Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.24 Kb.

бет17/28
Дата09.01.2017
өлшемі6.24 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

РЕЗЮМЕ 
В  статье  дается  анализ  иторических  источников,  описывающих  понятие  “пяти  видов 
оружия”  казахских  батыров  и  на  основе  имеющихся  исторических  материалов 
рассматриваются причины, в следствие которых комлект война состоял именно из пяти видов 
оружия. 
(Касенов  Т.Б.  Отражение  в  исторических  источниках  понятия  “пяти  видов  оружия” 
казахских батыров) 
 
SUMMARY 
This  article  deals  with  the notion  of  Kazakh  heroes  five  types  of  quns  in  historical  sources.  It 
touches upon the number of quns basinq on historical materials. 
(Kasenov  T.B.  Reflextion  about  the  notion  of  Kazakh  heroes  five  tupes  of  quns  in  historical 
sources) 
 
 
 
 
 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

146 
 
 
ӘӨЖ 371.71: 796.1 
Ұ.АДЫРБЕКОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы 
 
ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ  
ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ РӨЛІ 
 
Мақалада  жеке  тұлғаның  дені  сау,  көңілі  сергек,  жаны  таза  болып 
қалыптасуы үшін оның өміріндегі дене шынықтыру мен спорттың алатын 
орны жайлы сөз  қозғалады.  Дене шынықтыру мен спорт адам қызметінің 
өз  бетінше  салауатты  да  саламатты  болып  өсіп-жетілуіне  ықпал  ететін 
жан-жақты әрі көп қырлы құрал болып табылады. Демек, дене шынықтыру 
жаттығулары  мен  спорт  түрлері  қоғамдық  өндіріске  де  елеулі  әсер  етеді. 
Ол  адам  денсаулығының  деңгейін  жоғарылатуға  және  нығайтуға 
бағытталған  қоғамдық  мәдениеттің  бір  саласы  ретінде  де  әлеуметтік 
міндеттерді – адамның үйлесімді де жан-жақты даму тәрбиесін атқарады. 
Адам  бойындағы  физикалық  күштің  және  қозғалмалы  дағдылардың  даму 
деңгейлері мәселелері де кеңінен қарастырылған.    
 
Кілт  сөздер:  спорт,  эстетика,  инволюция  процестері,  реакция,  жеке 
бастың мотивациясы, эмоциялық, аспекті. 
 
Қоғам  мәдениетінің  деңгейі  көбінесе  жеке  адамзаттық  қабілеттердің 
даму,  жетілу  және  оны  пайдалану  дәрежесімен  белгіленеді.  Осыған  орай, 
жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар жүйесінде әр түрлі жастағы және де 
барлық  қалған  құндылықтарды  игеру  мүмкіндіктерін  анықтайтын  өмірдің 
алғашқы  жартысы  кезеңіндегі  бүкіл  қауымның  денсаулығы  мен  жеке 
дайындық  деңгейі  оның  ең  басты  құрамдастарының  бірі  болып 
табылатындығын ерекше атап өткен жөн. 
Адамның  іс-әрекетіндегі  дене  шынықтыру  мен  спорт  өзі  арқылы 
қоғамның  дамуында  мағынасы  барынша  әралуан  болатын  өзіндік  бір  түрді 
білдіреді.  Олар  қоғамдық  өндіріске,  адамның  тұлға  ретінде  қалыптасуына, 
қоғамдық қатынастардың дамуына белгілі бір дәрежеде зор ықпал етеді.  
Дене  шынықтыру  –  денсаулық  деңгейін  жоғарылатуға  және  нығайтуға 
бағытталған  қоғамның  жалпы  мәдениетінің  бір  бөлігі.  Ол  әлеуметтік 
міндеттерді  -  тұлғаның  жан-жақты  және  үйлесімді  даму  тәрбиесін 
орындайды.  
Қазіргі  уақытта  дене  шынықтырудың  қоғамдық  және  жеке  құндылық 
ретіндегі  мән-маңызы  арта  түсті,  мұның  өзі  қоғамдық  пікір  дамуында  және 
жеке  бастың  мотивациясында  дене  шынықтыру  құндылықтарын  игеру 
бәріміздің 
және 
әрқайсысымыздың 
жаңа 
тенденцияларды 
қалыптастырумызға мүмкіндіктер берді. 
Егер, осыдан біршама уақыт бұрын дене жаттығуларымен айналысу тек  
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

147 
 
ынтагерлердің,  спортшылардың  және  денешынықтырушылардың  ғана  үлесі 
болса, ал қазіргі таңда ол әрбір адамның салауатты өмір салтын ұстануы үшін  
күнделікті  аса  қажетті  нәрсесіне  айналды.  Өркениетті  қоғамның  негізгі 
мақсаттарының  бірі  –  дене  тәрбиесін  күнделікті  өмірдің  белсенді  қимыл-
қызметінің  тәртібіне  енгізу  болып  табылады.  Бұның  маңызды  себебі  – 
қоршаған  ортаның  әртүрлі  жағымсыз  жағдайларына  ағзаның  тұрақтылығын 
жоғарылатуға  ұмтылу,  денсаулықты  сақтау,  белсенді  еңбекке  қабілеттілігін, 
созылмалы патологияның көрінуін жою. 
Дене  шынықтыру  және  спорт  жеке  тұлғаның  қалыптасуында  маңызды 
рөл  атқарады.  Спортшының  өзі  үшін    өмірлік  тәжірибе  жинақтауына, 
құндылықтардың  ерекше  жүйесін  құруына  жағдай  туғызатын  көптеген 
әлеуметтік жағдайлар спорттық қызметте көрінеді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       
Дене  тәрбиесі  мәдениетін  дамыту  процесі    адамның  бір  мезгілде  өзінің 
жеке мәні бар күшін сала отырып, жаңа мәдениетті құрудан, жасаудан және 
осыдан  бұрынғы  мәдениетті  игере  отырып,  қоғамдық  мәні  бар  адам  ретінде 
өзін  қалыптастырудан  тұрады.  Және  бұл  тұтас  процесті  таза  «рухани» 
қызметке  айналдырып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  дене  мәдениетінің 
аспектілерін, оның физикалық  жағынан дамуын  және  тәрбиесін ілгерілету  – 
яғни  процестің  өзін  біріктіріп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оның  мәнінің 
дұрыс емес түсіндірмесін беру керек. 
Дене шынықтыру мәдениеті  – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, 
денсаулықты нығайтуға, адамның тән қабілеттілігін дамытуға және қоғамдық 
тәжірибенің  қажеттіліктерімен  сәйкестілігінің  қолданылуына  бағытталған 
әлеуметтік қызметтің бір түрі.  
Бұл  мәдениеттің  ерекше  және  дербес  саласы.  Ол  адамның  жалпы 
мәдениетімен  бір  уақытта  басталды  және  өсіп-өркендеді.  Дене  шынықтыру 
мәдениетін  қоғамның  мұқтаждығына,  қимыл  белсенділігіне  және  осы 
мұқтаждықты  қанағаттандыруға  бағдарланған  өзгеше  реакция  ретінде 
қарастыруға болады. 
Жеке аспект тұрғысынан қарастырғанымызда, ол өзі арқылы физикалық 
күштің  және  қозғалмалы  дағдылардың  даму  деңгейінің,  сондай-ақ  адамның 
өмірлік  қызметі  мен  өмірлік  қабілеті  деңгейінің  және  оның  денсаулық 
жағдайының  ішкі  өлшемі  болып  табылатын  адамның  жалпы  мәдениетінің 
бөлігін  көрсетеді.  Ол  өзінің  ерекше  құралдары  және  амал-әдістері 
көмегіменен адамның әлеуетті мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндіктер береді.  
Дене  тәрбиесінің  әлеуметтік  табиғаты  қоғамның  әлеуметтік  қызметінің 
бірі  ретінде  адамның  тікелей  және  жанамалық  еңбекке  қажеттілігі  және 
өмірлік  іс-әрекеттерінің  басқа  да  формалары,  тәрбиелеудің  маңызды 
құралдарының  бірі  ретінде  оны  кеңінен  пайдалануға  қоғамның  ұмтылысы 
және  өзін  жетілдірудегі  жұртшылықтың  өзінің  мүдделері  арқылы 
анықталады. 
Адамның  әлеуеттік  мүмкіндіктерінің  ашылуы  оның  өзіне  деген 
сенімділігін,  тәуекелшілдігін,  батылдығын,  ықыласын  және  қиындықтарды 
жеңе білу мүмкіндігі ақиқаты сияқты қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

148 
 
береді. Еңбек  актілеріне  тән  дамудың мұндай  критерийлері   адамның  дене  
қызметі  кере  ететін  өндірістің  талаптарына  сәйкестігі  болып  табылады.  уы 
керек. Егер адам қозғалыстағы өмірлік іс-әрекетімен және өндірістегі заттық 
операцияларда  өзінің  тиімді  мүмкіндігімен  неғұрлым  әмбебап  бола  түссе, 
онда  оның  дене  қабілеті  де  арта  түседі  деп  санауға  болады.  Бұл  процесте 
денешынықтыру жетекші орын алады.  
Дене  тәрбиесі  нақты  (тәжірибелік)  және  мінсіз  (психикалық) 
қызметтердің бірлігі болып саналады. Бұл қызмет процесінде адам қоғамдық 
және  табиғи  ортамен  қарым-қатынасқа  байланысты  түседі.  Бұл  байланыс 
неғұрлым  әмбебап  болған  сайын,  адам  одан  да  жан-жақты  және  үйлесімді 
дамитын, оның қоршаған ортамен байланысы одан да әмбебап болады. 
Дене шынықтырудың міндеттерін 4 топқа бөлуге болады: 
1. Ағзаның жалпы дамуы мен нығаюы (дене сапасы мен қабілеттілігінің 
қалыптасуы  және  дамуы,  қимыл-қозғалыс  дағдыларының  жетілдірілуі, 
денсаулықты нығайту, инволюция процестерінің қарсы әрекеттері және оны 
тежеу, т.б.). 
2.  Отанды  қорғауға  және  еңбек  қызметіне  дайындық  (еңбекке 
қабілеттілігінің 
жоғарылауы, 
жағымсыз 
еңбек 
жағдайына 
қарсы 
тұрақтылығы, кәсіптік-қолданбалы дайындық және т.б.). 
3.  Жұмыстан  тыс  уақыттарды  тиімді  пайдалану  және  белсенді  демалыс 
қажеттілігін қанағаттандыру (көңіл көтеру, ойындар, өтемақы). 
4.  Шекті  деңгейдегі  адамның  қозғалыстағы  мүмкіндігінің  және  дене 
сапасының, ерік-жігерінің ашылуы. 
5.  Адамның  қалыпты  қызмет  етуі  үшін  азық-түлік,  ауа,  күн  сәулесі, 
демалыс, қозғалыс сияқты белгілі әлеуметтік және тәндік компоненттері және 
т.б. көлемін анықтау қажет. Дене және ақыл-ой белсенділігі, қалыпты жұмыс 
істеу  қабілеттері  жағдайдың  шектеулі  ауқымында  болуы  мүмкін.  Дене 
шынықтыру  бұл  мүмкіндіктерді  кеңейтеді  (ұлғайтады),  сонымен  қатар 
қозғалыстағы  адам  мен  қоршаған  ортаның  арасындағы  эмоциялық  және  де 
басқа  аспектілердегі  қажетті  тепе-теңдікті  қолдау  міндеттерін  шешеді.  Дене 
жаттығулары  тек  денсаулықты  нығайту  үшін  ғана  қолданылмайды,  сондай-
ақ,  қоғамдық  өмірдің  әртүрлі  қажеттіліктеріне  адамның  ағзасын 
дағдыландыру, олардың  шығармашылығын көрсету үшін жаңа мүмкіндіктер 
туғызады. 
Қоғамда  дене  тәрбиесі  өз  бойына  рухани  байлықты  үйлесімді  сіңірген, 
иманды,  ар-ожданы  таза,  тән  сұлулығы  жетілген  жаңа  адамды  тәрбиелеудің 
басты  құралы  болып  табылады.  Ол  адамдардың  әлеуметтік  және  еңбек 
белсенділігін,  өндірістің  экономикалық  тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік 
береді. Дене тәрбиесі қозғалыстары дене шынықтыру мен спорт саласындағы 
мемлекеттік және облыстық ұйымдардың жан-жақты қызметтеріне сүйенеді. 
Қазіргі таңда қоғамның барлық қабатын қамтитын дене тәрбиесінің ғылыми 
негізделген  жүйесіне  бағытталған  бұқаралық-көпшілік  дене  шынықтыруды 
жалпыхалықтық  қозғалысқа  айналдыру  мәселесі  оң  шешімін  табуда.  Дене 
тәрбиесін  және  тұрғындардың  әр  түрлі  жастағы  топтарының  дайындығын 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

149 
 
дамыту  үшін  әрекет  етіп   жатқан   бағдарламалық-бағалық  нормативтердің  
мемлекеттік жүйесі бар. 
Мемлекеттік  бағдарлама  бойынша  міндетті  денешынықтыру  сабақтары 
мектепке  дейінгі  мекемелерде,  оқу  орындарындарының  барлық  түрлерінде, 
әскерде, кәсіпорындарда – жұмыс күнінің барысынды (өндірістік гимнастика, 
денешынықтыру  үзілістері  және  т.б.)  міндетті  түрде  жүргізіледі. 
Кәсіпорындарда, мекемелерде, оқу орындарында және басқаларында жаппай 
дене  шынықтыру-сауықтыру  шараларының  жұмысын    ұйымдастыру  үшін 
денешынықтыру ұжымдары құрылған. 
Жас  ұрпақты  дене  мәдениетіне  тәрбиелеудің  негізгі  мақсаттары  – 
денсаулықты  нығайту  және  ағзаны  шынықтыру,  денені  дұрыс  дамыту, 
балалар  мен  жастарға  қажетті  қимыл  ептілігі  мен  дағдыларына  үйрету, 
олардың дене қажеттіліктерін жетілдіруге, моральдық-ерік-жігерлік сапасын 
қалыптастыруға көмектесу болып табылады.  
«Адам  ағзасын  үйлесімді,  жан-жақты  дамыту  қызметі  тәрбие  мен 
білімнің  ортақ  жалпы  мақсатын  құрауы  тиіс,  олар  белгілі  бір  деңгейде  ғана 
бір-бірінен  ажыратылады:  тәрбие  өз  саласы  адамның  адамгершілік 
қасиеттерін  және  олардың  ерік-жігерінің  шыңдалуын  қамтиды,  соған  орай 
жеке  адамның  өнегелілік  сипатын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді,  оның 
үстіне білім беру секілді жүйелік ақыл-ой, эстетикалық және дене тәрбиесін 
дамыту түрін де иеленеді; ол жас адамды оларды сезінуге, әсер алуға, өздерін 
бір-бірімен  салыстыруға  үйретуі  тиіс  және  кездескен  құбылыстардағы 
игерілген  ақиқаттарға  негізделген  ерекше  таң  қалдырарлық  ұғымдар 
түсініктерін құрауы және ең ақырында мүмкіндігінше айқын мақсаттылықпен 
және табандылықпен әрекет етуі керек» [1].  
Дене  тәрбиесі  –  адам  денсаулығын  нығайту  және  оның  дене 
белсенділігінің  дұрыс  дамыту  мақсаты  бар  тәрбие  жүйесінің  құрамдас 
бөліктерінің  бірі.  Жеке  адамның  жан-жақты  дамуына,  ақыл-ой  білімімен 
бірге  оған  адамгершілік  және  эстетикалық,  еңбек,  дене  тәрбиесін  үйренуіне 
көмектеседі. 
 Бағдарлама оқу сабақтарын аптасына үш сағат көлемінде, сонымен бірге 
бір  сағат  қосымша  сабақтарды  жүргізуді  қарастырады.  Бұдан  басқа  күн 
тәртібінде сауықтыру шаралары (таңертеңгілік жаттығулар, денешынықтыру 
үзілістері  және  т.б.),  сабақтын  тыс  уақытта  жаппай  спорттық  және 
денешынықтыру  жұмыстары  (спорт  түрлерінің  секциялары,  топтың  жалпы 
шынығу  дайындықтары,  спорттық  жарыстар  және  сауықтыру  шаралары, 
денсаулық  күндері,  лагерьлерде  спорттық-сауықтыру  сабақтарын  жүргізу) 
қарастырылады.  Сабақтың  түрлерін  анықтауда  дене  тәрбиесі  бойынша 
сабақтың  тақырыптық  жоспардың  жобасы  (теориялық,  практикалық), 
спорттың  түрлері  (гимнастика,  жеңіл  атлетика,  шаңғы  дайындығы,  жүзу, 
туризм  және  спорттық  ойындар)  және  оқу  жылдарына  сағатты  есептеу 
бағдарламамен 
ұсынылады. 
Дене 
тәрбиесінің 
теориясы 
бойынша 
тақырыптардың мазмұны келтіріледі, сондай-ақ, оқушылар спорт түрлерінің 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

150 
 
техникасын  игере  отырып,  білімі  мен  икемділігінің  ауқымын  меңгеріп 
алулары тиіс [2].  
Осылайша,  жеке  адамның  негізгі  қасиеттерінің  және  ерекшеліктерінің 
қалыптасуында дене шынықтырудың рөлі өте зор. Адам дербес ойлай алуы, 
ортақ  жағдайды  қалыптастыруы  және  осы  жағдайға  сәйкес  әрекет  жасауы 
керек.  Бірақ,  жай  ғана  ойлау  және  тұжырым  жасау  жеткіліксіз,  -  оларды 
өмірде  қолдану  қажет,  жолында  кездескен  қиындықтарды  жеңе  отырып, 
белгіленген мақсатқа жетуі керек.  
Бұған  тек  дене  тәрбиесі  туралы  білімі  дұрыс  болған  жағдайда  ғана  қол 
жеткізуге  болады.      «Бұл  жерде  дене  және  ақыл-ой  білімінің  тығыз,  берік 
байланысының  арқасында  олардың  міндеттерін  бөлу  мүмкін  емес,    тек 
олардың  арасындағы  толық  үндестік  арқылы  біз  олардан  адамгершілік 
түрінің толық дамуын күте аламыз» [3].  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
 Дубровский В.И. Спортивная физиология. –М.: Владос, 2009. 
2.
 
 Андреева  Г.М.  Социальная  психология:  учебник  для  высших  учебных 
заведений. –М.: Аспект Пресс, 2005. 
3.
 
 Выдрин  В.М.  Спорт  в  современном  обществе.  –  М.:  Физкультура  и  спорт, 
2007. 
 
РЕЗЮМЕ 
В этой статье рассматриваются вопросы о роли физической культуры и спорта в развитии 
личности.  Физическая  культура  и  спорт  представляют  собой  самостоятельный  вид 
деятельности  человека,  значение  которого  в  развитии  общества  весьма  многообразен.  Они 
оказывают  определенное влияние на общественное производство, на формирование человека 
как личности,  на развитие общественных отношений.  
(Адырбекова У. Роль физической культуры и спорта в развитии личности)  
 
SUMMARY 
This article discusses questions about the role of physical culture and sports in the development 
of  personality.  Physical  education  and  sport  are  a  separate  species  of  human  activity,  the  value  of 
which in the development of society is very diverse. They have an effect on the social production, the 
formation of man as a person, on the development of public relations. 
(Adirbekova U. The role of physical education and sports in development of personality) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

151 
 
 
ӘОЖ 372.652 104 4 
Ұ.Н.ҚҰРМАНБАЕВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің  магистр-оқытушысы 
 
ТОПТАРДАҒЫ СТУДЕНТТЕРГЕ ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ  
ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСІ 
 
Бұл  мақалада  шет  тілін  оқыту  әдістемесі  қарастырылған. Шет  тілін 
оқытудың  топтық  әдістемесінің  тиімділігіне  ықпал  ететін  факторлар 
анықталды.  Педагогикалық  үдеріс  ретінде  шет  тіліне  оқыту  өзін-өзі 
басқаратын, өздігінен ұйымдастырылатын жүйе екендігі ашып көрсетілді

 
Кілт  сөздер:  объективті,  вариативті,  педагогика,  дискуссия,  форум, 
конференция,  дидактикалық білім.  
 
Шет  тілін  оқыту  әдістемесі  үшін  ең  күрделі  болып  саналатын  –  тілдік 
ортаны құру және студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселелерін 
студенттер жұмысының топтық әдістерін пайдалана отырып шешуге болады. 
Өзіндік  жұмыс  дағдыларын  меңгеру  студенттерде  жауапкершілік  сезімін 
қалыптастырады,  ақпаратты  өз  бетінше  табуға,  оны  жан-жақты  ойлауға 
үйретеді  және  де  осыған  қатысты  оқылатын  пәнге  деген  қызығушылық 
туындайды.  Ең  алдымен,  ғылыми  білім  тұрғысынан  білім  беру  кеңістігінің 
өзара әрекет ету субъектілерінің процестері мен оқу жүйесін қарастырайық. 
Педагогикалық  жүйелер  оқу  үдерісін  ұйымдастыратын  және  оны 
басқаратын  белгілі  объективті  заңдар  бойынша  әрекет  етеді  және  дамиды. 
Олар өздігінен басқарылатын жүйелер болып табылады, себебі өздерінің ішкі 
механизмдерімен  реттеледі.  Оқу  жүйесі  -  өздігінен  ұйымдастырылушы, 
өйткені ол ашық, сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі, себебі вариативті даму 
жолының  мүмкіндігіне  ие,  ақпаратпен  және  қоршаған  орта  ресурстарымен 
алмасады,  сыртқы  әсерге  өте  сезімтал.  Негізінде,  педагогикалық  үдеріс 
ретінде шет тіліне оқыту да өзін-өзі басқаратын өздігінен ұйымдастырылатын 
жүйе болып табылады. 
Мысал келтірелік. Кез келген газда молекулалар белгілі жылдамдықпен 
қозғалады  және  егер  де  газға  үлкен  жылдамдықпен  қозғалатын  басқа 
молекуланы  тастаса,  егер  оның  жылдамдығы  бәсеңдемейтін  болса,  ол  басқа 
молекулалардың  жылдамдығын  арттырады.  Бөлшек  басқа  бөлшектерге 
энергия  беріп,  жүйені  зарядтайтын  болады,  олар  біртіндеп  осы  бөлшектің 
жылдамдығын  иеленеді.  Осы  ретте  қоршаған  орта  температурасы  (ақпарат, 
білім) және ыдыс қабырғаларының температурасы (оқытушы немесе үлгерімі 
жақсы  студент)  болады.  Қоршаған  ортаның  ықпалы  енгізілген  бөлшектің 
(оқытушы) ықпалын арттыра алады. Біліммен де дәл солай: егер топтағы бір 
студент  басқалардан  артық  білсе,  ол  топтағы  басқа  мүшелердің  білім 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

152 
 
деңгейін  көтере  алады.  Дәстүрлі  әдістемеде  үлгерімі  әлсіздеу  саналатын 
студенттер бірлесе оқу барысында әжептеурім табысқа қол  жеткізеді,  себебі  
білімі озық студенттерден бір нәрсе үйренуге талпынады. 
Алайда  шет  тіліне үйретудің  өздігінен  ұйымдастырылу  үдерісіне ықпал 
ететін  түрлі  факторлар  ескерілу  тиіс.  Біз  мынадай  факторларды  ерекшелеп 
көрдік:   
1. базалық білім деңгейі;  
2.  дидактикалық  материалды  ұйымдастыру  және  оны  зерттеудің 
жүйелілігі;  
3. студент пен оқытушының өзара әрекеті;  
4. студенттің ақпараттық ортамен өзара әрекеті;   
5. оқу барысында топтағы студенттердің ынтымақтастығы;  
6. студенттердің оқуға қарым-қатынасы;  
7. оқу нәтижелері. 
Алдымен  бір  нәрсені  үйрену  үшін  үйрететін  серіктес  керек.  Рим 
философы  Сенека  оқудағы  ынтымақтастықты  былайша  сипаттады:  біреуге 
бір нәрсе үйретсең, өзің екі есе үйреніп аласың. Йохан Комениус (1592-1679) 
студенттер  басқа  студенттерге  оқыта    отырып  және  олармен  бірге  оқи  келе 
көп  нәрсені  меңгереді  дейді  [1]. Студенттердің  ынтымақтастығы  олардың 
бірлескен  іс-әрекеті  арқылы  қалыптасады.  Мұндай  бірлескен  іс-әрекетке 
келесідей дәріс түрлерін жатқызуға болады: 
1.
 
Студенттердің  немесе  студенттер  тобының  арасында  сайыс 
(олимпиада, конкурс, викторина) 
2.
 
Дискуссия. 
3.
 
Дөңгелек үстел. 
4.
 
Конференция. 
5.
 
Рөлдік немесе іскерлік ойын. 
6.
 
Форумдарға, чаттарға қатысу. 
7.
 
Кейс әдісі. 
Оқытушының  студенттермен  және  студенттердің  бір-бірімен  бірлескен 
тиімді  іс-әрекет  концепциясын  В.Я.Ляудис  дайындады.  В.Я.Ляудис  тиімді 
оқу  іс-әрекетінің  ұзақ  сипаты  болуы  тиіс  деп  ескертеді.  Осы  ретте  студент 
оқытушы  мен  басқа  студенттермен  өзара  әрекет  және  ынтымақтастық 
негізінде  тиімді  мәселелерді  шешуге  қосылады.  Мұндай  ынтымақтастық 
барысында  студенттер  тұлғасының  және  тәртібінің  өздігінен  реттелу, 
студенттердің  жаңа  әрекетті  орындау  тәсілдерін  меңгеру  механизмі 
қалыптасады [2].  
Үлкен топтарда студенттердің жұмысы кезінде кеңесші тағайындалады, 
оны  оқытушы  алдын-ала  дайындап  қояды.  Кеңесші  одан  кейін  топтағы 
студенттер  арасында  міндеттерді  бөліп  береді,  жұмысты  қандай  тәртіппен 
құруды  шешеді,  алға  қойылған  мәселелердің  талқылануын  басқарады, 
шешімдерді қабылдайды, бүкіл топтың іс-әрекетіне бағыт-бағдар беріп, оны 
бақылайды. Студенттер сонымен қатар, бір аптаның немесе бір айдың ішінде  
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

153 
 
орындалатын  топтық  тапсырма  ала  алады,  яғни  баяндама  жазу,  хабарлама 
дайындау,  зерттеу  жүргізу,  белгілі  тақырып  бойынша  мәселені  сараптау 
немесе сөздікті жаттау т.с.с. Жұмыс барысында топтағы студенттер  мәселені  
өздері түсініп, шешіп қана қоймай, сонымен бірге топтың басқа да мүшелері 
тақырыпты  түсінгеніне  сенімді  болулары  тиіс,  сонда  ғана  мұндай 
ынтымақтастық  мақсатына  жеткені  болып  саналады.  Ынтымақтастық  әдісі 
сонымен  бірге,  тәрбиелік  функцияны  да  орындайды,  студенттер  өз 
жетістігінің ғана емес, өзін қоршаған адамдардың табысы да маңызды екенін 
түсінуді,  басқалардың  табысқа  жеткеніне  қуануды  және  басқа  адамдарға 
көмек көрсетуден қанағат алуды сезінуге үйренеді. Ынтымақтастық мақсаты 
сол мақсатқа жету емес, аталмыш мәселені зерттеу-зерделеу болып саналады. 
Әр  студент  өз  үлесін  мәселенің  шешілуіне  қосуға  талпынады  және 
сонысымен  өз-өзіне  қанағат  алады,  қызығушылық  танытады.  Алайда  бұл 
деген  сөз  оқудың  сайыстық  әдістері  теріске  шығарылуы  тиіс  дегенді 
білдірмейді,  әдістемелік  тәсілдердің  жалпы  кешенінде  сайыс  та 
бағдарламаның белгілі кезеңінде оқытудың тиімді әдісі болып табылады. Біз 
студенттердің  ынтымақтастық  әдістемесі  бойынша  дәріс  ұйымдастыратын 
оқытушының функцияларын анықтадық: 
1.
 
Дәріс мақсаттарын ұсыну. 
2.
 
Дәріс  өткізу  механизмін  ұсыну:  топтардың  көлемін,  студенттердің 
топқа  бөліну  принципін,  топтағы  студенттердің  рөлін  анықтау,  жұмысқа 
материал ұсыну. 
3.
 
Тапсырманы  түсіндіру  және  студенттердің  бір-біріне  тәуелділігін 
белгілеу, табыс критерийлерін айқындау.  
4.
 
Студенттер  жұмысының  үдерісін  басқару:  олардың  жұмысын 
бақылау, көмек көрсету, кеңес беру. 
5.
 
Топтағы студенттердің жұмысына баға беру. 
Дегенмен  студенттердің  ынтымақтастық  әдістемесін  пайдалана  отырып 
шет  тілінен  сабақ  ұйымдастыру  айтарлықтай  оңай  іс  емес.  Топтағы  жұмыс 
студенттердің  жаныңнан  табылып,  ұсынған  материалды  талқылауы  ғана 
емес,  және  де  мықты  бір  студенттің  топта  қалғандарының  орнына  жұмыс 
істеуі  емес.  Біздің  ойымызша,  студенттердің  топтық  жұмысы  барысында 
ескерілуі тиіс 5 факторды ерекшелеуге болады: 
1.
 
Өзаратәуелділік.  Әр  студент  сабақта  топ  жұмысының  табысы  өзіне 
байланысты  екенін  және  әр  студент  тапсырманы  орындаған  жағдайда  ғана 
қол  жеткізетінін  түсінеді.  Студенттер  бір-бірін  қолдайды,  рөлдерді  тиімді 
үлестіреді,  топтағы  басқа  студенттердің  материалды  түсінгеніне  сенімді 
болады,  топтың  әр  студенті  топтағы  барлық  студенттердің  тапсырманы 
жақсы орындағаны үшін қосымша ұпай ала алады. 
2.
 
Жеке  қабілеттерді  ескеру.  Топ  студенттердің  қайсысына  қосымша 
көмек, қолдау керек екенін білуі және сондай студентке көмек беруі тиіс. 
3.
 
Әлеуметтік  дағдылар.  Студенттер  сондай-ақ  өзара  қатынас 
дағдыларына,  шешім  қабылдау  дағдыларына  т.с.с.  үйренулері  қажет,  бұл 
әсіресе тұйық студенттерге қатысты. 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

154 
 
4.
 
Топтық  талдау.  Студенттерге  өздерінің  топта  қаншалықты  нәтижелі 
жұмыс істегенін талқылауға
нәтижесіз жұмыстың
 
себептері мен оны жақсарту 
әдістерін айқындауына уақыт беріледі. 
Шет  тілі  дәрістерінде  студенттердің  өзіндік  жұмысын  дұрыс 
ұйымдастыру  өзіндік  оқу-танымдық  қызметті  дәлелді  түрде  басқарудан 
тұрады, осы ретте оқытушы мен студенттің рөлі өзгереді. Оқытушы мәжбүрлі 
түрде  емес,  өз  қалауы  мен  еркін  таңдауы  бойынша  оқуға  қабілетті  өзіндік 
субъектілер ретінде білім алушыға жатады. 
Біз  70  студенттен  шет  тілі  сабақтарында  жұмыстың  топтық  әдістеріне 
деген 
олардың 
қарым-қатынасы 
туралы 
сауалнама 
жүргіздік. 
Сұралғандардың  48%  әңгімелесушілермен  ортақ  қызығушылықты  байқады, 
сұралғандардың  66%  ынтымақтастық  тапсырмалардың  орындалуын 
жеңілдетеді  деп  санайды,  72%  қызметтің  мұндай  түрі  шет  тілі  дәрістеріне 
деген қызығушылықты арттырады деген тұжырымға келді. 
Осылайша,  ынтымақтастықтың  оң  нәтижесі  оқу  материалының  жақсы 
игерілгенінен,  әлеуметтік  дағдылардың  меңгерілгенінен,  өзін  әр  түрлі 
тұрғыдан  бағалай  білуінен,  ойлау  мәселелерінің  мейлінше  сәтті  шешілуінен 
аңғарылады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
 Пригожин  И.,  Стенгерс  И.  Порядок  из  хаоса:  Новый  диалог  с  природой.  –
М.: Прогресс, 1986. – С. 322-324.  
2.
 
 Ляудис  В.Я.  Структура  продуктивного  взаимодействия.  Психолого-
педагогические  проблемы  взаимодействия  учителя  и  учащихся.  –М.:  Просвещение, 
1990. –С. 37-52.  

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал