Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік



жүктеу 5.06 Kb.

бет7/26
Дата09.01.2017
өлшемі5.06 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
частью любой современной образовательной системы. Основная цель ее в ву зе – обеспечение психо­
логической защищенности студентов и профессорско­преподавательского со става. Психологическая 
служба вуза оказывает содействие: развитию личности студентов на всех этапах обучения, созданию 
у них позитивной мотивации к обучению и последующей профессиональной деятельности, форми­
рованию благоприятной психологической атмосферы в студенческих группах, определению социаль­
но­психологических причин нарушения личностного и профессионального развития студентов и пре­
подавателей, профилактике условий возникновения подобных нарушений.
Summary
Psychological  work  is  an  integral  part  of  any  modern  educational  system.  The  main  aim  is  guarantee 
students’  and  professor­lecturer  staff’s  psychological  protection  in  institution  of  higher  education.  The 
psychological work of the institution of higher education expresses assistance to: develop students’ individual 
in all stages of education, creation their positive motivation to education and subsequent professional work, 
forming favourable psychological atmosphere in students’ groups, determination social­psychological reasons 
of breaking students’ and lecturers’ professional development, prevention of arising such breakings. 
ӘОЖ 371.398:37.026.9:373.6
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК ДАЙЫНДЫҒЫ
А.Ә. ӘЛАЙДАРОВА, Г.Е. ПАРМЕНОВА, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасы
Егемен еліміздің болашағы үшін жастарға өркениеттің даму деңгейіне лайықты білім және тәр бие 
беруді үйірме негізінде жүзеге асыру қажеттілігі айқын сезіліп отыр. Осыған орай 2010 жылғы 29 қаң­
тарындағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан Республика сында 
білім  беруді  дамытудың  2011­2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының»  Қосымша 
білім  берудің  желісін  дамыту  және  мазмұнын  жетілдіру  негізгі  бағытында  «Шығармашылық  құзы­
реттілікте, үздіксіз білім беру мен тәрбиелеуде, кәсіби тұрғыда өзін­өзі анықтауда тұлғаның бәсеке­
лі артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында негізгі бағыттар бойынша балаларға қосымша білім 
беру  мазмұны  жаңартылатын  болады.  Олар:  көркем­эстетикалық;  ғылыми­техникалық;  экология­
лық­биологиялық; туристік­өлкетану; әскери­патриоттық; әлеуметтік­педагогикалық; білім беру, са­
уықтыру және т.б.» деп көрсетілген. [1, 18]. Егеменді еліміздің алғашқы жылдарының өзінде жарық 
көрген бұл мәселе жастарымызды мектептің тыс еңбекке дайындау бағыты қазіргі таңда да жеткілікті 
шешімін таппай жатуы осы бағытта ғылыми­зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. 
Осыған орай жалпы бiлiм беретiн мектептiң оқу­тәрбие процесiнде және мектептен тыс мекеме­
лерде халықтың қолданбалы өнерін енгiзу барысында оқушыларды көркемдiк және кәсiптiк дайындау 
мақсатына зор мән берiліп жатыр.
8­0126

58
Қосымша бiлiм беру негізінде халық өнерiн енгiзудiң ерекшелiгi: аға ұрпақтың тарихы қалыптасқан 
көркемөнер тәжiрибесiн сабақтан тыс оқып үйрену барысында, шығармашылық iс­әрекет процесiнде 
меңгерумен сипатталады.
«Эстетикалық тәрбие мен көркемдiк бiлiм берудi жетiлдiрудiң өте тиiмдi жолдарының бiрi – көркем­
дiк қызметке әлеуметтiк маңыз беру, яғни оны қоғамдық пайдалы қызмет түрiне айналдыру болып та­
былады» [2, 150].
Қоғам дамуының қазiргi заманғы кезеңiнде мектеп оқушыларын еңбекпен тәрбиелеудiң маңызды 
мәселесi  оқушылардың  өмiрлiк  ұстанымының  қалыптасуымен,  еңбек  ету  қажеттiлiгiмен,  сондай­ақ 
оларда ұжымшылдық, патриотизм және интернационализм сияқты маңызды жеке қасиеттерiн қалып­
тастырумен тығыз байланысты. Оқушылар ұжымдық жұмыс барысында қоғамдық пайдалы өнiмдi ең­
бек бұйымдарын шығарумен айналысады.
Жылдан­жылға  жүйелi  түрде  оқушыларда  ұжымды  жұмыс  iстей  бiлу  және  дайындық,  қоғамдық 
еңбек белсендiлiгi сияқты маңызды қасиеттерi қалыптасады, сондай­ақ еңбек ету мәдениетiн тәрбие­
леу де жатады.
Мысалы,  бұрындары  дәстүрлi  кәсібін  –  кілем  тоқу,  тігу,  ши  орау,  текемет  басу  және  т.б.  игеру 
тек отбасылық жекелеп оқып­үйрену барысында, яғни ұжымнан тыс, балалар тек бiржақты кәсiптiк 
шеберлiк және дағдылары игерумен шектелетiн, бiржақты даму алатын жерде үйренiп жатты.
Сабақтан тыс кәсiптiк оқыту жалпыға бiлiм беру дайындығымен табиғи байланысып жатқан қа­
зiргi  кезде  бағдарламада  негiзi  қаланған  ауқымды  ғылыми­теориялық  және  iс­тәжiрбелiк  материал 
халықтық  өнердiң  барлық  бай  өнегелi­эстетикалық  күш­қуатын  оқушылардың  жан­жақты  дамуы­
на  бағыттауға  мүмкiндiк  бередi.  Мектеп  ұжымы  жағдайында  бағдарламаның  барлық  оқу­тәрбиелiк 
мiндеттерiн  iске  асыру  үшiн  қолайлы  алғышарттар  жасалады.  Iс­тәжiрибелiк  сабақтар  барысында 
ұжымдық жұмыстарды орындай, бiр­бiрiмен араласа отырып, балалар бiр­бiрiнен оқып­үйрену және 
тәрбиелiк әсерiн тигiзедi.
  Оқушылардың  патриоттық  тәрбиесiне,  ұлттық  дәстүрлi  халық  шығармашылығымен  олардың 
ортақтастығымен байланысты, оқу барысының өзiндiк өзгешелiгiнде негiзi салынған еңбек ету әрекетi 
ықпал етедi.
Сабақ барысында түрлi көркемөнер орталықтарының бұйымдарымен танысу кезiнде оқушыларда 
тек ұлттық шығармашылығына емес, Кеңестер Одағының басқа да халықтарының өнерiне нағыз қы­
зығушылық пайда болады.
Ақырында барлық компоненттердiң тығыз өзара iс­әрекетiнде, оқыту және тәрбиелеу барысының 
бiрлiгi мен тұтастығында жiктеледi. Бағдарламаның негiзi маңызды мақсатқа бағытталған. Сондықтан, 
ғылыми­педагогикалық  қағидалар  негiзiнде  бағдарлама  оқушылардың  жан­жақты  тәрбиесiн  жүзеге 
асыруға ықпал етуi тиiс.
Бұл жұмыстың маңыздылығы – әрбiр мектеп оқушысын еңбекке адал қарауды тәрбиелеу. Еңбек­
ке деген әдет, оның бiрiншi өмiрлiк қажеттiлiгi болатындай етiп, ақыл­ой және дене күштерiн толық 
жұмсаумен  қоғамның  көркеюiне  саналы  еңбек  ете  бiлу.  Бұл  ретте  «...Нақ  осы  еңбектiң  қоғамдық 
қажеттiлiгiн сезiнудi, қоғам алдындағы өз борышын, өзiнiң моралдық жауапкершiлiгiн сезiнудi бас­
шылыққа ала отырып» [3, 109], бағдарламаны қалыптастырудың өзектi мәселелерiнiң бiрi – мектеп 
бiтiрушiлердi  мамандық  игеру ге  жеткiзу  болып  табылады.  Оның  мазмұны  –  пәннiң  педагогикалық 
және әдiстемелiк жағынан негiздел ген кәсiптiк бағытқа бағындыру.
Түрлi сыныптардың оқушылары алдымен қарастырылған кәсiптiк шеберлiктер мен дағдылардың 
миниумын игергенi қажет. Содаң соң жоспарланған iс­тәжiрибелiк жұмыстар толығымен қоғамдық 
пайдалы,  өнiмдi  еңбекке  құрылуы  тиiс.  Бұл  бірыңғай  айналымды  кәсiптiк  оқытуды  және  тең  дәре­
жеде қоғамдық, сондай­ақ еңбекке тәрбиелеудi жүзеге асыруда оның қабiлеттiлiгiн сипаттайтын, бағ­
дарламаның өте оңды және тиiмдi қасиетi болып табылады. 

59
Еңбектiң  қоғамдық  пайдалы  сипаты  оқушылардың  танымдық  мүддесiн  анықтап  қоймай,  олар­
дың орындалатын жұмыстарын шығармашылықпен қарауын шешуi тиiс. Алуан түрлi өнер туынды­
ларын  шығару  кезiнде,  еңбек  пен  өнердiң  түйiскен  жерiнде  ұйымдастырылған  оқушылар  еңбегiнiң 
жасампаздық  сипаты  анықталады.  Көркемдiк­шығармашылық  iс­әрекеттер  оқушылардың  ақыл­ой 
және эстетикалық дамуын арттырады, олардың әлеуметтiк маңыздылығын өсiредi. Адамдарға қажеттi 
және пайдалы өнiмдi шығарып жатырмыз деген сезiмнен олар терең жеке моральдық қанағаттану ала­
ды.
Оқушылардың  оқып­үйренуi  бастауыш  мектеп  жасынан  жасөспiрiм  жасқа  өту  кезiнде  басталуы 
тиiс.  Психологтардың  пiкiрiнше,  дәл  осы  жаста:  «...құндылық  бағыттары  баланың  белсендi  өмiрлiк 
ұстанымының қалыптасуын анықтайтын, өте кеңейтiлген, күрделi әрi тұрақты жүйеге қалыптаса бас­
тайды» [4, 73]. 
Әдетте бұл жаста балалардың көру­қозғалу аппараты өте дамыған кезде оларды сәндiк­қолданба­
лы өнер саласында үлкендердiң еңбек ету қызметiне белсендi түрде тарта бастағаны белгiлi. Көптеген 
педагогикалық байқаулар көрсеткенiндей, балалардың қисынды ойлауының белсендiлiгi осы кезеңiн ­
де  басталады.  Оларда  көркемдiк  бұйымдарды  жасауда  жалпы  кәсiптiк  дағдыларды  қалыптастыруға 
ықпал ететiн жеке бейiмдiлiктер өте анық көрiнедi.
Бағдарламаның  ерекшелiктерiнiң  бiрi:  барлық  оқу  сабақтары  әрбiр  оқушыда  шығармашылық  iс­
әрекеттердiн  қажеттiлiгiн  оятуына  ықпал  етуi  тиiс.  «Шығармашылық  негiз  балада  тiрi  қиялды,  тiрi 
елестi туғызады. Шығармашылық өз табиғатында, саған дейiн ешкiм жасамаған бiр нәрсенi жасауға 
деген ынтаға немесе сен үшiн қазiр бар нәрсенi жаңаша, өздiгiнше, жақсы жасауға негiзделген» [5, 73].
Iс­тәжiрибе  көрсеткенiндей,  шығармашылық  қабiлеттiлiк  кәсiптiк  дағдыларды  автоматты  түрде 
иге румен қалыптаспайды. Жоғарыда айтылғандай, егер шығармашылықты көрсету үшiн жағдай жа­
салмаса сәндiк­қолданбалы өнердiң кез келген түрi кәсiпке айналуы мүмкiн.
Мұндай оқытудың негiзгi айырмашылық, ерекшелiгi оқушының барлық оқу қызметi қолөнер са­
ласында арнайы бiлiм алу және кәсiптiк дағды алуға белсендi бағытталады. Осындай педагогикалық 
процестi ұйымдастыру қажет. «Жасөспiрiм және жоғары мектеп жасындағы оқушының оқу қызметi 
өзiнiң жетекшi сипатын жоғалтады, өндiрiп шығару қызметiнiң басқа түрлерiнiң компонентi болып 
қалады. Әуелi қоғамдық пайдалы, ал одан кейiн оқушылардың кәсiптiк еңбегi және олардың бастапқы 
кәсiптiк  дайындығын  құрайтын  оқу­кәсiптiк,  бұл  олардың  әрi  қарай  психикалық  дамуын  сапасы 
жағынан өте жоғары деңгейге көтередi» [6, 212].
 Осылайша, материалдық құндылықтарды жасау жөнiндегi оқушылардың iс­тәжiрибелiк жұмыс­
та ры түрiнде ұйымдастырылған өндiрiстiк қызмет – сәндік қолданбалы өнер туындылары қызметтiң 
өнiмдi түрiне айналады.
Әдебиеттер:
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Жаңа  онжылдық  –  жаңа  эко­
номикалық  өрлеу  –  Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  2010  жылғы  29  қаңтардағы  Қазақстан 
халқына Жолдауы. – Астана, 2010. – 18 б.
2. Психология современного подростка / Под ред. Д.И. Фельдштейна. – М., 1987. – 150 с.
3. Смирнов А.А. О психологической подготовке к труду // Вопросы психологии. – 1984. – №5. – 109 с.
4. Сайко В.Д. Ценностные ориентации детей при переходе в младший школьный и подростковый 
возраст // Вопросы психологии. – 1986. – №2. – 73 с.
5. Кабалевский Д. Воспитание ума и сердца. – М., 1984. – 73 с.
6. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. – М., 1986. – 212 с.
Резюме
В статье рассматриваются пути развития профессиональной и творческой подготовки учащихся 
на основе дополнительного образования. Особенность включения декоративно­прикладного искусства 

60
в программы средних школ на основе дополнительного образования в том, что учащиеся, наряду с изу­
чением исторического опыта художественного искусства, развивают  свои  творческие и  профессио­
нальные навыки.
Summary
In the article the ways of development of professional and creative preparation are examined students on 
the basis of additional education. Feature of including of the decoratively­applied art in the programs of high 
schools on the basis of additional education in that students along with the study of historical experience of 
artistic art, develop the creative and professional skills.
ӘОЖ 378.225
КӘСІБИ МАМАНДАНУДА «МЕН» ОБРАЗЫНЫҢ 
СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
С. БАХЫТҰЛЫ, 
магистрант
Ш.З. ҚОШҚАРОВА, 
педагогика ғылымдарының кандидаты,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
2012 жылдың 27 қаңтарында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында білім бе­
ру жүйесін жаңғырту барысында қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу қажеттігін, 
кәсіптік­техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып отырғанын, олардың тәжірибесін 
бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне тарту қажеттігі айтылған болатын [1].
Еліміздің  барлық  мекемелеріне  негізгі  психологиялық­педагогикалық  дайындықты  игерген,  өз 
кәсібін терең меңгерген, қоршаған ортаны түсінетін және олармен жаңа деңгейде қарым­қатынасқа 
түсе алатын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, еңбекке құлшынысы бар шебер мамандар қажет. Атап 
айтсақ, кәсіби шеберлік негіздерінің мазмұны мен маңы зын терең әрі мұқият зерттеу, болашақ кәсіби 
маман тұлғасын жан­жақты дамыту барысында оның барлық компонентерінің қызметін (гуманистік 
және кәсіби бағыттылығы, кәсіби білімі, қабілеті, техникасы) оның шығармашылық мүмкіндіктері мен 
кәсіби дайындығын анықтау қажеттілігі туындады. Білім беру қызметі – білім беру субьектілерінің 
мақсаты,  педагогтық  негізделген,  дәйекті  өзара  іс­қимылы  барысында  жеке  адамды  оқыту,  дамыту 
және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс [1].
Біздің пікіріміз бойынша, мұның өзі жоғары мектептің алға қарай дамуын іске асыруға және кәсі­
би білім берудің теориясы мен прак тика сының қазіргі стратегиялық теориясына сәйкес мамандарды 
үздіксіз дайындау жүйесінде мамандарды кәсіби дайындау ісін қайта құруға мүмкіндік берген болар 
еді.
Осыған орай білім берудің барлық саласында мамандарды даярлаудың сапасын арттырудың тиім­
ді әдістерін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі Қазақстан Республикасының қазіргі дамуында 
нарық экономикасы жағдайында жоғары мектеп түлектерінен жоғары кәсіби біліктілікті талап етеді.
Қазақстанда білім беру сапасын жетілдіру, жоғары мектеп түлектердің қоғам өміріне белсене арала­
суын, кәсіби және тұлғалық өзін­өзі жетілдіруін, уақыт талабындағы жағдаяттарды шеше алатындай, 
яғни, бір сөзбен айтқанда, іс­әрекеттің субьектісі болуын қажет етеді.

61
Субьектілікті қалыптастыру (даму, өзін­өзі дамыту) қазіргі білім беру жағдайындағы негізгі мақ­
саттардың бірі болып отыр [2].
Субьектілік – қазіргі білім беру жүйесіндегі жүйелілікті қажет ететін компоненттердің бірі. Субьек­
тіліктің  құрылымын  қарым­қатынаста  өзін­өзі  қоя  білуде,  іс­әрекет  мақсатында  дамитын  келесі  са­
палардың жүйесі құрайды:
– белсенділік;
– жауапкершілік;
– өз ісінің және өзінің иесі болу;
– рефлекцияға қабілеттілік.
Субьектілік  адамның  өзіне,  басқа  адамдарға,  жан­жақты  іс­әрекеттерге  позитивті  қарым­қаты на­
сынан анықталады.
Субьектілік – бұл көп жақты білім. Ол адам өміріндегі ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен 
қалыптасады.  Сыртқы  факторға  адамның  қоғамдық  қарым­қатынасының  қандай  жүйесінде  орын 
алатынына, ал ішкі факторға өзіне, қоршаған ортаға деген қажеттіліктен, ұмтылыстан туатын нақты 
жағдайдағы қарым­қатынастың құрылымын анықтайтын «ішкі ұстаным».
Қоғамның өзгеріп отырған жағдайында субьектінің дамуына әлеуметтік мүмкіндіктер обьективті 
шектеулі. Әлеуметтік жағдаят субьектінің анықтаушысы болғанмен, тұлға дамуындағы субьектілігі нің 
шешуші факторы бола алмайды.
Себебі әлеуметтік шарттылық бірқалыпты емес. Кәсіби белсенділік пен субьектілік мотив әлеумет­
тік шектеулікті жеңудің маңызды факторларына жатады.
Жеке тұлғалық іс­әрекеттің мәнін ашу және кәсіби мамандықты қабылдау, білім мен тәжірибені 
ұштастыру, белгілі бір іс­әрекет саласында шеберлікті қалыптастыру субьект ретінде өмір тіршілігінде 
адамның даму көрсеткіші мен қажетті шарты болып табылады.
Субьектілік мотивті іске асырушы маңызды шарттардың бірі – кәсіби мамандықты қабылдау, жеке 
іс­әрекетінің мәнін ашу. Жеке тұлғаның кәсіби мамандануына әсер ететін факторлардың біріне кәсіби 
іс­әрекеттің мотиві  жатады.  Кәсіби мамандануда «Мен»  образының қалыптасу үрдісі барлық еңбек 
жолында жалғасады. Осыған байланысты кәсіби «мен» образының дамуын негізгі төрт кезеңге бөлу ге 
болады [3]:
– бастапқы кезең – әр түрлі мамандықтар бойынша еңбек дағдылары негізінің нақты нұсқауының 
берілуі және қабылдап, іске асырылуы;
– бірінші кезең – кәсіби мамандану: бастапқы деңгейде, орта және жоғары;
– екінші кезең – ұдайы кәсіби мамандану, қайта мамандану және біліктілігін көтеру мен өндіріс 
ішінде оқыту, еңбектің әдістері мен формасын келесі жолмен өндіріс деңгейін басып озуға меңгеруге 
бағытталған.
– үшінші этап – еңбек нарығында қажет ететін перспективті кәсіптер, мамандықтар, іс­әрекеттің 
түр лері бойынша бағыттану мақсатында еңбекпен қамтылмаған және жұмыссыз азаматтар қауымы на 
қажеттілігіне сай қанағаттандыру мақсатында білік, білімдерді қайта жеткізу.
Адам егер өзін тұлға сезініп, айналасына өзіндік көзқарас қалыптастыруына байланысты шығар­
машылық бағыты дамиды. Шығармашылық бағыттың дамуының негізгі шарты – әлеуметтік жағдайы 
негіз болып, денсаулығы мен психикалық қызметінің дамуы әсер етеді.
Шығармашыл адам жаңашыл ізденімпаз болады, өмірі қызық мақсаттарын жүзеге асыру жолында 
өз жолын өзі ашып, кедергілерді жеңе алады, үздіксіз алға жылжып отырады.
И. Павлов «Мақсатқа ұмтылған, бір мақсаттан соң екінші мақсат қойып отырған адамның өмірі 
әрі қызық әрі күшті болады. Өзінің өмірдегі мақсатына ұмтылудың арқасында өмірі жаңарып, мақсат 
рефлексі қалыптасады. ...Бұл рефлекстің мәні мақсаттың мағынасы мен құндылығында ғана емес, сол 
мақсатқа ұмтылуда» деген [5].
Психологтар адам бойындағы биологиялық және әлеуметтік бастауды төртке бөледі:
1. Адам темпераменті, жас және жыныстық ерекшеліктері;
2. Адамның психологиялық әрекеттері мен жағдайын қамтитын қалыптасқан қасиеттері; 

62
3. Әлеуметтік деңгейі, тұлғаның тәжірибесі. Бұл жерде биологиялық жағынан әлеуметтік жағының 
ролі басым;
4. Тұлғаның іс­әрекетінің, мақсатының бағыты.
Ол тікелей әлеуметтік жағдайға байланысты. Әрбір бөлік бірін­бірін дамытып отырады. 
Жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығы – бұл ішкі процесс, адамның орта әсеріне белгілі 
бір  жауап  беру  тәсілі,  өзіндік  қарама­қайшылықтар  әсерінен  және  қоршаған  ортаға,  әлеуметтік  қа­
тынастардың субъектісі ретінде өзінің субъективті қарым­қатынастарын есепке алу негізінде өзін са­
налы түрде жетілдіруге ұмтылысы.
    Шығармашылық  қызығушылықтың  жетекші  функцияларына  талаптанушылық,  танымдық,  рет­
теушілік, рефлексиялық, белсенді өзара қарым­қатынас, т.б. жатқызылады. Олар өзін­өзі дамытудың 
ба ғыттылығы мен артуын, тұлғалық компоненттердің деңгейін және олардың сабақтастығын айқын­
дайды, адамға өзін жетілдіруге орай дербес әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру – субъект­субъектілік бағдардың шығармашы  ­
лық әрекетінің ерекше түрі, ол, бір жағынан, «өзіндік» процестердің «өзін­өзі тану, өзін­өзі айқындау, 
өзін­өзі  басқару, өзін­өзі таныту» қарқынын күшейту мен тиімділігін арттыруға, екінші жағынан, пе­
дагог олардың шешімін табу барысында субъектілік бағыт ұстанатындай, тұрақты түрде күрделеніп 
отыратын проблемалық шығармашылық міндеттердегі қарама­қайшылықтарды шешуге бағытталады.
Өзін шығармашылық іс­әрекеттің субъектісі ретінде тани отырып, ғылыми білімдерді меңгеруі мен 
оны практикада пайдалану біліктілігінің болуы, яғни:
– шығармашылық іс­әрекет әдістері мен тәсілдерін білуі;
– жаңаны табуда танымдық біліктерінің қалыптасуы;
– шығармашылық іс­әрекетті жоспарлау және оны тиімді ұйымдастырудың жолдарын меңгеруі;
– ұжымдық шығармашылық жұмыстарға талаптануы және білімдерін қажетті жағдайда өзара ық­
палдастық сипатына сай, практикалық тұрғыда сабақтастыра білуі.
 Жеке тұлғаның танымдық қажеттіліктері мен қоғамның сұранысына сай үйлесімді бағдары, әлеу­
меттік­психологиялық рефлексияның қалыптасуы:
– шығармашылық іс­әрекетке, ізденімпаздық жұмыстарға талдау жасай білуі;
– жеке іс­әрекетін ұйымдастырушылық тұрғыда өз бетімен сараптау;
– жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақталуы;
– іс­әрекетті объективті бағалай, кемшіліктерді жоюға жауапкершілікпен қарау;
– өзін­өзі дамытуда рефлексиялық бағытты таңдау, жеке тұлғалық құндылықтарды саналы түсіну.
Сонымен,  Қазақстан  Республикасының  қоғамдық  әлеуметтік­экономикалық,  саяси  және  рухани 
дамуы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын түбірлі жақсартуды талап етеді. Бұл талаптар 
еліміздің  халықаралық  экономикалық  және  білім  беру  кеңістігіне  қарқынды  түрде  ену  барысынан 
туындап отыр. Бұл міндеттің шешімі мамандардың кәсіби дайындық деңгейімен тығыз байланысты, 
өйткені қоғамның денсаулығы, жинақталған әлеуетті іске асыру мүмкіндігі, жастардың күш­қуаты мен 
ерік­жігеріне жасампаз сипат беру мүмкіндігі көп жағдайда нәтижелі білім беру жүйесіне байланыс­
ты болады.
 
Әдебиеттер:
1. ҚР Білім туралы Заңы. І тарау. – 2007.
2.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Әлеуметтік­экономикалық  жаң­
ғырту – Қазақстанның дамуының басты бағыты». – Астана, 2012. 
3. Стахнева Л.А. Профессиональное развитие // Тезисы докладов 15­й Всероссийской научно­прак­
тической конференции. – Екатеринбург, 2008.
4. Степанова Н.Н. Проблема опережающего профессионального образования // Тезисы докладов 
15­й Всероссийской научно­практической конференции. – Екатеринбург, 2008.
5. Наурызбаева Р. Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу // Қазақстан мектебі. – 2007. – №2.

63
 Резюме
В статье рассмотрены внутренние и внешние факторы формирования субъекта «Я образ» при спе­
циализации педагогов профессионального обучения. Основная цель современного образования – фор­
мирование  субъекта  (развитие,  саморазвитие),  активизация  его  творческого  интереса  и  мышления, 
воспитание разносторонне развитого гармоничного человека, соответствующего современным требо­
ваниям и велению времени. Показаны система современного образования субьекта, формирование его 
социально­психологических рефлекций, а также основные периоды развития и формирования субьек­
та «Я образ» для будущего педагога профессионального обучения. 
Summary
In  article  internal  and  external  factors  of  formation  of  the  subject  «I  are  considered  I  am  image»  at 
specialization of teachers of vocational training. A main objective of modern education formation of the subject 
(development,  self­development),  activization  of  its  creative  interest  and  thinking,  education  of  versatily 
developed harmonious person corresponding to modern requirements and command of time. Development 
by  scientific  knowledge  and  use  in  practice  the  qualification,  as  the  subject  of  creative  activity.  In  article 
the system of modern education of the subject, formation its social and psychological are also shown to a 
reflektsiya, and also the main periods of development and formation of the subject «I am image» for future 
teacher of vocational training.
УДК 355.343.8
ФОРМИРОВАНИЕ ПОЛИКУЛЬТУРНОЙ ЛИЧНОСТИ 
КАК МУЗЫКАЛЬНО-ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ ПРОБЛЕМА
М.С. МАКАШЕВА, 
кандидат педагогических наук,
Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата,
Республика Казахстан
Интеграция Казахстана в мировое образовательное пространство сопряжена с поиском новых путей 
формирования личности современного специалиста, образованного, с активной жизненной позицией, 
который умеет ориентироваться в потоке возрастающей информации и владеет иностранными язы­
ками. Эта задача особенно актуальна сегодня, так как речь идет о конвертируемости казахстанских 
дипломов и подготовке специалистов за рубежом в рамках Президентской программы «Болашак». 
Вопрос  воспитания  поликультурной  личности  сегодня  является  очень  сложной  и  актуальной  не 
только в нашей стране, но и во всем мире. Во­первых, это связано с процессом активного взаимодей­
ствия стран, народов, культур, во­вторых, с возникновением локальных войн, конфликтов на религи­
озной и межнациональной почве, агрессии, терроризма.
Огромное значение в русле обозначенных выше проблем приобретает разработка и внедрение идей 
поликультурного образования, направленного на воспитание поликультурной личности, где:
– педагогический процесс носит глобальный характер и представляет собой мировой опыт иденти­
фикации разных народов с общечеловеческими ценностями; 
– поликультурное образование отражает гуманистические идеи, идеи свободы и ненасилия; харак­
теризует уникальные этнические, национальные, самобытные черты в культуре собственного народа, 
а также в культурах народов региона и мира

64
– раскрывает общие элементы традиций, позволяющие жить в мире, согласии, терпимости, гармо­
нии; приобщает учащихся к мировой культуре, раскрывает процесс взаимозависимости стран и наро­
дов в современном мире, выражает безусловную веру в доброе начало, заложенное в природу ребенка; 
– учит толерантности, терпимости к взглядам иного рода, нравам, привычкам, к особенностям раз­
личных народов, наций, религий, формирует особые способности учащегося по овладению знаниями, 
т. е. воспитывает интеллектуальную личность, способную решать творческие задачи в поликультур­
ном обществе. 
Анализу  современных  тенденций  и  особенностей  развития  поликультурного  образования  посвя­
щены научные труды зарубежных исследователей М. Беннета, Д. Бэнкса, Р.Л. Гарсии, Д. Хупса. Вопро­
сы  поликультурного  обучения  и  воспитания  рассматриваются  такими  российскими  учеными,  как 
О.А. Аракелян, А.Ю. Белогуров, А.Н. Джуринский, Г.Д. Дмитриев, И.В. Колоколова, Г.В. Палаткина, 
В.А. Сластенин, Л.М. Сухорукова, Л.Л. Супрунова, М.Г. Тайчинов, В.Н. Цатуров. Различным аспектам 
поликультурной педагогики посвящены труды молодых исследователей М.М. Геворкян, Т.А. Гелло, 
Л.И. Пренко, Ж.Н. Шайгозовой. 
Исследования по проблеме введения этно­ и поликультурного компонента в содержание современ­
ного образования проведены казахстанскими учеными­методистами М.Х. Балтабаевым, Б.Е. Каиро­
вой, К.А. Строковым, Ж.Ж. Наурызбай. 
Опираясь на концепции зарубежных, российских и казахстанских ученых, мы трактуем поликуль­
турное образование как целостный и многокомпонентный процесс, в ходе которого осуществляется 
приобщение учащихся к родной этнической и мировой многонациональной культуре с целью воспита­
ния поликультурной личности, готовой к позитивному диалогу и взаимодействию с представителями 
различных национальностей на уважительной, толерантной основе. 
Российские и казахстанские исследователи этно­ и поликультурного образования (А.Н. Джурин­
ский, Ж.Ж. Наурызбай, В.Н. Цатуров) считают наиболее значимыми следующие характеристики поли­
культурной личности: уважение культур и традиций разных народов, потребность в своей националь­
ной культуре и языке, понимание диалога культур как высшей формы общения, утонченные чувства, 
тяга к прекрасному, художественный вкус, умение разбираться в произведениях искусства, уважение 
к иным культурам, способность к конструктивному диалогу [1; 2; 3]. 
В 90­х годах прошлого столетия в Казахстане были разработаны новые концепции образования, в 
том числе и концепция этнокультурного образования, в которой дается подробное определение «по­
ликультурной личности», согласно которой «поликультурная личность – это индивид с развитым линг­
вистическим сознанием. Знание родного и государственных языков, изучение иностранного языка рас­
ширяют кругозор личности, содействуют ее многогранному развитию, способствуют формированию 
установки на толерантность и объемное видение мира» [4]. 
Свое определение этому феномену дает З.Б. Кабылбекова, по мнению которой «поликультурная 
личность – это «индивид, идентифицирующий себя с естественными, национально­особенными и об­
щечеловеческими ценностями» [5, 13]. 
Исходя  из  анализа  характеристик  и  определения  понятия  «поликультур ной  личности»,  в  рамках 
исследуемой проблемы, мы сочли необходимым дать свою трактовку понятию поликультурной лично­
сти как социально активной личности, ориентированной на национально­этнические и общечеловече­
ские культурные ценности, с богатым духовным и социально­нравственным содержанием воспитания, 
носителя национального и общечеловеческого культурного наследия. 
В 2007­2010 гг. на базе высших учебных заведений Казахстана и России было проведено комплекс­
ное социологическое исследование с использованием методик «Этническая аффиляция», «Типы этни­
ческой идентичности», «Шкала Богардуса». Цель заключалась в диагностике общего уровня межэт­
нических установок молодежи, а также подтверждение гипотезы о том, что тенденция к позитивным 
межэтническим установкам у будущих учителей музыки выражены интенсивнее, чем у студентов дру­
гой специальности. Количество респондентов составило 757 человек. 

65
Проведенное исследование подтвердило предположение о том, что музыканты (в силу специфики 
и универсальности музыкального искусства, где процесс взаимопроникновения с культурой разных 
народов наиболее активен) проявляют более позитивное отношение к представителям различных эт­
носов по сравнению с представителями других профессий, которые не связаны с музыкой или другими 
видами искусства. Это заключение позволило нам сделать выводы о необходимости воспитания поли­
культурной личности школьника именно педагогами художественно­творческого цикла, в частности 
педагогами­музыкантами. 
В 2006­2010 годы по нашей инициативе, в целях развития системы образования в городе Москва 
и оказания государственной поддержки экспериментальному и инновационному движению, была соз­
дана  экспериментальная  площадка  по  формированию  готовности  будущих  педагогов­музыкантов  к 
воспитанию поликультурной личности школьников. 
В эксперименте принимали участие студенты 3 курса Института музыки Московского государст­
венного университета культуры и искусств (МГУКИ), а также учащиеся и учителя ГОУ СОШ №153 
Северного Административного округа г. Москвы. Направлением экспериментальной работы было соз­
дание и развитие сетевого взаимодействия образовательных учреждений, направленных на совершен­
ствование системы поликультурного образования. Разработка и опытная проверка нового содержания 
образования,  педагогических  технологий,  методов  и  средств  обучения,  программно­методического 
обеспечения. Хочется подчеркнуть, что научными консультантами экспериментальной работы были: 
Аркадий Алексеевич Аронов, доктор культурологии, доктор педагогических наук, профессор МГУКИ. 
Аркадий Алексеевич создал «Школу поликультурного образования», которая функционирует в России 
в течение более 7 лет. В своей работе мы опирались на научную концепцию этнокультурной толерант­
ности Ларисы Станиславовны Майковской, доктора педагогических наук, профессора МГУКИ.
Трехлетняя работа в рамках федеральной экспериментальной площадки позволила выявить содер­
жательные направления и организационные условия исследуемой проблемы. В процессе эксперимен­
тальной работы было выявлено современное состояние профессиональной готовности педагога­му­
зыканта  к  воспитанию  поликультурной  личности  школьника.  Разработанная  методика  диагностики 
уровней профессиональной готовности педагога­музыканта к воспитанию поликультурной личности 
предоставляет возможность выявлять проблемы, мешающие эффективности учебного процесса, а так­
же анализировать динамику исследуемой готовности. Разработанная авторская методика профессио­
нальной готовности педагога к исследуемой проблеме направлена на обеспечение в учебном процессе 
единства теории и практики (лекции, семинары, практические занятия с использованием различных 
технологий, а также уроки музыки в школе). 
По итогам экспериментальной работы методика профессиональной готовности педагога­музыкан­
та к воспитанию поликультурной личности школьника внедрена в учебный процесс Московского го­
сударственного университета культуры и искусств. Материалы экспериментальной работы были ре­
комендованы к использованию в средних образовательных учреждениях (лицеях, школах), а также в 
процессе подготовки педагогических кадров в учебных заведениях России, Казахстана и других стран. 
Кроме того, основные результаты работы имеют несомненную практическую значимость для системы 
переподготовки педагогических кадров.
В ходе дальнейшей работы установлено, что подготовка педагогов­музыкантов должна быть на­
правлена на будущую профессиональную деятельность с учетом поликультурного образования, т.е. 
иметь поликультурную направленность, где важнейшей задачей в обучении является интеграция тео­
рии и практики. 
Исходя из специфики деятельности учителя музыки и анализа современного состояния пробле­
мы в Казахстане, можно заключить, что данной проблеме уделяется недостаточное внимание. В связи 
с этим необходимым условием является обучение педагога­музыканта во взаимосвязи общеобразова­
тельной, специальной подготовки и результативной готовности к воспитанию поликультурной лич­
ности школьника в процессе музыкальных занятий.
9­0126

66
Процесс первого периода работы обуславливает необходимость внедрения авторского курса «Ос­
новы  формирования  поликультурной  личности  школьника»,  направленный  на  развитие  мотивации 
студентов  к  данному  аспекту  их  профессиональной  деятельности,  получение  необходимых  знаний, 
формирование  специальных  умений  и  навыков,  позволяющих  эффективно  осуществлять  общее  на­
правление воспитания поликультурной личности школьника в условиях музыкальных занятий.
Второй период работы предполагает апробацию методики на уроках музыки в общеобразователь­
ной школе. Основная цель данного этапа – реализация полученных теоретических знаний по методике 
воспитания поликультурной личности школьников непосредственно в педагогической деятельности 
будущих учителей. 
Система заданий для студентов включает: разработку и проведение интегрированных уроков (на 
основе  интеграции  литературы,  изобразительного  искусства,  географии  и  музыки);  коллективную 
разработку  тематики  и  заданий  с  содержанием  элементов  поликультурного  образования;  взаиморе­
цензирование студентами работ методического характера (тематическое планирование, анализ музы­
кальных произведений различных этносов, конспекты уроков); составление опорных конспектов для 
самостоятельного изучения темы школьниками по музыкальной культуре разных народов (с указани­
ем информационных источников, контрольными вопросами). На данном этапе должны быть реализо­
ваны задачи разработанной авторской методики профессиональной готовности педагогов­музыкантов 
к воспитанию поликультурной личности школьника.
Мы неоднократно апробировали нашу методику воспитания поликультурной личности школьников 
в  системе  образовательных  учреждений  Российской  Федерации.  Актуальность  проблемы  предоста­
вила возможность теоретически обосновать и практически реализовать модель подготовки педагога­
музыканта к воспитанию поликультурной личности школьника, которая выражается в совокупности 
мотивационного, содержательного, операционального компонентов, позволяющей определить высо­
кий  уровень  подготовки  учителя  музыки,  отвечающих  специфическим  требованиям  музыкального 
искусства и поликультурного образования. Это дает широкие возможности творческого потенциала, 
способствует достижению успеха в будущей профессиональной деятельности. 
Резюмируя вышесказанное, можно констатировать, что результаты неоднократной апробации пред­
ставленной авторской методики указывает на реальную возможность решения задач профессиональ­
ной готовности педагога­музыканта к воспитанию поликультурной личности школьника в Российской 
Федерации, Республике Казахстан и других полиэтнических государствах.
Литература:
1. Джуринский А.Н. Развитие образования в современном мире. – М.: Владос, 1999. – 199 с.
2. Наурызбай Ж.Ж. Этнокультурное образование. – Алматы, 1997. – 140 с.
3. Цатуров В.Н. Связи инноваций и традиций в поликультурном об разовании // Вестник ДГУ. Вып. 
3. Гуманитарные науки. – Махачкала: ИПЦ ДГУ, 1999. – С. 180­187.
4. Концепция этнокультурного образования в Республике Казахстан // Казахстанская правда. – Ал­
маты, 1996. – 7 августа.
5. Кабылбекова З.Б. Воспитание поликультурной личности студента в условиях высшего учебного 
заведения: Автореф. канд. пед. наук. – Астана, 2003. – 29 с.
Түйіндеме
Мақалада көп мәдениетті білім беру контексінде педагог­музыкантты даярлау жан­жақты қа рас­
тырылған.  Шетел,  Ресей  және  Қазақстандық  ғалымдардың  тұжырымдамаларын  талдаудың  нәти же­
сінде «көп мәдениетті білім беру», «көп мәдениетті тұлға» ұғымдарына базалық анықтамалар берілді. 
Көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық жүйесі құрастырылды.
Summary
The article is devoted to the preparation of the teacher­musician to the formation of a multicultural identity 
specific to the development of education in the Republic of Kazakhstan. According to the analysis of the 

67
scientific literature is the presented concept of foreign, Russian and Kazakh scientists. Researcher provided 
his own multicultural music education, multicultural personality and their main components. Possibilities of 
prospect of preparation of the teacher­musician are revealed in higher education institutions of the Republic 
of Kazakhstan.
УДК 33:316.453

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал