Issn 1728-7847 хабаршы вестник «Психология»



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата14.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


 
Абай атындағы Қазак ҧлттык педагогикалық университеті                     
Казахский национальный педагогический университет имени Абая
  
ISSN 1728-7847 
 
 
 
ХАБАРШЫ 
ВЕСТНИК 
«Психология» сериясы 
Серия Психология» 
 № 3 (40)  
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 
 
 
 


 
 
 
Абай атындағы Қазақ ҧлттық педагогикалық университеті 
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ХАБАРШЫ 
ВЕСТНИК 
 
 
«Психология» сериясы 
Серия «Психология» 
№3(40) 
 
 
 
 
 
 
 
 
А
А
л
л
м
м
а
а
т
т
ы
ы
,
,
 
 
2
2
0
0
1
1
4
4
 
 


 
ХАБАРШЫ.  «Психология»  сериясы.  –  Алматы:  Абай  атындағы 
ҚазҰПУ «Ұлағат» баспасы, 2014. – №3(40). – 108 б. 
ВЕСТНИК.  Серия  «Психология».  –  Алматы:  Издательство 
«Ұлағат» КазНПУ им. Абая, 2014. – №3(40). – 108 с. 
 
 
Главный редактор 
д.психол.н., академик, проф. Ж.И. НАМАЗБАЕВА 
 
Редакционная коллегия: 
магистр психологии А.С. Косшыгулова 
(ответ. секретарь), 
доктор PhD, гонорар-проф. Н.А. Михайлова, 
доктор PhD Н.Л. Нагибина, 
д.психол.н., проф. А.Р. Ерментаева, 
к.психол.н., доцент Ж.К. Ибраимова 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
На  основании  решения  Комитета  по  контролю  в  сфере  образования  и  науки  (приказ 
№433-3 ж от 26 июня 2003 г.) Вестник КазНПУ им. Абая, серия  «Психология» внесен в 
перечень  изданий  для  публикаций  основных  научных  результатов  диссертаций  по 
психологическим наукам. 
 
 
© Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi, 2014 


 
УДК 159.923.2
 
ТҦЛҒАНЫҢ ҦЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
АСПЕКТІЛЕРІ  
 
Ж.Ы. Намазбаева – психол.ғ.д., профессор,  
Абай атындағы ҚазҰПУ Психология ҒЗИ директоры, 
М.С. Ибашова – психология магистрі, Абай атындағы ҚазҰПУ  
Психология ҒЗИ ғылыми жұмыстар жӛніндегі инспектор 
 
Тҥйіндеме 
Мақалада  тұлғаның  ұлттық  сана-сезімінің  аспектілері  қарастырылады.  Қазіргі 
этнопсихология тұрғысынан ұлт, этнос, этникалы топ және тағы да басқа түсініктерге 
анықтама  беріледі.  Осы  мәселенің  Қазақстанда  ғылыми-психологиялық  зертелуінің 
басатауы  кӛрсетілген.  Қазақстанда  этнопсихологиялық  ғылыми  ойдың  негізіні 
салушы М.М. Мұқановтың кейбір идеялары келтірілген.  
Тірек сӛздер: Сана, сана-сезім, ұлттық сана-сезім, этнос, ұлт, этникалық топ, тұлға, 
этнопсихология,  мәдени-психологиялық  қауымдастық,  этникалық  идентификация, 
ұлттық тіл. 
Аннотация 
В  статье  рассматриваются  аспекты  национального  самосознания  личности.  Даны 
определения смежных понятий, таких как нация, этнос, этническая группа и других с 
точки  зрения  современной  этнопсихологии.  Рассмотрены  истоки  развития  научно-
психологических  исследований  этой  проблемы  в  Казахстане.  Представлены 
некоторые  идеи  одного  из  основоположников  казахстанской  этнопсихологической 
научной мысли М.М. Муканова.  
Ключевые  слова:  Сознание,  самосознание,  национальное  сознание,  этнос,  нация, 
этническая  группа,  этнопсихология,  культурно-психологическая  ассоциация, 
этническая идентификация, национальный язык. 
 
Abstract 
This  article  discusses  aspects  of  national  self-consciousness.  The  definitions  of  related 
concepts such as nation, ethnic group, ethnic group and the other from the point of view of 
modern  ethno-psychology.  Reviewed  the  origins  of  the  development  of  scientific  and 
psychological studies of the problem in Kazakhstan. Some ideas of M.M.Mukanov as one of 
the founders of the Kazakh ethnopsychological scientific idea are presented. 
Keywords:  Consciousness,  self-awareness,  the  national  consciousness,  ethnos,  nation, 
ethnic  group,  ethno  psychology,  the  cultural  and  psychological  Association,  ethnic 
identification, the national language. 
 
Ұлттық  сана-сезім  проблемасы  адамдық  сананың  мазмұнымен  тікелей 
байланысты. 
Кеңестік  кезеңде  адам  санасының  ӛзекті  проблемаларын  ғылыми  тұрғыдан 
зерттеумен айналысқан алғашқы қазақстандық психологтардың бірі  
Мәжит  Мұқанұлы  Мұқанов  (1920-1985)  болып  табылады.  Ғалым  сол 
кезеңдегі 
идеологиялық 
кедергілерге 
қарамастан 
Кеңес 
Одағында 
алғашқылардың бірі  


 
болып  адамның  күнделікті  мінез-құлқындағы  этникалық  және  ұлттық 
детерминантты,  іс-әрекеті  мен  қарым-қатынасын  ескере  отырып  оның  ойлау 
және  интеллектуалдық  іс-әрекетіне  жүйелі  түрде  зерттеу  жүргізді. 
М.М.Мұқанов  жүзеге  асырған  зерттеу  «тұлғаның  ақыл-ой  деңгейіндегі 
психологиясы  күрделі  синтетикалық  құрылым  ретінде  ақыл-ой  элементтері 
сияқты  сананы  да  қосады,  сана-сезім  мен  ұлттық  сана-сезім  тұлға  мен  оның 
психикалық  процестерінің  (ойлау  және  т.б.)  арасындағы  жалғастырушы  буын 
болып табылатындығын» кӛрсетуге мүмкіндік береді. Сол себепті М.Мұқанов 
адамның  ақылы  мен  ойлау  қызметіне  қатысты  әзірленген  тарихи-этникалық 
тұжырымның авторы болып саналады [1]. 
М.М.  Мұқанов  ХХ  ғасырдың  60-70  жылдарында  адамның  ақылы  мен 
ойлауының арақатынасына қатысты әзірлеген тарихи-этникалық тұжырымның 
бұл  бағалы  идеялары  бүгінгі  күндері  де  аса  қажетті,  олар  ары  қарай  кросс-
мәдени  бағытты  белгілеуге  және  реттеуге,  рефлексті  этнопсихологиялық 
зерттеуге және адамның ӛзін қоршаған шындықты, оның осы шындықпен ӛзара 
қарым-қатынасының этнодифференциалдық ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік 
береді. Бұл ғылыми деректер теориялық-әдістемелік әзірлемелер бойынша жаңа 
кӛзқарастардың  ең  ӛзекті  проблемасы  –  ұлттық  сана-сезім  психологиясының 
проблемасына қатысты ғылыми кӛзқарастарды кеңейтеді. 
Әлемде  халықтардың  ӛзінің  тұрмыс-тіршілігін  сақтап  қалуына  ұмтылу,  ӛз 
мәдениеттері  мен  психикалық  ойлау  қабілеттерінің  ерекше  екендігін  атап 
кӛрсетуге,  ӛзінің  белгілі  бір  этносқа  жататындығын  сезінуге  ұмтылу  үрдістері 
белсенді түрде жүріп жатыр. Әртүрлі континенттегі кӛптеген елдердің халқына 
қозғау салған бұл құбылыс бүгінгі заманғы этникалық парадокс деген атауға ие 
болады. 
Ұлтаралық  қатынастардың  дамуы,  этникалық  қарама-қайшылықтардың 
шиеленісуі  ұлттық  сана-сезімнің  қалыптасуын  зерттеу  проблемасын  бірінші 
кезекке  шығарады.  Аталған  проблема  ғалымдар  мен  практиктердің  алдына 
жылдам ауысатын қоғамда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру жолдарын қайта 
қарастыру міндеттерін қояды. Оның үстіне ӛмірдің ӛзі кӛрсеткендей белгілі бір 
жағдайда  ұлттық  сана-сезімнің  ӛсуі  деструктивтік  рӛл  ойнап,  ұлтаралық 
шиеленістер  мен  қарама-қайшылықтарды  күрделендіре  түсуі  мүмкін.  Ұлттық 
сана-сезімнің қалыптасуындағы жағымсыз сәттерді дер кезінде анықтау мұндай 
құбылыстарға ықпал етуі мүмкін [2].  
Сонымен, ұлттық сана-сезімді этнопсихология тұрғысынан қарастырамыз. 
«Ұлттық  сана-сезім»  термині  бұдан  да  ауқымы  кең  түсініктер  жүйесімен 
байланысты.  Ұлттық  сана-сезімнің  қалыптасу  үрдісінде  бірқатар  жағдайлар 
қажетті.  Бірінші  кезекте,  әрине,  ӛзін  осы  немесе  ӛзге  бір  кейіпте  сезінетін 
ұлттың  ӛзі  болуы  тиіс.  Ұлт  дегеніміз  ӛз  кезегінде  этностың  дамуының  бір 
кезеңі.  Бұл  түсініктер  кешенін  толығымен  игергенде  ғана  ұлттық  сана-сезім 
деген ұғымды түсінуге болады. 
Этнос  (грекше  ethnos  –  тайпа,  топ,  халық)  –  адамдардың  біріңғай  тіл  мен 
мәдениетіне, сондай-ақ сана-сезімі ортақ тарихи қалыптасқан берік  
 


 
 
қауымдастығы.  «Бір-бірімен  байланысы  бар  этностар  аясында  ғана  тарих 
жасалады,  әрбір  тарихи  дерек  нақты  халықтардың  ӛмірінің  байлығы»  [3]. 
Л.Н.Гумилев этнос – барлық кезде оған бейімделген адамдарды қоректендіретін 
және  табиғи  құбылыстардың  ерекше  жағдайларына  тәуелді  ландшафтпен 
байланысты географиялық құбылыс деп санаған. Сонымен қатар, Л.Н. Гумилев 
этностың  ӛзіндік  психологиялық  ерекшеліктерін  атап  кӛрсеткен,  бұл  «ӛзін 
басқа  адамдардың  ұжымына  санадан  тыс  «біз  және  олар»  деп  қарсы  қоюды 
және  ӛзіміз  және  бӛтендер  деп  бӛлуді  анықтайтын  ӛзара  жақсы  кӛру,  жақын 
тарту сезімінен туындаған адамдардың ұжымы» деп санаған. 
Этностың  ӛмірі  адамның  ӛмірі  сияқты,  адамның  ӛлетіндігі  сияқты  этнос  та 
ӛледі  деп  санаған  Л.Н.  Гумилев.  Ресей  ғалымының  бұл  пікірі  оның 
оппоненттері тарапынан әлі күнге дейін сынға ұшырап келеді, алайда олардың 
ӛмір  сүруі  барасында  этностардың  әрі  қарай  дамуының  кезеңдігі  расталса,  не 
себептен  бір  қауымдастықтың  орнына  екінші  бір  қауымдастықтың  келетіндігі 
түсінікті болады. 
Кез-келген этнос ӛзін күрделі әлеуметтік жүйе ретінде танытады. Сондықтан 
олардың  бір  жағынан  басқа  қауымдастықтарға  ұқсас  кӛптеген  сипаттамалары 
бар,  ал  екінші  жағынан  оны  басқа  қауымдастықтардан  ерекшелеп  тұратын 
кӛптеген  сипаттамалары  бар.  Этностың  қалыптасуы  әдетте  аумақтың  және 
экономикалық  ӛмірдің  бір  болғандығы  негізінде  жүргізіледі.  Алайда  әртүрлі 
тарихи  себептермен  кӛшіп-қону  нәтижесінде  қазіргі  этностардың  орналасу 
аумағы  жинақы  емес,  кӛптеген  халықтар  бірнеше  мемлекеттердің  аумағына 
таралып  кеткен.  Қазіргі  этностардың  жүйелік  қасиеттерін  және  оларды 
басқалардан  бӛліп  кӛрсететін  белгілерге  олардың  тілдері,  халықтық  ӛнерлері, 
салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, мінез-құлық нормалары жатады. 
Этностар дәстүрлі түрде үш типке бӛлінеді. 
Алғашқы  типке  алғашқы  қауымдық  құрылыс  кезеңіне  тән  ру  мен  тайпалар 
кіреді. 
Этностың  екінші  типі  –  халықтар  –  әдетте  құл  иеленуші  және  феодалдық 
формацияларға  немесе  елді  мекендеген  және  қандай-да  бір  ұлттық-
территориялық  автономиялары  бар  этникалық  қоғамдастықтар  мен  топтарға 
байланысты болып құрылады. 
Этностың  үшінші  типі  –  ұлт  –  капиталдық  қатынастар  мен  бүкіл  әлемдік 
экономикалық қатынастардың қарқындалуына байланысты қалыптасады. 
Дегенмен  де  этностарды  бӛліп  қарастыру  Жер  бетінде  тіршілік  етіп  жатқан 
этникалық қоғамдастықтардың барлық түрлерін қамти алмайды және олардың 
дамуы мен қалыптасуы ӛзінің соңғы кезеңінде тұр дегенді білдірмейді. 
Ұлтқа  қатысты  қарастыратын  болсақ  (латынша  nation  –  ұлт),  ол  – 
территориясы,  тілі,  мәдениеті,  ұлттық  психикалық  белгілерінің  ортақтығымен 
және  тығыз  экономикалық  қатынастармен  сипатталатын  белгілі  бір  түрде 
біріккен  үлкен  әлеуметтік  топ,  этнос  дамуының  жоғарғы  этапы  болып 
табылады. 
 


 
 
Шетелдік саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар ұлт теориясына қатысты 
түрлі  бағыттарды  ойластыруда.  Психологиялық  теориялар  бір  тағдырмен 
біріккен  адамдардың  мәдени-психологиялық  қауымдастығына  мән  беруге 
тырысады  [4].  Тарихи-экономикалық  теорияларда  ұлтты  рулық-тайпалық 
байланыстардың жаңа уақытта дамып жатқан түрі, территориясы мен тілі ортақ 
болып  табылатын  адамдардың  қауымдастығы  деп  қарастырады.  Бірақ  ұлттық 
ӛмірдің  мемлекеттік-саяси  ерекшеліктері  абсолюттенетін  теория  да  бар,  ол 
ұлтты мемлекеттік қауымдастыққа алып келеді. Мысалы, М.Вебер тіл, дін, салт-
дәстүр  бірлестігі  немесе  тағдыр  арқылы  біріккен  адамдар  арасында  жеке 
мемлекеттік оқшаулыққа ұмтылушылық басым болады деп санаған [5]. 
«Ұлт» ұғымы «этнос», «этникалық топ» ұғымдарына қарағанда біршама кең 
әрі  күрделі  ұғым,  себебі  кез-келген  ұлтқа  ӛзін  саналы  түрде  нақты  бір  ұлтқа 
жатқызатын бірнеше этникалық топтардың ӛкілдері кіре алады. 
Әйтсе  де  әлеуметтік-экономикалық  факторлар  ұлттың  қалыптасуы  мен 
дамуында басты рӛл ойнайды. Ата-баба ӛсиеті, әкелер аманаты, бірлесу сезімі, 
яғни ӛз руының, халқының, ұлтының, Отанының рухани миссиясына берілген 
тарихи  ескерткіштер  ұлттың  ӛмір  сүруінің  басты  белгілерінің  бірі  болып 
табылады.  Тарихи  ескерткіштерді  игерген  адам  ұрпақтардың  рухани 
мұрасындағы ӛзінің алатын орнын сезіне біледі. 
Ұлттың ұлттық сана-сезім мен ӛзіндік сана-сезімді, ұлттық құндылықтарды, 
ұлттық  мүддені,  ұлттық  мәдениет  пен  тілді  білдіретін  ішкі  мазмұнының  ӛмір 
сүруі  мен  ұдайы дамып  отыруы  ұлттың  ұзақ  ӛмір  сүруінің қайнар  кӛзі  болып 
табылады. 
Әрбір  ұлтта  әлеуметтік,  саяси,  экономикалық,  адамгершілік,  эстетикалық, 
философиялық, діни және ӛзге де сенімдердің күрделі жиынтығынан тұратын, 
оның рухани дамуының белгілі бір деңгейін сипаттайтын ӛзіндік ұлттық сана-
сезім  бар.  Ұлттық  сана-сезім  ұзақ  тарихи  дамудың  жемісі,  ал  оның  орталық 
компоненті  ұлттық  ӛзіндік  сана-сезім  болып  табылады.  Ұлттық  сана-сезімнің 
құрылымына,  соңғысымен  қатар  басқа  да  элементтер  кіреді,  мысалы  ұлттың 
ӛзінің  бірлігінің  қажеттілігін,  ӛз  мүдделерін  жүзеге  асыру  үшін  тұтастық  пен 
ұйымшыл  болуды,  басқа  этникалық  қауымдастықтармен  жақсы  қарым-
қатынасты  қамтамасыз  етудің  маңыздылығын  түсінуді,  ӛзінің  материалдық 
және рухани құндылықтарына ұқыпты қарауды сезіну және т.б. 
Ұлттық  сана  теориялық  және  қарапайым  деңгейде  болады.  Егер  ұлттық 
сананың  теориялық  деңгейі  идеологиялық  кӛзқарастар  мен  идеялар, 
бағдарламалар,  ережелер  мен  құндылықтардан  және  т.б.  тұратын  ғылыми 
жағынан  рәсімделген,  жүйелі,  ұлттың  ӛз  тарихының  даму  жолында 
қалыптасқан,  даму  стратегиясын  анықтайтын  конструкция  болып  табылса,  ал 
ұлттық  сананың  қарапайым  деңгейі  осы  қоғамдастық  мүшелерінің  күнделікті 
ӛмір  салтында  және  іс-әрекетінде  кӛрініс  табатын  қажеттіліктерінің, 
қызығушылықтары  мен  құндылық  бағдарларының,  ұстанымдары  мен 
стереотиптерінің,  сезімдері  мен  кӛңіл-күйінің,  салттары  мен  дәстүрлерінің 
жиынтығы болып табылады. Бұл компоненттер бірлескен күйде бір-бірімен  


 
 
 
тығыз  байланыста  болады.  Айта  кету  керек,  қарапайым  ұлттық  сана  түрлі 
ұлтаралық  келіспеушіліктер  мен  конфликтілердің  басты  психологиялық  негізі 
болып  табылады,  себебі  ұлттық  қате  пікірлер,  жағымсыз  ұстанымдар,  басқа 
қоғамдастыққа  деген  шыдамсыздықтар  осы  қарапайым  ұлттық  санада 
қалыптасып отырады. 
Ұлттық сана-сезім ұлттық сананың ядросы бола отырып, адамдардың ӛзінің 
белгілі  бір  этникалық  қоғамдастыққа  қатыстылығын  сезінуінің  нәтижесінде 
қалыптасады,  осы  қоғамдастықтың  қоғамдық  қатынастар  жүйесіндегі  алатын 
орнын  түсінуінің  нәтижесі  болып  келеді.  Ұлттық  сана-сезім  этностың 
жекелеген тобының немесе толық бір ұлттың қызығушылығын кӛрсетуі мүмкін. 
Ұлттық сана-сезім кӛрінісінің негізінде этникалық идентификация (этникалық) 
феномені  жатады,  яғни  адамның  ӛзін  нақты  бір  этникалық  топтың  мүшесі 
ретінде тұрақты түрде қабылдауының қалыптасуы жатады. 
Ұлттық  сана-сезімнің  тарихи  және  мәдени  детерминанттары  –  халықтың 
тарихи  ӛткені  мен  дәстүрі,  оның  қалыптасқан  салты  мен  мінез-құлық 
нормалары,  сонымен  қоса,  ауызша  (фольклор)  және  жазбаша  түрдегі 
шығармалары, мәдениет пен ӛнер ескерткіштері болып табылады. Ұлттық сана-
сезім  ұлттық  тілсіз  бола  алмайды,  себебі  тіл  ұлттық  сана-сезімнің  кӛрініс 
табатын құралы және қалыптасу құралы болып табылады. Бұлардың бәрі кез-
келген  ұлттың  материалды  және  рухани  мұрасы  және  кез-келген  ұлттың 
этномәдени  толеранты  интеллектуалды-шығармашыл  жеке  тұлғасының  даму 
кӛзі болып табылады. 
Ұлттық  сана-сезім  идея,  кӛзқарас  пен  ой-пікір,  сезім-  эмоция,  кӛңіл-күй 
арқылы  кӛрінеді  және  ұлт  мүшелері  түсініктерінің  мазмұнын,  деңгейі  мен 
ерекшеліктерін:  ӛзінің  белгілі  бір  идентификациясын,  басқа  қоғамдастық 
ӛкілдерінен 
айырмашылықтарын, 
ұлттық 
құндылықтары 
мен 
қызығушылықтарын, ұлт тарихы, оның қазіргі күйі және даму перспективасы, 
ӛзінің 
әлеуметтік-этникалық 
қоғамдастығының 
ішкі 
мемлекеттік, 
мемлекетаралық  және  ұлтаралық  қатынастардағы  орны  туралы  пікірлерін 
кӛрсетеді.  
 
1. Дуйсенбеков Д.Д. М.М. Муканов как основатель казахстанской психологической 
школы  и  создатель  историко-этнической  концепции  соотношения  рассудочной  и 
мыслительной деятельности человека // Методология и история психологии. - 2009. 
Том 4. Выпуск 2. - С. 160-167.  
2. Муканов  М.М.  Психологическое  исследование  рассудка  в  историко-этническом 
аспекте.  –  Дисс.  на  соиск.  уч.  степени  д-ра  психологических  наук  по  специальности 
19.00.01 – общая психология. – М.: Институт психологии АН СССР, 1980. – 409 с. 
3. Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало. – М., 2001. 
4. Крысько В.Г., Саракуев Э.А. Введение в этнопсихологию. – М., 2001. 
5. Лебедева Н. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. – М., 1999. 
 
 


 
 
 
УДК 37.01:82  
 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНЕ  
НЕГІЗГІ КӚЗҚАРАСТАР  
 
Н.Л. Нагибина – психол.ғ.д., профессор, Ресей,Мәскеу психоанализ 
институты, 
Г.Б. Ниетбаева – Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің  
«Арнайы және әлеуметтік» кафедрасының аға оқытушысы  
 
Тҥйіндеме 
Мақалада  психологиялық  денсаулық  мәселесіне  тарихи  шолу  жасалынып, 
психология  ғылымында  орнығуында  негізгі  қӛзғарастар  кӛрсетілген.  Психология 
тарихында,  психологиялық  денсаулық  теориясының  саласында  сабақтаса  отырып 
бірнеше бағдар қарастырылады
Тірек  сӛздер:  психология,  денсаулық,  психологиялық  денсаулық,  гуманистік 
психология, теория, парадигма. 
 
Аннотация 
В  статье  сделан  исторический  обзор  проблемы  психологического  здоровья, 
показаны  основные  взгляды  становления  психологического  здоровья  в  науке 
психологии. Также, рассматриваются различные направления в теоретическом обзоре 
психологического здоровья. 
Ключевые 
слова: 
психология, 
здоровье, 
психологическое 
здоровье, 
гуманистическая психология, теория, парадигма. 
 
Abstract 
The historical review of problem of psychological health is done in the article, the basic 
looks of becoming of psychological health are shown in science of psychology. Similarly, 
different directions are examined in the theoretical review of psychological health. 
Keywords:  psychology,  health,  psychological  health,  humanistic  psychology,  theory, 
paradigm. 
 
Қазіргі кездегі ғылымда зерттеудің ӛзекті мәселелерінің бірі болып адамның 
денсаулығы  саналады.  Кӛп  уақыттан  бері  денсаулық  адам  биологиясының, 
медициналық  ғылымдардың  тӛңірегінде  қарастырылып  келген.  Соңғы 
онжылдықтарда, зерттеу нысаны денсаулық болып табылатын, зерттеудің жаңа 
салалары пайда болу үстінде.  
Денсаулық – бұл тек ауру-сырқат немесе физикалық кемістіктердің болмауы 
емес,  сонымен  қатар  бұл  толық  физикалық,  психикалық  және  әлеуметтік 
саулылық күйі [1]. Денсаулық пәнаралық зерттеудің объектісі болып табылады. 
Қазіргі  психологиялық  зерттеулерде  адам  күрделі  кӛп  деңгейлі  жүйе 
(биологиялық,  психологиялық,  әлеуметтік  деңгейлер)  болып  қарастырылатын 
болса,  онда  психологияда  денсаулық  кешендік  жолдар  негізінде  зерттелуі 
мүмкін. Психологиялық денсаулықтың талдауына ерекше назар аударайық. 


 
 
Ұзақ  уақыт  бойы  денсаулық  мәселесі  психологиялық  ғылымның 
басымдықтары  болып  саналмаған.  ХХ  ғасырдың  психологиясы  кӛбінесе  адам 
табиғатының  ауытқушылықтарына  шоғырланған,  ал  жан  саулығы  болса 
түпкілікті  зерттеудің  пәні  ретінде  сирек  қарастырылған.  Психологиялық 
ғылымның  саласы  –  клиникалық  психологияның  бір  бағыты  болып 
қалыптасқан, ауру-сырқат психологиясына қарағанда, денсаулық психологиясы 
шартты  түрде  жаңалыққа  жақын,  деп  тарихи  тұрғыда  қалыптасқан.  Тек 
гуманистік  психология  тӛңірегінде  ғана  (Э.Фромм,  Г.Олпорт,  А.Маслоу, 
К.Роджерс,  В.Франкл)  дені  сау  тұлғаның  мәселенамасы  ашылған. 
«Психологиялық денсаулық адамды тек субъективтік жайлылық сезіміне бӛлеп 
қоймайды, ол ӛз бетінше дұрыс, шынайы және нақты болып келеді. Меніңше, 
психологиялық денсаулық мәселесінің қазіргі кезде ӛзекті болғаны соншалық, 
кез келген ұсыныстар, қандай да болжамдар, кез келген мәліметтер, тіпті даулы 
болса  да,  эвристикалық  құндылыққа  ие  болуы  мүмкін»,  деп  жазған  А.Маслоу 
[2].  
ХХ  ғасырдың  1970  жж.  соңында,  психологиялық  пәндердің  жалпы 
жинағында  денсаулық  психологиясы  (Health  Psychology)  ерекше  бӛлініп 
шықты.  Ол  психологиялық  зерттеулердің  ішінен  дербес  сала  ретінде  бекітіле 
бастады.  Философия  тарихында  адами  Мен  мәнінің  ашыла  бастағандығының 
негізгі  жолдары  анық  кӛрінеді.  Оның  бірінші  бағыты  (XVIII-XIX  ғғ.)  неміс 
классикалық  философиясының  кӛрнекті  ӛкілдері  –  И.Кант,  И.Фихт, 
Ф.Шеллинг,  Г.Гегель,  Л.Фейербахтың  ойларымен  байланысты.  Олар  адам 
мәселелерін  (диалектика)  тектілік  және  жеке  мәнді  сәйкестендіру  тарапынан 
қарастырған.  Мұндай  ойлардың  соңғы  кӛрінісі  болып  К.Маркс  пен 
Ф.Энгельстің қоғамдықтың жекеден басым болуы туралы, адамның даралығын 
ұжымдықпен  басу,  ӛмірдің  тоталитарлық  тәртіпте  қалыптасып  дамуы 
жайындағы еңбектері саналады [3].  
Психология  тарихында,  психологиялық  денсаулық  теориясының  саласында 
сабақтаса  отырып  бірнеше  бағдар  қарастырылады.  Біріншісі  –  әлеуметтік 
орталықтас  (Э.Фромм,  В.Франкл,  Б.Братусь),  оның  негізінде  ғалымдар, 
жануарларға  қарағанда  адам,  тұқымдық  табиғатты  автоматты  түрде  жүзеге 
асыруға  мүмкіндік  беретін,  туа  біткен  дағдылар  мен  түйсіктер  жиынтығымен 
қамсызданбаған,  деген  жағдайға  сүйенеді.  Сондықтан  психологиялық 
денсаулық  адамның,  адами  мәннің  биік  шыңдарына  қарай  талпыну  үрдісі 
ретінде сипатталады.  
Әлеуметтік  орталықтас  парадигмаға  дарашылдық  философиясының  бағыты 
қарсы  тұрған,  оның  авторлары  М.Штирнен,  А.Шопенгауэр,  Ф.Ницше, 
Н.А.Бердяев,  Х.Ортега  –  и  Гассет,  С.Кьеркегор,  К.Ясперс,  Н.Аббаньяно 
адамның  даралығы,  оның  тұлға  ретінде  жетілуі,  «ӛзіндігін  сақтауға» 
талпыныстарының  басымдығы  жайында  айтқан.  Алайда,  шынайы  ӛмірде 
персоноцентризм  ӛзіне  ғана  шоғырланып,  ӛзін-ӛзі  шексіз  қадірлеу  түрінде, 
жалғыздық,  түңілу,  үмітсіздік  сезімдерінде  байқалып,  кез  келген  ғибратты, 
пайдакүнемдікті және бассыздықты жоққа шығарудан кӛрінеді. З.Фрейд  

10 
 
 
психикалық  денсаулықты,  тіпті  сау  адамдарды  да  мазалайтын,  тұлғааралық 
шиеленістерді зерттеу арқылы қарастырған [4].  
Келесі  бағдар  –  адами  орталықтас  (Г.Олпорт,  К.Роджерс,  А.Маслоу),  адам 
табиғатына, оны денсаулық пен дамуға қарай бағыттайтын, позитивтік күштер 
(ӛзін-ӛзі  белсендіру)  тән  деген  ойдан  шығады.  Психологиялық  денсаулық 
индивидтің  ӛзін-ӛзі  анықтағандығының  нәтижесі  болып  табылады  және 
болмыстың  шынайылылығын  сезінуден  байқалады.  Әлеуметтік  орталықтас 
және  адами  орталықтас  мақсаттар  ӛзара  ерекше  айқасып  жатады  және 
психологиялық  денсаулықтың  қалыптасуына  мүмкіндік  беретін,  рухани 
тұтастыққа  сипаттама  берген  психологтардың  талпыныстарында,  бір-бірін 
алмастырып та жатады [5].  
Психологиялық  денсаулық  туралы  жаңа  кӛзқарастар  пайда  болды. 
Осылайша, М.Джеходтың пікірінше, құрылым келесі компоненттерден тұрады: 
ӛзіне  деген  оң  кӛзқарас;  тұлғаның  оңтайлы  дамуы,  ӛсуі  және  ӛзін-ӛзі 
белсендіруі;  психикалық  интеграция  (түпнұсқалылық,  сайма-сайлық);  жеке 
дербестілік;  қоршаған  ортадағыларды  шынайы  қабылдау;  ӛзге  адамдарға 
адекватты әсер ете алу және т.б. [6]. 
«Индивидтің  психикалық  денсаулығы»  түсінігі  психологияның  гуманистік 
бағытында  кеңінен  қолданылады  және  соның  тӛңірегінде  «позитивті 
психикалық денсаулық» деген жаңа тұжырымдама ұсынылған.  К.Гольдштайн, 
А.Маслоу,  К.Роджерс,  В.Франкл  және  т.б.  еңбектерінде  ол  нақты  адами 
тіршілікке  негізделеді.  Осылайша,  бұл  бағыттың  кӛрнекті  ӛкілі  А.Маслоу, 
К.Гольдштайнмен  келісе  келе,  ӛзінің  «Психология  бытия»  және  «Дальние 
пределы  человеческой  психики»  деген  соңғы  еңбектерінде,  «психикалық 
денсаулықтың  патологиялық  ауытқушылықтары  –  невроздар  мен  психоздар 
тұлғаның қате, дұрыс дамымағандығының салдарынан болады», деп кӛрсеткен. 
Психикалық  тұрғыдан  сау  адамдар  –  бұл  жетілген,  ӛзін-ӛзі  белсендірудің 
жоғары  дәрежесіне  ие,  нақты  ӛмірлік  жетістіктері  бар  және  ӛзінің  жеке 
мүмкіндіктерін  дамыта  алған  адамдар  [2].  Оның  ойынша,  психикалық 
денсаулықтың  кӛрсеткіштері  ретінде  тұлғаның  толыққанды  дамығандығы, 
оның күш-қуаты және гуманистік құндылықтарға деген талпыныстары – басқа 
адамдарды қабылдау, даралық, интенционалдылық,альтруизм, шығармашылық 
және т.б. осы сияқты қасиеттердің болуы және оларды дамыту болып табылады. 
Осы  іспеттес  ойлар  «метапсихологияда»  (Д.Андреева),  логотерапияда 
(В.Франкл), әлеуметтік логотерапияда (С.И. Григорьев және т.б.) даму үстінде.  
Психикалық  денсаулық  адамның  ӛмірлік  күш-жігерінің  (жеке  және 
әлеуметтік  субъектілік  кӛрсеткіштерінде)  және  ӛмірлік  кеңістігі  ерекшелігінің 
үйлесімділігімен, тепе-теңдігімен себептеледі. Мұндай кӛзқарас психологиялық 
денсаулықтың басқа ӛлшемдеріне әкеледі. Оның механизмдеріне тӛмендегілер 
жатады:  ӛзін-ӛзі  тану,  болашаққа  бағытталған  шешімдерді  қабылдай  алу 
қабілеті,  ӛзгерістерге  дайын  болу  және  балама  жолдарды,  беталыстарды 
анықтай алу мүмкіндігі, ӛзінің ресурстарын зерттеу және тиімді пайдалана білу, 
жасаған таңдауы үшін жауапты болу және т.б. Осы мәселеге байланысты  

11 
 
 
В.Франкл,  егер  адам  ӛз-ӛзіне  келгісі  келсе,  онда  оның  жолы  әлем  арқылы 
болады, деп жазған [7].  
Адам  туралы  психологиялық  ілім  ретіндегі  психологиялық  антропология 
«жан»,  «жан  дүние»,  «адамның  ішкі  әлемі»,  «жеке  рух»  сияқты  ұғымдармен 
белгілі  болған,  шынайылық  бейнелерін  зерттейді.  Бұл  шынайылық  белгісі  – 
субъективтілік.  Психика  –  бұл  тірі  жандардың  әлеммен  ӛзара  әрекеттестік 
тәсілін белгілейтін, икемдірек ұғым. Психика адамдар мен жануарлардың ортақ 
қасиеті  болып  табылады.  Субъективтілік  адамның  ішкі  әлемінің  мәнін  және 
тектіліктің ерекшелігін білдіреді, оның ӛмірсүру тәсілдерін кез келген басқадан 
ажыратады.  
Кеңестік  психологияда  А.Н.  Леонтьев,  тұлғалық  мәндер  –  ол  адам 
қатынастарының  қалыптасуында  негізгі  орынға  ие  болатын  түрлер  мен 
тәсілдер, деген ұстанымды дамытады. Олар құндылық мәнге толығып, ӛмір іс-
әрекетінің  тетігі  болып  табылады  және  мәнді  ортаны  дамытудың  жолдарын 
анықтайды, субъектіліктің қалыптасып кӛрінуі үшін «мәндік алаң» жасайды [8]. 
Сонымен,  адамның  ішкі  әлемінде  қажеттіліктер  қалаулар  мен  талпыныстар 
түрінде,  ал  тұлғалық  құндылықтар  –  мұрат,  қызығушылық,  мәндер  түрінде 
байқалады.  Тұлғалық  құндылықтар  нақты  бір  жағдаймен  шектелетіндіктен, 
тұлғаның қатынастар жүйесін қалыптастыра отырып, топтық түрде ӛтеді.  
Аталған  ойды  дамыта  келе,  Е.Р.  Калитеевская  және  В.И.  Ильичева, 
психикалық  денсаулық  –  ол  адамның  құбылмалы  әлемде  ӛз  ӛмірінің  белсенді 
және  жеке  субъектісі  бола  алатын,  ӛзінің  әлеуметтік  және  биологиялық 
себептілігін трансценденттеу қабілетінің ӛлшемі, деп жазған [9].  
Адамның  үшқұрамдылығы  –  тәндік,  жандық,  рухани  мәні  туралы  діни, 
философиялық,  психологиялық  ілім  –  субъективті  шынайылық  бейнелерін 
құруға, адамды индивид, субъект, тұлға, даралық, әмбебаптық түрде кӛрсетуге 
негіз болып табылады.  
Субъективтік  шынайлық  бейнелері  оның  қалыптасуы  мен  дамуының 
онтогенетикалық  кезеңдерін  құрайды:  сергектікті,  жандануды,  дербестілікті, 
даралықты,  әмбебаптықты.  Даму  ұстанымы  –  бұл  әлеуметтену  (адамды 
басқалармен  теңестіру)  және  жекешелену  (адамның  қоғамнан  оқшаулануы) 
үрдісіндегі  байланыстар  мен  қатынастар  жүйесінің  динамикалық  тұрғыда 
түрленуі.  Антропологиялық  кӛзқараста  адам  тұтастай  кӛрсетілген  және  оның 
психологиялық 
денсаулығының 
негізін 
онтогенездегі 
субъективтік 
шынайылықтың  қалыпты  дамуы  құрайды  (психикалық  денсаулықтың 
болжалдыжасерекшелік  нормалары)  .  Жеке  норма,  Г.А.  Цукерман  мен 
В.И.Слободчиковтың  айтуынша,  ол  дамудың  тиісті  жағдайларында  нақты  бір 
адам үшін нақты бір жас кезеңінде мүмкін болатын ең жақсы нәрселер [9].  
Психологиялық  денсаулық  категориясын  маңызды  ашу  барысында, 
А.Маслоу  ұсынған,  «адамгершілік»  сӛзінің  анықтамасын  қолдануға  болады. 
«Психикалық  денсаулық  дәстүрлі  түрде  индивидтің  ӛмірге  жеке  бейімділігі 
ретінде,  психикалық  аппараттың  толыққанды  дамуымен  және  оның  қызмет 
етуімен қамтамасыз етілген ӛмірлік күш ретінде, кӛпшілік үшін аса қолайлы  

12 
 
 
 
емес және ауыспалы жағдайларға бейімделу, даму және сол жағдайлардан аман 
шыға  алу  қабілеті  ретінде  түсіндіріледі  және  психологиялық  денсаулықтың 
алғы  шарты  болып  табылады.  Психологиялық  денсаулық,  ӛз  кезегінде, 
индивидті  тіршілік  әрекетінің  субъектісі  ретінде,  ӛзінің  күш-жігері  мен 
қабілеттерінің реттеушісі ретінде сипаттайды» [2].  
Психологиялық денсаулық мәселесіне кӛзқарастар негіздерін қарастыра келе, 
субъектілік  бұл  психологиялық  денсаулықтың  бір  қасиеті  ретінде,  адамды 
тектілік  адами  мәнділікті  –  басқа  адамды  құндылық  ретінде  қабылдауға,  оны 
позитивтік еркіндік қажеттілігіне, ӛмірді ұғынуға, әлемдегі белсенді позицияны 
иеленуге  әкелетін  даму  ретіндегі  қалыпты  дамудың  жолын  анықтайды,  деп 
анық айта аламыз.  
Мәселенің  мұндай  орайына  қарай,  ауру-сырқаттардан  алшақ  болуға  немесе 
оларды  жеңуге  ұмтылатын  адамнан  белсенді  ӛмірлік  позиция  және  ӛз ӛміріне 
деген  жауапкершілікті  толығымен  сезіну  қажеттігі  талап  етіледі.  Кез  келген 
сырқаттың  кӛзін  ӛз  бойыңнан,  ӛзгертуді  қажет  ететін  ішкі  жан  дүниенің 
жетілмегендігінен іздеу қажет.  
 
1.  Васильева,  О.  С.  Психология  здоровья  человека  :  Эталоны,  представления, 
установки Текст.: Учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся по направлению и 
специальности "Психология" / О.С. Васильева, Ф.Р. Филатов. – М.: Academia, 2001. - 
343 с. 
2. Маслоу А. Дальние пределы человеческой психики. - СПб.: Евразия, 1997. - С.122 
3. Шувалов А.В. Гуманитарно-антропологические основы теории психологического 
здоровья// Вопросы психологии. - 2004. - №6. - С.18-33 
4.Фрейд 3. Введение в психоанализ Текст.: Лекции 1-15 / 3. Фрейд. - СПб.: Алетейя, 
1999. - 279 с. 
5. Проблемы психологического здоровья личности Текст.: [Сб. науч. ст.]. [Сост. и 
науч. ред.: В.В. Михайлова]. - Псков: Псков, гос. пед. ин-т им. С.М. Кирова, 2003. - 168 
с. 
6.  Кудрявцева  Е.Н.  Здоровье  человека:  проблемы,  суждения  Текст.  / 
Е.Н.Кудрявцева // Вопросы философии. 1987. - № 12. - С. 98-109. 
7. Франкл В. Человек в поисках смысла. - М.: Прогресс, 1990. - С.28 
8.  Психология  с  человеческим  лицом:  гуманистическая  перспектива  в 
постсоветской психологии  / Под ред.  Д.А.  Леонтьева.  -  М.:  Смысл, 1997.  -  С.40-45; 
67-91 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

13 
 
 
УДК 159.9(075) 
 


жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет