Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.24 Kb.
Pdf просмотр
бет5/28
Дата09.01.2017
өлшемі6.24 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

РЕЗЮМЕ 
В  настоящей  статье  рассматриваются  вопросы  значения  и  важности  деятельности 
«книжных  поэтов»  (кітаби  ақын)  в  распространении  и  собирании  рассказов  на  религиозную 
тематику. 
(Омарханова М. Роль книжных поэтов в собирании и распространении образцов устного 
народного творчества) 
 
SUMMARY 
This article deals with the questions of value and importance of activity of "book poets" (kitabi 
akyn) in distribution and collecting of religious subject stories. 
(Omarhanova  M.  The  role  of  the  book  poets  collection  and  distribution  of  samples  of 
folklore) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

40 
 
 
 
ӘОЖ 417.01 
Б.НАҚЫПБАЕВА  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты  
 
ОРХОН – ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ 
 
Расында  да  Енисей  өзені  аңғарынан  табылған  құпия  жазуы  бар 
құлпытастартардың  әртүрлі  деңгейде  зерттеліп  жүргеніне  қаншама 
уақыт өтті. Кезінде Д.Г.Мессершмидт құпия жазуларды әлемге паш етті,  
Н.М.Ядринцев  құлпытастардың  оқылуына  жағдай  жасады,  В.Томсон 
ескерткіштің  әріптері  мен  хат  тілін  айқындап  берді,  В.В.Радлов  мәтін 
мазмұнына  терең  бара  білді,  ал  есімі  бізге  өте  танымал  тюрколог  ғалым 
С.Е.Малов  болса  Кеңестік  одақтың  рунолог-филологтарының  тамаша 
мектебін қалыптастыра білді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын 
тауып келеді. Ескіні ескермей, жаңа жадыңа түспейді. Бұл жұмыс, бұрын-
соңды жазылған еңбектердің заңды жалғасы ретінде тақырыпқа қатысты 
мәліметтер  өз  деңгейінде  сараланып,  жүйеленіп  көпшілік  назарына 
ұсынылып отыр.  
 
Кілт  сөздер:  Орхон  жазу  ескерткіштері,  Күл-тегін  жазулары,  Білге-қаған 
ескерткіштері.  
Орхон  жазу  ескерткіштері
   
-  түркі  тілді  халықтардың  көне  жазу 
ескерткіштері. Енисей өзенінің жоғары ағымының бойынан орыс ғалымдары 
С.Ремезовпен, Ф.Страленбергпен, Д.Мессершмидтпен (1696-1722), ал Орхон 
ө., Моңғолияда – ғалым Н.М.Ядринцевпен (1889) табылған. Олар VII-IX ғ.ғ. 
қолданыста  болған  деген  пікірлер  бар.  Орхон  жазбалары  рун  хат  жазу 
мәтінімен  жазылған.  Аталған  жазулар  кагандар  династиясының  эпитафия 
лары болып саналады, көне түрік тайпаларының тілдік мәдениеті мен әлемді 
танушылығы жоғары деңгейде болғандығын білдіреді. 
Күлтегін жазулары
 
– көне түрік жазу ескерткіші. Монғолиядағы Орхон 
өзеніндегі  Эрдени  Цзу  монастырінің  жанында,  Қарабаласаған  өзеніндегі 
бұзылған  ескі  орындарынан  40  км.  солтүстікке  қарай  (VIII  ғ.)  орна  тылған. 
Ескерткіштің  биіктігі  –  3,15  м.,  ені  –  1,34,  қалыңдығы  –  0,41  м.  Күлтегін 
ескерткіштері  туралы  ең  алғаш  рет  мәліметтер  XIX  ғасырда  жарияланған. 
Күлтегін  батыр  туралы  екі  поэмалардың  авторы  –  ақын,  әйгілі  қоғам 
қайраткері  Йоллың  тегін  (VIII-IX  ғ.).  «Күлтегін»  поэмасы  бір-бірлерімен 
сюжеттер  бойынша  тығыз  байланысқан  сегіз  дербес  мәтіндерден  құралған. 
Әрбір  мәтін  -  өз  мазмұны  бойынша  дербес  әңгіме  болып  табылады. 
«Күлтегін» поэмасының «Үлкен жазуы» 428 – өлең жолдарынан тұрады.  
Білге  қаған ескерткіші 
 
– VIII ғ. Түрік рундық жазбасының ескерткіші 
болып  табылатын  ірі  тас  кешені.  Екінші  Шығыс  –  Түрік  қағанаты  басқару 
шысы Білге - Қағанның (орта есеппен 685-734) мәртебесіне орай орнатылған. 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

41 
 
Білге  қағану  ескерткішін  алғаш  рет  орыс  ғалымы  Н.М.Ядринцев  Кешо-
Цайдам алабында, Орхон өзенінің (Моңғолия) жағасында тапқан (1889).  
 
Мәтінде  тарихи  оқиғалардың,  Бумын,  Истеми,  Білге-Құтлұқ  сынды 
қағандар мен жауынгерлер ерліктерінің қысқаша сипаттамасы берілген.  
Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай 
Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді. 
Енисей  жазба  мұралары.  Олардың  бұлайша  аталуы  тас  бетіндегі  сына 
жазуларының  Енисей  бойынан  табылуымен  байланысты.  Бұған  қосымша 
кейіннен  Тува  мен  Хакасия,  Краснояр  өлкелерінен  де  осындай  жазбалар 
табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны  - 85 шамалы. Олардың ішінде 
кішігірім  жазбалармен  қатар  ірі  мәтіндер  кездеседі.  Енисей  ескерткіштері 
көлемі  жағынан  негізінен  шағын  болып  келеді.  Ең  үлкен  10-15  жолдан,    ең 
кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері – 
ескі  түрік  жазуының  алғашқы  шығып  қалыптасқан,  тараған  нұсқасы. 
Бұл  жазу  біртіндеп  Орхон  өзені,  одан  Талас  өзені  өңіріне  тарады.  Бұл 
тұжырымның  шындыққа  жанасымдылығы  жеке  таңбалардың  жазылу  тәсілі 
мен  жетілдірілуінен  де  байқалады.  Енисей  жазба  ескерткіштерінің  ең  көне 
түрлері  Минусинск  ойпатынан  табылған.  Бұл  жазбалар  түркі  халқы  белгілі 
мөлшерде  отырықшы  болып,  металл  өңдеушімен  айналысқанын,  мәдениетті 
ел болғанын көрсетеді [1]. 
Орхон  жазуы  көне  түркі  мұраларының  ішінде  қазіргі  түркі  тектес 
халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау 
Cібірден  бастап  Орта  Азия  мен  Қазақстан  аймағы  тұтастай  Түркі 
қағандығының қол  астына  қараған болатын. VI  ғасырдың  ортасында  қазіргі 
Солтүстік Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ 
шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты 
алып жатқан ұлы  империяға  айналды.  Кейін  келе Батыс Түркі  және Шығыс 
Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені  
белгілі.  Солай  бола  тұра,  V-VIII  ғасырларда  жартастардың  беттері  мен  тас 
мүсіндерге  сондай-ақ  кейбір  ыдыстардың  жиегі,  түбі  және  қабырғаларына 
ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон 
жазба  мұралары.  Орхон  өзенінің  бойынан  табылған  бұл  ескерткіштердің 
ішінде  тасқа  қашалып  жазылған  3  тарихи  мұра  ерекше  аталады.  Оның 
біріншісі  - 731  жылы  өлген  хан  інісі  Күлтегінге,  екіншісі  –  735  жылы 
өлген  Білге  қағанға,  ал  үшіншісі  –  Тоныкөкке  арналған  ескерткіштер. 
Тоныкөк туралы Копенгагиндік профессор В.Томсен мен Клеменц ханымның 
еңбектерінен  мынадай  мағлұмат  ала  аламыз:  Орхон  жазбаларында 
көрсетілгеніндей,  Тоныкөк  деп  табылған  ескерткіште  ол  –  үш 
ханның  ақылшысы  және  Білгеқағанның  құдасы  болған  адам.  Қытай 
жазбаларында  Тоныкөк   жайлы  716  жылы  айтылған.  Елтерістің   патшалық 
құруында 
оның 
қосқан 
үлесі 
туралы 
Қытай 
және 
Тоныкөк 
жазбаларында  толық  көрсетілген.  Көне  түркі  жазбаларын  кейде  «руна» 
жазулары  деп  атайды.  Оның  себебі:  Сібірде  айдауда  жүрген  швед  офицері 
Страленберг 
пен 
неміс 
ғалымы 
Д.Г.Мессершмидт 
кездестірген 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

42 
 
құлпытастардағы  өзі түсінбейтін жат жазуды өз  елінің тілінде «руна» жазуы  
деп атаған еді. Бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен таралып кетті [2]. 
Орхон  ескерткіштері  оқиғалар  мерзімі,  жазу  стилі  жағынан  ескі  түркі 
жазуының соңғы – жаңа дәуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы, 
сірә, халық арасына кеңінен тараған болу керек. Күлтегін ескерткіштерінде 
мынадай сөйлемдер кездеседі: «Түркі салтын тиып, ел еткендеріңді де мұнда 
бастым,  жаңылып  кеткендеріңді  де  мұнда  бастым.  Барлық  сөзімді  айтар 
мәңгілік  тасқа  бастым,  бұдан  қарап  түркінің  қазіргі  халқының  бектері»  - 
дейді.  
Орхон жазбалары осы жағдайлардың тамаша көрінісін берген. Бұл жерде 
бұрын  өз  мемлекеті  болған  түркілердің  қытайлардан  жеңіліп,  шамамен  50 
жыл  бойы  қытай  билігінде  болып,  кейбір  князьдар  қытай  титулдарын 
қабылдап,  түркі  бектері  болудан  қалғандығын  айтады.  Сонда  жай  халық: 
«Менің  өзімнің  ханым  бар,  мемлекетім  бар  халық  едім,  енді  менің 
мемлекетім қайда, халқым қайда?» - дей ойсырап, қытайларға шығады. Бұдан 
біз  олардың  арасындағы  күресті,  ханның  халық  өкілі  ретінде  күрес 
жүргізгендігін көреміз. 
Орхон  жазбаларында  әскери  күш  және  әскери  рух  қаншалықты 
дәріптеліп  отырғанына  қарамастан  одан  адамшылыққа  жат  пиғыл 
кездеспейді,  мәдениетті  деген  халықтардан  шыққан  басқыншылардан 
кездесетін  қатыгездік  және  қатыгездіктен  ләззат  алу  элементтері  мұнда 
атымен  жоқ.  Жазба  ескерткіште  империяның  құралуы  –  халыққа  көрсеткен 
қызметін, келтірген пайдам деп түсіндіреді [3]. 
Ал, әскери  тұрмысқа  келетін болсақ, әрбір, жауынгер соғыста ғана емес
күнделікті  өмірде  де  ержүрек  әрі  ақылды  болуы  керек  екенін  ескертіп 
отырады. 
Жазба  ескерткіштегі  Білгеқаған  –  үлкен  ел  басқарушы,  Күлтегін  -  өз 
заманының  даңқты  батыры,  Тоныкөк  –  әрі  батыр,  әрі  шешен,  жырау,  әрі 
кемеңгер  ақыл  иесі.  Тастағы  жазбада  Тоныкөк  мемлекет  қамын  ойлайтын 
басшы  түрінде  суреттелсе,  Күлтегін  өз  ағасы  Білгеқаған  кезінде  әскербасы 
болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Сол 
жазбалардың  ішінде  күні  бүгінге  дейін  өз  мәнін  жоймаған  шешендік  сөз 
үлгілері  мен  өлең  ұйқастары,  мақал-мәтелдер,  арнаулар  мен  жоқтаулар 
молынан  кездеседі.  Мысалы:  «Көрур  көзум  көрмес  тег  бопты,  білер  білігім 
білмес тег бопты, «Түн қатып» деген  сияқты қолданыстар аздаған  дыбыстық 
ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып 
келеді. 
Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тонына, Білге, Бумын қағандар әрі 
тарихи,  әрі  әдеби  дастан  жыраулардың  кейіпкерлеріне,  сомды  тұлғаларына 
айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данағой 
білімдарияры  өркениеттің  белгісі  болып  табылатын  түркілік  сына  жазумен 
тас бетіне түсірді. 
Орталық  Азия  мен  Қазақстан  жерлерінен  табылып  жатқан  руникалық 
түркі  жазбалары  Орхон  таңбаларынан  өзіндік  ерекшелігімен  дараланады. 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

43 
 
Мұнда Орхон немесе Енисей өзендері аңғарларынан табылған, жазулардағы  
барлық  таңбалардан  бөлек  өзгеше  жазылған  көне  әріптер  кездеседі.  Мұның 
өзі  түркі  жазуы  жүйесінің  ертеден  қалыптасқан,  жүйелі  әліппе,  жазу 
мәдениетіміздің тереңде екенін аңғартады. 
Ежелгі  түркі  туралы  Орхон  материалдарынан  басқа  да  табылған 
археологиялық  материалдар  баршылық.  Бұл  материалдарды  оқып  білу  әлі 
күнге  дейін  кешуілдеп,  нақты  тарихи  деректерді  көрсететін  мәліметтердің 
көбінен әлі басы ашылмай келеді. Оған мына жағдай да себеп болды.       
Х  ғасырда  исламды  уағыздаушылар  өздерінің  исламға  дейінгі 
жазбаларына  қарсы  шығып,  бұрын  жасалған  түркі  мәдениетін  ислам  дініне 
құран  етті-құбыжыққа  айналдырды,  ақыры  ұмыт  болды.  Бұл  саясат  кеңес 
үкіметі,  кезінде  де  толастамады.  «Пантюркизим»  деген  желеумен  Түркі 
мәдениеті  қуғындалды.  Ол  саясат  тіпті  қазір  де  ұшырасады.  Мысалы, 
Мәскеуден  шығатын  «Молодая  гвардия»  журналының  (1990-№12№-256 
бетінде)  жамбылдық А.Хмелов  Қазақстандағы тіл саясаты туралы сыңаржақ 
пікір  айтты:  «Мектеп,  техникум,  жоғары  оқу  орындарында  бұл  тілді  (қазақ 
тілін) қалаңыз, қаламаңыз зорлап оқытады» деп жазды.  «Өзімнің сұлу орыс 
тілім тұрғанда, қазақ тілінің не керегі бар?» деп қана қоймай, жалған айтып, 
«қазақ,  қырғыз  тәрізді  көшпелі  халықта  жазу,  сызу  атымен  болмаған»  -  деп 
бұл  халықтарды  кемсітеді.  «Қарап  отырсам,  өзбек,  қырғыз,  қазақтардың 
әрпінің бәрі орыстардан алынған. Ендеше ондай тілді үйретудің не мәнісі бар, 
- деп қорытады [4]. 
Көшпенділер өз тарихын VI ғасыр да Орхон-Енисей бойындағы қабырға 
ескі түркі әріптерімен ойып жазғанда, орыс халқы әлі тарих сахнасында жоқ 
еді. Орыс жерінде кириллицаның келіп тууына әлі 300 жылдай уақыт бар еді. 
Осыларды  А.Хмелев  мырза  білсе  «көшпенді  халықта  әріп  деген  қайдан 
болсын» деп айтпас болар ма еді. 
Тасқа  жазылған  ескерткіштерде  негізінен  Түрік  қағанаты,  оны  билеген 
қағандар,  олардың  ерлігі  жайында  сөз  болады.  «Күлтегін»  және  «Тоныкөк» 
жырлары  өткен  дәуірден  нақты  мәлімет  беруге  арналған  тарихи  деректер. 
«Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының 
құдіретті  тұлғасы  етіп  көрсету.  «Күлтегін»  жырының  авторы  –  Йоллығтегін 
Түрік  қағанатының  күш  қуаты  артты,  жері  барынша  кеңіді,  ел  тұрмысы 
түзелді. Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады.        
Ол  Елтеріс  қаған,  Бөгі  қаған  және  Білге  қағандарға  кеңесші  болған. 
Тоныкөк  ел  қамын  ойлаған  ақылгөй,  дана  қарт.  Түрік  қағанатына  төрт 
жағынан  жау  қаптағанда,  Тоныкөк  ақыл-кеңесімен  де,  тапқыр  сөзімен  де, 
батырлық  істерімен  де  қағандарға  көмектесіп  отырады.  Орхон  жазба 
жәдігерліктері  ішінде  «Тоныкөк»  жыры  ерекше  орын  алады.  Бұл  жырдың 
авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі – руна 
жазуындағы  бұл  жәдігерліктерді  поэзиялық  туындыға  тән  барлық  белгілері 
бар,  ежелгі  түркілердің  өзіндік  әдеби  дәстүріне  негізделген  көркем  туынды 
деп таныды. 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

44 
 
 
 
Орхон  жәдігерліктерінің  ерекшеліктері  туралы  соңғы  кезге  дейін  өзара 
қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі  – Күлтегін және Тоны 
көк  жәдігерліктері  көркем  әдебиетке,  соның  ішінде  поэзияға  ешбір  қатысы 
жоқ, Түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп қарады [5]. 
Орхон  жазба  жәдігерліктерінің  ішінде  «Күлтегін»  және  «Тоныкөк» 
жырлары  өзінің  идеялық  мазмұны,  композициялық  құрылысы,  көркемдік 
бейнелеуі  жағынан  ерлік  пен  елдікті  жырлаған  қаһармандық  жырларының 
алғашқы үлгілері болып табылады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Әдеби жәдігерлер: 20 томдық.  –1-том. Көне  дәуірдегі  әдеби ескерткіштер.  / 
Құраст.  Ш.Ахметұлы,  А.  Әлепбекұлы,  Н.  Базылхан,  т.б.  –Алматы:  Таймас,  2007.  – 
504 б.   
2.
 
Байелі Ф. Күлтегін жазуының рухани жанашыры. Мұра // Мәдениет. – 2009. 
– №3. – 59-60 б.  
3.
 
Ескеева  М.Қ.  Орхон  ескерткіштері  тіліндегі  концептілер  тоғысы.  // 
Қазақстанның ғылыми әлемі. 2007. – №3-4. –10-14 б.  
4.
 
Зәкенұлы  Т.  Күлтегін  ескерткішіндегі  Қытайша  мәтіннің  зерттелуі.  //  Қазақ 
тарихы. – 2006. – №1. –12-15 б.  
5.
 
Молгаждаров  Қ.К.  Орхон  ескерткішіндегі  бол,  ет  және  ер  тұлғаларының 
қолданыс  ерекшелігі.  //ҚазҰУ-нің  хабаршысы.  Филология  сериясы.  –  2008.  –  №8 
(116). – 139-142 б.  
 
РЕЗЮМЕ 
Орхон-Енисейские памятники  являются древнейшими памятниками,  расположенными в 
бассейнах рек Орхона и Енисея и написанными на  древнетюркском языке. Надписи  созданы 
известными  тюркскими  правителями  Билге-каганом,  Культегином  и  Тонъюкуком.  Орхон-
Енисейские  письмена  являются  древними  тюркскими  письменными  историко-культурными 
памятниками. Орхон-Енисейские памятники написаны на древнетюркском языке, являющимся 
общим древним литературным языком для всех тюркоязычных народов и являются их общим 
культурным наследием.  
(Нақыпбаева Б. Орхон-енисейские письменные памятники) 
 
SUMMARY 
The article is about Orkhon-Enisei inscriptions, which were written by Old Turkic alphabet and 
found among Orkhon and Enisei rivers. Especially mentioned about the most famous inscriptions on 
stones  Bilge  Kaghan,  Kultegin,  Tonykok.   Orkhon_Enisei  inscriptions  are  historical  and  cultural 
memorials  of  Old  Turkic  inscriptions.  The  Old  Turkic  heritage  Orkhan  inscriptions  were  written  in 
Old Turkic literary language which is common for nowadays Turkic nations. 
(Nakupbayeva B. Orkhan Enisei Inscriptions) 
 
 
 
 
 
 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

45 
 
 
ӘОЖ 372.652 104 4: 420.1 
Р.А.УРАЗБЕКОВА 
АӘИУ-нің магистранты  
 
З.Р.ТАСАНБАЕВА 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ  
СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
 
Тілі, ділі, мәдениеті, дүниетанымдық көзқарасы әр түрлі ағылшын және 
қазақ халықтарының тұрақты сөз тіркестері жан-жақты, құрылымы, ішкі 
форма,  аялық  білім,  жалғаса  туындаған  ауыспалы  мағына,  концепт, 
лингвомәдени  тұрғысынан  зерттеу  нәтижесінде  тіл-тілге  тән  ортақ 
заңдылықтар,  жалпыхалықтық  рухани  дүниелер,  ұлттарға  тән  танымдық 
ерекшеліктер  т.б.  жөнінде  бірқатар  жаңа  мағлұматтар  жайында  сөз 
етіледі. 
 
Кілт сөздер: Қазақ тілі, ағылшын тілі, тұрақты сөз тіркес. 
 
Тіл  ғасырлар  жемісі,  халық  мұрасы,  ұлттық  құбылыс  екені  баршаға 
белгілі.  Бір  тіл  бір  ұлтты  танытады.  Яғни,  кез-келген  халықтық  ойлау 
ерекшелігі оның ұлттық тілінде көрініс табады, халық даналығы, дүниетаным 
көзқарасы  тілінде  түйінделеді.  Тіл  қазынасына  жататын  көкейге  қонымды, 
бейнелі,  алуан  түрлі  тұрақты  тіркестер,  олардың  тілдік  табиғаты, 
заңдылықтары,  құрылымдық  ерекшеліктері  әлемдік  тілдердің  көпшілігінде 
зерттеліп  келе  жатқаны  белгілі.  Себебі,  олардың  шығу  төркіні,  көнеленуі, 
мағыналық  құрылымы,  тұлғасы  жағынан  және  стильдік  тұрғыдан  өзіндік 
ерекшеліктері  бар.  Осы  көркем,  мазмұны  терең,  көлемі  шағын-қабат  тіркес, 
тізбектердің  танымдық  мәні  ерекше.  Уақыт  өте  келе  ықшамдалып,  өңделіп, 
халықтық  ортақ  мұраға  айналған  сан-саналы  тізбектерді  жинақтап,  бір  ізге 
түсіру,  олардың  мазмұн  мәжесіндегі  кодқа  салынған  әр  түрлі  ақпараттарды 
айқындау тіл мамандарын ерекше қызықтырып отыр. 
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің мағына-
мәні  осы  тілдерде  сөйлейтін  ұлттың  ертеден  бергі  өмірін  жан-жақты 
айқындайды.  Халықтың  күнделікті  өмір  тіршілігі  негізінде  пайда  болып 
қалыптасқан  тұрақты  тіркестерді  қос  тілден  жиналған  деректерімізден 
кездестіруге  болады.  Бұл  тұрақты  тіркестер  тілдік  қолданыста  әр  уақыттың 
салт-дәстүріне,  әдет-ғұрыптарына,  мәдениетіне,  психологиясына,  тарихына 
байланысты  қалыптасып,  тілдік  қолданыста  дамып  өрбіген.  Сондықтан  да 
олар  әр  халықтың  ерекшелігіне  байланысты  өсіп-өрбіп,  сол  халықтың 
ғасырлар  бойы  жинаған  құндылығының  бірі  болып  табылады.  Ағылшын 
және қазақ тілдеріндегі тұрақты тіркестердің беретін ұғымы әр ұлттың өзіне 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

46 
 
ғана тән рухани өмірін суреттейді. Яғни, қос тілдегі етістікті 
фразеологизмдер  
ұлттық  сезім, ұлттық мінез, ұлттық
 
салт-дәстүр негізін  айқындайды. Осыған 
орай  ағылшын  және  қазақ  тілдеріндегі  тұрақты  тіркестердің  қалыптасуын 
айқындауда  әр  ұлттың  дүниетанымын,  ой-парасатын  және  рухани 
парасатымен  байланысты  пайда  болып  қалыптасқан  тұрақты  тіркестерді 
саралап, олардың тілдік қатынаста қалыптасуын негіз етіп алдық.  
Әлемдегі  тіршіліктің  бар  саласын  қамтитын  әр  ұлттың  өзіне  ғана  тән 
көркем  сөз  орамдары  –  фразеологизмдерді  молынан  табуға  болады. 
Фразеологизм тілдің айшықты да, мәнерлі, бай саласының бірі. Бұлар өзінің 
бейнелік,  әсерлік,  экспрессивті  –  эмоциялық,  суреттеме  қасиетімен  көзге 
түседі. 
Осындай 
көркем, 
пәрменді 
бояуы 
қанық 
алуан 
түрлі 
фразеологизмдерді  халық  орынды  пайдаланып,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп 
келеді.  Халықтың  талай  ғасыр  сомдап  шығарған  тұрақты  тіркестері  – 
фразеологизмдер тіл қазынасының бір бөлігі екені даусыз. 
Фразеология – «phrasis» – орам, сөйлемше «logia» – ұғым, ілім деген грек 
сөздерінен  жасалған  термин.  Бұл  атау  негізінен  екі  түрлі  мағынада 
қолданылады.  Біріншіден,  тілдегі  тиянақты  тұрақты  сөз  тіркестерін  қазіргі 
және  тарихи  даму  тұрғысынан  зерттейтін  тіл  білімнің  бір  саласы  дегенді, 
екіншіден  –  белгілі  бір  тілдегі  фразеологимдердің  тұтас  жиынтығы  дегенді 
білдіреді.  Сондықтан  болар  фразеологизмдер  көкейге  қонымды,  ықшам, 
ұтқыр  да  ұтымды  сөз  өнерінің  тілдік  және  поэтикалық  бұлақтары  санатына 
жатады.  Айшықты  сөз  өнерінің  басым  көпшілігі  халықтың  тұрмыс 
тіршілігінде, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, діни, наным-сеніміне байланысты 
туындаған.  Олардың  құрылымын,  тілде  қалыптасу  кезеңдерін  тұрақталу 
негіздерін  зерттеу,  сайып  келгенде,  оқырман  қауымды  оның  тілдік 
табиғатынан  хабардар  етіп  қоймай,  сонымен  қатар  этнос  өмірімен 
тұтастығымен ерекшеленеді.  
Соңғы  жылдары  халықаралық,  тіларалық  қатынастың  дамуына 
байланысты  құрылымы  жағынан  да  мүлдем  алшақ  тілдерді  салыстыра 
зерттеу  тіл  ғылымында  дәстүрге  айналып  келе  жатыр.  Салыстыра  зерттеу 
барысында  екі  тілдің  өзіндік  құрылымдық  және  жүйелік  ерекшеліктері  мен 
ұқсастықтары  айқындалады.  Сондай-ақ,  тіл  табиғатында  осы  уақытқа  дейін 
зерттеушілер  назарынан  шет  қалған  кейбір  құбылыстардың  сыры  ашылып, 
осы  кезеңге  дейін  қалыптасқан  тұжырымдар  басқа  қырынан  зерделенуі, 
тілдің  өзіндік  сипаты  айқындатуда.  Әр  типтес  тілдердегі  фразеологизмдерді 
салыстыра  зерттеу  де    өзіндік  тұңғиық  сыры  бар  қиындығы  да  мол  күрделі 
жұмыс.  
Қазақ  тіліндегі  фразеологизмдерді  зерттеуге  деген  құлшыныс  академик 
І.Кеңесбаевтың  «Қазақ  тілі  фразеологиялық  сөздігі»  атты  көлемді  еңбегінен 
етек бастаған. Бұл құнды еңбек тек қана қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі 
тануға  қосылған  елеулі  үлес  деп  қарауға  болады.  Автор  аталған  сөздіктің 
«Қазақ  тілінің  фразеологизмдері»  бөлімінде  қазақ  тіліндегі  фразеологиялық 
теорияның  мәселесін  жан-жақты  қарастырып,  біраз  ілгері  дамытқан.  Қазақ 
тілінің фразеологизмдерін зерттеушілердің қай-қайсысы да бұл еңбекті  
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

47 
 
 
қолданатыны айдан анық [1]. 
 Фразеология тану   ғылымында    фразеологизмдердің   басты   белгілері, 
релеванттық қасиеттері ретінде үш ерекшелігі аталады: 
а) даяр қалпында жұмсалу белгісі; 
ә) мағына тұтастығы
б) тіркес тиянақтылығы. 
Фразеологизмдердің  дайын  қалпында  жұмсалу  белгісі  –  тұрақты 
тіркестер  қарым-қатынас  процесінде,  сөйлеу  кезінде  жасалынбайды,  даяр 
қалпында 
біртұтас 
(бүтін, 
бірлік) 
единица 
ретінде 
жұмсалады. 
Фразеологиялық  етістіктің  бұл  қасиеті  оны  еркін  сөз  тіркесімен 
салыстырғанда  анық  көрінеді.  Мысалы:  тамақ  ішу,  қолды  жуу,  үй  тазалау 
және  to  love  music,  clever  man,  to  build  houses  деген  еркін  сөз  тіркестері 
қарым-қатынас  процессінде,  сөйлесу  кезінде  бір-бірімен  емін-еркін  тіркесіп 
айтылуынан  жасалса,  ас  адамның  арқауы,  түймедейді  түйедей  ету,  қой 
аузынан шөп алмас және  mare’s nest, small hours, husband’s tea, т.б. тәріздес 
сөз  тіркестер  тіркескен  күйінде,  бүтін  күйінде  жадымызда  айна  қатесіз 
сақталады  да,  сөйлеу  кезінде  олардың  сыңарлары  (сөздер)  сөйлеушінің 
қалауы бойынша тіркеспейді, бүтіннің бөлшектері тәрізді бұрыннан тіркесіп 
қойған  қалпында,  өлеңдегі  қайырма  тәрізді  бұлжымай  бір  тұтас  күйінде 
қолданылады. Мұндай қасиет тұрақты тіркестерге ғана емес, сонымен қатар 
лексикалық бірлік (единица) сөзге де тән. Мысалы: әдемі, жылдам, үндемеу, 
talk,  laugh,  smile  деген  сөзде  және  бұларға  белгілі  дәрежеде  синонимдес 
болып  келетін  «үріп  ауызға  салғандай»,  «көзді  ашып  жұмғанша»,  «жұмған 
аузын  ашпау»,  get  a  talk  with,  give  a  laugh,  give  a  look,  force  a  smile  тәрізді 
фразеологизмдер  дайын  қалпында  жұмсалу  қасиетімен  сипатталады. 
Мысалы, қазақ-ағылшын тілдеріндегі тұрақты тіркестерді салыстырсақ:  
kill two birds with one stone- екі қоянды бір оқпен өлтіру; 
cat and dog life- ит пен мысықтай өмір
to pick up one’s ear- құлақ түру; 
to abound іn courage - жүрек жұтқан болу; 
to meet adversіtіes wіth - бәлеге шалдығу, қырсыққа іліну;  
to take advantage of somethіng – бірдеңенің пайдасын көру
justіfy somebody’s confіdence - біреудің сенімін ақтау;  
talk nonsense, talk rubbіsh, talk rot – аузына түскенін оқтай; 
take revenge, to cook one’s goose – алдына келтіру; 
to judge by appearances – сыртына қарап тон пішу; 
aggress agaіnst a country - баса көктеп кіру;  
to go ape (over, for) - торығу (күйзелу) [2]. 
Тіркес  тиянақтылығы  да  фразеологизмдердің  ең  негізгі  белгілерінің 
біріне  жатады.  Тиянақты  сөз  тізбегіндегі  сөздер  әркімнің  қалауынша  емес, 
қалыптасқан  белгілі  бір  жүйемен  орналасқан.  Өзара  тығыз  жымдасып 
орналасқан  сөздердің  жігі  ажырамай  тұрады.  Олар  бір-бірімен  иін  тіресіп, 
өзге сөзбен 
алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге
 келмейді. 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

48 
 
 
Мәселен, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек, 
мән-мағынасын  мүлде  өзгертіп  жібереді,  тұрақты  тіркес  еркін  тіркеске 
айналып кетеді. Ал көк сөзін оның синонимі аспан деген сөзбен алмастырсақ 
(мұрнын  аспанға  көтерді),  мағына  тұтастағы  онша  бұзылмағанмен  стильдік 
мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды тимейді. Көтерген деген 
етістікті көтермеді, көтеріп тұр, көтермекші деп өзгерте беруге көнбейді. Тек 
өзінің сіресіп қалыптасқан қалпында қодануды талап етеді [3].  
Сондай-ақ red tape, kick the bucket деген тұрақты тіркес құрамындағы red, 
kick деген сөздердің орнына blue, give немесе tape, the buckеt дегеннің орнына 
radio,the  ball  деген  сөздер  қолданылмайды:  егер  бұлай  етіп  өзгертсек,  олар 
тұрақты  тіркес  болудан  қалады,  немесе  тіптен  мағынасыз,  түсініксіз,  кей 
жағдайда  сөз  тіркесі  болып  мағына  тұтастығынан  айырылып  қалады. 
Н.М.Шанский  сөздің  морфемалық  құрамының  тұрақтылық  сипаты  қалай 
болса, фразеологизмнің құрамынан және сыңарынан 
(компоненттерінің)
 орын 
тәртібінің тұрақтылық сипаты да сондай деп есептейді. Кейде тұрақты тіркес 
құрамындағы  бір  сөздің  әр  түрлі  тұлғасынан  әлденеше  фразеологизмдер 
жасала  берілуі  де  мүмкін  [4,  72  б.].  Мысалы:  жамбасы  жерге  тигенше  (өле 
өлгенше),  жамбасы  жерге  тиді  (өлді,  жер  тастады),  жамбасы  жерге  тимеген 
(ешкімнен жығылып көрмеген күшті). Кей ретте жалғыз дыбыстың бір өзі-ақ 
тұрақты тіркестің мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. 
Бұл 
жағынан 
қарағанда 
фразеологизмдердің 
орын 
тәртібінің 
тұрақтылығы сөздің морфемалық құрамының тұрақтылық сипатымен бірдей 
деп  есептеуге  болады.  Жоғарыда  аталған  үш  түрлі  белгі  (тұрақтылылық, 
тұтастық, тиянақтылық) арқылы фразеологизмдер тілдің өзге категориясынан 
оқшауланып, өзіндік бітім бейнесімен өмір сүрді. 
Фразеологизімдердің түрлері - фразеологизмге тән үш түрлі ортақ белгі 
болғанымен,  бұлар  бір-бірімен  әрдайым  ашық  ажыратыла  бермейді.  Бұл 
белгілер, әсіресе мағына тұтастығы, біреуінен ап-айқын көрінсе, екіншісінен 
көмескі,  үшіншісінен  өте  солғындау  болып  кездеседі.  Сондықтан 
фразеологизмдерді  түр-түрге  бөліп  топтастыру  тіл  біліміндегі  ең  күрделі  де 
қиын мәселелердің бірінен саналады.  
Зерттеушілердің  бір  тобы  тұрақты  тіркестердің  біртұтас  мағынасы  мен 
солардың  құрамындағы  сыңарлардың  ара  қатынасына  қарай  жіктеп  бөлсе, 
екіншілері құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілері атқаратын қызметі мен 
стильдік мәні жағынан топтастырады.  
Сонымен, қазақ тілі фразеологизмдеріне терең, әрі жан-жақты сипаттама 
жасаған  және  болашақ  зерттеулерге  бағыт-бағдар  берген  І.Кеңесбаев 
фразеологизмдердің  үш  басты  белгісіне  (тұлға  тұрақтылығы,  мағына 
тұтастығы, қолдану тиянақтылығы) сүйене отырып ең негізгі үлкен екі топқа 
бөледі [5]: 
1. фразеологиялық тұтастық;  
2. фразеологиялық тіркес.  
Бұл еңбектерде фразеологизмдердің негізгі белгілері анықталып, оларды 
семантикалық және грамматикалық тұрғыдан талдап топтастыру қаралады.  
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

49 
 
 
К.Аханов қазақ тілі фразеологизмдерін В.В.Виноградов  классификациясына
  
сүйене отырып, семантикалық тұрғыдан:  
1. фразеологиялық тұтастық; 
2. фразеологиялық бірлік
3. фразеологиялық тізбек; 
4. фразеологиялық сөйлемше деп топтастырады [6, 60 б.].  
К.Аханов:  «Фразеологиялық  тұтастық  деп  бөлініп  ажыратылмайтын, 
беретін  мағынасы  жағынан  құрамындағы  сынарладың  мағынасымен  мүлдем 
байланыспайтын,  әбден  бітісіп,  тұтысып  кеткен  томаға  тұйық  тіркестерді 
айтамыз»  –  дейді.  Мәселен,  мұрнынан  шаншылып  жүр,  мұрнына  су  жетпеді 
дегеннен  қолы  тимеді,  бұрылуға  мұршасы  болмады  дегенді  немесе  ағылшын 
тілінде:  to  let  the  cat  out  of  the  bag  дегеннен  сыр  шашу,  немесе  аңдамай  сөйлеу 
дегенді түсінеміз [6, 458 б].  
Бұл мағына осындағы үш сөздің тұтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек 
ішіндегі  жекелеген  талдау  жасап,  бірін  екіншісінен  бөліп  алуға  көнбейді. 
Фразеологиялық  тұтастық  жеке  сөздердің  тұтас  жиынтығынан  пайда 
болғанымен,  олар  іштей  түрлі  бөлшектерге  бөлінбей,  іс-әрекетті,  сапа  мен 
белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.  
Фразеологиялық бірлікке К.Аханов мынандай анықтама береді: «Мағынасы 
жағынан  ажыратылмай,  тұтасымен  бір  бүтін  мағынаны  білдіретін,  бірақ  сөз 
тіркестерінің  бір  бүтін  мағынасы  лексикалық  сыңарлардың  мағыналарының 
бірігіп  тұтасуынан  тұрақты  фразеологиялық  сөз  тіркестері».  Бұлардың 
лексикалық  мағынасы  толық  сақталған  сөздерден  бірігіп,  тіркестің  бүтін 
мағынасы  сөз  тізбегінің  мағынасымен  астарлас,  образды,  астарлы  болады. 
Мәселен,  ескі  жараның  аузын  ашты  дегеннен  өткенді  қайта  қозғады,  ұмытып 
кеткенді  еске  салды  дегенді  түсінеміз.  Ал  ағылшын  тілінде:  to  give  a  person  a 
blacklook  –  ашулы  немесе  ала  көзбен  қарау.  Бұл  фразеологиялық  мағынаның 
жасалуына, сөз жоқ, ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған [7].  
Кейде  фразеологиялық  тұтастық  пен  арасында  айырмашылық  байқалмай 
тұратын  фразеологизмдер  бар.  Мұндағы  ескертетін  нәрсе  тұрақты  тіркес 
мағынаның  тек  көнелуіне  байланысты  түсіну  керек.  Мысалы:  ит  басына  іркіт 
төгілу  –  «ағыл-тегіл,  молшылық».  Сырт  тұлғасы  жағынан  фразеологиялық 
бірлікке  ұқсас,  мағынасының  тым  көмескіленуінен  фразеологиялық  тұтастыққа 
да  ұқсас.  Жалпы  алғанда  фразеологиялық  тұтастықтар  мен  фразеологиялық 
бірліктер сөздерге жанамалық қатыста жұмсалуына орай, көбіне бір топқа біріге 
береді.  Мәселен,  орыс  тіл  білімінде  мұндай  құбылысты  Н.Шанский  идиомалар 
немесе орамдар деп атайды. Қазақ тілінде де фразеологияның бұл екі тобы бір-
біріне өте жуық тұрақты сөз тіркесі деп қарастырады. Фразеологиялық тұтастық 
пен  фразеологиялық  бірліктер  фразеологиялық  тізбектерден  семантикалық 
табиғаты мен құрылымы жағынан өзгелешеленеді [4, 85 б.].  
Фразеологиялық  тізбектер  -  мағынасы  жағынан  құрамындағы  сөздердің 
мағынасымен    байланысып,    тіркесу    тұрғысынан    орнығып    тұйықталған    сөз 
тіркестері болып табылады. Тілде сөздердің тіркесу қабілеті бірдей десем, қайсы 
бірі  кез  келген  сөзбен  тіркесіп,  белгілі  бір  ұғымды  білдіруге  бейім  болса,  енді 
бірі  аз  ғана  сөздермен  одақтасып,  сонымен  ғана   тіркеседі.   Тұрақты   сөз
  
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

50 
 
 
тіркестерін  сөздер  тобы  ғана  жасайды.  Кез  келген  сөз  тұрақты  сөз  тіркестерін 
жасай  алмайды.  Мысалы:  бота  көз,  қоян  жүрек,  тоң  мойын,  жел  аяқ,  т.б. 
Ағылшын тілінде: white crow, a bosom friend, т.б. 
Фразеологиялық  тізбектің  құрамындағы  ерікті  мағынадағы  сөз  сан  алуан 
сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туында мағынадағы 
сөз бірді екілі сөзбен ғана шектеліп қолданылады. Мысалы: көк бет, қысыр көз 
деген фразеологиялық тізбектің құрамындағы бет (жалпы бет, сопақ бет) сөз (аз 
сөз,  бұрыс  сөз,  көп  сөз)  деген  қыруар  сөздермен  тіркесіп  қолданыла  берсе, 
фразеологиялық  мағынадағы  көк  сөзі  бет  сөзімен,  сөз  қысыр  сөзімен  ғана 
тіркеседі.  
Фразеологиялық тізбектің сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та 
айқын  болғанымен,  солғын  тартып  сезіліп  тұрады.  Мысалы:  көз  ұшында,  көз 
жеткісіз, көзін тырнап ашқалы, көзі тірісіндет.б. 
Қорыта  келе,  халықтық  сана-сезім,  салт-дәстүр,  мәдени  тұрмыс  тарихын 
бейнелейтін  фразеологизмдерді    оқып    танымайынша,    тіл  байлығын,  тіл 
ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес. Халықаралық және тіларалық қатынастар 
дамыған  осы  кезеңде  шет  тілін  ана  тілімізбен  салыстыра  зерттеу  тіл  білімінің 
әрбір саласы үшін маңызы айрықша. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Кеңесбаев  I.  Казақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігі.  –Алматы:  Ғылым,  1977.      – 
632 б. 
2.
 
Смағұлова  Г.  Фразеологизмдердің  варианттылығы.  –Алматы:  Санат,  1996.  – 
420 б. 
3.
 
Болғанбайұлы  Ә.,  Қалиұлы  Г.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикалогиясы  мен 
фразеологиясы. –Алматы: Санат, 1997. –187 б. 
4.
 
Шанский  Н.М.  Фразеология  современного  русского  языка.  3-е  изд.  –Москва: 
Высшая школа, 1985. –462 б. 
5.
 
Кеңесбаев I. Казақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері. –Алматы, 1954. –706 б.  
6.
 
Аханов Қ. Тіл біліміне кіріспе. –Алматы: Мектеп, 1969. –416 б. 
7.
 
Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. –Алматы: Ғылым, 2002. – 624 б. 
 
жүктеу 6.24 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет