Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.24 Kb.
Pdf просмотр
бет24/28
Дата09.01.2017
өлшемі6.24 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

 
KAYNAKÇA 
1.
 
Саудабекова  Э.  Орыс  евразиялыѓы  социомєдени  т±лѓа  ретінде  //Аќиќат.  –
№3. –1997. 
2.
 
Назарбаев Н.А. Евразийский Союз: идеb, практика, перспективы 1994-1997. 
–Москва, 1997. 
3.
 
Іњкєрбаев Е. Еуразияшылдар жєне Шыѓыс //Саясат. –Ќырк‰йек, 1999. 
4.
 
М‰тєліпов  Ж.  «Еуразиялыќ  µркениет»  идеясыныњ  мєдени  кењістігіндегі 
‰рдістері //Саясат-policy. –№10. –2003. 
5.
 
Дєуренбек±лы Ж., Елібек Ж. Елбасы. –Алматы: Ана тілі, 1996. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  қазіргі  таңдағы  өзекті  мәселенің  бірі  болып  отырған  еуразия  идеясы  жайлы 
айтылады. ХХ ғасыр басында орыс зиялы қауымының ортасында пайда болған еуразия идеясы 
мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық Одақ идеясының 
негізгі мәні мен мақсаттары қарастырылған.  
(Төлегенов Е., Таубаев Б. Еуразия идеясының қалыптасуы мен дамуы) 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются евразийская идея, возникшая в начале ХХ века среди русского 
элитного общества и основные значения Евразийской идей президента Республики Казахстан 
Н.А.Назарбаева. 
(Толегенов Е., Таубаев Б. Возникнавение и дальнейшее развитие Евразийской идеи) 
 
SUMMARY 
In  this  article  one  of  the  present  actual  problem  of  Eurasia  idea  is  said.  The  Eurasia  idea 
appearing among the rassian outstanding people at the beginning of XX century and the significance 
and  purpose  of    Eurasia  Unit`s  idea  of  President  of  Repablic  of  Kazakhistan  N.A.  Nazarbayev  are 
considered. 
(Tulegenov E., Taubayev B. Forming and Developing of the Eurasia Idea) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

203 
 
 
ӘОЖ 973917 
Қ.ӘБДІКЕРІМ 
А.Ясауи атындағы  ХҚТУ-нің магистранты 
 
АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫНДА ОРЫН 
АЛҒАН КЕЙБІР ОҚИҒАЛАРДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ 
  
Бұл мақалада Америка Құрама Штаттарының тарихи дамуында елеулі 
орын  алған  оқиғалардың  мәні  мен  мазмұны  туралы  ғылыми  зерттеулер 
көрсетіліп,  олардың  саяси-экономикалық  бағыттары  нақтыланған.  КСРО 
өмір  сүріп  түрған  кезеңде  дүниежүзінің  алып  мемлекеті  Америка  Құрама 
Штаттары  туралы  қызығушылықтар  нәтижесінде  көптеген  зерттеулер 
дүниеге  келген.  Американ  қоғамында  терең  реформалар  жүргізу 
дағдарыстан  шығудың  жолы  болды  да,  ол  1933-1941  жылдары  президент 
Франклин  Д.Рузверьттің  саясатымен  тұстас  келді.  Бұл  саясат  тарихқа 
«Жаңа  бағыт»  деген  атпен  енді.  АҚШ-та  20-жылдары  экономикалық 
қарқын  өте  жоғары  болды.  1929-1933  жылдардағы  орын  алған 
экономикалық дағдарыс соншалықты терең болды. 
 
Кілт сөздер: АҚШ, саясат, мемлекет, демократиялық, реформалар. 
 
XX  ғасырдың  30-жылдарының  соңында  АҚШ-та  миллион  доллардан 
астам өнім шығаратын ірі кәсіпорындарда өндіріс пен капитал шоғырланды. 
Ол  американ  кәсіпорынның  жалпы  көлемінің  5,2%-ын  құрады.  Онда 
кәсіпорындарда  жұмыс  істейтін  жұмысшылардың  55%-ы  жинақталған.  Ол 
өнеркәсіп  өнімінің  67,5%-ын  өндірді.  Американ  корпорациясының  жалпы 
санының  1000-нан  астамын  құрайтын  алып  концерндер  барлық  активтердің 
жартысын  иемденді.  ХХ  ғ.  30-жылдардың  соңында  жекеменшік  иелерінің 
1%-ды  елдегі  ұлттық  байлықтың  59%-на  ие  болды.  Елдің  басым  көпшілігі 
ұлттық байлықтың 8%-не ие. Франклин Рузвельт үкіметінің сыртқы саясаты 
алдыңғы  кезеңдегі  үкіметтің  саясатынан  гөрі  бұрмалаңқы  саясат  болды. 
Америка  үкіметі  Латын  Америкасы  елдерімен  «Тату  көршілік»  саясат 
ұстанды.  30-жылдардың  басында  АҚШ  дүниежүзілік  нарықта  үлкен 
бәсекелестікке түсті. Оның бәсекелестері Германия, Жапония, Италия болды. 
Осы  бәсекелестік  олардың  арасында  қайшылықтардың  шиеленісуіне  әкеп 
соқты. 1929-1933 жылдары өндірілген тауарларды сату мен өткізу саласында 
дағдарыс  туды.  Ол  дағдарыс  Американың  Нью-Йорк биржасында басталып, 
Еуропаның 
барлық 
капиталистік 
мемлекеттерін 
қамтыды. 
       Американ  қоғамында  терең  реформалар  жүргізу  дағдарыстан  шығудың 
жолы  болды  да,  ол  1933-1941  жылдары  президент  Франклин  Д.Рузвельттің 
саясатымен тұстас келді. Бұл саясат тарихқа «Жаңа бағыт» деген атпен енді. 
АҚШ-та 20-жылдары экономикалық қарқын өте жоғары болды да, 1929-1933 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

204 
 
жылдардағы  орын  алған  экономикалық  дағдарыс  соншалықты  терең  болды. 
Өнеркәсіп   өндірісі   ғасырдың   басындағы   деңгейіне   түсті,  100 мыңдаған  
фермер  күйреді.  Жұмыссыздық  өсті.  Америка  тағдырында  алғаш  рет 
жұмыссыздар  саны  12,5  миллион  адамға  жетті.  1929-1933  жылдары  орын 
алған  дағдарыс  американдықтардың  тағдырында  ұлттық  трагедияның 
символы  ретінде  қалды.  Бұл  дағдарыс  американдықтардың  20-жылдары 
гүлденген  Американың  еш  уақытта  күйрейтінін  білмеген  американдықтарға 
өте  ауыр  тиді.  Оның  үстіне  АҚШ-та  әлеуметтік  қамсыздандыру  жүйесі 
жүзеге аспаған болатын. Американдықтар әр адам өзіне ғана сенуі керек деп 
есептейді.  Дағдарыс  кезінде  олар  бұл  көзқарастан  ауытқыды.  Олар 
мемлекеттен көмек сұрады. Мемлекеттің экономикаға араласуы өмір сүрудің 
жалғыз  құралы  деп  есептелінді.  І-дүниежүзілік  соғыс  ардагерлері 
жұмыссыздарға  мемлекеттің  қолдау  көрсетуін  талап  етті.  Фермерлер  өз 
өнімдерінің  бағасының  құлдырауының  шегін  қоюды  қалады.  Дағдарыс 
республикандықтардың  президенті  Герберт  К.  Губер  тұсына  сай  келді.  Ол 
1928 жылы президенттікке сайланып, 4 март 1929 жылы дағдарыс басталған 
соң  Ақ  үйді  тастап  кетті.  Оның  қарсыласы  демократиялық  партия,  өкімет 
басына  келуге  мүмкіндік  алды.  Демократтар  1930  жылы  американ 
конгресінде  көпшілік  орын  алды.  Демократтар  1932  жылы  президенттік 
қызметті  жеңіп  алуға  ұмтылып,  Франклин  Д.Рузвельтке  үміт  артты. 
Франклин  Делано  Рузвельт  Гудзон  өзені  жағасында  атақты  Рузвельттер 
жанұясында  1881  жылы  дүниеге  келген.  Оның  арғы  атасы  Ван  Рузвельт 
Америкаға  ХVІІ  ғасырда  Голландиядан  келген.  Қазіргі  Нью-Йорк  ол  кезде 
голландық  болып,  Жаңа  Амстердам  болып  аталған.  Кейін  оны  ағылшындар 
басып алып, қаланың атын өзгерткен. Рузвельт ағылшын мәнерінде Рузвельт 
болып  аталған.  Оның  екі  немересі  американ  тарихында  президент  болды: 
Біріншісі  президент  Теодор  Рузвельт.  Ол  1901-1909  жылдары  аралығында 
президент  болған.  Екіншісі-Франклин  Делано  Рузвельт.  Оның  әкесі 
бизнесмен  болған.  Рузвельттер  Нью-Йорктағы  атақты  жанұяларға  жатады. 
Франклин  Рузвельт  әке-шешесінің жалғыз  ұлы.  Франклин  үйде жақсы  білім 
алып,  ол  француз,  неміс  тілдерін  жетік  білді.  Делано  3  жасқа  келгеннен 
бастап  үнемі  әке-шешесімен  бірге  Еуропаға  саяхатқа  шығып  отырған. 
Франклин  Д.Рузвельт  жеке  меншік  мектепте  білім  алып,  даңқты  Гарвард 
университетін  бітірген.  Сонан  кейін  Колумбия  университетінің  құқық 
мектебін  бітіреді.  Франклин  Д.Рузвельт  жас  кезінен  бастап  саясатқа 
қызығады.  Ол  1913  жылы  демократиялық  партиядан  Нью-Йорк  штатының 
сенатына сайланады. 1913 жылы президент В.Вильсон оны теңіз министрінің 
орынбасары етіп тағайындайды. Осы қызмет үлкен саясатқа жол ашады. 
1921  жылы  Франклин  Д.Рузвельт  мұхитқа  шомылып,  суықтайды  және 
полиомиелит  ауруымен  ауырады.  Балдақсыз  жүре  алмайтын  халге  келеді. 
Аурудың  алғашқы  ауырлығын  жеңіп,  саясатқа  қайта  оралады.  Ол  өзімшіл, 
өте  рухы  жоғары,  қайсар  адам  болған.  1928  жылы  оны  өзінің  штаты  Нью-
Йорктің губернаторы етіп сайлайды. Осы штатта революцияға тең мемлекет  
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

205 
 
көмегіне  қажеттілерге  көмек  көрсететін  бағдарламаны  жүзеге  асырады.  Бұл 
саясат  қайыршыланғандарға  қолдау  көрсетеді.  1932  жылы  президенттік 
сайлауда  республикандық   партия   оңбай   жеңіледі.  Франклин   Д.Рузвельт  
конгрестің  екі  палатасында  да  басымдық  көрсетті.  Сайланған  президент 
өзінің  қызметіне  1933  жылы  4  наурызда  кірісті.  Сайлау  жүргеннен  бастап, 
дағдарыс 
кеңейіп, 
американ 
банктері 
банкроттыққа 
ұшырады. 
Американдықтар  өз  жинақтарын  сақтап  қалу  үшін  банктер  жанына 
шоғырланды. Франклин Д.Рузвельт қызметіне кіріскен кезде Нью-Йорк және 
Чикаго сияқты финанс орталықтарында банктерде қаржы болмады. Ел толық 
жансыздану  алдында  тұрды.  Франклин  Д.Рузвельт  дағдарыстан  елді 
шығаруды финанс жүйесінен бастады. Президент банк жүйесін құтқару үшін 
күтпеген  шаралар  қолданды.  Бір  банктерді  жапты,  бірін-біріне  қосты. 
Франклин  Д.Рузвельт  әкімшілігі  «Жүз  күн»  деп  аталатын  реформаларды 
жүзеге  асырды.  Көптеген  жұмыссыздар  әртүрлі  қоғамдық  жұмыстарға 
тартылды.  Франклин  Д.Рузвельт  өзінің  батылдылығымен,  болашаққа 
сенімділігімен адамдарды өзіне тартты. Оның басшылығымен «Жаңа бағыт» 
атымен  белгілі  реформалар  кешені  әзірленді.  Белгілі  бір  мағынада  «жаңа 
бағыт»  АҚШ-та  Батыс  Еуропалық  елдерде  жүргізілген  реформаларға  ұқсас 
реформалар  жүргізуді  көздеді.  Сонымен  қоса  ол  1880  жылы  темір  жол 
тарифтерін бақылаудан және Г.Рузвельт пен В.Вильсонның реформаларынан 
басталатын экономиканың ұзақ жолының аяқталуы болды. «Жаңа бағыттағы» 
шын  мәніндегі  жаңашылдық  –  АҚШ-та  өз  міндеттерін  орындаған 
реформалардың  жылдамдығы  болды.  Бірақ  көптеген  реформалар  асығыс 
дайындалып,  қарқынсыз  жүргізілді,  ал  кейбіреулері  тіпті  бір-біріне  қайшы 
келді.  Шешім  қабылдау  мен  оны  өмірге  енгізудегі  бар  жылдамдығына 
қарамастан, «жаңа бағыт» еркін талқылау мен сынға ашық боп қала берді. Ол 
американдықтардың өз мемлекеттерінің әрекеттеріне деген қызығушылығын 
қайта оятты. 
Америка  Құрама  Штаттары  туралы  КСРО  өмір  сүріп  тұрған  кезеңде 
терең  біле  бермейтінбіз,  ал  1991  жылы  Қазақстан  өз  алдына  егеменді  ел 
болып, туын көтерген соң 1991 жылдың соңынан бастап екі елдің арасында 
дипломатиялық  қатынастар  орнап,  екі  жақты  байланыстар  белсенді  дамып 
келеді.  Дүниежүзіндегі  мемлекеттерден  өзгешелігі  АҚШ-та  жеке  адамның 
құқын  және  жеке  меншікке  ие  болу  құқы  қорғалып  бағаланады,  әр  адам 
қоғамда өз орнын таба алады. АҚШ-тың саяси өмірін тек байлар мен билеп 
төстеушілер өкіметтің үстемдігі деп сипаттауға болмайды. Егер заңды немесе 
моральдық  нормаларды  бұзғаны  анықталса,  президент  болса  да  саясат  пен 
бизнес әлемінен өз орнынан айрылып қалатындығы сөзсіз. 
Америка халқының үлкен  «жетістігі» жеке табыс іскерлік тәуекелге бел 
буушылдық,  еркіндік  сүйгіштік  арқылы  даму  жолы  болып  табылады. 
Осындай  сипаттағы  Американы  қалыптастыруда  Американ  тарихында 
президенттік  қызметке  төрт  рет  сайланған  Франклин  Делано  Рузвельттің 
еңбегі  айрықша.  Болашақ  президент  бақуатты  бай  жанұяда  өмірге  келді. 
Ф.Рузвельт 1904 жылдары үйінде білімін ашқан. Колумбия университетінде  
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

206 
 
заң мамандығын меңгерген. 1905 жылы жиені Эленора Рузвельтке үйленеді. 
Эленора  күйеуінің  саяси  карьерасында  үлкен  рөл  атқарады.  1910  жылы 
Рузвельт АҚШ-
тың
 
демократиялық партиясының Нью-Йорк штатына сенатор 
болып  сайланады.  1929-1933  жылдардағы  Бүкіл  дүниежүзілік  дағдарыс 
жылдарында  Американы  тығырықтан  алып  шығуға  лайықты  адам  іздегенде 
американдықтардың  назары  тағы  да  Ф.Рузвельтке  ауды.  Ф.Рузвельт  1932 
жылы  президенттік  сайлау  кезінде  Нью-Йорк  штатының  губернаторы, 
демократиялық партияның өкілі Ф.Рузвельт жеңді. Ол билік басына келісімен 
сайлаушылардың  көңілінен  шығу  үшін  терең  саяси  бағыт  жүргізу  керек 
екенін  түсінді.  Ол  американдықтарды  абыржудан  сақтандырып,  белсенді 
әрекеттер  жүргізуге  шақырды.  Егер  мемлекет  экономикалық  мәселелерді 
шешуге  барынша  қатыссын  десеңіздер,  аман  қаламыз  десеңіздер  реформа 
жүргізу  қажет  деп  ұғындырды.  Ф.Рузвельт  Американ  халқына  былай  деді: 
«Долг  государства  по  отношению  к  гражданам  является  долгом  соуги  по 
отношению к своему хозяину одна из обязнностей государства заключается в 
заботе о гражданах, оказавшихся жертвами неблагоприятных обстоятельств» 
[1].  Президент  болған  Рузвельт  елдегі  депрессия  Америка  халық 
шаруашылығындағы  ішкі  процестердің  салдарынан  басталып,  20-
жылдардағы  республикандықтардың  саясатының  арқасында  күшейгенін 
дәлелдеумен болды.  
Рузвельт  президенттік  ант  бергенде  елдің  банкі  және  несие  жүйесі 
мүлдем  құлдыраған  еді.  Елде  инфляция  орын  алды.  Ауыл  шаруашылығы 
мүлдем күйреді. Осыларды жөндеу үшін шешімді реформалар қажет болды. 
«Жаңа  бағыт»  реформасы  арқылы  өнеркәсіп  ауылшаруашылық  және  банк 
финанс  жүйесі  ретке  келді.  Бұның  бәрі  Ф.Рузвельттің  саналы  басшылығы 
және  ақылдылығының  арқасында  жүзеге  асқан  еді.  Америка  халқы 
Ф.Рузвельттің  елді  тығырықтан  алып  шыққан  еңбегін  бағалап,  оны  келесі 
мерзімге де президент етіп сайлады.  
КСРО өмір сүріп тұрған кезеңде дүниежүзінің алып мемлекеті Америка 
Құрама Штаттары туралы қызығушылықтар нәтижесінде көптеген зерттеулер 
дүниеге келген. Ол зерттеуде Кеңестік құрылысты асыра дәріптеп АҚШ-тың 
шын  тарихы  бұрмаланған.  Солай  бола  тұрса  да  елдің  өміріндегі 
президенттердің атқарған қызметтерін тарихтан алып тастау мүмкін емес еді. 
Соның  бірі  1979  жылы  Москвадан  жарық  көрген  А.Э.Иванянның  «Белый 
дом.  Президенты  и  политика»  деп  аталатын  еңбегі  табылады.  Онда  АҚШ 
президенттерінің  жүргізген  саясаттары  кеңінен  сөз  болады.  Кеңес  дәуірінде 
жарық көрсе де еңбекте Франклин Рузвельттің «Жаңа бағыт» реформасының 
орнына,  мәніне  өз  бағасы  беріледі.  Ф.Рузвельттің  «Жаңа  бағыты  америка 
халқын  депрессиядан  алып  шыкқан  батыл  шешім»  деп  әділ  бағасын  береді 
[3]. Американ тарихына шынайы өз бағасын беруді көздеген еңбектің біріне 
1990  жылы  Москвадан  жарық  көрген  А.С.Маныкиннің  «Эра  демократов: 
партинная  перегруппировка  в  США  1933-1952  гг»  жатады.  Онда  автор 
демократтар  басқару  тұсының  республикандықтар  басқару  кезеңінен 
айырмашылығын айқындайды. Автор Франклин Рузвельттің II дүниежүзілік  
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

207 
 
соғыс  кезіндегі  еңбегін  ерекше  бағалап,  оның  президент  болған  алғашқы 
кезеңінде  жүргізген  «Жаңа  бағыт»  саясатында  Рузвельттің  ешкімге 
ұқсамайтын батылдығымен табандылығын аш
ып көрсетеді [4].
 Осы
 тақырыпты 
зерттей  отырып  мен  бұл  тақырып  студент  жастар  үшін  Америка  Құрама 
Штаттары,  оның  президенті  Франклин  Рузвельтке  деген  қызығушылығын 
арттыра  түсетініне  сенемін.  Оның  өмірі,  халықаралық  аренада  ұстанған 
ұстанымы  болашақ  саясаткерлердің  бәрін  де  қызықтырмай  қоймайды.  1991 
жылы  Тәуелсіз  Қазақстан  мен  Америка  Құрама  Штаттарының  арасында 
дипломатиялық  қатынастар  орнағаннан  кейін  қазақстандықтар  осы  елдің 
өткенін,  бүгінін,  болашағын  білуге  ұмтылды.  Оны  білу  үшін  сол  елдің 
тарихын білуге тиіс болдық. Сондай мақсатта 1996 жылы Алматыдан «АҚШ-
тың  қысқаша  тарихы»  деген  еңбек  жарық  көрді.  Осы  тарихта  «1932  жылы 
президент  сайлауы  «Ұлы  депрессиядан»  шығудың  жолдарымен  себептерін 
талқылау  айтысында  Г.Гувердің  жолы  болмады,  шешуші  шараларды 
қабылдай  алмады.  Елді  күйзелістен  алып  шыға  алатын  демократиялық 
партияның өкілі Франклин Делано Рузвельт деп есептелінді» [5]. 1995 жылы 
Алматыдан Дуглас К. Стивенсонның «Америка: Халық пен ел» деген еңбегі 
қазақ  тілінде  басылып  шықты.  Осы  еңбекте  Америка  Құрама  Штаттарының 
мемлекеттік құрылымына жан-жақты талдау жасалынған. Президент әр төрт 
жыл сайын сайланып отырады. Оның екі мерзімге ғана сайлануға құқы бар. 
Американдық  жүйенің  мемлекет  басшысы  партияның  немесе  көпшілік 
партиясының  өкілі  болып  табылады,  көпшілік  партиясының  өкілі  болып 
табылатын парламенттік жүйеден негізгі өзгешелігі міне осы. 
Қорыта  келгенде,    Америка  Құрама  Штаттарының  тарихи  дамуында 
елеулі орын алған оқиғалардың мәні мен мазмұны елдің саяси-экономикалық 
жағдайын жақсартуды көздейді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
 История внешней политики СССР. –Т.1. –М., 1980. –426 б. 
2.
 
 Советско-американские  отношения во время  Великой Отечественной  войны 
1941-1945 гг.. –Т.1. –М., 1984.  –225-226 б. 
3.
 
 Исраэлян В.Л. Дипломатия в годы войны (1941-1945). –М., 1985. –27 б. 
4.
 
 Международная жизнь, 1981. –№86. –99 б. 
5.
 
 Шервуд Р. Рузвельт и Гопкинс. Глазами очевидца. –Т. 1. –М., 1958. –546 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  представлены  научные  исследования  о  значении    и  содержании 
важнейших  событий  в  историческом  развитии  США,  а  также  определены  их  социально-
экономические направления. 
(Абдикерим  К.  Значение  и  содержание  некоторых  событий  в  историческом  развитии 
США) 
SUMMARY 
This  article  deals  with  the  scientific  researches  about  value  and  the  maintenance  of  the  major 
events  in  historical  development  of  the  USA,  and  also  their  social  and  economic  directions  are 
defined. 
(Abdikerim R. Value and the maintenance of the major events in historical development of the 
USA) 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

208 
 
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
                                                                                                                         ФИЛОСОФИЯ 
 
ӘОЖ. 306.089:327.101(950) 
Қ.МӘМБЕТОВ  
филология ғылымдарының кандидаты 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ Түркология ҒЗИ-ның 
аға ғылыми қызметкері 
 
ХХІ ҒАСЫР: ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДАНАЛЫҚ ӘЛЕМІ 
 
Мақалада түркі халықтарының даналық әлемі және өркендеуінің қайнар 
көздері  сипатталады.  Қазіргі  түркі  халықтарының  интеграциялық  қарым-
қатынасы,  мәдени  байланысымен  бірлігі  дамуысен  қатар  ерте  дәуірдегі 
түркі қағанаттарының Білге қаған, Тоныкөк, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, 
Ахмет Ясауилердің даналық әлемі де байланыстырыла қарастырылады. 
 
Кілт сөздер: даму, рухани-мәдени байланыс, интеграция. 
 
Тәуелсіздігін  алған  Түркі  халықтары  жан-жақты  дамып,  барған  сайын 
мәдени,  экономикалық,  рухани  және  саяси  қарым-қатынастары  нығая  түсуі 
тиіс.  Қазіргі  таңда  дербес  түркі  мемлекеттерінде  осы  барыстың  нышандары 
жыл сайын нығайып келеді. 
Елбасы:  «Кеңес  Одағы  ыдырап,  тарап  кетуіне  байланысты  түркі 
халықтарының дамуындағы жаңа кезең  басталды. Арада мың жарым жыл уақыт 
өткенде түркі елінің тап жүрек тұсында тәуелсіз жаңа мемлекеттер пайда болды. 
Провинциялық  шет  аймақтар  саналатын  Орта  Азиядағы  елдер  мен  Әзербайжан 
осы  заманғы  дүниежүзілік  тарихтың    тініне  қоса  өрілген  тәуелсіз  дербес 
мемлекеттерге  айналды»  [1,  116  б.].  Бұрын  тарихта  үлкен  мемлекет  құрған, 
отаршылдық  тарихының  тар  жол,  тайғақ  кешу  азабын  басынан  өткерген  Түркі 
әлемі  жаңа  дамудың  тарихи  перспективасымен  бетпе-бет  келіп,  тәуелсіздік, 
дербестік туралы талай жылдар бойы армандап келген мемлекет құру мақсатын 
жүзеге  асырып,  оны  нақты  интеграциялық  қарым-қатынастар  арқылы,  еріктік 
негізде шешудің мүмкіндігі туды. 
Елбасы: «Қазіргі Түркі әлемі уақыт өткен сайын өзара тығыз бірлесе түсіп, 
өздерінің  мәдени  мүмкіндіктерін  танытуға  тиіс»  [1,  119  б.],  –  деген  еді.  Түркі 
халықтарының  мәдени  бірлігі,  қарым-қатынасы  дамыған  сайын,  әртүрлі 
халықтар  мен  мәдениеттерді  бір-бірімен  байланыстырушы    көпір  дәрежесіне 
көтерілетінін бүгінгі тарих айғақтап отыр. Түркі әлемі Қытай, Ресей, Араб-Иран 
әлемімен,  Батыс  Еуропамен  мәдени-өркениет  арасындағы  байланысты 
қамтамасыз  ететін,  мәдениеттерді  өзара  байыта  түсетін  маңызды  мүмкіндіктері 
мол. 
ХХІ  ғасырда  Түркі  әлемінің  мәдени-рухани  өркениетінің  дамуына  Көне 
түркі  дәуірінен  бері  жалғастығын  тауып  дамып  келе  жатқан  рухани 
мұраларымыздың  тигізетін  пайдасы  ұшан-теңіз.  Жастарымыздың  бойында 
имандылық,  адамгершілік,  парасаттылық  қағидаттарды  сіңдіруде  бабалардың 
даналық  ойлары  мен  өсиеттері  өте-мөте  құнды  дүниелер.  Түркі  әлемінің
 

209 
 
бірлігіне, ынтымағына, мәдени дамуына Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін, Әл- 
Фараби,  Жүсіп  Баласағұни,  Ахмет  Ясауи,  Махмұд  Қашқари,  т.б.  мемлекет  
қайраткерлері  мен  ғұламалардың  тасқа,  қағазға  жазып  қалдырған  ғұмырлы 
өсиеттері,  даналық,  парасаттылық  ойлары  мәдени  құндылықтарымыздың 
өркендеп  өсуіне  ықпалы  орасан  зор.  Жаңа    Түркі  әлемінің  дәуірлеу  заманына 
бабаларымыздың  рухани  құндылықтары,  өсиеттері,  даналық  сөздері  қызмет 
еткенде ғана  әлем тарихының сахнасына шыға аламыз. 
Түркі  әлемінің  көшбасшысы,  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаев  Қазақстанның  көп  ұлттылық  бірлігін  сақтап  нығайтумен  қатар, 
Түркі  халықтарының  бірлігін,  бір-бірімен  мәдени,  экономикалық  қарым-
қатынасын нығайтуда бабалар өсиетімен жүріп келеді. 
Орхон  жазуларындағы  жырларда  Күлтегін  (Кіші  жазу)  (Түрік  Білге  –  кісі 
аты. Білге – ақылды, данышпан, кемеңгер деген ұғымды білдіреді): 
Тәңірдей, тәңірден жаралған 
Түрік білге, қаған, 
Бұл шақта отырдым. 
Сөзімді түгел естіңдер: 
Бүкіл жеткіншегім, ұланым, 
Біріккен әулетім, халқым... 
...Тоғыз оғуз бектері, халқы, 
Бұл сөзімді мұқият тыңда, 
Терең ұқ. 
Ілгері – күн шығысында, 
Оң жақта – күн ортасында 
Кейін – күн батысында,  
Сол жақта түн ортасында 
Осының ішіндегі халықтың бәрі 
Маған қарайды, халықты осынша 
Көп еттім. Егер қазір баяғы кексіз 
түркі қаған Өтүкен қойнауында отырса, 
(онда) елде мұң жоқ [2, 26 б.]. 
 
Білге  қаған  өте  ақылды,  данышпан,  кемеңгер,  дана  кісі  болған.  Ол  бүкіл 
«жеткіншек», «ұланына», «біріккен әулетіне», «халқына» ел бірлігін, ынтымағын 
сақтауды өсиет етеді. Күннің батысында да, шығысында да «халықты көп еттім», 
«елді мұңсыз, қайғысыз» еттім дейді. 
Ежелгі  түркі  ескерткіштерінің  қалдырған  деректеріне  қарағанда,  «ел-
жұртының қамын ойлау, халқын асырау». 
Еліміз қайта ел болды, 
Халқымыз қайта халық болды...[2, 55–56 б.]. 
Қайтыс болған қаған туралы құлыптасқа қашап жазылған ең жоғары мақтау 
сөзде: «ол өзінің халқын армансыз асырады» [1]. Барлық биліктің қаған мен дала 
ақсүйектерінің  қолына  шоғырлануы  оларға  мемлекет  тағдыры  үшін  саяси  және 
тарихи тұрғыдан мейлінше күшті жауапкершілік жүктеді. 
Түркілер  өзге  мәдениеттердің  жетістігін  қабылдаудың  ғажайып  бірегей 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

210 
 
қабілетін  танытты.  Өздерінің  ерекше  жағдайларына  қарай  бейімдеп,  шебер 
пайдалана білді.  Ол томаға-тұйықтықтан  мүлде  бөлек  мәдениет  болды. «Кейін  
түркілермен  кездесіп,  араласа  бастаған  мұсылмандар  олардың  өз  айнала 
төңірегіндегі  көршілес  халықтармен  ортақ  тіл  табысып,  түсінісуге  келгенде 
алдына  жан  салмайтын  тамаша  бейімділігін  айрықша  атап  көрсетті.  Түркілер 
өздерінің бұл қасиетін қандай жағдайда болса да қатаң сақтай білді...» [3]. Ғұлама 
ғалым Л.Н.Гумилев түркілердің тіл табысқыш қасиетін жоғары бағалаған.  
Бүгінгі  таңда,  түркі  мемлекеттері  барған  сайын  дүние  жүзінің 
мемлекеттерімен  тең  дәрежелі  мәдени,  экономикалық  қарым-қатынасын 
дамытуда. 
Түркі  әлемі  бүкіл  елдермен  кең  көлемді  байланыс  жасауы  тек  тауар 
алмасумен және техникалық жаңалықтарды бөлісумен ғана шектеліп қойған жоқ, 
сонымен  қатар  әртүрлі  идеялық  жүйелерді  бір-бірімен  салыстыру  арқылы 
жемісті жұмыс жүргізуді де қамтамасыз етті. Мысалы, Әл-Фараби шығармалары 
орта  ғасыр  дәуірінің  басынан  аяғына  дейін  Батыс  Еуропада  мейлінше  кеңінен 
пайдаланды  және  оның  Қайта  өрлеу  дәуірі  гуманизмінің  дамуына  күшті  ықпал 
еткені даусыз. Ибн-Синаның еңбектерін Еуропа он ғасырдан астам медициналық 
білім энциклопедиясы ретінде пайлананып келді. 
Әл-Фараби математика, сәулет, музыка сияқты көптеген ғылым мен өнердің 
негізін  салушы  ретінде  әбден  орынды  мойындалды.  Ол  Шығыстан  шыққан 
тұңғыш  философ  саналды.  Оның  шығармашылығы  ортағасырлық  Шығыс 
ойшылдары  Низами  Гәнжауиге,  Омар  Хайямға,  Әлішер  Науаиға  орасан  зор  игі 
ықпалын тигізді. 
Ұлы  дәуір  дүниеге  ұлы  адамдарды,  ғажайып  ойшылдарды,  ақындарды, 
сәулетшілерді, дәрігерлерді берді.  
Көрнекті  математик,  ұлы  ғалым  Әл-Хорезмидің  (780–847)  еңбектері 
Еуропадағы  математика  ғылымының  негізін  қалады.  Әл-Хорезми  алгебраның 
негізін салды. Бұл ғылым оның «Әлджебр» деген кітабының атымен аталған.  
Математик, астроном Әл-Бируни  ұлы ғалымдардың  қатарында тұрады. 
Өткен 
тарихымызға 
назар 
аударсақ, 
ойшыл 
ғалымдарымыздың, 
ақындарымыздың, шешендеріміздің  түркі тілінде сөйлегенін,  артына мол мұра 
қалдырғанын көреміз. Оған Абу-л-ғазидің «Шаджара-и түрк» және «Шаджара-и 
таракимада»  келтірген  сөзі  мысал  бола  алады:  «Мен  бұл  кітапты  түркі  тілінде 
сөйлеушілерге  түсінікті  болу  үшін  тек  қана  түрік  тілінде  жаздым.  Шағатай  – 
түркі тілін де, парсы және араб сөздерін де қолданбадым» [4]. Ұлы Әлішер Науаи 
өз  шығармаларының  басым  көпшілігін  түркі  тілінде  жазғандығы  белгілі.  Ол 
өзінің «Мезанул авзан» деген еңбегінде: «...Мен болсам түркі тілінің  құдіретіне 
сүйендім, олар сүйікті қыздай қып аялаған ойларын жеткізіп берген сөздерді мен 
шағатай авзанымен жаздым» [5]. 
Ортағасырлық  Шығыстың  аса  ірі  ойшылдары  Жүсіп  Баласағұнның  «Құтты 
білік»,  Махмұд  Қашқаридың  «Диуан  лұғат  ат-түрк»  атты  еңбектері  Орталық 
Азиядағы  түркі  тілдес  халықтар  әдебиеті  мен  тіл  білімі  тарихынан  орасан  зор 
мағлұмат беретін баға жетпес ескерткішке айналды. 
ХІІ  ғасырда  Иассы  (Түркістан)  қаласында өмір  сүрген  Қожа Ахмет  Йасауи 
аса көрнекті ойшыл болды. Оның есімін бүкіл түркі әлемі қасиетті санайды. Ол  
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

211 
 
мұсылман  дінін  Қазақстанда  насихаттап  таратушы  болды.  «Диуан-и-хикмет» 
(«Данышпандық туралы кітап») өлеңдер жинағын түрік тілінде жазды. Ол: 
«Менің хикметтерім Алладан пәрман, 
 
Оқып ұққанға бар мағынасы Құран», – 
деп құдіреті күшті Құдайды сүюді, оған құлдық етіп бағынуды, тақуа-сопылықты 
дәріптейді.  «Құранды»  түркілердің  түсінігіне  ыңғайлап  насихаттайтын,    өзіндік 
негізі бар сопылық ағымды дамытты. 
Қ.А.Ясауи өзінің бірінші хикметінде: 
1.
 
 «Бісміллә» деп баян еттім хикмет айтып
2.
 
 Шәкірттерге дүр мен гәуһар шаштым міне. 
3.
 
 Жанды жолдап, қайғы шегіп, қандар жұтып, 
4.
 
 Мен «Дәптер сәни» сөзін айттым міне [6, 14]. 
Қ.А.Ясауи  өлеңінде  Аллаға  сүйіспеншілік,  адамгершілік,  әділдік,  адалдық, 
мейірім, рахым сияқты мәселелер сөз болады. 
Түркі  халықтарының  бай  мұралары  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  ақындардың, 
шешендердің,  ойшылдардың  игілігіне  айналды.  Мәселен,  Әбубәкір  Кердері 
Шоқанұлы: 
Он бір мен он екіде түркі білдім, 
Ғылымдық зирек жанның мүлкі білдім... [7, 275 б.]. 
 
Шәкәрім Құдайбердіұлы: 
Жасымнан жетік білдім түркі тілін, 
Сол тілге аударылған барлық білім. 
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды, 
Жарқырап қараңғыдан туып күнім [7, 235 б.]. 
Қорыта  айтқанда,  Түркі  халықтарының  бабалардан  қалған  рухани  даналық 
өсиеттері  мен  рухани  мәдениеті  сонау  ғасырлардың  терең  түкпірінен  сыр 
шертеді.  Даму  жолына  түскен  бүгінгі  Түркі  әлемінің  жасампаздығына    серпін 
береді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
 Назарбаев Н. Тарих толқынында. –Алматы: Атамұра, 1999. –296 б. 
2.
 
 Ежелгі  қазақ  әдебиеті  хрестоматиясы.  /Құраст.  Б.Кенжебаев,  Х.Сүйіншәлиев, 
М.Жолдасбеков,  М.Мағауин,  Қ.Сыдиқов.  Филология  факультетінің  студенттеріне  арналған.–
Алматы: Мектеп, 1967. –204 б. 
3.
 
 Гумилев Л.Н. Ежелгі түркілер. –М., 1993. –400 б. 
4.
 
 Рукописный отдел ИВАНСССР. В. 721. –Л., с.23. 
5.
 
 Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. –А., 
1971. –270 б. 
6.
 
 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани хикмет. –Алматы: Мұраттас, 1993. –262 б. 
7.
 
 Бес ғасыр жырлайды. –А.: Жазушы, 1989. –275 б.   
 
жүктеу 6.24 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет