Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.24 Kb.

бет14/28
Дата09.01.2017
өлшемі6.24 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ 
Еңбек Қоғамына Қарай 20 қадам //Егемен Қазақстан, 2012 жыл, 10 шілде.  
2.  Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңы. – Алматы: Литера, 2000. – 
96 б. 
3.  Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты. Елбасының Халыққа Жолдауы. //Егемен Қазақстан, 2012 жыл, 15 
желтоқсан. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  этой  статье  рассматриваются  научно-педагогические  основы  профессионального 
самоопределения старшеклассников. 
(Сманов  И.С.,  Абенова  А.К.  О  научно-педагогических  основах  профессионального 
самоопределения старшеклассников)  
 
SUMMARY 
In  it  to  article  it  is  considered  scientific  and  pedagogical  bases  of  professional  self-
determination of seniors. 
(Smanov  I.S.,  Abenova  A.K.  The  Scientific  and  pedagogical  Bases  of  Professional  Self-
Determination of Seniors) 
 
  
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

119 
 
 
 
ӘОЖ 378.155 4: 355.1 
О.Қ.ДҮЙСЕНОВ 
педагогика ғылымдарының кандидаты, 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті 
 
А.О.РАХЫМЖАНОВ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы 
 
ӘСКЕРИ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Бұл  мақалада  әскери  білім  беру  технологиясының  заманауи  тәсілдері  кеңінен 
қарастырылған.  Әскери  білім  жастардың  Отан  алдындағы  борышын  орындау 
және  мақсатты  түрде  біліктілігін  көтеру  арқылы  инновациялық  құралдарды 
пайдалануға  бағытталған  сапалы  іс-әрекеттер  жиынтығы.  Әскери  білім 
жастарды  әскери  ортаға  бағыттайды.  Сондай-ақ  мақалада  сөз  болатын 
бағытталу,  мақсатқа  бағытталу,  табандылық,  ұстамдылық  бірбеткейлік, 
қайсарлық  ынталылық,  атқарушылық  сияқты  әскерилерге  тән  қасиеттер  –  жас 
жауынгердің тәртіптілігін дамытудың маңызды алғышарты. 
 
 
Кілт сөздер: білім, технология, аффект, мораль, әскери қызмет. 
 
Адамның өзінің не танитынын және нені істейтінін ойлауы және айналадағы 
заттарға,  құбылыстарға,  адамдарға  қатынасты  ойлауы  білім  алу  деп  аталады. 
Әскери  білім  жастардың  Отан  алдындағы  борышын  орындау  және  мақсатты 
түрде  біліктілігін  көтеру  арқылы  инновациялық  технологияларды  пайдалануға 
бағытталған  сапалы  іс-әрекеттер  жиынтығы.  Әскери  білім  жастарды  әскери 
ортаға бағыттайды. Әскери қызметте жастардың дайындығын талап етеді. 
Әскери білім беру ерекшелігі қандай болады? 
Біріншіден,  әскери  білім  танымдық-психикалық  процестерден  мазмұны 
бойынша  ерекшеленеді.  Танымдық  процестерде  адам  қоршаған  ортаны 
бейнелейді.  Әскери  білім  мазмұны  жеке  тұлғаның  өзі  қабылдаған,  таныған 
нәрселерін ойлап мазасыздануы болып табылатын көріністер құрайды. 
Екіншіден, жауынгердің сана-сезімі жағынан көрініс беретін сапасы басқаша 
болады.  Егер  түйсік  туралы  сөз  қозғалса,  онда  оның  12  түрін  атап  көрсете 
аламыз. Ал жалпы қарастырсақ, сана-сезімнің оннан астам түрі бар. 
Үшіншіден,  адамның  сана-сезімі  екі  жақты  сипатқа  ие.  Әскери  жастарды 
қарапайым адам ретінде қарастыруымыз керек. Сана-сезім туралы түсінік барша 
саланың  мамандарына  бірдей  негізделген.  Яғни  адамның  әрбір  сана-сезімінің 
антиподы (қарама-қарсы жағы) болады. Мысалы: қуаныш және қайғы, махаббат 
және  жек  көрушілік.  Адамның  сезімі  тез  өзгереді.  Сондықтан,  ол  күрделі  және 
сезімтал болып келеді. 
Төртіншіден,  адамның  білімі.  Мысалы,  бүгін  жағымды  сезімді  тудырған 
құбылыс біршама уақыттан кейін жағымсыз әсер етуі мүмкін.  
Бесіншіден,  адамның  білімі.  Мысалы  сана-сезімнің  физиологиялық 
процестермен  байланысты:  жүректің  соғысымен,  тыныс  алу  органдарының, 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

120 
 
асқазан-ішек жолдарының қызметімен және т.б. Адамның ағзасы рефлекстердің 
негізінде жұмыс істейді. Сана-сезім осы рефлекстерге әсер етеді, сондықтан  ағза  
қызметтің жақсаруына немесе нашарлауына да әсерін тигізуі мүмкін.   
Алтыншыдан,  адамның  сезімі  оның  қызметімен  байланысты  болады.  Кез-
келген  әрекет,  кез  келген  қызмет  түрі  үш  кезеңге  шартты  түрде  бөлінеді:  адам 
әрекетке  дайындалғанда  –  дайындық  кезеңі;  әрекет  еткенде  -  әрекетті  орындау 
кезеңі;  әрекетті  аяқтағанда  –  соңғы  кезең.    Мазасыздану  кезіндегі  іс-әрекеттің 
құрылымында  бір  эмоционалдық  жағдайдан  екіншісіне  өтудің  белгілі  бір 
динамикасы болады: тыныс алу жиілігі мен тереңдігінің өзгеруі; қан айналымы. 
Ұялу  мен  қысылу  адамның  бетінің  қызаруына  әкеледі,  ашу  мен  үрей  өңін 
бозартады [1]. 
Сезім 
адамның 
сөзінде, 
қимылында 
көрінеді. 
Оқытушы 
өз 
қарамағындағылардың жағдайын олардың бет-әлпетінен, дауысынан, қимылынан 
аңғаруы  қажет.  Адамның  сезімдері  мазмұны  мен  формасы  бойынша  әр  түрлі 
болады. Адамның мазасыздануы формасына қарай үшке бөлінеді: эмоционалдық 
жағдайы  немесе  көңіл-күйі,  эмоционалдық  қатынастар  немесе  өзіндік  сезімдер 
(үрей): эмоциялық реакциялар немесе аффектілер. 
Көңіл-күй  –  бұл  әлсіз  қарқындылықпен  (мысалы,  қамығу),  біршама 
ұзақтылықпен,  қауіпсіздікпен,  айқынсыздықпен  сипатталатын  адамның  тұрақты 
эмоциялық  жағдайы,  яғни  адам,  әдетте  ,олардың  себептерін  түсіне  бермейді. 
Көңіл-күй  деффузиялық  сипатқа  ие,  яғни  адамды  толық  қамтиды,  оның 
психологиялық процестеріне, жұмыс қабілеттілігіне, іс-әрекетіне әсер етеді. 
Көңіл-күйге бірқатар факторлар мен жағдайлар әсер етеді: 
-  әртүрлі органикалық процестер мен ағзаның жағдайы; 
-  қоршаған  сыртқы  ортаның  ерекшеліктері  ауа  райы,  тәртіп,  тазалық, 
ғимараттың сырлануы мен жарық болуы, дыбыстық қоздырғыштар; 
- адамның арасындағы арақатынастың ерекшеліктері. Әдептілік пен ізеттілік 
көңіл-күйге оң әсерін тигізеді. 
- оқудағы, жұмыстағы, қызметтегі, жетістіктер немесе құлдыраулар [2].  
Адамның  сезімі  төменгі  және  жоғарғы  болып  бөлінеді.  Төменгі  сезімдер 
адамның  ағзасында  болатын  физиологиялық  процестермен  және  оның 
материалдық 
қажеттіліктерін 
қанағаттандырып-қанағаттандырмаумен 
байланысты.  Оларға  аштықты,  суықты,  ауырды,  шаршағанды  сезіну  жатады. 
Жоғары  сезімдер  адамның  оның  қоғамдық  қажеттіліктерін  қанағаттандырып-
қанағаттандырмаумен,  сондай-ақ  оның  жеке  көзқарасының  қызметімен  сәйкес 
келіп-келмеуімен байланысты туындайды. Адамға қандай жоғарғы сезімдер тән? 
Моральдық-саяси  сезімдер.  Ол  адамның  немесе  басқа  адамдардың  жүріс-
тұрысының  имандылық  талаптарына  сәйкес  келіп-келмеуін  ұғынумен 
байланысты  пайда  болады.  Моральдық-саяси  сезімдерге  Отаншылдық, 
ұжымшылдық,  жауыңа  деген  жек  көрушілік  сезімдері  жатады.  Екіншіден, 
парасаттылық  сезімдері  саяси,  ақыл-ой  қызмет  кезінде  пайда  болады  және 
қызметке деген қызығушылық ретінде көрініс табады. 
Парасаттылық сезімдеріне айқындылық, таңқалу, түсінбеушілік, сенімділік, 
күдік сезімдері жатады. Парасаттылық сезімдері ең алдымен адамның танымдық 
қызметімен байланысты. 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

121 
 
Эстетикалық  сезімдер,  әдетте,  объектілер  мен  құбылыстардың  «әдемілігін 
немесе ұсқынсыздығын» сезінумен байланысты туындайды. 
Аффектілер – бұл жоғары интенсифтілікпен, жауапсыздықпен сипатталатын  
адамның эмоциялық реакциялары. Оларға диффузиялық сипат тән. Бір адамның 
аффектісі басқа адамдардың  эмоциялық жағдайына теріс әсерін тигізеді. 
Сана-сезімдер  қуаттылығы,  тұрақтылығы,  тереңдігі  бойынша  бағаланады. 
Берік,  күшті,  терең  сезімдерді  құштарлық  деп,  ал  оларды  иеленуші  адамды 
құштар адам деп атайды. Адамның сезімдерін сипаттай отырып, оның өзін қалай 
ұстайтынына, сезімдерін қалай  басқаратынына назар аудару қажет. Әскери сана-
сезімдерді  игеру  осындай  бастама  немесе  негізгі  сезімдерді  білу  жоғары 
жетістіктің көрінісін бейнелейді.  
Танымдық  процестер  адамның  қоршаған  ортаға  дұрыс  бағдарлануына 
мүмкіндік  береді.  Алайда  адамның  өмірі  –тек  қана  шындықты  танудан  ғана 
тұрмайды.  Адамның  өмірі  ең  алдымен  еңбек  етуден,  қызмет  көрсетуден 
құралады. Адамның танымдық процестері, сезімдері мен іс-әрекеттері арасында 
белгілі бір байланыс болады. Бұл байланыс ерік деп аталады. Адамның өмірінде 
ерік  маңызды  рөл  атқарады.  Адамның  өміріндегі  барлық  жетістіктері  көп 
жағдайда  оның  еркінің  даму  деңгейіне  тәуелді  болады.  Барлық  нәрсені  түсіну 
үшін  басың  жақсы  істеуі  керек,  алайда  дұрыс іс-әрекет  жасау  үшін  күшті  еркің 
болу керек.  
Әскери  қызмет  –  адам  қызметінің  ең  қиын  әрі  күрделі  түрі.  Ол  адамға 
бірқатар  қиындықтар  әкеледі.  Бұл  қиындықтарды  жеңу  үшін  ерік-жігері  күшті 
болу керек. Өйткені қиындықтарды жеңбей, жетістікке жете алмайсың. 
Адамның  еркі  оның  қызметінде  көрініс  табады  және  қойылған  мақсатқа 
жету үшін қиындықтарды жеңе білу қабілеттілігін көрсетеді. Қиындықтардың екі 
түрі  болады.  Сыртқы  –  яғни  адамға    бағынбайтын  объективті  кедергілер: 
физикалық,  қызметтік  қоғамдық  сипаттағы  кедергілер;  ішкі  –  адамға  тікелей 
байланысты қиындықтар, мысалы өз күшіне сенбеу,  дәлелдердің ауытқуы, тағы 
басқа.  
Адамның  еркі  іс-әрекеттен  көрінеді.  Ол  келесі  кезеңдерден  тұрады: 
Дайындық кезеңі (мақсатты, ол қол жеткізу жолдары мен әдістерін сезіну, шешім 
қабылдау) және орындау кезеңі (қабылдаған шешімді орындау). 
Ерікті әрекеттің негізгі кезеңдері:  
Себептердің  күресі.  Адам  кез-келген  іс-әрекетті  жасамастан  бұрын  оның 
санасында  себептер  (әрекетке  итермелеу)  болады.  Олар  бір  мезгілде  әр  түрлі 
және  бірнеше  болуы  мүмкін.  Басты  себеп  анықталғаннан  кейін  соған  сәйкес 
мақсат  белгіленеді.  Мақсат  –  бұл  пайда  болған  себептерді  қанағаттандыратын 
жетістік.  Ерікті    іс-әрекеттің  келесі  кезеңі  мақсатқа  жету  жолдарын  таңдау,  
әрекетті  жоспарлау  болып  табылады.  Шешім  қабылдаумен  ерікті  іс-әрекеттің 
дайындық  кезеңі  аяқталады.  Барлық  адам  бірдей  ойлаған  іс-әрекетті  орындауға 
бірден ат салыспайды.  
Ерікті  қасиеттерді  талдау  кезінде  тәжірибелі  тәжірибешілер  келесілерге 
назар аударады:  
-  ешқандай  күдіксіз,  ауытқусыз  байқалған  қасиетті  орындау  қабілеттілігін 
қалыптастыру; 
- шешімді орындау, қойылған мақсатқа қол жеткізу және алдағы  
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

122 
 
кедергілерді жеңу; 
- ерікті іс-әрекеттің соңғы кезеңін құрайтын қойылған мақсатқа қол жеткізу 
процесін талдау және бағалау, ерікті іс-әрекетті талдау жастардың  еркін  дамыту  
жолдары туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 
Ерік  өзін-өзі  тәрбиелеу  жолымен  дамиды.  Адамның  еркі  бірнеше 
көрсеткіштер бойынша сипатталып, бағаланады.  
Бағытталу.  Бұл  белгілі  бір  мақсатқа  дайындалу  жайындағы  адамның  ерік- 
жігері, яғни ұзақ уақыт бойы күш жұмсап, қиындықтарды жеңу арқылы мақсатқа 
қол жеткізу. 
Мақсатқа  бағытталу.  Жауынгер  қызметінің  себептері  мен  мақсаттарының 
қатаң айқындылығымен көрсетіледі. Бұл қасиет жауынгерге өзінің өнегелі және 
дене  күшін  жинап,  қойылған  мақсатты  орындауға  бағытталуына  мүмкіндік 
береді.  
Ұстамдылық - өзін, ойларын, сезімдерін игеру қабілеттілігі. 
Табандылық  –  тапсырманы  дер  кезінде  орындауды  қамтамасыз  ететін 
шешім қабылдау мүмкіндігі.  
Бірбеткейлік  -    дегеніміз жауынгердің  басқалардың  көмегінсіз  өз  ойларына 
сәйкес әрекет етуі. 
Қайсарлық  –  қойылған  мақсатқа  жетуде  қиындықтарға  тап  болса  да,  өз 
дегенінен қайтпау қасиеті. 
Ынталылық  –  ерікті  қасиет  ретінде  шығармашылық  іс-әрекеттерде  көрініс 
табады.  
Атқарушылық  –  бұл  қабылданған,  шешімдерді  немесе  бұйрықтарды 
белсенді және жүйелі түрде орындау [3].  
Осы  қасиеттердің  барлығы  жауынгерлердің  тәртіптілігін  дамытудың 
маңызды  алғышарттарын құрайды,  яғни ерікті  іс-әрекеттерді  әскери  заңдардың, 
жарғылардың  технология  талаптарына  сәйкес  жүзеге  асыру  қабілеттілігін 
арттырудың негізгі әдістері болып табылады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Түрметов  И.Қ.,  Әшімбаев  Қ.  Әскери  бөлімшеде  тәрбие  жұмыстарын 
ұйымдастыру. – Түркістан: Тұран, 2005. 
2.
 
Айтуғанов  Ә.Р.,  Түрметов  И.Қ.,  Баетов  К.Д.  Әскери  психология  және 
әскери педагогика. – Кентау: Білім, 2007. 
3.
 
Сманов  И.С.,  Павловский  А.Л.,  Муталиев  Д.К.  Военная  педагогика.  –
Шымкент, 2005. 
 
РЕЗЮМЕ 
В данной статье рассмотрены  новые технологии военных знаний.  Современные способы 
их  развития  и  методы  эффективности  технологий.  Реальные  вопросы  и  ответы  методам 
военных знаний.  
(Дуйсенов О.К., Рахымжанов А.О. Технология военных знаний) 
 
SUMMARY 
In given article are considered new technology of the military knowledges. The Modern ways of 
their development and methods to efficiency technology. The Real questions and answered method of 
the military knowledges. 
(Duysenov O.K., Rahуmzhanov A.O. Technology of the Military Knowledges) 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

123 
 
 
ӘОЖ 155.412: 4 
Б.А.ИСМАХАНБЕТОВА 
 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің  магистр-оқытушысы 
 
АНОРЕКСИЯ: ОНЫҢ АДАМ ПСИХИКАСЫНА ӘСЕРІ 
 
Анорексия  адамның  психикасына қатты  әсер  ететін  ауру.  Ол көбінесе 
тамақтың асқазанда дұрыс қорытылмауы салдарынан пайда болады. Оның 
басты  белгісі  –  баланың  тамаққа  деген  тәбетінің  қашуы.  Күнделікті 
тұрмыста дұрыс тамақтануға немқұрайды қарап, тиісті көңілдің бөлінбеуі 
біртіндеп  келеңсіз  жағдайға  алып  келеді.  Және  ең  қауіптісі  оның  бала 
психологиясына,  оның  ойдағыдай  өсіп-жетілуіне  кері  ықпалын  тигізуінде 
болып  тұр.  Бұл  мақалада  осы  аурудың  алдын-алу  үшін  жеткіншектің  күн 
сайынғы  өміріне  қолайлы  жағдай  жасау,  оның  тамақтану  рационына  көп 
болып көңіл бөлу мәселелері қарастырылған. 
 
Кілт сөздер: адам психикасы, аутодеструктивті мінез-құлық, анорексия, 
тәбетсіздік, тазалау, шектеу. 
 
Қазіргі  өскелең  өмір  талаптарына сай  жастарға  білім және  тәрбие беру, 
оларды  жан-жақты  дамыту  -  қоғам  алдында  тұрған  басты  міндеттердің бірі. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің 
басты  міндеті  -  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен 
практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби 
шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау  оқытудың 
жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық 
ғалымдардың  коммерциялық  желілерге  шығуы»  -  деп  атап  көрсетілген. 
Мұның  тиімді  шешімі  мемлекеттік  деңгейдегі  ресми  құжаттарда 
қарастырылды: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007 ж.), 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасы,  Қазақстан  Республикасында  білім 
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 
Қазақстан  Республикасында  техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді 
дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазіргі 
таңда  аутодеструктивті  мінез-құлықтың  алдын-алу  мақсатында   мектепте 
жүйелі жұмыстар жүргізіледі.  Оқу жылының басында қиын оқушылар тізімі 
анықталып,  олармен  жүргізілетін   жұмыс  жоспарлары  құрылады.  Жоспар 
бойынша  оқушылардың  танымдық  қабілеттерін  жетілдіруге  арналған  түзету 
жұмыстары  жүргізіледі,  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін  анықтап,  зерттеу 
қорытындылары  бойынша  түзету  жұмыстары  жүргізіледі.  Соның  ішінде 
жасөспірімдер арасында алаңдататын мәселелердің бірі – Анорексия [1]. 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

124 
 
Анорексия  -  ағзаның  тағамдық  орталығы  қызметінің  бұзылуы 
салдарынан  тамақтануға  физиологиялық  қажеттілік  бола  тұра  тәбеттің 
болмауы. 
Қазіргі өмір сүру ағымы мен образы адамдардың сыртқы көрінісіне өте 
жоғары талап қойып отыр. Соның ішінде әрине, әйелдердің сыртқы келбетіне 
көбірек  көңіл  бөлетіні  анықталған.  Әйелдердің  өзі  де  бұл  жағдайға  аса  мән 
бере  қарайды  және  өз  бойынан,  сыртқы  көрінісінен  мүмкін  еместі  қалайды. 
Қазіргі  кездегі  әдеміліктің  этолоны  керемет  фигура  болып  табылады.  Бұл 
кездейсоқтық 
емес: 
журналдардағы 
суреттер, 
көгілдір 
экрандағы 
көрсетілімдер,  ғаламтордағы  жүгіртпелер  жан­жағымыздан  қоршап  алған. 
Онымен  қоса  сәнгерлердің  өмір  сүру  образы  мен  арықтығы  әйелдердің 
қызығушылығын  арттырады.  Осының  барлығы  дәрігерлердің  анорексия  деп 
атайтын  ауруының  алғашқы  қадамы:  оның  белгілері  алғашқыда  қарапайым 
азатын әйелдердің мінез­құлқымен бірдей болып көрінеді.  
Өкінішке  орай,  табиғаттың  өзі  кейбір  әйелдерді  осы  ойлап  тапқан 
стандартқа  сай  етіп  жаратқан.  Соның  салдарынан  көптеген  нәзік  жанды 
арулар үнемі артық килограммен, сантиметрлермен, денедегі буылтықтармен 
ерлікпен  күресіп  жатады.  Азу  үшін  аштық,  дәрі­дәрмектер,  аздыратын 
шәйлер пайдаланады. Бұның ақыры өкінішке әкеліп соқтыратынын ол кезде 
ойламайды да.  
Әңгіме мектептік үлкен жүктемеде, тамақтану мәдениеті болмағанда, әр 
түрлі  және  қолжетімді  фас-фудтардың  көптігінде  және  т.б. барысында 
оқушылардың  дұрыс,  үйлесімді  тамақтануы,  төңірегінде  болды.  Азық-
түлікпен  адамдар  тамақтанады,  олар  денсаулыққа  тікелей  әсер  етеді.  Дұрыс 
тағамдармен тамақтану арқылы адамдар көптеген ауруларды болдырмаулары 
және дендері сау болып өмірлерін ұзартулары мүмкін. Дұрыс тамақтану тек 
қана  денсаулыққа  әсер  етпейді,  ол  сыртқы  келбетке  де  –  сымбатқа,  теріге, 
шашқа,  оның  көңіл-күйіне,  энергиясына,  жұмыс  істеу  қабілетіне,  өмір  сүру 
сапасына  әсер  етеді.  Дұрыс  тамақтану  ағзаның  тозуын  төмендетеді.  Бала 
және жасөспірім кезде дұрыс тамақтану есейгенде денсаулыққа ықпал етеді, 
дәл  осылай  жаңа  туған  сәбидің  денсаулығы  жүктілік  кезіндегі  анасының 
тамақтануына байланысты. Тамақтану туралы ғылым бір орында тұрған жоқ, 
соңғы  он  жылдықта  бұл  мәселеге  адамдар  өте  үйлесімді  қарай  бастады.  Біз 
барлығымыз дұрыс тамақтануды және салауатты өмір салтын ұстануды ниет 
етеміз. 
Бірақ көбі аталған ниет, мақсатқа дұрыс жетудің жолын біле бермейді, ал 
ол  қайтарылмас  нәтижеге  алып  келуі  мүмкін.  Дұрыс  тамақтанбаудың  ең 
күрделі бұзылуларының бірі анорексия болып табылады. 
Қазіргі сәнді медиамәдениет өкілдері бекітіп жатыр. Жас қыздар оларға 
киім, келбет жағынан ұқсағылары келеді, тіпті олардың сыртқы келбеті және 
өздерін  ұстаулары  мамандармен  жасалған  образ  екендігін  ойланбайды  да. 
Қыздар  әсіресе  жасөсіпірім  жастар  сол  жаққа,  фотошоп,  дефилеге  түскісі 
келеді, олар ойлайды егер олар өте арық, аяқтары ұзын болса оларды  
 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

125 
 
сәттіліктер  ғана  күтіп  тұр  деген  пікірде.  Ең  басты  мақсат  –  тез  жүдеу.  Бұл 
ретте өте ауыр ауру Анорексия пайда болады. Неліктен ауыр және неліктен 
ауру?  Бұл өте қарапайым. 
Анорексия  –  бұл  артық  дене  салмағын  жинап  алуға  қорқыныш 
тудыратын   психиканың  ауруы.  Аталған  психологиялық  ауытқудың 
белгілері:  ұйқының  бұзылуы,  салмақтың  тез  түсуі,  аппетиттің  төмендеуі, 
қалыпты  нормаланған  салмақты  қаламау,  күйзеліс;  кейін  бұлшық  ет  ауруы, 
жүйкенің  тозуы,  шашытың  түсуі,  ағза  оған  қажетті  кальциді  алмайды. 
Қыздарда етеккір айналымы бұзылады, ерлерде (18 аурудың ішінде  – біреуі 
еркек)  сексуалды  салада  проблемалар,  бұл  психикалық  ауру,  артық  салмақ 
жинаймын деген даурықпа қорқыныш. 
Анорексияның  пайда  болу  белгілері.  Елімізде  анорексияға  14-20  жас 
аралығындағы 
қыздар 
көп 
шалдығады 
Дәрігерлердің 
айтуынша, 
анорексиядан  әлем  бойынша  жыл  сайын  мың  адам  көз  жұмады  екен.  Бұл 
дертке  көбінесе  артық  дене  салмағын  жинауға  қорқатын,  психологиялық 
ауытқушылығы бар адамдар шалдығатын көрінеді [2]. 
Елімізде  аталған  індетпен  14-20  жас  аралығындағы  жасөспірім 
қыздардың ауыратындығы байқалған. Соңғы жылдары 40-тан асқан әйелдер 
де осы ауруға бой алдырыпты. 
Өзін-өзі семіз сезінген Айжан диетаның көп түрін қолданған. Артық дене 
салмағынан  арылуға  көмектесетін  дәрілер  ішкен.  Тез  жүдеп,  әдеттегі 
салмағынан  арыла  бастағанымен,  сыртқы  келбетіне  көңілі  толмаған.  Одан 
кейін тағамға деген тәбеті қашып, асқазаны сыр беріпті. 
Анорексия    салмақты  тастауға  деген  құштарлық  және  семіріп  кету 
қорқынышынан туған психологиялық ауру.Анорексиямен ауыратын аурулар 
негізінде салмақ тастаудың екі жолын таңдайды: 
1.  Шектеу.  Салмақ  тастау  үшін,  қабылдайтын  тамақтың  көлемін  қатаң 
диета арқылы төмендету, күнде шектен тыс спортпен шұғылдану жолымен. 
2. Тазалау. Барлық процедураларды пайдалану жолымен: асқазанды жуу, 
клизма жасау т.б. арқылы.  
Анорексияның қандай белгілері болады? 
Анорексияның  негізгі  белгілеріне  жататындар:  Салмақ  тастау;  Толып 
кетуге  деген  даурықпа  қорқыныш;  Қаншалықты  төмен  болса  да  салмақтың 
түсуін  тоқтатпау;  Денесінің  белгілі  бір  бөліктерінен  үнемі  толықтықты 
сезіну;  Тамақтану  тәсілі:  түрегеліп  тұрып  тамақтану,  тамақты  майда 
бөліктерге бөліп жеу; Ұйқының бөлінуі; Тамақтануда, ашыққанда үнемі өзін 
кінәлі санау; Депрессия, көпшіліктен бойын аулақ салу. 
Бұл аурудың адам ағзасына тигізетін әсері, белгілі бір деңгейде адамның 
физиологиялық жағдайының бұзылуы, терінің бозаруы, салқындықты сезінуі, 
етеккір  циклының  бұзылуы,  артимия,  үнемі  әлсіздікті  сезіну,  сіңірдің 
тартылуы.  Сонымен  қатар  жоғары  деңгейде  тітіркену,  себепсіз  ашулану, 
басқаларға реніште жүру. 
Анорексиядан емделу жолдары 
Бұл ауруды жазуға болады, бірақ ол үшін туыстардың және  
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

126 
 
жақындардың  қолдауы  қажет.  Дәрігерлер  ақырындап  тағамның  үлесін 
арттыруды ұсынады. Бірақ кей кезде зорлап тамақтандыру қажеттілігі туады. 
Психотерапия цейанстары кезінде (жеке, топ, отбасылық)  салмақты  түсіруге  
ықпал еткен уәжді анықтау қажет. Өкінішке орай, көбінесе анорексия соңына 
дейін  жазылмайды.  Егер  толық  емделмесе  аталған  ауру,  онда  өлімге  алып 
келуі мүмкін (өлімнің 5% осы аурудың салдарынан болады) [3]. 
Осылайша, жас қыздарға сәнді диеталармен мүлдем қызығуға болмайды, 
олар  психологиялық  ауруларға  дейін  алып  келеді,  яғни  тікелей  дәрігерлік 
араласуға  алып  келеді.  Тіпті  ең  пайдалы  әрі  тиімді  диетаның  өзі  бекітілген 
уақытқа  дейін  ғана  ұсталуы  тиіс  және  қаралып  жүрген  дәрігермен  келіспей 
оның  уақытын  созуға  болмайды.  Ара-тұра  дәрігеріңізден  кеңес  алып 
тұрыңыз, ол Сізге денсаулығыңызға зиян келтірмес үшін көмектеседі. 
Жүйкелік анорексияның нақты диагнозы, физиологиялық жолмен азудың 
тежелуі, 
неврологиялық, 
гастроэнтрологиялық, 
эндокринологиялық 
(гормондық) аурулармен қоса тәбеттің өзгеруіне әкеліп соғуы. 
Жүйкелік  анорексиямен  ауыратындардың  туысқандары  аурудың  алдын 
алу  үшін,  олармен  дұрыс  қарым­қатынас  жасай  отырып  медициналық  және 
психологиялық көмек көрсетулері керек. 
 Жеке 
және  топтық  танымдық-тәртіптік  психотерапия  өзін-өзі 
бақылауды үйренуге  бағытталған: ойлануға, сезімге, мінезіне және тәбетіне. 
Анорексиямен  ауыратындарға  арналған  жаңа  диета  дозасының 
колориясы,  макронутиенттен,  мультивитаминнен,  мнералды  қоспалардан 
тұрады. 
Оганизмнің қызметінің бұзылуының ең қысқа мерзімдік қалпына келуіне 
шамада бір айдай уақыт кетеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Змановская Е.В. Девиантология. – Москва, 2004. –288 с. 
2.
 
Котляров А.В. Другие наркотики или Homo Addictus: Человек зависимый. –
М.: Психотерапия, 2006. – 460 с. 
3.
 
Миллер  А.  Драма  одаренного  ребенка  и  поиск  собственного  Я.  –  М.: 
Академический Проект, 2001. – 144 с. 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал