Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/29
Дата04.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Хасенов Ә. Тіл білімі.  – Астана: «Сорос», 2007. –566 б. 
2.
 
Исин А.И.  «Әділ сұлтан» эпикалық жыры. – Алматы: «Дайк-пресс», 2001. –
144 б. 
3.
 
«Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі». – Алматы: «Ғылым», 1966. –
584 б. 
4.
 
Türkçe Sözlük, Ankara: «TDK», 2000. – 725 s. 
5.
 
Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе. – Алматы «Арыс», 1992. – 682 
б. 
6.
 
Тоқтағұл  Б.  «Түркі  тілдеріндегі  төрт  түліктің  жасына  қатысты  атаулардың 
этнолингвистикалық сипаты»: док. дисс. авторефераты. –Алматы: «Арыс», 2005. – 62 
б. 
7.
 
Ескеева М. Көне түркі және қазіргі қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негізі. 
– Алматы: «Ғылым», 2007. – 367 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  этой  статье  рассматриваются  общие  языковые  показатели  турецкого  и  казахского 
языков  в  эпическом  произведении  «Султан  Адиль».  Этот  эпос  считается  очень  важным 
произведением в тюркологии. Потому что эпическое произведение «Султан Адиль» до сих пор 
не  был  конкретным  объектом  в  сфере  языкознания.  Письменных  памятников,  которые  были 
написаны в средневековых периодах, очень мало.  
(Жуматаева Г. Общие языковые показатели  турецкого и казахского языка в эпическом 
произведении «Султан Адиль») 
 
SUMMARY 
This article discusses the common linguistic indicators of Turkish and Kazakh epic in the annals 
of "Sultan Adil." This article is considered very important annal Turkic studies. Because epic "Sultan 
Adil"  has  not  been  a  particular  object  in  the  field  of  linguistics.  Written  manuscripts,  which  were 
written in the medieval period is very small. 
(ZHumataeva  G.  General  Indicators  of  Turkish  Language  and  Kazakh  Language  in  the  Epic 
Works, "Sultan Adil") 
 
 
 
 
 
 
 

84 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ӘОЖ 419. 992 71 
 
А.А.НОСИРОВ 
Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетінің аға оқытушысы  
(Ташкент, Өзбекстан Республикасы) 
 
ФРАНЦУЗ, ӨЗБЕК, ОРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ПФ-ДІҢ 
ҰҚСАСТЫҒЫН САЛЫСТЫРУ 
 
 
Провербиал  фразеологизмдер  негізінде  оларды  өмірге  әкелгендердің  біздің 
ғасырымызға дейінгі салт-дәстүрі біздің де бойымызға сіңіп кеткендей. Сондай 
мақал-мәтелдердің  тарихи  тамырларын  анықтау,  олардың  ішкі  дүниесін  ашу 
көп ізденуді,  жылдар бойы сабырлы еңбек етуді талап етеді. 
Провербиал  фразеологизмдер  бір  мезгілдегі  тіл,  ақыл-ой  және  фольклор 
болып  есептеледі.  Фразеологиялық  бірліктердің  шығу  тарихы  және  бөліктері 
тіл үйренушілерді барлық уақытта қызықтырып отырды. 
Бұл  мақалада  осы  саланы  зерттеп  жүрген  автор  француз,  өзбек,  орыс 
және  қазақ  тілдеріндегі  ПФ-дің  ұқсастығын  салыстыру  арқылы  олардың 
шығуына тарихи оқиғалардың да әр мезгілде елеулі ықпал жасап отырғандығын 
айқындайды.  Сөз  өнерінің  мәйегіндей  болған  нақыл  сөздердің,  орынды  да 
ұтымды  ойды  ұшқыр  тілмен  жеткізе  білген  мақал-мәтелдердің  адам 
баласының өмірінде тәрбиелік мәні зор екендігі де анық. 
 
 
Кілт  сөздері:  провербиал  фразеологизмдер,  этимология,  семантикалық 
құрам, фразеологиялық бірліктер, фольклор, мақал-мәтел.  
  
Провербиал  фразеологизмдердің  (бұдан  ары  қарай  -  ПФ)  семантикалық 
құрамына олардың пайда болу тарихын, этимологиясын кіргізген орынды. Себебі 
ПФ-дер  тарихы  жайында  әңгіме  қозғағанда,  алдыменен  олардың  ауыспалы 
мағынасы мәденит пен өркениет өріс ала бастаған кезеңде дамығанын айтамыз. 
Фразеология  пәніне  үлес  қосқан  Шарль  Балли  «Тілді  үйрену,  белгілі  бір 
мағынада, ойсыз жағдайда болса да, оның тарихын үйрену деп есептеледі»,-деген 
еді. «Провербиал фразеологизмдердің этимологиясы, пайда болу тарихы дегенде, 
олардың өмір жолдары түсініледі»,-деп жазады К.Бальдингер. 
Тіл  үйрену  кезінде  кездесетін  сөздер,  фразеологиялық  тіркестер  және 
провербиал  фразеологизмдердің  келіп  шығуы  және  пайда  болу  тарихы  барлық 
тіл  мамандарын  қызықтыруы  заңды.  «Фразеологиялық  бірліктер  –  еркін 
синтактикалық  топтамалар  тарихы  дамуының  көрсеткіші»  екендігін  есепке 
алатын  болсақ,  ФБ-тер  этимологиясы  фразеологизмдер  және  еркін 
топтамалардың генетикалық байланыстылығын нығайтып беруге тура келеді. 
ПФ-лардың тарихын зерттеудің 2 түрі белгілі. 
1.  Француз,  қазақ,  орыс  және  өзбек  тілдеріндегі  ескі,  біздің  ғасырымызға 
дейін пайда болған ПФ-лар. 
2. Басқа тілдерден түрлі жағдайларда кіріп, қолданысқа енген ПФ-лар. 

85 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
Әр  түрлі  тілдегі  фразеологиялық  тіркестердің  тарихына  назар  салсақ,  көп 
жағдайда  дәл  сол  ФБ-лардың  этимологиясы  фразеологияны  үйренуге  себеп 
болғандығының куәсі боламыз. Фразеологиялық бірліктердің келіп шығуы, оның 
пайда  болу  тарихына  деген  қызығушылық  қазіргі  таңда  да  ғалымдардың  қызу 
пікірталасын тудырып отыр. 
Этимология  –  сөздердің  және  фразеологиялық  бірліктердің  пайда  болуы. 
Оның  тарихына  көз  жүгіртсек,  сөз  этимологиясы  мен  ФБ-лар  этимологиясы 
арасында  үлкен  айырмашылық  бар  екендігін  аңғару  қиын  емес.  Жаңа  сөздің 
келіп шығу тарихы мен ФБ-ның жасалу тарихы бір-біріне сәйкес келмейді, себебі 
ФБ-тер сөзге қарағанда күрделі семантикалық құрылымға ие. 
Мысалы:  француз  тілінде  «vin»  –  вино  сөзі латын тілінен алынған болып – 
қорқу мағынасын білдіреді. «Vincuit» - күйдірілген вино термині 1538 жылы, «vin 
doux»  -  тәтті  вино  1564  жылы  «виноның»  (шараптың)  сусын  немесе  ішкілік 
ретінде қолданысқа енуімен бірге атауы да шығып тұр. «Quand le vi nest il faut le 
boir»  (сөзбе-сөз)  (Вино  құйылды  ма,  ішу  керек)  мәтелі  өзгеше  мағына  білдіріп, 
«бастаған жұмысыңды аяқтау керек» дегенді меңзейді. 
 «Raisin»  -  жүзім  сөзі ХІІ  ғасыр аяғында латын тілінен алынған. «Racimus», 
«class  racemus»  -  бір бас  жүзім  деген.  «Trouner  les  raisins trops  vepts»  -  жүзімді 
піспеген деп есептеу, яғни өзінің қолы  жетпеген затқа «фу, шикі, піспеген» дей 
салу.  Осы  сөз  Лафонтеннің  «Түлкі  мен  жүзім»  мысалынан  алынған.  Қарны  аш 
түлкі  жоғарыда  асылып  тұрған  жүзімді  көріп,  алуға  қанша  әрекет  жасаса  да  – 
жете алмағаннан кейін – «lls sont tros verts» - «әлі піспеген екен»,-дейді. 
ФБ-тердің  этимологиясын  үйрену  ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысынан  кең 
мағынада өріс ала бастады. Сөздіктерде беріліп жатқан этимологиялық  аударма 
сөздер  өздігінен  пайда  болмаған,  бұл  үшін  этимологияға,  тарихқа,  географияға, 
әдебиетке, этнографияға сәйкес бірқатар пәндерді және өзі алып бара жатқан шет 
тілі пәндерін толық игерген болуы керек. 
ПФ-дің  қайсы  тілде  болмасын  тура  және  ауыспалы  мағыналарын  анықтау 
үшін  этимолог  барлық  бір-біріне  ұқсас  пәндерге  қатысты  жаңалықтарды, 
энциклопедиялық  сөздіктерді,  анықтамалықтарды  пайдалануы  тиіс.  Сондай-ақ, 
бірнеше  кәсіп  иелерінен,  мәселен,  бөденепаз,  кептерпаз,  құмарпаз,  делдал, 
саудагер  және  дүкен  иелерінен,  көнші,  зергер,  мысгер,  диқан,  шопан, 
аңшылардан солардың кәсібіне қатысты, жалпы көпшілікке бейтаныстау сөздерді 
сұрап іздестіруге тура келеді.  
Ғалымдар  тек  қана  өз  тілдеріндегі  фразеологиялық  бірліктерден  басқа 
(ағылшын,  француз  тілдеріндегі)  ФБ-дің  этимологиясынан  да  көбірек 
мағлұматтар  жинаған.  Тіл  мамандарының  белгілі  бір  ФБ  туралы  ойлары  бір 
жерден  шықпағанын  да  ескергеніміз  абзал.  Француз  тілі  ең  дамыған  және  ескі 
тілдердің  бірі  болып  табылады.  Ол  үлкен  фразеологиялық  бірліктерге  және 
олардың  келіп  шығуы  туралы  мол  мағлұматтарға  ие.  Француз  тіліндегі  ПФ-дің 
тарихы бұрын өткен ғасырлардан бастау алады. Әр елде болатын өзгерістер сол 
халықтың  тіліне,  фразеологиялық  тіркестеріне  өз  ықпалын  тигізері  анық.  Өзбек 
және  қазақ  халқының  мәдениеті,  білімі,  ақыл-парасаты,  кішпейілділігі  «жер 
жүзіндегі барлық елдер арасында мойындалған». Атақты шығыстанушы ғалым  

86 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
А.Вомберн осыдан бір ғасыр бұрын елімізге келіп, осындай пікір қалдырған еді.  
Шығыс  елі  бұрыннан  арқалы  да  аузы  дуалы  ақындар  өлкесі  болып  келген.  Сол 
себепті  де  ауыз  әдебиеті  жақсы  дамыған  елімізде  халық  ақындары,  әнші-
термешілері,  жыршы-жыраулары  Париждегі  немесе  Лондондағы  білімі 
жоғарыларға қарағанда өнері жағынан басым болды десек, ешкім таң қалмайды. 
Орта  Азия  елінде  бір-біріне  арқа  сүйеген  жас  жұбайлар,  қартайған  қариялар, 
қойшы  мен  әскерилер,  дін  адамдары  мен  ақсүйектер,  барлығы  да  поэзияға 
ерекше құрметпен қараған. Мақал-мәтелді жазып та, ауызша да  кеңінен таратқан 
олар  патшаның  сарайында  да,  көшпеншілер  арасында  да  көп  қолданған.  Дала 
адамдары «аталар сөзін» әр уақытта мұқият тыңдаған. Мақал-мәтел мағынасына  
сай келетін ақылды сөз де, сендіретін сөз де ешқандай болмаған. Мақал-мәтелдің 
айтар  ойына  қайшы  келетін  сөз  кемде-кем.  Ал  табиғи  тума  талантты 
ақындарымыз  бұрынғы  өткен  ата-бабаларымыздың  хикметтерінің  нақылмен 
айтқан  шешен  сөздерін  өздерінің  жазған  өрнекті  өлеңдерімен  жалғастырды. 
Қазақ-өзбек  халқының  көне  заманнан    атадан  балаға  мұра  болып,  сұрыпталып, 
сұлуланған,  жақсы  сақталып,  бүгінгі  күнге  жеткен  көл-көсір  фольклоры  бар. 
Соның  ішінде  мақал-мәтелдерге  де  өте  бай  ел.  Орыс  тіліндегі  ПФ-ларды 
жинақтау, оның тарихын зерттеу – ертеден келе жатқан бір сала. Олардың ішінде 
ең көп тарағаны - әліппе бойынша жинақталғаны. Кейбір ПФ-дің этимологиясын 
ашық көрсетіп беруге себептер болмаған жағдайда, ғылыми зерттеу мүмкіндігін 
А.Г.Назарян анықтаған. Осы сөздіктің жақсыларын әр жақты есепке алып, жеке 
семантикалық  орналасуын  анық  қадағалау  үшін  жасалған  гипотеза  –  олардың 
келіп  шығуына  ашылған  қосымша  сәуле  болды.  Ол  ПФ-ді  этимологиялық 
жағынан зерттеп, мына жайттардан қарастырған. 
1.  ПФ-дің  бұрынғы,  ескі  француз,  өзбек,  қазақ,  орыс  тілінің  өзінде  дүниеге 
келген немесе басқа тілден қосылғандығын анықтау. 
2.  Белгілі  таңдап  алынған  ПФ-дің  тарихи  өзектері,  пайда  болған  орны, 
уақыты, жағдайы, грамматикалық орналасуы, бірінші кезеңте ұқсастық жақтарын 
анықтау. 
3. Француз, өзбек, қазақ, орыс тілдеріндегі ПФ-ді этимологиялық жағдайын 
салыстырып  үйрену.  Жоғарыда  айтылған  тапсырмалардан  анықталған  француз 
тілінде  20,  өзбек  тілінде  15,  қазақ  және  орыс  тілінде  10  ПФ  бөлектеп  алынып, 
зерттелді,  тарихы  мен  келіп  шығуы  қайта  анықталып  өңделді.  Ажыратып 
алынған  ПФ-ді  этимологизация  жасауда  А.Г.Назарян  жетекшілік  етті.  Ол 
біріншіден,  оның  жасалу  тарихына  байланысты  өткен  шаққа  сәйкес  келетін 
тарихи фактілермен немесе жағдайлармен байланысты болған ПФ-дер еді. 
ПФ-дер  өмірдегі  материалдардың  байлығы,  олардың  өткен  өмірмен  тығыз 
байланысуы.  Тілдері  салыстырылған  елдер  тарихында  қандай  оқиға  болмасын 
олардың барлығы ПФ-де өз көрінісін тапқан.  
а)  Антикалық  өмірге  байланысты  болған  сөз  ұқсастықтар  «Corbean  contre 
corbean  ne  secre  vent  q  amaisles  yeux»,  «Қарға  қарғаның  көзін  шұқымайды», 
«Қорға қорғанинг кузини чуқимайди», «Ворон ворону глаз не выклюет». Әлемнің 
көп елдерінде тараған бұл мақал ескі ПФ болып есептеледі. Оның дүниеге келу 
тарихы V ғасырда өмір сүрген латын ғалымы және тіл үйретушісі  

87 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
А.Ф.Макробиге  барып  тіреледі.  Ол  өз  «Грамматикасында»  осы  мақалды 
келтірген.  Мақалдың  жалпы  мағынасы  мынадай –  қарға,   құзғындар  адамның  
немесе  басқа  жануарлардың өлігін  көрсе, бірінші  көзін шоқып жеп,  кейін  басқа 
жағына  ауыз  салады  екен.  Тура  мағынасы:  зұлым,  өте  жаман  адамдар  өзгеге 
қаншалықты жамандық жасаса да, бір-біріне жәрдемдеседі. Нұсқалары: француз 
тілінде:  «Corsaires  acorsaires  lun  Lotre  sattaquant  ne  font  pas  leurs  affaires  Les 
loupsnese  mangentpas  entre  eux».  «Ит  иттің  құйрығын  баспас»,  «Қасқыр 
көршісіне жаман көзбен қарамас», «Доңыз доңыздың қарнын жармас», «Иттің 
етін  ит  жемейді»  деген  нақыл  сөздер  өз  жолын  тапқан.  М.Қашқари  «Түркілер 
сөздігі» (3-том, 431-бет) кітабында пайдаланылған. «Суды  көрмей, етік шешпе» 
мақалы  ХІ  ғасырда  автордың  өз  сөзімен  солай  түсіндіріледі.  Бұл  мақалда  әрбір 
істі  бастамас  бұрын  ойланып-толғанып,  «Жеті  өлшеп,  бір  кесу»  керек  деп 
жазады.  Француздарда:  «Le  ne  faut  pas  se  despabiller  avent  de  se  coucher»  десе, 
орыстарда «Раньше смерти не следует расставаться с тем, что имеешь» деген 
мақал бар. 
ә) Орта ғасырға тиесілі сөздер: 
«Batir  des  chateaux  en  Espagne»,  «Построить  воздушные  замки», 
«Жетілмеген ой сүру» мәтелінің пайда болуы Орта ғасырдағы «Chanson de geste» 
эпосымен  байланысты.  ХІ  ғасырдың  аяғында  феодализм  қалдығының  күшейген 
кезінде үлкен де көлемді құрылыстар жүргізілген. 1095 жылда Испанияда Генрих 
Бурчундский атты жас қолбасшы зор еңбегі үшін король Альфонс VІ тарапынан 
марапатталады,  оған  қоса  өз  қыздарына  үлкен  көлемдегі  жерлерін  тарту  етеді. 
Генрих  бұл  жерлерге  зәулім  сарай  салуды  бастайды.  Генрихтың  жетістіктерін 
көпшілік  отандастары  көре  алмайды  және  де  олар  да  Испанияда  зәулім  сарай 
салуды  армандайды.  Бос  қиялдарға  берілмей,  жастарға  болашақ  жайлы  ойлап 
әрекет жасау керек деген ойдан туған мәтел екені анық. 
«Тау  таумен  кездеспейді,  адам  адаммен  кездеседі»,  «Екі  ел  бір-бірімен 
қосылар, екі тау қосылмас». Осы мақалды ХІ ғасырдың атақты ғалымы Махмұт 
Қашқари  былай  түсіндірген:  «Екі  тау  бір-біріне  бірікпейді»,  себебі  олар  бір 
жерде орналасқан. Адамдар ұзақ уақыт өтсе де, бір-бірімен табысады. Бұл мақал 
көп уақыттан кейін досын көрген адам жайлы айтылады. М.Қашқари «Түркілер 
сөздігі»  (3-том,  167-бет).  Қазақ  тіліндегі  нұсқасы:  «Тау-таумен  кездеспес,  адам 
адаммен  кездеседі».  Бір  қызығы  француздарда  да,  орыстарда  да  дәл  осындай 
мақалдар бар, оларды жалпы мақалдар құрамына кіргізуі мүмкін. «IL hya queles 
montaq nes que ne se rencontrent jamais», «Гора с горой не сходиться, а человек с 
человеком встретится». 
б) Жаңа заманға, жаңа тарихқа қатысты сөздер. 
Ресей  тарихында  крепостнойлық  құқық  жарияланған  дәуірде  қарапайым 
шаруалар бай-помещиктердің қол астында өте көп қиыншылықтарды бастарынан 
өткізді. Сол заманға сәйкес мақалдар: «Мужичьми мазолями бары сито живут», 
«Нужда учит и барышня мучит». Шаруаларды қара жұмысқа жегіп, пайдалану, 
оларды қорлау кезеңі өткені тарихтан белгілі. Сол тұста пайда болған мақалдарға 
кеңірек  тоқталайық.  «Были,  были  и  бояре  волком  выли».  Өз  заманында 
капиталистік тәртіптің, буржуазиялық әрекеттің ауыл өміріне кіруі, шаруалардың  

88 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ауылдарын  тастап  кетуі,  халықты  талан-тараж  етуі  жайлы  ежелгі  мақалдар  да 
орыс халқының өткен тарихи оқиғаларынан туындағаны анық. «Возмешь личько, 
а отдаш ремешок». «Взял у черта рогожу, а отдавать будешь  
кожу», «Стопора не разбогатеешь, а огорбатеешь», «В дальних краях ремесло 
кормить», «Работал сто лет, а не зароботал сто реп», «Царьский сыщик всюду 
рыщет»,  «Коза  с  волком  тягались  –  рога  до  копыта  остались»,  «Мужик  с 
сошкой,  а  семеро  с  ложкой»  сияқты  ПФ-де  орыс  халқының  өткені,  сол 
дәуірлердегі өмір көрінісі, дамуы, өзінің салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы көрсетілген. 
в)  Халық  ауыз  әдебиеті  және  көркем  әдебиет  шығармалары  арқылы  пайда 
болып, ел арасына нақыл сөздей сіңіп кеткен ПФ де аз емес. 
 «Надан  достан  ақылды  дұшпан  жақсы»  -  бұл  мақалдың  шығу  тарихы 
қызық. Ертеректе бір ұры патша сарайына түсіпті. Қараса, бір маймыл патшаның 
бетіне  қонған  масаны,  шыбын-шіркейді  желпігіш  арқылы  ұшырып  жүр  екен.  
Содан  бір  кезде  қолына  үлке  тасты  алып,  патша  бетіне  қонған  жәндікті 
өлтірмекші  болады  ғой.  Оны  байқаған  ұры  қолындағы  садағымен  маймылды 
атып жібереді. Шыңғырып жіберген маймыл аунап түседі. Оның даусынан патша 
оянып  кетеді.  Ұрыны  көріп,  өлтіруге  бұйрық  береді.  Бірақ  ол  болған  оқиғаны 
айтып,  «ұрлыққа  келгенім  рас,  алайда  сізді  маймылдан  құтқардым»  дейді. Өліп 
жатқан  маймылға  қарап,  патша    «Надан  достан  ақылды  дұшпан  жақсы»  деген 
екен. Нұсқалары: «Ақымақ дос жаудан жаман», «Қазық үстінде қар тұрмайды, 
надан  кісі  дос  болмайды»,  «Ақылсыз  дұшпаннан  бір  сақтан,  ақылсыз  достан 
мың сақтан». Француз тілінде: «Bon berger tont et n ecorche pas», орыс тілінде: 
«Хороший  пастух  стрижет,  но  не  режет»,  «Не  следует  подпиливать  сук,  на 
котором сидишь».  
 «Санамастан сегіз деме» - бұл Қожанасырдың әзілінен алынған мақал. Оны 
бірнеше  есекке  жүк  артып,  базарға  жібереді.  Жолда  түскі  тамағын  ішіп  болып, 
есектерін түгендемек оймен санаса, жетеуі ғана бар, біреуі жоқ. Жаны қалмаған 
ол  қатты  сасады.  Мұны  көрген  жолаушы:  «Ау,  Қожеке,  неге  әбіржіп  тұрсыз» 
дейді.  «Есегімнің  саны  сегіз  еді,  жетеуі  ғана  бар».  «Астыңыздағы  есекпен  сегіз 
емес  пе?»  деп  жоғын  түгелдеп  береді  жолаушы.  Осыдан  кейін  Қожакең 
«санамастан  сегіз  демейін»  деген  екен.  Нұсқалары:  «Санамастан  сегіз  деме, 
ойланбастан  отыз  деме»,  «Санамастан  сегіз  деме,  санап  көрген  емессің,  мен 
білемін деме, сынап көрген емессің». Француз тілінде: «Qui compte sans son hote, 
compte  deux  fous»,  орыс  тілінде:  «Кто  рассчитывает  без  хозяина,  легко  может 
просчитаться», «Не говори «оп», пока не перепрыгнешь»        
«Бір  бәлесі  болмаса,  үлескіде    құйрық  не  істейді?!»  Бұл  мақал  түлкіге 
қатысты  айтылған.  Түлкі  құйрыққа  өш  болады.  Баяғыда  аңшылар  түлкіні  ұстау 
үшін  қақпанды  топыраққа  көміп,  үстіне  бір  кесім  құйрық  майын  қойып  кетеді 
екен. Түлкі оны жеймін деп, тұмсығымен қапқанға ілінген. Бірақ барлық түлкілер 
де  оңайлықпен  қолға  түсе  бермейді.  Себеп,  түлкі  хайуанаттар  ішінде  ең  сезгір, 
көңілді,  қу  жануардың  бірі.  Осы  мақал  соның  нәтижесінде  келіп  шыққан; 
адамдарды  сергектікке,  абай  болуға  үндейді.  «Базардағы  батпан  құйрық, 
таразыда тартқан құйрық, бір бәлесі болмаса, не үшін үлескіде жатқан құйрық?», 
«Бір бәлесі болмаса, себетте кәуап не істейді?!» Бұл мақал  тышқанның айтқан  

89 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
сөзінен шыққан.  Зиянкес тышқанның  көзін  құрту  үшін  оның  інінің  алдына  улы 
зат  себілген  тамақтар,  кәуап  қойған.  Мақалда  ой-өрісті,  көңілді  және  сезгірлігі 
күшті. 
Үш тілде пайда болған ПФ-дің тарихын зерттеу  барысында  мына  нәрсе  
айқындалды: 
Өзбек,  қазақ  тіліне  орыс тілінен алынған және  орыс  тіліне  француз  тілінен 
алынған. Мысалы: 
 Француз тілінен: L appétit vient en mangeant; 
  → орыс тіліне: Аппетит приходит во время еды;     
  → өзбек тіліне: Иштаха таом вақтида келаді; 
 Француз тілінен: Mieux vauttard que jamais;         
  → орыс тіліне:   Лучше поздно, чем никогда; 
  → өзбек тіліне:  Хечдан кура кеч яхши; 
 Француз тілінен: A la guerre comme a guerre; 
  → орыс тіліне:   На войне как на войне
  → өзбек тіліне:  Урушда туруш  йуқ; 
Француз тілінен: Apres nous le deluge; 
  → орыс тіліне:   После нас хоть потоп; 
  → өзбек тіліне:  Биздан кетгунча, эгасига еткунча; 
Бір  тілден  басқа  тілге  алмастырылуы  «калька»  немесе  «жарым  калька» 
түрінде  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Басында  келтірілген  мысалдар  орыс  және 
өзбек тілдеріне «калька» түрінде ауыстырылған. «Le jeu nen vaut pas la chandelle» 
мақалы  болса  орыс  және  өзбек  тілдеріне  «жарым  калька»  жолында 
ауыстырылған.  Орыс  тілінде  «Игра  не  стоит  свеч»  және  өзбек  тілінде  «Ойын 
шамға арзымас» мәтелдері қолданылған. 
Қорыта  айтқанда,  халық  арасында  кеңінен  тарап  кеткен  мақал-мәтелдердің 
басқа  тілдерде  де  баламасы  немесе  аудармасы  молынан  кездеседі.  Оған  біраз 
мысал келтірдік. Бір нәрсе анық - бүгінгі таңда провербиал фразеологизмдер тіл 
мамандарының  зерттеу  объектісіне  айналып  отыр.  Ал  қарапайым  халық 
күнделікті  тұрмыс-тіршілігінде  мақал-мәтелдердің  бәрінің  де  терең  мағынасы, 
астарлы ойы, тәрбиелік мәні бар екендігін жақсы біледі және оны қажетті кезінде 
ұтымды пайдаланады. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Әлімбаев М. Маржан сөз. – Алматы: Жазушы, 1978. -459 бет. 
2.  Нысаналин  А.  Қазақтың  мақал-мәтелдері.  –  Алматы:  ҚазАқпарат,  2003.  -
188 бет. 
3. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. – Алматы: Ана тілі, 2007. -136 бет.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
В  статье  автор  посредством  сравнения  сходств  французских,  узбекских,  русских  и 
казахских провербиальных фразеологизмов попытался исследовать их этимологию. 
(Носиров А.А. Сравнение сходств французских, узбекских, русских и казахских ПФ) 
 
SUMMARY 
In  the  article  the  author  tried  to  investigate  their  etymology  by  comparing  the  similarities  of 
French, Uzbek, Russian and Kazakh proverbial phraseology.  
(Nosirov A.A. Compare the similarities of French, Uzbek, Russian and Kazakh PF) 

90 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
УДК  81’243 (043) 
 
Г.А.ТЛЕГЕНОВА  
преподаватель Жетысуского государственного 
университета им. И.Жансугурова 
 
ОБЩИЕ ТЕМПОРАЛЬНЫЕ ХАРАКТЕРИСТИКИ  
СИНХРОННОГО ПЕРЕВОДА 
 
У  каждого  человека  имеется  собственный  оптимальный  диапазон,  в 
котором  ему  легче  всего  воспринимать,  понимать  и  при  необходимости 
воспроизводить информацию. Однако в практической деятельности человеку не 
всегда  удается  работать  в  оптимальном  для  него  темпе.  Среди  всех  видов 
переводческой  деятельности  синхронный  перевод  характеризуется  наиболее 
жесткими 
временными 
ограничениями 
и 
представляет 
наименьшие 
возможности для выбора темпа переработки и воспроизведения информации.  
Действительно,  если  переводчик,  работающий  в  режиме  письменного 
перевода, может получить, например, на перевод исходного текста объемом 6-
8 печатных страниц полный рабочий день (таков верхний предел обычных норм 
для  письменного  перевода),  то  синхронный  переводчик  должен  выполнить 
перевод  того  же  объема  приблизительно  за  20  минут,  т.  е.  за  время 
произнесения исходного текста оратором.  Другими словами, на перевод текста 
одного  и  того  же  объема  синхронному  переводчику  отпускается  в  20-30  раз 
меньше  времени,  чем  письменному  переводчику.  Переводчик,  работающий  в 
режиме  последовательного  перевода,  тоже  испытывает  значительные 
временные ограничения, но по сравнению с синхронным переводчиком он имеет 
вдвое больше времени на перевод текста того же объема: время произнесения 
исходного  текста  оратором  плюс  время  произнесения  текста  на  языке 
перевода.  
В  статье  рассматриваются  общие  характеристики  синхронного  перевода, 
проблемы  синтаксиса  касательно  синхронного  перевода.  Автор  выявил 
проблемы синтаксиса, специфичные для синхронного перевода. 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет