Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.24 Kb.

бет2/28
Дата09.01.2017
өлшемі6.24 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассмотрены  вопросы  исследования  казахских  словосочетаний  методом 
математической  лингвистики.  Для  исследования  казахских  словосочетаний  методом 
математической  лингвистики  надо  расcмотреть  его  в  тесной  взаимосвязи  с  синтаксисом. 
Основываясь  на  этом  в  научной  статье  рассмотрены  методы  выявления  лексико-
статистических данных казахских словосочетаний.  
(Молдабек  Қ.,  Дуйсенова  М.  Исследование  словосочетаний  методом  математической 
лингвистики) 
 
SUMMARY 
The article deals with the study of the Kazakh collocation method of mathematical linguistics. 
To  study  the  Kazakh  phrase  by  mathematical  linguistics  need  to  watch  it  closely  with  the  syntax. 
Based  on  this  scientific  article  describes  methods  to  identify  lexical  statistics  Kazakh  phrase.  Given 
concrete examples in the article. 
(Moldabek K., Duysenova M. 
Researches phrase by mathematical linguistics

 
 
 

12 
 
 
ӘОЖ  811. 512. 122' 374 
А.Ж. БАЙНИЯЗОВ 
филология ғылымдарының кандидаты,  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры 
 
Ж.Т. БАЙНИЯЗОВА 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. 
                              
 
СӨЗДІК ЖАСАУДЫҢ ДЕРЕККӨЗДЕРІ ТУРАЛЫ 
 
Сөздіктерге  негіз  болатын  дереккөздерді  жинақтау,  жүйелендіру,  кем-
кетігін  түгендеу  –  сөздік  түзу  ісіндегі  басты,  негізгі  назарда  ұстанатын 
мәселе.  Лексикографиялық    жұмыстарды  жүргізуде,  реттеуде  және  оны  
жүзеге  асыруда  картотекалық  жұмыстардың  дұрыс  жобалануы  шарт.  
Мақалада  қазақ  лексикографиясында  дереккөздерді  жинақтау  мен  бастапқы 
материалдар  мәселесін  көтерген,  сөздік  түзу  ісінің  алғышарттарын  жасаған  
тілші-ғалымдардың  еңбектері  мен  пікірлеріне  тоқталады.  Сонымен  бірге 
дереккөздердің  қандай  әдебиеттерді  сұрыптай  отырып  жиналатыны  және 
қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігіне  дереккөз  болатын  негізгі  әдебиеттер 
жайында  да  баяндалады.  Авторлар  картотекалық  қордың  қаншалықты 
маңызды екендігі туралы тұжырымдар жасайды. 
 
Кілт сөздер: қазақ лексикографиясы, картотекалық қор, түсіндірме сөздік.  
 
Сөздіктердің  дереккөздері  жөніндегі,  сөздікке  негіз  болатын  бастапқы 
материалдарды  жинақтау  мен  сақтаудың  формалары  мен  әдіс-тәсілдері  
жөніндегі мәселе  – сөздік түзу жұмысындағы келелі мәселелердің бірі. Қандай 
лексикографиялық шығарма болса да, оның түзілуі картотека мәселесінің оңды 
шешілуімен  тікелей  байланысты  екендігі  анық.  Жобаланып  отырған  сөздікке 
алынатын  дереккөздер  корпусын  анықтау,  басқа  сөздіктерді  дереккөз  ретінде 
пайдаланудың  сипаты  мен  ерекшеліктерін  белгілеу,  жалпы  ғылыми,  жалпы 
әдеби, жалпы тілдік шығармалардан, сонымен бірге, арнаулы салалық бағдарлы 
шығармалардан материал жинақтаудың әдіс-тәсілдерін сипаттау, ауызекі сөйлеу 
тілі негізінде даярланған жазбаларды пайдаланудың әдіс-тәсілдері мен қолданым 
шектерін анықтау, тиісті тілдік бірлікті ұсынатын мәтін бөлшегінің сипаты мен 
ұзындығын  белгілеу,  тілдік  бірліктің  қолданымын  дәйектейтін  мәтін 
бөліктерінің  жалпы  санын  айқындау  –  материалды  дайындауға  қатысты  іс-
шаралардың  қысқаша  тізбесі  осындай.  Оның  үстіне  сөздік  материалдарды 
жинақтайтын картотекалардың түрлері, оларды толтырудың әдістемесі, сонымен 
бірге,  материалды  сұрыптап  алудың  инструкциясы,  картотека  жасау  ісін 
механикаландырудың,  автоматттандырудың  жолдары,  т.б.  –  лексикография 
теориясында қарастырылуы тиісті мәселелер.   
Бастапқы  материалдар  мәселесін  көтеру  қазақ  лексикографиясында 
С.Жиенбаев  еңбегінен  басталады.  Қазақ  тілінің  басталып,  аяқталмай  қалған  
академиялық   сөздігіне    арналып    түзілген   инструкцияның   екінші   бөлігінде  
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

13 
 
«Сөздік  картотекасына  цитат  теру  жайындағы  инструкция»  және  «Жазу 
техникасы»  атты  тақырыпшалар  бар.  Түсіндірме  сөздік  алғаш  рет  жасалып 
отырғандықтан   қандай   сөзге   қай   шығармадан   қандай   мысал   алу‚   қандай 
мысалдарды  алмау‚  алынған  мысалдарды  карточкаға  қалай  жазу  мәселелеріне 
айрықша көңіл бөлінген. Ғалым: «Сөздің толық мінездемесі осы карточкалардан 
айқын  көрінетін  болады.  Қай  жерде  қандай  мағынада  қолданылатынын‚  тура 
мағынасы  мен  бұрма  мағыналары  қандай  екендігі‚  сөздің  стильдік‚  көркемдік 
қасиеттеріне  тән  қандай  арнаулы  тізбектер  бар  екені‚  сөздің  дыбыс 
құбылысында
‚  тұлғасында‚  емлесінде  қандай  ерекшеліктер  бар 
екені  -  осындай 
жақтарының  бәрі  де  цитат  карточкаларынан  байқалатын  болады»,  –    дейді 
[1‚11б]. М.Малбақов қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінің картотекалық 
базасы  туралы  төмендегідей  деректер  келтіріледі:  «Он  томдық  түсіндірме 
сөздіктің  жалпы  редакциясын  басқарушы  профессор  А.Ысқақов  қазақ  тілінің 
түсіндірме  сөздігіне  қажетті  дәйектеме  материалдарды  жинастыру  ісінің  1937 
жылдан  бері  жалғасып  келе  жатқандығын  жазады.  Демек‚  алғашқы  түсіндірме 
сөздікке мысал теру осы кезден басталған болу керек» [2].  Сөз болып отырған 
инструкцияның алғашқы бөлігінің өзі 30 баптан тұрады. Ғалым мысалдардың екі 
түрлі  қордан  алынатыны  туралы  жазады.  Бірі  –    сөздіктер  болса‚  екіншісі  –  
қазақтың жазба әдебиеті. Жазба әдебиет ретінде ғалым көркем әдебиетті‚ кәсіп 
түрлері  (өнеркәсіп‚  ауыл  шаруашылығы‚  аңшылық‚  балықшылық‚  қолөнер) 
бойынша жазылған  еңбектерді‚ әдет-ғұрыпқа байланысты материалдарды‚ түрлі 
пәндер  бойынша  жазылған  оқу  құралдары  мен  қосалқы  оқу  материалдарын‚ 
диалектологиялық  экспедициялардың  материалдарын‚  газет‚  журналдарды‚ 
қазақ тілінде жазылған ескі мұрағаттарды атайды. Ғалым мысал алынуға тиісті 
сөздіктер  қатарында  жалпытүркілік  Л.Будагов‚  В.В.Радлов  сөздіктерін  келтіре 
отырып‚  олардан  мысал  жазып  алудың  үлгісін  береді.  Жалпылама 
қолданылатын  лексикаға  жататын  сөздерге  мысалдарды  негізінен  көркем 
әдебиеттен  алудың  қажеттілігі  сөз  болады.  Ғалым  сөздікке  мысалдарды  Бұхар 
жыраудың‚ 
Махамбеттің‚ 
Шәңгерейдің‚ 
Абайдың‚ 
Сұлтанмахмұттың 
шығармаларынан‚  батырлар  жырынан  көбірек  алуды  жөн  санайды. 
Инструкцияның  23-42  беттерінде  келтірілген  сөздік  мақала  үлгілерінде‚ 
шынында  да‚  арғы  дәуірдегі  Асанқайғының  сөздерінен  бастап‚  өткен 
ғасырлардағы  Дулат‚ Махамбет‚ Абай‚ Сұлтанмахмұт‚ М.Сералин тәрізді ақын-
жазушылардың шығармаларынан‚ әсіресе «Бозжігіт»‚ «Есімхан»‚ «Гүлкәшима»‚ 
«Гүлжәмила»‚  «Мұңлы  Мәриям»  поэмаларынан‚  «Едіге»‚  «Бөгембай»‚ 
«Кенесары»‚  «Ер  Ағыбай»‚  «Наурызбай»‚  «Орақ-Мамай»‚  «Қарасай-Қази»‚ 
«Шора»  батырлар  туралы  қисса‚  дастан‚    тарихи  жырлардан‚  «Ер  Тарғын»‚ 
«Алпамыс»‚  «Қамбар»‚  «Қобыланды»‚  «Ер  Сайын»  тәрізді  батырлық 
жырлардан‚  «Қыз  Жібек»‚  «Қозы  Көрпеш  -    Баян  Сұлу»‚  «Айман-Шолпан» 
тәрізді лиро-эпостық жырлардан‚ «Біржан-Сара»‚ «Әсет-Рысжан»‚ «Шортанбай-
Орынбай»‚  «Жүсіп  қожа-Жекей  қыз»  айтыстарынан‚  Ы.Алтынсариннің  1879 
жылғы 
хрестоматиясынан‚ 
1920-30 
жылдары 
қойылған 
драмалық   
шығармалардан    алынған    дәйектеме   материалдардың    
молдығын 
 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

14 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 
байқауға  болады.    А.Ысқақов:  «Ертеректе  (революциядан  бұрын  да‚  кейін  де) 
араб‚  латын  әріптерімен  жарияланған  әдебиеттен  (кітап‚  журнал‚  газет‚  т.т.)‚ 
сондай-ақ‚  қазіргі  әріппен  шыққан  кейбір  әртүрлі  себептермен  қолайсыз 
танылған  әдебиеттен  де  мысалдар  тіпті  алынған  жоқ»,  [3.505]  –  деп  жазады. 
Б.Қалиев  «Қазақ  тілінің  қазыналы    сарайы»      атты  мақаласында    түсіндірме  
сөздікке    дәйектеме  материал    жинақтауда  1950-жылдары  карточка  саны  586 
мыңға  жеткені‚  осы  қордың  негізінде  екі  томдық  түсіндірме  сөздіктің 
жасалғаны‚  он  томдық  сөздікті  жасауға  кірісер  алдында  карточканың  саны  2 
миллионға  таяу  болғаны‚  оның  қазіргі  кездегі  санының  4  жарым  миллионнан 
асқаны туралы жазады.  
Қазақ 
лексикографиясы 
бойынша 
жаңа 
зерттеулердің 
бірі 
– 
Г.Көбденованың  «Қазақ  тілінің  тарихи  лексикографиясы:  құрылымы  мен 
ұстанымдары» атты еңбегі [4]. Автор картотекалық қордың сипаты, маңызы мен 
рөлі  туралы  айта  отырып:  «Картотекалық  қор  –  кез  келген  лексикографиялық 
бастаманың,  сөздіктер  жасаудың  негізгі  базалық  қоры.  Лексикография 
саласының ең өзекті саласы болып саналатын картотекалық қорда карточканың 
саны,  олардың  тіл  байлығын  көрсете  алуы,  сөздер  мен  сөз  тіркестерін 
қаншалықты  жинай  алуы,  жазылған  мысал-дәйексөздердің  сол  сөздер  мен 
тіркестердің  барлық  мағынасын  қамти  алуы,  қамтыған  жағдайда  сол 
мағыналарды саралауға, жіктеуге және дәлелдеуге олардың мүмкіншіліктерінің 
жетуі,  мысал-дәйексөздерге  алынатын  авторлар  мен  деректемелер  т.б. 
мәселелердің дұрыс шешілуі оның сапасын айқындай түседі»,  –  дейді.   
Зерттеуші  картотекалық  қордың  лексикографиялық  жұмыстарда, 
сөздіктер  жасауға  ғана  пайдаланылып  қоймай,  әртүрлі  теориялық, 
лексикалық,  грамматикалық  зерттеулерге  де  кеңінен  пайдаланылатынын 
жазады.  Автор    картотекалық  қордың  тіл  дамуымен  бірге  дамып,  үнемі, 
үздіксіз толықтырып отыруды қажет ететін сөздің қазыналық қоры екендігін, 
оның    ұлттық,  мәдени  құндылық  болып  табылатынын  айта  келіп, 
картотекалық қорлар туралы мынадай тұжырым жасайды:  
1)  Жалпы  картотекалық  қорда  жалпы  тілдік  материалдар  жинақталады. 
Бұнда сөздің белгілі бір топтары жүйеленбеген түрде орналасады. 
2) Арнайы бағыттағы картотекалық қор белгілі бір сөздікке бағытталып, 
сол сала бойынша дереккөздерден сұрыптап алынады. Бұл тарихи сөздіктер 
жасаудың бірден-бір дереккөзі, материалдық базасы болады. 
3)  Қосымша  картотекалық  қорға  тіл  жанашырлары,  зерттеушілердің 
жинақтаған  карточкалары,  ғылыми  ізденістерден  алынған  үзінділер, 
еңбектерден  алынған  дәйексөздер,  көптеген  сөздіктер  мен  анықтағыш 
құралдары,  лексика,  грамматика,  стилистика,  этимология  т.б.  бойынша 
мақалалар т.б. жатқызылады. 
Қорыта  келгенде,  картотекалық  қорды    қоғамдық  пікірлер  жиынтығы 
десе  де  болады.  Картотекалық  қор  сөздік  жасау  үшін  ғана  емес,  сонымен 
бірге   ғылыми-зерттеу  жєне  ғылыми    кеңестер   беру  жұмыстары  үшін де  

15 
 
 
пайдалы.  Картотекалық  қор  мәселесінің  әлі  де  күн  тәртібіне  енбеген 
мәселелері жеткілікті. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Жиенбаев  С.  Сөздіктің  мақсаты  мен  жасалу  принциптері  //  ҚазССР  ҒА 
Хабарлары. 3-шығуы. –Алматы, 1945. –3-11 бб. 
2.
 
Малбақов М. Бір тілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері. –Алматы: 
Ғылым, 2002. – 368 б. 
3.
 
Ысқақов  А.  Қазақ  тілінің  он  томдық  түсіндірме  сөздігі.  Қазақ  тілінің 
түсіндірме сөздігі. – 10 том. – 505 б. 
4.
 
Көбденова  Г.  Қазақ  тілінің  тарихи  лексикографиясы:  филол.  ғыл.  канд.  ... 
автореф.:10.02.02. – Алматы, 2008. – 24 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается    вопрос  важности  и  значения  картотечного  фонда  в  определении 
отборе  источников  словарного  лексического  запаса  при  составлении    словаря.  Кроме  того  автор 
уделяет  особое  внимание  способам  и  путям  расширения  словарного  запаса  путем  правильного 
использования  материалов источников. 
(Байниязов А.Ж., Байниязова Ж.Т. Об источниках создания словарей) 
 
SUMMARY 
In article the question of importance and value of card-index fund in definition selection of sources of 
a  dictionary  lexical  stock  by  drawing  up  the  dictionary  is  considered.  Besides  the  author  pays  special 
attention to ways and ways of expansion of a lexicon by the correct use of materials of sources. 
(Bainiyazov A.ZH., Bainiyazova ZH.T. About sources of creation of dictionaries) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

16 
 
 
ӘОЖ 419. 992 71:405 
Қ. МОЛДАБЕК 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
М. ДУЙСЕНОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің PhD докторанты 
 
СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ МОДЕЛЬДЕРІ 
 
Бұл  мақалада  қазақ  тіліндегі  сөз  тіркестерін  модельдеу  мәселесі 
қарастырылған.  Модуль  терминін  анықтау  үшін  С.И.Архангельский, 
В.А.Штофт, 
М.Вортофский, 
В.В.Ермилова, 
Д.Ю.Ермилов, 
М.К.Мамардашвилий,  т.б.  ғалымдардың  зерттеулері  талданды.  Жоғарыда 
аталған ғалымдардың пікірінің негізінде лингвистикалық модель терминінің 
анықтамасы  берілді.  Сонымен  қатар  қазақ  ғалымдары  Н.Құрманов, 
Қ.Молдабек,  М.Ермекбаевалардың    еңбектеріне  сүйене  отырып,    қазақ 
тіліндегі  сөз  тіркестерінің  моделі  құрастырылды.  Осы  құрастырылған 
«модель»  қазақ  тіліндегі  сөз  тіркестері  түрлерінің  және  олардың 
статистикалық  мәліметтерінің  ерекшеліктерін  анықтауға  мүмкіндік 
туғызды. 
 
Кілт  сөздер:  модель,  өлшем,  тип,  бөлшекті,  бейнелі,  пішін, 
эмпирикалы, идеал модельдер. 
  
«Модель»  мазмұны  мен  типі,  мақсаты  мен  міндетіне  байланысты 
әртүрлі. Олар зерттелетін заттық ортаның түп нұсқасының мазмұнына, оның 
қоршаған  ортаға  әсеріне  де  байланысты  өзгеріп  отырады.  Модель  айтылу, 
қолдану ретіне қарай заттық ортаны айқындайтын білім туралы ұғым ретінде
белгілі  топтасқан  өзара  байланысты  сөйлем  жиынтығы  қорытындылар 
түрінде; 
объектінің 
негізгі 
жақтарын, 
элементтерін, 
байланысын 
айқындайтын физикалық графика  – схема түрінде; сондай-ақ негізгі сыртқы 
және  ішкі  байланыстары  мен  қатынастарын  анықтайтын  математикалық 
формулалар  немесе  сандық  кестелер  түрінде  де  болуы  мүмкін.  С.И. 
Архангельский өзінің еңбегінде модельдеуді төрт түрге бөледі: 
1.
 
Қарапайым. 
2.
 
Күрделі. 
3.
 
Схемалы. 
4.
 
Бөлшекті.  
Модельдеу  түрлері  бір-бірімен  үйлесіп,  толықтырылып  отырады.  Кез-
келген  модельдеуді  әсіресе,  күрделі  модельдеудің  мақсаты  мен  міндетін, іс-
әрекетін  және  құралдарын  таңдау  әрі  бұл  құралдарды,  әрекеттерді  негіздеу 
үшін арнайы даярлық қажет [1].  
В.А.Штофт модельдерді түрлі белгілері бойынша екіге бөлінеді: 
- сезімдік-бейнелі элементтерден құралатын бір жақты идеал модельдер.  
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

17 
 
 
Мұнда  сезімдік-бейнелі  элементтер  модельденетін  нақты  құбылыстыңтиісті 
элементтерімен ұқсастықта болуы көзделеді; 
-  идеал  модельдер.  Таңбалық  жүйелерді  көрсетеді,  өйткені  олардың 
элементі арнайы таңбалар болады [2]. 
М.Вортофскийдің тұжырымы бойынша «Модель – бұл жоғары дәрежеде 
мамандандырылған,  бізді  техникалық  жарақтандырудың  бір  бөлігі,  оның 
ерекшелігі  де  келешектегіні  құруда...  модель  деп  тек  қана  жеке  мәнді  емес, 
осы мәнді ұсынатын іс-әрекеттің тәсілін айтамын» [3]. 
Философиялық сөздікте «Модельдеу (фр. modele – үлгі, пішін) – зерттеу 
үшін арнайы жасалған бір объектіде басқа бір объектінің сипаттамасын қайта 
жаңғырту...  Зерттеушіні  қызықтыратын  объекті  мен  оның  модельінің 
арасында белгілі бір ұқсастық болуы керек» [4]. 
В.В.Ермилова  мен  Д.Ю.Ермилова  өздерінің  еңбектерінде  «Модельдеу  – 
бейнелеу, яғни тұтас объектіні (объект жүйесін), ситуацияны немесе процесті 
сипаттау немесе ұсыну» [5], - деп түсіндіреді. 
Дегенмен, 
әдіснамалық 
тұрғыдан 
американдық 
философ 
М.Вартофскийдің  көзқарасының  маңызы  жоғары.  Ол  модельді  болашақ 
әрекетке  бағдарланған  прототип  деп  атауды  ұсынады.  «Ең  алдымен  менің 
есептейтінім,  модельдер  –  біздің  техникалық  жабдықтауымыздың  жоғары 
мамандандырылған бөлігі, олардың өзіндік функциялары болашақты жасауда 
тұрады… модель ретінде мен кейбір мәнді ғана емес, осы мәнді анықтайтын 
әрекет  тәсілін  көремін.  Бұл  мағынада  модельдер  –  мақсаттарды  іске  асыру 
және  сонымен  қатар  осы  мақсаттарды  іске  асыратын  инструменттер… 
Модель бір мезгілде мақсатты ескереді және оның жүзеге асуын кепілдейді» 
[6], - дейді.  
М.К.Мамардашвили:  «Модельде  эмпирикалық  түрде  байқалатын 
шындықтың  барлық  толып  жатқан  қасиеттері  мен  байланыстары  тізілетін 
сияқты,  олар  бұл  жағдайда  тек  ғылыми  жолымен  алынады;  адам  оларға 
қатысты  зерттеуші  болады»,  -  деп  атап  көрсетеді  [7].  Дегенмен,  зерттеудің 
мақсаттарына  неғұрлым  сәйкес  келетін  «модель»  ұғымын  И.Дыдина 
анықтаған.  Бұл  «ойша  елестетілген  немесе  материалды  жүзеге  асырылған 
жүйе, ол зерттеу объектісін бейнелей отыра немесе қайта  жаңғырту арқылы 
оның орнын басуға қабілетті болады, бұл жағдайда оны қарастыру бұл объект 
жөнінде  бізге  жаңа  ақпарат  береді»  [8,73  б.].  Бұл  зерттеу  жұмысы  тапқан 
және  баяндаған  модельдің  болуы  жөніндегі  керекті  және  жеткілікті 
шарттарына негіз бола алады. Атап айтқанда;  
-
 
модель  мен  түпнұсқа  арасында  ұқсастық қатынастығы  болады,  оның 
формасы айқын көрсетілген және дәл анықталған (бейнелеу және ұқсастықты 
анықтау шарттары); 
-
 
модель ғылыми таным үдерісін зерттелетін объектінің орнын басатын 
болады (репрезентативтік шарты). 
Қорыта айтқанда, қоршаған ортамен араласып, қарым-қатынас жасаудың 
нәтижесінде адам өз танымына қарай модель құрайды.  
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

18 
 
 
Лингвистикалық модель зерттеу нысанының қасиеттерін бойына сақтай 
алуы  қажет.  Теориялық  жағынан  алғанда  модель  мәтіннің  ұзындығына  да, 
сөйлемдер  санына  да  шек  қоймайды.  Сондықтан  да  лингвистикалық 
модельдің  формальді  пішінде  болуы,  оның  мүмкіндік  шегін  барынша 
ұлғайтуға  жағдай  жасайды.  Кез  келген  лингвистикалық  модель 
математикалық  терминдермен,  ал  оның  түсінігі  тілдік  терминдермен 
бейнеленеді [9,73 б.]. 
Лингвистика  мен  математиканың  жақын  келетін  тұстары  да  кездеседі. 
Сондықтан табиғи тіл құрылымын сипаттауда қолданылатын математикалық 
әдістің  негізгісі  де  осы  модельдеу  әдісі.  Сонымен  бірге  құрылымдық 
лингвистикада  басқа  да  әдістер  молынан  қолданылады:  аксиомалық, 
формальдау әдістері мен жиындар теориясы және функциялар теориясы, т.б. 
[9, 25б]. 
Хоккет:  «Айқындалған  ережелер  жүйесі  грамматикалық  сипаттау 
модельін  құрайды  және  бұл  модель  тілдің  грамматикасын  зерттейді, 
нәтижелерін тұжырымдайды. Қанша түрлі мағынадағы сипаттау болса, сонша 
түрлі  модель  болады...»,  –  дейді  [10,  210  б.].  Хоккеттің  «Екі  модель»  атты 
мақаласы  және  Хомскийдің  «Тілді  сипаттаудың  үш  модельі»  деген 
мақалалары  тілдік  құрылымдарды  модельдеудің  түрлеріне  арналған  аса 
құнды ғылыми еңбектер деуге болады. Профессор Н.Хомский ол жөнінде сол 
1956  жылғы  конгресте  «Лингвистикадағы  түсіндіру  модельдері»  деген 
баяндама жасаған [11, 210 б.].  
Модельдеуді  қолданудың  тиімділігі    адамның  санасында  сөз 
тіркестерінің  заңдылықтарын  жинақтауын.  Сөз  тіркесі  модельінің    оның 
дыбыстық  алгоритмі    мен  нақты    мағынасына  тәуелді  емес.  Мысалы,  мына 
модельді  алайық:  Ad  j  +  S  (сын+зат).  Бұл    модель  бойынша  жүздеген  сөз 
тіркесі  жасалатын    болғандықтан,  олардың  әрқайсысының    жекелеген 
мағынасы    мен  айтылу  ерекшеліктеріне    осы  модельдегі    сөз  тіркесі  үшін  
мағыналық    жағына  үйлесімділік    тапқан  сын  есім    мен  зат  есімнің    тіркесі 
жасалады.  Мысалы,  көк  аспан,  алтын  сағат  және  т.б.  Мұндай  сөз  тіркестері 
синтагмалық  қатынаста  жасалады.  Сөз  тіркестерінде  сөздер  белгілі  бір 
байланысу тәсілі арқылы өзара байланысқа түсіп, одан синтаксистік қатынас 
туындатады.  Мұның  барлығы  синтагмалық  тізбекке  енген  сөз  тіркесінің 
өзіндік  бір  жүйе  сияқты  құрылатынын  көрсетеді.  Жүйені  үйлесімді 
орналасқан  бөлшектердің  өзінен  жоғары  деңгейдегі  тұтастық  құрауы  деп 
танитын  болсақ,  онда  формасы  мен  мағынасы  жағынан  үйлескен  екі  сөздің 
синтагмалық тізбекке еніп, сөз тіркесі деген жаңа деңгейдегі тұтастық құруы 
соның  дәлелі  болады.  Төмендегі  модельдер  Н.Құрманова,  Қ.Молдабек, 
М.Ермекбаевтардың еңбектерінен алынды. Мұны мынадай жолмен көрсетуге 
болады.   N + N (есім сөз + есім сөз)   формасындағы    есімді   сөз   тіркестері 
1.
 
Анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестері - А+ N(анықтаушы 
мағынадағы есім сөз +  есім сөз ) модельі 
2.
 
ADJ + S (сын есім + зат есім) формасындағы есімді сөз тіркестері 
3.
 
NUM + S (сан есім + зат есім ) формасындағы есімді сөз тіркестері 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

19 
 
 
4.
 
PRON + S (есімдік + зат есім) формасындағы есімді сөз тіркестері 
5.
 
ADV+ S (үстеу + зат есім ) формасындағы  сөз тіркестері 
Етістікті сөз тіркестері 
6.
 
V(есімше) + S формасындағы  сөз тіркестері 
7.
 
V(меңгеріле  байланысқан  етістікті  сөз  тіркестері)    модельіндегі 
толықтауыштық  қатынастағы етістікті сөз тіркестері 
8.
 
С+  V  (қабыса,  меңгеріле  байланысқан  етістікті  сөз  тіркестері)  
модельіндегі пысықтауыштық  қатынастағы етістікті сөз тіркестері 
9.
 
Ш + V  шылаулар арқылы байланысқан  сөз тіркестері 
N- есім сөз 
ADJ - сын есім 
S - зат есім 
NUM – сан есім 
PRON - есімдік 
ADV үстеу 
V – есімше 
Мысалы: алтын сағат сөз тіркесін қарастырайық.  
Мұндағы синтагмалық тізбекте екі сөз орналасқан: алтын + сағат. ADJ - сын 
есім+ S - зат есім 
- Олардың байланысу тәсілі - орын тәртібі.  
- Байланысу түрі - қабысу. 
- Туындайтын мағыналық қатынасы - анықтауыштық. Өйткені, басыңқы 
мүше –не? -  сағат, бағыныңқы мүше - қандай? - алтын. Бұл түстің сағатқа тән 
болатыны  белгілі.  Ендеше  мағыналық  байланыс  бар,  формалық  жағынан 
жалғаусыз, қабыса байланысып тұр.   
Тағы  да  сөз  тіркестерінің  сөзжасамдық  моделін  көрсетейік. 
Морфологиялық  тұлғалар  төменде  көрсетілгендей  символдар  арқылы 
таңбалаған: N – кез келген есім сөз табы; – зат есім; Аdj – сын есім; Num – 
сан есім; Pron – есімдік; Adv – үстеу; Inf – тұйық етістік; Adv
lok
 –мекен үстеу; 
Adv
temp
  –  мезгіл  үстеу;  Adv
mod
  –  қимыл-сын  үстеу;  N
1
–N
2
–N
3
.–  есімді 
компоненттердің септік тұлғалары;  V – етістік; V
pas
  –  ырықсыз  етіс  тұлғасы; 
N
р
 – шылау не көмекші сөзді есім сөз.  
Біздің  зерттеуімізде  әр  стиль  бойынша  алынған  сөзт  тіркестеріне  38 
морфологиялық дерек белгі-код тағайындалды. Бұл моделдер А.Жұбановтың 
еңбегінен  алынды.  Модельдің  негізі  –  сөз  тіркесі  (СТ):  S  –  бастауыш;  P  – 
баяндауыш; At – анықтауыш; Ob – толықтауыш; Ad – пысықтауыш. Сөйлем 
мүшесінің (СМ-ның) дәрежесіндегі келесі сандар мен шартты белгілер мына 
деректерді білдіреді: 0 – жасырын зат есім, 1 – зат есім, 2 – сын есім, 3 – 
сан есім, 4 – есімдік, 5 – етістік, 6 – еліктеуіш сөздер, 7 – шылау, 8 – үстеу
9  –  одағай,  10  –  модаль  сөздер,  1
+
  –  көмекші  есім,  +  –  туынды,  ++  − 
қосарланған,  біріккен.  Сол  сияқты,  сөйлем  мүшесінің  индексі  де  мынадай 
ақпараттарға ие: Ø  – жалқы есім, 1 – жекеше түрі, 2  – көпше түрі, І−ІІІ  – 
тәуелдік жалғау (көптік жалғаудан  кейін),  б\р – бұйрық рай,  ш\р – шартты  
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

20 
 
 
рай, қ\р – қалау рай, > – етіс категориясы, < – болымсыздық категориясы, е 
–  есімше,  к  –  көсемше  (баяндауыштан  кейін,  соңында  тұрады),  а  –  атау 
септік,  і  –  ілік  септік,  б  –  барыс  септік,  т  –  табыс  септік,  ж  –  жатыс 
септік,  ш  –  шығыс  септік,  к  –  көмектес  септік  (орны  екінші  индекс),  і\  – 
жасырын ілік септігі, т\ – жасырын табыс септігі, І – ІІІ – жіктік жалғау.  
Мысалы,  Құртқа  сөзін өткізді (ҚБ). Құртқа  + өткізді At
1
Ø,і
 + P
5
Ø,Ø,ІІІ
 
Моделі:           сөзін өткізді    Os
1
1,т 
+ өткізді P
5
Ø,Ø,ІІІ 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Архангельский  С.И. Учебный процесс в высшей школе, его закономерности, 
основы и методы. –М.: Высшая школа, 1980. –368 с. 
2.
 
Штофф В.А. Моделирование и философия. –М.: Наука, 1996. –301 с. 
3.
 
Вартофский М. Модели. Репрезентация и научное понимание. / Пер. с англ., 
общ. ред. и послесл И.Б. Новика и В.Н. Садовского. –М.: Прогресс, 1988. –507 с. 
4.
 
Философиялық  сөздік.  /  Ред.  Р.Н.  Нұрғалиев,  Ғ.Ғ.  Ақмамбетов,  Ж.М. 
Әбілдин және т.б. –Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1994. –525 б. 
5.
 
Ермилова  В.В.,  Ермилова  Д.Ю.  Мастерство.  –М.:  Изд.  центр  «Академия», 
2001. –184 с.   
6.
 
Вартофский  М.  Модели.  Репрезентация  и  научное  понимание.  /  Общая 
редакция Новика и Садовского, перевод с английского. –М.: Прогресс, 1988. –510 с.  
7.
 
Мамардашвили  М.К.  Как  я  понимаю  философию:  Сборник  /  Составитель  и 
ответственный редактор Ю.П. Сенокосова. –М.: Прогресс, 1992. – 414 с.  
8.
 
Дыдина  Б.С.,  Никитина  Е.Д.,  Каргаполов  Е.П.  Методология  и  методика 
моделирования  при  решении  проблем  физкультурного  образования.  –Методические 
разработки. – М.: ГЦОЛИФК, 1986. – 36 с.  
9.
 
Дешериева Т.И. Языкознание и математика. – Алматы: Наука, 1972. − 84 с.  
10.
 
Hockett С. F. Two models of grammatical description. // Word, 10 (1954),  –№2-
3. – s. 10-234. 
11.
 
Хомский  Н.  Три  модели  описания  языка.  //  Кибернетический  сборник.  –
Вып.2, ИЛ. – М., 1961. – С. 237-266. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал