Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/29
Дата04.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29

ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
Көшербаев  Қ.  Ғасырлар  тоғысындағы  қазақстандық  білім:  Дамудың  ұлттық 
моделі //Қазақстан мұғалімі. – 1998, №5. – 20-25 б. 
2.
 
Интенсификация 
творческой 
деятельности 
студентов 
/Под 
ред. 
В.И.Андреева, Г.Мельхорна. – Казань: Изд-во Казан.ГУ, 1990. – 218 с.  
3.
 
Кузьмина Н.В. К вопросу о системном подходе исследования педагогической 
деятельности.  Обучение  студентов  основам  педагогического  мастерства.  // 
Материалы межвузовской конференции. – Иваново, 1971. – 302 с. 
4.
 
Қазақша-орысша  сөздік:  2-томдық.  /  Редакциясын  басқарған  Ғ.Ғ.Сауранбаев.  – 
Алматы: Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1978. – 316 б. 
5.
 
Матюшкин  А.М.  Основные  направления  исследований  мышления  и 
творчества //Психологический журнал. – 1984. – 33-37 с. 
6.
 
Беспалько  В.П.,  Татур  Ю.Г.  Системно-методологическое  обеспечение 
учебно-воспитательного  процесса  подготовки  специалистов.  –  М.:  Высшая  школа, 
1989. – 342 с. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассказывается о методологических предпосылках развития профессиональной 
культуры студентов. 
(Кудретулдаева  Н.Б.,  Кененбаев  С.Н.    Методологические  предпосылки  развития 
профессиональной культуры студентов) 
 
SUMMARY 
In  this  article    provide   by  problems    about pedagogical-psychological    basis    to development  
professional  culture  of  the students.  
(Kudretuldaeva  N.B.,  Kenenbaev  S.N.  The  Primary  Methodological  Conditions  of  the 
Developing a Professional Culture of Students) 
 
 
 
 

131 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ӘОЖ 373. 222 
 
Л.С.СМАНОВ 
педгогика ғылымдарының докторы,  
ОҚМПИ-ның профессоры 
 
А.АБЕНОВА 
ОҚМПИ-ның ізденушісі 
 
КӘСІБИ ЖАРАМДЫЛЫҚ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ЕСЕБІНДЕ 
 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Жолдауы  –  ел 
тарихындағы аса маңызды тағы бір қарышты қадам және ел тарихындағы 
серпінді стратегия жасалды. Қазақстан халқына арналған бұл Жолдауы тек 
бағдарламалық  сипатта  ғана  емес,  оның  ел  өміріндегі  тарихи,  саяси 
маңызды  құжат  болып  табылатынын  да  айтуымыз  қажет.  Елбасының 
Қазақстан  халқына  арнаған  2012  жылдың  14  желтоқсанындағы  – 
тәуелсіздігіміздің  жиырма  бірінші  жылдығындағы  Жолдауы  еліміздің  ұзақ 
мерзімді  басым  бағыттарын,  стратегиясын,  жаңа  саясатын  белгілеумен 
ерекшеленеді.  
Бұл  стратегия  –  жедел  өзгермелі  тарихи  жағдайдағы  жаңа 
Қазақстанның  жаңа  саяси  бағыты,  жол  көрсетер  шамшырағы, 
Қазақстандықтарға  арналған  дұрыс  бағдары.  Ғасырдың  ортасына  қарай 
әлемнің  ең дамыған,  бәсекеге  қабілетті  30 елінің қатарына  кіруге  арналған 
дәйекті де батыл жолы. 
 
Кілт  сөздер:  кәсіптік  білім,  кәсіптік  іскерлік,  кәсіптік  дағды,  кәсіптік 
қабілет,  педагогтық  әдептілік,  педагогикалық  техника,  тұтас  педагогикалық 
үдеріс. 
 
 
«Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  
жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық 
жеткіліксіз  болып  қалғалы  қашан.  Біздің  азаматтарымыз  үнемі  ең  озық 
жабдықтармен  және  ең  заманауи  өндірістерде  жұмыс  жасау  машығын 
меңгеруге  дайын  болуы  тиіс»  –  дейді  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы  – 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында [1]. 
Қазақстанда  жаңа  буын  ұрпақты  даярлаушы  түбегейлі  жаңа  сапасы 
қажет,  кәсіби  жарамдылықты  анықтау  маңызды  екендігін  тәжірибе 
көрсетуде. Педагогикалық мамандықты таңдаған талапкерлердің балалармен 
жұмыс  жүргізуге  бейімдігін  қосымша  тексеру  қажеттілігі  айтылуда. 
Тұлғаның   кәсіби   қабілеті  мен  психикалық   қасиеттеріне  қатаң    талаптар  

132 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
қойылатын мамандықтарға  оқытып-үйрету  үшін  кәсіби  жарамдылықты  анықтау 
көкейкесті  мәселе  екендігі  мәлім.  Адамның  белгілі  бір  іспен  айналысуына 
мүмкіндігін  анықтау  кезінде  оның  сол  мамандық  бойынша  білімі  ғана  емес, 
кәсіби жарамдылық ұғымына енетін педагогикалық іскерлігі, дағдысын, өзін-өзі 
дамыту,  кәсіптің  болашағынан  хабардар  болуы,  өзінің  мүмкіндіктері, 
шығармашылығын  жетілдіруі,  психологиялық  сипаттары  маңызды  болып 
табылады.  Олай  болса,  кәсіби  жарамдылығы  деңгейіне  диагностикалау,  белгілі 
шарттар,  талаптар,  ықтимал  нұсқаларына  сай  келуін  есепке  алу  –  болашағын 
анықтауға мән береді. 
Тұлғаның  жан-жақты  және  үйлесімді  дамуы  бұл  ақыл-ой,  дене, 
адамгершілік,  еңбек  пен  политехникалық  білім,  эстетикалық  тәрбиелердің 
біртұтас  педагогикалық  үдерісте  тоғысуы.  Қазіргі  кезеңде  білім  алуы, 
тәрбиеленуі, мәдениеті, іскерлігі, дағдысы, өзін-өзі дамытуы негізінде жастарды 
осы  салаға  тарту  үшін  оларды  ынтландыру  қажет.  Педагогикалық  мамандарға 
талаптарды  күшейту,  сапалы  білім  алуға  жағдайлар  жасау,  мемлекеттік  грант 
санын  арттыру,  кәсіптің  мәртебесі  мен  педагогтардың  беделін  көтеру,  оларға 
лайықты еңбекақы төлеу мәселелерін қарастыру қажет.  
Қазіргі тәрбие бағыттарының негізінде келесі идеялар жатады: 

 
тәрбие мақсаттарының шынайы болуы, мақсат – адамның білімі, іскерлігі 
және  дағдысын жетілдірумен  жан-жақты  дмыту,  мамандық  таңдауына  бейімдеу 
кәсіби жарамдылығын анықтау; 

 
  аға  ұрпақ  пен  балалардың  бірлескен  іс-әрекеттері,  ынтымақтастығын  
арттыру,  адамгершілікті  өнеге  ету  іс-әрекеттер  мәдениетін,  өмір  қалыптарын 
жақсарта түсу мүмкіндігі мен қабілетін сай пайымдауға жеткізу

 
  өзін-өзі  тану:  адамның  сенімі,  көзқарасы,  өмірлік  түсінігі  арқылы 
тұлғаның  қалыптасуына  тәрбие  ықпалдарын  жасау,  өзін-өзі  тану,  өзінің 
мәдениетін арттырумен кәсіптік, азаматтың қалыптасуына әсер ету; 

 
  тәрбиенің  тұлғалық  бағыты:  оқу  орнындағы  тұтас  педагогикалық 
үдерістердің  өзегін  тек  бағдарлама,  іс-шаралар,  әдістер,  технологиялар, 
жарыстар,  оқу  үдерісі  формалары  ғана  себепкер,  ықпал,  әсерін,  жасамайды, 
сондай-ақ  балалардың  әрбірінің,  өздерінің  қатысуларымен,  өздерінің 
үлестерімен,  басшылық  жасауларымен  педагогикалық  істің  жоғары  мақсаты, 
міндеттері    және  мәніне  тәуелді  оқушы  білім,  тәжірибе,  іскерлік,  дағды  алып, 
дамып  қалыптасады  және өзін-өзі жетілдіріп,  болашақ  таңдайтын мамандығына 
жалпы кәсіби жарамдылығына ие бола түседі; 

 
  өз  еркіндігі:  балалардың  өз  еріктерімен,  қалаулары,  қызығушылықтары 
және мүкіндіктеріне және жас ерекшеліктеріне қатысты ынтымақтаса, ақылдаса, 
кеңесе  бірлікте,  түсінушілікпен,  ойласа  жұмыс  істеу  идеялары  іске  нәтижелі, 
ықыласпен  жүзеге  асырылады,  жарамдылығын  байқайды,  сондай-ақ  азаматтық, 
жолдастық  міндеттерді  түсінеді,  өз  бетінше  үлес  қосу,  ой  бөлісу,  ұсыныс  айту 
және шығармашылықпен орындауға кіріседі; 

 
  ұжымдық  бағыты:  тұтас  педагогикалық  үдерістегі  іс-әрекеттер,  қарым-
қатынастар, жұмыстар ұжымда тәртіп құралдары есебінде бірлесіп, кеңесіп,  

133 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 

 
ынтымақтасып  рухани, 
адамгершілікпен 
ерікті 
түрдегі 
әдістер, 
технологиялармен  ынта-ықыластарымен    атқарылуы    тұтас    педагогикалық   
үдерісте  мақсатымызға жеткізеді, әрбір  шәкірт  өзін-өзі танып,  өзін-өзі бағалап, 
жалпы өзінің жарамдылығын байқайды [3]. 
Педагогикалық  шеберліктің  негізгі  белгілері:  кәсіптік  білім,  кәсіптік 
іскерлік,  кәсіптік  дағды,  кәсіптік  қабілет,  педагогтық  әдептілік,  педагогикалық 
техника,  тұтас  педагогикалық  үдерісті  конструкциялай  білуі,  жаңа 
педагогикалық технологияларды зерделеп, іс-әрекеттерге орынды қолдана білуі. 
Кәсіби жарамдылықты дамыту міндеттері: 

 
педагогикалық білім бірлігін жетілдіру; 

 
педагогикалық  кәсіпке  бейімділігін  арттыру,  өз  ісінің  шеберлерінен 
үйрену; 

 
жағдаяттарды меңгеру, басқару қабілетін нығайту; 

 
жаңа  педагогикалық  технологияларды  шығармашылықпен  зерттеу, 
зерделеу, меңгеру; 

 
балалардың психологиясын меңгеру [4].  
Кәсіби жарамдылық – бәсекеге қабілеттілік есебінде, бәсеке болған уақытта 
сапа  артады,  сан  да  ұлғаяды.  Жастың  кәсіби  жарамдылығында  нарық 
заңдылықтарын кәсіби тұрғыдан игереді, білікті маман болуына негіз қаланады, 
өзі қалаған кәсіп  иесі  болуына  мүмкіндігі  мол, қызығушылығы  жеткілікті,  алғы 
шарттар бар. 
Кәсіби  жарамдылық  болашақта  еңбек  өнімділігін  арттыруға  үлесін 
дамытады,  жалпы  алғанда  бәсекеге  лайықты  маман  даярлау  негізгі  мақсатқа 
жетеміз.  Еліміздегі  2011-2012  жылдарға  арналған  білім  беруді  дамытудың 
мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес  Қазақстан  Республикасының  болашаққа 
бейінді  оқыту  жүйесіне  көшеді.  Бұл  іс  12  жылдық  білім  беру  аясында  жүзеге 
асырылады [5].  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 
саяси бағыты //Егемен Қазақстан, 2012 жыл, 15 желтоқсан. 
2.Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы.  Жалпыға  Ортақ  Еңбек 
Қоғамына қарай 20 қадам //Егемен Қазақстан, 2012 жыл, 10 шілде. 
3.Сейталиев Қ. Педагогиканың жалпы негіздері. – Алматы, 2009. 
4.Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. - Алматы: Дарын, 2004. 448 б. 
5.Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасы. 
(Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің  жарлығымен  №1118,  2010  жылдың  7  желтоқсанында  бекітілген) 
//Егемен Қазақстан, 2010 жыл, 14 желтоқсан. 
 
РЕЗЮМЕ 
В этой статье рассматриваются вопросы самоопределения, профессиональноспособность 
как конкурентноспасобность. (Сманов Л.С., Абенова А. Профессиональноспособность как 
конкурентноспасобность)  
SUMMARY 
This article discusses the issues of self-determination, professional ability as competitiveness. 
(Smanov L.S., Abenova А. Professional Ability as Competitiveness) 

134 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ӘОЖ  372 649 43 271 
 
Ә.С.ҮСЕНОВ  
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ КЕЙБІР 
ЖОЛДАРЫ 
 
Көпұлтты  Қазақстан  жағдайында  елдің  болашағына  қызмет  ететін 
патриоттарды  тәрбиелеу  қажет.  Патриотизм  мәселесі  жаһандану 
жағдайында  өрши  түсуде.  Патриоттық  тәрбие  берудің  бірнеше  жолдары 
бар.  Ең  бірінші  өз  бойымызда   және  балаларымыздың  бойында  жаңа 
қазақстандық 
патриотизмді 
тәрбиелеуіміз 
керек. 
Қазақстандық 
патриотизм  -  Қазақстанды    мекендейтiн  барлық  ұлт  пен  ұлыстардың, 
халықтардың Қазақстан мемлекетi әлемдiк биiктен  көрiну жолында бiлiм, 
мәдениет,  экономика,  әлеуметтік  тұрғыда  дамуына  жағдай  жасай 
отырып,  елiмiздегi  бейбiтшiлiкті,  бiрлiк  пен  тәуелсiздiктi  сақтау  үшiн 
барлық  күш-жiгерiн  жұмсау.    Мақалада  Қазақстан  патриотизмінің 
іргетасы  -  барлық  азаматтардың  тең  құқылығы  және  олардың  отан 
намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі екендігі айтылады. 
 
Кілт  сөздер:  патриотизм,  патриоттық  тәрбие  беру  жолдары, 
қазақстандық патриотизм, ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы тәрбиелеу.  
 
Бүгінгі  жаңарған  білім  беру  жағдайында  жеке  тұлғаны  жан-жақты 
дамыту, яғни, тәрбиені гуманизациялау мен демократияландыру жағдайында 
жас  ұрпаққа  сапалы  біліммен  бірге  саналы  тәрбие  беру  мәселесі  күн 
тәртібінде тұр.  
Қоғамда болып жатқан өзгерістер, өндіріс күшінің қарқынды дамуы мен 
ұлтаралық  татулық,  сонымен  қатар  көп  ұлтты  Қазақстан  жағдайында  елдің 
болашағына  қызмет  ететін  патриотизмді  дамыту  ауадай  қажет.  Өндіріс  пен 
техниканың қай саласында болсын бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырумен 
қатар  отанға  қызмет  етуге  дайын,  жаңа  қоғамдық  қарым-қатынастың 
қозғаушы күшіне айналатын патриот жас ұрпақты өмірге дайындау қоғамның 
жаңа талабынан туындап отыр.  
Саяси түсіндірме сөздікте: патриотизм - [грек,  patris - отан, атамекен]  - 
өзінің  жеке  және  топтық  мүдделерін  жалпы  елдің  мүдделеріне 
бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, 
Атамекеніне  деген  терең  сүйіспеншілік  сезімі,  деп  атап  көрсеткен  болатын. 
Сондай-ақ 
осы 
сөздікте 
патриотизм 
мәселесі 
жаһандану, 
интернационалдандыру,  мемлекетаралық,  аймақтық  және  жершарылық 
ықпалдастық жағдайында өрши түсуде, - деген [1].   

135 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  кезекті 
жолдауында: Қазақстан патриотизмінің  іргетасы - барлық  азаматтардың  тең  
құқылығы және олардың отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігіӨз 
бойымызда  және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді 
тәрбиелеуіміз  керек.  Бұл  ең  алдымен  елге  және  оның  игіліктеріне  деген 
мақтаныш  сезімін  ұялатады.  Бірақ  бүгінде  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 
даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық 
тұрғыдан  қарауымыз  керек.  Егер  мемлекет  әр  азаматтың  өмір  сапасына, 
қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, 
біз  елімізді  сүйеміз,  онымен  мақтанамыз.  Осындай  тәсіл  ғана  патриотизмді 
және  оны  тәрбиелеу  мәселесіне  прагматикалық  және  шынайы  көзқарасты 
оятады- деген болатын [2]. 
Соңғы жылдары осы салада арнайы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізген 
С.Т.Иманбекова  өзінің  еңбегінде  «патриотизм»,  «қазақстандық  патриотизм»  
ұғымдарына  теориялық  талдау  жасай  келе:    «Қазақстандық  патриотизм  - 
Қазақстанды    мекендейтiн  барлық  ұлт  пен  ұлыстардың,  халықтардың 
Қазақстан  мемлекетi  әлемдiк  биiктен    көрiну  жолында  бiлiм,  мәдениет, 
экономика,  әлеуметтік  тұрғыда  дамуына  жағдай  жасай  отырып,  елiмiздегi 
бейбiтшiлiкті,  бiрлiк  пен  тәуелсiздiктi  сақтау  үшiн  барлық  күш-жiгерiн 
жұмсау»,- деп тұжырым жасады.  Ал Қазақстандық патриотизмдi іске асыру  
көп 
ұлтты 
Қазақстанда 
бiрлiк 
пен 
елдiктi 
сақтай 
отырып, 
демократияландырылған,  әлемдiк  өркениеттен  орын  алу      идеологиясына 
негiзделген  стратегиялық бағыт-бағдар болып табылады, -деген [3].  
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  жалпыға міндетті  білім  беру 
стандартының  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің  базалық 
мазмұны төмендегі білім салаларын қамтиды. Олар:   
1. Бастауыш білім берудің мазмұны 7 білім саласы арқылы берілген: «Тіл 
және  әдебиет»,  «Математика»,  «Жаратылыстану»,  «Адам  және  қоғам», 
«Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».  
2.  Негізгі  орта  білім  берудің  мазмұны  7  білім  саласы   арқылы  берілген: 
«Тіл  және  әдебиет»,  «Математика»,  «Жаратылыстану»,  «Адам  және  қоғам», 
«Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».  
3.  Жалпы  орта  білім  берудің  мазмұны  7  білім  саласы  арқылы  берілген: 
«Тіл  және  әдебиет»,  «Математика  және  информатика»,  «Жаратылыстану», 
«Адам  және  қоғам»,  «Өнер»,  «Технология»,  «Дене  шынықтыру  және 
алғашқы әскери дайындық» пәндері енгізілген. Бұл базалық білім мазмұнын 
құрайтын  пәндер  жүйесі  гуманитарлық  және  техникалық  пәндер  жүйесін 
құрайды.  Осы  пәндер  жүйесі  бойынша  жалпы  білім  беретін  орта  мектепте 
оқушыларға    патриоттық      тәрбие  беру  –  негізгі  жолы  болып  табылады. 
Осындай  тәсіл  ғана  патриотизмді  және  оны  тәрбиелеу  мәселесіне 
прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады- деген болатын [4]. 

136 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
Сондықтан,  көп  ұлтты  Қазақстан  жағдайында  және  білім  беруді 
ізгілендіру  мен  демократияландыру  жағдайында  патриоттық  тәрбие  беруді 
жүзеге асырудың бірнеше жолдарын атап өткеніміз жөн. Оқу-тәрбие үдерісі 
тұтас  жүйе  ретінде   тұлғаны   дамыту   мен   тәрбиелеу   және   білім  беруді  
қамтитын  күрделі  жүйе.  Сондықтан  оқыту  үдерісінің  тәрбиелік  идеясын 
күшейту қажет. Яғни, сабақ оқыту үдерісінің негізгі формасы болғандықтан, 
оның  тәрбиелік  мәнін  айқындаудың  маңызы  зор. Әсіресе,  жалпы  білім  беру 
жүйесінде  гуманитарлық  пәндер:  қазақстан  тарихы,  қазақ  тілі  мен  қазақ 
әдебиеті, өзін-өзі тану, т.б. пәндері арқылы жүзеге асыруға мол мүмкіншілік 
бар. Атап айтқанда, қазақстан тарихы пәнінің әр бір тарауларында кездесетін 
тарихи оқиғалар, ауыз әдбеиетінің үлгілері, халық жадында сақталған тарихи 
оқиғалар  (Сақтар,  Ғұндар,  Түркі  қағанаты,  т.б.  дәуірлеріндегі  тарихи  аңыз 
оқиғалар, бабаларымыздың жауынгерлік, ерлік әрекеті, т.б.) тек білім берудің 
қайнар  көзі  ғана  емес,  оқушыларды  патриоттыққа  тәрбиелеудің  құралдары 
бола алады. Сондай-ақ, оқушыларды қазақ ауыз әдебиеті арқылы патриоттық 
тәрбие  беруді  жүзеге  асырудың  негізгі  жолы,  жүзеге  асырудың  мүмкіндігі  
қазақ  әдебиеті  пәні.  Бұл  пәнде  халық  ауыз  әдебиетінің  үлгілері  мақал-
мәтелдер, ертегілер, аңыздар мен батырлар жырлары, т.б.  енгізілген.  
Сонымен қатар, ауыз әдебиеті үлгілері арқылы оқушыларға патриоттық 
тәрбие берудің екінші жолы сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар. 
Бүгінгі таңда саналы білім берумен қатар сапалы тәрбие беру мәселелері 
де  өзекті  болып  тұр.  Мектептегі  тәрбие  жүйесін  құруда,  тәрбие  жүйесінің 
барлық  субъектілерінің  қызметін  ұйымдастыруда  тәрбие  берудің  кешенді 
бағдарламасы  және  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  тәрбие  берудің 
тұжырымдамасы пайдаланылып келеді. Тәрбие тұжырымдамасында тәуелсіз 
Қазақстан  жағдайындағы  тәрбиенің  мақсаты  мен  міндеттерін,  мазмұнын 
сипаттай  отырып,  тәрбиенің  құрамды  бөлімі  патриоттық  мазмұнына  былай 
сипаттама  берген:  Азаматтық-патриоттық,  құқықтық  және  полимәдениеттік 
тәрбие  гуманизмге,  қазақ  халқының  тарихы  мен  салтын,  тілін  сүю  және 
құрметтеуге,  оның  таңдаулы  дәстүрлерін  сақтауға  және  оны  дамытуға,  
Қазақстанның  басқа  халықтарының  мәдениетін  зерттеу  және  игеруге 
негізделген  азаматтық  ұстанымды және  патриоттық  сананы,  құқықтық  және 
полимәдениетті,  қалыптасқан  ұлттық  өзіндік  сананы,  ұлтаралық  мәдени 
қарым-қатынасты,  әлеуметтік  және  діни  төзімділікті  қалыптастыруы  тиіс. 
Қазіргі  жағдайда  тәрбиеленушілердің  құқықтық  санасын,  олардың  балалар 
мен  жастар  ортасында  құқық  бұзушыларға  қарсы  тұруға  дайындығын 
қалыптастыру аса маңызды мәселе - деген болатын [5].    
Сондықтан тәрбие жүйесінің барлық субъектілерінің қызметін киліктіре 
отырып, яғни сынып ұжымын ұйымдастыруда, балалардың ынталылар тобын 
немесе  клуб  бірлестіктерін,  ата-аналар  бірлестіктерін,  тәлімгерлер  кеңесінің 
қызметін киліктіре отырып, отанын, елін қорғаушылар клубтарын, үйірмелері 
мен  әртүрлі  іс-шаралар  жүйесін  қалыптастыру  маңызды.  Сонда  ғана 
балалардың белсенділіктері қалыптасып, патриоттық тәрбие жүзеге асады.  

137 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
Мысалы,  бүгінгі  таңда  мектептерде  және  мектептен  тыс  мекемелерде 
«Отан қорғаушылар» бірлестігі, «Азамат» пікір-сайыс клубы, «Алау»  әскери-
патриоттық сайысы, т.б. өз деңгейінде жүргізілуде.  
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы: Дайк Пресс, 2007. – 344 б.  
2.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауы // Егемен Қазақстан. - 2012 ж. 15 желтоқсан. - №828-831. 
3.
 
Иманбаева  С.Т.  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтiк  даму  жағдайында  мектеп 
оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң ғылыми-педагогикалық негiздерi. Пед.ғыл. докторы 
ғылыми дәрежесiн алу үшiн жазылған диссертациясының авторефераты. – Қарағанды, 2007. – 
42 б. 
4.
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  жалпыға міндетті  білім  беру стандарты. – 
Алматы, 2010. 
5.
 
Қазақстан  Республикасы  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  тәрбие  тұжырымдамасы.  – 
Астана, 2009.  
 
РЕЗЮМЕ 
Речь идет о некоторых направлениях патриотического воспитания учащихся.
 
(Усенов Ә.С. Некоторые направления патриотического воспитания учащихся) 
 
SUMMARY 
The question is about some directions of patriotic education of students. 
(Usenov A.S. Some Directions of Patriotic Education of Students) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

138 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
УДК 373. 222 
К.Б.БАЙТЕРЕКОВА  
соискатель ЮКГПИ 
 
Л.С.СМАНОВ 
доктор педагогических наук,  
профессор ЮКГПИ 
 
ПУТИ ОРГАНИЗАЦИИ ПРАВОВОГО ВОСПИТАНИЯ  
ШКОЛЬНИКОВ 
       
Рассматривая правовое воспитание в рамках гражданского и определяя 
общность  их  задач,  укажем,  что  правовое  воспитание  в  большей  степени 
ориентировано  на  осознанное  восприятие  юридических  законов,  правовых 
норм  и  обязанностей.  Система  правового  воспитания  определяется 
характером  этнокультуры  и  политикой  государства.  В  таком  формате 
правовые  знания  являются  приоритетными  и  в  своей  предметной, 
процессуальной  и  функциональной  сущности  служат  той  необходимой 
базой,  которая  формирует  правовое  сознание  и  определяет  поведенческую 
позицию юного гражданина. 
Ключевые  слова:  правовая  культура,  правовое  воспитание,  правовые 
знания,  простейшее  комментирование,  оценочное  комментирование, 
аналитическое представление факта, добавочная информация, дополняющий 
факт, альтернативные суждения, дискуссионные, развивающие идеи.  
 
Содержание первого этапа нашего исследования, посвященного  учебно-
методическому обеспечению правовой подготовки  школьников,    составило 
рассмотрение  вопросов,  определяющих  взаимообусловленность  правовой  и 
педагогической  культур,  аргументация  взаимосвязи  педагогики  и  права  в 
аспекте  социализации,  а  также    педагогическая  интерпретация  основных 
законов и положений, определяющих социальный статус ребенка, его права и 
обязанности. В качестве ключевых используются понятия правовая культура, 
правовое  воспитание,  правовые  знания,  определяющие  характер  учебно-
методического обеспечения правовой подготовки учащихся различных типов 
общеобразовательных  школ  в  Республике  Казахстан.  Ранжирование 
названных  понятий  обусловливает  особое  место  в  этом  ряду  дефиниции  
правовая  культура,  которой  определяется  обусловленное  правовыми 
знаниями и воспитанием прогрессивно-правовое развитие,  обеспечивающее 
законные  действия  личности  в  реальных  жизненных  ситуациях. 
Отличительные  признаки  правовой  культуры  –  трансформация 
накопленных 
правовых знаний в правовые 
убеждения,
  
привычки  правомерного поведения; 
готовность действовать, руководствуясь этими правовыми знаниями и  

139 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
правовыми  убеждениями,  т.е.  поступать  правомерно  –  в    соответствии  с 
законом.  Не  менее  важное  значение  имеет  правовое  воспитание    как 
составная  часть  гражданского,  общественно-социального  воспитания, 
направленная  на  формирование  уважительного  отношения  к   закону  на 
основе правового просвещения.  
При всей значимости указанных понятий мы, тем не менее, обращаемся 
в  своей  работе  к  исследованию  проблемы  экстраполяции  правовых  знаний, 
что  объясняется  важностью  задачи  формирования  у  учащихся  той 
необходимой    правоведческой  информации,  которая,  в  конечном  счете,  и 
определяет    поведение  личности,  ее  готовность  поступать  в  соответствии  с 
правовыми  нормами.  По  нашему  глубокому  убеждению,  правовое 
воспитание  личности  и  правовая  культура  общества  формируются    только 
при наличии научно обоснованного понятийного поля, они характеризуются 
как результат освоения знаний. В свою очередь, качество и уровень правовых 
знаний  обусловлены    дидактическим  обеспечением  процесса  обучения.  
Таким  подходом  определено  наше  обращение  к  дефиниции  экстраполяция, 
которая    более  точно    характеризует  логико-методологическую    процедуру 
переноса проблем формирования правовых знаний в педагогическую область.  
Термин  правовое  воспитание  появился  в  ХХ  в.,  но  право  (как  в 
авторитарных,  так  и  в  демократических  обществах)  считалось  важным 
элементом  воспитания  гражданина.  В  античной  культуре  Сократом, 
Платоном,  Аристотелем  было  сформировано  ставшее  традиционным 
представление  о  гражданской  добродетели  как  неотъемлемой  черте 
гражданина,  где  важное  место  занимала  законопослушность.  Аристотель 
особо  подчёркивал  роль  закона  в  воспитании  добродетельности.  В  Древнем 
Риме  это  положение  развивали  Цицерон,  Квинтилиан  и  их  последователи. 
Идеи  гражданского  воспитания,  рассматриваемые  в  тесной  связи  с  правом 
долженствования, получили распространение в эпоху Возрождения, особенно 
во  Флорентийской  республике  (XV  в.),  в  воззрениях  представителей  школы 
«гражданского  гуманизма»  (П.Верджерио,  Д.Бруни  и  др.).  Исполнение 
гражданского долга связывалось с подчинением закону, указанный тезис был 
раскрыт в трудах мыслителей эпохи Просвещения, и уже в конце XVIII в. в 
государственных 
школьных 
системах 
вводятся 
учебные 
курсы 
законоведения,  а с конца XIX в. – в России и относящихся к ней республиках 
учебный предмет получил название граждановедение. 
Гражданское  право  казахов  с  начала  своего  возникновения  еще  на 
уровне  обычного  права  находилось  в  тесной  связи  с  традициями  граждан-
ского  воспитания.  Более  того,  отечественное  право  и  отечественная 
педагогика были  представлены одними и теми же источниками. Достаточно 
обратиться  к  исследованию  «Слов  назидания»    выдающегося  казахского 
просветителя  Абая Кунанбаева, к изучению работ по проблемам педагогики 
 
Ибрая Алтынсарина, к  общественно-педагогической   деятельности
 М.Дулатова,    

140 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
к  общественно-публицистической  –  А.Байтурсынова    и  др.  Исследование 
работ  по  школоведению,  принадлежащих  отечественным  педагогам 
двадцатого  столетия,  еще  раз  убеждает  нас  в  том,  что  правовая  основа 
включена  во  все  звенья  учебно-воспитательного  процесса  и  охватывает 
самые  различные  отношения:  «руководство  школы  –  учитель»,  «учитель  – 
класс»,  «учитель  –  ученик»,  «классный  руководитель  –  воспитанник», 
«учителя – родители».  
Ежедневно слышат ученики «ты должен», «вы обязаны»… Обязанности   
касаются  соблюдения  дисциплины  и  правил  поведения  в  обществе, 
отношения к школьному имуществу и личным вещам, подготовке домашней 
работы и ведения тетрадей… Значительно реже звучит «ты имеешь право»… 
А  ведь  чтобы  воспитать  свободную,  уверенную  в  себе  личность,  важно 
сформировать  для  ученика  такую  комфортную  среду,  в  которой  бы  он 
чувствовал  себя  не  беспомощным,  а  защищенным,  чтобы,  вступая  в 
самостоятельную жизнь, знал, что он охраняется правом, что строить жизнь 
надо  по  законам  добра  и  справедливости.    Задача  школы  –  помочь  детям 
адаптироваться  к  жизни,  научить  их  жить  в  демократическом  обществе, 
грамотно регулируя свои отношения с государством, другими людьми.  
Необходимо  отметить,  что  основой  государственной  образовательной 
политики,  ее  правового  обеспечения  в  Республике  Казахстан  является  
гуманистическая направленность всех видов образовательно-воспитательной 
деятельности,  что  предполагает  неукоснительное  следование  нравственно-
моральным 
нормам. 
Нормы 
морали, 
охватывая 
все 
стороны 
жизнедеятельности 
человека, 
имеют 
значительно 
более 
широкое 
распространение  в  сравнении  с  правовыми  законами  и  соотносятся  с 
понятием  этнопедагогика.  Речь  идет  о  той  сфере  материальной  и  духовной 
культуры  народа  и  общества,  которая  прямо  и  непосредственно  связана  с 
воспитанием детей. Это  колыбельные песни, игрушки, игры, одежда и  еда, 
орудия  труда  и  труд  детей,  детский  фольклор,  национальные    праздники, 
советы  старших  и  заветы  предков  потомкам,  спортивные    состязания 
подростков  и  посвящение  их  «в  возмужалость»,  методы  приучения  и 
совокупность  взглядов  народа  на  подготовку  подрастающего  поколения  к 
труду – важнейший,  решающий элемент общей культуры личности. 
Глубокое  научное  понимание  взаимосвязи  обычного  права  и  народной 
(традиционной)  педагогики    конструктивно  и  созидательно,  поэтому  и 
актуально.    Определяя  содержательный  компонент  обучения  правовым 
знаниям в школе, мы обратились к  изучению вопроса о правовом всеобуче и 
тщательно проанализировали те  положения, которые  определяют его цели, 
принципы  и  порядок  проведения  в  Республике  Казахстан.    Цель  правового 
всеобуча  –  повышение  правовой  культуры  граждан  и  формирование 
традиции уважения к закону.  Основными принципами правового всеобуча  
являются:  всеобщность; системность; непрерывность;  заинтересованность в 
получении правовых знаний и обязанность  государства  обеспечить
 реализацию 

141 
 
 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
возможности  их  получения;  индивидуальность  (учет  возрастных, 
профессиональных и других особенностей различных категорий граждан).  
Основное  содержание  правового  всеобуча  заключается  в  воспитании 
высокого  правосознания,  обеспечении  превращения  правовых  знаний  и 
убеждений  в  практические  действия  по  исполнению  законов  Республики 
Казахстан.  Специальным  пунктом  положения  предусмотрено    правовое 
обучение  учащейся  молодежи  в  Республике  Казахстан.  На  основании 
указанного  положения  разработана  концепция,  в  соответствии  с  которой 
строится  процесс  правового  образования  в  различных  типах  учебных 
заведений. Цель Концепции – заложить основы правовой культуры на основе 
учета возрастных особенностей обучающихся. 
Целостность  и  полноту  преподавания  права  в  учебных  заведениях, 
обеспечивает,  безусловно,  школьный  курс  правоведения,  призванный  своим 
содержанием   реализовать следующий круг задач:  
-  формирование  высокой  гражданственности  выпускника,  его  общей 
правовой культуры и социальной активности;  
-  получение  учащимися  специальных  правовых  знаний  в  процессе 
подготовки к выбору сферы трудовой деятельности;  
- ранняя профилактика правонарушений.  
Решение задач юридического всеобуча в средней  школе немыслимо без 
глубокой  научной  разработки  проблем  теории  правового  обучения  и 
воспитания  школьников,  всестороннего  улучшения  теоретической  базы  и 
методического  оснащения  преподавания  правовых  дисциплин  в  различных 
типах  общеобразовательных  школ.  Стремление  к  решению  очерченного 
круга  проблем    обусловлено  направлениями    предпринимаемого  нами 
исследования.  Его  выполнение  нацелено  на      разработку  содержания  и 
методики  правового  всеобуча  в  условиях  получения  среднего  общего 
образования.  
Нами сформулированы рекомендации по изучению в школе Конвенции о 
правах  ребенка,  при  этом  определены  постепенно  усложняющиеся  уровни 
этой работы: 1) простейшее комментирование, оценочное комментирование, 
аналитическое представление факта, ситуации  – вплоть до самостоятельных 
предположений; 2) добавочная информация суждением, дополняющим факт, 
альтернативные суждения, дискуссионные, развивающие идеи, проектирова-
ние  фактов  по  аналогии  и  ассоциации;  3)  постановка  и  разрешение 
проблемных  вопросов;  4)  переход  от  частных  суждений  к  связным, 
целостным  выступлениям.  Не  меньшее  значение,  на  наш  взгляд,  имеет 
знакомство  учащихся  с  Законом  Республики  Казахстан  «Об  образовании», 
комментарий  к  которому  представляется  чрезвычайно  интересным  и 
содержательным как в педагогическом, так и в юридическом отношении. 
Рассматривая  ретроспективу  педагогики  школы,  можно  видеть,  что 
технология  образовательного процесса представляется одновременно и 

142 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
достаточно  устойчивой  и  непрерывно  развивающейся,  что  в  полной  мере  
касается  и  дидактических  условий  формирования  правовых  знаний  учащихся.   
Возникает необходимость в разработке концепции педагогического аспекта  
правовой  подготовки  учащихся.  В  основе  концепции  должно  лежать 
исследование  дидактических  условий  как  системы  мер,  необходимых  для 
реализации педагогических задач.  
При  разработке  теоретических  подходов  к  организации  правовой 
подготовки учащихся за основу нами взята нормативная модель, представленная 
в  Государственном  общеобязательном  стандарте  среднего  образования  и 
проанализированная  как  описательная  «эталонная»  модель.  Такая  модель 
позволяет довести содержание целей обучения и воспитания в средней школе  до 
уровня необходимых знаний,  умений и навыков, качеств личности с указанием 
доступных  проверкам    характеристик.  В  разработке  данной  модели,  ее 
качественных  и  количественных  характеристик  состоит  одна  из  целей  нашего 
исследования. При этом мы учитываем цели обучения, параметры необходимых 
уровней знаний, доступные проверкам характеристики. В нашей работе показано 
управление  процессом  обучения  при  освоении  цикла  «Человек  и  общество» 
путем  использования  логик,  связанных  с  разворачиванием  предметного 
содержания  (Схема 1). 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Схема 1. Концептуальная модель организации в школе правового всеобуча. 
Формулировка проблем, обусловливающих необходимость 
правового всеобуча 
 
Определение значения и назначения работы по экстраполяции правовых знаний в 
практику обучения 
 
Цели и задачи гражданско-правового образования 
Определение путей, способов и условий целенаправленной работы по 
формированию правовых знаний на уроках
 
Структура и содержание внеклассной работы по правовой проблематике 
Участие в мероприятиях районного и городского масштаба (конкурсы, олимпиады, 
встречи)  
Режим работы гражданско-правовой школы (школы юного юриста),  
Ожидаемый результат 

143 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
Собственная  педагогическая  деятельность  позволила  нам  прийти  к 
однозначному выводу о том, что изучение правовой литературы и передовой 
педагогический 
опыт, 
обогащенный 
попутно 
экспериментальными 
коррективами,  призван  способствовать  формированию  у  учащихся 
необходимой системы правовых знаний.  

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет