Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.24 Kb.

бет27/28
Дата09.01.2017
өлшемі6.24 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

РЕЗЮМЕ 
В  статье    расссказывается  о  жизни  и  деятельности  академика  Рахманкула  Бердибаева. 
Дается поэтапный анализ деятельности академика, значительные отзывы к его книгам и трудам. 
(Ташимова А. Жизнь и творческая деятельность академика Р.Бердибаева) 
 
SUMMARY 
This    article  deals  with  the  life  and  activities  of  the  academican  Rakhmankul  Berdibay.  The 
activiti of the academician has been analyzed stagely. The  important opinions  have  been  suggested 
about  his activities, books  and works. 
(Tashimova A. The  Life  and Creative Works of Academic R.Berdibaev) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

233 
 
 
 
ӘОЖ 070.195(778 59) 
Б.СЕРДӘЛІ 
филология ғылымдарының кандидаты 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
ТАБИҒАТ ТЕЛЕТҮСІРІЛІМІ 
 
Кейде  біз  телехабарды  түсіру  барысында  сценарийде  көрсетілген 
драматургиялық шиеленістерді ашу үшін табиғат көріністерін таңдаймыз. 
Мұнда  табиғат  көріністері  екінші  планда  рөл  атқарғанымен,  түсірілетін 
сюжеттің  сол  табиғатқа  сай  болуы  маңызды  болмақ.  Яғни  көріністегі 
әрекеттер  қалайда  табиғатқа  үйлесуі  қажет  және  ол  бірнеше  қырынан 
сәйкестенуі тиіс. Бұл фильм түсіріліп жатқан мезгілдің дәуіріне, жылына, 
маусымына,  тәулік  мерзіміне,  ауа  райына  қатысты  туындайды.  Мақалада 
осы туралы кеңірек сөз болады. 
 
Кілт  сөздер:  пейзаж,  фото,  сюжет,  табиғат,  фон,  кейіпкер,  пейзаж 
лаконизмі, эмитет, символ, фильтр, оператор, түсірілім, композиция. 
 
Пейзаж  –  бейнелеу  өнеріне  тән  айрықша  жанр.  Бұл  жанр  телевизияда 
сурет  пен  фото  өнеріне  қарағанда  басқа  қырынан  көрініп  жүр.  Оператор-
пейзажшылар  өмір  бойы  табиғаттың  түпсіз  терең  тылсымын  тани  алмаумен 
келеді. Тек көркем әдебиетте ғана табиғат суретінің шабыттан туған кестелі 
үлгілері жасалуда.  
Кейінгі  жылдары  фотосурет  өнері  мен  кинода,  телевизияда  осы  жанрға 
айрықша  көңіл  бөлінуде.  Оны  қолдану  арқылы  сюжет  сапасы,  түсірілім 
сипаты  жаңаша  бір  айшықпен  көрініс  табуда.  Солардың  тәжірибеден  туған 
кейбіріне ғана тоқтала кетейік.  
1.  Табиғи  пейзаж.  Бұл  табиғат  ұсынған  бейненің  жай  ғана  қалыпты 
бейнесі.  Мысалы,  бидай  алқабының,  шөл  даланың,  ну  орманның  табиғи 
бейнесі  осындай  пейзажды  құрайды.  Мұндай  бейнекөріністер  репортаж 
түсіріліміне ғана тән. Бұлар жансыз, күнделікті өзімізге таныс ақпараттарды 
ғана бере алады.  
Шынайы  бейнекөріністерді  тіптен  киноәуесқойлар  да  оп-оңай  түсіре 
береді.  Мұндай  кадрлар  ешкімді  де  селт  еткізбейді,  көркемдік  ләззат  бере 
алмайды,  табиғат  тамашаларын  шын  ықыласпен  сезінуге,  адамдардың  жан 
дүниесін  ұғынуға,  табиғатты  сүюге  негіз  бола  алмайды  [1].  Ондай 
түсірілімдерді кино тілінде «табиғи қабылдау» дейді де қояды. Көркемдік тек 
көзге түскенді түсіруден ғана емес, оны сезім арқылы жеткізуден туындайды.  
Табиғи кадрларда тірі әлем жоқ: желмен тербелген қызғалдақ, жапырақ 
ұшында  дірілдеген  мөлдір  тамшы,  қысқы  аяз  айшықтары,  тұман  тұңғиығы, 
бірте-бірте  көзден  ғайып  бола  бастаған  бұлыңғыр  кеңістік  бұл  көріністерге 
тән  емес.  Яғни,  режиссер  үшін  аса  қажет  табиғат  кереметтерін  мұндай 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

234 
 
пейзаждардан табу қиын.  
2. Пейзаж, фон ретіндегі пейзаж. Кейде біз хабарды түсіру барысында  
сценарийде  көрсетілген  драматургиялық  шиеленістерді  ашу  үшін  табиғат 
көріністерін  таңдаймыз.  Мұнда  табиғат  көріністері  екінші  планда  рөл 
атқарғанымен,  түсірілетін  сюжеттің  сол  табиғатқа  сай  болуы  маңызды 
болмақ. Яғни көріністегі әрекеттер қалайда табиғатқа үйлесуі қажет және ол 
бірнеше  қырынан  сәйкестенуі  тиіс.  Бұл  фильм  түсіріліп  жатқан  мезгілдің 
дәуіріне,  жылына,  маусымына,  тәулік  мерзіміне,  ауа  райына  қатысты 
туындайды. Мысалы, ХVІІІ ғасырдың табиғат суреттеріне қазіргі көп қабатты 
ғимараттар үйлесе бермейді. Ал көк жасыл шүйгін шөптер көктем мезгіліне 
ғана тән т.б. 
3.  Пейзаж-эпитет.  Бұл  автордың  көзбен  көріп,  көңілмен  сезінген 
табиғат  суреттері.  Пейзаж-эпитет  кейіпкердің  психологиялық  жағдайын 
көрсетуге  арналады.  Егер  кадрдағы  табиғат  сұрғылт,  бозғылт  болса,  ол 
кейіпкердің  көңіл  толқынысының  сұрқай  бейнесі.  Мұндай  алабұртқан  көңіл 
жағдайында  табиғат  суреті  көріксіз,  ағаш  бұтақтары  қуаң,  айнала  жаңбыр, 
суық, аянышты сезіледі. 
 Пейзаж-эпитет  қаһарманның  көңіл-күйіне  сәйкес  немесе  қарама-қарсы 
болуы  да  мүмкін.  Мысалы,  сюжет  қаһарманы  қайғыға  шомып  отыр,  бірақ 
табиғат көріністері жайма шуақ, күн нұрына бөленіп тұр делік. Бұл адамның 
бірде көңілді, бірде жабырқаулы, бірде мәз-мейрам, бірде қайғылы жағдайда 
отырғандығын көрсетеді. Өйткені адам мәңгілік емес, ол уақытша құбылыс, 
ал  табиғат  –  мәңгілік,  ол  адамның  жағдайына  тәуелді  емес,  өз  заңымен,  өз 
эволюциясымен  дами  береді.  Адам  мен  табиғаттың  экранда  осылайша 
салыстыра  қойылуы  көрерменнің  көңіл-күйі  мен  сезіміне  күшті  әсер  ететін 
фактор болып табылады. 
4.  Пейзаж-бейне,  пейзаж-символ.  Бұл  кейіпкердің  көзімен  ұғындырған 
табиғат  суреті,  уақиға  болып  жатқан  сәттегі  қаһарман  көңіл-күйінің 
пластикалық  бейнелі  образы.  Өмірдің  әр  кезеңінде  кейіпкердің  жағдайын 
қоршаған орта әртүрлі қабылдайды, ол бірде бақытты, бірде бақытсыз, бірде 
көңілді, бірде қайғылы т.б.  
Кейіпкер  өмір  сүріп  жатқан  ауыл  көшесін  көз  алдымызға  елестетейік. 
Кейіпкер үйіне дейінгі көшенің қалтарыс-бұлтарысы бізге жақсы таныс, оны 
күнде  көріп,  көңілге  жаттап  алғанбыз.  Тіпті  сол  кейіпкермен  көрші  болып 
кеткендейміз... 
...  Міне,  қаһарманымыз  үйіне  жаралы  болып  келе  жатыр.  Бала  кезінен 
таныс көшемен жүріп келеді, үйлер де, айнала да теңселіп тұрғандай. 
...  Міне,  ол құлады, етпетінен  жерде  жатыр, көше  оған  мүлде  бейтаныс 
сияқты, үйлер де үлкейіп кеткен бе, қалай? Жылжуға дәрменсіз.  
...  Міне,  оны  көршілері  тауып  алды,  таныды,  үйіне  әкелді,  есін  жиды, 
өзіне  таныс  зембілде  жатыр.  Енді  ол  қабырғаны,  үйдің  шатырын  тани 
бастады, маңайын қоршаған адамдар да таныс бола бастаған сияқты... [2]. 
Осы жерде оператор адамның әртүрлі сезімдерін пейзажға үйлестіріп  
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

235 
 
беруі  тиіс,  сонда  ғана  көрермен  бұл  көріністерді  қаһарманның  сезімі  мен 
қимыл-әрекеті деп қабылдайды. 
Қаһарманның көңіл-күйі 
бір көріністен екінші көрініске алмасып
 
отырады.
 
Табиғат суреттері экранда бас қаһарманның елес-сезімін, тіпті көрген түсіне 
дейін көрсетуге мүмкіндік береді.  
Осындай  нақты  жағдайлар  мен  композиция  пейзажға  ғана  емес, 
портретке де, интерьер мен натюрмортқа да, фильмдегі барлық жанрларға да 
қажет.  
Кейіпкер  көзімен  бейнеленген  табиғат  суреті  операторға  ракурсты, 
ырғақты, камера қозғалысын, оптиканы, фильтрді шебер қолдануға мүмкіндік 
береді.  
«Қыз Жібек» фильміндегі Қарқаралының тамаша табиғат суреттері оны 
қоюшы режиссер Сұлтан Қожықовқа үлкен мүмкіндік берді. Оператор бірде 
қызғалдағы  жайқалған  дала  көріністерін, бірде  айдын шалқар көл  мен оның 
жағасыдағы  қайың-қарағайлы  ну  орманды  Қыз  Жібектің  сәнді  киімі  мен 
салтанатты көшіне үйлестіре әдемі көрсете алды. Яғни камера автор көзімен 
«жұмыс істеді».  
Пейзаж  лаконизмі.  Пейзаж  бірде  фон,  бірде  эпитет,  бірде  символ  өзегі 
болғанына  қарамастан,  көріністің  толыққанды  композициялық  элементін 
құрай  алады,  өйткені  ол  белгілі  бір  мөлшерде  бейненің  де  образын  ашады. 
Сондықтан да кадрдағы пейзаж көріністің жоғары ауанын бере білуі керек, ол 
жай  ғана  уақытша  көңіл  бөлетін  нәрсе  болмауы  тиіс.  Осыдан  барып 
пейзаждың  артық  көріністерден,  ойды  бөлетін  түрлі  элементтерден, 
композициялық жүктемелерден арылу талабы туындайды.  
Табиғатты  кадрға  алу  кезінде  бейнені  табиғи  жолмен  түсіруді  де 
ескеруіміз  керек:  ашық  күндегі  контраст  көбіне  қою  көлеңкелі  болады,  ал 
бұлтты  күнгі  күңгірт  ауа  жұмсақ  көлеңке  бере  алады;  тұнық  ауада  көркем 
бейне  түседі де,  найзағайлы  күні,  әсіресе,  күн жауғанда су  сәулесінде әдемі 
көріністер ойнақшып, пейзаж лаконизмі пайда болады.  
Ауылдағы және қаладағы пейзажды түсіру барысында кешкі және түнгі 
мезгілдерді  таңдап  алған  тиімді.  Үй  терезелерінің,  көше  және  автомобиль 
шамдарының  жарығымен  сәтті  түсірілімдер  жасауға  болады.  Бұл  түсірілім 
өте  аз  уақытты  талап  етеді.  Мәселен,  үй  терезесінен  түскен  жарық  30-40 
минутқа  ғана  созылады,  ал  көлік  шамдарынан  құйылған  сәуле  операторға 
көркем бояулы түсірілім жасауға көмек береді. 
Пейзажды  кез-келген  мезгілде  түсіруге  болады.  Әсіресе,  ауа  райының 
тосын жағдайлары табиғат тамашаларын түсіруге жағдай туғызады. Мысалы, 
жауын  көлеңкелі  көріністерді  күшейтеді.  Ылғалды  асфальтта,  сулы 
жапырақтарда, жалтыраған тастарда түсірілім сапасы артады.  
Кейде  операторлар  табиғаттың  осындай  «тосын  сыйын»  күтпей-ақ 
көркем  көрініс  тудыратын  қосымша  техникалық  мүмкіндіктерді  де 
пайдаланады.  Мысалы,  жасанды  найзағай  жасау  үшін  операторлар 
төмендегідей техникалық арсеналдарды қолданады: сұр фильтрдің көмегімен 
аспан белгілі бір көлемде бұлыңғырланады. Күшті желүрлегіштердің  
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

236 
 
көмегімен жел тұрғызылады. Арнайы жасанды су бүркетін құралдар арқылы 
жаңбыр  іске  асырылады.  Жарық  бергіш  құралдар  арқылы  найзағай  оттары 
жарқылдайды.  
Дегенмен, мұндай жасанды табиғат құбылыстарынан гөрі табиғаттың өзі 
сыйға  тартқан  табиғи  көріністер  оператор  үшін  пейзаж  жасаудың  тиімді 
құралы болмақ. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Тимашев Е. Пейзаж в кадре. – М., 2010. – С. 122. 
2.
 
Уэйд Дж. Техника пейзажной фотографии. –М.: Мир, 1989. – С. 85. 
 
РЕЗЮМЕ 
И фотография, и кино, и телевидение постоянно обращаются к пейзажу, используя его в 
видовых фильмах и передачах. Пейзаж – совершенно самостоятельный жанр изобразительного 
искусства.  ТВ  наследовало  этот  жанр  от  литературы,  живописи,  фотографии,  кино.  Данная 
статья излагает о сьемке пейзажа телеоператором, как самостоятельного жанра телевизионного 
искусства. 
(Сердали Б. Телесъемка пейзажа) 
 
SUMMARY 
And  photography,  cinema,  and  television  constantly  turning  to  the  landscape,  using  it  in  eye 
films  and  programs.  Landscape  -  completely  separate  genre  of  art.  TV  inherited  this  genre  of 
literature, painting, photography, film. This article sets out on a cameraman filming the landscape as 
an independent genre of television art. 
(Serdali B. Telephoto landscape) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

237 
 
                                         А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
ӨНЕРТАНУ 
 
ӘОЖ 741. 011 8 
А.СӘДІБЕК 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 
 
ТІГІН ӨНДІРІСІНДЕГІ КИІМ ФОРМАСЫ МЕН КОНСТРУКЦИЯСЫ  
 
     
Бұл  мақалада  киімді  өнеркәсіптік  жобалаудың,  тігін  өнеркәсібінде 
алатын  орны  жайында  айтылады.  Заман  талабы  −  халықты  сапалы  да 
сәнді және адам бітіміне қонымды киіммен қамтамасыз ету. Киімнің адам 
денесіне  қонымды  болуы,  дене  құрылымы,  морфологиялық  белгілеріне 
байланысты екені айтылады.
 
 
Кілт  сөздер:  долихоморфты  тип,  брохиморфты  тип,  мезоморфты  тип, 
функциялар, 
бүкпелер, 
қымтырмалар, 
конструкциясын, 
эскизбен, 
прогресіне,техника,антропометр. 
 
Тігін  өнеркәсібінің  алдына  қойған  мақсаттарының  орындалуы  киім 
дайындау  прогресіне  ғана  байланысты  емес,  сонымен  қатар  киімді 
өнеркәсіптік жобалау нәтижесіне байланысты болады. 
Жобалау (проекциялау) – бұл бұйымның жаңа үлгілерін жасау бойынша 
оған  қоса  зерттеу  техникасы  экономикалық  есептеулер  мен  дәлелдеме 
эскизбен  модельді  жасау,  бұйымның  және  оның  бөліктерінің  сызбасын 
есептеу  және  тұрғызу,  тәжірибе  үлгісін  дайындау  және  байқау 
жұмыстарының жинағы. 
Өндірістің  көп  жылдық  тәжірибесі  өнімнің  сапасын  жақсарту,  еңбек 
өнімділігін  көтеру,  материалдық  және  еңбек  шығындарын  азайту  жолдарын 
жобалау  кезінде  қарастыру  керек  екендігін  көрсетеді.  Өндірістің  келесі 
сатысындағы  жұмыстарының  табысты  болуы  модельге  және  оның 
конструкциясына байланысты болады [1]. 
Мынадай  көрсеткіштер  бұйымды  дайындауының  еңбек  қиындылығы, 
еңбек өнімділігі, бұйымның өзіндік құны және өңделу  құны, сонымен қатар 
пайдалылық сияқты маңызды экономикалық көрсеткіштер. Тігін бұйымдары 
өндірісінің 
тиімділігін 
жоғарылату 
үшін 
киімнің 
техникасының 
конструкциясын  өңдеудің  және  енгізудің  үлкен  маңыздылығы  бар. 
Техникалық  конструкция  бұйымға  кететін  матаның  шығынын  төмендетуін 
қарастырады. 
Тігін  өнеркәсібінің  алдына  қойған  мақсаттарының  шешілуі  киімді 
конструкциялау тәжірибесі мен ғылымына байланысты. 
Конструкциялау  −  киімді  жоблаудың  негізгі  бөлігі,  ол  принципиалдық 
және  творчестволық  этаптардың  қосындысынан  тұрады.Бұл  этаптарға 
конструкциялау  әдісін  таңдау,  техникалық  жобалаудағы  және  эскиздік 
көлемдегі    бұйымдардың   сызбасын   өңдеу,   қосымша    пішу   бөліктерінің  

238 
 
 
 
сызбасын өңдеу сонымен қатар жұмыстың құжаттары жатады. 
Киімді конструкциялау– іс жүзінде қолданылатын ғылым, ол жалпылама 
дайындау өндірісі үшін, киім конструкциясын тиімді жобалау сұрақтарымен 
шұғылданады [2]. 
Тігін  өнеркәсібіндегі  ғылыми–техникалық  прогрестің  дамуына  ғылыми-
техникалық  зерттеу  институттарының  жоғарғы  оқу  орындарындағы 
технология  және  киімді  конструкциялау  кафедраларының  атқаратын  ролі 
мол. 
Киім  адам  өміріндегі  бірінші  қажеттіліктің  бірі  болып  табылады.  Киім 
дегеніміз  оның  өзі  адам  денесін  мүшелеп  және  тұтастай  бүркеп  тұратын 
жабындылар жиынтығы. 
Пішу  бөліктерінің  алғашқы  киімді  дайындау  Европада  дамыды.  ХІІ 
ғасырдың  басында  көйлекте  үш  тігіс  пайда болды,  екі  бүйір  тігіс  және  орта 
тігістері. Жанынан тігілген тігістер киімге әдемі форма бермеді. Сол себептен 
киімдерді  бөліктерге  жіктеу  түрі  пайда  болды.  Киім  формаларын 
конструкциялау  ХІІІ-ХVІ  ғасырларда  дамыды.  Орта  ғасыр  дәуірінде  киімде 
адамның  дене  пішімінің  жеке  бөліктеріне  тура  келетін  формалардың  пішу 
бөліктері  (артқы,  алдыңғы  бой,  жең)  практикалық  жолмен  табылды. 
Бүкпелер,  қымтырмалар  жеңнің  қолтық  ойындылары  овалды  болып  келуі 
пайда  болды.  Жең  көп  уақыттар  бойы  жеке  зат  болып  есептеліп,  бұйымға 
баудың,  тесманың  көмегімен  біріктірілді.  Шалбардың  балағы  да   біріне бірі 
бірікпей, әр аяққа жеке киіліп, белге бау арқылы байланды.  
Орта  ғасыр  дәуірі  пішім  бөліктерінің  құрылу  уақыты  болып  табылады. 
ХІХ ғасырдың басында пішім сызбасының жасалуы басталды. ХVІІІ ғасырда 
киімде  қалта  пайда  болды.  Бұл  уақытқа  дейін  қалтаның  қызметін  белбеу 
атқарып келді. Оған сағат, айна, т.с.с. заттар байланатын. 
 Адам  қоғамының  ертедегі  даму  сатысында,  киім  негізінен  қорғаныш 
функцияларын  орындады.  Ал  көп  уақыттан  кейін  эспетикалық  функциялар 
пайда  болды.  Киімге  көптеген  талаптар  қойылды.  Олар  бірнеше 
функцияларды орындады. «Функция» - мақсаты, міндеті деген мағына береді. 
-    қорғаныш  функциясы  –  адам  организімін  қолайсыз  ықпал  жасайтын 
климаттық  ортадан,  механикалық  мертігуден  және    қолайсыз  ықпал 
жасайтын  өндірістік  ортадан  қорғауға  сәйкес  келеді  (суықтан,  желден, 
жаңбырдан, зақымданудан); 
-  физиолого-гигиеналық  функция  –  адам  және  киімнің  ыңғйлылығын 
(ішкиімнің  адамға  лайықтылық  деңгейін)  қимылсыз  күйді  және  қозғалысты 
анықтайды; 
- хабарламалы функция – адам және киім жайында хабарлайды; 
- эстетикалық функция – киімнің адам денесіне сәйкес келуін, бұйымның 
компазициясын,  сонымен  қатар  оны  дайындау  және  өңдеу  сапасының 
деңгейін көтеріп, жетілдіруін анықтайды.  
Тігін  өндірісінде  бұйымның  сызбасын  тұрғызу  үшін  адамның  дене 
құрылымын білуі қажет. 
Адамның  дене  құрылымын – анатомия  ғылымы  зерттейді.  Бұл  ғылым   
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

239 
 
 
адам денесінің формасы мен өзара байланысын, сонымен қатар денені өлшеу 
участігі мен антропометрлік нүктелерді анықтайды. 
Адам  денесі  мен  өлшемінің  формаларын  біріншіден  сүйек  қаңқасы 
анықтайды. Адамның сүйек қаңқасы бас сүйегінен омыртқа жотасынан кеуде 
клеткасынан,қол  және  аяқ  сүйектерінен  тұрады.  Ал,  омыртқа  жотасы  бес 
бөлімнен тұрады: 
-  мойын  – жеті омыртқадан; 
-  кеуде – он екі омыртқадан
-  бел – бес омыртқадан; 
-  сегізкөз – бес омыртқадан; 
-  құйымшақ – төрт-бес омыртқадан тұрады. 
Омыртқа  жотасының  неғұрлым  шығыңқы  тұратын  мойын  тұсы,  ең 
соңғысы былайша айтқанда жетінші омыртқа. Ол адам тұлғасының бір қатар 
өлшемін алуға қызмет етеді. Омыртқа жотасының иілген түрі бар. Кеуде мен 
құйымшақ  бөлімінің  омыртқасы  кері  бағытталған.  Мойын  мен  бел 
омыртқасы  ілгері  бағытталған  жіктері  болады.  Омыртқа  жіктері  адамның 
бүкіл өмірі бойына өзгеріп отырады [3].  
Жаңа туылған нәрестенің омыртқасы түзу. Баланың буыны бекіп, басын 
ұстай білген кезде мойын омыртқасы жетіледі. Ал, бала отырған кезде кеуде 
омыртқасы  жетіледі.Бала  жүре  бастағаннан  бел  омыртқасы  қалыптасады. 
Қартайған  кезде  кеуде  омыртқасы  қалыптасады.  Кеуде  клеткасы 
омыртқасының  кеуде  тұсынан  қос  он  екі  қабырғадан  және  төс  сүйектен 
тұрады. Кеуде клеткасы сүйектерінің барлығы қозғалып тұрады. Сондықтан, 
демалған  кезде  кеуде  клеткасының  түрі  мен  аумағын  адамның  жасы  мен 
жынысына  байланысты  болады.  Ерлерге  қарағанда  әйелдердің  кеуде 
клеткасы  жіңішке  және  қысқалау  келеді.  Төс  сүйектерінің  жоғарылау  және 
ортасында  шұғанақ  болады.  Оны  мойынтырық  деп  атайды.  Ол  дененің 
бірқатар  өлшемін  орындау  кезінде  бағдарлау  қызметін  атқарады.  Дененің 
қаңқасы жота, иық, белдеумен, қолдан тұрады. 
Әйелдердің  май  бөлетін  негізгі  жерлері  кеуде  бездері,  емшектері  мен 
белден  жоғары  бөлімі  болып  табылады.Жас  өскен  сайын  май  мөлшері 
әдептен  арта  түседі.  Семіз  адамның  дене  бітімі  елеулі  түрде  өзгереді.  Белі 
байқалмай кетеді, кеудесі мен қарны қампиып тұрады. Тері асты май қабаты 
дененің  қалыптасып,  оның  сыртқы  сымбатының  жарасымдылығына  үлкен 
әсер етеді. 
Адам  тұлғасының  сыртқы  формасы  негізгі  морфологиялық  белгілермен 
анықталады: 
-  тотальды  белгілер  –  күрделі  өлшем  белгілері(бойының  ұзындығы, 
көкірек шеңбері, салмағы) болып саналады
- дене пропорциясы; 
Дене пропорциясының үш типі бар: 
- долихоморфты тип – аяқ-қолы ұзын, кеудесі қысқа болып келеді
- брохиморфты тип – аяқ-қолы қысқа, ал кеудесі кең болып сипатталады
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

240 
 
 
-  мезоморфты  тип  –  орташа  шаманы  сақтап,  долихоморфты  мен 
брохиморфты типтерінің ортасында. 
Дене бітімі немесе дене құрылысына қарай  ерлерді үш типке бөлеміз: 
-  көкіректі  тип  –  жазық  көкірек  клеткалы,еңкіш  жауырынды,бұлшық 
еттерінен  тері  астындағы  майы  нашар  жетілген,іші  кіріңкі  болып 
сипатталады; 
-  бұлшық  етті  тип  –  бұлшық  еті  күшті  және  орташа  жетілген,  көкірек 
клеткасы  цилиндрге  ұқсас,  мойны  орташа,  жауырыны  тік  және  дөңестеу 
болады; 
-  қарынды  тип  –  көкірек  клеткасы  конусқа  ұқсас,  майы  көп,  әсіресе 
қарын  бөлігінде,  бұлшық  еті  бос,  қарны  дөңгелек  формалы,  жауырыны  тік 
және еңкіш. 
Тігін  өндірісінде  бұйымның  сызбасын  тұрғызу  үшін  адамның  дене 
өлшемдері  қажет,дене  өлшемін  алу  үшін  антропометрлік  нүктелерді 
анықтап,сонымен  қатар  адамның  дене  құрылымының  морфологиялық 
белгілерін  жетік  меңгеруіміз  қажет.Біз  сонда  ғана  адам  денесіне  қонымды 
киім дайындай аламыз. 
        
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
 Саламатова  С.М.  Конструирование  одежды.  −М.:  Легкая  и  пищевая 
промышленность, 1984. − 272 с.  
2.
 
 Шершнева Л.П. Конструирование женской одежды на типовые и нетиповые 
фигуры. − М.: Легкая индустрия, 1980. −224 с. 
3.
 
 Матузова  Е.М.,  Соколова  Р.И.,  Гончарук  Н.С.  Разработка  конструкций 
женских  швейных  иделий  по  моделям.  −М.:  Легкая  и  пищевая  промышленность, 
1983. −216 с. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  характеристики  внешней  формы  тела  человека.  Основные 
элементы анатомии и  морфологии человека.  
(Садибек А. Формы и конструкции одежды швейного производства) 
 
SUMMARY 
The article discusses characteristics of the external form of the human body. The main elements 
of anatomy and morphology of the person. 
(Sadibek A. Form and Design Clothes of Sewing Production) 
 
 


1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал