Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.24 Kb.

бет28/28
Дата09.01.2017
өлшемі6.24 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

241 
 
                                         А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
ҚҰҚЫҚТАНУ 
 
ӘОЖ  34. 7. 6. (076) 
Қ.Р.БАЛАБИЕВ  
заң ғылымдарының докторы 
Халықтар Достығы Университеті 
 
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ 
МӘРТЕБЕСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ 
 
Мақалада құқықтық мәртебе заңнамасымен  орнықтырылған әкімшілік 
құқықтық субьектілерін жүзеге асырушы кейбір мәселелер қарастырылған. 
«Басқарушылық құқық» пәнін құрайтын: мемлекеттік құқықтық қызметті, 
оның құрылымы мен мазмұнын, атқару өкілетінің органдарын, мемлекеттік 
қызметшілерді  және  қызметтік  тұлғаларды  қалыптастыру  мәселелеріне 
жан-жақты талдау жасалған. 
 
Кілт  сөздер:  әкімшілік  құқық,  құқықтық  тәртіп,  нормативтік  құқық, 
мемлекеттік мониторинг, атқарушы билік. 
 
«Құқықтық  тәртіп»  түсінігінің  нормативтік  құқықтық  актілерде,  құқық 
әдебиеті  мен  ғылыми  зерттеулерде  жиі  қолданылуы  бұл  құбылыстың  кең 
таралғандығын  көрсетеді.  Әкімшілік  құқық  саласының  ғалымдары  А.В. 
Малько мен О.С.Родионов әкімшілік–құқықтық тәртіптің келесі анықтамасын 
береді:  «құқықтық  құралдардың  белгілі  үйлесуімен,  қалаулы  әлеуметтік 
жағдай  жасап,  қолайлы  немесе  қолайсыз  деңгейді  құру  негізінде  құқық 
субъектілерінің  мүдделерін  қанағаттандырудың  айрықша  құқықтық  реттеу 
тәртібі» [1]. 
Құқық  салаларына,  әсіресе  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  жоғары 
деңгейлі реттемелік көпшілік салаларына, соның ішінде әкімшілік құқығына 
құқықтық  тәртіпті  тұрақты  пайдалану,  әкімшілік-құқық  тәртіптеріне  тыйым 
салу  мен  оң  байланыстыру  тән.  Әкімшілік  құқық  ғылымында  әкімшілік-
құқық тәртіптерінің бірқатар тұжырымдамалары қалыптасқан. Атқару билігі 
тәртіпті  құқық  қатынасы  топтарын  регламенттеудің  ерекше  құқықтық 
(ғалымдардың  ұстанымы)  және  әкімшілік-құқықтық  реттеу  түрлерінде 
қарастырады.  
И.С.Розановтың пікірінше, әкімшілік-құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету 
– мемлекеттік, қоғамдық, жеке тұлғалық деңгейде саралануға тиіс [2].  
Құқықтық тәртіп қауіпсіздік саласында пайдаланылатын құқықтық және 
ұйымдастырушылық-техникалық 
шаралар 
жиынтығын, 
құқықтық-
ұйымдастырушылық  институтын  құрады.  Тәртіп  түсінігінде  іс-шаралар  мен 
іс-әрекеттердің 
түрлерін (мысалы, экономика тәртібі, 
демалыс тәртібі) анықтау 
қажет. Сонымен, құқықтық тәртіп дегеніміз - түрлі объектілерге байланысты 
тұлғалық ара қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.  

242 
 
 
Тәртіпті  құқықтық  (ережелер  жүйесі)  мен  ақиқат  түрлеріне  (тәртіптік 
нормаларды  іс  жүзінде  орындау)  бөлуге  болады.  Әкімшілік-құқықтық 
тәртіпті  қарастыру  келесі  түрлерін  анықтайды:  тұрақты  және  уақытша, 
локальді және мемлекет аумағына тарайтын, шектеулі, т.б. Құқықтық тәртіп - 
өте  кең,  ауқымды  түсінік.  Ол  қатынастар  мен  әрекеттердің  құқықпен 
реттелетінін  білдіреді.  Тұлғалар  арасындағы  байланыс,  олардың  біріккен  іс-
әрекеттері  билік,  келісім-шарт  немесе  осы  әдістердің  үйлесу  негізінде 
құрылуы мүмкін. Реттеуші құқықтық қатынастары әкімшілік-құқық тәртібіне 
ықпал  жасаудың  басты  бағыттары  бойынша  келісілген,  құқықтық-
нормативтік  материалдар  жиынтығынан  құрылған  құқықтық  құрылым.  Бұл 
құрылым  құқықтық  әдістер  арқылы  тәртіп  функцияларының  тәртіптік 
ережелер, 
құқықтық, 
ұйымдастырушылық, 
материалдық-техникалық 
кепілдерін  біріктіріп,  құқық  қатынасы  субъектілерінің  әкімшілік-құқықтық 
мәртебелерін белгілейді.  
Құқықтық  актілерде  объект  немесе  процестің,  құқық  учаскелерінен 
ерекшеленетін  әлеуметтік  нысандармен  тұрақты  қатынастары,  құқықтық 
жағдайы  бекітіледі.  Арнайы  ережелер  құқық  тәртібін  таратушы  тұлғаның 
мәртебесін бұзуға бөгет жасап, оған тапсырылған көрсеткіштер функциясын 
орындауға  көмек  береді  және  қолдайды.  Тәртіптік  ережелерді  жүзеге 
асырушы  субъектілердің  қызметі  біртұтас  құқықтық  принциптерге 
негізделіп,  алдын  ала  бекітілген  құқықтар  мен  міндеттерді  жүзеге  асыру 
механизмдеріне сәйкес  орындалады.  Мысалы,  Ю.А.Тихомиров келесі  тәртіп 
түрлерін  анықтайды:  белгілі  мемлекеттік  жағдайды  реттеу;  басқару  мен  іс-
әрекет  функциясын  қамтамасыз  ету;  шаруашылық  субъектілерінің  іс-
әрекеттерін  заңдастыру  (тіркеу  және  лицензиялау).  Автор,  субъектілердің 
құқықтық жағдайына байланысты әкімшілік-құқықтық тәртіп формалары мен 
құқық  субъектілеріне  тоқталады.  Негізгі  мәселе  құқықтық  реттеу 
саласындағы  іс-әрекет  атқару  мәртебесіне  ие  тұлғалар  мен  заңды 
тұлғалардың  өзара  қатыстығы  екенін  айта  келе,  Ю.А.Тихомиров  әкімшілік 
құқығына  және  процеске  қатысушылар  қатарына  төмендегі  субъектілерді 
енгізеді: 
а) барлық деңгейдегі атқару билік органдары; 
б) ұйымдарды басқару органдары; 
в) лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік орган қызметкерлері; 
г) азаматтар; 
д)  әкімшілік  құқық  нормаларын  жүзеге  асырушы  және  «алғашқы» 
әкімшілік құқық субъектілерімен өзара қатынас жасаушы мемлекеттік билік 
органдары; 
е) азаматтардың қоғамдық бірлестіктері [3]. 
Құқықтық тәртіп субъектілері тәртіптік құжаттарымен жұмыс атқаруына 
байланысты, бекітілген ережелерді орындауға міндеттелген тұлға мен заңды 
тұлғалар. Тәртіптік талаптарды орындауға қатысатын субъектілердің  
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

243 
 
құқықтық  мәртебелері  -  әлеуметтік  құқық  тәртібінің  негізгі  элементі  болып 
табылады. Оның  көлемінен, егеменділік  деңгейінен,  қосымша ережелер мен  
міндеттемелік  сипаттарынан  тәртіптің  салалық  қатыстығы  жөнінде 
қорытынды жасауға болады. 
 
Құқық  қатынасы  субъектілерінің  әкімшілік-құқықтық  мәртебелері 
құқықтық  құрылым  тәртібінің  ажырамас  бөлігі  болғандықтан,  құқықтық 
нормалар  әкімшілік-құқықтық  тәртібімен  қатар  қалыптасуы  қажет.  Оларға 
өкілеттік беріліп, құқық қатынасы субъектілерінің мәртебелерін жүзеге асыру 
механизмдері де құрылады. Әкімшілік-құқық тәртіп құрылымы қызметі үшін 
біртұтас  құқықтық  мақсатпен  біріккен  құқық  қатынасы  субъектілерінің 
құқықтық  мәртебесін  бекітетін  өзара  логикалық  байланысты  нормативтік-
құқықтық  актілер,  тәртіптік  ережелер,  құқықтық,  ұйымдастырушылық, 
материалдық-техникалық, ақпараттық функциялардың маңызы зор. 
Әкімшілік-құқық тәртібін заңды жүзеге асыру, яғни тәртіптің ережелері 
мен 
кепілдері, 
нормативтік-құқықтық 
актілері, 
оны 
орындайтын 
субъектілердің құқықтық мәртебелері құқықтық мақсаттарға сәйкестендірілуі 
қажет.  Қолданыстағы  заңнама  іс  жүзінде  орындалғанда  ғана  мақсаттарына 
жетеді.  Сондықтан  аталған  процестің  екі  кезеңіне  де  көңіл  аудару  қажет: 
бірінші  кезеңде  қоғамдық  қатынастардың  немесе  басқа  құқықтық 
шаралардың  құқықтық  реттелу  сипаттарын  анықтауды  жоспарлау  қажет 
болса;  екінші  кезеңде  қойылған  мақсаттарға  жетуге  арналған  дәйекті  де 
белсенді  іс-әрекеттерге  бағыт  беріледі.  Мұнан  құқықтық  болжаудың  екі 
міндеті туындайды: құқықтық шығармашылық саласы мен құқықтық жүзеге 
асыру саласы [4]. 
Құқық  нормаларын  жүзеге  асыруды  бекіткен  өкімдерді  шарттар 
жиынтығы  ретінде  де  қарастыруға  да  болады.  Құқық  нормаларын  жүзеге 
асырудың төрт түрін ажырату керек: нормаларды бұзбау, орындау, пайдалану 
және құқық қолдану.  Бұзбау  –  тыйым  салып, шектейтін  нормаларды  жүзеге 
асыру,  ал  форманың  мәні  тыйым  салынған  іс-әрекеттерге  барудан  бас 
тартудан тұрады. Пайдалану өкімдерді атқаруға байланысты өмірде белсенді 
іс-әрекеттерді  талап  етсе,  құқық  қолдану  тұлғаның  құқықтық  өкілеттігін 
жүзеге  асыруға  бағытталып,  өз  қалауынша  әрекеттерді  белсенді  (шапшаң) 
және  бәсең  түрде  орындауына  мүмкіндік  береді.  Құқық  қолданудың 
құқықтық  нормаларды  жүзеге  асырып,  түрлі  мінез-құлық,  әрекет  актілерін 
үйлестіруші кешенді билігінің де маңызы зор. 
Нормативтік талаптарды шынайы әрекетке алмастыру: 
-
 
жеңіске жетуге қажетті материалдық базаны жабдықтау
-
 
ғылыми-техникалық және ресурстық қамсыздандыру; 
-
 
салауатты өмір салтын қалыптастыру; 
-
 
саяси-материалдық жағдай жасау; 
-
 
ұйымдастырушылық іс-шараларын орындауды қарастырады [5]. 
Әкімшілік-құқық  тәртібін  қалыптастыру  үшін  біртұтас  құқықтық 
құрылымға  біріктірілген  нормативтік  құқықтық  актілер  негізінде  оның 
болашақта  жетуге   міндетті   құқықтық   ықпалын,   әлеуметтік  нәтижесінің  
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

244 
 
 
мақсатын  анықтап  алу  керек.  Әкімшілік-құқықтық  тәртібінің  құқықтық 
құрылымында  қоғамдық  қатынастарға  ықпал  жасауға  мүмкіндік  беретін 
толықтырылған  құқықтық  нормалар  топтамасын  құру  қажет.  Топтамаға 
ендіруге жататындар: заң шығарушылық органдардың құқықтық нормалары; 
құқық қатынасы субъектілерінің құқығын жүзеге асыру; әлеуметтік нәтижеге 
жету.  Құқықтық  нормаларды  әкімшілік-құқықтық  жүзеге  асыру  процесінде 
маңызды да күрделі екі міндет шешіледі: құқық қатынасы субъектілерінің іс-
әрекетін ұйымдастыру және әлеуметтік қатынастарға ықпал жасау. 
Әкімшілік-құқықтық  қатынастар  саласында  құқықты  жүзеге  асырудың 
барлық  формаларын  біріктірген,  құқықты  жүзеге  асырушы  субъект  - 
атқарушы  билік  органдары  екені  белгілі.  Құқық  органдарының  қызметін 
реттейтін  атқарушы  билік  органдары  мен  әкімшілік  құқық  құқықтық 
тәртіптің  міндеттеген  мақсаттарын  әлеуметтік  өмірде  кепілді  жүзеге  асыру 
үшін басты көрсеткіштер бойынша келісіп алуы қажет.  
Құқық  шығарушылық  орган  қоғамдық  қатынастарды  жетілдіруге 
арналған  нормаларды  қабылдаумен  қатар  оны  жүзеге  асыратын  механизм 
мәселелерін  зерттеумен  айналысып,  ондай  механизм  болмаған  жағдайда 
нормативтік  құқықтық  актілерді  қабылдап,  құқықты  жүзеге  асыру  процесін 
орындау, қолдану, сақтау формалары арқылы жандандыруға міндетті. 
Бұл  процесті  қамтамасыз  ету  үшін  құқық  қатынасы  субъектілерінің 
құқықтық 
мәртебелері 
бекітіліп, 
құқықтық, 
ұйымдастырушылық, 
материалдық-техникалық,  ақпараттық  кепілдері  беріліп,  мемлекеттік 
органдар,  жеке  тұлға  және  лауазымды  тұлға  тараптарынан  нормативтік 
құқықтық  актілерді  қадағалау,  бақылау  және  тексеру  жұмыстары  жүргізілуі 
тиіс.  Әкімшілік-құқықтық  тәртібін  құратын  нормативтік-құқықтық  актілерді 
құқықтық  реттеу,  құқық  тәртібінің  қалыпты  қызмет  жасауы  мәселесі  өзара 
үйлестіруді  талап  етеді.  Нормативтік  актілерді  жүзеге  асыру  құқықтық 
мәртебе,  құзырет,  өкілет  пен  атқару  билік  органдарының  функцияларын 
ескеру арқылы атқарылып отыруы тиіс. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
заңдарын,  қаулыларын,  нормативтік  құқықтық  актілерін  жүзеге  асыруға 
құқықтық  мәртебелері  құқық  актілермен  сәйкестендірілген  субъектілер 
қатысуы шарт. 
Қазақстан  Республикасының  заңдары  мен  мемлекеттік  билік  органдары 
актілерінде  қалыптасқан  нормалар  мен  тәртіп  ережелері  үзіліссіз  даму 
процесінде  болғандықтан,  қоғам  өмірінің  барлық  жақтарын  жан-жақты 
қамтуға  мүмкіндігі  болмайды.  Сондықтан  да  аталған  құжаттарға  заңмен 
анықталған,  мемлекеттік  қызмет  салаларында  нақтылануды,  жетілдірілуді 
талап  ететін,  атқару  органдарының  құзыретіне  жататын  жалпы  ережелер 
енгізіліп,  мемлекеттік  билік  органдарының  құзыреттері  заңнамаға  сәйкес 
егжей-тегжейлі бөлшектенуі қажет.  
Әкімшілік-құқықтық  тәртібін  жүзеге  асыру  механизмі  субъектілердің 
құқықтық  мәртебелерін  жүзеге  асыру  процесінің  ерекшеліктерін  ескеру 
арқылы құрылады. Сондықтан әкімшілік-құқықтық тәртібін жүзеге асырудың  
тиімділігі   тәртіпті   қамтамасыз    ететін    нормативтік-құқықтық  
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

245 
 
 
актілердің  орындалу  деңгейіне  байланысты.  Әкімшілік-құқықтық  тәртібін 
құқықтық,  ұйымдастырушылық,  материалдық-техникалық,  қаржылық, 
ақпараттық  құралдары  арқылы  жүзеге  асыру  мақсатында  нормативтік-
құқықтық  актілердің  орындалуын  бақылап,  қадағалауды  атқаратын  жүйе 
құру  қажет.  Әкімшілік-құқықтық  тәртіптің  құқықтық  реттеу  формалары 
заңнамалардың  орындалуын  талап  ететін  қоғамның  әлеуметтік  салаларында 
барынша  кең  жүргізілуі  тиіс.  Атқарушы  билік  органдарын  әкімшілік-
құқықтық тәртібінің қызметі жөнінде тұрақты ақпаратпен қамсыздандыруды 
жақсартып,  белгіленген  көрсеткіштерден  ауытқу  болған  жағдайда,  оларды 
жоюға бағытталған шараларды орындау қажет. 
Әкімшілік-құқықтық  тәртібінің  жүзеге  асырылу  деңгейі  туралы  ақпарат 
анық,  өзекті,  жеткілікті,  қажетті  болып,  құқықтық  мақсаттың  жетістік 
деңгейлерін  көруге,  реттеу  саласындағы  өзгерістерді  анықтауға  мүмкіндік 
беруі  керек.  Әкімшілік-құқықтық  тәртіп  нормативтік  құқықтық  актілер 
кешені негізінде пайда болуына байланысты оның орындалуын нормативтік 
құқықтық  актілер  логикасына  сәйкестендіріп,  басымдық  бір  жүйеге  келтіру 
қажет.  Әкімшілік-құқықтық  тәртібінің  кешендік  құқық  нормалары 
ерекшеліктерін 
ескермей, 
оқшауландырып 
пайдалану, 
құқықтық 
мақсаттардың  бұрмалануына,  тәртіптік  реттеу  тиімділігінің  төмендеуіне 
әкеледі.  
Әкімшілік-құқықтық  тәртіп  жағдайы  үзіліссіз  бағаланып,  әкімшілік-
құқықтық  тәртібін  құрайтын  құқықтық  нормалар  мен  бекітілген  құқықтық 
үлгіні  үнемі  қоғамдық  қатынастар  жағдайымен  салыстырып  отыру  қажет. 
Әкімшілік-құқықтық тәртібінің жүзеге асырылу тиімділігіне кейбір құқықтық 
нормалардың  бұзылуы  кері  ықпал  жасайды,  мысалы,  әкімшілік-құқықтық 
тәртіппен  бекітілген  нормаларды  қолданбау,  өкілеттерді  пайдаланбау, 
құқықтық  нормаларды  орындауға  тиісті  құрылымдардың  іс-әрекетін 
ұйымдастыруды  төмен  деңгейде  жүргізу,  т.б.  Атқарушы  билік  органдары 
әкімшілік-құқықтық  тәртібінің  тұрақты  қызметіне  қол  жеткізу  үшін  нақты 
жағдайды  нормативтік  мақсаттармен  салыстырып,  нормативтік  құқықтық 
актілер  бұзылған  жағдайда,  құқық  бұзушыларға  қатаң  жаза  қолдануға 
міндетті. 
Әкімшілік-құқықтық 
тәртібін 
жүзеге 
асыру 
құқық 
қатынасы 
субъектілерінің үзіліссіз және бұлтартпас орындауымен қамсыздандырылып, 
бақылау  органдарына  белгілі  функциялар  жүктейді.  Әкімшілік-құқықтық 
тәртіп құрылымына құқықтық  мәртебені, іс-әрекет ережелерін, құзырлықты, 
бақылау  органдарының  өкілеттігін  бекітетін  құқықтық  нормаларды  енгізу 
қажет.  Бақылау  –  объект  процесін  тексеріп,  қадағалайтын,  сонымен  бірге 
объектілердің  белгіленген  көрсеткіштерден  ауытқуларын  жою  шараларын 
атқаратын жүйе.  
Бақылау  өкілетті  органның  әдіс  пен  құралдарды  пайдалана  отырып, 
атқарушы  билік  органы  немесе  лауазымды  тұлға  қызметінде  заңнан  ауытқу 
орын  алғанын  анықтауға  көмек  береді.   Заңнан   ауытқу   болған  жағдайда  
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

246 
 
 
оларды  дер  кезінде  жоюға  бағытталған  іс-әрекеттер  орындалады.  Бұл 
шаралар 
бұзылған 
құқықтарды 
қалпына 
келтіріп, 
кінәлілерді 
жауапкершілікке тартып, заңдылықты сақтап, тәртіп бұзудың алдын алады.  
Әкімшілік-құқықтық  тәртібін  тиімді  бақылауды  қамтамасыз  ету  үшін 
атқарушы билік орган қызметін келесі әдістермен жетілдіру мүмкін: 
-
 
құрылымдық бөлімшелерді өзгерту; 
-
 
функцияларды  заңнамалық  бекітілген  құқықтық  мәртебе  және 
құзырет шегінде дамыту; 
-
 
мемлекеттік органдардың өзара байланысын ұйымдастыру; 
-
 
материалдық-техникалық,  қаржылық  және  ресурстық  құралдарды 
оңтайлы пайдалану. 
Құқықтық  құралдардың  әр  алуан  түрлері  осы  мақсаттарға  қызмет 
жасайды: құқықтық-нормативтік актілерді шығару, оның ішінде әкімшілік  –
құқықтық  тәртібі  орнатқан  нормаларды  орындауға  бағытталған  локальді 
нормаларды  (актілер заң құзыреті шектеуінде, форма бойынша шығарылып, 
заңмен  анықталған  нақты  салаға,  нақты  мақсатқа  арналуы  тиіс)  шығару; 
бұрын  шыққан  актілерді  тәртіптік  нормаларға  сәйкестендіру;  әкімшілік-
құқықтық  тәртібін  жүзеге  асыру  жолдарын  айқындайтын  нұсқауларды 
шығару;  әкімшілік-құқықтық  тәртіпті  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  етуші 
құқық  қатынасы  субъектілерінің  құзыретін,  өкілеттері  мен  функцияларын 
қалыптастыратын актілерді дайындау; әкімшілік-құқықтық тәртіп ережелерін 
бұзған жағдайда жаза қолдану, т.б.  
Әкімшілік-құқықтық  тәртіптің  жұмыс  атқаруын  қамтамасыз  ету  үшін 
атқару  билігінің  субъектілеріне  арнайы  өкілеттер  беріледі  немесе  арнайы 
құзыретті атқару билігінің органдары құрылады. Әкімшілік-құқықтық тәртіп 
әкімшілік мәжбүрлеу шаралары жүйесімен қамтамасыз етіліп, ол өз кезегінде 
басқарылушы 
субъектілерді 
ынталандыру 
мақсатында 
марапаттау, 
жеңілдіктер беру мен басқа әдістерді қолдануды да қарастырады. 
Сонымен,  субъектілерге  құқық  саласында  әкімшілік-құқықтық  тәртіпті 
жүзеге  асыруға  басқарушылық,  құқықтық-ұйымдастырушылық  құзыреттері, 
өкілеттері мен функциялары қажет екені айқын. 
Құқық  қатынасы  субъектілердің  құқықтық  жағдайына,  әкімшілік 
мәртебелік өкілеттеріне үнемі көңіл аударады. Құқық тәртібінің толыққанды 
функция  атқаруына  кепілдеме  беретін  тәртіптік  ережелер,  құқықтық, 
ұйымдастырушылық,  материалдық-техникалық,  ақпараттық  және  басқа  да 
әкімшілік-құқықтық 
көрсеткіштері 
бойынша 
құқықтық 
құрылым 
бөлімдерінің өзара келісіп алуларын талап етеді. 
«Құқықтары,  міндеттері  айқындалған  құқықтық  қатынас  субъектілері, 
құқық  қатынасы  нысандарының  құқықтық  белгілеріне  сәйкес  болуы  қажет. 
Әкімшілдердің  әкімшілік-құқықтық  тәртіптің  құқықтық  реттеудің  қажетті 
кешендік  құралы,  әкімшілік  қатынастардың  мақсаттық  бағытты,  ерекше  іс 
жүргізу  реттемесіне  ие  екені,  құқық  қатынасы  субъектілерінің  ерекше 
құқықтық мәртебесін, олардың құқық субъектілігін жүзеге асырудың ерекше  
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

247 
 
 
механизмі  мен  құқықтарын  қорғауда  кешендік  шараларды  және  ерекше 
ресурстарды талап етеді» деген тұжырымдарына қосылуға болады [6].  
Сонымен,  әкімшілік-құқықтық  тәртіп  мемлекеттік  басқаруға  құқықтық 
реттеу  құралдарына:  тіркеу,  лицензиялау,  техникалық  реттеудің  кешендік 
шараларын  құру,  үлес  бөлу,  мемлекеттік  сараптама  жасау,  мемлекеттік 
мониторинг  жүргізу,  тәртіптік  талаптардың  орындалуын  қадағалау  мен 
бақылау жүйесін ұйымдастыру кіреді. Оларды функционалдық жүзеге асыру 
мақсатында  материалдық,  қаржылық,  ақпараттық  және  кадр  ресурстарымен 
қамсыздандыру аталған саладағы өзекті мәселелерді шешуге көмек береді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Малько А.В., Родионов О.С. Правовые режимы российского законодательства 
//Журнал российского права. –М., 2000. №9. –19 с. 
2.
 
Розанов  И.С.  Административно-правовые  режимы//  «Государство  и  право». 
–1996. –№9. –86 с. 
3.
 
Тихомиров Ю.А. Административное право и процесс. –М., 2005. –175 с. 
4.
 
Керимов Д.А. Методология права. –М., 2001. –305 с. 
5.
 
Клинов А.С. Теория государства и права. –Краснодар, 2004. –87 с. 
6.
 
Долгополов  А.А.  Понятие  и  виды  нормативных  актов,  образующих 
административно-правовые режимы. –М.: Законодательство, 2007. –№8. –С.44-47. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  раскрывается  понятие  административно-правовых  режимов,  образованный 
совокупностью нормативно-правового материала. 
(Балабиева  К.Р.  Дисциплина  исполнения  статуса  административных  правовых 
субъектов) 
 
SUMMARY 
The  article  deals  with  the  concept  of  legal  and  administrative  regimes  formed  by  a  set  of 
regulatory material. 
(Balabiyev K.R. Discipline of the performance of the status administrative legal subjects) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

248 
 
 
МАЗМҰНЫ 
 
 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
 
ФИЛОЛОГИЯ 
 
МОЛДАБЕК Қ. 
ДУЙСЕНОВА М. 
Сөз тіркестерін математикалық лингвистика әдісімен зерттеу  
    3-11 
БАЙНИЯЗОВ А.Ж. 
БАЙНИЯЗОВА Ж.Т.
 
Сөздік жасаудың дереккөздері туралы 
   12-15 
МОЛДАБЕК Қ. 
ДУЙСЕНОВА М. 
Сөз тіркестерінің модельдері 
16-20 
ÖZDEMİR E-D. 
Yaraticiliği Etkileyen Faktörler 
   21-25 
ТАЛДЫБАЕВА М.Д.  
Қазақ  тілі  дыбыстарының  айырым  белгілерінің  артикуляциялық 
сипатының ерекшеліктері 
 26-29 
TAŞKIN E. 
Yabancılara türkçe öğretiminde oyunun önemi 
30-33 
ОМАРХАНОВА М. 
Халық  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинау  және  насихаттауда  кітаби 
ақындардың еңбегі 
34-39 
НАҚЫПБАЕВА Б.  
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері 
  40-44 
УРАЗБЕКОВА Р.А. 
ТАСАНБАЕВА З.Р. 
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасуы 
45-50 
HİSARCIKLILAR E. 
SEVİM O.
 
Kültigin yaziti’ndaki bazi ifadelerin görüntü düzeyleri 
   51-57 
ҚҰРБАНОВ А.Г. 
МЕЙІРБЕКОВА Ж.А.
 
Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы 
   58-64 
КАРПЫКБАЕВА А.С. 
ЖОЛДАСБАЕВА М.К. 
Пути формирования орфоэпических навыков у школьников 
65-69 
НҰРМЫШЕВА Ш. 
Қазан және оның түрлеріне байланысты лексикалық бірліктер 
   70-74 
ТАШИМОВА С. 
Ошақ және оған қатысты бұйым атауларына байланысты лексика 
 75-80 
DORUK U. 
Kazakistan’da türkçe ders kitaplarinda zaman öğretiminin siralanmasi üzerine 
 81-85 
BOZTAŞ O. 
Türkçe’nin yabancı  dil olarak öğretiminde seçilecek metinlerin incelenmesi 
 86-90 
ALTAN Ö. 
Yabancı dil eğitiminde akıllı tahta kullanımı 
   91-95 
 

249 
 
 
KADİROVA M. 
  Türk ata türklerinin gelenek ve görenekleri 
101-104 
ÖZKAY T. 
Çağrişim ve resim çizerek kelime öğretimi yöntemi  
96-100 
ПЕДАГОГИКА   
   СМАНОВ І.С. 
   ЛЕСБЕКОВА П. 
Бастауыш сынып оқушыларының еңбек іс-әрекеттері 
     105-109 
МЕЛДЕБЕКОВА Ү.И.  
ТАЙМҰРАТОВА С.  
«Қара жорға» биі және бүгінгі салауатты өмір салтындағы орны 
110-113 
СМАНОВ І.С. 
АБЕНОВА А.Қ.
 
Жоғарысыныптықтардың 
кәсіби 
жарамдылығының 
ғылыми 
педагогикалық негіздері туралы 
   114-118 
ДҮЙСЕНОВ О.Қ. 
РАХЫМЖАНОВ А.О.
 
Әскери білім беру технологиясы 
     119-122 
ИСМАХАНБЕТОВА Б.А. 
Анорексия: оның адам психикасына әсері 
    123-126 
ТЕМИРБЕКОВ А.Н. 
РУСТАМОВ Е.Н. 
КОЖАНОВА А.С. 
 
Алгоритм  проектирования фрагментальных знаний 
   127-132 
СМАНОВ І.С. 
АБЕНОВА А.Қ. 
Болашақ мамандықты таңдау мүмкіндіктерін анықтау негіздері 
   133-136 
МЕЛДЕБЕКОВА Ү.И.  
ТҰРДИЕВА А. 
 
Тәрбие шығармашылығының бала дамуындағы өзіндік ерекшелігі  
  137-140 
ҚАСЕНОВ Т.Б. 
Қазақ батырларының бес қару туралы түсініктерінің тарихи деректерде 
көрініс табуы 
  141-145 
АДЫРБЕКОВА Ұ. 
 
Тұлғаның дамуында дене шынықтыру және спорттың рөлі 
146-150 
ҚҰРМАНБАЕВА Ұ.Н. 
 
Топтардағы студенттерге шет тілін оқытудың  теориясы мен әдісі 
  151-154 
ИСМАХАНБЕТОВА Б.А. 
 
 
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың кейбір мәселелері 
  155-158 
ТАРИХ   
MUALLA UYDU YUCEL 
An Unknown Turkic Tribe in the North of the Black Sea: the Berendeis 
159-175 
ТАСТАНБЕКОВ М.М. 
 
Фрэнсис Бэконның өмірі мен шығармашылығының зерттелу тарихы 
     176-182 
ЗУЛПЫХАРОВА Э.  
БАТЫРБЕККЫЗЫ Г. 
Литературные связи Республики Казахстан и Российской Федерации 
   183-186 
 

250 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ДИНАШЕВА Л.С. 
БАБАКУЛОВ Н.  
 
ШЫҰ және Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері 
187-193 
КАТТАБЕКОВА Н.  
ПІРІМҚҰЛОВА Г. 
Қазақстандағы діни ахуал және оның қоғамға әсері 
194-198 
TULEGENOV E.  
TAUBAEV B.
  
Avrasya düşüncesinin ortaya çıkması ve gelişmesi 
199-202 
ӘБДІКЕРІМ Қ. 
Америка  Құрама  Штаттарының  тарихи  дамуында  орын  алған  кейбір 
оқиғалардың мәні мен мазмұны 
203-207 
ФИЛОСОФИЯ 
МӘМБЕТОВ Қ.  
ХХІ ғасыр: түркі халықтарының даналық әлемі 
208-211 
СОЦИОЛОГИЯ 
АБИЕВ Б.  
 
 
Социолингвистиканың кейбір мәселелері туралы 
212-215 
ЖУРНАЛИСТИКА 
СЕРДӘЛІ Б. 
Интерьер телетүсірілімі 
 216-220 
СӘДІБЕКОВ А. 
 
Реалити шоу – телевизияның жаңа сипаттағы жанры 
221-225 
ТӘШІМОВА Ә.  
Академик Рахманқұл  Бердібайдың өмірі мен шығармашылығы 
  226-232 
СЕРДӘЛІ Б. 
 
 
Табиғат телетүсірілімі 
233-236 
ӨНЕРТАНУ 
 
СӘДІБЕК А. 
Тігін өндірісіндегі киім формасы мен конструкциясы  
 237-240 
ҚҰҚЫҚТАНУ 
 
БАЛАБИЕВ Қ.Р.  
Әкімшілік  құқық  субъектілерінің  құқықтық  мәртебесін  жүзеге  асырудың 
тәртібі 
241-247 
МАЗМҰНЫ 
248-250 


1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал