Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 6.24 Kb.

бет13/28
Дата09.01.2017
өлшемі6.24 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28

РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются научные основы формирования из опыта трудового действия 
учащихся начальной школы.  
(Сманов И.С., Лесбекова П. Трудовые действия учащихся начальной школы)  
 
SUMMARY 
In article scientific basics of formation from experience of labor action of pupils of elementary 
school are covered. 
(Smanov I.S., Lesbekova P. The labor action of pupils of elementary school are covered) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

110 
 
 
ӘОЖ  371. 71: 796. 13 
Ү.И.МЕЛДЕБЕКОВА  
педагогика ғылымдарының кандидаты
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доц. м.а. 
 
С.ТАЙМҰРАТОВА  
 А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
 «ҚАРА ЖОРҒА» БИІ ЖӘНЕ БҮГІНГІ САЛАУАТТЫ ӨМІР 
САЛТЫНДАҒЫ ОРНЫ 
 
Қазақ  халқының  рухани  және  мәдени  байлығы  ұрпақтан  ұрпаққа 
мұрагерлікпен келе жатқан баға жетпес құндыдылық. Халқымыздың әдет-
ғұрпындағы,  салт-дәстүріндегі  тарихи  мұралар  еліміз  тәуелсіздігін  алған 
күннен  бастап  қайта  жаңғырытылып,  қалпына  келтірілуде.  Шетелдік 
қандастарымыздың  қолдауымен  ортамызға  қайта  оралған  сондай 
жәдігерлеріміздің бірі – «Қара жорға» биі. Ол туралы әңгіме де көп болды. 
Қалай  болғанда  да  ұлттық  нақыштағы  бұл  өнер  туындысымен  қайта 
қауышқан халқымыздың би өнеріне деген көзқарасы да ерекше. Бұл мақалада 
«Қара  жорға»  биінің  шығу  тарихы,  оның  өзіне  ғана  тән  ерекшеліктері 
қарастырылған.  
   
Кілт  сөздер:  «Қара  жорға»,  аспапты  музыка,  вокалды  музыка,  көшпенділер 
тарихы.  
 
Қазақ  халқының  рухани,  мәдени  байлықтары  –  қашан  да  ұрпағына 
қалдырған  мол  мұралар,  телегей  теңіз  құндылықтар,  тарихи  тағлымы  мол 
мағлұматтар. 
Солардың  бірі  «Қара  жорға»  биі  жайлы  сөз  болмақ.  Еліміз  Егемендігін 
алып,  Тәуелсіздік  туы  төрімізге  тігілгелі  бері  қаншама  жоғымызды  тауып, 
қазынаға қаншама құнды қазыналарды толтырудамыз. 
Музыка 
тарихына 
шолу 
жасасақ, 
көпшілігінің 
музыкалық 
мәдениеттерінің  тамыры  өте  тереңде  жатыр.  Жартастардағы  суреттерден 
билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінген салдырмақтарды ойнап тұрған адам 
бейнелерін кездестіруге болады. 
Негізінен,  көшпенділердегі  ең  көне  музыкалық  аспаптар  ұрмалы 
даңғыра,  қурайдан  жасалған  үрмелі  сыбызғы,  ілмелі-шертпелі  қобыз, 
домбыра сияқты қарапайым аспаптар болған. 
Этнограф-ғалым  Ақселеу  Сейдімбеков  музыка  тарихын  көп  зерттеген. 
Сонда  музыкалық  фольклорды  бес  кезеңге  бөле  отырып,  бірінші  кезеңіне 
біздің  заманымызға  дейінгі  ІІІ  ғасыр  мен  біздің  заманымыздың  VI  ғасыр 
аралығы  [1].  Бұған  сақ  дәуірінен  бастап,  көне  түркі  тайпаларының  қиял-
ғажайып  тақырыптарға  арналған  күйлері,  жорық  сарындары  жатады. 
Музыканы,  музыканың  аспаптар  тарихын  зерттеуші  ғалымдардың 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

111 
 
пайымдауынша, ән түріндегі музыкалық мұра (вокалды музыка) және сарын  
күй түріндегі мұраның (аспапты музыка) жіктеліп бөлінеді, бері дегенде  VI-VIII 
ғасырлардан  басталады.  Ұлытау  төңірегінен  табылған  түркі  дәуірінде  жататын 
тасмүсіннің  бір  бүйірінде  қобыздың  суреті,  ал  арқасында  қоңыраудың  суреті 
салынған.    Қобыз  бен  қоңырау  бақсының  аспаптары.  Олар  қоңырау, 
сылдырмақтар қағып жүріп би билеп, қобызбен сарын ойнап, жын шақырған. Тас 
мүсінде осындай бақсы бейнеленген болу керек. Жалпы, көшпенділердегі алғаш 
кәсіпқой музыкант бақсы болған [2].   
Сонау VIII ғасырда өмір сүрген, түркі әлеміне ортақ Қорқыт алғашқы шебер 
музыкант, күй атасы, бақсылардың пірі болып саналады. 
Қорқыт  ата  бүкіл  түркілер  әлемінің  сарын, күй,  әуен  өнерінің  атасы  болса, 
одан бері музыка өнері әл-Фарабидің (IX-X ғасырларда) ибн-Синаның (Х ғасыр), 
ұлы жыршы Кетбұғаның (ХІІІ ғасырда), Сыпыра жыраудың (ХІV ғасырда), Асан 
қайғының  (ХV  ғасырда),  Қазтуғанның  (ХV  ғасырда),  Әбу  әл-Қыдырдың  (ХІV 
ғасырда), Әбдірахман Жәмидің (ХІV ғасырда), Бұхардың (ХVIII ғасырда), Нысан 
абыздың  (ХVIII  ғасырда)  аттарымен  байланысты.  Олар  күйші-сазгер,  жыршы 
болған. Ал әл-Фараби мен ибн-Сина музыка ілімінің теориясын алғаш жасаушы 
ғалымдар [2].   
Осы  мәліметтердің  барлығы  да  Көшпенділердің  тек  музыка  шығарып  қана 
қоймай,  сонымен  бірге  музыкалық  аспаптар  жасап  (домбыра,  қобыз,  даңғыра, 
сылдырмақтар),  онда  музыка  әуендерін  ойнап,  ән  айтып,  би  билегендерін 
тарихтағы ашық аспан астындағы ескерткіш жазбалар айқындап тұр.  
Бүгінде  өшкеніміз  жанып,  өлгеніміз  қайта  тірілген  заман  болды.  Кешегі 
кеңес дәуірінің кезінде барымыздан көз алдымызда айырылып, асылдарымызды 
жоғалттық.  Қаншама  байлығымызды  «берсең  қолыңнан,  бермесең,  жолыңнан» 
деген  заманды  ата-бабаларымыз  бастан  өткерді.  Халқымыздың  даналығын, 
тектілігін хан талапай етіп ойрандады. Соның кесірінен халқымыздың біршамасы 
бас сауғалап, көршілес елдер арқылы шетке кетті. 
Өз жерімізде өзіміз асылдарымызды атай алмай, еңбектерін оқытпай, білмей 
(Ш.Құдайбердіұлы,  Ж.Аймауытов,  М.Дулатов,  т.б.)  талай  жәдігерімізді  ұмыт 
қалдырдық.  Тілден  ақсап,  домбыра  ұстағанды  ар  санаған  кездер  де  өтті  бір 
уақыттарда.  Тік  сөйлеп,  өтірік  айтпайтын  халықты  бас  амандығы  үшін  өтірік 
айтуға, екі жүзділікке үйретті [3].   
Халқымыз  тұрмыс-салтындағы  дәстүрлерімізді  ұмыттырып,  ұлттық 
ойындарымызға тиым салды. Осының бәрі халықтың рухани байлығына нұқсан 
келтірді. 
Әйтеуір  жаңа  заман  жарқырап,  Тәуелсіздік  туымен  бірге  елге  жаңа  леп 
келді. Алғашында қуануға да қорқа қарап сақ жүрсек те, келе-келе түзеліп келе 
жатқан көш керуеннің оң  аяқ алысына, халықтың көзі ашылып, жастардың беті 
имандылыққа бұрып, елдің еңсесі көтерілді. Елбасының саясатымен дағдарыстан 
да  өттік.  Бүгінгі  біздің  Қазақ  елін,  оның  алғашқы  президенті  Н.Ә.Назарбаевты 
әлем таныды. Осының әсері ме, халық желпінді, көк туымыз шет елдерде талай 
мәрте самғады. Алда да талай қуаныштар күтеміз. Осындай сәт туғанда өлгеніміз 
қайта тірілді демей не дейміз. 
Тек,  біз  сол  өзіміздікін  тани  алмай  қалып  жүрген  кезіміз  де  бар.  Осындай 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

112 
 
қуанышты күндерді өзімізге қайта келген өнердің ішіндегі бірегейі, би өнерінің 
түп-тамыры «Қара жорға» биі. 
Тарихта  ондаған  ғасыр  бойы  Еуразия  даласының  шығысы  мен  батысына 
дейінгі ұлан-ғайыр кең даланы атының тұяғымен дүбірлетіп, домбыра мен қобыз 
үндерімен  күмбірлеткені  белгілі.  Көшпенділер  тарихының  арбасын  алға 
сүйреушілер,  шығыс  пен  батыстың,  оңтүстік  пен  терістіктің  мәдениет 
алмасуының  дәнекері  болғандар.  Арғы  тарихта  мәдениет  көшпенділердің  көш 
жолымен,  жорық  жолымен  таралды.  Ат  та,  ат  әбзелі  де,  арба  да,  қола  да,  ауы 
бітеу шалбар да, ұзын қоныш өкшелі етік те, алғашқы ән, күй, би, аңыз әдебиет 
те, тотем де, тағы осы сияқты сансыз мәдениет үлгілері көшпенділердің көші мен 
жойқын жорығы арқасында жан-жаққа тарап отырады. 
Олардың өріс-қоныстарында мәдениет іздерінің жіпұштары қалып отырады. 
Солардың бірі әрі бірегейі көшпелілердің биі болатын. 
Би  –  адамзат  мәдениетіндегі  әрі  қарапайым,  әрі  сырлы  құбылыс.  Оның 
тамыры  терең, мазмұны  тұңғиық,  оған әр  халықтың  наным-сенімі,  арман-тілегі, 
эстетикасы, мінез-құлқы, болмыс-бітімі, жан сезімі сияқтылар сіңірілген. 
Әр ұлттардың ән, күй, билерін қалай парқын ажыратып, тани алуға болады?  
Әрбір  ұлттың  түрлі-түрлі  биі  болғанымен,  оның  ең  басты  арқауы  бір,  яғни  бір 
түп  ағаштың  тамыры  мен  бұтағы  жан-жаққа  шашырай  біткенімен,  алайда  діңі 
бір, жапырағы ұқсас болады ғой. 
Өнер  де  солай.  Қазақ  биінің  де,  корей  биінің  де,  ұйғыр  биінің  де,  тибет 
биінің  де  тарихи  қалыптасқан  үлгісі,  арқауы  бар,  сол  арқылы  танымы  зерек 
халық өзінің табиғатын, мінез-құлқын таниды. 
Өткен  өмір  тарихын сөзбен  емес,  ән-жырмен  өрнектеп  кеткен халқымызды 
«Қаратаудың  басынан  көш  келеді»  деген  жыр  шумақтары  бар.  Қазіргі  Қазақ 
елінде  оңтүстіктегі  Қаратаудың  қойнауында  да  неше  түрлі  сыр  шежіре  тұнып 
тұр.  Көшпенділер  мұндай  бірнеше  тауларды  өріс-қоныс  еткен.  Біз  сөз  еткелі 
отырған Қаратау қазіргі Қытайдың орта жазығынан батыс өңірге немесе Тәңіртау 
алабына  енетін,  қазақтың  ата-бабалары  тарихта  мекен  еткен  жаз  жайлау,  қыс 
қыстауында Тарым мен Тәңіртаудың шығысындағы, арғы тарихта сақтар, нүзлер 
(нүкіс),  үйсіндер,  ғұндар  бірінен  соң  бірі  көшіп-қонып  мекендеген  байырғы 
көшпенділер мекені – Қаратау [4].   
Осы байырғы көшпенділер қонысынан өткен ғасырдың 70-жылдары Қытай 
мамандары  көптеген  петроглифті  байқап  зерттей  бастады.  Қытайдың  көптеген 
ғалымдарын  өзіне  баурағаны  осы  петроглифтер  ішінде  ерекше  әсем  де  жанды 
бейнеленген топтың би көріністері болды.  
Қаратау  петроглифтерін  суретті  тасқа  егеп-қашап  салу  тәсіліне  қарай 
ғалымдар 3 топқа бөлген. 
Соның ең  көнесі  жанго  заманынан  хан династиясы дәуіріне  (б.з.б.  475 ж.  -
б.з.  220  ж.)  дейінгі  сақтардың,  үйсіндердің  немесе  ғұндардың  туындылары  деп 
тұжырымдайды.  
Қаратау  петроглифтеріндегі  топтың  би  көріністерінің  салыну  уақытын 
бағалауда,  оның  егеп  салынуына  ғана  негізделінбеген,  сонымен  бірге  суретте 
бейнеленген түрлі мәдениет үлгілеріне де ден қойылған. Бұндағы ең басты дерек 
– би билеген адамдардың басындағы шошақ бас киімі мен оның төбесіне  
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

113 
 
тағылған  үкі.  Кезінде  хан  династиясы  және  одан  бұрынғы  дәуірде  ғұндардың 
басында тағатын үкілер болған [4].   
Бұлардан  басқа  Тарымның
 
шығысындағы байырғы сақ молаларында да бас  
киімге құс қауырсынын  қадаған адам сүйектері  табылған. 
Бұндай  үкі  тағу  казірге  дейін  біздің  халқымызда  көбірек  қолданылады. 
Ұлттық киімге, (бас киім) киімге, бесікке, тақияға, т.б. 
Бұл  суреттегі  билер  қай  жағынан  қараса  да  киім  кию,  аяқ,  қол,  дене 
қимылдары бәрі де, Қазақтың «Қара жорға» биін  екені даусыз. «Қара жорға» биі 
тұтас  қазақ  биінің  арғы  жүлдесі,  алтын  арқауы  деуімізге  әбден  негіз  бар.  Ол 
адамзат биінің ішіндегі де ең ерте дамытылған би үлгілерінің бірі деп сеніммен 
айтуға болады [4].    
Егеменді  ел  болғалы  да  «Қара  жорға»  биін  шет  елдік  қандасымыз  елге 
әкеліп,  билеп,  қара  шаңырағына  қайта  табыстырды.  Қанды  қыздырар  буын  биі 
«Қара жорғаны» ұмытпай, ел ішінде бірен-саран билеп жүргендер, елең етіп, тез 
меңгеріп, қуана қауышып кетті. 
Тарихы терең халықтың мәдениеті де сонау ықылым заманнан қалыптасқан 
келеді. Сол жауһарларымызды жарқырата ұстағанда біз жауаптылықты сезінеміз. 
Бүгінгі заманда мәдениетіміздің, өнеріміздің тереңдігіне масаттана отырып, 
оған мақтана қолдау көрсетуіміз керек. Себебі жастардың бір мезгіл билей жүріп, 
дененің  буын-буынын  тербейтін  өнері  мен  шипасы  қатар  жүретін  қасиетті 
бабаларымыздан  қалған  қастерлі  өнерімізді  аялап,  өрбітіп,  көпшілікпен  бірге 
қуаттана  орындайтын  көз  қуанышымызға  айналдырайық.  Осы  бір  бидің  өзінде: 
тарих та, қаншама дастан да, мәдениет те, әдеп те, сұлулық та, өнеге де, үлгі де, 
салауаттылық та, саналылық та тұнып тұрған жоқ па?! 
Ендеше өлгеніміз  қайта  тіріліп,  өшкеніміз  қайта  жанды деуге  құқымыз бар 
шығар. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы: Дәнекер, 2000. 
2.
 
Төлеубаев  Ә.,  Қасымбаев  Ж.,  Қойгелдиев  М.  Қазақстан  тарихы:  «Жалпы 
білім»  беретін  мектептің  қоғамдық-гуманитарлық  бағытындағы  10-сыныбына 
арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2006. –232 б. 
3.
 
Мәденеиеттану: жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған 
оқулық. – Алматы: Раритет, 2005. – 416 б. 
4.
 
Құмарұлы Я. Алыстағы ата мұра. – Бейжің: Ұлттар, 2006. 
 
РЕЗЮМЕ 
Духовное  и  культурное  богатство  казахского  народа  это  –  передавать  из  поколения  в 
поколение богатое наследство, необъятные ценности, сведения об исторических традициях. В 
статье  рассмотрен  один  из  них  –  танец  «Кара  жорга».  Говорится  о  ее  происхождении, 
своеобразии. 
(Мелдебекова  У.И.,  Таймуратова  С.  Танец  «Кара  жорга»  и  ее  роль  в  современном 
здоровом образе жизни) 
SUMMARY 
Spiritual and cultural richness of the Kazakh people is passed from generation to generation rich 
heritage, immense value, information about historical traditions. In the article it is said about one of 
the dance "Kara Zhorga." Also it is said about its origins and uniqueness. 
(Meldebekova  U.I.,  Taimuratova  S.  Dance  "Kara  Zhorga"  and  its  role  in  today's  healthy 
lifestyle) 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

114 
 
 
ӘОЖ 331.548:373.5 
І.С.СМАНОВ 
педагогика ғылымдарының докторы,  
ОҚМПИ-ның профессоры 
 
А.Қ.АБЕНОВА 
ОҚМПИ-ның магистр-ізденушісі 
 
ЖОҒАРЫСЫНЫПТЫҚТАРДЫҢ КӘСІБИ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ 
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ 
 
Ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың    сындарлы  саясатын  басшылыққа 
алған 
Қазақстан 
халқы, 
оның 
ішінде 
мектеп 
ұстаздары 
жоғарысыныптықтардың  кәсіби  жарамдылығының  ғылыми-педагогикалық 
негіздері туралы мәселені күн тәртібінен әсте алған емес. Бұл мақалада ҚР 
Президентінің  соңғы  жылдары  өзінің  «Қазақстанның  әлеуметтік 
жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам»  атты 
тұжырымдамасында  еліміздегі  жас  жеткіншектерді  еңбекке  баулу,  оның 
еңбегін  бағалау  мәселелеріне  ерекше  мән  берді,  жұмыссыздықты  жоюдың 
мүмкіндіктерін  қарастырды,  Қазақстан  Республикасының  дамуы  үшін 
индустриялық-инновациялық  бағдарламаны  жүзеге  асырудың  маңызды 
қадамдарын  лайықты  бағдарлап  берді.  Осы  тұжырымдама  негізінде 
жоғары  сынып  оқушыларына  кәсіптік  бағдар  беру,  елімізде  кәсіптік-
техникалық  колледждердің  жұмыстарын  оңтайландыру  секілді  игі 
қадамдар  жасалуда.  Мақалада  осы  бағыттағы  атқарылар  іс-шаралар 
шеңберінде  мектеп  мұғалімдеріне  қойылатын  талаптар  мен  міндеттер, 
оның жүзеге асырудың кейбір мәселелері қамтылған.   
 
Кілт  сөздер:  жалпы  педагогика,  жоғары  сынып  оқушылармен  кәсіптік 
бағдар жүргізу, мектеп бітірушілерге кәсіби бағыт беру. 
 
Біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан әлеуметтік 
жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам»  атты 
тұжырымдамасында  отанымыздағы  адамды  еңбекке  баулу,  оның  еңбегін 
бағалауға  ерекше  мән  берді,  жұмыссыздықты  жоюдың  мүмкіндіктері, 
Қазақстан  Республикасының  дамуы  үшін  индустриялық-инновациялық 
бағдарламаны  жүзеге  асырудың  маңызды  қадамдарын  лайықты  бағдарлап 
берді [1]. Әлем елдерінің қазіргі ХХІ ғасырда көпшілігінің таңдаған жолы  – 
нарық болса керек. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар, 
ғылым  мен  тәжірибе  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға, 
дамытуға  және  кәсіби  шыңдалуға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті 
жағдайлар  жасау,  еңбек  нарығында  бәсекелесуге  қабілетті  білікті  жұмысшы 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

115 
 
мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» деп көрсетілген [2].  
Олай  болса,  болашағымызға  кәсіптік  бағдар  беру  өзекті,  олардың  өздерінің 
жарамдылығын байқауға ой салады. 
Педагогика  мен  тәжірибеден  белгілі  білімнің  жалпы  негізгі  үш  міндеті 
бар, олар: 

 
әрбір баланың өзіндік дамуы

 
жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету; 

 
баланы өзінің қалауы – жарамдылығына сай кәсіпке даярлау. 
Осы аталынған басты үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделіленген 
сайын,  нарықтық  эканомика  кезеңінде,  бәсекелестікке  барынша  сай  болуы 
үшін  оларды  жастай  болашақ  кәсіпке  бағдарлай  әзірлеу  ең  өзекті  мәселе. 
Еліміздің  2015-2020  жылдар  ішінде  12  жылдық  білім  беруге  өтуі  және 
белсенді оқыту әрбір оқушының 11 және 12 сыныпта мамандық таңдай білуі, 
оған  өзінің  жарамдылығын  байқау  арқылы  негіздеуі  көкейкесті  мәселе 
екендігі сөзсіз. 
Кәсіптік  бағдар  беру  –  жарамдылығын  байқау  жұмысының  алғашқы 
басқышы  –  бірінші  кезеңі  отбасы  тәлім-тәрбиесінен  басталып,  ірге  тасы 
іспеттес  қаланады,  келесі  кезекте  болашақ  өміріне  ықпалы  мол  білімі, 
іскерлігі,  дағдысы  мен  дамуына  ұласатын,  қабілеттерін  байқатып, 
шығармашылыққа жеткізетін – мектеп, мектептен тыс мекемелер, кәсіпорын, 
түрлі  бағыттардағы  шаруашылықтармен  ұщтасып  жалғасады.  Елдің  ертеңгі 
жетістігі  –  білім  мен  ғылымда,  оны  саналы  және  сапалы  меңгеру 
болашағымыздың 
жарамдылығын, 
бәсекеге 
барынша 
қабілеттілігін 
арттырады. 
«Білім  беру  жүйесіне  Қазақстан  тұрғындарының  үштен  бір  бөлігіндей 
тартылған.  Мұндағы  ең  маңыздысы  біздің  балаларымыздың  нақ  осы  білім 
беру  жүйесінде  өсетіні,  қалыптасатыны  және  есейетіні.  Бұл  әрбір  отбасын 
толғантады.  Сондықтан  да  бүкіл  жаңғырту  үдерісінің  табысқа  жетуінің 
түйінді факторы ұлттық білім беру жүйесін жаңартудың табысты өтуі болып 
табылады» – деді мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев, ол 
дегеніміз білім сапасы басты ұстаным, жарамдылығының белгісі, көрсеткіші 
[3]. 
Әрбір  оқушының  сана-сезімі,  мінез-құлқы  мәдениеті,  өмірге  көзқарасы, 
әрі  түрлі  мамандықтардың  ерекшелік  сипаттарына  қабілеттері  отбасының, 
отбасының  әрбір  мүшелерінің  мамандықтары  ықпал  етеді,  олардың  өзіндік 
ерекшеліктері  –  тәрбиесіне,  әрбір  жастың  еңбекке  араласуы,  іс  әрекеттеріне 
қатысты,  байланысты.  Сонымен  бірге  мектептегі  кез  келген  оқу  пәндерінің 
мазмұны,  әр  түрлі  бағытта  қосымша  білім  беретін  мектептен  тыс 
мекемелердің алар орны жеткілікті.  
Мектептің,  мектептен  тыс  білім  беру,  кәсіпке  бағыт  беру  іс-әрекеттері, 
іс-шаралар, үйірмелердің мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің танымдық 
және  шағармашылық  ынтасын,  қабілеттерін  дамыту,  әр  түрлі  жеке  даралық  
талаптарын,  білім  құмарлықтарын  қанағаттандыру,  қоғамдық  өмірде  өзінің 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

116 
 
қалауын, жарамдылығын байқау, талдау жасаумен бейімделу, салауатты өмір  
салтына  қатыстыру,  өзінің  бос  уақытын  саналы,  сапалы  өткізуге,  өзін-өзі 
тануға  баулу  арқылы  жарамдылығын  өзінің  білуі  маңызды,  сонда  болашақ 
мамандығын  таңдауға  өзі  дайындалады,  өзін-өзі  таниды,  нақты  міндеттерді 
орындауға өзі кіріседі. 
Білім берудің басты ұстанымдарының бірі – шәкірттерге кәсіптік бағдар 
беру,  олардың  өздерінің  жарамдылығын  анықтауға  ықпал  ету  –  білік 
мақсаттарына байыппен қарауға әсер етеді, терең білім алуға тәрбиелі болуға 
себепкер болады, нәтижеде терең білім – тәуелсіздіктің тірегі болып шығады. 
Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам  –  ол  Қазақстанның 
әлеуметтік жаңғыртылуы – білік мақсаттарға байыпты бағдар, – ойға – шуақ, 
бойға  – қуат,  сонымен  бірге  кәсіптік бағдар  болып  табылады, биікке бастар 
жол екендігін байқатады.  
Кәсіптік бағдар беру – жарамдылығын анықтауға жеткізу  – көп салалы, 
күрделі  үдеріс,  саналы  ұғуға,  сапалы  оқуға,  өзін-өзі  тәрбиелеуге  жеткізеді. 
Кәсіптік бағдар беру – әрбір оқушының болашағын ойлауына, дұрыс таңдау 
жасауына, ақыл-ой таразына салуға, болашағын анықтауға жеткізумен мәнді, 
мақсатты  іс-әрекетке  алып  келеді.  Кәсіптік  бағдар  беру  –  шәкірттің 
жарамдылығын  анықтауда  әрбір  шәкірттің  психологиялық  жеке  қасиеттері, 
мамандық  таңдаудағы  басты  себептері  назардан  тыс  қалмауы  мәнді. 
Мектептегі  кәсіптік  бағдар  беру  ісі  білім  сапасы  –  басты  ұстаным  екендігін 
көрсетеді, ал саналы тәрбие – биікке бастар жол жиынтығы мамандық таңдау 
үдерісімен айқындалады. 
Мамандық дегеніміз – адамның белгілі бір қызметпен айналысып, еңбек 
етуіне  мүмкіндік  беретін  білімі,  тәжірибесі,  материалдық  немесе  рухани 
өндірістегі  іскерлігі,  дағдысының  болуы  және  оны  жаңа  білімі, 
технологиялармен  толықтырылуының  жиынтығы,  мамандықты  таңдау 
жарамдылығының  анықтау  міндет  –  ол  байқау,  сынау,  таңдау  арқылы  өз 
шәкірттерін  білімі,  іскерлігі,  дағдысы,  өзін-өзі  дамытумын  мақсатына  жол 
таба  білуіне  үйрете  білген  үш  одақ  –  ата-ана  –  ұстаз  –  шәкірт  бірлігінің 
табысты  еңбегінің  нақты  көрсеткіші.  Мамандықты  таңдауға  көмек  беру  іс-
әрекеттерге көмектесу: 

 
әрбір жастың көп санатты қабілетіне

 
отбасындағы мамандық иелеріне, еңбектеріне; 

 
балалардың білімі, ой-өрісі, еңбекке деген көзқарасына; 

 
ойлау, білімі, іскерлігі, дағдысы, дамуына; 

 
мамандармен кездесу, пікірлесу, танысу және т.б. 
Кәсіптік  бағдар  беру  –  оқушылардың  жарамдылығын  анықту  жұмысын 
өткізу  мазмұны  мен  формасы  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне 
байланысты,  себебі  әрбір  жас  кезеңі  балалардың  түрлі  сапаларын  дамытуға 
қолайлы,  алған  біліміне  қатысты  өзін-өзі  даярлауға  тәуелді,  өзінің 
жарамдылығын байқауға байланысты. 
Жоғары сынып оқушылармен кәсіптік бағдар – жарамдылығын анықтау, 
жастардың  өзін-өзі  байқауы,  біріншіден  өзіне-өзі  сын  көзбен  қарауға, 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

117 
 
салыстыруға, диагностика жасауға, өзін бағалауға жеткізеді. Екіншіден өзінің  
жарамдылығына  сапалы  байқау  жасау  маңызды  міндеттерді  анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Үшіншіден,  ең  маңыздысы  білімін  тиянақтайды, 
тереңдетеді, дайындықты арттыра түсуге кіріседі. 
Жоғары  сынып  оқушылармен  кәсіптік  бағдар  жүргізу  –  жарамдылығын 
анықтауда: 

 
шығармашылық және танымдық мотивациясын нақтылау

 
зияткерлік, зиялылық дамуына диагностикалау; 

 
болашақ  мамандығы  жайлы  ақпаратталуы,  өзінің  түйіндеме, 
тұжырымдамасы; 

 
бағыттың бағдаршамы – кәсіби туралы пікірі

 
қалаған  мамандығының  болашағы  жайлы  көзқарасы,  байыпты, 
сындарлы ойы. 
Өскелең ұрпаққа адам тек қана еңбегімен қадірлі болатындығын, барлық 
жақсылыққа оқуы – білімі, тәжірибесі – тәрбиесі, еңбегі – өнегесі, ізденісі – 
шығармашылығы  арқылы  жететіндігін  түсіндіретін  –  Мемлекет  басшысы, 
Елбасы, 
Ұлт 
Көшбасшысы 
Нұрсұлтан 
Әбішұлы 
Назарбаевтың 
«Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына 
қарай  20  қадам»  еңбегінің  мәні,  маңызы,  кепілділігі  үлкен,  нақты,  еңбек 
адамдарына деген құрмет ерекше болуы тиіс. Елбасының ойы – халық болып 
бірлесіп,  ынтымақтасып  еңбек  ету  және  ол  үшін  еңбек  еткен  адамдарға 
лайықты  құрмет  көрсету,  бұл  жас  ұрпаққа  кәсіптік  бағдар  беруде  ең  басты 
негіздеме, маңызы өте зор. 
Мектеп  бітірушілерге  кәсіби  бағыт  берудің  –  жарамдылығын 
анықтаудың  бір  амалы  –  мектепаралық  оқу-өндірістік  комбинаттары,  қыз 
балалары үшін: 
- «киім дизайны»; -тігінші-модельер; -«Қолданбалы қол-өнер дизайны»;  
- «маркетинг және менеджмент»; -бухгалтерлік есеп; -әрлеп безендіруші т.б., 
ал ұл балалар үшін: 
-  көлік  іс  мамандығы  («В»,  «ВС»  білікті  жүргізуші);  -автоэлектрик;  -
көлік жөндеуші; -ЭВМ операторы; -ақпараттанушы; -газэлектрдәнекерлеуші, 
т.б., таныстыру, іс-әрекеттерге баулу, қыр-сырын үйрету, еңбекке мән беру. 
Кәсіптік  бағдар  –  жастардың  жарамдылығын  анықтау  жұмысымыздың 
осы  бағыттағы  басты  нәтижесі  –  жастарды  тәрбиелеу,  ең  негізгісі  болашақ 
мамандық таңдауына ықпал жасау, болашағымызға лайықты қолдау көрсету. 
Әлбетте,  болашағын  болжай  алмаған  жастың  келешегі  келеңсіз  келетіні 
тарихтан,  тәжірибеден  аян.  Міне,  сондықтан  болашақ  мамандығын  –  өзінің 
жарамдылығын  анықтау  мақсатында  жоспарлы  жұмыстар  жүргізілуі  қажет, 
атап айтқанда еңбек адамдарымен кездесу, мамандық иелерімен сұрақ-жауап 
дөңгелек үстелін өткізу, арнаулы кештер ұйымдастыру, сонымен бірге жұмыс 
орындарына  экскурсия  жасап  еңбек  өнімдерімен  танысу,  елдің  ертеңгі 
жетістіктері – білім, еңбек, ғылымда екендігін көру, сезу. 
Кәсіптік  бағдар  беру  –  оқушылардың  өзінің  жарамдылығын  анықтау  – 
                                      А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 

118 
 
терең  білім  –  тәуелсіздіктің  тірегі  екенін  түсіну  –  өзін-өзі  тану  болашағына 
алып  баратын   баспалдақтар   екендігі  мәлім.   Елбасының   көрсетіп  берген  
бағыттарын зерделеу, зейініне алу, ой елегінен өткізу елдің ертеңгі жетістігі – 
білім  мен  ғылымда,  еңбек  пен  тәжірибеде,  бірлік  пен  тірлікке  екендігін 
байқауына біріншіден, жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай қадамдар жасау 
болса,  екіншіден  білім  қоғамына  қарай  ізденісті  еңбектер  жасау,  үшіншісі 
Қазақстанның  жаңа  дәуірінің  алғашқы  күні  болашақтың  бағдаршамы  – 
тәуелсіздігіміздің тарихы туралы терең толғанысқа толы тарихи дүние. 
Біз  осы  аталған  бағытта  көп  еңбек  ететін  болсақ,  саналы,  сапалы 
зерделеп  оңтайлы  қорытынды  жасай  алсақ,  өзіміздің    жарамдылығымызды 
біліп, шығармашылықпен еңбек етіп жастарға  – оқушыларға кәсіптік бағдар 
беруде ықпалымыз арта береді, әрине жастар да түсініп, заман талаптарымен 
үндеседі. 
Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамын  құруға  бағытталған  аса  мәнді 
бағдарлама,  Қазақстан  білім  қоғамы  жолында,  Қазақстанның  жаңа  дәуірінің 
алғашқы  күні  еңбектері  еңбек  еткен  қоғам  ғана  бақытқа  кенелткендігін 
көрсетеді. 
Ендігі  мәселе  кәсіптік  бағдар  –  жарамдылығын  анықтау  ойға  –  шуақ, 
бойға  –  қуат  беру  үшін  білім  мен  ғылыммен,  еңбек  пен  танымды  арттыру 
басты  міндетіміз,  мақсатымыз  болып  табылады,  еңбек  –  мақсатымызға 
жеткізеді, еңбек мәнді өмір сүруге жеткізеді.  

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал