ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМҒА ӘСЕРІ
Бұл мақалада Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейінгі діни ахуал және
оның қоғамға әсері зерттеледі. Сондай-ақ, Республикадағы ұлтаралық және
конфессияаралық келісімдер үшін мемлекеттің саяси бағыттарына нақты
тұжырымдар ұсынылады. Қазіргі қазақстандық қоғам өмірінде діннің
маңыздылығы, оның серпіні мен ерекшелігі жайында. Қазіргі жастар
арасында діни тәрбие және дін туралы түсінік. Еліміздегі күрделі діни
ахуалды жақсарту, ұлт бірлігінің мәселелері қарастарылады.
Кілт сөздер: Этнос, конфессия, ислам, идеология.
Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан тармақты болып отыр.
1992 жылы еліміз тәуелсіздік алып, егемендігін жариялай салысымен,
азаматтардың діни сенім бостандығы туралы заң қабылданған еді. Бірақ бұл
заң түрлі секталар мен діни топтарға елімізге келіп еркін жұмыс жасауға
мүмкіндік берді. Кеңес одағының тұсында атеизм идеологиясымен уланған,
жаппай құдайсыздар қоғамына айналған қазақ халқы рухани мешеулікке
ұшыраған болатын. Қазақ қоғамының жан дүниесі осы кезеңдегі жағдайдың
кесірінен белгілі бір деңгейде босап қалды. Қоғамның рухани иммунитетінің
әлсіреп тұрған шағын сырттан келген миссионерлер мен діни уағызшылар
оп-оңай пайдаланды. Себебі, сол кезеңде кеңестік заманнан шыққан қазақ
халқының руханияты сын көтермейтін және де түрлі жоспарларды құруға
болатын бос алаңқай болатын.
Елімізде 130-ға жуық ұлт өкілдері қоныстанған. Яғни, Қазақстан көп
ұлтты және көп конфессиялы ел ретінде танылуда.
Қазақстан халқы көптеген этностар мен ондаған діни конфессиялардан
тұрады. Түрлі наным, сенімді ұстанатын Қазақстан халқының келісімі мен
ынтымақтастығы, оның саяси тұрақтылығының нығаюына, экономика мен
әлеуметтік жағдайдың кемелденуіне бастайтын жағдайлар.
2009 жылғы жалпыұлттық санағының нәтижесіне сәйкес халықтың
70.2%-ы өздерін мұсылмандармыз, 26%-ы – христиандармыз, 0,03%-ы –
иудеилерміз, 0,1%-ы – буддистерміз, 0,2%-ы – басқа діндерді
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
195
ұстанушылармыз деп атады. Сонын ішінде ешқандай дінді ұстанбаймыз деп –
2,8%-ы, жауап берсе, 0,5%-ы жауап беруден бас тартты [1].
Қазақстанда этносаралық және дінаралық келісімнің тұрақты моделі
қалыптасқанымен, ол мемлекет, азаматтық қоғам, оның ішінде діни
бірлестіктер тарапынан үздіксіз қолдау көрсетіп отыруды қажет етеді. Осы
сала ахуалына қызығушылық танытатын барлық тараптар біріге отырып,
үнемі талдау жасап отырғаны жөн.
Осы арада, Қазақстанда дінаралық қатынас орнатудың негізгі
ұстанымдарын атап өту керек.
1. Елдің Конституциясы мен заңдары ар-ождан бостандығы мен діни
сенімді қорғауға кепіл береді.
Конституция діни, этникалық және басқа тұрғыдағы кемсітушіліктерге
тыйым салады. Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және
діни бірлестіктер туралы» Заңы діни бірлестіктердің еркін іс-әрекет жасауы
үшін барлық құқықтық негіз қалады. Ел маңызды халықаралық келісімге
және адам құқығына қатысты шарттарға, оның
2. Мемлекет конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыруы үшін
тең және қолайлы жағдай жасайды.
Бұл тәуелсіздік кезеңінде діни бірлестіктер санының артуына мүмкіндік
берді.
Қазақстан халқының басым көпшілігі өздерін мұсылман санағанымен,
бұл басқа діни сенім иелерінің толыққанды іс-әрекет жасауына кедергі
келтірмейді. Бұған мұсылмандық емес діни ұйымдар санының өсуі дәлел
бола алады. Тәуелсіздік алғаннан бері православиелік, католиктік және
протестанттық қауым саны біршамаға артты. Сондай-ақ иудейлер мен
буддистердің ұйымдары да қызмет жасайды.
3. Мемлекет саясатының маңызды бағыты ретінде дінаралық диалогты
атауға болады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан
халқы Ассамблеясы секілді ұлтаралық және дінаралық диалогтың теңдессіз
институты құрылды.
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты өз уәкілеттігіне қарай
органдардың бір қатары жүзеге асырады. 2006 жылы Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігі құрамындағы өкілетті орган – Дін істері
жөніндегі комитет құрылды. 2010 жылы Дін істері жөніндегі комитет
Мәдениет министрлігі қарауына берілді.
2011 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлығымен Дін істері жөніндегі комитет Қазақстан Республикасының Дін
істері агенттігіне ауыстырылып, Мәдениет министрлігі қарамағынан
шығарылды.
Осыған
орай,
Агенттікке
конфессияаралық
келісім,
азаматтардың сенім бостандығына және діни бірлестіктермен өзара
әрекеттесуге құқықтарын қамтамасыз ету қызметтері мен уәкілеті берілді [1].
Қазақстанда тәуелсіздіктің жылдарында діни институттардың сан
жағынан да, сапа жағынан өсті деуге болады. Діни бірлестіктер саны бірнеше
есе өсіп кетті, рухани дәстүрлер қайта өрлей бастады, мешіттер, шіркеулер,
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
196
ғибадат үйлері, синагогалар салынды. Халықтың діндарлығының
деңгейі
өсті. Сарапшылардың бағалары бойынша, діндарлардың саны
80-жылдардың ортасымен салыстырғанда 20-25-тен 90-95 % дейін өсті. Бұл
үдерістер еліміздегі азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау
мен нығайту, ар-ұждан бостандығын, рухани жаңаруын қамтамасыз етуге
бағытталған жүргізіліп жатқан саясаттың нәтижесінде орын алды.
20 жыл ішінде діни бірлестіктердің саны 6 есеге өсіп, 2011ж.
1 қаңтарында 4479 жетіп, ал конфессиялар мен деноминациялар саны 40-тан
асып кетті. Қазіргі уақытта 3200-ге жуық мешіт, шіркеу, ғибадатханалар
жұмыс істейді.
Діни бірлестіктердің жалпы көрсеткіші: ислам – 2756, орыс православие
шіркеуі – 303, рим-католиктік шіркеу – 84, протестанттық және жаңа діни
ағымдар – 1301. Діни бірлестіктерге 3377 діни ғимараттар тиесілі, олардың
ішінде 2416 – мұсылман мешіттері, 269 – православие шіркеулері, 88 –
католиктік костелдер, 5 – синагога, сондай-ақ басқа да протестанттық және
т.б. шіркеулер [2].
Елде 8 жоғары (оның ішінде 2 исламдық, 1 католиктік, 1 лютерандық, 4
протестанттық), 6 арнаулы орта және 3 жалпы білім беретін рухани оқу
орындары бар. Сондай-ақ ірі мешіттер жанынан ашылған курстар мен шіркеу
жанынан ашылған жексенбілік мектептер бар. Осы таңда республикада 20
елден келген 400-ге жуық шет елдік миссионерлер жұмыс жасауда. Алайда,
миссионерлердің ісі мен әрекеттеріне, олардың бағдарламаларына Ұлттық
қауіпсіздік мәселесіне сай құқықтық, ғылыми және өркениеттік мәндегі
сараптамалар жасау қажет екендігін айту керек [3].
Соңғы он жыл ішінде діни өмір көптеген жаңа діни ағымдардың көптеп
пайда бола бастауынан байқалады. Елдегі дәстүрлі ислам және христиан
діндерімен бәсекелестікке түскен бірқатар жаңа діндер шет елдік
миссионерлер арқылы елімізде көптеп тарап кетті. Олардың өздерін ерекше
көрсеткен кезі ХХ ғ. 90 ж., алайда жаңа діни ағымдардың келе бастауы
кеңестік кезеңде басталды. Миссионерлердің белсенді қызметінің арқасында
ориенталисттік
бағыттағы
(кришнаиттер,
бахаи
қауымы,
«Трансцендентальная медитация», т.б.) ілімдер мен протестанттықтың
харизматтық тармақтары, «Иегова Куәгерлері», «Саентология» және
басқаларының әсерлері байқала бастады.
Бұл кеңестік коммунисттік идеология толтыра алмаған рухани вакуум
мен Қазақстандағы дәстүрлі діндердің қызметінің әлсіздігінен еді. Жаңа діни
ағымдардың өкілдері өз ілімдерін жалықпай насихаттау мен жаппай дінге
тарту науқанын бастап кетті.
Дінтанушы ғалым, Мұртаза Бұлытайдың мәліметі бойынша, 1989 жылғы
1 қаңтарда елімізде 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер
болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген.
Олардың арасында 1652 исламдық, соның ішінде 1642 суниттік, 2 шииттік, 2
сопылық, 4 ахмадия ағымдары бар. Бұған қоса Қазақстанның аумағында
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
197
православиелік шіркеуге жататын 241 діни бірлестік (олардың 230-ы Орыс
православие шіркеуіне қарайды), 7 старообрядтық шіркеу, римдік-католиктік
шіркеуінің 77 бірлестігі, бірқатар протестанттық бірлестік
жұмыс істейді.
Қазіргі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер енеді: 5
буддистік қауым, 24 индуистік, 12 кришнаиттік, 23 бахаи, 2 трансценденталдық
медитация қауымы, ұлы ақ бауырластықтың 2 қауымы, 6 саентология шіркеуі
қауымы және т.б.
Еліміздің негізгі діни қауымы суниттік ислам және христиандықтың
православиелік бағыттары. Елімізде 1700-ге жуық мұсылман бірлестіктері бар.
Оның басым көпшілігі суниттік бағыттағы бірлестіктер. Орыс православие
шіркеуінің үш епархиясына
214 приход, 8 шіркеу және басқа шіркеулік
құрылымдар тиесілі. Орыс православие шіркеуі приходтар санының өсуіне және
материалдық тұрғыдан нығаюына күш-жігерін жұмсауда.
Кейінгі уақытта католик, протестанттық және дәстүрлі емес діни
құрылымдар өз қызметтерін белсенді түрде жүргізуде. “Иегова куәгерлері”
бірлестігінің миссионерлік қызметі ерекше қарқын алуда [4].
Қазіргі қазақстандық қоғам өмірінде діннің маңыздылығы өскен. Оның
серпіні мен ерекшелігі мынадан көрінеді:
1 . әлеуметтік-саяси өмірдің көптеген саласында діннің әсері күшеюде;
2. халықтың көлемді тобының күнделікті өміріне діни бірлестіктердің әсері
өсуде;
3. діни білім саласы дамып, оның қаржы және материалдық базасы нығаюда;
4. шет елдерден келген діни бірлестіктердің Қазақстандағы миссионерлік
және насихаттау әрекеттері жандануда .
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Өзінің «Сындарлы он жыл» атты кітабында
былай деп жазады: «Біз, қазақтар үшін ислам – біздің дүниетанымызды
анықтайтын ең алдымен жоғары идеал мен факторы, бұрындары ұмытылып кете
жаздаған бай мұсылмандық мәдениеті мен ата-бабаларымыздың рухына деген
тиісінше баға берудің Рәмізі іспеттес» [5].
Тәуелсіз Қазақстандағы ислам ықпалды қоғамдық күшке айналды.
Дегенмен, дәстүрлі дініміз де өзіндік ішкі проблемалар жоқ емес. Ислам дініне
қатысты халықтың сауаты төмен. Ол үшін жұмыс жасап отырған негізгі ресми
орын деп мешіттерді айтамыз. Қазақтың жастары неге басқа топтардың
жетегінде кетіп жатыр? Себебі, мешіттердегі имамдарымыздың сауаты да
мәдениеті де өте төмен болып, келген халықты қанағаттандырмай жатады
Исламдағы түрлі ағымдар мен топтар көбейіп, онсыз да сауаты аз халықты
шатастырып, адастыруда. Сондықтан, имамдардың сауаты мен мәдениетін
дамыту шараларын қабылдау керек. Қазақ қоғамының діни сауатын көтеріп,
жүйелі болғанда ғана исламның атын жамылған немесе тарихымыз бен дінімізге
түк қатысы жоқ ағымдар мен топтардың жетегінен аман алып қала аламыз.
Қазіргі жастардың арасында белгілі бір топқа қатысты болмаса мұсылман
бола алмайтындай түсінік қалыптасты.
Дінтанушы Еркінбек Шохаевтың айиуынша: «Халықтың діни сауатын
ашумен бірге, қоғамның санасына ешбір топқа қатысы жоқ «қарапайым
мұсылман» ұғымын қалыптастыру керек. Себебі біздің қайсыбір қаракөзіміз
белгілі бір діни топқа қатысты болса, сол топтың шеңберінің ішінде әрекет етеді.
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
198
Яғни, сол топтың құрылымына бағынышты әрі тәуелді болады. Әрине бұл
жағдай оны болашақта түрлі теріс қылықтарға итермелеуі әбден мүмкін.
Адасушылыққа апаруы мүмкін» [6]. Жат пиғылды секталарға кіріп кеткен қазақ
жастары да аз емес. Олар өздерінің адасқандарын бірден ұғына алмайды. Діни
тәрбиенің осалдығынан түрлі жағдайлар орын алуда. Ақтөбе, Атырау
облыстарында болған қайғылы жағдайлар сөзімізге дәлел болмақ.
2011 жылы қыркүйекте Қазақстан заң шығарушы органдары тарапынан
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасы мақұлданып, Елбасы
Н.Назарбаев 2011 жылы 11 қазанда қол қойып бекітті
Жаңа заң жобасы бойынша Қазақстан азаматтары, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар миссионерлік қызметті Дін істері агенттігінің тіркеуінен
кейін ғана жүзеге асыратын болды. Тіркеуден өтпеген жағдайда, Қазақстан
Республикасында миссионерлік қызмет атқаруға тыйым салынады. Бұл, заңның
қабылдануы әрине, діни ұйымдарды қатаң бақылауда ұстауға септігін тигізері
сөзсіз, дегенмен, еліміздегі күрделі діни ахуалды бірден жақсартып жібереді
деген сөз емес.
Қорыта айтқанда еліміздегі күрделі діни ахуалды жақсарту үшін, ұлт
бірлігінің пайдасына шешу үшін мына мәселелерді алға тартар едік:
1. Экономикамен қатар идеологияны, рухани құндылықтарымызды көтеруді
күн тәртібіне қою керек.
2. Дінтану ғылымын дамыту, дінтанушы мамандар даярлаудың сапасын
арттыру;
3. Діни тәрбие мен ислам құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіруді
жолға қою;
4. Ұлт, дін, мемлекет ұғымдарын бөлшектемей, тұтас қарастыратын уақыт
жетті. Себебі, тәуелсіздігіміз баянды болу үшін ең бастысы қоғамдық бірізділік
сақталуы тиіс. Ал қоғамдық бірізділік сақталуы үшін қоғам бір ұлт пен бір діннің
құндылықтарының төңірегіне топтасуы керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазіргі Қазақстандағы конфессиялық жағдай: Баяндамалар жинағы. –Астана:
«Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы, 2011.
2.
Қазіргі Қазақстандағы конфессиялық жағдай: Баяндамалар жинағы. –Астана:
«Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы, 2011.
3.
www.muftiat.kz
4.
Бұлытай М. Қазақстандағы қазіргі діни жағдай. –Астана, 2007.
5.
Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. –Астана, 2001.
6.
Шохаев Е. Діни ахуал неге күрделеніп барады. // www.masa.kz
РЕЗЮМЕ
В данной статье исследуются религиозная ситуация в Казахстане и влияние религии на
общественную жизнь.
(Каттабекова Н., Пиримкулова Г. Религиозная ситуация в Казахстане и ее влияние на
общество)
SUMMARY
This article explores the religious situation in Kazakhstan and makes specific findings of the
policies of the state.
(Kattabekova N., Pirimkulova G. The religious situation in Kazakhstan and its influence on
society)
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
199
ÜOS 940.548 48
E.TULEGENOV
Yrd. Doç. Dr.
A.Yesevi Uluslararası kazak-türk Ünıversitesi
B.TAUBAEV
A.Yesevi Uluslararası kazak-türk Ünıversitesi masteri
AVRASYA DÜŞÜNCESİNİN ORTAYA ÇIKMASI VE GELİŞMESİ
Makalade 20. yy’ın ilk yarısında meydana gelen, Sovyet Yöneticiliğinin baskılı
siyaseti dolayısıyla kendine has ehemmiyetini kaybeden “Avrasyacılık” düşüncesi
söz konusudur. 19. yy’ın 70’li yıllarında, sonra 20. yy’ın 20 ve 30’lu yılları ve
20.yy sonralarında Kazakistan Cumhuriyeti’nin cumhurbaşkanı N.A.
Nazarbayev’in ortaya koyduğu “Avrasya Birliği” düşüncesi mukayeseli bir şekilde
söylenmiştir. Bu eserde “Avrasya” düşüncesinin başlıca problemleri ile “Avrasya”
kavramının açıklanmasına yer verilmektedir.
Anahtar kelimeler: Kazakistan, Avrsya, SSCB, Batı Avrupa, G.V.Florovskiy, Rus
aydınları, fikri.
20. asırda oluşan fikir akımı ve teorilerin bazılarının ömürü kısa olmuş,
bazıları ise ortaya çıkışıyla birlikte diğer fikir akımları içinde gölgede kalmış,
ancak uzun yıllar sonra tekrar ortaya çıkarak itibar görebilmiştir. 20 asırın başında
Rus aydınları arasında doğan Avrasyacılık fikri bunun örnek gösterilebilir.
Geçen asırın son yıllarında ortaya çıkıp daha sonra da önemini yitiren
Avrsyacılık fikri son zamanlarda yeniden tarih sahnesine çıkmaya başlamıştır. İlk
olarak 19. asrın 70’ li yıllarında (N.V.Danilevskiy v.b.), daha sonra 20. asrın 20’ ve
30’ lu yıllarında (Avrasya fikrin düstur edilen Rus göçmenleri) ve 20. asrın
sonunda Kazakistan Cumhuryeti Cumhurbaşkanı N.A.Nazarbaev ile bu fikiri
destekleyen diğer fikir adamlar. Bu durumda söz konusu üç dönemi bir birisiyle
ilişkendiren nedir sorusu akıla gelmektedir.
Birinci dönem: Bu devre 1861’ deki köylü-çifçi reformlardan sonraki zaman
dilimini kapsamaktadır. Bu dönemde Avrasyacılık fikrinin gelişmesinde çok
elverişli bir ortam olmuştur. Halkın kaderi ve kültürel özellikleri ile cemiyeti ıslah
etme maksat tutulmuştur. Bu dönemde Rus aydınları, Rusya’ nın geleceğe güvenle
ulaşması ve bu geleceğin şeklinin nasıl olacağını belirlemek için hayatla ilgili ve
sağlam bir tarzda zemin oluşturmaya gayret sarf etmişlerdir.
İkinci dönem: Bu devre 20 asrın 20’ li yılları kapsar. Bu dönem eski dünya
sistemini çöktüğü, büyük değişim ve ihtial deviridir. Bu dönemdeki Avrasyacılık ,
ülkelerinden kaçmak zorunda kalmış olan Rus göçmenlerinin sosyal ve felsefi
hareketiydi. Bu hareketlerin temelini oluşturanlardan biri de Kinez N.S.Trubeskoy’
dur. O, bu hareketin ortaya çıkışın şu şekilde anlatmaktadır: “Biz, sözünü ettigimiz
“Rus medeniyetinin” ansızın yıkılışına şahit olduk. Böyle bir ani bir yıkılış
çoğunluğu hayretler içerisinde bıraktı ve bu vakıanın sebebini tespit etmek bir
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
200
çoklarını düşündürdü” [1].
Dindar bir filozof olan G.V.Florovskiy 20 asırın 20’ li yıllarında
Avrasyacıları: “Bizim için öncelikli ve en önemli olan şey, tarihi trajedinin
görünmesiydi. Bu trajediyi görmeyenlere ve görmek isteyenlere karşı olmamız
lazım” [2] şeklinde ifade etmiştir.
Üçüncü dönem: 20. asrın sonlarını kapsar. Bu dönemde SSCB’ nin çökmüş,
komünizm yıkılmış, yeni, genç ve müstakil devletler ortaya çıkmıştır. Müstakil
devletlerin zorluk çekmeden kendi ayaklar üstünde durması mümkün değildi.
Sovyetlerin çöküşü bu yeni bağımsız devletlerin – geçici bir süre iktisadi gelmesini
frenlemekle kalmadı, bir çok başka zorlukları da beraberinde getirdi. Bu yeni
devletlerde oluşan bu durumu çözmek için N.A.Nazarbaev, M.V.Lomonosov
Moskova Devlet Üniversitesi Öğretim Üyesi Heyeti toplantısında fikir teatisinde
bulunmuştur. Avrasya ittifakı c, müstakil devletlerin her birinin sosyo-ekonomik
hususlarını dikkate alarak, enterasyon süreçlerini yavaş yavaş uygulama hedefleri
gösterilmiştir.
Herhangi bir fikri akımın temeli, onun fikri ve teorik kaynaklarıyla sosyo-
tarihi sebepleri kendi aralarında birleşmektedir. Rus Avrasyacılığına, 1904-1905
Rus Japon Harbi ve 1905-1907 ilk Rus ihtilali zemin hazırladı dersek yanılmış
olmayız. Birinci Dünya Harbi, Rus aydınlarının batı görüşünü değiştirerek, doğuya
doğru yönelmelerine doğrudan tesir etti. Onların birçoğu 1917’ deki Şubat ve Ekim
ihtilallerini tasvip etmeyen Rus aydınlar grubuydu. Bu kişiler, Rusya’ nın istikbali
için yeni fikirler ve yollar aradı. Avrasyacılık bu arayışın meydenlerinden biridir.
Avrasyacıların ortaya koymuş oldukları mühim meselelerden ilki Batı ile
Doğu ve bununla sıkıca bağlantılı olan Ortodoksluk ve Katoliklik meselesidir.
Batı’ nın en büyük başarısı ilim ve tekniktir. Avrasyacılara göre, bu başarı onları
din ve samiyet kıtlığına düşürcekti. Din ve samimiyeti ekonomi sömürmektedir.
Humanizm de ekonomiyle beraber aynı seviyede duruyor. Bunun sebebi ise,
bunların insanı Allah’ tan uzaklaştırarak, tek bir ucube hayatın prangasıyla sarılı
bırakmasıdır. Bununla birilikte Rasyonalizm de batının günahıdır. “Batı Avrupa
dünyasını, doğu dünyasının değiştirecesine hiçbir şüphemiz yok” [3] denilmiştir.
Onların ortaya koydukları ikinci esas mesele ise Avrasya meselesidir.
Avrasyacıların fikirine gore, Batı Avrupa, Orta Asya gibi sınıflandırmalar hakiki
değildir. Avrupa’ nın okyanusa çıkan bir yolu mevcuttur (Batı Avrupa). Asya’ nın
ise güneyi ve doğusu (Çin, Hindistan, Doğu Sibirya v.s.) okyanusa ulaşır. Avrupa,
Avrupa’ nın kıtalık bölümü ile Asya’ dan oluşur. Doğu Avrupa, Batı Sibirya ve
Türkistan coğrafyası Avrasya’ ya dahil olan üç önemli düzlüktür. Bozkıra hakim
olan bütün Avrasya’ yı yönetir. Vaktinde bunu Cengiz Han nasıl başarılı bir şekilde
çözmüşse, aynı istikamette Rus İmparatorluğu da, SSCB de bu ittifak fikrinin bir
meyvesidir. Etnik yapıya ve kültüre gelecek olursak, Avrasya coğrafyasında
Slavlar önceden beri “Turan Halklarıyla” karışa gelmiştir. Slavların ekseriyeti,
batıya göre doğuya bir adım daha yakındır dıyor Avrasyacılar. Avrasya sahasında
yaşayan halkların manevi yönden birleştikleri malumdur. Bu bağlantıları gayri tabii
bir tarzda yok etmek, onları dünya medeniyetinin ucra bir köşesine uzunca bir
müddet atmakla eş değerdir. Böyle bir kaderi hiç kimsenin istemeyeceği bellidir.
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
201
Avrasya fikri, doğu ve batı fikirleriyle mukayese edildiğinde kendine has
hususları olmakla beraber, onlar için bir tezat teşkil etmez ve onlardan ayrı bir
şekilde olmaz. Aksine, iki fikri de canlandırmak, kültürel-manevi açıdan birleştirir
ve bir sentez oluşturur.
O, dünyayı canlandırma ve insanı manen yetiştirmeyi birbirinden
uzaklaşırmaz. Bilakis yakınlaştırır ve eksikliğini giderir. Başka bir açıdan
söyleyecek olursak, insanın maddi ve pratik faaliyetleri, maneviyat ve insanlık
açısından gelişmesi dünyadan kopuk kalmayı değil, tekrardan o kesin faaliyeti
talep eder. Böylece Avrasyacılık fikri kendi derin felsefi ve teorik önemine göre,
insanın dünya ile münasebetinin çok farklı türüdür. Bu fikir uygulamalı hümanizm
gücüne uygun olan belli bir huduttan çıkmayı, objeyı yenmeye, böylece bir taraftan
maddi ve pratik hizmeti, faaliyeti, öbür taraftan psiko-manevi kültürü birleştirmeye
yönelir. Onların iyi taraflarını birleştirir ve sentezler. Avrasyacılık büyük bir
değişim metaforu biçimindedir. Bu, insanın dünyaya dair kökten yeni bir
münasebetinin, yeni medeni hayat reformunun üçüncü bin yıl taleplerine tam
manasıyla cevap veren yeni bir tarzıdır.
Avrasya fikri hakkında N.A.Nazarbaev’ in görüşü şöyledir: “Kazakistan
Avrasya fikri, ekseri ve milli birliginin, sosyal adaletin fikiridir. Bu, yeni manevi
ve insani sahanın oluştuğunun işaretidir. Bu fikir çerçevesinde her halkın milli şuur
ve hisleri canlanarak, barış ve huzurun kefili olabilecek kuvvetli bir devlet
kuruluyor” [4].
Avrasya fikrini, Kazakistan’ daki Türk ve Slav halklarını birleştiren büyük bir
güce çevirmek için, genel bir medeni ve sosyal temele sahip olmak lazım. Türk-
Slav dialoğu tarihte hakiki Avrasya medeniyeti, örnek bir manevi münasebeti
oluşturan ve de Avrupa ile Çin’ i, Hindistan ile İran’ ı bağlayan bir unsur olduğunu
açıkça ifade edebiliriz. V.L.Solavyev’ in fikrine göre, irtibatcı halk metodik prensip
açısından ele alacak olursak, o zaman, devrin değişmesi, uluslararası
münasebetlerin gerginleşmesi ve sosyal dokunun bozulması bu meseleye irtibatlı
bir değil, birden fazla devlet, ittifak veya gruplar buna dahil olabilir. Kazakistan
Cumhuriyeti hakkında konuşacak olursak, bu tür irtibatçı bir fikri belli bir vaziyette
komşu ve manevi yönden yakın devletlere gerçekleştirmek mümkün. Kazakistan
çok milletli bir yapıya sahip olmakla farklı bir durmdadır. Bu siyasi ve etnik
cemiyetin kurulması tarihte bellidir. Bu yerde manevi birlik aslında siyasi bir kültür
sahası oluşmuştur. Kazakistan Cumhuriyeti Cumhurbaşkanı N.A.Nazarbayev “Biz,
bu birliği muhafaza etmeye ve geliştirmeye mecburuz. Fakat bu birliğin arasına
nifak sokmaya çalışanlara karşı çok güç sarfetmemiz gerek” diyor [5].
Avrasyacılıgın mevzularından biri olan bu fikir buğün bizlerin gözlerin önünde
faaliyete geçiyor.
21. asrın eşigini aşan böyle bir tarih dalgasının başlamasında medeniyetler
çatışması, onların fikir alış-veriş ve ittifakları başlıca bir iddiaya dönüşmesi gerek.
Avrasya Ekonomik İşbirligi’ nin kurulmasına dair Kazak gezetecilere verdiği
ropörtajda N.A.Nazarbaev: Bu fikri “söyleyecek söz bulamıyorum, kalpten
çıkarılmayacak bir fikir” şeklinde beyan etmesi birçok şeyi açıklasa gerek. Bu
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013
202
fikir, sadece Kazak halkının değil, bununla birlikte müstakil ülkemizi mesken
tutmuş diğer halkların da milli, manevi, estetik ve örnek miraslarının başlıca vasıflı
yanlarını kendisine malettiği vakit gün yüzüne çıkararak, gerçek milli ve kültürel
değerleri canlandırabilir.
Поделитесь с Вашими друзьями: |