Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.24 Kb.

бет25/28
Дата09.01.2017
өлшемі6.24 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

РЕЗЮМЕ 
В статье рассматривается мир мудрости тюркских народов ХХІ в. 
(Мамбетов К.  ХХІ век: Мир мудрости тюркских народов) 
SUMMARY 
The article deals with the world of the wisdom of the Turkic peoples in the ХХІ century. 
(Mambetov K. XXI Century: World Wisdom Turkic peoples) 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

212 
 
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
                                                                                                                        СОЦИОЛОГИЯ 
 
ӘОЖ 400.19 
Б.АБИЕВ  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
СОЦИОЛИНГВИСТИКАНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ 
 
Қазіргі  уақытта  тіл  тек  қоғамда  ғана  байланыс  құралы  ретінде 
басталып,  дамитынына  ешким  күмәнданбайды.  Демек,  тіл  -  әлеуметтік 
құбылыс.  Қоғам  және  ондағы  болып  жатқан  әлеуметтік,  экономикалық 
және  мәдениеттік  өзгерістер  тілдің  әртүрлі  деңгейіне  әсер  етпеуі  мүмкін 
емес.  Кез-келген  тілдің  әдеби  өңделген  нұсқасы,  оны  қолданудағы 
тұрақтылық  нормасы  тұрмыстық  тілдесу  ортасына  айтарлықтай  әсер 
етеді,  осы  тілдің  таратушыларының  мәдени  деңгейінің  жоғарылауына, 
диалектикалық  айырмашылықтың  ақырындап  өшірілу  мүмкіндігіне  әкеп 
соғады.  Тіл  мен  қоғамның  өзара  қарым-қатынасының  мәселесі  әртүрлі 
елдердің  лингвистерін  және  лингвистикалық  бағыттардың  назарын 
аударып,  қызығушылығын  туғызады.  Осыған  байланысты  бұл  мақалада 
социолингвистика  тарапынан  зерттелетін  негізгі  мәселелер,  оның 
құрылымы, талдаулар, саралау мәселелері қамтылады. 
 
Кілт  сөздер:  социолингвистика,  фонология,  морфология,  синтаксис, 
лексика, семантика, стратификация, билингвизм. 
 
Социолингвистика 
(әлеуметтік 
лингвистика) 
– 
тіл 
білімінің, 
әлеуметтанудың,  әлеуметтік  психология  мен  этнографияның  түйіскен 
жерінде  дамитын  және  тілдің  әлеуметтік  табиғатымен,  оның  қоғамдық 
функцияларымен,  әлеуметтік  факторлардың  тілге  ықпал  ету  механизмімен 
және  тілдің  қоғам  өмірінде  алатын  орнымен  байланысты  мәселелердің 
ауқымды кешенін зерттейтін ғылым. Бұл мәселелердің кейбірі (мысалы, «тіл 
және  қоғам»)  жалпы  тіл  білімі  аясында  да  қарастырылады.  Әлеуметтік 
лингвистиканың  пәнаралық  мәртебесі  оның  қолданатын  ұғымдық 
аппаратында  көрініс  табады.  Осылайша,  социолингвистикалық  талдаудың 
бастапқы ұғымы ретінде қарастырылатын тілдік ұжым әлеуметтік, сондай-ақ 
тілдік белгілер негізінде де нақтыланады (әлеуметтік өзара әрекет пен тілдік 
белгілер  бірлігінің  болуы).  Социолингвистикалық  зерттеудің  негізгі 
операциялық 
бірліктері 
– 
социолингвистикалық 
ауыспалы 
– 
қатыстылығымен,  бір  жағынан  –  тілдік  құрылымның  белгілі  деңгейімен 
(фонологиялық,  морфологиялық,  синтаксистік,  лексикалық-семантикалық), 
екінші  жағынан,  әлеуметтік  құрылымның  және  әлеуметтік  жағдайлардың 
құбылуымен ерекшеленеді [1].    
Социолингвистика  тарапынан  зерттелетін  негізгі  мәселелердің  бірі  - 
оның құрылымының барлық деңгейлерінде тілді әлеуметтік саралау мәселесі, 

213 
 
оның ішінде көп аспектілі (салалы) және сипатқа  ие  тілдік  және әлеуметтік  
құрылымдар  арасындағы  өзара  байланыстар  өзгешелігі  болып  табылады.    Тілді 
әлеуметтік  саралау  құрылымы  көп  өлшемді  және  әлеуметтік  құрылымның 
әркелкілігімен  қамтамасыз  етілген  стратификациялық  сараптауды  да,  сонымен 
қатар  әлеуметтік  жағдайлардың  саналуандылығымен  ескерілген  ситуациялық 
сараптауды да қамтиды [3].  
Бұл  мәселемен  /«тіл  және  ұлт»/  мәселесі  тығыз  байланысты, 
социолингвистика  оны  зерттей  отырып,  кеңестік  тіл  білімінде  ұлттардың 
қалыптасуымен  ерекшеленетін  экономикалық  және  саяси  шоғырлану 
жағдайларында  туындайтын  әлеуметтік-тарихи  категория  ретінде  түсіндірілетін 
ұлттық тілдің категориясына сүйенеді.   
Белгілі  этникалық  қоғамда  немесе  әкімшілік-территориялық  бірлестікте 
қатынас  континиумын  қамтамасыз  ететін  (аймақтық,  территориялық  және 
әлеуметтік  диалектілер,  койне,  тілдер)  тілдің  өмір  сүру  формаларының 
жиынтығы  ретінде  анықталатын  тілдік  жағдай  ұғымы  социолингвистиканың 
негізгі  ұғымдарының  бірі  болып  табылады.  Тілдік  жағдайдың  2  тобы 
ерекшеленеді: 
экзоглосты  -  әр 
түрлі  тілдер  жиынтығы  және  э
ндоглосты  -  бір 
тілден тарайтын жүйелердің жиынтығы. 
Экзоглосты 
және 
эндоглосты жағдайлар 
егер  олардың  компоненттері  функционалды  түрде  тең  мағыналы  болса, 
теңдестірілген деп, егер олардың компоненттері қатынастың түрлі салалары мен 
әлеуметтік топтар бойынша бөлінсе, теңгерімсіз деп ерекшеленеді [3].  
Заманауи социолингвистикада тіл мен мәдениеттің байланысына және өзара 
әрекетіне айрықша көңіл бөлінеді. Тілдің және мәдениеттің басқа компоненттері 
арасындағы  байланыстар  екі  жақты  сипатқа  ие.  Түрлі  мәдениеттердің  қарым-
қатынас үдерістері лексикалық кірме сөздерде көрініс табады.  
Билингвизм  (
қостілділік
)  мен 
диглоссияның
  (
бір
  тілдің  жүйелерінің  бір-
біріне  түрлі  әлеуметтік  түрде  қайшы  қойылған  өзара  әрекеттер)  әлеуметтік 
аспектілерінің  мәселесі  ең  маңызды
  социолингвистикалық  мәселелердің  бірі 
болып  саналады.  Билингвизм  жағдайларында  екі  тіл  бір-бірімен  осы  тілдерді 
әлеуметтік жағдайға және коммуникативті актінің басқа да параметрлеріне қарай 
әр қилы коммуникативтік салаларда пайдаланатын бір ұжым аясында қатар өмір 
сүреді.
  Диглоссия  жағдайларында  бір  тілдің  (әдеби  тіл,  койне,  диалект)  өмір 
сүруінің түрлі формалары арасында ұқсас қатынастар байқалады.
 (литературным 
языком,  койне,  диалектами).  Социолингвистика  сонымен  қатар  тілді 
коммуникативтік мақсатта, және де тілдік тәртіп әлеуметтік дұрыс сөз саптауын 
құруға  оңтайлы  нұсқауды  таңдау  үдерісі  ретінде  пайдалануды  үйретеді.  Осы 
ретте  әлеуметтік  маңызды  нұсқаларды  іріктеу  механизмінің  өзі  айқындалады, 
таңдау  негізін  қамтитын  критерийлер  белгіленеді.    Тілдік  тәртіпті  анықтайтын 
әлеуметтік  нормалардың  айқындалуы  талдаудың  ақырғы  мақсаты  болып 
табылады.  
Социолингвистика  мәселелерінің  арасында  тілдің  саясат  мәселесі  –  тілдік 
нормалардың жаңасын енгізу немесе ескісін сақтау үшін, тілдерді немесе тілдік 
жүйелерді  іс  жүзіндегі  функционалды  бөлінісін  өзгерту  немесе  сақтау  үшін 
мемлекеттің,  партияның,  таптың,  қоғамдық  топтың  қолға  алатын  шараларының 
жиынтығы ерекше орынды иеленеді.  
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

214 
 
Социолингвистика 
әдістері 
лингвистикалық 
және 
әлеуметтік 
процедуралардың   синтезі   болып     саналады.    Олар     тілдік    материалды
  
социолингвистикалық  талдау  әдістері  және  далалық  зерттеу  әдістері  болып 
бөлінеді.  Далалық  зерттеу  әдістері  сауалнаманы,  сұхбаттасуды,  тікелей 
бақылауды  қамтиды  [4].  Сырттай  ішінара  сауалнамада  пайдаланылатын 
сұраушылар әлеуметтік сауалнамалардан сипатымен, сұрақтар санымен, сонымен 
бірге оның міндетімен анықталатын сауалнама стратегиясы – ақпарат берушінің 
пікірі  жайлы  мәлімет  алуымен  айтарлықтай  ерекшеленеді.  Бағдарлама  жасауға 
және  сұхбат  техникасын  дайындауға  аса  көңіл  бөлінеді.  Ақпарат  берушінің 
пікіріне ситуациялық параметрлердің ықпалы туралы нақты мәліметтер алу үшін 
не табиғи-еркін пікірді, не лайықты үлгіге саналы бейімделуге жағдай жасай келе 
тілдік жағдайды мұқият бақылайды. Ақпарат берушінің сөйлеу қызметін бақылау 
былайша, яғни бақылаушының олардың сөйлеу тәртібіне ықпалын жоққа шығару 
немесе ең төменгі деңгейге жеткізуден тұрады. Кейде бақылау мүмкіндігі қосулы 
кезінде  жүргізіледі,  яғни  бақылаушы  сұхбат  жүргізушінің  рөлінде  емес, 
коммуникативтік актіге қатысушылардың бірі ретінде атсалысады.  
Далалық  зерттеу  мәліметтерін  дайындау  үшін  өзара  байланыстылықты 
талдаудың  түрлері  пайдаланылады.  Социолингвистикаға  өзара  байланыстылық 
тән, онда тәуелсіз ауыспалылар ретінде - қандай-да бір әлеуметтік параметрлер,  
стратификациялық  немесе  ситуациялық,  ал  тәуелді  ауыспалылар  ретінде  тілдік 
құбылыстар  көрініс  табады.  Өзара  байланыстылық  арасында  толық,  сондай-ақ 
толық емес функционалды тәуелділік байқалады. Тәуелділіктер әрбір әлеуметтік 
көзқарас  бойынша  жеке  суреттеледі  және  мазмұнды  (социолингвистикалық) 
жағынан  түсіндіріледі.  Бұл  үшін  кестелік  мәліметтер,  тәуелділік  кестелері, 
математикалық-статистикалық әдістер пайдаланылады.  
Сөйлеу  қызметін  статистикалық  талдау  негізін  қамтитын  ықтималдық 
моделімен туғызушы модельдің элементтерін біріктіретін аталмыш вариациялық 
ережелердің  көмегімен  тілдің  әлеуметтік  тұрғыдан  қамтамасыз  етілген 
варианттылығын модельдеудің кейбір әдістері кең етек жайды. Тілдік континиум 
жағдайларында  әлеуметтік  детерминдендірілген  вариативтілігін  талдау  үшін 
тілдік  вариациялардың  әлеуметтік  баспалдағын  орнатуға  және  олардың 
синхронды талдауын диахронды талдауымен байланыстыруға мүмкіндік беретін 
импликациялық  толқынды  модель  пайдаланылады.  Бұл  үлгінің  негізін  кеңістік 
және  әлеуметтік  өлшемдерде  тілдік  инновациялардың  толқын  тәрізді  таралуы 
туралы гипотеза қамтиды [5].  
Сондай-ақ  әлеуметтік  тұрғыдан  қамтамасыз  етілген  тілдік  тәртіптің  түрлі 
модельдері,  атап  айтқанда  тілдік  тәртіп  социолингвистикалық  ауыспалыларды 
таңдау  стратегиясы  түрінде  берілген  модельдер  бар.  Таңдауды  шектейтін 
әлеуметтік  факторлар  таңдау  үдерісінің  шешілу  мүмкіншіліктерін  анықтауға 
себепші  болатын  жүйелі  бинарлық  (екі  компоненттен  тұратын)  селекторлар 
түрінде модельденеді.  
КСРО-да  социолингвистикалық  зерттеу  негіздері  ХХ  ғ.  20-30  жж.  тілді 
қоғамдық қатынастар анализінің қоғамдық құбылысы және тарихи-материалистік 
ұстанымдары  ретінде  оны  марксистік  тұрғыдан  түсіну  негізінде  қоғамдық 
құбылыс сияқты зерттеген кеңестік ғалымдар Л.П. Якубинскийдің, В.В.  
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

215 
 
Виноградовтың,  Б.А.  Лариннің,  В.М.  Жирмунскийдің,  Р.О.  Шордың,  М.В. 
Сергиевскийдің,   Е.Д. Поливановтың    еңбектерімен    қаланды.   Сондай-ақ   тіл  
дамуында әлеуметтік факторлардың рөлін айқындауда айтарлықтай үлес қосқан 
француздық  тіл  білімінде  әлеуметтік  бағыт  өкілдерінің  (А.Мейе)  еңбектері; 
тілдік  және  әлеуметтік-мәдени  жүйелердің  байланысы  туралы  Ф.Боас  пен 
Э.Сепирдің  идеяларын  дамытқан  американдық  этнолингвистердің  еңбектері; 
тілдің  әлеуметтік  үдерістермен  және  әдеби  тілдің  әлеуметтік  рөлін  көрсеткен 
прагалық  лингвистикалық  мектеп  өкілдері  В.  Матезиус,  Б.  Гавранек,  Й.  Вахек, 
т.б.  еңбектері;  тілге  деген  әлеуметтік-тарихи  әдістің  және  диалектологияға 
әлеуметтік аспектіні қосу қажеттілігін айқындаған неміс ғалымдарының, әсіресе 
Т.Фрингстің зерттеулері және оның ашқан лейпциг мектебі; тілдік жағдай және 
жапон  мектебі  тіл  мәдениетінің  саласындағы  өзіндік  жұмыстар  заманауи 
социолингвистиканың қатарын толықтырды.  
60-70 жж. тілдің әлеуметтік мәселелеріне деген қызығушылық бір жағынан - 
тілдік  саясаттың  мәселелері  мен  социолигвистиканың  басқа  да  практикалық 
аспектілері  күннен-күнге  өзекті  болып  жатқан  заманауи  қоғамның 
қажеттіліктеріне  және  екінші  жақтан  құрылымдық  лингвистиканың  сыналуына, 
тілге  деген  имманенттік  әдістің  шектелуін  жеңе  білу  және  тіл  табиғатына 
қоғамдық құбылыс ретінде тереңірек ену талпынысына байланысты күшейді.  
Түрлі  елдердің  ғалымдары  дайындайтын  социолингвистикалық  бағыттар 
әрқилы 
әдістемелік 
бағыт-бағдармен 
ерекшеленеді. 
Шетелдік 
социолингвистиканың  кейбір  бағыттары  (мысалы,  АҚШ-та)  тілдік  тәртіптің 
бихевиористік 
моделіне, 
әлеуметтік 
өзара 
әрекеттің 
символдық-
интеракционистік  теориясына,  феноменологиялық  әлеуметтануға  бағдарланады. 
КСРО-да  және  басқа  да  кейбір  елдерде  дайындалатын  социолингвистика  ең 
алдымен  тарихи  материализмге  және  марксистік  әлеуметтанудың  жеке 
теорияларына – қоғамның әлеуметтік құрылым теориясына, әлеуметтік жүйелер 
теориясына, тұлға әлеуметтануына т.б. сүйенеді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
 Принципы и методы социолингвистических исследований. –М., 1989. 
2.
 
 Новое в лингвистике. –Вып. 7. Социолингвистика. –М., 1975.  
3.
 
 Социально-лингвистические исследования. –М., 1976. 
4.
 
 Швейцер А.Д. Современная социолингвистика. Теория, проблемы, методы. –
М., 1977.  
5.
 
 Дешериев Ю.Д. Социальная лингвистика. К основам общей теории. –М., 
1977.  
 
РЕЗЮМЕ 
В этой статье рассматриваются некоторые проблемы об исследовании основных отраслей 
социолингвистики.   
(Абиев Б. О некоторых проблемах социолингвистики) 
 
SUMMARY 
This article discusses some of the problems of research the main branches of sociolinguistics. 
(Abiev B. Some Problems of Sociolinguistics) 
                                      
 
 А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

216 
 
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
                                                                                                                  ЖУРНАЛИСТИКА 
 
ӘОЖ 070. 195 
Б.СЕРДӘЛІ 
филология ғылымдарының кандидаты 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
ИНТЕРЬЕР ТЕЛЕТҮСІРІЛІМІ 
 
Телеинтерьер  деректі  оқиғада  болған  әрекеттің  орнын  сипаттайды 
және  оны  сол  қалпында  тіркейді,  мұны  біз  «хаттамалық  түсірілім»  деп 
айтамыз.  Мәселен,  ауыр  атлетикадан  Олимпиада  жеңімпазының  мерей 
тұғырында 
тұруы 
– 
хаттамалық 
түсірілім.Ойын 
сипатындағы 
түсірілімдер  мен  көрсетілімдерде  фон  болатын  табиғи  интерьерлер 
әрекеттің уақыты мен дәуірін сипаттайды, ол композициясы мен жағдайы 
жағынан  драматургиялық  шиеленістерді  бейнелейді.  Мақалада  деректі 
интерьер композициясы сөз болады. 
 
Кілт  сөздер:  интерьер,  декорация,  павильон, жарық,  кеңістік,  оператор, 
камера,  оптика,  қозғалыс,  сюжет,  көрініс,  бейне,  гамма,  фотокеңістік, 
композиция. 
 
Қазір  көптеген  телефильмдер  мен  деректі  көрсетілімдерде  табиғи  интерьер 
түсіріледі.  Бұл  қаржылық  жағынан  өте  тиімді.  Біріншіден,  мұнда  қымбат 
декорациялар  мен  құрылғылар  жасаудың  қажеті  жоқ,  екіншіден,  павильон 
алаңын жалдап әуре болмайсың.  
Бірақ  табиғи  интерьерде  жасалатын  түсірілімнің  де  өзіне  тән  түрлі 
қиындықтары болады.  
Шартты түрде біз интерьерді үш түрге бөлеміз: жабық интерьер, жартылай 
ашық интерьер және ашық интерьер.  
Жабық  интерьерде  бөлмеде  терезе  болмайды,  табиғи  жарық  –  күн  нұры 
түспейді.  Бұған  холлдар,  кинозалдар,  метроның  жер  асты  стансалары,  ішкі 
баспалдақтар енеді.  
Мұндай  интерьерге  жарық  құралдарын  молынан  түсіруге  тура  келеді: 
шамдарды, жасанды жарықтарды, шамдалдарды пайдаланамыз. Қажет жағдайда 
қосымша жарық құралдары да кәдеге асады.  
Жартылай  ашық  интерьерге  пәтерлер,  мектеп  сыныптары,  дүкендер, 
кеңселер, яғни терезеден жарық түсетін ғимараттар енеді. Терезеден қаншалықты 
мол  жарық  түскенімен,  бәрібір  операторға  қосымша  жарық  құралдарын 
пайдалануға  тура  келеді.  Сондықтан  ол  аралас  жарықтарды  қолданады:  бұған 
терезеден  түсетін  күндізгі  жарық  мөлшерін  беретін  5500К  және  түрлі-түсті 
жарық  беретін  3200К  жарықтандырғыш  құрылғылары  кәдеге  асады  [1].  Қалай 
дегенде  де,  мұндай  артық-ауыс  әрекеттер  оператор  жұмысын  белгілі  дәрежеде 
қиындатады.  
Ашық интерьер
  терраса  типтес  екі  немесе  бір  қабырғасы  еденнен
  жоғары 
қарай   түгелдей   әйнекпен    көмкерілген    ғимараттарда    кезігеді.   Мұндай  

217 
 
 
ғимараттарда  тәулік  бойы  табиғи  жарық  үзілмейді,  олардың  жарықпен 
қамтылуы 5500К қуатпен қамтамасыз етіледі.  
Оператор  түсіру  орнын  зерттеп  көріп,  интерьер  ішінде  күннің  ауысуы 
тәуліктің қай кезіңіне қолайлы болатынын біліп, көркемдік дәрежесі жоғары 
түсірілім жасау үшін тиімді кезеңді пайдаланады. 
Күнге  қарсы  тұрған  қабырға  екі  терезе  ортасындағы  аралық  қабырғаға 
қарағанда  күн  сәулесімен  мол  қамтылады,  сондықтан  аралық  қабырға 
қосымша  жарықпен  қамтамасыз  етіледі.  Бұл  үшін  жарықтандырғыш 
құрылғылар қолданылады. 
Интерьердің  көркемдігіне  қол  жеткізу  үшін  кадрдың  композициясын 
сақтау  керек:  объективтің  фокустық  арақашықтығы,  ракурс,  жарық  және 
көлеңкелі  гаммалар  жан-жақты  айқындаып,  сонан  соң  ғана  түсірілім 
жасалады. 
Бірақ  кез  келген  нысанның  жарықтық,  түстік,  ашықтық,  гаммалық 
сипаты  матрицаның  «фотокеңістігінде»  үйлесім  таба  бермейді.  Міндетті 
түрде  терезеден  түскен жарықтың сәулелерін,  жұмсақ көлеңкелерді  қолдана 
білу  керек.  Ол  үшін  сәулеттік  кеңістікке  жан  бітіруге  тура  келеді:  құрғақ, 
жансыз  бейнелерден  аулақ  болған  дұрыс.  Одан  әрі  интерьерге 
шығармашылықпен, яғни пейзаждың бағасын беретіндей позициядан қараған 
жөн [2]. 
Шынайы  және  үстірт  интерьер.  Бұл  белгілі  бір  фактінің  бейнемен 
рәсімделуі.  Мысалы,  экрандағы  қозғалмайтын  «суық»  бейненің  астында 
төмендегідей  анологиялық  мәтін  тұрады:  «Бұл  үйде  пәлен  жылдардың 
аралығында  жазушы  Сәбит  Мұқанов  тұрды  және  жұмыс  істеді».  Әлгіндей 
бейне  әдебиет  оқырмандары  үшін  қызықты  болуы  мүмкін,  бірақ  оператор 
үшін көркемдігі жағынан тартымды емес.  
Тележарнамадағы  дүкен  ғимараттарының  ішінен  шынайы  түсірілген 
кадрларды көп көреміз. Бірақ оның көрермен үшін тек ақпараттық қана мәні 
бар. 
Интерьер  –  фон  ретінде.  Мұндай  интерьерде  әлдебір  оқиға  болады: 
мүмкін сенсациялық сюжет немесе әлдебір мәні бар штрих болуы мүмкін.  
Интерьер деректі оқиғада болған әрекеттің орнын сипаттайды және оны 
сол  қалпында  тіркейді,  оны  «хаттамалық  түсірілім»  деп  айтамыз.  Мәселен, 
ауыр атлетикадан Олимпиада жеңімпазының мерей тұғырында тұруы. 
Ойын  сипатындағы  түсірілімдер  мен  көрсетілімдерде  фон  болатын 
табиғи  интерьерлер  әрекеттің  уақыты  мен  дәуірін  сипаттайды,  ол 
композициясы  мен  жағдайы  жағынан  драматургиялық  шиеленістерді  ғана 
көрсетеді.  
Интерьер-эпитет.  Бұл  сценарий  драматургиясында  көрініс  тапқан 
түсірілімнің  суреттік-бейнелік  шешімдері  туралы  автордың  көзқарасы. 
Мұндай  интерьер  көрерменге  эмоциональды  ықпал  жасау  үшін  түсіріледі, 
драматургияның  бейнелілігін  толықтыруды  қамтамасыз  етеді,  кейіпкердің 
психологиялық жағдайын реттейді. 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

218 
 
 
Егер  жалқынданып  тұрған  от  алауымен  жарық  беріліп  тұрған  интерьер 
терең  күңгірт  көлеңкемен  көмкеріліп,  қалыпсыз  композиция  ретінде 
қабылданып  тұрса,  ал  жарыққа  шомылған  бөлме  мерекелік  қуанышты 
сездіріп,  терезеге  тұтылған  ашық  перделерге  дейін  жарқын  көңіл  шаттығын 
тудырады.  
Сонымен  бірге  кейіпкердің  қайғысы  мен  қуанышын  қатар  қою  арқылы 
интерьердің  үйлесімін  жасай  аламыз.  Қуанышты,  бақыты  шалқыған  көңіл-
күймен былғаныш, лас, көңілсіз, сұрқай ғимаратқа тап болған кейіпкерді көз 
алдыңызға елестетіңіз. 
Интерьер-образ, интерьер-символБұл жерде оператор интерьерге деген 
өз көзқарасын автордың пікірімен санасу арқылы, ал интерьерге деген сезімін 
қаһарман  арқылы  білдіреді.  Қаһарманның  автордан  айырмашылығы  –    ол 
әртүрлі психологиялық жағдайда болуы мүмкін.  
Қаһарманның көзімен біз біркелкі интерьерді әртүрлі жағдайда көреміз. 
Ал басқа кейіпкерлер бұл интерьерді басқаша қабылдауы мүмкін. 
Бұдан  өзге  көріністе  жағдайға  байланысты  қаһарман  тұруы,  жүгіруі, 
отыруы,  жатуы  мүмкін,  осыған  сәйкес  түсірілімнің  ракурсы  да  өзгеріп 
отырады. 
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Біздерде мынандай бар, мынандай бар» 
деп  аталатын  өлеңінде  бай  өз  қонағына  байлық  қазыналарын  мақтанышпен 
көрсете  бастайды.  Осы  көріністі  режиссер  мен  оператор  камераға  алса, 
төмендегідей  көрсетілім  тәсілдерін  қолданған  болар  еді.  Кейіпкер  бөлменің 
ортасында  жүріп  келе  жатыр,  онымен  қабаттаса  камера  да  ілесе  жылжып 
отырады.  Камера  кейіпкердің  алдынан  да,  артынан  да,  қапталынан  да 
қойылуы мүмкін, бірақ мұны кейіпкер сезбейді. 
Енді  түнде  осы  байдың үйіне  ұры  түсті  делік.  Қазынаны  алу  үшін  келе 
жатқан ұрының аса сақ, бірақ асығыс-үсігіс қозғалысы камераның қозғалысы 
арқылы  беріледі.  Сыбдырды  есітіп  үйдің  иесі  шығады,  ұрыны  көреді,  осы 
сәтте  басынан  тиген  соққыдан  құлап  түседі.  Қанға  бөккен  байды  ұры  кілем 
үстінде  сүйрелеп  жүр.  Енді  үй  иесі  байлық  пен  қазына  туралы  мүлдем 
ұмытады, тек жанының амандығын қамдайды. 
Бұл  кадрда  төменгі  ракуспен  қозғалған  камераны,  оптикалық 
түсірілімдегі кейіпкердің бұлыңғыр бейнесін көреміз. 
«Жанданған»  интерьер.  Өткен  ғасырлардағы  көне  көріністерді 
актерлерді  тарту  арқылы  немесе  олардың  қатысуынсыз  қайта  түсіруге 
болады. Мысал үшін Түркістан қаласындағы «Ахмет Ясауи кесенесі» деректі 
фильмін алайық.  
1.  Ахмет  Ясауи  кесенесінің  ішкі  көріністерін  түсіру  үшін  камера  баяу 
жылжиды, кесененің  қабырғаларындағы  ою-өрнектерді  жарық құрылғылары 
арқылы  бейнелейміз.  Мұнда  қысқа  фокусты  оптика,  оның  ішінде  көру 
бұрышы өте кең оптикалар қолданылады. Кесене өзінің өте үлкен масштабы 
арқылы жақсы көрініс береді, камераның қозғалысы экспрессивті қозғалады. 
Үлкен  ауқымдағы  обьективтің  алдында,  кіреберісте  сәлдемен  түскен  дін 
адамдары,  молда-ишандар  көрінеді. Бұл  кадрлар  арқылы  біз  кесенені  діни  
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

219 
 
 
адамдардың көзімен көреміз. 
2.  Қолына  жалынды  алау  ұстаған  айбалталары  бар  қырық  жауынгер 
патша  тағы  орналасқан  үлкен  залда  жүгіріп  жүр.  Олар  хандарының  тірі 
екеніне  көз  жеткізбек.  Бұлармен  бірге  жылжып  жүрген  оператордың 
қолындағы  камера  интерьерді  қозғалыста  жүрген  жауынгерлердің  көзімен 
көрсетеді.  
3. Хан барлық билер мен батырлардың алдында арлы-берлі сенделіп жүр. 
Шағын шамсалғыштағы үш шырағдан қозғалып жүрген камераның алдынан 
түседі, ол тура ханның көз алдында тұрғандай әсер етеді.  
Әрине,  мұнда  камера  қозғалысының  жобасы  жарық  түсіргіш 
құрылғымен  алдын  ала  әбден  дайындалған,  интерьерге  мизансцена 
жағдайына байланысты сәуле бөлінген.  
Интерьер – туынды тірегі. 1. Көрнекті суретшілердің өміріне арналған 
фильмдер  мен  көрсетілімдер  аз  түсірілмейді.  Оператордың  міндеті  – 
сәулеттік  ескерткіштердің  кескіні  мен  келбетін  сол  күйі  сақтау,  оны  бояуға 
сай келмейтін жарық арқылы немесе қате композиция арқылы бұзып алмау. 
2.  Кейде  интерьер  туынды  кейіпкерінің  шын  мәніндегі  көмекшісі  бола 
алады,  өзінің  алдына  қойған  идеясын  іске  асырып,  көпшіліктің  назарын 
аударуға қауқары жетеді.  
Бос  үйде  «сөйлейтін»  сағат  үй  иесін  оятты  делік:  «Тик-так,  сағат  жеті 
болды, орныңыздан тұрыңыз!» Бірақ ешкім келмейді.  
Ас бөлмесінде төрт адамға таңғы ас даярланған  – екеуі балаларға, екеуі 
ерексектерге.  Төбеден  дауыс  естіліп жатыр:  «Бүгін  Ермектің  туған  күні,  газ 
бен жарықты төлейтін мезгіл жетті».  
Сегізден  отыз  минөт  өткенде  стол  үстінде  жұмыртқа  шашылып  жатты, 
оны  күтуші-роботтар  столдан  жинап  алып,  қоқыс  жәшігіне  тастайды.  Үйде 
тіршілік жалғасып жатыр. Роботтар белсенді, қоқысты жинайды, пеш жағады
түскі  ас  даярлайды.  Даярланған  түскі  ас  желінбеген  күйі  қайтадан  қоқыс 
жәшігіне  лақтырылып  жатыр.  Бақта  себелегіштер  гүлзарлар  мен  бұталарды 
суғару  үшін  бұрқақ жасауда.  Сол  сәтте  біз  үйдің бір  қабырғасының  өртеніп 
жатқанын  көреміз,  оның  ішінде  өмірінің  соңғы  сәттерін  күтіп  тұрған  екі 
адамның сұлбасын байқаймыз.  
Міне, үй күл үйіндісіне айналды, айнала түтінге оранып тұр, бүкіл қалада 
жалғыз сол үй назар аудартады.  
Сағат  бесте  балалар  бөлмесінің  қабырғасына  жарық  түсіп,  бөбектер 
хабары берілетін уақыт басталды. 
Сағат жеті, сегіз, тоғыз... Кабинетте, шатыр жақтан дауыс естіледі: 
«Мырза,  ұйықтар  алдында  қандай  әнді  естігіңіз  келеді».  Жауап  жоқ. 
«Онда  сіздің  сүйікті  өлеңдеріңізді  оқып  берейін».  Сонсоң  бірнеше  өлең 
оқылады. 
Сағат  онда  үйде  тағы  өрт  болды.  Роботтар  өрт  сөндіру  үшін 
жанқиярлықпен айқасуда, су таусылды. Таң ата үй күлге айналды. Үйіндінің 
ортасында бір-ақ қабырға аман қалған. Осы қабырғадан  бір ғана  әлсіз дауыс  
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

220 
 
 
шығады: «Бүгін Ермектің туған күні...».  
Бұл  жазушының  қиял-ғажайып  әңгімесі.  Әңгімеде  интерьерден  басқа 
пейзаж бен натюрморт та кезігеді. Бұл жерде ешқандай тірі жан болмаса да, 
қайғылы оқиғаның куәсі болып, естен кетпестей әсер аласың. 
Бұл  –  жарнама-сақтандыру.  Бұл  бойынша  анимациялық  фильм  де 
түсірілген.  
Абай  өлеңдерінен  де  интерьердің  тамаша  үлгілерін  көруге  болады: 
«Қараңғы  түнде  тау  қалғып...»  өлеңі  итерьердің  тамаша  үлгісі.  Бірақ  Абай 
өлеңдерінің бейнесін жасау өте қиын, әрі күрделі.  
Мысалы:  Соқыр мылқау танымас тірі жанды,  
Кәрі  құдаң  –  қыс  келіп  әлек  салды,  –  дегендегі  қыстың  жағдайын, 
кедейдің  өмірі  мен  тұрмысын  сол  кездегі  өмір  салтына  сай,  сол  қалпында 
жеткізу аса қиын. 
Екіншіден,  бұларды  түсіру  үшін  динамикалық  камера  қажет,  ол  баяу 
жылжып, қардың табиғи көрінісін түсіріп алу керек.  
Үшіншіден, жарық табиғи жағдайда берілуі керек. Қыс суреті, дала мен 
кейіпкер келбеті жақсы сапада түсірілуі керек. 
«Менің  атым  Қожа»  фильмінде  Қожаның  бейнесі  кейіпкерлердің  бала 
кезін  сағынуына  себепші  болды.  Қожаның  балалармен  ойнауы, 
Майқанованың ұстаздық келбеті – бәрі-бәрі сағынышыңа себеп.  
Ұлы  Отан  соғысына  арналған  фильмдерде  интерьер  мен  натураның 
тамаша үлгілері берілген.  Фашистер өртеген  үйден  тек  қана  пеш  пен құбыр 
қалған, аман тұрған жалғыз қабырғада мақтау қағазы ілулі тұр, есік жақтауға 
ғана ілініп тұр... Бұл не? Интерьер ме? Натура ма? Бұл натура! Себебі мұнда 
ғимарат жоқ. Бұл жағдайда интерьерді толық айқындау міндетті емес. 
Көріп отырғанымыздай, интерьер табиғи түсірілімде ғана өзінің бейнелік 
сипатын жоғалтпайды әрі сюжет сапасын жақсартады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Съемка интерьера // http://phototricks.ru/miniblog/interior-photography 
2.
 
Скотт  Келби.  Освещение,  съемка,  ретушь.  Пошаговое  руководство  по 
студийной съемке (перевод В.Иващенко). – М., 2012. – С. 63. 
 

1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал