстың  жиынтық 
бейнесі”,“Сөз дыбысталу  мен  мағына  бірлігінен  тұрады.  Әрбір сөз  –  белгілі 
бір құбылыстың аты”, – деп сөздің мағынасын сәл күрделендірген анықтама 
да кездеседі. Тілдің негізгі қызметі адамдардың катынас құралы болу екендігі 
анық.  Сондықтан  да  тілдің  белгілі  бір  адамзат  қоғамына  танылған  сөздік 
құрамы мен грамматикалық құрылымы да болуы керек. Бұлардың барлығы да 
дыбыстар  арқылы  өмір  сүреді.  Бірақ  мағынасыз  дыбыстардың  жалаң  өздері 
қатынас құралы қызметін атқара алмайды. Осы негізде жүйелі дыбысталудың 
барлығы  да  сөз  бола  бермейтіндігі  анық.  Қатынас  құралы  болатын  тілдің 
негізгі  қызметі  –  адамдардың  пікір  алысуы.  Бұл  үдеріс  сөзсіз  адамдарға 
тәуелді  болмаған  табиғи  құбылыстар    мен  шындық  дүниедегі  түрлі 
жағдайлармен байланысты болады. Сөзге «мағына мен,  дыбыстың бірлігі, не 
мағына  мен  дыбыстың  және  грамматикалық  категориялардың  бірлігі»  деп 
берілген 
анықтамалардың 
қазіргі 
тілшілерімізді 
қанағаттандыра 
алмайтындығы анық. 
Тіліміздегі сөздердің ең үлкен тобы заттар мен құбылыстарды, олардың 
негізгі  қасиетін  білдіретін  толық  мағыналы,  дербес  сөздер  болып  келеді. 
Лексикалық  мағынаға  ие  болатын  негізінен  осы  сөздер.  Грамматикалық 
тұрғыдан  алғанда  оларға  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,  есімдік,  етістік,  үстеу 
сөздер жатады. Бұлардың ең маңызды қасиеті – заттар мен құбылыстарды, іс-
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

60 
 
әрекеті,  олардың   белгілерін  атап   білдіретіндігінде.   Сондықтан   бұлар
  
лексикологияда  қарастырылады.  Ал  шылау,  одағай,  көмекші  сөздер,  модаль 
сөздер  шындық  болмыстағы  зат,  құбылыстарға  тікелей  қатысты 
болмағандықтан,  олар  әдетте  лексикологияда  емес,  грамматикада 
зерттелетіндігі жоғарыда ескертілді.  
Балаға  тіл  үйреткенде  дайын  сөздерді  (мағына  мен  дыбыстар  бірлігін) 
үйретеміз де, оған біртіндеп мағынаны ажыратуды көрсетеміз. Екінші сөзбен 
айтқанда,  тіл  үйренгенде  әр  адам  жаңа  тіл  не  жаңа  сөз  жасамайды,  ертеден 
келе  жатқан,  ата-бабадан  мұра  болып  берілетін  даяр  форманы  қабылдайды, 
біртіндеп  оны  үйренеді.  Тіл  үйренгенде  үйренуші  бала  сөздің  жеке 
фонемалық  элементтеріне,  сөздердің  грамматикалық  формаларына  назар 
аудармайды.  Сөйлем  құрап  оның  ең  жоғарғы  формасына  келтіргенде  ғана 
сөздердің  тұлғасына,  байланысу  тәсіліне,  сөздердің  сөйлемдегі  орын 
тәртібіне, т. б. көңіл аударылады. 
Сөз  мағынасы  зат,  құбылыс,  әрекет  жайында  түсінік,  ұғым  пайда 
болғаннан  кейін  қалыптасады.  Егер  белгілі  бір  зат  туралы  ұғымымыз 
болмаса, оның мағынасын да білмейміз. Ұғым бар жерде мағына бар. Демек, 
ұғымның болуы сөз мағынасының ең маңызды шарты болып табылады. Бірақ 
сөз  мағынасының  қалыптасуына  ұғымнан  басқа  да  себеп  болатын  жайттар 
бар.  Сөз  мағынасы  заттық-логикалық  ұғымнан  басқа  айтушының  ақиқат 
дүниеге көзқарасын, әр түрлі көңіл-күйін, сезімін және сөздің грамматикалық 
сипатын да білдіре алады. 
Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қазақ халқының тарихымен қатар дамып 
қалыптасқан.  Сондықтан  да  сөздердің  пайда  болуы  әр  түрлі  себепке  және 
тарихқа байланысты, тіл-тілдің өзіне тән төл лексикасы және грамматикалық 
құрылысы болады. Бірақ онымен шектеліп қалатын тіл жоқ. Халықтар қашан 
да  тұйық  өмір  сүрмейді,  өзге  халықтармен  экономикалық,  саяси,  мәдени 
байланыста  болады.  Ал  бұл  қатынас  тілге  әсерін  тигізіп  отырады.  Соның 
ішінде  тез  қабылданатын,  тез  өзгеріске  енетін  лексика  болады.  Қазақ  халқы 
да  әр  дәуірде  әр  түрлі  халықтармен  байланыста  болып,  сөздік  құрамын 
байытып отырған [1; 5, 18 б.]. 
Қазіргі  қазақ  тілінің  төл  сөздері.  Төл  сөздер  тек  қазақ  тіліне  тән  және 
түркі  халықтарына  ортақ  сөздерден  тұрады. Түркі  тілдеріне  ортақ  сөздердің 
көпшілігі  қазақ  тілінің  де  төл  сөзі  болып  келеді.  Мысалы:  бас,  су,  тіл,  қол, 
аяқ, көз, жер, бала (зат есім), ақ қара, көк, сары, жақсы, жаман (сын есім), 
бір, екі, үш, төрт, жүз, мың (сан есім); мен, сен, ол, қанша, қандай (есімдік)
кел,  кет,  отыр,  тұр  (етістік),  тез,  ерте,  кейін  (үстеу),  т.б.  Түркі  тілдеріне 
ортақ сөздердің қазақтың өз сөздерінен ешқандай айырмашылығы білінбейді. 
Тек кейбір сөздерде ғана фонетикалық өзгерістерге ұшырағаны немесе көне 
формасын сақтағаны білінуі мүмкін. Мысалы: сары сөзінің көне түркі тілінде 
сарығ, үлкен сөзінің ұлуғ болып айтылғандығы Қазіргі қазақ тіліндегі сарғай
ұлғай  формаларынан  аңғарылады.  Сондай-ақ,  көне  фразаларда  да  сақталуы 
мүмкін.  Мысалы:  Ұлық  болсаң,  кішік  бол.  Қазақтың  төл  сөздері  жаңа  зат, 
жаңа ұғымдардың пайда болуына байланысты өз қатарын байытып отырады. 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

61 
 
Қазіргі қазақ төл сөздерінің жасалу жолдары төрт түрге бөлінеді:  
1. Семантикалық
2. Фонетикалық; 
3. Синтетикалық;  
4. Тіркесу тәсілі. 
1. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөз жасау жолдары сөздердің сан 
жағынан емес, сапа жағынан баюын көрсетеді. 
Фонетикалық  (морфологиялық)  жолмен  жасалған  сөздер  әуелі 
дыбыстардың  алмасуы,  қосылып  айтылуы  және  түсіріліп  айтылуы  арқылы 
вариантты сөз ретінде қолданыла келіп, жеке-жеке мағынаға ие болу арқылы 
қалыптасады.  Мәселен,  өкімет  (власть)  -  үкімет  (правительство)  болып 
тілімізде қолданылуы дыбыстардың (ө-ү) алмасуы арқылы пайда болған. Ал 
қақсауық, сыздауық, тырнауық сөздерінде қақса, сызда, тырна етістіктеріне 
-ық  жұрнағы  жалғану  үшін  екі  дауысты  дыбыс  тым  арасына  у  дауыссызы 
қойылып  айтылған.  Ұста  сөзінің  уыста,  моншақ  сөзінің  мойыншақ 
сөздерінен ықшамдалып жасалғаны белгілі. 
2. Синтетикалық тәсіл. Синтетикалық сөз жасау тәсілі үш түрлі жолмен 
жасалады: 
а) Қазақтың төл сөздеріне, осы тілдің өз қосымшалары жалғану арқылы 
жасалған  сөздер.  Мысалы:  сүзбе,  сыпырғы,  бірік,  қысқы,  қатынас,  шегеле, 
орақша, малшы, заттай, киімшең, сөйле, т.б. 
ә)  Басқа  тілден  енген  сөздерге  қазақтың  -ши  қосымшалары  жалғану 
арқылы  жасалған  сөздер.  Мысалы:  Иран  тілдерінен  енген  дос,  гүл,  шәкірт
шырын,  кем  сөздеріне  қазақ  тілі  қосымшалары  қосылып,  достық,  гүлден
шәкірттік,  шырыншыл,  кемшіл  сөздері  жасалған.  Араб  тілінің  ауқат
қаһарман,  әдеб,  хат,  сауат  сөздерінен  ауқатты,  қаһармандық,  әдепшіл, 
сауатсыз,  т.б.  жаңа  төл  сөз  жасалған.  Орыс  және  орыс  тілі  арқылы  енген 
сөздерден партиялықспортшыбетондау, т.б. сөздер жасалады.  
6)  Қазақтың  төл  сөзіне  басқа  тілден  енген  қосымшалар  жалғанып  та 
сөздер жасалады. Мысалы: іскертыңгерәсемпазтүйекеш, т.б. Соңдай-ақ 
қосымша да, негізгі морфема да басқа тілден енген, бірақ олардың сөз жасау 
мүмкіндігі  қазақ  тілінің  ішкі  мүмкіндігіне  сай  туса,  ондай  сөздер  де  қазақ 
тілінің  төл  сөзіне  жатады.  Тәлімгер  сөзі  қазақ  тілінде  орыс  тіліндегі 
наставник  мағынасында  жасалды.  Бұндағы  тәлім  де,  гер  (гердан)  де  араб-
парсы тілінен енген. Бірақ сөздің жасалуы, қазақ тілінде қалыптасқан. 
Бұған  майдангер  сөзін  де  жатқызуға  болады.  Бірақ  тілімізге  дайын 
келген  тракторист,  спортсмен,  мердігер,  өнерпаз  сөздерін  төл  сөзге 
жатқызуға болмайды. 
3.  Сөздердің  тіркесуі  арқылы  жасалған  күрделі  сөздер.  Күрделі  сөздер 
негізінен бірігу, қосарлану, тіркесу жолдарымен жасалады. 
а) Бірігу арқылы жасалған сөздерге қолғап, қарақат (зат есім), әжептәуір 
(сын есім) сексен, тоқсан (сан есім), ешқандайештеңе (есімдік) әкел, апар, 
әкет (етістік), өйткені, сөйткені (шылау), анағұрлым, бірқыдыру (үстеу), т.б. 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

62 
 
жатады. 
ә) Қос сөздерге  аяқ-табақ, құрбы-құрдас (зат есім),  пішіні-пісілі, үлкен-
кіші (сын есім), бір-екі, бес-алты, жиырма-отыз, (сан есім), үзіліп-созылып, 
қақтыққан-соқтыққан,  ойнап-күліп  (егістік),  у-шу,  шаң-шұң  (еліктеуіш), 
қысы-жазы, күні-түні (үстеу), т.б. 
б)  Сөздердің  тіркесуі  арқылы  жасалған  күрделі  сөздер.  Мысалы:  аяқ 
киім, қой жуа, кәрі жілік (зат есім),  ат жақты, көк ала (сын есім),  он бес, 
жиырма алты (сын есім), бауыр басу, арқа сүйеу (етістік) [2; 6]. 
Тілдегі  сөздердің  тұтас  жиынтығы  сөздік  құрам  немесе  лексика  деп 
аталады.  Сөздік  құрам  белгілі  бір  халықтың  тұрмыс  жағдайын,  күнкөріс-
тіршілігін,  кәсібін  түгел  қамтып  көрсетеді.  Белгілі  бір  халықтың  қоғамдық, 
шаруашылық, мәдени тұрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым сол тілдің 
сөздік  құрамы  да  бай  болады  деген  сөз.  Өйткені  қазақ  тілінің  лексикалық 
құрамында  ғасырлар  бойы  сақталып  келе  жатқан  байырғы  сөздер  де,  кірме 
сөздер  де,  кейін  пайда  болған  неологизмдер  мен  термин  сөздер  де,  әдеби 
сөздер мен ауызекі тілге тән қарапайым сөздер де, диалектизмдер мен кәсіби 
сөздер  де,  қысқасы,  тіліміздегі  барлық  сөздер  кіреді.  Осыншама  мол  сөздің 
қолданылу  жиілігі,  қалыптасу  тарихы,  атқаратын  қызметі  де  бірдей  емес. 
Соған  байланысты  сөздік  құрам  өз  ішінен  бірнеше  топқа  бөлінеді.  Сөздік 
құрамдағы  сөздер  қолдану  жиілігіне  қарай  актив  және  пассив  сөздер  болып 
екі салаға бөлінеді [3]. 
Күнделікті  әлеуметтік  қажеттілігі  мол,  қарым-қатынас  жасауға  жиі 
қолданылатын  байырғы  сөздер,  олардан  өрбіген  туынды  сөздер  мен  сөз 
тіркестері,  көп  мағынада  жұмсалатын  сөздер  –  полисемия,  омонимдер, 
синонимдер,  антонимдер,  мақалдар  мен  мәтелдер  құрамындағы  лексика, 
кірме сөздер мен терминдер және неологизмдердің тілге әбден сіңісіп кеткен 
түрлері, т.б. тілдің актив лексикасына жатады.  
Мұндайлар  қарым-қатынас  жасау,  пікір  алысу,  өзара  түсінісудің 
күнделікті  құралдары  ретінде  тіл  стильдерінің  бәрінің  де  дерлік  құрамында 
және сөйлеудің ауызекі де, жазбаша да түрлерінде жиі кездеседі.  
Сөйлеу процесінде сирек қолданылатын сөздер пассив лексика қатарына 
жатқызылады. Пассив лексика сөздері жұртшылықтың бәріне бірдей түсінікті 
бола бермеуі де мүмкін; кейде ғылым мен техниканың арнаулы бір саласына 
ғана  тән  болуы  ықтимал;  кейде  белгілі  бір  әлеуметтік  топ,  мамандық,  кәсіп 
иелері  арасында  ғана,  кейде  белгілі  бір  аймақ  тұрғындарының  тілінде  ғана 
ұшырасуы  мүмкін.  Мәселен,  жаңадан  пайда  болған  кездегі  неологизмдер 
және  архаизмдер  мен  тарихи  сөздер,  диалектизмдер,  профессионализмдер, 
варваризмдер,  арголар,  әр  түрлі  жаргондар  мен  пиджиндер,  креольдар 
лексика  т.б.  тілдің  пассив  лексикасына  кіреді.  Бірақ  көп  жағдайда  мынау  – 
тілдің  актив  лексикасы, мынау  –  пассив  лексикасы  деп,  екеуінің шекарасын 
дәл айқындап, қолмен қойғандай айта қою қиын [4].  
Оны  мынадай  жәйттан-ақ  аңғаруға  болады:  дифтонг,  лексика,  фонема, 
жанр,  сюжет,  морфема,  сөз  тіркестері,  сөйлем  мүшесі  деген  сияқтылар  – 
филологтар  үшін  актив  лексика;  мұндай  сөздер  мен  сөз  тіркестері  және 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

63 
 
солардың   ұғымдары – медиктер  мен   биологтар  және  басқа  да   мамандық  
өкілдері  үшін  пассив  лексика;  сондай-ақ  медиктер  мен  биологтарға  өз 
мамандықтарының сөздері мен терминдері – актив лексика. 
Сөздердің актив және пассив қабаттарға бөлінуінде белгілі бір дәрежеде 
шарттылық  бар.  Бір  заманда  актив  қолданылған  сөздердің  бірқатары  келесі 
бір  заманда  пассив  қабатқа ауысуы  ықтимал. Мысалы,  жаугершілік  заманда 
жиі  қолданылған  атой  салу,  қорамсақ,  адырна,  кіреуке,  сауыт,  дулыға, 
шерік,  қол,  т.  б.  сөздер  сол  кездегі  лексиканың  актив  қабатында  болды. 
Әлеуметтік құрылысқа байланысты хан, ханзада, ақсүйек, төлеңгіт, жатақ, 
болыс,  жүзбасы,  қарашығын,  барымта,  шабарман,  т.б.  сөздер  XVIII-XIX 
ғасырлардағы  лексикада  жиі  қолданылған  сөздер.  Бірақ  бұлардың  бәрі  де 
қазіргі қазақ лексикасының пассив қабатындағы сөздер болып табылады. Бұл 
кезде  халық  тілінде  актив  қолданылған  ай,  жыл  аттарын  (наурыз,  көкек, 
маусым,  тышқан,  қой,  жылқы,  т.б.)  Кеңес  өкіметі  жылдарында  халықтың 
көпшілігі  қолданбайтын  бұл  сияқты  сөздер  қайтадан  лексиканың  актив 
қабаттарына ауысты.  
Сөздік  құрамдағы  сөздер  қолданылу  сипатына  қарай  бірнеше  топқа 
бөлінеді:  1)  сөздің  әдеби  және  әдеби  еместігіне  қарай:  әдеби  лексика  мен 
диалектілік  лексика  болып,  2)  әдеби  тілдегі  сөздердің  халыққа  таныс  және 
онша  таныс  еместігіне  қарай  жалпыхалықтық  лексика  мен  арнаулы  лексика 
болып, 3) тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай бейтарап 
сөздер мен экспрессивті сөздер болып бөлінеді. 
Тіл-тілдердегі  сөздердің  табиғаты  мен  түрлі  қасиеттерінің  сәйкес  келе 
бермейтіндігі кей ғалымдарымыздың жалпы сөзге тиянақты анықтама беруге 
болмайды  деген  қорытындыға  келуіне  себепші  болған  Кеңес  өкіметі 
жылдарында қазақ тілінің сөздік құрамында мынадай басты өзгерістер болды 
[5, 110 б.]. 
1.  Қазақ  тілінің  лексикасы  қаншама  жаңа  сөздермен  толығып  байыды. 
Бұлар  өндіріс,  ауыл  шаруашылығы,  техника  мен  ғылым  салаларындағы 
жаңалықтармен  байланысты  еді.  Соның  нәтижесінде  қазақ  лексикасында 
неологизмдер, терминология салалары  пайда болды.  
2.  Ескі  салт-сана,  әдет-ғұрыпқа  қатысты,  көне  құрылыс  жүйесіне 
байланысты  бірқыдыру  сөздер  күнделікті  қолданыстан  шығып  қалды.  Олар 
пассив сөзге айналды.  
3.  Сөздік  құрамдағы  бірқыдыру  сөздердің  мағыналары  түрлі  өзгеріске 
ұшырады:  
а) көптеген сөздер бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан үстеме мағына 
қосып,  көп  мағыналы  болып  қалыптасты.  Мәселен,  тап  деген  сөз 
революциядан  бұрын  ел, ру,  ата  (тек)  ұғымында ғана жұмсалатын еді.  Бұл 
сөздің  бұрынғы  тар  мағынасы  кеңейіп,  орыстың  класс  деген  термин  сөзінің 
қазақша  баламасы  болумен  бірге,  тіл  біліміндегі  сөз  табы  деген  терминді 
жасауға  негіз  болды.  Сонымен  тап  деген  сөз  актив  көп  мағыналы  сөзге 
айналып кетті.  
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

64 
 
ә) Бұрынғы мағынасынан қол үзіп, басқадай мағынаға ие болған сөздер 
де кездеседі. Мәселен,  бұрын ұран  деген  сөз ел мен ру, ру мен ру
 жауласқанда, 
ат  жарыстырып,  балуан  күрестіргенде  ата-бабасының  аруағын  шақырып 
рухтандыруды  білдірген  сөз  болса,  кейін  қоғамдық  мәні  бар  үндеу,  шақыру 
дегенді  білдіретін  болды.  Сөйтіп,  бір  дәуірдегі  жаңа  сөз  көнеге,  көнесі 
жаңаға, аз мағыналы сөз көп мағыналыға, актив пассивке, пассив сөз активке, 
бейнелі  сөз  қарапайым  сөзге,  жай  сөз  бейнеліге  ауысып  отыру  заңдылығы 
тілдің  сөздік  құрамына  тән  нәрсе.  Бұлар  үздіксіз  дамып,  үнемі  толығып 
өзгерумен болады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Аханов Қ. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы: Мектеп, 1969. – 600 б. 
2. Айғабылұлы А. Қазақ тілінің морфологиясы мен лексикологиясы. – Алматы: 
Қазақ университеті, 2006. – 272 б.  
3.  Болғанбайұлы  Ә.,  Қалиұлы  Ғ.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 
фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997.  – 256 б.  
4.  Жапбаров.  А.  Қазақ  тілін  оқыту  арқылы  тіл  дамытудың  әдіснамалық  және 
әдістемелік негіздері: п.ғ.д. дисс. – Алматы: Санат, 2004. – 139 б. 
5. Хасенов Ә. Тіл білімі.  – Алматы: Санат, 1996. – 416 б.  
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  рассматриваются  особенности  и  виды  лексики  казахского  языка, 
влияние открытий и изменений, которые происходят в общественной жизни языка. Речь идет о 
том, что изменения в лексике стали более сентиментальней и способней.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал