Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.24 Kb.
Pdf просмотр
бет22/28
Дата09.01.2017
өлшемі6.24 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28

 
 
 
 
ЛИТЕРАТУРА 
1.
 
 Абенов  Е.М.  Внешнеполитические  интересы  РК:  уроки  и  перспективы  // 
Саясат. –1995. –№6. –С. 54-69. 
2.
 
 Акишев К.А. История Казахстана: курс лекций. –Алма-Ата, 1983. 
3.
 
 Султанов 
Б.К.  Актуальные  проблемы  обеспечения  безопасности  в 
Центральной  Азии  //  Центральная  Азия:  состояние  и  перспективы  регионального 
взаимодействия:  Материалы  VI  Ежегодной  Алматинской  конференции.  –  Алматы: 
КИСИ при Президенте РК, 2008. – С.52-53. 
4.
 
 Закон Республики Казахстан от 24 декабря 1996 года №56-I «О культуре». 
5.
 
 Литературный журнал «Простор». –Алматы, 1960. 
6.
 
 Литературный журнал «Нива». –Астана, 1990. 
7.
 
 Назарбаев  Н.А.  Казахстан  2030  –  Процветание,  безопасность  и  улучшение 
благосостояния всех казахстанцев. – Алматы, 1997. 
8.
 
 Концепция  внешней  политики  Казахстана,  одобренная  16  марта  2001  г. 
Советом Безопасности РК // Kazakhstan today. 16 марта 2001 г. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  Қазақстан  Республикасы  мен  Ресей  Федерациясының  мәдени-гуманитарлық 
байланыстары, оның ішінде әдеби байланыстарға аса көңіл бөлінген.  
(Зұлпыхарова 
Э., 
Батырбекқызы 
Г. 
Қазақстан 
Республикасы 
мен 
Ресей 
Федерациясының әдеби байланыстары) 
 
SUMMARY 
The  article  deals  culture-humanitarian  relations  between  Republic  of  Kazakhstan  and  Russian 
Federations, particular attention is paid to the literary relations. 
(Zulpyharova  YE.,  Batirbekkizi  G.  Literary  Relations  between  Republic  of  Kazakhstan  and 
Russian Federations
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

187 
 
 
ӘОЖ 951.036 (327.1) 
Л.С.ДИНАШЕВА 
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
Н.БАБАКУЛОВ  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
ШЫҰ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Мақалада 
Азия 
аймағындағы 
қауіпсіздік 
саласында 
Шанхай 
ынтымақтастық 
ұйымының 
құрылуы, 
мақсаты 
мен 
міндеті 
қарастырылады.  Автор  ШҰЫ-ның  қауіпсіздік  аспектісіндегі  негізгі 
бағытарға  талдау  беріп,  Орталық  Азиядағы  өзекті  мәселелерге  қысқаша 
шолу  жасайды.  Сондай-ақ,  мақалада  Шахай  ынтымақтастық  ұйымының 
перспективалары  мен  Қазақстанның  мүдделері  қарастырылып,  ШЫҰ-ның 
халықаралық  аренадағы  ролі  мен  орнына  баға  беріледі.    Шанхай 
ынтымақтастық  ұйымының  қауіпсіздік  сақтау  мәселесінде  атқарған  іс-
шаралары сараланады.   
Кілт  сөздер:  Шанхай  Ынтымақтастық  Ұйымы,  терроризм,  экстремизм, 
сепаратизм, НАТО.  
 
Бүгінгі  тез  қарқынмен  дамып  жатқан  әлемде  тұрақтылық  пен 
қауіпсіздікті сақтауға қатысты мәселелер ерекше өзектілікке ие екендігі анық. 
Дәстүрлі  әскери  қауіптермен  бірге  «жаңа  қауіп»  деп  аталатындар,  яғни 
халықаралық терроризм, экстремизм, ұйымдасқан қылмыс, нашақорлық және 
заңсыз  сауда  мен  заңсыз  миграция  және  т.б.  қауіп  түрлері  адамзат  өміріне 
үлкен  қатер  тудырып  отыр.  Осы  қауіп-қатерлермен  кез  келген  мемлекет 
белгілі бір дәрежеде соқтығысатындығы анық. Алайда мәселенің ерекшелігі 
сонда, 
ғаламдану 
жағдайында 
«қақтығыстық 
негіздердің 
интернационалдануы»  сияқты  көріністер  орын  алады.  Бұл  жағдайда 
қауіпсіздікті  қолдау,  тіпті  ұлттық  деңгейде  болсын,  әртүрлі  халықаралық 
құрылымдар  мен  ұйымдар  шеңберінде  мемлекеттердің  күш  біріктіруінсіз 
мүмкін емес.  
Еуразия құрылығында мұндай құрылымдардың бірі,  құрылған уақыттан 
бастап  терроризмге,  сепаратизмге  және  діни  экстремизмге  қарсы  күрес 
жүргізуді  өзінің  басты  міндеті  деп  жариялаған,  Шанхай  Ынтымақтастық 
Ұйымы болып табылады  1 .  
1996  жылы  Шанхайда  оның  5  мүшесі  алғашқы  рет  кездесіп,  әскери  
салада сенімді нығайту және шекаралардағы әскери күштерді өзара қысқарту 
жайында  келісім  жасаған  кездің  өзінде  қауіпсіздік  мәселесі  «Шанхай 
процесінде» негізгі орында тұрды.  
1996-1997  жылдары  «Шанхайлық  бестік»  бұрынғы  кеңес-қытай 
шекараларында қалыптасқан мәселелерді реттеген  бірқатар келісімдерге қол  
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

188 
 
 
қойды.  Шанхайлық  және  одан  кейінгі  Мәскеу  саммиттері  ұйымның 
құрылымын  қалыптастырса,  кейінгі  жылдары  бұл  бірлестік  жан-жақты 
салалық,  толыққанды  ұйымға  айналды.  Жоғарыда  айтылған  келісімдерді 
бірлесіп  іске  асыру  кейіннен  «Шанхайлық  рух»  деп  аталған  жағдайдың 
негізін  қалады,  ал  оның  квинт-эссенциясын  өзара  тиімділік,  теңдік,  бір-
бірлерінің  мүдделері  мен  пікірлерін  құрметтеу,  өзара  пікір  алмасу,  қол 
жеткізілген келісімдерді ерікті түрде орындауға келісу болып табылады.  
Осы  тұста  жаңа  құрылым  Орталық  Азияда  өмір  сүрген  қауіпсіздікті 
қолдау  процесін  басқару  саласындағы  ақауларды  логикалық  түрде 
толтырғандығын  айтып  өту  маңызды.  Ұйымға  Ресей  және  Қытай  сияқты 
ғаламдық ойыншылардың  тартылуы жүргізіліп жатқан саясаттың сәттілігіне 
қосылатын елеулі фактор болып табылатындығы анық.  
Бестіктің Шанхай Ынтымақтастықтық Ұйымына айналуы 2001 жылдың 
маусым  айында  Шанхайда  өткен  саммитте  іске  асты.  Осы  кездесуде  сол 
жылдың басында ұйымға мүше болу өтінішін білдірген Өзбекстан мемлекеті 
де  қатысты.  Кездесудің  нәтижесінде  6  мемлекеттің  басшылары  ШЫҰ  құру 
туралы  Декларация  мен  терроризм,  сепаратизм  және  экстремизммен  күресу 
туралы  Шанхай  Конвенциясына  қол  қойды.  Соңғы  құжатта  ұйым 
мүшелерінің  барлығына  қауіп  төндіретін  қатерлерді  анықтап  қана  қоймай 
олармен күресудің нақты бағыттары мен түрлері көрсетіліп берілді  1 .  
ШЫҰ  құру  туралы  Декларациямен  бір  уақытта  ұйым  қызметі 
құзырлығына  кіретін  міндеттердің  шеңбері  айтарлықтай  кеңейтілді. 
«Қатысушы  мемлекеттердің  өзара  сенімін,  достығы  және  тату  көршілігін 
нығайту;  олар  арасында  саяси,  тауар-экономикалық,  ғылыми-техникалық, 
мәдени,  білім  беру,  энергетика,  транспорт,  экология  және  т.б.  салаларда 
сапалы  қарым-қатынастарды  дамыту;  аймақта  бейбітшілікті  қолдау  және 
қамтамасыз  етуде,  қауіпсіздік  пен  тұрақтылықты  сақтауда  жаңа 
демократиялық,  әділ,  саяси  және  экономикалық  халықаралық  тәртіп  құруда 
бірлесіп  күш  жұмсау  ұйымның  мақсаты  деп  жариялады»  2 .  ШЫҰ  мүше 
мемлекеттерінің  министрлері  мен  ведомстваларымен  өзара  қимылдарын 
ұйымдастыру  үшін  ұлттық  үйлестірушілер  Кеңесі  құрылды.  Жаңа  ұйымның 
мүдделері  саяси,  экономикалық  және  мәдени  гуманитарлық  серіктестік 
салаларға тарады.  
Мұнымен  бірге  қауіпсіздік  мәселесі  ШЫҰ  қызметінде  басты  орында 
қала  берді.  Оның  ішінде,  айтар  болсақ,  2002 жылдың  7  маусымында  Санкт-
Петербург  саммиті  қабылдаған  Шанхай  Ынытымақтастық  Ұйымының 
хартиясында ұйымның ең басты мақсаты деп төмендегілер белгіленді: «мүше 
мемлекеттер арасында өзара сенім достық және тату көршілікті нығайту;  
Аймақта  бейбітшілікті,  қауіпсіздік  пен  тұрақтылықты  қолдау  және 
нығайту  мақсатында  көп  салалы  ынтымақтастықтарды  дамыту,  жаңа 
демократиялық,  әділ  және  рационалды  саяси,  экономикалық  халықаралық 
тәртіп орнатуда өзара көмек беру
Терроризм, сепаратизм және экстремизмнің барлық  көріністеріне  қарсы
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

189 
 
 
бірлесіп әрекет ету, заңсыз наша және қару-жарақ айналымдары мен басқа да 
трансұлттық қылмыстық әрекеттермен, сондай-ақ заңсыз миграциямен күрес 
жүргізу»  3 . 
Әрі  қарай  құжатта  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени-
гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық құру міндеттері туралы айтылды. 
Алайда,  көріп  отырғанымыздай,  қауіпсіздік  пен  тұрақтылық  мәселесі 
алғашқы  орында  тұрды,  бұл  қатысушы  мемлекеттердің  ұйым  қызметіне 
келісімдік  жауапкершілігін  көрсетеді.  Аталған  міндеттерді  іс-жүзіне  асыру 
үшін  Санкт-Петербург  саммитінде  қабылданған  Аймақтық  Антитеррорлық 
құрылымды  (ААТҚ)  құру  туралы  шешім  қабылданды.  Оның  негізгі 
міндеттері деп төмендегілер белгіленді: 
1.
 
 ШЫҰ мүше мемлекеттерінің негізгі басқарушы органдарымен іскерлік 
байланыстарды  қолдау  және  терроризммен,  сепаратизммен,  экстремизммен 
күрес  жүргізу  мәселесі  бойынша  халықаралық  ұйымдармен  байланысты 
нығайту. 
2.
 
 Терроризм, сепаратизм және экстремизммен күресу мәселесі бойынша 
халықаралық-құқықтық  құжаттар  жобаларын  дайындауға  қатысу,  БҰҰ-ның 
қауіпсіздік Кеңесі және оның антитеррорлық комитетімен, халықаралық және 
аймақтық  ұйымдармен  бірлесіп,  ғаламдық  қауіп-қатерді  сапалы  реттеу 
механизмін жасау бағытында іс-шаралар қабылдау. 
3.
 
 Терроризммен,  сепаратизм  және  экстремизммен  күресу  мәселесі 
бойынша мүше-мемлекеттердің ұсынған мәліметтерін жинақтау және анализ 
жасау,  антитеррорлық  құрылымдар  мәліметтерінің  банкін  құру,  «Үш 
зұлымға» қарсы күресте ұйымдардың ынтымақтастығы туралы пікір алмасу. 
4.
 
 Ғылыми  зерттеу  конференцияларын  өткізуді  дайындау,  терроризм, 
сепаратизм және  экстремизммен  күрес   жүргізу  мәселесі  бойынша  тәжірибе 
алмасу. 
Осылайша  «Үш  зұлымға»  қарсы күрес жүргізу  нақты  институционалды 
рәсімдеулерге  ие  болды.  ШЫҰ  мүше-мемлекеттер  басшыларының  2005 
жылғы  Астанада  өткен  саммитінде  аймақтық  антитеррорлық  құрылым 
(ААТҚ)  жанынан  үздіксіз  жұмыс  істейтін  өкілдер  институтын  құру  туралы 
шешім қабылдады.  
Ауған  мәселесін  реттеуге  қатысты  мәселелерді  шешу  мақсатында  2005 
жылдың  қараша  айында  ШЫҰ  шеңберінде  Ауған  елі  бойынша  арнайы 
қатынас тобы құрылды.  
Осы жұмысшы  органның  құрылуы  жөніндегі  хаттамада  көрсетілгендей, 
«ШЫҰ-Ауғанстан»  қатынас  тобы  «өзара  мүдделерді  білдіретін»  мәселелер 
бойынша  «ынтымақтастықтарды  іске  асыру  туралы  ұсыныстар  мен 
кеңестерді  өңдеу  мақсатында»  құрылды.  Ауған  елі  тарапынан  құжатқа  қол 
қойған  Ауғанстанның  ҚХР-ғы  елшісі  Рай  Барлас:  «ШЫҰ-Ауғанстан» 
қатынас  тобының  құрылуы,  бейбітшілікті,  тұрақтылық  пен  қауіпсіздікті 
сақтауда  және  сондай-ақ  мемлекеттер  арасындағы  ынтымақтастықты 
дамытуда тағы бір маңызды тарихи қадам болып табылады» - деп атап  
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

190 
 
көрсетті  4 . 
2007  жылы  Бішкекте  өткен  Шанхай  Ынтымақтастық  Ұйымының 
саммитіндегі  маңызды  тақырыптардың  бірі  –  терроризммен  күресу  мәселесі 
болды.  Кездесу  барысында  ШЫҰ-ның  терроризм  мен  сепаратизм  және 
экстремизммен  2007-2009  жылдары  күресу,  ШЫҰ-ның  Аймақтық 
антитеррорлық  құрылымының  қызметін  жетілдіру  Бағдарламасы  тыңдалды. 
Мемлекет  басшылары  өзара  сенім  және  қауіпсіздікті  сақтауға  бағытталған 
құжаттарға,  ШЫҰ  мемлекеттерінің  ұзақ  мерзімдік  бейбіт  көршілік,  достық 
және  ынтымақтастық  туралы  Келісімге,  мемлекет  басшыларының  Бішкек 
декларациясына, халықаралық ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 
іс-әрекет  жоспарына  қол  қойды.  Ауған  мәселесінің  өзектілігін  ескере  келе 
кездесуге  қатысушылар  Ауғанстанды  әлеуметтік-экономикалық  қалпына 
келтіру мәселесі бойынша арнайы ШЫҰ-ның конференциясын өткізу туралы 
ұсыныстарын  айтты.  Осы  тұста  Бішкектегі  саммит  аяқталысымен  ШЫҰ 
мемлекет  басшылары  «Бейбітшілік  миссиясы-2007»  деп  аталатын 
антитеррорлық  жаттығудың  соңғы  кезеңі  өтіп  жатқан  Челябинск  қаласына 
ұшып кеткендігін де ерекше атап өтуге болады. 
Осылайша,  Бішкекте  өткен  саммит  Шанхай  Ұйымы  қызметіне    кіретін 
мәселелер ауқымының жылдан жылға кеңейе түсуіне қарамастан, оның басты 
бірінші кезектегі назарында ұстайтын мәселесі – Қауіпсіздікті қолдау болып 
қала беретіндігін көрсетті. 
Бүгінгі  күні  ШЫҰ  ұйым  ретінде  қалыптасқандығы,  оның  қызметінің 
ерекше қажеттілікке ие екендігіне ешкім күмән келтірмес. 
Бұл 
жайға 
Шанхай 
ұйымына 
басқа 
мемлекеттердің 
қызығушылықтарының  артуы,  ұйымға  толық  мүше  болуға  ұмтылған 
бақылаушы-мемлекеттер  есебінен  ұйым  қызметі  шеңберінің  кеңеюі, 
халықаралық байланыстардың дамуы куә болады. Мұнымен бірге, ШЫҰ-ның 
даму  деңгейіндегі  басқа  да  кез  келген  ұйымдар  сияқты,  ШЫҰ-да  бірқатар 
мәселелермен түйіседі және оның келешектегі даму қызметіне байланысты да 
нақты міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды. 
Бірқатар  сарапшылардың  айтуынша,  ШЫҰ-ның  қызметі  аясының 
кеңеюінің де теріс жақтары болды, ол белгілі бір дәрежеде ұйым қызметінің 
әрі  қарай  дамуындағы басты  бағыттарды  белгілеуде  қатысушылар  арасында 
пікірталас  тудырды.  Оған  мысал  ретінде  ұйымға  қатысушы  алпауыт  екі  
мемлекет – Ресей және Қытай арасындағы қатынасты айтуға болады. 
Соңғы  жылдары  ШЫҰ,  көп  жағдайда  ҚХР-ның  бастамасы  бойынша, 
экономикалық  бағытын  әрі  қарай  белсендендіру  қажеттілігіне  үлкен  назар 
аударды, мұнда да, көптеген пікір білдірушілер атап өткендей, ұйымның дәл 
Орталық Азияда қызмет ету векторы ерекше маңызға ие болып отыр  5 . 
Қытай үшін бұл бір жағынан, әлемдік жетекшілікке жетуде аса қажетті, 
арзан  энергетикалық  ресурстарға қол жеткізу  болса,  екінші  жағынан  –  жаңа 
рыноктарға  ену.  Сондай-ақ,  Пекин  үшін  оның  барлық  экономикалық  және 
саяси бастамаларында Орталық Азия елдерінің қолдауы да аса маңызды.  
Ал,  Орталық  Азия мемлекеттері  тарапынан  Қытаймен  ынтымақтастық  
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

191 
 
 
орнату  тауар  айналымдарды,  көлемді  кредиттерді  және  Азиядағы  сауда-
экономикалық  және  саяси  кеңестіктегі  интеграцияларды  дамыту  болып 
табылады.  Алайда,  мұнымен  бірге,  Пекиннің  ШЫҰ  шеңберінде  еркін  сауда 
аймағын  құру  туралы  ұсынысын  қатысушы-мемлекеттердің  барлығы  бірдей 
қолдамады.  Мұнда  олар,  өз  рыноктарында  Қытай  тауарларының  толып 
кетуімен  бірге,  сол  елдің  өз  тауарларының  ығыстырылуынан  да  қауіптенді. 
Сондай-ақ,  көрші  елдерге  заңды  және  заңсыз  еңбек  миграциясының  өсуі, 
ШЫҰ елдерінде Қытай диаспорасының артуы да қауіп төндіріп отыр. 
Ал Ресей болса, ұйымның әскери бөлігін күшейтуге ерекше назар аудару 
қажет  деп  ұсынды.  Ресей  Федерациясының  ӘК  Бас  Штабының  бастығы 
Ю.Балуевскийдің  «Независимая  газетаға»  берген  сұхбатында  «ШЫҰ 
шеңберінде  экономикалық  қызметті  жетілдіру.  Аймақта  қауіпсіздікті 
нығайтпайынша мүмкін емес» - деп атап көрсетті  6 . 
Ресейдің әскери қызметкерлері атап өткендей, әлемде әскери жағдай тез 
қарқынмен дамуда. Ескі қауіп-қатерлердің сақталуымен бірге, олардың жаңа 
түрлері  де  пайда  болуда.  Мұның  барлығы  туып  отырған  мәселелерді  шешу 
механизмін  жасауды  талап  етеді.  Осыған  байланысты,  Ресей  жағы  ШЫҰ 
әскери саласын күшейтуді ұсынды, ал Пекин болса ШЫҰ-н НАТО-ға қарсы 
ұйым  деп  есептейтін  Вашингтонға  қарсы  келуді  қаламағандықтан  Ресейлік 
ұсынысты  қабылдамады.  Сондай-ақ,  Батыс  2007  жылдың  тамызында 
Челябинск  түбінде    өткізілген  «Бейбітшілік  миссиясы-2007»  атты  әскери 
жаттығуға наразылығын білдірген бірқатар американдық баспасөз құралдары  
оны  «ШЫҰ-ның  әскери  күштерінің  шеруі»  деп  те  атады.  Сол  кезде 
немістердің  «Зюддойче  цайтунг»  газеті:  «бұл  жайында  ресми  түрде 
мәлімдемесе  де,  Шанхайлық  топтың  саяси  бағыты  антибатыстық»-  7   деп 
мәлімдеді де. 
ШЫҰ  құрылуы  АҚШ-ның  Орталық  Азиядағы  ықпалының  күшейюіне 
қарсы реакция екендігі сыр емес. Алайда, ұйымның қызметін осы аспектімен 
ғана шектеу мүлдем дұрыс болмас еді. Сондай-ақ, бірқатар саясаттанушылар 
Америка  Құрама  Штаттарының  аймақта  болуы  «күштер  тепе-теңдігін 
сақтауға кепіл және аймақта Ресей және Қытай сияқты алпауыттардың жеке-
дара  үстемдік  қылуына  басты  кедергі»  8   болады  деп  есептеді.  Осындай 
жайды    өлкеде  ЕО  қызметін  белсендендіруге  бағыттаған,  Орталық  Азия 
бойынша  арнайы  стратегия  қабылдаған  Еуропалық  Одақ  туралы  да  айтуға 
болады. 
Бүгінгі  таңда  қалыптасқан  жағдайда  Орталық  Азия  мемлекеттері  үшін 
қауіпсіздік мәселесін шешу ерекше өзектілікке ие. Бұл,  нақтырақ айтқанда, 
энергетикалық  қауіпсіздік,  экология,  су  ресурстарын  үнемді  және  тиімді 
пайдалану,  миграция,  кедейшілікпен  күрес  мәселелері.  Сондай-ақ,  осы 
міндеттерді  шешуді  аймақтағы  жалпы  тұрақтылықты  сақтаудан  бөліп 
қарастыруға  болмайды.  Сондықтан  да,  терроризм,  сепаратизм  және 
экстремизм сияқты қауіптермен күресу, оларға қарсы әскер қолдана отырып, 
күш  біріктіруді  қажет  етеді.  Мұндай  іс-әрекеттердің  өзектілігін  кезінде 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

192 
 
Қырғызстанның солтүстігіндегі Баткиндік оқиға көрсетті. 
Аталған  жайларға  байланысты  Орталық  Азия  мемлекеттері  аймақта 
ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруға  және Шанхай  ұйымының  әскери-саяси 
компонентін  дамытуға  сөзсіз  мүдделі  болды.  Осы  тұста  Батыстық 
саясаттанушылардың  НАТО-ға  қарсы  құрылып  жатыр  деп  даурыққанын 
ешқандай  негізсіз  екендігін  атап  өту  қажет.  Мұндай  пікірмен  сол  батыстық 
сарапшылар  да  келіседі.  Мысалы,  «ғылым  және  саясат»  деп  аталатын 
берлиндік  қордың  Азия  елдері  бойынша  зерттеу  тобының  басшысы 
Г.Беккердің пікірінше,  «батыстық БАҚ-да ШЫҰ-ның НАТО блогына қарсы 
тұратын  тек  антибатыстық,  антиамерикандық  құрылым  деп  қаралады.  Иә, 
өзара  қабылданған  құжаттарда  антиамерикандық  пиғыл  байқалады,  алайда, 
ШЫҰ-на  кіретін  мемлекеттер,  бірінші  кезекте,  өздерінің  мемлекетаралық 
мүдделерін  алға  қояды.  Олардың  тек  Батысқа  қарсы  тұру  үшін  ғана 
жиналмағандығы анық»  9 .  
Бірінші кезекте, бұл пікірлер, қауіп ошағына көрші орналасқан ШЫҰ-на 
мүше  орталықазиялық  мемлекеттерге  қауіп  төндіріп  отырған,  Ауғанстан 
мәселесі  жайында  екендігі  белгілі.  Қырғызстандық  эксперт  А.Князевтің 
пікірінше,  соңғы  жылдары  халықаралық  күштер  және  оған  қоса  ауғандық 
әскерлерде  ондағы  қарсылықтарды  баса  алмай  отырған  кезде,  белгілі  бір 
деңгейде  күштер  балансы  орнаған.  Кабулмен  қоса,  көптеген  әкімшілік 
орталықтары бақылау міндетін атқарып, ел ішінде салыстырмалы түрде тепе-
теңдікті сақтауда.  
Осылайша, Шанхай ұйымы өз қызметін бастаған кезден Орталық Азияда 
тұрақтылық  және  қауіпсіздікті  сақтаудағы  маңызды  құрылым  болды.  Оның 
құрылуын осы облыстағы қалыптасқан мәселелермен байланысты объективті 
себептер  міндеттеді.  Ұйымға  қатысушылар  арасындағы  келіспеушіліктерге 
қарамастан,  ШЫҰ  шеңберіндегі  олардың  қызметіне  тән  қасиет  –  ортақ 
келісімге  келуге  ұмтылу    және  ұтымды  жақтарды  ойластыру  болып 
табылады.  Соңғы  жылдары  өткен  ШЫҰ  самиттері  қатысушы  елдер 
арасындағы мақсаттар мен мүдделер ортақтастығының онан әрi жалғасқанын 
дәлелдейді.  Сондай-ақ,  ұйым    өз  қызметінде,  әсіресе  қауіпсіздікті  сақтау 
мәселесінде, айтарлықтай тәжірибе жинақтағандығын ерекше атап өту қажет.     
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
1.
 
Шанхайская конвенция от 15 июня 2001 г. // htpp://www.sectsco.org. 
2.
 
Декларация  о  создании  Шанхайской  организации  сотрудничества  //  htpp: 
//www.sectsco.org. 
3.
 
Хартия Шанхайской организации сотрудничества // htpp://www.sectsco.org. 
4.
 
ШОС и Афганистан создали контактную группу // РИА «Новости». –2005, 4 
ноября // htpp://www.rian.ru. 
5.
 
Маслов  А.  Россия  и  Китай  борются  друг  с  другом  за  влияние  в  ШОС  // 
Независимая газета. –2007, 24 сентября  // htpp://www. centrasia.ru. 
6.
 
Соловьев  В.,  Иванов  В.  Шанхайский  договор  вместо  Варшавского  // 
Независимая газета. –2007, 10 августа // htpp://www.centrasia.ru. 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

193 
 
7.
 
Противоречивый  облик  ШОС  //  Обзор  прессы  радиостанции  «Немецкая 
волна». –2007, 17 августа // htpp://www. dw-world.de. 
8.
 
Сыроежкин К. Проблемы современного Китая и безопасность в Центральной 
Азии. –Алматы, 2006. –С.234. 
9.
 
Эксперты  о  перспективах  ШОС  //  Обзор  прессы  радиостанции  «Немецкая 
волна». –2007, 17 августа // htpp://www.dw-world.de. 
10.
 
Уверенная поступь Востока вызывает дрожь  на Западе // Обзор зарубежной 
прессы о саммите ШОС. –2007, 18 августа// htpp://www.ferghana.ru/ 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  рассматриваются  цели  и  задачи  Шанхайской  организации 
соотрудничества  в  области  безопасности  в  Азиатском  регионе.  Автор  анализирует  основные 
направления  деятельности  ШОС,  роль  аспектов  безопасности,  делает  краткий  обзор 
актуальных задач и проблем применительно к Центральной Азии.  
(Динашева Л.С., Бабакулов Н. ШОС и проблемы безопасности в Цнтральной Азии) 
 
SUMMARY 
This article describes the goals and objectives of the Shanghai Cooperation Organization in the 
field of security in the Asian region. The author analyses the main activities of the SCO, the role of 
the safety aspects, makes a brief overview of current issues and problems in Central Asia.  
(Dinasheva L.S., Babakulov N. SCO and Security Issues in Central Asia) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                 
      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет