Issn 2224-5294 Қазақстан республикасы ұлттық Ғылым академиясының Х а б а р л а р ы известия


Ала ад-дин Əли ибн Ахмед ибн Мұхаммед ас-Сайрами



жүктеу 5.08 Kb.
Pdf просмотр
бет2/44
Дата10.09.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

Ала ад-дин Əли ибн Ахмед ибн Мұхаммед ас-Сайрами. Бадр ад-дин əл-Айни (1361-1451) 
“Иқд əл-Джуман” атты еңбегінде Ала ад-дин (Əли ибн Ахмед ибн Мұхаммед) ас-Сайрами жайлы: 
“[һижраның] 788 жылының 3 раджабында – 1386 жылдың 31 шілдесінде  ас-Сұлтан  əл-Малик  аз-
Захир Барқұқ [Каирдегі] екі сарай арасындағы ғимарат құрлысын бітірді. Сұлтан оған сол жылдың 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 1. 2015  
 
 

12  раджабында  бейсенбіде  зиярат  етті.  Онда  оған  қант  пен  лимон  шырыны  толтырылған  үлкен 
шыныаяқ берілді.  
Ол əлігі ғимаратқа (төрт) мазһаб үшін де, мұдаррис пен шейх аш-шуйух лауазымына лайық əл-
имам əл-алим əл-аллама Ала ад-дин Əли Сайрамиді тағайындау үшін де келді. Ала ад-дин сондай-
ақ Ханафи мударрисі лауазымын да алды. Сол күні шейх хұтба оқыды, ол онда өлеңмен сұлтан аз-
Захир  Əбу  Саид  Барқұқты (1382-1398) Құраннан  көп  дəйектеме  келтіре  отырып  мадақтады,  бата 
берді. 
Бұл  жиында  əмірлер,  қазылар,  ғұламалар  арасында  маңызды  кісілер  де  болды.  Шейхқа  сол 
күні  сұлтан  тарапынан  оған  дейін  ешкім  лайық  болмаған  көңіл  аударылды.  Сұлтан  оның  жайна-
мазын өзі тазалады, оған киімдер мен қашыр сыйлады. 
Мұнда  шейх  аш-шуйух  жəне  ханафи  шейхы  ретінде  бірінші  болып  Ала  ад-дин  ас-Сайрами 
жəне əл-хадис шейхы болған Маулана зада ас-Сайрами қызмет етті. Сонан соң аталмыш шейх Ала 
ад-дин  медресе  біткенше  əл-Құдыс  аш-шарифке  [Иерусалимге]  барып  келуге  сұлтаннан  рұхсат 
сұрады. Сұлтан оған рұхсат берді. 
Ол  əл-Құдсқа  жеткенде  мен  де  қажылық  жасау  үшін  сонда  бардым.  Мен  [Умар]  Шукри,  ол 
шейх  туралы  естігенмін,  бірақ  оны  көрмеген  едім. [Сол  себепті]  мен  онымен  кездесуге  ынтық 
болдым. 
Кездескен  соң  оның  ғылымды  жақсы  білетін,  таңдаулы  кісі  екеніне  көзім  жетті.  Кездесу 
кезінде  ол  маған  өзімен  бірге  Мысырға  барып,  оның  қызметінде  болу  жайлы  ұсыныс  жасалды. 
Бірақ  олай  ету  менің  жоспарымда  жоқ  болатын.  Қажылық  жасаған  соң  отаныма  қайтқым  келді. 
Бірақ  ол,  бұлай  ету  [үлкен  кісілер]  үшін  керек  деді.  Соңыра  бірақ  мен  отанымды  жəне  жа-
қындарымды  да  қалдыруға  шешім  қабылдадым.  Сөйтіп  онымен  Египетке  аттандым.  Біз  Құдыста   
10 күн болған соң, ұзамай Египетке келдік. Ол əлігі медресені тауып алды да, сонда жайғасты. Мен 
басқа жерге орналастым. 
[Һижраның] 788 жылының 1 рамаданында – 1386 жылдың 29 қыркүйегінде ол маған хадим əл-
худдам (қызметшілікті) ұсынды. Ол жұмыс маған лайық емес дедім. Ол бұл қызмет (оған) лайықты 
кісілер үшін [қажет] деді. (Ал) ол қызмет жеке мен үшін (лəзім). [Өйткені] Сен менің орынбасарым 
(наибымсың),  медреседе  менің  атымнан  хадиске  қатысты  барлық  пəндер  бойынша  сабақ  бересің 
деген  соң  осы  шартқа  мен  келістім.  Өйткені  онымен  қызметтестіктен  көп  пайда  көрдім.  Шейх 
қайтыс болғанға дейін міндетімді атқардым. Сонан соң кетейін деп едім, бірақ Шеркес əл-Халили 
уақытша бұрынғы қызметімде қалдырды,” дейді.  
Бадр  ад-дин  əл-Айнидің  “Иқ  əл-джуманын”  һижраның  [һижраның] 784-801 жылдар  оқиға-
сымен баяндауды əрі қарай жалғастырған Иман Умар Шукри “790/1388 жылы қайтыс болғандар” 
деген тарауында:  
“Біздің  шейхымыз  əл-Мадраса  аз-Захирийа  əл-Барқуқияның  шейх  аш-шуйухы  Из-ад-дин  ас-
Сайрами Ала ад-дин Əбу-л Ала Ахмед ибн Мұхаммед ас-Сайрами əл-Ханафи қайтыс болды. 
Ол  əл-фиқһ  жəне  əл-усул  бойынша  илм  əл-мағани  уа-л  баянның  ерекше  білгірі  болатын.  Ол 
ұлы  шейхтарды  тікелей  танитын.  Герат,  Хорезм,  Сарай,  Қырым,  Тебриз,  Мысыр  қалаларында 
пəтуа шығарып, сабақ берді,” – дейді. 
Умар  Шукри  əрі  қарай  Ала  ад-дин  ас-Сайрамидің  шығыс  уалаяттарынан  (Сайрам  жақтан) 
келгенін  айта  отырып,  оның  біраз  уақыт  Мардинде  тұрғанын,  сонан  кейін  Шамға  (Дамаскіге) 
қоныс аударғанын, одан Халабқа орныққанын, Халабтан оны Сұлтан əл-Малик аз-Захир Əбу Саид 
Барқұқтың  Египетке  сарайлар  арасына  салынған  медресеге  шақырып  шейх  аш-шуйух  қызметіне 
тағайындағанын, содан оның дүниеден өткенше қызмет еткен деп еске алады. 
Умар  Шукри  сондай-ақ  оның  Каирде  [һижраның] 790 жылының  жұмада  əл-аууал  айының           
3-де – 1388 жылдың 10 мамырында 70-тен өте қайтыс болғанына тоқталған. Оған жаназа намазы 
Каирдегі  ан-Наср  қақпасының  сыртында  оқылыпты.  Намазды  сұлтанның  наибы  Судун  аш-
Шайхуни оқыған. Ала ад-дин ас-Сайрами сонымен Қубба ан-Наср жолындағы Йунус ад-Дауад-ар 
зиратында жерленген,” деп еске алады. 
Ол  дүниеден  өткен  соң  оның  лауазымын  інісі  аш-шейх  Сайф  ад-дин  ас-Сайрами (?-?) 
атқарады. Ол бұдан бұрын біраз уақыт Тебризде тұрса керек. (Табризді) Ақсақ Темір қиратқан соң, 
ол қаланы талақ тастап, жанұясымен Халабқа (Сирияға) келген. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
10  
“Мен  одан  “əл-һидайаның”  үлкен  бөлігін, “əл-Кашшафтың”  бас  жағын,  Сағад  ат-Тафтазани-
дың  “Шарх  ат-танкихын” “Баб  əл-қийас”  бөліміне  дейін,  сондай-ақ  оның  “Шарх  ат-талхисын” 
тыңдадым. 
Медреседе  мен онымен алғашқы күннен ол қайтыс болғанға дейін бірге болдым. Бұл хрони-
каны көшірген – Египетке бауыры шейх Бадр ад-дин Махмудқа келген (катиб) Ахмед ибн Ахмед 
ибн Мұса əл-Айнтаби. 
Оның  орнына  бұл  лауазымға  шейх  Сайф  ад-дин  ас-Сайрами  ие  болды.  Ол  оған  дейін  біраз 
уақыт  Тебризде  тұрған  еді.  Ақсақ  Темір  (Тимур  Ланг)  шаһарды  құлатқан  соң,  ол  қаланы  тастап, 
жанұясымен Халабқа келді. 
–  Əл-Маула  əл-Фадил  əл-аллама  уа-л  ұстаз  əл-камил  əл-фаһһама  шейх  əл-ислам  Ала  ад-дин 
Əли  ас-Сайрами.  Ол  жайлы  деректі  Қырымдағы  Кафа, (Кепе – қазіргі  Феодосия)  қаласының 
тумасы  Махмұд  ибн  Сүлеймен  əл-Кафауидің (?-1582/1583) “Катаиб  аълам  əл-ахйар  мин  фукаха 
мазһаб ан-Нуғман əл-мұхтар” еңбегінен көрдік. Ол Ала ад-дин білім алған деп бірқатар Орта Азия-
ның  көрнекті  ғылымдарын  атаған.  Солардың  ішінде  əуелі  ас-саййд  Джалал  ад-дин  əл-Гурланиді 
ауызға алады. Гурлани шейх əл-имам Хұсам ад-дин ас-Сығнақиден, ол шейх əл-имам Ала ад-дин 
Абд  əл-Азиз  əл-Бұхариден,  ол  “Кашфтың”  авторынан  [Əбу-л  Қасым  Замахшариден],  ал  ол  шейх 
əл-кабир Хафиз ад-дил əл-Кабир əл-Бұхари Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Насрдан, ол шейх имам 
Шамс əл-аимма Мұхаммед ибн Абд ас-Саттар əл-Кердериден, ал “Əл-һидаяның” авторы шейху-л 
ислам  Бұрһан  ад-дин  (ибн)  Əбу  Бакр  əл-Фарғаниден  дəріс  алған.  Оның  “əл-Һидаясынан”  имам, 
ұстаз  Ибн  əл-Каттани  оқыған.  Ол  туралы  ибн  əл-һумам  “Фатх  əл-қадир  шарх  əл-һидаяда”  былай 
деген: “Мен “əл-һидаяны” əл-һидаяның қариы деген атпен белгілі мырзам, шейх əл-имам Сирадж 
ад-дин Умар əл-Каттаниден, ол ұлық шейхтардың бірі Ала ад-дин ас-Сайрамиден, ол өзінің шейхы, 
осы кітаптың түсіндірушісі Саййд ас-Сайрами, сондай-ақ əл-аллама Уаджиһ ад-дин ад-Дили жəне 
əл-аллама  аз-захид  əл-кабир  Шамс  ад-дин  əл-Хатиб  ад-Дилиден  оқыдым.  Алла  оған  рахым  етсін, 
ол [һижраның] 790//1388 жылы қайтыс болды”, – дейді.  
Тақи  ад-дин  Абд  əл-Қадир  ат-Тамими  ад-Дари  əл-Газзи  əл-Мисри (?-1546-1547)  Ахмед  ибн 
Мұхаммед  Ала  ад-дин  ас-Сайрами  туралы  "Ол  отанында  [Сайрамда]  білім  алды,  сонда  фиқһ, 
методология, əл-мағани, əл-байан бойынша бір топ ғалымдардан кемеліне келгенше тағлым алды. 
Ол  бірнеше  қалаларда  дəріс  берді:  Маридинге  келіп,  біраз  сонда  күн  кешті.  Сонан  соң  Халабқа 
барып,  сонда  тұрды.  Аз-Захир  Барқұқ  [екі]  сарай  арасына  медресесін  салған  кезде,  оны  өзіне 
шақырды.  Ол  [һижраның] 788/138-1387 жылы  [Каирге]  келді  де  сонда  софы  шейхы,  ханафи 
мұдаррисі болып тағайындалды. Бұл [һижраның] сол жылы раджаб айының 12-де – 1386 жылдың      
9  тамызында  болған  еді.  Сонда  ол  өзінің  Жаратушысының: “Айт,  О  Алла  патшалық  иесі”  деген 
сөзін  айтты.  Сонан  соң  “əл-Һидайа”  жəне  өзге  де  кітаптар  бойынша  фиқһ  пен  методологиядан 
сабақ берді.  
Ибн Хаджар (əл-Асқалани – 1372-1449): “Біздің шейхымыз Изз ад-дин ибн Джамал оны сурет-
теудегі түсініктілігі мен кемелділігі үшін көтермелеп, жоғары бағалады. Ол одан өзге кітаптардан 
таба алмаған жайттерді тапқанын айтты” деген. 
Ол əрқашан діндар, құдайдан қорқатын, көпшіл, кішіпейіл, өзіне-өзі риза емес, Жаратушының 
алдында  өзін  пақыр  санағаны  сонша,  тіпті  астмамен  ауырып  қалды.  Сол  аурудан  ол  [һижраның] 
745 жылының джұмада əл-ула айының 3-де – 1393 жылдың 17 наурызында дүние салды. Алла оған 
рахым етсін” деп жазған.  
– Ала ад-дин (Ахмед ибн Мұхаммед) ас-Сайрами əл-Ханафи туралы “Зайл əл-джауаһир əл-
мудийасында”  ибн  Тулун (?-1546) да  жазған.  Ол  “Ахмад  ибн  Мұхаммед  ас-Сайрами  əл-Ханафи, 
Ала ад-дин Сарай, Қырым, Хорезм, Герат, Табриз, Каирде жəне басқа да қалаларда пəтуа шығарды. 
Ол жəне інісі Сайф ад-дин ас-Сайрами Сайрам қаласында туылған” дейді.  
2. Низам [ад-дин] ас-Сайрами (?-1430) жайлы деректі ортағасырлық оқымысты Зайн ад-дин 
Əбу-л Фадл əл-Қасым ибн Құтлубұға ас-Судуни əл-Джамали əл-Мисри əл-Ханафидің (1399-1474) 
атақты “Тадж ат-тараджим” атты еңбегінен кездестірдік. Фиқһ бойынша дəріс алған ұстаздарының 
бірі ретінде ол Низам [ад-дин] ас-Сайрамиді атаған. Низам [ад-дин] ас-Сайрамиден ибн Құтлұбұға 
орта  ғасырлық  үлкен  ғалым  Бұрһан  ад-дин  əл-Марғинанидің (?-1197) “Китаб  əл-Һидайа”  атты 
еңбегінің бір бөлігін жəне ат-Тафтазанидің (?-1390) “əл-Мутаууал” атты шығармасын тыңдапты.  
 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 1. 2015  
 
 
11 
Ахмед ибн Мұхаммед ас-Сайрами 
(? – ?) 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ала ад-дин (Əли ибн Ахмед ибн 
Мұхаммед ас-Сайрами əл-Ханафи  
(?-1388) 
 
Сайф ад-дин ас-Сайрами  
(Йахия ибн аш-шейх)  
(?-?) 
 
 
*Низам ад-дин Йахия ибн Аш-шейх Сайф 
ад-дин (Йусуф ибн Мұхаммад ибн Иса) 
ас-Сайрами (?-1430) 
 
 
Адуд ад-дин Абд ар-Рахман ибн  
Йахия ибн Саиф ад-дин ас-Сайрами 
(1314 – 1475-1476) 
 
*Ортағасырлық тарихшылар Низам ад-динді бірде Ала ад-диннің, енді бірде оның інісі Сайф ад-диннің 
баласы деп көрсеткен – Ə.Д
 
– Бадр ад-дин əл-Айни “Иқд əл-джуманда” “Низам  [ад-дин]  Йахия  ибн  аш-шейх  Сайф  ад-
дин  (Йусуф  ибн  Мұхаммед  ибн  Иса)  ас-Сайрами Каирдегі əл-Мадраса əл-Барқуқияның шейхы 
болған.  Ол  джумада  ас-сани  айының 17-де (1430 жылдың 13 наурызында)  қайтыс  болды.  Оның 
жаназа намазы [Каирдегі] ан-Наср қақпасы маңында оқылды. Ол Каирге əкесімен бірге келген еді. 
Ал оны əкесі Ала ад-дин ас-Сайрамимен бірге сұлтан Барқұқ шақырған. Ол кезде ол жас болатын. 
[Һижраның] 810 жылының раби əл-аууал айында (1407 жылдың тамыз-қыркүйегінде) əкесі қайтыс 
болған  соң,  ол  əкесінің  орнына  медресеге  [басшы]  болып  тағайындалды.  Ол  дүниеден  өткен  соң 
біліміне  қарап  емес,  аш-шауқа  (кейбір  кісілердің  қалауы)  бойынша,  орнына  баласы  Адуд  ад-дин 
Абд ар-Рахман тағайындалды”, - деп жазған.  
–  Абд  ар-Раззақ  Қармұт  былай  дейді: “Медресе  əл-Барқұқияның  шейхы  Низам  ад-дин            
Йахия  ибн  аш-шейх  Сайф  ад-дин  (Йусуф  ибн  Мұхаммед  ибн  Иса)  ас-Сайрами  [һижраның]  
833-1429-1430  жылы  қайтыс  болды.  Жұмада  ас-сани  айының 17-де  сейсенбіде – 1430 жылдың              
13 наурызынан ол дүниеден өткеннен кейін [Каир] сыртындағы ан-Наср қақпасы маңында жаназа 
намазы оқылды. Каирге ол əкесі Ала ад-дин ас-Сайрамимен бірге келген. Əкесін Сұлтан Барқұқ өз 
медресесіне  шақырған  еді.  Ол  онда  жас  еді. [Һижраның] 810 жылының  раби  əл-аууалында  –              
1407 жылдың тамыз-қыркүйегінде əкесі қайтыс болды. Əкесінің орнына ол тағайындалды. Низам 
ад-дин  қайтыс  болған  соң  оның  орнына  баласы  Адуд  ад-дин  Абд  ар-Рахман  ие  болды.  Бұл  оның 
білімінің емес, соны қалаушылар арқасында болған еді.  
3.  Абд  ар-Рахман  ибн  Йахия  ибн  Йуcуф  ибн  Мұхаммед  ибн  Иса  шейх  аш-шуйух  Адуд            
ад-дин ибн шейх аш-шуйух əл-аллама Сайф ад-дин ас-Сайрами əл-Ханафи (1314-1475-1476). 
Ол  жайлы  деректі  Таки  ад-дин  əл-Газзи  ат-Тамимидің  “Ат-Табақат  ас-санийа  фи  тараджим  əл-
ханафийа”  атты  еңбегінен  оқимыз.  Ол  Абд  ар-Рахман  жайлы  деректе  əуелі  оның  қайтыс  болған 
мерзімі  деп  һижраның 880//1475-1476 жылын  көрсеткен.  Бұл  мерзімді  ол  Джалал  ад-дин  ас-
Суйутидің (1445-1505) “Ағйан əл-аъйан” деген шығармасынан кездестірген. 
Абд  ар-Рахман  туралы  мағлұмат  сондай-ақ  Ибн  Тулунның (?-1546) “əл-Гураф  əл-алайа  фи 
тараджим  мута’аххири  əл-ханафийасында”  да  бар.  Ибн  Тулун  Абд  ар-Рахманды  “һижраның               

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
12  
713  жылы  шаууал  айының  басында 1314 жылдың  қаңтарында  туылған”  дейді  де  фиқһ  бойынша 
əкесі əл-аллама Əбу-л Аббас Таки ад-дин Ахмед аш-Шумунниден (1399-1468) дəріс алды. Қасиетті 
Құранды  жаттап  алды.  Ғылыммен  айналысып,  əкесі  дүние  салған  соң  жоғарыда  аталған 
шейхтардан оқыды. Медреседе жүріп сабақтарға деген құштарлығы оянды, фиқһ, методолгия, араб 
тіліндегі  пəндер,  əл-мағани,  əл-байан  бойынша  кемелділікке  жетті.  Зеректігі,  таланттылығы, 
керемет  жады,  ептілігі,  ақылы,  көңілділігінің  арқасында  ол  көптеген  ғылым  іздеушілерге 
(студенттерге)  пайда  келтірді.  Ол  діншіл  де  тақуа,  құдайдан  қорқатын,  өте  керек  кезде  болмаса 
билік  басындағылармен  сирек  кездесті.  Ол  ханафит  ғылымдар  арасында  атақтылардың  бірі  еді. 
Жылдар  бойы  пəтуа  берді,  одан  көптеген  ұлы  ғұламалар  дəріс  алды.  Жоғарыда  көрсетілген 
мерзімде кенеттен қайтыс болды” деп жазады.  
 
 
 
Эскуриал (Испания) кітапханасындағы Йахия бин Йусуф ас-Сайрамидің трактаты 
 
4. Маулана зада ас-Сайрами жайлы деректер жоқтың қасы деуге болады. Ол туралы Бадр ад-
дин  əл-Айнидің  “Иқд  əл-джуманында”  ғана  бірер  жол  бар.  Онда  Бадр  ад-дин  əл-Айни  Маулана 
Заде ас-Сайрамиді (XIV ғ.) тек атап қана кеткен. Кейбір деректерге қарағанда ол хадис саласының 
білгірі болған. [История Казахстана в арабских источниках III том. Алматы, 2006], [126-132, 145, 
165-168, 179-180 беттер]. 
Ала ад-дин ас-Сайрами, Йахия ибн Йусуф ас-Сайрами жəне Адуд ад-дин ас-Сайрами де 
ислами əдебиеттерде аталады. Мысалы Ала ад-дин Садуд ад-дин Масуд бин Умар бин Абдулла əл-
Ханафи  ат-Тафтазанидің (1322-1390) шəкірттерінің  бірі  болса,  Йахия  бин  Йусуфтан  Əбу-л  Аббас 
Таки  ад-дин  Ахмед  бин  Мұхаммед  бин  Мұхаммед  Хасан  бин  Əли  бин  Йахия  əл-Қүстантини  аш-
Шумунни əл-Қаһири əл-Мисри (1399-1468) ілім алған, Адуд ад-дин ас-Сайрами Əбу-л Йуср Бадр 
ад-дин  Мұхаммед  бин  Мұхаммед  бин  Мұхаммед  бин  Халил  (əл-Гарс)  əл-Қаһири  əл-Мисриден 
(1429-1489) тағлым үйренген. 
Бадр  ад-дин  əл-Айни,  Тақи  ад-дин  Абд  əл-Қадыр  əл-Мысри,  Ибн  Тулун,  Ибн  Кұтлубұға, 
Махмуд ибн Сүлеймен əл-Кафауи секілді араб пен түріктердің білгір де білікті, көрнекті тарихшы, 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 1. 2015  
 
 
13 
шежірешілері қазақ елінің ежелгі қаласы Сайрамнан шыққан Сайрамилер мен олардың ұлдарын да 
жоғары бағалап, көтере сыпаттай еске алуы тектен тек емес. 
Бадр  ад-дин  Ала  ад-дин  Сайрамиді  Мыср  сұлтаны  Барқұқтың  өзі  салған  медресесінің  шай-
қылар шайқы, мұдаррис етуге басқа-басқа емес, тек соларды таңдауы, оларды фиқһ пен усул жəне 
пəтуа һəм өзге де ғылым түрлері бойынша үздік деп тануы көп жайдан хабар береді. Тіпті Ала ад-
дин қайтыс болғанда оның жаназасын сұлтан орынбасарының оқуы ше? Ала ад-дин қайтыс болған 
соң оның орнына інісі Сайф ад-диннің тағайындалуы да жайдан жай емес. Яғни Ала ад-диннің інісі 
де  ілім, білімі  жағынан  ағасынан кем болмаған. Сайф ад-дин атақты Əбу-л Қасым аз-Замахшари, 
Сағад ат-Тафтазани секілді ұлағатты ілімгерлердің шығармаларын басқалардан гөрі жақсы білген. 
Араб қаламгерлері Орта Азиялық тарихшы, ірі ғалымдар Джалал ад-дин Гурлани, Сыр бойы-
ның  шынары  Хұсам  ад-дин  Сығнақи,  Бұхаралық  Хафиз  ад-дин  əл-Бұхари,  имамдар  шамшырағы 
деп танылған Мұхаммед Абд ас-Саттар əл-Кердери жəне т.б. атай отырып, осы тізімнің бас жағына 
Ала ад-дин ас-Сайрамиді бостан-босқа қоймаған. 
Сайрами  бабаларымыздың  ізбасарлары  Низам  ад-дин  ас-Сайрами  мен  оның  баласы  Абд  ар-
Рахман  (Адуд  ад-дин)  ас-Сайрамилер  де  ата,  əкелеріне  тартып,  білімді,  парасатты  азаматтар 
болған. 
Ала  ад-дин  ас-Сайрами  жайлы  айтқанда  арабтың  аталмыш  тарихшылары  оған  əл-алим  (ға-
лым),  əл-аллама  (даңқты  ғалым),  мұдаррис  əл-ханафийа  (ханафи  мазһабының  ұстазы),  шейх  əл-
хадис  (хадистің  шейхы  [білгірі],  əл-байан  (сыпаттау),  əл-фиқһ  (мұсылман  заңы),  əл-усул  (ғылым 
негізі)  деген  эпитеттер  беріп,  оларды  сондай  құрметті  эпитеттермен  атауы,  олардың  содан 
құрметтерге лайық болуынан деп ойлаймыз. 
Осыған қарап қазақ жері қалаларының моңғол шапқыншылығынан соң XIV-XV ғасырларда да 
өз  маңызын  жоғалтпаған  деуге  болады.  Осындай  бабалармен  бүгінгі  тəуелсіз  Қазақстанның 
ұландары мақтануы керек.  
Сайрамилер  демекші  орта  ғасырларда  мамлюктер  жəне  ислам  білім,  ғылымы,  мəдениетінің 
орталығы  болған  Каирге 2000-2013 жылдары  халықаралық  діни  конференцияларға  барған  сайын 
жиын  арасында  атақты  əл-Азһар  университеті  маңындағы  ескі  махаллаларды  аралап,  кезінде 
Бейбарыс бабамыз (1217-1277) салдырған мешіт пен медресені, ханакаларды көріп, бабалар ізімен 
талай жүріп едім.  
20 млн-дай халқы бар Каирдың бір ауданы қазір Сұлтан ағзам аз-Заһир Бейбарыс атамыздың 
атымен аталады. 
Бейбарыс медресесін XIII-XIV ғасырларда Тараздық үлкен ғылым Һибатулла ат-Тарази (1272-
1233)  басқарғаны  белгілі.  Сөйтсек  Тарази,  Түркістани,  Иқани,  əл-Фарабилерден  басқа,  мұнда 
Сайрами  атты  бабаларымыз  да  тұрған  екен  жəне  олардың  бəрі  де  халық  пен  биліктің  де  үлкен 
құрметіне бөленген. 
Каирге Əбу Насыр əл-Фараби (870-950) де ат ізін салған деген деректер бар. 
Сайрамилердің  жаназа  намаздарының  Наср  қақпасы  маңында  оқылғандығын  айттым.  Насыр 
қақпасы  қазір  де  бар.  Ол  кездері  қақпа  Каирдың  солтүстік  шеті  болса  керек.  Қазір  қақпаның  ту 
сыртынан даңғыл жол өтуде. Оның арғы беті үлкен зират. Һибатулла бабаның сол зиратта жерлен-
генін білген соң, оны сол жақтан іздегенмін. Сөйтсек онда Сайрами бабалар да жерленген екен. 
Жалпы ортағасырларда Египет пен Шам жұртында өмір сүріп, онда ізгілікті із қалдырған қазақ 
жерінің перзенттері аз емес.  
Бейбарыс (1217-1277) мешітінен  онша  қашық  емес  əл-Худайри  көшесіндегі  ас-Сұргамишия 
медресесіне  бір  кездері  Түркістан  маңындағы  Иқан  селосының  тумасы  Қауам  ад-дин  əл-Итқани 
(Иқани) əл-Фараби ат-Түркістани (1286-1357) де басшылық еткен.  
Сөйтіп Египет пен Шам елі жəне Бағдад пен Басра шаһарларын да ежелгі мəдениет ошақтары 
десек, ол мəдениетте біздің Сайрами, Тарази (1272-1333), əл-Фараби (870-980), Түркістани, Сығна-
қи (1240-1317) Женди бабаларымыздың да қосқан мол үлесі бар.  
Сонымен  Испаниядан  табылған  бабалар  мұрасымен  таныстыру  үшін  Мадридтегі  елшілігі-
міздің 1-хатшысын шақырдым. Ол аталған шығармаларды көзімен көріп, қолымен ұстады. Кітап-
хана директорынан маған олардың көшірмелерін жасап беруді өтінді. 
Ал,  Эскуриал  жəне  Мадридтің  ұлттық  кітапханасында  да  Əбу  Насыр  əл-Фарабидің  “Музы-
каның  үлкен  кітабы”  атты  белгілі  еңбегі  жəне  Отырарлық  тағы  бір  оқымысты  əл-Джауһари  əл-

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
14  
Фарабидің (?-1008) (Əбу Наср Исмайыл бин Хаммад (?-1003)) “Ас-Сихах” (“Тадж əл-лұға уа сихах 
əл-арабийа”) атты араб тілі мəселесіне арналған еңбегінің қолжазбаларын көрдім.  
Бұл екеуінің аталмыш дүниелерін 2013 жылы Стамбұлдағы Сүлеймания кітапханасынан алып 
келгендіктен  жəне  олардың  менде  кітаби  нұсқасы  болғандықтан  көшірмесін  жасатуды  қажет 
етпедім. 
Есесіне Мадридтегі ұлттық кітапханадан Голландия астанасы Амстердамда 1966 жылы жария-
ланған  неміс  шығыстанушысы-арабист,  библиограф  Морис  Штейншнейдердің (1816-1907) “Əл-
Фараби”  атты  монографиясының  көшірмесін  түсіртіп  алдым. (Moritz Steinschneider, Al-Farabi 
`(Alpharabius) des Arabischen Philosophen Leben und Schriften, Amsterdam 1966).  
М.  Штейншнейдер  ортағасырлық  Ибн  Саид  əл-Қифти  мен  Ибн  Əби  Үсайбиғаға  сүйене 
отырып Əбу Насырдың 103 трактаттарының атын атаған. Ол осысымен де құнды. 
Шынында  да,  Испанияның  Андалусия  өлкесінде  ислам  өркениетінің  үлкен  ізі  қалған.  Ол 
жерде  ислам  мəдениетіне  де  қызығушылық,  құштарлық  биік  деңгейде  еді.  Ол  жайлы  академик 
И.Ю.  Крачковский (1883-1950): “Арабтардың  Испанияны  жаулап  алуының  нəтижесінде  араб  тілі 
осы  елдің  дəулеттілер  ортасының  əдеби  тіліне  айналды.  Бұл  ретте  айта  кетер  жайт – Испанияны 
арабтар  алғанға  дейін  дүнияуи  əдебиет  онда  болған  жоқ.  Қолданыстағы  латын  тіліндегі  кітаптар 
тек  діни  сарында  ғана  еді.  Сауаттылық  діни  ортаға  ғана  тиесілі-тін.  Сол  себепті  де  арабтардың 
жаулап  алуынан  кейін 100 жыл  өткенде, IX ғасырда,  Кордова  қаласының  епископы  былай  деп 
жазды: “Менің  діндестерімнің  көпшілігі  арабтардың  өлеңдері  мен  ертегілерін  оларды  жоққа 
шығару  үшін  емес,  керісінше  осы  тілде  дұрыс  та  шебер  сөйлеу  үшін  зерделейді.  Латын  тілінде 
оқып,  қасиетті  жазбаларға  түсіндірме  жасай  алатын  бірер  адамның  өзін  табудың  өзі  қиын  болып 
барады. Олардың арасында “Інжілді”, елшілер мен сахабаларды оқитындар бар ма? Өкінішке орай 
христиан жастарының ішінде талантылығымен көрінгендер тек қана арабтардың тілі мен əдебиетін 
ғана біледі, араб тіліндегі кітаптарға қызыға қарап, зерделегені, өз тілдерін ұмытқаны сонша, латын 
тілінде аз-мұздап досына хат жаза алатындардың жүзден біреуі табылар ма екен? Керісінше араб 
тілінде жоғары деңгейде сөйлей алатындар мен осы тілде əдемі өлең жаза алатындар арабтардың 
өздерінен де көп” деп күйіне айтқанын келтіреді.  
 Арабтар  Испанияға  үлкен  өркениет,  мəдениет  əкелген,  кезінде  испандықтар  ислам  мəде-
ниетіне қатты қызыққан. Арабтар Андалусияға қалалар, қамалдар, ғажайып ғимарттар салып елді 
көркейтті, сонымен қатар, көптеген жазба дүниелер қалдырды. Өкінішке орай испандықтар Анда-
лусияны арабтардан тартып алған соң (1492 ж.) араб тіліндегі 20 мың қолжазбаны өртеді деген де 
жазба дерек бар. Оны испандық оқымыстылардың өздері де жасырмайды.  
Эскуриал  кітапханасынан  “Ислам  энциклопедиясының”  соңғы  басылымын  да  көрдім.  Оның 
толықтырылған  жаңа  нұсқасын  шығару 1977 жылы  басталып, 2007 жылы  аяқталыпты.  Барлығы            
12 том. Кейбір томдар 1000 беттен асады. “Ислам энциклопедиясы” Голландияның Лейден – Брил 
қаласында  əрбір 30 жыл  сайын  ағылшын,  неміс,  француз  тілдерінде  шығып  тұрады.  Ескірді  деп 
есептелген мақалалар жаңа зерттеулермен толықтырылып отырылады. Оған автор ретінде белгілі 
ғалымдар  ғана  тартылады  жəне  басуға  ұсынылар  дүниелер  тың  материалдарға  сүйеніп  жазылуы 
талап  етіледі.  Тексеріс,  сүзілістен  өтпеген  мақалалар  кітапқа  кіргізілмейді.  Энциклопедияның 
бұрынғы  басылымдарында  Қазақстанға  жеке  мақала  берілмейтін.  Бұл  жолы  тəуелсіз  жұртымызға 
жеке мақала арналыпты. Авторы жапон тарихшысы Уяма Томокихо. 
“Ислам  энциклопедиясындағы”  бізді  қызықтырғаны  Фараб  жəне  Отырардан  шыққан  ғалым-
дарға арналған материалдар еді. Энциклопедияда Отырарға (авторы W. Bazthold [B. Spaler]) жəне 
одан шыққан Əбу Насыр Мұхаммед əл-Фарабиге (R. Walzer), Əбу Насыр Исмаиыл бин Хаммад əл-
Фарабиге (L. Kopf), Əбу  Ибраһим  Исхак  бин  Ибраһим  əл-Фарабиге (H. Fleisgh) жəне  Жетісулық 
Жамал  Қаршиге (P. Jaokson), қалалардан  Тараз (G.E. Bosworth), Женд (G.E. Bosworth) секілді 
шаһарларға да жеке-жеке құнды да тың материалдар пайдаланылып жазылған мақалалар беріліпті.  
Айта  кетер  жайт  “Ислам  энциклопедиясы”  кез-келген  ел  кітапханаларында  бола  бермейді. 
Оны алу үшін көлемді шет ел валютасы қажет.  
Испаниядан  Əбу  Насыр  əл-Фарабидің  төмендегі 10 трактаты  екі  Сайрамидің  шығармалары 
мен аталмыш М. Штейншнейдердің (1816-1907) де неміс тіліндегі əл-Фараби атты зерттеуін елге 
жеткіздім: 
1.
 
Китаб тағлиқ исагуджи ала фурфуриус 

ISSN 2224-5
2.
 
Ар
3.
 
Ки
4.
 
Ки
5.
 
Ир
6.
 
Ка
7.
 
Қа
8.
 
Ш
əл-Фараби
9.
 
Ш
10.
 
Ки
11.
 

Хашия əл
12.
 
Ал
13.
 
M
Amsterdam
 
5294                 
рд Əби Наср
итаб əл-ибда
итаб Əби На
ртийа фи Ки
алам ала ауу
аул əби Бакр
Шарх Садр əл
и 
Шарх əл-мақа
итаб əл-мақу
Низам  ад-ди
 –Мутаууал
ла ад-дин ас
oritz Steinsc
m 1996, 268 
                        
р фи китаб Б
а 
аср фи-л қий
итаб ат-тахл
уал китаб əл
р Мұхаммед
л-мақала əл
ала əл-халли
улат 
н]  Йахия  би
л ли-шейх. 
с-Сайрами. А
chneidez. Al-
p. 
                        
Барирминий
йас 
лил 
л-бурһан ли 
д бин Йахия
л-аууал бин 
ис минһу ли
ин  Йусуф  [
Ас-Саккаки
-Farabi (Alp
                       С
 
15 
йас 
Əби Бакр б
я Китаб əл-Б
китаб Иқли
и-Аби Наср а
Сайф  ад-ди
дің “Мифта
harabius) de
Серия общест
ин Йахиа 
Бурһан 
идис ли-Абу
айдан 
ин  əл-Мисри
ах əл-улумы
es Arabischen
твенных и гума
у Наср Мұха
и  əл-Ханафи
ына түсіндірм
n Philosophe
анитарных нау
аммед бин М
и]  ас-Сайра
ме”. 
en Leben und
 
ук. № 1. 2015 
 
Мұхаммед 
ами.  Китаб 
d Schriftin. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
16  
 Ал Испанияның ұлттық кітапханасындағы 627 қолжазба атақты Əбу Əли Ибн Сина (980-1037) 
(поэзиясына) қатысты боп шықты. 
Іссапардың  нəтижелі  болуына  көрсеткен  көмегі  үшін  Қазақстанның  Мароккодағы  төтенше 
жəне  өкілетті  елшісі  Берік  Сақбайұлы  Арынов  пен  Испаниядағы  төтенше  жəне  өкілетті  елшісі 
Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев мырзаларға ризашылық білдірдім келеді. 
Қазақ  жері рухани, мəдени жазба  жəне  материалдық  мұраларға бай  болған. Орта ғасырларда 
еліміздің  əсіресе  оңтүстігінде  Баласағұн,  Тараз,  Шелжі,  Жікіл,  Исфиджаб-əл-Байда-Сайрам,  Ман-
кент, Отырар, Сүткент, Түркістан, Баладж, Сауран, Сығнақ, Қыпшақ, Аркөк, Асанас, Женд секілді 
үлкенді-кішілі шаһарлары, қорғандар мен қамалдары болды. Олар қадери халінше мəдени, ғылыми 
орталық  қызметін  де  атқарды.  Онда  талай  ойшылдар,  кемеңгерлер,  даналар,  ғылымдар  тұрып, 
құнды шығармалар туындатты. Өкінішке орай түрлі жылдар мен ғасырлар, кезеңдерде ол дүниелер 
жан-жаққа шашырап кетті немесе жоғалды. 
Мен  тауып  əкелген,  көрсеткен  жазба  дүниелер  солардың  қаламынан  туған,  солардан  қалған 
немесе солар жайлы жазылған еңбектер. 
Олар  орыс,  қазақ  тілдеріне  аударылып,  зерттелсе  ұлтымыздың  шынайы  тарихын  байытуға 
жəне 2015 жылы  қазақ  мемлекеттілігінің  құрылғанына 550 жыл  толуына  байланысты  жазылар, 
зерттелер  жобаларға  көмегі  тиері  сөзсіз.  Сол  үшін  оларды  ғылыми  айналуға  кіргізе  беру  қажет. 
Сондай-ақ мұндай дүниелер: 
-
 
Қазақстанның ортағасырлық кезеңдеріндегі тарихын жаңа материалдармен байытады.  
-
 
Жоғары  жəне  арнаулы  орта  білім  оқушыларына  арналған  оқулықтар  мен  оқу  құралдарына 
Қазақстанның осындай ортағасырлық ғұламалары мен олардың еңбектерін кіргізе беру қажет. 
-
 
Даланың ортағасырлық ғұламалары мен ойшылдарының шығармаларынан антология құрас-
тыру керек. 
-
 
Олардың шығармаларын  насихаттау жəне  зерттеуге  арналған  халықаралық ғылыми  теория-
лық жəне ғылыми-практикалық конференциялар өткізу лəзім.  
-
 
Магистрлер  мен Phd докторларына  үміткерлер  жазатын  ғылыми  жұмыстар  мен  диссерта-
цияларға олардың өмірі мен шығармашылығына арналған тақырыптар ұсыну керек.  
 
Каталог: journals -> 849
journals -> Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева
journals -> Л-фараби атында ы аза лтты
journals -> Issn 1563-0269 Индекс 75871; 25871
journals -> Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> ҚОҒамдық Ғылымдар мәселесі вопросы общественных наук
journals -> Казахский национальный
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> Казахский национальный
journals -> №4(68)/2012 Серия филология
849 -> Национальной академии наук республики казахстан

жүктеу 5.08 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет