Issn 2226 1176 индекс 75756



жүктеу 2.79 Mb.
Pdf просмотр
бет1/18
Дата13.09.2017
өлшемі2.79 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ISSN 2226 – 1176
ИНДЕКС 75756
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы 
Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық 
қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Акционерное общество «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу»
Республиканский институт повышения квалификации руководящих и научно-педагоги-
ческих работников системы образования Республики Казахстан
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ
№1 (84) 2017
Алматы, 2017

Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат 
министрлігінде 02.04.2013 ж. қайта тіркелген. Куәлік № 13497-Ж
«Білім берудегі менеджмент - Менеджмент в образовании» - 
ақпарат-әдістемелік хабаршысы
МЕНШІК ИЕСІ: «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің 
басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын 
республикалық институты
Редакциялық алқа:
 
Ахметова Г.К.–п.ғ.д., профессор
 
Қараев Ж.А.– п.ғ.д., профессор
 
Мақатова Ж.Ә. – п.ғ.д., профессор
Редакциялық кеңес:
 
 
Танатова А.Д. – п.ғ.к. 
 
Суатай С.Қ. –  ф.ғ.к., доцент
 
Құдайбергенева К.С.  –  п.ғ.д., доцент 
 
Мұхамбетжанова С.Т. – п.ғ.д., доцент
 
Семченко А.А. - п.ғ.к., доцент 
 
Арзанбаева Б.О. – п.ғ.к., доцент
 
Рсалдинова А.Қ. – п.ғ.к., доцент
 
Тоқмағамбетов А.Ш. – т.ғ.к., доцент, PhD
 
Орақова А.Ш. – п.ғ.к. доцент
 
Қойлық Н.О. – ф-м.ғ.к. 
    
 
Алдабек Н.А. -  ф.ғ.к, доцент
 
Маханбетова А.А. – п.ғ.к.
 
Сардарова Ж.И. - п.ғ.д.
 
 
 
Басылым 1996 жылдан бастап жарық көреді, алғашқы тіркеу куәлігі №476. 
Жылына 4 рет шығады.
Мақала авторларының пікірлері редакция көзқарасын білдірмейді.
 
РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ: 
Алматы қаласы, Амангелді көшесі, 61 үй, 103 каб, 
Тел: + 7(727) 267-46-59, +7(727) 267-45-82
e-mail: emj@ripkso.kz
© ББЖ ҚБАРИ, 2017

4
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2017 г. 
МаЗМҰНы
сОдеРЖаНие
БІЛІМ БЕРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСНАМАСЫ
ТЕОРИЯ И МЕТОДОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
Иманбекова Б.И.
Батыстық және шығыстық тұжырымдамалардағы тұлғаның әлеуметтік мәні туралы.................... 5 
Семченко А.А.
Техническое и профессиональное образование как условие реализации экономических 
реформ в Казахстане ................................................................................................................................................................11
Жунусова К.С.
Новые подходы в преподавании и обучении как условие развития функциональной 
грамотности будущего специалиста и профессионального роста преподавателей колледжа.....14
Iskakova Zh.G., Bazhibayeva A.B.
Art-therapy as a means of developing children’s creativity .......................................................................................18
Гущанская Е.В.
Критериальное оценивание в системе повышения квалификации педагогических 
работников Павлодарской области: опыт, проблемы ..........................................................................................21
БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА КӨЗҚАРАСТАР
НОВЫЕ ПОДХОДЫ В УПРАВЛЕНИИ
Чукотаев М., Нуртазина Е.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудың негізгі 
шарттары ........................................................................................................................................................................................25
Хусаинов Б.М., Молдашев Г.К.
Состояние управления деятельностью ВУЗов Западно-Казахстанской области .................................30
Сұлтанғазы Т.Е., Таубаева Ш.Т., Байқоныс А.Ж.
Педагог-психолог студенттердің болашақ кәсіби әрекетіне құндылық қатынасын 
қалыптастыру: педагогикалық эксперимент нәтижелері .................................................................................35
Оразбаева А.К.
Сетевой подход в профессиональном развитии педагогов ...............................................................................38
Толeшова У.Б., Абдукадыр Ш.Д., Сардарова Ж.И.
Исследования ценностных ориентаций современной молодежи .................................................................42
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ
ОБНОВЛЕНИЯ СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
Жақсым О.И.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды жаңартылған білім мазмұны негізінде 
ендірудің тиімді жолдары  ....................................................................................................................................................47
Кеңесова М.Ж., Шағырбаева М.Д., Сардарова Ж.И.
Жасөспірімдердің эмоционaлды интеллектін дaмытудaғы  топтық тренингтердің рөлі  .............51
Оракова А.Ш., Корнилова Т.Б., Жартынова Ж.А., Насырова Г.У. 
Тәлімгер мен тәліптің өзара әрекеттестігінің ерекшеліктері .........................................................................56
Комекова С.О.
Заманауи мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарының басым бағыттары ....................................61
Сейтказина Р. С.
Көптілді білім беруде оқылым дағдысын аудармасыз оқыту тәсілі арқылы жүзеге асыру ...........66
Ибраимова Ш.С.
Система оценивания в условиях обновления содержания образования ..................................................70

5
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1  2017 г. 
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
НОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ
Алдабек Н.Ә., Амирова М.Ж.
ЖОО-дағы жеке  тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы.............................................................................. 74
Касимова С.Б.
Совершенствование коучинговой практики сертифицированных учителей ........................................77
Бажибаева А.Б.
Қашықтықтан оқыту жүйесінде эффективті онлайн курстар әзірлеу .......................................................80
Жақсылықова К.З.
Білім беру ұйымы басшысының құзыреттілігін дамытуды ұйымдастырудың мазмұны 
мен технологиясы .....................................................................................................................................................................83
ТӘРБИЕ ТАҒЫЛЫМЫ
ВОПРОСЫ ВОСПИТАНИЯ
Нұрланқызы Н., Қасымова Р.С.
Суатай С.Қ.
Тіл ұлттың игілігі .......................................................................................................................................................................90
Базарбекова Р.Ж.
Бала болмысын зерттеудің өзекті мәселелері ..........................................................................................................93
Турдахунова К.К.
Технология коучинга в решении вопросов по реализации типовой учебной программы 
дошкольного  воспитания и обучения ..........................................................................................................................97
Рыскулбекова К.К., Сахова А.Т.
Көптілді тұлға тәрбиесінің жүйелі қадамдары .....................................................................................................101
Сейилбекова Н.Ж
., Базарбекова Р. Ж.
Оралман оқушылардың әлеуметтенуі мен инкультурация мәселелері .................................................105
Қағазов Б.А.
Елді бірлікке ұйыстырудағы тарих пәнінің рөлі ..................................................................................................108
Әлқожаева Н.С., Болатханова Н.С., Бейсе Ж.Е.
Болашақ педагог-психологтарда кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық 
аспектілері ................................................................................................................................................................................. 112
ІС-ШАРАЛАР
МЕРОПРИЯТИЯ
Маханбетова А.А., Айматова Г.Т.
ЮНИСЕФ балалар қорымен бірлескен жобалар ......................................................................................................116
Кемешов А.
География сабағында жергілікті жер материалдарын пайдалану ...........................................119
АТАУЛЫ КҮНДЕР МЕН ҚҰТТЫҚТАУЛАР
ДАТЫ И ПОЗДРАВЛЕНИЯ
Сембаева Н.Т.
АЛМАТЫ(ВЕРНЫЙ) және Қазақстандағы алғашқы балабақшалардың ашылуы ..............................122
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ДАЙДЖЕСТ
                                                   БИБЛИОГРАФИЧЕСКИЙ ДАЙДЖЕСТ
  .................................................125

6
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2017 г. 
БІлІМ БеРУ ТеОРиясы МеН ӘдІсНаМасы
ТеОРия и МеТОдОлОГия ОБРаЗОВаНия
THEORY AND METHODOLOGY OF EDUCATION
УДК 37.03
БаТысТық ЖӘНе ШыҒысТық ТҰЖыРыМдаМалаРдаҒы
ТҰлҒаНың ӘлеУМеТТІк МӘНІ ТУРалы
Б.иманбекова, п.ғ.к., доцент
«Өрлеу» БАҰО» АҚ, Алматы қ.
Түйіндеме. 
Мақалада  қоғамдағы  адамның  әлеуметтік  мәнін  және  рөлін  анықтайтын 
тұлғаның батыс және шығыс тұжырымдамалары жайында айтылған.
Түйінді сөздер: 
тұжырымдама, тұлға, әлеуметтік мәні, адам, қоғам.
Тұлға қалыптастыру әр кезеңде де маңызды 
мәселе  саналған.  Ол  белгiлi  бiр  қоғамның, 
тарихи  дәуірдің  жемiсi  болып  табылады. 
Оның  қоғамдағы  орны  көптеген  әлеуметтiк 
белгiлермен  сипатталады.  Қоғамның  үздiксiз 
даму  барысында  түрлі  көзқарастар  мен  ұста-
нымдар  тұжырымдалды.  Өйткені,  қоғамдық 
өмipдiң  әлеуметтiк,  эконо¬микалық,  саяси, 
рухани  қырларындағы  өзгерістер  тұлға 
әрекетiнен тыс болмайтыны белгілі. Сондықтан 
да  тұлға  мәселесін  әр  қырынан  зерделеу 
қажеттілігінің  тууы  заңдылық.  Жалпы  тұлға 
мәселесі әр ғылым саласында да әр дәуірде де өз 
кезегінде кеңінен қарастырылған.  Тарихқа  көз 
жүгіртсек,  ол  ежелгi  ойшылдардың  адамтану 
тұжырымдамаларынан бастау алады. 
  Ежелгі  Грекияда  адамның  өзін-өзі 
тануынан  тұрмыстың  шешімін,  философиялық 
таным  көзін  көрді.  Эллиндіктер  адам  тәніне 
табынушылықты туғызды, олар оның керемет 
кескін келбетін мадақтап табиғаттың осындай 
ғажайып  жемісіне  таңданып,  тамсанды.  Грек 
философиясы  мен  өнерінде  адам  табиғаты 
оның  кескін  келбеті  мен  бейнесі  күмән-
келтірмейтін  жетілу  мен  үйлесімділіктің 
идеалы  ретінде  көрсетілді.  Гректер  адамның 
табиғи жаратылысының идеалын жасады. Жер 
перзентінің  табиғи  келбетінің  өзгеруі  мүмкін 
емес деп ойлады. Олар жеке бастың кісілігімен 
оның кез-келген қасиетінің мәнділігі туралы да 
ойланды. Сократ қоғамдағы адам тәуелсiз жан, 
әрі  оның  тәуелсiздiгi  адамға  тән  aдaмгeршілiк 
пен  абыройға  лайықты  мaқcaтпен,  саналы 
таныммен  бiрігуі  тиiс  деп  тұжырымдаған. 
Сонымен  қатар  ғұлама  өмip  заңдылықтары 
адам  санасында  орнығып,  соның  нәтижесiнде 
ол өзiн-өзi та¬нуы қажет деп санаған.
 Ғұлама Платон да адам қасиеттерінің жан-
жақты  үйлесімді  дамуы  туралы  құнды  пікір 
білдірді.  Ол  өз  ойларын  «Республика»  деген 
еңбегiнде  адам  өмipi  табиғи  заңдылықтармен 
емес,  қоғам  заңдарымен  басқарылады  деп 
түйіндейді.  Адам  оны  меңгеру  арқылы  елінің 
азаматына  айналады  дейді.  Ендеше,  Платон 
адамды  тұлға  ретінде  қарастырады  деуге 
болады.  Платонның  шәкiртi  -  Аристотель 
(б.з.д.384-322  жж.)  «Саясат»  деген  еңбегiнде 
адамды тумысынан қоғами деп көpceтeдi. 
 Ғұлама ойшыл Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 
106-43 жж.) өзiнiң «Мемлекет туралы», «3аңдар 
ту¬ралы»,  «Мiндеттер  туралы»  еңбектерiнде 
тұлғаның  құқықтық  тәуелсіздігі  мен  теңдігі 
туралы тұжырымдарын негiздеген. Цицеронның 
пікіріне  жүгінсек,  адамды  әр  жақты  дамуға 
жетелейтін төрт нәрсе бар, олар: ақыл, әдiлеттi 
болу, ерлiк және сабырлылық. 
 Ежелгі дәуірдің соңына қарай адам туралы 
эллиндік  көзқарас  біршама  өзгерді.  Көрнекті 
ойшылдардың бірі Сенека адамның періштедей 
тазалығын  бекерледі.  Ол  адам  бейкүнә  емес 
деген ойға келді. Бұл кезеңде адам тәні жанның 
уақытша тұрағы ретінде қарастырылды. Тәнге 

7
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1  2017 г. 
табыну енді рухты дәріптеумен алмасты. Сенека 
пікірінше рух тәннен жоғары. Сенека Ғарышты 
Құдайға  ауыстырды.  Ол  алғаш  рет  адамның 
хайуаннан  артықшылығы  оның  ақыл-ойы 
екендігі  туралы  кесімді  пікір  айтқан  ойшыл 
болды.  Оның  пікірінше  адам  өзін  бақытты 
сезінуі үшін қара басының қамы үшiн ғана емес, 
өзгелер  және  қоғам  үшiн  де  өмip  cүpyi  тиiс. 
Сонымен қатар ол білім мен даналықты жоғары 
бағалап, оны игеруді насихаттады. Адамды басқа 
жаратылыс  иелерімен  салыстырып  зерттеп, 
оған  баға  беруге  тырысқан  ойшылдардың  бірі 
-  Протагор  болды.  Ол:  «адам  барлық  нәрсенің 
өлшемі» деген қанатты сөз қалдырды. 
 Ал қоғамдық өмipдe дiни көзқарас үстемдік 
еткен  орта  ғасырда  өмір  сүрген  христиан 
теологi,  философы  Аврелий  Августин  «Құдай 
қаласы  туралы»  еңбегiнде  адамдардың 
жаратылысы  туралы  сөз  ете  келе,  құдай 
адамдарға  таңдау  құқын  берген  дейді.  Осы 
кезеңдегі  белгілі  философ,  теологтердің  бірі 
Фома  Аквинский  «Билеушiлердiң  басқаруы 
туралы»,  «Теологияның  жиынтығы»  деген 
еңбектерiнде адамдардың epiк бостандығы мен 
оның  жауапкершiлiгiнің  байланысы  туралы 
жазады.  Фома  Аквинский  Аристотельдiң  адам 
қоғамдық  тiршiлiк  иесi  деген  тұжырымын 
өз  дiнiнiң  қағидаларына  бейiмдеп  қолданды. 
Адам  туралы  христиандық  тұжырымдаманы 
Моисей  мен  Христостың  пікірлерінен  негіз 
алған  деуге  болады.  Олар  адам  идеалы  - 
басқаның  арына  тимеу,  ақылмен  өмір  сүру, 
зорлық  қылмау,  қорлыққа  төзу,  барша 
тіршілік  иесін  тіпті  жауыңды  да  жақсы  көру, 
оларды  өз  азаматтарыңнан  алаламау  деп 
есептеді.  Тән  христандық  дінде  адамның 
барлық  зұлымдығының  себепшісі  ретінде 
қарастырылды. Дін тәннің күнәһарлығын ашты 
және  адам  табиғатының  толықтығына  күмән 
келтірмеді. Бұл туралы Н. Бердяев: «христандық 
адамды ғарыштық шексіздік билігінен босатып, 
оны  табиғаттан  емес  құдайдан  тәуелді  етіп 
қойды»  деді.  Христандық  тұжырымдама 
адамды  Исус  тағдыры  сияқты  қиын,  қайғылы 
жолға  жетелейді,  өйткені  алда  -  қиямет  күн 
бар  дейді.  Сондықтан  Исустың  тағдыры  да 
махаббаты да үміті де қайғылы. Сол себептен бұл 
тұжырымдаманы  көпшілік  аскеттік  адамның 
тұжырымдамасы деп қабылдады. 
  Қайта  өрлеу  дәyipiнде  де  адам  мәселесі 
өзекті  болды.  Итальяндық  тарихшы  Ник¬коло 
Макиавелли  «Патша»,  «Тит  Ливийдiң  алғашқы 
онкүндiгі  туралы  ой-пiкiрлер»,  «Флоренция 
тарихы» атты еңбектерінде адам іс әрекеті мен 
оның тағдырының өз қолында екендігі туралы 
келелі пікірлер білдірген. 
Француздың  көрнектi  құқықтанушысы 
Шарль Луи Mонтескье (1689-1755 жж.) «Заңдар 
рухы»  еңбегiнде  пайымды  тұжырымдар 
жасайды. Ол epкіндік пен теңдiк, мемлекеттегi 
адам табиғаты мен құқық негiздерiне қатысты 
пікірлерін ортаға салды. 
 Ал материалист Дени Дидроның «Племянник 
Рамо»  еңбегiнде  адам  табиғаты,  оның  шығу 
тегі  туралы  пайымдаулары  айтылған.  Оның 
пiкiрiнше, адамдарға қоғамдастықта өмip сүруге 
ұмтылу қасиетi тән. 
Көрнекті 
ойшыл 
Жан-Жак 
Руссо 
«Қоғамдық келiсiм туралы немесе саяси құқық 
ұстанымдары»  атты  туындысында  epкіндік 
пен  теңдiктi  ерекше  құндылықтар  peтіндe 
санайды.  Оның  пікірінше,  тұлға  құндылығы 
тек  қоғам  және  мемлекетпен  аралықта  ғана 
мойындалады, сондықтан epкіндік заңға бағыну 
ретінде қарастырылады. 
 Іpi ойшылардың бipi Клод Адриан Гельвеций 
«О  человеке,  его  умственных  способностях 
и  его  воспитании»,  «Об  уме»  еңбектерiнде 
адамның  мiнез-құлқын  оны  қоршаған  орта 
айқындайды дейді. Сонымен қатар ол адамның 
қалыптасуындағы 
әлеуметтiк 
ортаның 
ықпалына ерекше мән береді. 
Поль  Анри  Гольбах  1770  ж.  Амстердамда 
жарық  көрген  «Система  природы»  атты 
еңбегiнде адам epкіндiгi мен тәуелсiздiгi туралы 
мәселелерге ерекше мән берген. 
Немic 
философы 
Имманиул 
Кант 
«Метафизические  начала  учения  о  пра¬ве», 
«К  вечному  миру»  деген  еңбектерiнде  өз 
пайымдауларын  «категориялық  императив» 
деп тұжырымдады. Оның мәнi - әpбip адамның 
ic¬-әpeкeтi бacқағa үлгi боларлықтай болуға тиiс. 
Сонымен  қатар  ойшылдың  ойынша,  адамдар 
тұлға  peтіндe  өзiндiк  «Meнін»  адамгершiлiгіне 
бағындыратын  сана-сезiмнiң  арқасында  ғана 
қалыптасады.
Ағылшын  философы  Дж.Локк  «Басқару 
туралы eкі трактат» деген eңбeгiндe aдaмдapдың 
epкiндiгi  мен  тeңдiгiнің  шексiз  құндылық 
екендігін дәлелдеуге тырысқан. Ол тұңғыш рет 
жеке тұлға мүддесін қоғам мен мемлекет мұрат-
мүдделерiнен  жоғары  қойған  ойшыл  ретінде 
танылды. 
XIX  ғасырдағы  көpнектi  француз  идеологi 
Б.Констан  «Курс  конституционной  политики» 
деген  eңбeгiндe  тұлға  мен  мемлекеттiң  өзара 
қарым-қатынасын  қарастырған.  Ол  еңбегiнде 
азаматтық  (жеке)  бостандық  пен  са¬яси 

8
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2017 г. 
бостандықты ажыратып көрсетеді. Және ойшыл 
индивидтiң  құқығына  шектеу  болмауы  керек 
деген маңызды түйiн жасайды.
Дж.Локк,  А.Смит,  И.Кант,  Т.Джефферсон, 
Дж.Милль сияқты көрнекті ойшылдар адамның 
epкіндігін  зор  құндылық  ретінде,  тұлғаның 
құқықтары  мен  бостандықтарының  қоғам 
мүдделерiнен  жоғары  тұруы;  адамдардың 
теңдiгi туралы пайымды пікірлер білдірді. A.Ceн-
Симон,  Ш.Фурье,  Р.Оуэн  өз  еңбектерінде  әpбip 
адам  қабiлетiне  қарай,  жұмыс  iстey  мүмкіндігi 
мен еңбегiне қарай ақы алу мүмкіндігі туралы 
және т .б. тұжырымдар жасады. 
Р.Оуэннiң  пiкiрiнше,  адамның  мiнез-құлқы 
индивидтiң табиғи қоғамдас¬тықпен және оны 
қоршаған  ортамен  өзара  қарым-қатынасының 
нәтижесi және сондай байланыста ғана ол басты 
рөлге ие болмақ. 
Чарльз  Дарвин  дін  мен  медицинаны 
зерттеп,  зерделей  келе,  осы  күнде  өмір  сүріп 
жатқан  ағзалармен  бұрынғы  замандаға 
ағзалардың туыстығы туралы болжам ұсынды. 
Ч.Дарвин  ұсынысының  сонылығы  -  оның 
ұсынған механизмінде, яғни табиғи іріктеуінде 
болды.  Оның  тұжырымдамасы  адамның 
«эволюциялық  тұжырымдамасы»  деп  аталды. 
Ол  адамды  будандастыру  нәтижесі  және  өмір 
сүру  үшін  күрес  иесі  ретінде  көрсетті.  Бірақ 
будандастыру  ешуақытта  түрдің  жақсаруын 
бермейтіні, керсінше оны бұзатыны кімге болса 
да белгілі. Сонымен қатар Дарвин теориясы екі 
бағытта дәстүрлі христиандықтың қарсылығын 
туғызды.  Біріншіден,  адамның  қайталанбас, 
сонылығы  туралы  пікірге,  оның  адаммен 
маймыл  бір  тектен  жаратылған  деген  пікірі 
қарсы  келді.  Екіншіден,  оның  теориясында 
эволюциалық  даму  мақсатына  орын  болмады. 
Өйткені, табиғи іріктеу көрсоқыр еді. Ч.Дарвинді 
көптеген замандастары қолдады, себебі, атеизм 
бұл кезеңде әйгілі ағымға айналған еді. 
XIX  ғасырдың  бiрiншi  жартысындағы 
қалыптасқан  маркстiк  саяси  идея  әр  жақты 
дамыған,  epкiн  адамды  қалыптастыpу  туралы 
пікірлер қалыптастырды. K.Mapкстің пікірінше, 
қоғам - адамның өмір сүруінің негiзi. Тек қоғамда 
ғана адам өз мәніндe жетiлiп, оның түрлі мұрат-
мүдделерi мен қажеттiлiктерi жүзеге асырылады. 
Оның 
пікірінше, 
адамның 
тұрмыстық 
қажеттiлiгi  толығымен  қанағаттандырылса, 
оның  сана-сезiмi  мен  мәдени  деңгейiнiң 
дәрежесi артады. К.Маркс адам - биоәлеуметтік 
тұлға  деген.  Оның  пікірінше  адам  дерексіз 
емес,  ол  қоғамдық  қатынастардың  жиынтығы. 
Сондықтан,  адам  қоғам  тарапынан  құқықтық, 
эстетикалық,  адамгершілік  ықпалдың  нысаны 
болып  табылады.  Маркс  адам  белсенділігін 
тарихпен  өзара  белсенді  әрекеттестікпен 
байланыстырды.  Маркс  жағдай  адамды, 
адам  жағдайды  туғызады,  сондықтан,  осы 
үдеріс  адам  санасының  өсуін,  оның  тұлғалық 
сипатының өзгеруін сипаттайды деп түйіндеді. 
Нәтижесінде  «хомосоциолис»  тұжырымдамасы 
дүниеге  келді.  Яғни,  адам  өзін  жағдайдан 
бөлмейді, өзін қоғамның бөлігі ретінде сезінеді. 
Ол: біз адамды қоғамнан бөлу арқылы, адамның 
өзін жоямыз деп санады. Нәтижесінде қоғамдық 
қатынастардың  жекеден  басымдық  танытуын 
туғызды деуге болады. 
В.И.Ленин  тұжырымдамасы  коммунизм 
құрылысшысы  -  адам  тұжырымдамасын 
жасады.  Ол  қоғам  мен  адам  өмірін  бір  схема 
бойынша  құруға  тырысты.  Жоғарыдағы 
басқа  тұжырымдамаларды  ескерсек,  мұның 
қисынсыздығы аңғарылады. 
 Ал  Ф. М. Достоевский тұжырымдамасындағы 
адам  бейнесі  -  бұл  ішкі  жан  дүниесі  бай  тұлға. 
Жаратушымен  үйлесімді  өмір  сүрген  адам  - 
оның тұжырымдамасының басты бөлігі. Мұндай 
көзқарас  философтардың  пікірінше,  орыс 
идеалистік  философиясы  гүлденген  кезеңде 
В.Л. Соловьев, В. Розанов және т.б. еңбектерінен 
басталған. Орыс мәдениетінде Ф.М.Достоевский 
«жаңа  гуманизмді»  негіздеген  ойшыл  ретінде 
танылды.  Ондағы  жоғарғы  мәртебе-жақсылық 
пен зұлымдықты таңдау еркі болып табылады. 
Ол  адам  рухының  шыңы  -  мәдениеттің  жүрегі 
деп есептеді. Сонымен қатар адамның құндылық 
екендігі туралы идеяны ұсынды. Ойшыл өмірдің 
мағынасы адам өмірінің өзінде дейді. Оның бұл 
иделарын  туындыларындағы  кейіпкерлерінің 
әрекетінен  айқын  аңғарамыз.  Оның  пікірінше, 
адам адамдық күйге жету үшін өмір сүреді. Ал 
адамдық күй дегеніміз - бұл жалпы күнәһарлық, 
жалпы  жауапкершілік  және  бауырмалдық. 
Белгілі  ғалым  В.С.Кукушин  пікірінше,  Ф.М. 
Достоевский  мен  социалимзді  біріктірген  бір 
ғана нәрсе - бұл теңдік және рухани бауырмалдық 
идеясы  болды.  Сонымен  қатар,  ол  тәрбиенің 
күшіне  сенген  адам.  Оның  кейіпкерлері  князь 
Сышкин,  Карамазов  және  т.  б.  сияқты  күшті, 
жағымды  ойлайтын  адамгершілікті  адамдар 
басқаларға  қиын  сын-  сағаттарда  ықпал  етеді. 
Ендеше, Ф.М.Достоевский тұжырымдамасы - бұл 
рухани,  адамгершілікті  адам  тұжырымдамасы 
екен. 
Фридрих 
Ницще 
тұжырымдамасы 
«толстовство» кезеңінде қатар қалыптасқан. ХІХ 
ғасырдың соңында адамдарды экзистенциалдық 

9
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1  2017 г. 
тастандылық  сезімі  қинай  бастады.  Маркс 
сияқты ол да адам өзінің қазіргі түрінде тіршілік 
үшін күрес жолында пайда болды деп есептейді. 
Ницще  мен  Адольф  Гитлер  пікірлері  арасында 
үндестік  те  байқалады.  Өйткені,  ол  ерекше 
адам,  яғни,  айрықша  қатыгез  интеллект  пен 
спартандық  ерік-жігердің  иесі  туралы  жазды. 
Алғашқылары  -  бірді  екілі  болса,  екіншілері 
көпшілік.  Әлсіздермен  жолы  болмағандар  өлуі 
қажет»,  -деп  тұжырымдады  ол.  Оның  пікірше, 
қарабайыр  көпшілік азғантай  дарындылардың 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру 
үшін 
өмір  сүреді.  Біздің  жоғарғы  мәдениет  деп 
атайтындарымыздың барлығы да қатыгездікті 
күшейту мен рухтандыруға негізделген» - дейді. 
Оның  «қайырымды  адамы»  шын  мәнінде  - 
табиғаттың басты күші билік пен үстемдікте деп 
есептейтін  қатыгез  адам  еді.  Ф.Ницще  адамды 
биологиялық жағынан жетілген деп есептемеді. 
Оның бойынша адам - әлі қалыптаспаған хайуан, 
биологиялық  тұрғыдан  кемтар  жаратылыс 
иесі,  сондықтан  ол  көбеймеуі  тиіс.  Ф.Ницще 
тұжырымдамасындағы  адам  бейнесі  тіршілік 
атаулыға жауыздық пен опат әкелетін қатыгез 
әрі менмендерді қалыптастырар еді. 
 Зигмунд Фрейд адамның психоналитикалық 
тұжырымдамасын  жасады.  А.  Адлер,  К.  Г.  Юнг 
және  т.б.  жаңа  фрейдистер  Фрейдтің  «адам 
рационалды  (санасыз)  екі  бөліктен  тұрады» 
деген  негізгі  идеясын  ұстанды.  Фрейдтің 
жаңашылдығы  иррационалдықты  ашуында 
болды. Оның пікірінше адам өмірінің психикалық 
моделі  үш  элемент:  «мен»  және  «жоғарғы»  - 
«мен»-ді  құрайды.  Қысқашы  айтқанда,  Фрейд 
пікірінше, әлемді махаббат билейді. 
«Орыс 
космизмінің» 
идеясы 
орыс 
философиясында  ерекше  орын  алды.  Олар: 
В.Ф.Достоевский, 
А.В.Сухова-Кобылина, 
Н.Ф.Федорова,  В.С.Соловьева  және  т.б.  Ресейде 
өткен ғасырдың бір бағыты ретінде ғарыштық 
бағыт  пайда  болды.  Олардың  пікірінше,  адам 
-  ұдайы  жетілу,  өсу  үдерісіндегі,  әлі  толық 
қалыптаспаған,  сонымен  қатар  тек  сыртқы 
әлемді  ғана  емес  өзінің  ішкі  табиғатын  да 
өзгертуге жаралған саналы-шығармашыл тұлға. 
А.Л.Чижевский 
биосфера 
өмірімен 
әлеуметтік ырғақ Күн ырғағынан тәуелді деген 
теорияның негізін қалады. Ол: «Бұлар Ғарыштың 
шығармашылық 
қозғалысының, 
Жердің 
инерттік материалының әсерінен туған, жерден 
гөрі  белгілі  бір  үлкен  дәрежедегі  ғарыштық 
құбылыс.  Ол  осы  күштер  қозғалысымен  өмір 
сүреді»-дейді. 
В.И.Вернадский 
ақыл-ойдың 
пайда 
болуын  Жерде  тіршіліктің  пайда  болуы 
сияқты  маңызды  құбылыс  деп  есептеді. 
Ол  өмірді  планетаның  орналасуы  сияқты, 
ғарыштық  орналасудың  бір  бөлігі,  сондықтан: 
«өмірдің  жұмбағының  шешілуі  тек  тірі  ағзаны 
зерттеумен  ғана  өлшенбейді»,-  деп  санады. 
Барлық ғарышшылдарға тән ортақ нәрсе - олар 
табиғатты құрал ретінде қабылдамайды. Олар - 
табиғат адамның қызметшісі емес, туысы дейді. 
Табиғат та адам сияқты соны субьект, тек адамға 
қарағанда көпше пішіндегі жиынтық. Адамның 
ондағы рөлі - оны қанау емес, оны құлдықтан, 
сөну, өшу, жойылудан құтқару деп пайымдайды. 
Орыстың  қайта  өрлеу  кезеңіндегі  Н.О. 
Лосский,  Н.А.  Бердяев,  П.  А  Флоренский,  И. 
А.  Ильин  т.  б.  өкілдерінің  пікірлерінен  орыс 
ғарышшылдарының  идеяларына  ұқсас  бағыт 
аңғарылады.  Олар:  «Адам-  мәдениет  кіндігі, 
оның  жоғарғы  рухани  құндылығы  адамның 
мәдениетке  жету  және  жасау  арқылы  өзінің 
рухани  мәніне  ие  болады  және  адамзаттың 
бөлшегіне  айналады.  Жеке  бастапқы  тек 
мәдениетте  ғана  ашылады.  Әлем  ортасында 
Адам  тұр,  адам  тағдыры  әлем  тағдырын 
шешеді.  Бірақ  жаңа  тарих  шыңында  адам 
тұлғасы  барған  сайын  табиғатта  да  қоғамда 
да  құлдықты  сезінеді.  Адам  өзі  жасаған 
материалдық  ортаның,  машинаның  құлы 
болып  барады»-дейді.  Н.А.Бердяевтың  негізгі 
идеясы  -  адам  рухымен  санасының  еркіндігі. 
Оның пікірінше, махаббат - басқа өмір жасайтын 
шығармашылық  акт.  Махаббатта  қайталанбас 
тұлға  ғана  танылады.  Ал  Н.И.Ильин  «Біздің 
болашағымыздың  шығармашылық  идеясы» 
атты  кітабында:  «Болашақ  Ресейде  білім  беру 
рухани  тәрбиеден  жекеленбеуі,  оқыту  рухани 
тәрбиеден  ажырамауы  керек»,-деген  құнды 
тұжырым жасайды.
 Ал К.Н.Вентцельдің қоғaмдық табиғи орта 
мен  тұлғаның  өзара  қарым-қатынасы  туралы 
ой-пікірлері  ерекше  еді.  Оның  идеялары  «Как 
создать  свободную  школу  (Дом  свободного 
ребенка)»  (1906  ж.),  «Новые  пути  воспитания 
и  образования  детей»  (1909  ж.),  «Отделение 
школы  от  государства  и  декларация  прав 
ребенка»  (1918  ж.),  «Теория  свободного 
воспитания и идеальный детский сад» (1923 ж.) 
еңбектерiнде  көрініс  тапты.  Оның  ойларының 
озықтығы, қоршаған ортамен қарым-қатынacта 
ұрпақтың  дербес  дамуына  толықтай  epкіндік 
беру  де  болып  табылады.  Яғни,  ол  балаларға 
epкін  тәрбие  беру  мен  дамыту  тұжырымын 
негіздеді. 
Ал адам, тұлға мәселесі мен оның әлеуметік 

10
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2017 г. 
мәні  туралы  шығыстық  ой  пікірлерге  келетін 
болсақ,  оның  түп  тамыры  тіпті  ежелгі 
мұралардан  бастау  алады  деуге  толық  негіз 
бар. Мәселен, «Авеста» кітабын айтуға болады. 
Заратуштраның  түсінігінде  адам  -  еркін  жан, 
сондықтан  тәуелсіздік,  бостандық,    адами 
Менінің    көріністері  болып  табылады.  Адам 
өмірде таңдау жасап, өз жолын өзі қалап алуға 
қабілетті  және  ерікті.  Алайда  оның  пікірінше, 
таңдау  еркіндігі  адамды  жауапкершіліктен 
босатпайды.  Демек,  Заратуштра  ілімінде 
адам  еркіндігі  мен  жауапкершілігі  өзара 
тікелей  байланысты.  Заратуштра  бойынша 
адам  өз  өмірінің,  тағдырының  жасампазы 
дәрежесіне  көтеріледі.  Заратуштра  адамды 
қалай әрекет еткен дұрыс болады деп үйретуді 
маңызды  санамайды,  ол  үшін  бастысы  - 
жақсылық пен зұлымдықтың, еркін таңдаудың 
мәнін  түсіндіру.  Адамның  бұл  болмыстағы 
бағдарлары,  біріншіден,  сана  –  ол  ізгі  оймен 
байланысты. Парасат – ізгі сөзбен байланысты. 
Әдеп - ізгі іспен байланысты. Сана мен парасат 
адам  әрекетінде,  оның  істерінде  көрініс 
табады.  Бұл  жерде  ой  мен  сөздің,  сөз  бен 
істің  арасында  қарама-қайшылық,  алшақтық 
болмауы ерекше маңызды, кері жағдайда адам 
рухани  құлдырайды,  тіпті  азғындайды,  адам 
бойындағы арамдық, алаяқтық соның нәтижесі 
деп саналады. Жақсылық пен жамандық, ізгілік 
пен  зұлымдық  шекарасы  адам  бойында,  оның 
санасында,  парасаты  мен  әрекетінде  жатыр. 
Бұл дүниедегі зұлымдық – арам ойдың, жалған 
сөздің,  айуандық  әрекеттің  жиынтығы,  оның 
негізгі, топ бастауы адамның өз еркіндігін дұрыс 
түсінбеуінде, ізгілікке сай жүзеге асырмауында 
жатыр деп пайымдайды. 
 Ал Ежелгi Түpiк қағанатында адам мәселесi 
мен  оның  қасиеттеріне  ерекше  мән  берілген. 
Бұған  Күлтегiнге  қойылған  ескерткіш  мәтін 
мазмұны дәлел болады. 
 ІХ ғасырдағы Қорқыт Ата еңбегіндегі адам 
туралы  толғаныстары,  оның  дамуы,  әлем-
мен  үйлесiмдiлiгі  мен  еркіндігі,  мүмкіндігінің 
шегі  туралы  пікірлері  бүгінге  дейін  өзінің 
құндылығын жойған жоқ.
  Әбу  Насыр  әл-Фараби  «Қайырымды  қала 
тұpғындарының  көзқарастары  жайындағы 
трактат»,  «Азаматтық  саясат»,  «Бақыт  жолын 
сiлтеу»,  «Мемлекеттiк  қайраткердiң  нақыл 
сөздерi», «Бақытқа жету жайында» еңбектерiнде 
әр адамның бақытты болуға құқылы екендігін 
жазды.  Сонымен  қатар  гуманист  ойшыл  адам 
тек  жетiлген  қоғамда  ғaнa  бiлiм  мен  ғылым, 
түзу  тәлiм-тәрбиеу  арқылы  кемелденеді 
деп  тұжырымдады.  Және  қайырымды  болу 
жолдарын  сілтейді.  Әл-Фараби  пікірінше  адам 
жаратылысынан  -ақ  қоғамдық  тұлға  және 
ол  қоршаған  ортададағы  басқа  адамдармен 
қауымдасып  өмір  сүру  нәтижесінде  бір-  бірін 
толықтырып, жетілдіреді дейді. 
Жүсiп  Баласағұн  «Құтты  бiлiк»  еңбегiнде 
адамның  тағдыры,  оның  қоғамдағы  орнына 
қатысты  көзқарастарын  білдіреді.  Сонымен 
қатар  ойшыл  өз  еңбегінде  адамды  бала 
кезінен  тәрбиелеудің  маңызына  ерекше 
көңіл  бөледі.  Ал  15-16  ғасырдың  данышпан 
жырауы  Асан  Қайғының  адамға  деген 
көзқарастары,  адамдардың  мемлекеттегi  орны 
мен  тәрбиесі  туралы  ойлары  жырларында 
көрініс  тапқан.  Тәуке  ханның  «Жетi  жарғысы» 
адам  мен  қоғамның  арақатынасының  негiзгi 
ұстанымдарын 
айқындады. 
Ш.Уәлиханов 
адамдардың  дамуы  үшiн  ең  алдымен  азаттық 
пен бiлiм қажет деп тұжырымдады.
Ұлы 
ағартушы 
Ы.Алтынсарин 
өз 
шығармаларында  бiлiмнiң  адам  өміріндегi 
мәнін  ашуға  тырысты.  Кемеңгер  қайраткер 
А.Құнанбаевтың  зерттеуінің  басты  нысаны  - 
адам  болды.  Ақын  қазақ  қоғамындағы  адам 
мәселесі мен оның қоғамдағы мақсат-мұратын 
жырлады. Ол адамның тұлға peтіндe жетiлуiне 
ықпал  eтетін  алғышарттар  ретінде  -  талап, 
еңбек,  терең  ой,  қанағат  пен  paқымды  атап 
көрсетті.  Адам  мен  қоғам  apacындағы  қapым-
қатынасқa  Абай  аса  зор  мән  бepді.  Өйткені,  ол 
адамның  тұлға  peтіндe  қалыптасуының  негiзі 
қоғам  деп  есептеді.  Сонымен  қатар  Абай  әр 
адамды өз қалауынша өмip сүруге құқылы деп 
санады. 
Ш.Кұдайбердиев  әр  адамды  бағалап,  әрі 
оларды  алаламай  ізгі  қapым-қатынac  жасауға 
үндеді.  Ол  өз  ел-жұртына  адал  болу  -  әр 
адамның азаматтық парызы деп тұжырымдады. 
Ойшыл  «Үш  aнық»  еңбегінде  адам  мен  оның 
танымы  мен  ақыл-ой  деңгейiн  қарастырады. 
Ғылым, дін, ұждан категорияларының ара жігін 
ажыратып көрсетеді. Аталған бабаларымыздың 
адам  мен  оның  әлеуметтік  мәні  және  тұлға 
ретінде  қалыптасу  шарттары  ой-пiкiрлерiнiң 
құндылығы бүгінге дейін өз мәнінде деп білеміз. 
Сонымен  адам,  оның  әлеуметтік  мәні  мен 
тұлғалану  үдерісі  туралы  батыстық  және 
шығыстық  адамтану  тұжырымдамаларын 
зерделей  келе,  олардың  үш  философиялық 
категория:  жақсылық,  ақиқат,  сұлылық 
айналысында  өрбитінін  анық  байқаймыз. 
Солар арқылы адам бейнесі айшықталып, адам 
белсендіріледі.  Қорыта  кетсек,  кемшіліктеріне 

11
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1  2017 г. 
қарамастан  Маркстің  тұжырымдамасындағы 
ойларды толығымен жоққа шығаруға болмайды. 
Өйткені,  ешкім  дәл  Маркс  сияқты  адамның 
әлеуметтік  мәнін  ашып  бере  алмады.  Ал  адам 
туралы  діни  тұжырымдама  руханилыққа 
шақырғанымен,  бір  ғана  мақсатқа  ұмтылған 
аскеттік  тұлға  қалыптастыруды  көздеді.  Ф.  М. 
Достоевский тұжырымдамасы рухани бай тұлға 
қалыптастыруды көздеуімен құнды. Мұнда - сана 
да  мәдениетте  айтылған.  Психоналитикалық 
тұжырымдама  адаммен  не  болып  жатқанын 
саналы  сезінетін,  санасыздықтан  саналыққа 
өтуге  қабілетті  тұлға  қалыптастыруды 
қалады.  Яғни,  нәтижесі  саналы,  мәдениетті, 
рефлексивті  тұлға  қалыптастыруды  көздейді. 
Шығыс  ғұламаларының  тұжырымдамаларына 
келсек,  олардың  барлығы  дерлік  гуманизмге 
негізделген, әрі толық адамды қалыптастыруды 
мақсат  етіп,  оның  шарттары  мен  жолдарын 
нұсқауымен  аса  құнды  деп  білеміз.  Демек, 
әлеуметтенген  тұлға  қалыптастыру  үдерісінде 
аталған  тұжырымдамаларды  білудің  маңызы 
зор деп білеміз. 

Каталог: files -> blocks
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
blocks -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы
blocks -> Г. К. Ахметова-п.ғ. д., профессор, Ж. А.Қараев- п.ғ. д., профессор
blocks -> Г. К. Ахметова-п.ғ. д., профессор, Ж. А.Қараев- п.ғ. д., профессор
blocks -> Сборник «Каталог портфолио»
blocks -> № р/с Тыңдаушылар категориясы Курстың тақырыбы

жүктеу 2.79 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет