Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік



жүктеу 5.06 Kb.

бет29/33
Дата11.01.2017
өлшемі5.06 Kb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

КОНЦЕПТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ КОНЦЕПТІЛІК ТАЛДАУДЫҢ СИПАТЫ
М.Қ. КОППОСЫНОВА, 
магистрант, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасы
 
Қазіргі тіл ғылымында концепт терминінің қарастырылуы лингвистика мен философияның өзара 
әсерінің  күшеюіне  байланысты.  Жалпы  концепт  термині  когнитивтік  лингвистика  ғылымының  қа­
жеттілігінен туындай отырып, лингвистикалық ақпаратты психологиялық , адамның таным әректімен 
ұштастырады.  Логикада  концепт  термині  ұғым,  түсінік  терминдерімен  бірдей  қолданылады.  «Кон­
цепт» пен «ұғым» терминдері сыртқы формасына қарай бірдей көрінгенімен, өзара айырмашылықтары 
бар.  Ұғымға  қарағанда  концепт  құрылымының  аясы  кең.  Ұғым  танылатын  нысанның  басты,  мәнді 
белгілерін танытса, концепт нысанның барлық қасиеттерін қамти отырып, эмоционалды, экспрессивті, 
бағалауыштық мәнге ие. Концепт қазіргі кезде санада ойсурет, схема, фрейм, сценарий секілді фонға 
салынған бейнелер арқылы көрініс тауып отыр. 
Когнитивтік психология саласындағы басты бағыттардың бірі тіл мен адам санасын біртұтас жүйе 
тұрғысынан  қарастыру  болып  табылады.  Тілді  когнитивтік  тұрғыда  зерттеу  әлемдік  тіл  білімінде 
М. Минский, Г. Филлмор, Дж. Локоф, Э. Кассирер, Б.С. Мейрах, В.А. Маслова, Е.С. Кубрякова ең­
бектерінде  көрініс  тапқан.  Олар  сан  ғасырлық  тілдік  білімді  адам  миының  жемісі  ретінде  бағалап, 
күрделі құрылым, жүйе ретінде кешенді сипаттайды. Зерттеушілер көркем әдебиет стиліндегі, көркем 
мәтін құрамындағы концептілерді екі қырынан қарастырып келеді: 
танымдық концепт
– көркем концепт. 

223
Зерттеушілердің пікірінше: «Танымдық концепт жалпы түсінік беру, ұғым беру қызметін атқаратын 
сөздер тобын құраса, көркем концепт – бейнелі сипат беру қызметін атқаратын сөздер тобы» [1, 78]. 
Танымдық концепт пен көркем концепттің өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктерін зерттеушілер бы­
лай топтастырады: 
– Танымдық концептісіне жалпылық, көркем концептісіне жекелік сипат тән. 
– Таным концептісінде сезім, қалау сияқты иррационалдық құбылыстар аз қатысады, көркем кон­
цептіде кешенді құбылыс басым, онда ұғым тудыру, түсінік қалыптастыру, сезім, эмоция байқату, еркін 
бейнелеу әрекеттері араласып жатады. 
– таным және көркем концептілердің айырмашылығы ондағы ақиқаттың болу, болмау мүмкіндігінде. 
Таным концептісінде берілген ұғым ақиқатқа негізделеді және логика заңдарына сүйенеді. Ал көркем 
мәтіннің элементтері бөтен біреудің логикасына, көркем ассоциативтіліктің шынайы прагматикасына 
фиксация, жалған ойлау әрекетіне негізделеді. Бірақ көркем концептіде заңдылық пен талап болмай ды 
деп түсінбеу керек. Ондағы заңдылық жеке тұлғаның өз заңы, өз талабына негізделеді [2, 80]. Соны мен, 
қатар,  көркем  мәтіндегі  концептілерді  айқындау  барысында  концептуалдық  талдау  үшін  ұсыныл ған 
төмендегі үлгі біздің зерттеу жұмысымыздың методологиялық негізін құрайды: 
– мәтіндегі тірек сөздердің тізбегін қалыптастыру; 
– олардың концептілік кеңістікті бейнелеу дәрежесін анықтау (бейне, символ, метафора); 
– осы кеңістіктің базалық концептілерін айқындау
– көркем шығармадағы концептілер белгілі бір жағдаят төңірегінде қолданылатындықтан, басты на­
зарды сол жағдаят аясындағы концептің қызметіне аудару; 
– энциклопедиялық және лингвистикалық сөздікке сүйене отырып, ұлттық танымдағы тілдік дү­
ниетаным мен әлемнің тілдік дүниетаным мен тілдік бейнесінің тұжырымдарын анықтау
– сөздердің түп төркініне үңілу, олардың ерекшеліктерін ескеру [3, 45]. 
Көркем мәтіннің концеп туалдық аясы оны құрайтын тірек мағыналардың ортақ қасиеттерінің бір 
шеңберге  топтасуынан,  ортақ  семантикалық  өріс  құруынан  көрінеді.  Ол  өріс  көркем  мәтін  арқылы 
кейіпкер танымындағы әлемдік бейненің өзегін көрсетеді. 
Орыс лингвист ғалымы В.В. Колесов «концепт» ұғымын қазіргі зерттеу жұмыстарында кездесетін 
мәдени  концепт  ұғымымен  байланыстыра  келе,  «Концепт  –  сөздің  мағыналық  толығуының  негізгі 
нүктесі, әрі мағыналық дамудың ең соңғы шегі, яғни мәдениеттегі мазмұндық қатары молайған ұғым 
концепт  бола  алады»  деген  анықтама  береді.  Бұл  теориялық  тұрғыдан  сөздердің  басым  көпшілігі 
мәдени мағынаға ие болып келеді деген ойларды дәлелдей түседі және сөздің мәдени­тілдік табиғатын 
зерттеуде концепт терминін қолданудың қажеттілігін, тиімділігін негіздейді. Тілге логикалық талдау 
жасаған ғалымдардың еңбектерінде де концепт ғылыми атауына байланысты осымен ұқсас пайымдау­
лар алынған. Бұл термин осы замандық лингвистикада нық бекісе де, концептіні зерттеумен Н.Д. Ар­
тюунова, А.П. Бабушкин, А. Вежбицкая, Е.С. Кубрякова, С.Е. Никитина, В.А. Телия жемісті айналысып 
жүрсе де, осы уақытқа дейін ортақ анықтамасы жоқ.
Концептілік жүйе – кейіпкерлер тіліндегі тілдік бірліктер арқылы көрініс тапқан кейіпкерлер­
дің ойы, қиялы, болжамы, өмір, әлем, тіршілік жөніндегі концептуалды тұжырымдары. Концептілік 
жү йе – кез келген ақынның, жазушының, қаламгердің туындыларында болатын тілдік құбылыстар. 
Балалар әдебиеті шығармалар тіліндегі концептілерге талдау жасау барысында, ең алдымен, кон­
цептуалды жүйенің шартты белгісін құрайтын тіл бірліктері – тезаурусты талдау қажет. «Тезау рус деге­
ні міз – белгілі бір салаға қатысты бірнеше ұғымның талдануы мен қатысын көрсететін се мантикалық 
сөз дік» (Ю.Н. Караулов). Қазақ тіл білімінде зерттеуші Қ. Жаманбаева тезаурусты «Дү ниенің тілдік 
моделі» деп атап, оның қалыптасуындағы уәждік деңгейлерді адамның ішкі жай­күйінің қажеттілік­
тері мен  байланыс тырады.  Көркем  шығармадағы  жазушының,  қаламгердің  танымына  сай  форма  із­
деуге қа тысты тезаурусты «Ізденіс моделі» деп те атайды [4, 6]. Көркем шығармадағы концептілердің 
табиғатына бару үшін тезаурус түзу арқылы жазушының «тіл әлеміне» енуге болады. Сол «тіл әлемі» 
арқылы автор мен оқырман арасында байланыс түзіледі. 

224
Балалар  әдебиеті  шығармаларындағы  концептілер  жүйесі  семантикалық  өріс  негізінде  жасала­
ды.  Семантикалық  өріс  аясынан  концептуалды  өріс  түзіледі.  Балалар  әдебиеті  шығармаларындағы 
концептілерді талдауда ең алғаш олардың өзегін анықтайтын сөзге, яғни өзек семаға назар аударылады. 
Сол өзек сема арқылы бірте­бірте концептілер тізбегі түзіледі. 
Сонымен,  концепт  –  адам  санасының  ойлау  бірліктері  мен  психикалық  ресурстарын,  білім  мен 
тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін 
ұғым. Концепт ұғымын анықтауда оны: 
– белгілі бір ұлттың мәдени деңгейі мен менталитеті (Ю.С. Степанов). Осы көзқарасты В.Н. Телия 
қостайды; 
– санадағы дүниенің мәнді бейнесі (Д.С. Лихачев, Е.С. Кубрякова);
– тікелей тілдік таңбалардың мағынасына тәуелділігі (Н.Д. Арутюнова, Т.Б. Булыгина, А.Д. Шме­
лев) деп түсіну орын алған. 
Концепт  ұғымы  тіл  білімінде  тұрақты  анықтамаға  ие  болмай  отыр.  Оның  себебі  бұл  ұғымның 
мағынасы ақиқат дүниенің бар болмысын қамтып, күрделі көп құрылымнан тұруына байланысты. Бұл 
құрылым сөйлеушінің ойлау, түйсіну әрекеті арқылы жүзеге асып қоймай, мәңгілік толығу, талқылау 
үстінде  жүреді.  Дегенмен,  берілген  анықтамаларға  сүйеніп  концепт  ұғымының  басты  белгілерін 
анықтауға болады: 
– Концепт – адам тәжірибесіндегі идеалды түсініктің ең кішкене бірлігі; 
Білімді тарату, сақтау және оны өңдеудің негізгі бірлігі; 
– Концепт нақты қызметке және жылжымалы шекараға ие
– Концепт әлеуметтік сипатқа ие;
– Концепт – белгілі бір мәдени болмыстың негізгі ұясы.
Сондай­ақ тілдік таңбаға ие болған концептінің төрт түрлі қызмет атқаратынын да атап өткен жөн:
– Дүние (зат, құбылыс) туралы ақпараттың мазмұнын анықтайды;
– Оны санаға (адам миына) жинақтайды;
Еске сақтайды;
– Сөйлеу кезінде қайтадан жарыққа шығарады (Қалиев Б.).
Біздің зерттеуімізде концепт ұғымы құндылық бағдары ұғымымен анықталады.
Құндылық – мәдениеттің ең негізгі сипаттарының бірі, «объектінің жағымды немесе жағымсыз си­
паттарын білдіретін философиялық­әлеуметтік ұғым» [5.124]. Құндылық ұғымын алғашқы анықтаған 
Р. Лотце мен Г. Коген пікірлерінше, ол объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екенін айқындайды. 
Профессор Қ. Жұбанов тіл мен таным проблемаларын зерделеу барысында әрбір тіл иесінің сол тілді 
тұтынған кезде қоршаған ортаға құндылық көзқарасымен қарайтынын айтады. Қандай да бір заттың 
аты тек өзінің номинативтік қызметімен ғана шектелмейді, сонымен бірге сол заттың өзін де танытады. 
Ал тану, яғни сол заттың қасиеттерін анықтау үрдісі белгілі бір халықтың даму ерекшеліктері аясында 
жүзеге асатындықтан, тілдік ұжым өмір сүрген нақты жағдайлармен шарттас болады. Қайсыбір ұжым, 
не сол ұжымның өкілі заттар мен құбылыстарды күнделікті тіршілік тәжірибесі арқылы өзі не қажетті 
деген жағынан танып, өзіне әуелден таныс заттармен, құбылыстармен байланыстырады. Қ. Жұбанов 
бұл туралы «Адам өзінің тіршілік тартысында ұшырасып, пайдасын я зиянын көрген нәрселерді ғана 
елеген, соларды ғана білген» [6,150] деп дәл көрсетіп айтқан. Зат танылғаннан кейін оған белгілі бір ат 
таңылады. Аты қойылған зат өмір шындығы мен ақиқат болмыстың абстракциялану жолымен тілдік 
айналымға еніп, халықтың тұрмыс­тіршілігінен, еңбек тәжірибесінен, наным­сенімінен хабар беретін 
белгілі бір сөз атаулары түрінде санаға бекиді. Профессор Қ. Жұбанов бұл құбылыстың тілдік табиғатын 
былайша  түсіндіреді:  «Сөз  деген  зат  біткеннің  бәрінің  аты  емес,  әр  елдің  өзінің  білген  затының, 
білген  құбылысының  ғана  аты.  Ел­елдің  білгені  де,  білмегені  де  толып  жатыр.  Мәселен,  шөптер 
мен  жәндіктердің  көбісінің  аты  тілімізде  жоқ.  Өйткені  олар  бізге  көп  аса  кездеспеген,  кездестірсек 
те,  елемегенбіз.  Айталық,  шөптердің  ішінде  мал  жейтіндерін,  отын  болатынын,  не  дәрі  болатында­
рын біледі де, соларға ат қояды. Танымаған кісінің атын білмегеніміз сияқты білмеген нәр се нің аты да 

225
тілімізде болмайды» [6, 152]. Жалпы сөздің құндылық бағдары прагматикалық қызмет атқаратын тілдік 
құрал  ретінде  прагматикалық  лингвистикада  қарастырылады.  Прагматика  тілдік  қарым­қатынасқа 
қатысушының тілді қандай мақсатта қолданып тұрғанын зерттейді. Аталған саланың тілдік құралдарды 
қарым­қатынас жасаушылардың сана­сезіміне, іс­әрекетіне әсер етуі тұрғысынан қарастыруы көркем 
мәтіндегі  сөздердің  психологиялық  қабылдануын  қарастырып  отырған  біздің  көзқарасымызбен 
үндеседі. Көркем мәтіндегі сөздің қабылдануы субъектінің құндылық бағдарымен, атап айтқанда, оның 
өз тәжірибесі тұрғысынан бағалай алу іс­әрекетімен тығыз байланысты. «Баға беру, бағалау – адам та­
рапынан жасалынатын саналы әрекет. Бағалау – бағаланып отырған зат, құбылысқа деген көзқарастың 
не оң (пелиоративті), не теріс (мелиоративті) екендігін субъектінің позициясы тұрғысынан білдіретін 
әрекет» [7, 129]. Қазақ тіл біліміндегі бағалауыш мәселесі жөнінде Р. Сыздық мынандай түсініктеме 
берген: «Соны сөздерді өмірге келтіріп отырған үшінші фактор «бағалауыш» сөздерді қажет етуімізге 
байланысты. Әдетте атауыш сөздер қолданылу мақсатына қарай термин сөздер мен бағалауыш сөздер 
болып ажыратылады. Алдыңғылары белгілі бір ұғымның нақты ресми сұрақтары болса, соңғылары 
кейбір заттар мен ұғымдардың бейнелі (ресми емес) атаулары болып келеді» [8, 6].
Сонымен, құндылық адамның рухани әлемінің негізін құрайды. Олар адамның сезімін, ойын, еркін 
біртұтас бірлікке келтіреді және адамды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. 
Ұлттық  болмыстың  түп  негіздерін  іздегенде,  барлық  құндылықтардың  тәрбие  мен  білімге  тіре­
летінін көреміз. Тәрбие мен білім туралы сөз қозғағанда, олардың мәнін неге және қалай оқыту ту­
ралы,  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтардың  тәрбие  мен  білім  аясындағы  өзара  үйлесу­
ін айтамыз. Ұлттық болмыс көрінісі, саяси, адамгершілік, эстетикалық, діни, тәрбие, сана, басқа да 
дәстүрлі мәдени­рухани көзқарастар жүйесі ұлттық дүниетанымды құрайды. Ал ұлттық білім болса 
білім мазмұнындағы ұлттық дүниетаным. Ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық рухтағы 
тұлға төлтума құндылықтарын әлемдік құндылықтармен ұштастыру арқылы өркениетке жол табады. 
Тәрбие  мен  оқытуда  жаңа  құндылықтарды  бағалау  жүріп  жатыр.  Құндылықтарға  тәрбиелеу  тек 
педагогикалық мәселе емес, біле білсек, бұл – қоғамның даму мәселесі. Бұл екеуін қоғамнан бөліп 
алып қарауға болмайды. 
Қорытындылай келе, білім беру үрдісінде ұлттық тәрбие берудің рөлін көтеруде құндылық оның 
қайнар көзі болып табылады. Ендеше, көркем мәтіндердегі концептілерді ұлттық құндылықтарымыз 
тұрғысынан  тану  ұлт  азаматтарының  тұлғасын  қалыптастырудың  нақты  жолы,  темірқазығы  деп 
тұжырымдауымызға болады.
Әдебиеттер:
1.  Әмірбекова  А.  Көркем  мәтінге  концептуалдық  талдау  жүргізу  үлгілері  //  Академик  Р.  Сыздық 
және қазақ тіл білімінің мәселелері: конф. мат. – Алматы: Арыс, 2004. – 224 б. 
2. Әзімжанова Г.М. Көркем мәтіндегі доминант // Тілтаным. – 2004. – № 4.
3. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск: Тетра Системс, 2004. – С. 80.
4. Жаманбаева Қ.Ә. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – Алма­
ты: Ғылым, 1998. – 140 б.
5. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. – Алматы, 2004.
6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999.
7. Момынова Б.Қ. Бағалауыштың құрылымы жайында // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 
2001. – № 11(45).
8. Жаңа атаулар. 1­кітап. – Алматы, 1992. 
Резюме
В статье рассматриваются тексты в аспекте концепта. Анализируются познавательные и художест­
венные концепты в тексте. Концепт – оперативная единица памяти, ментального лексикона, концеп­
туальной системы и языка мозга, всей картины мира, квант знания. Самые важные концепты отражены 
29-0124

226
в языке. Концепт – идея, включающая абстрактные, конкретно­ассоциативные и эмоционально­оценоч­
ные признаки. Кумулятивная функция языка находит свое проявление в области лексики, в частности, 
в обыденных наименованиях цветущих растений, реализуя специфическую информацию, которая спо­
собствует формированию соответствующего фрагмента языковой картины мира.
Summary
Article reviews the text on the matter of concept. Informative and literary concepts present in the text are 
analyzed. Concept – an active unit of memory, mental vocabulary, conceptual system and a brain language, picture 
of whole world, quantum of knowledge. The most important concepts are displayed in language. Concept – an 
idea, including abstract, exact­associative and emotionally­assessed signs. Cumulative function of language is 
reflected in vocabulary, in commonly used names of blooming plants in particular, by communicating specific 
information, which encourages shaping the corresponding fragment of the world language picture. 
ӘОЖ 37. 036: 371.13:
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ 
МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
М.И. ШАКИРОВА, 
магистрант
Ш.М. МАЙГЕЛЬДИЕВА, 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
 «Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын болады» дегендей, жас ұрпаққа білім беру – бүгінгі 
күннің  басты талабы. Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында барлық 
қазақстандықтардың  өсіп­өркендеуі,  қауіпсіздігі,  әл­ауқатының  артуы  және  елдің  денсаулығын  жақ­
сарту міндеттерімен бірге жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесі атап көрсетілген. Осыған орай 
тәуелсіз мемлекетімізде өзінің білімі мен іскерлігін жан­жақты қолдана білетін, кәсібін терең түсінетін, 
еңбекқор мамандар даярлау қажеттігі туады. 
 Халқымыздың қазіргі қоғамдық өзгерістерге сай даму қарқыны болашақ мамандарды даярлау ба­
рысында рухани, ұлттық болмысты қалыптастыруда білім беру моделін жаңаша құруды қажет етуде. 
Заман талабына сай туындаған қажеттіліктер болашақ ел иелерін ұлттық рухани қазынасымен, өнеге­
өнерімен сусындатуды талап етеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар 
арасындағы  тәлім­тәрбие  тұжырымдамасында:  «Ұлттық  мәдениет  пен  өнер  және  қолөнер  негізінде 
жастарға жан­жақты эстетикалық тәрбие берудің бір бөлігі – эстетикалық тәрбие берудің бір бөлігі – 
эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету; мәдениеттілікке баулу; адамзат 
қоғамына бұрын­соңды жасалған мәдени мұраның жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани игіліктерді 
бағалай білуге тәрбиелеу қажеттігіне аса көңіл бөлу керектігіне мән берілген». Осыған байланысты 
болашақ мамандық иелерінің іс­әрекетінің, бейнесінің заман талабына сай өзгеруі, олардың бойында 
кәсіби мәнді сапалар қалыптасып, тұлғасының дамуы көзделеді. Әсіресе, жас ұрпақтың эстетикалық 
мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артады [1].
  Эстетикалық  мәдениет  әлеуметтік,  материалдық  және  рухани  жағдайы  төмен  жағдайларда  да 
жеке тұлғаның ішкі рухани еркіндігін қамтамасыз ететіні туралы ғалым­философтар өз еңбектерінде 

227
жазған. Ішкі еркіндік сыртқы тәуелділікті жеңіп, шығармашыл жеке тұлғаның өнерінің эстетикалық 
маңыздылығын айқындайды. Мұндай жеке тұлғаның шығармашылығының құндылығы қоғам алдында 
да ашыла бастайды.
Адамның шығармашылығы білім мен өмірден алған тәжірибелеріне сүйенетіні белгілі. Адамның 
бойындағы шығармашылық күш оны көрсетуге арналған білім мен дағдыларды үйренген соң, яғни 
еркін шығармашылық рух пен адами қасиеттері толық оянған соң ашыла бастайды. Рухани күш пен 
шеберлікті жинақтау барысында сырт көзге қарағанда, адамның ішкі прогресі байқалады: бір жағынан, 
жинақталған мәдени тәжірибе мәдениеттің нормалары, канондары мен дәстүрлерімен шектеліп, жеке 
тұлғаның  іс­әрекетінің  еркіндігіне  нұқсан  келтіретіндей  көрінсе,  екінші  жағынан,  шығармашылық 
пен  оның  нәтижелеріне  жауапкершілікпен  қарай  алатын  сол  тәжірибе  тұлғаның  шынайы  ішкі 
еркіндігіне бастайды, жеке шығармашыл тұлғаның жауапкершілігін өзінің табиғи қалпына айналды­
рады. Адамзаттың мәдени дамуының бүкіл тарихы көркем және эстетикалық шығармашылықта ада­
ми рухтың салтанатын аша түседі. Адамның жеке басының рухани, дене күштерінің жағдайларының 
бір­бірімен үйлесім табуы, жеке адамның эстетикалық дамыған сезімі, ойы мен еркі тұлғаның өзін­өзі 
еркін басқаруын қамтамасыз етеді, себебі мұндай тұлға үшін іс­әрекет пен өмір сүрудің кез келген фор­
масы шығармашылық болады 
Эстетикалық  мәдениет  –  арнайы  тәжірибенің  меңгерілуі  мен  жинақталуы  (қабылдау  мен 
шығармашылық  іс­әрекетінде),  арнайы  модус  көлемінде  ой  салатын  және  бағаланатын,  бөлінбейтін 
толық нысанды қабылдау болып табылады [2]. 
Эстетикалық мәдениет – эстетикалық тәжірибені ұйымдастыру мен әлемдегі өз орнының мәнін көре 
білу, қоғаммен өзінің қарым­қатынасының болашақтағы тенденцияларын анықтау болып табылады. 
Дамыған эстетикалық талғам интуициямен осы тепе­теңдікті тани отырып, баға берудің критерийлерін 
де негіздей алады.
Шығармашылық  адамның  өзі  оның  мүмкіндіктері  мен  ішкі  потенциалы  туралы  ойын  кеңейтіп, 
өзін әлемдік процестердің тең мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік беретіні белгілі. Шығармашылық 
белсенділік  психиканың  жоғары  даму  деңгейіне  көтере  отырып,  адам  тұрмысының  жаңа  көкжиек­
те рін  ашуына,  жеке  адам,  тұлға  ретінде  психологиялық  тұжырымдама  жасауына  мүмкіндік  береді. 
Шы ғармашылықтың эволюциялық маңызы адамның бүкіл өмір сүруін, тұрмысын, психикалық және 
физикалық денсаулығын белгілі бір үндестікте ұстауға, сонымен бірге оның күшін белсендіріп, жалпы 
мінез­құлқын оптимизациялап, қабылдаудың бояуын өзгеше етуге де қабілетті.
Әсемдік эстетиканың орталық категориясы ретінде эстетикалық мәдениеттің ең маңызды бөлігі бо­
лып табылады. Көбінесе оны әсемдікті көріп, бағалау және түсіну деп анықтайды. Әсемдікті қабылдау 
рухани дүниені байытады, эстетикалық ләззат әкеледі, көтеріңкі көңіл­күй сыйлайды. Сонымен бірге 
адамның бүкіл ішкі күшін жинақтап, өз тұрмысының жасаушысы болуына бастайтын маңызды негіз 
бола алады [3]. 
Эстетикалық  мәдениет  дегеніміз  –  эстетикалық  сананың  даму  деңгейі  мен  ұйымдасуының  бір 
деңгейі.  Эстетикалық  мәдениет  –  айналадағы  өмірді  кешенді  түрде  ұйымдастырудың  кезеңі,  өзі  де 
адамның адаптациялық мүмкіндіктерін анықтай алатын кешенді құбылыс. 
Эстетикалық мәдениет – рухани мәдениеттің маңызды бір саласы ретінде табиғат пен адам ба ла­
сының  шығармашылық  еңбегімен  жасалатын  эстетикалық  құндылықтадың  жиынтығы,  оларды  жа­
сау және қолдану тәсілдері. Эстетикалық құндылықтар қоғамның өмірмен қарым­қатынасқа түсуіне, 
қоғамның жетілу талпынысына, қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне 
қатысады. «Эстетика» және «Мәдениет» терминдерінің мән­мағынасын жан­жақты ашып көрсете оты­
рып, «эстетикалық мәдениетті қалыптастыру» ұғымына «жеке адамның немесе тұлғаның эстетикалық 
мәдениетін  қалыптастыру  –  оның  бойына  халықтың  объективті  эстетикалық  құндылықтарын  сіңіре 
отырып, білімі мен біліктілігін, қабілеттерін жоғары деңгейге жеткізу үрдісі» деген анықтама беруге 
болатындығын көреміз.

228
Эстетикалық  мәдениеттің  құрамына  эстетикалық  қажеттілік,  эстетикалық  қызығушылық,  эсте­
тикалық талғам, эстетикалық әрекет, кәсіби біліктіліктер кіреді. 
Мәдениет деген – кең мағынада адамның биологиялық түрде емес бейімделуі. Эстетикалық мәде­
ниет биологиялық түйсінуді алып тастап, мәдениеттің қызметі мен даму процесіне жаңа мазмұн береді 
және адам табиғаты әлемдегі бояуларды, эстетикалық қатынастардың тереңдігі мен мазмұнды лы ғын 
түсінеді. Демек, эстетикалық мәдениет қатынастар мен оны айқындайтын тәсілдердің мазмұнын си­
паттау болып табылады. 
 Сонымен, ғылымдағы түрлі көзқарастарды талдау эстетикалық мәдениетті жеке адамның шынайы 
өмірді, болмысты түсініп, меңгеріп, қайта жаңғырту, оған деген қарым­қатынасын бейнелеу қабілеті 
деп  анықтауға  болады.  Өмірде  болып  жатқан  жағдайлар,  оқиғалар,  құбылыстар  мен  формаларын 
ұйымдастыру процестері табиғатты, қоғамды, адамды қосқанда барлық шынайы өмірді бейнелеу бо­
лып табылады. Адамның өзіне өзі қатынасы да осы қатарға енеді. Осы жағдайда адам өзін екі түрлі 
кезеңде көрсете алады, яғни ол өзін эстетикалық қатынастарға ие болатын жан­жақты субъект бол­
са, екінші жағынан өзінің адами қабілеттері оның ішкі жан дүниесін де нысан ретінде қабылдауына 
мүмкіндік береді. 
Б.  Кроченің  пікірі  бойынша,  өзінің  ойын  көрсете  білу  эстетика  аумағындағы  маңызды  феномен 
болып есептеледі. Эстетикалық қарым­қатынастың осы екі жағы – бірінші жағынан тәртіп формасы 
ретінде (айналадағы дүниеге қатынасы) және екінші жағынан оны қайта көрсете білу (өзін айналадағы 
өмірде көрсету) барлық эстетикалық ойдың ерекше феномены болады.
Эстетикалық мәдениет дүниені қабылдаудың ерекше деңгейі мен онымен қарым­қатынасты ұйым­
дастыруды ішкі жан дүниесі арқылы өткізеді. Сонымен, болмыс пен ішкі рухани жан дүниені біріккен 
феномен ретінде әлем мен ішкі жан дүниені біріктіреді.
Эстетикалық тәрбие беру – адамның болмысқа эстетикалық қарым­қатынасы материалды және ру­
хани өмірде адамзат қоғамы пайда болғаннан бастап дамытылды. Болмыстағы әдеміліктен эстетикалық 
ләззат алу адамның эстетикалық шығармашылығын қабылдау және түсінумен байланысты. 
Ғылыми  еңбектерде  аталып  өткендей,  тіршілікке  эстетикалық  қатынас  субъекттің  (қоғам  мен 
оның  арнайы  институттары)  нысанға  (индивид,  жеке  тұлға,  топ,  ұжым,  қоғам)  белгілі  бір  қоғамда 
орныққан  эстетикалық  және  көркем  құндылықтарына  байланысты  жүйелі  бейімдеуге  бағытталған 
арнайы  қоғамдық  іс­әрекеті  екен.  Тәрбие  беру  барысында  студенттерді  құндылықтарға  қызықтыру, 
тарту әрекеттері жасалады. Осының негізінде білім алушылардың эстетикалық қабылдау қабілеті да­
мып, талғамы өседі. Әсемдік арқылы тәрбие беру жеке тұлғаның эстетикалық құндылықтарын ғана 
қалыптастырып қоймай, сонымен бірге шығармашылыққа деген қабілетін арттырады, еңбек ету бары­
сында, тұрмыста, мінездері мен істерінде және өнерде эстетикалық құндылықтырды жасауға бейім­
дейді. 
 Әдемілік эстетикалық тәрбие берудің тәсілі мен нәтижесі ретінде өнерде, әдебиетте жинақталады, 
табиғатпен, қоғамдық және еңбек іс­әрекеттерімен, адамдардың тұрмысымен, олардың қарым­қаты­
насымен тығыз байланысты, ал эстетикалық тәрбие беру әлемдегі болмыстың эстетикалық жағдай­
ларының  барлығын  қолданады.  Әсіресе  еңбек  ету  кезіндегі  әсемдікті  түсінуге  және  қабылдауға, 
әсемдікті еңбек барысына ендіру қабілетін дамытуға ерекше мән беріледі. 
 Осы саладағы ғылыми­педагогикалық еңбектерді меңгеру ғалым­педагог Б. Неменскийдің жұ мыс­
тарының маңызын көрсетеді. Оның пікірінше, эстетикалық сезім дегеніміз – адамның «ортақ пайда 
мен шындықтың жеке, өзіндік, еркін эстетикалық ләззат әкелетіндей» деңгейге айналуы. Біздің жаста­
рымызда мұндай сезімнің қалыптасуы адам психикасындағы архитиптік элементтерге сүйену арқылы 
жасалады. 
Осы қасиеттерді сараптай отырып, эстетикалық қабылдаудың 3 деңгейін бөліп шығаруға болады.
• Жоғары деңгей. Эстетикалық нысанды мазмұны мен формасының бірлігінде қабылдау, эмоциялық 
және зияткерлік гармониялық үндестікте болатын тұтастықта қабылдау.
• Орташа деңгей. Эстетикалық нысанды дұрыс қабылдау, алайда эстетикалық нысанға талдау жасау 
эмоциялық деңгейі төмен сөздік­логикалық сипатта, эмоциялық қабылдау мен айқындық деңгейінің 
талдауы орташалау.

229
• Төменгі деңгей. Эстетикалық қабылдауы төмен: мазмұнды қайта айту, берілген нысанның, шы­
найы болмыстың немесе өнер шығармасының эстетикалық өзгешелігін көрсете алмау. Эстетикалық 
нысанды мазмұндаудағы қателер.
Эстетикалық нысанды қабылдау сезімінің ерекшелігі тек жеке тұлғаның психологиялық қасиеттері 
ғана емес, дайындық деңгейі мен эстетикалық білімі мен тәрбиесіне де байланысты екенін ұмытпаған 
жөн. Мысалы, студенттердің ортасының мазмұндары әркелкі. Сондықтан жоғары оқу орындарында 
оқыту барысында студенттердің эстетикалық сезімдерінің ауқымы кең, әр түрлі, тұрақты және кәсіби 
бағытталған  болып  келеді.  Ғылыми­танымдық  әрекеттермен  байланысты,  көркемөнер  ұжымдарына 
қатысу кезінде, эстетикалық категорияларды түйсіну кезінде бұл сезімдермен бөлісу қажеттілігі туын­
дайды және оған басқаларды тарту көзделеді [4].
Эстетикалық  идеал  –  айналадағы  әсемдік  пен  өмірдегі  әдемілік  туралы  шартты  ұстаныс.  Біздің 
қоғамымыздың  идеалы  рухани  бай,  физикалық  жетілген,  бойында  мінсіз  тазалықты  ұстанған  жан­
жақты дамыған тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелеу болып табылады. Гуманитарлық тәрбие берудің 
құрамды бөлігі ретінде эстетикалық тәрбие беру осы идеалдарға қызмет жасайды. Біздің тәрбие беру 
жүйеміз адамзат идеалын қалыптастырып, қадам сайын болмысты идеалдық жағдайға жақындасты­
ру ға атсалысады. Эстетикалық идеал – адамның жетілген табиғаттағы, қоғамдағы, адамның бойында­
ғы, өнердегі әсемдікті бағалауы, ол адам өміріндегі еңбекке, шығармашылыққа, заттарға эстетикалық 
тұрғыдан дұрыс баға беруге көмектеседі.
Эстетикалық сезім – өнер шығармаларындағы, табиғат пен қоғамдағы әсемдікті қабылдағанда және 
бағалағанда адамның алатын жоғарғы рухани ләззаты. Эстетикалық сезімнің тарихи алғышарттары бар. 
Эстетикалық сезімдер адамның бүкіл ғұмырында игеріледі, сөйтіп баға беруді, талдауды, нысанның 
эстетикалық тәрбие нормаларына сәйкес келуіне баға береді. 
Тағы  бір  білім  берудің  талабы  –  ол  басқа  мәдениетті  қабылдау  мен  түсіну.  Тек  қана  бір­бірімен 
байланыста,  қарым­қатынаста,  мәдениеттер  диалогында  әрбір  жеке  мәдениеттің  принциптері  мен 
ерекшеліктері байқалады [5]. 
Жоғары  оқу  орындарында  азаматтық­құқықтық  білім  беру  студенттердегі  азаматтық  қасиет­
тердің, адамның құқықтары мен еркіндігі деген құрметін қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген 
сүйіспеншілікті,  патриоттық  және  ұлттық  сананы  тәрбиелеп  дамыта  отырып,  жоғары  кәсіптік білім 
беруді әлеуметтік­экономикалық және мемлекет пен әлемде болып жатқан рухани өзгерістермен тығыз 
байланысты қамтамасыз етеді. 
Оқыту  барысында  студенттердің  бойында  жылылық,  сүйіспеншілік,  туған  жерге,  туған  елге  де­
ген махаббат, ұжымшылдық, жоғары адамгершілік, мақсатқа жетудегі табандылық, қиындықтардың 
дұрыс шешімін таба білу, қиыншылықта біреуге қол ұшын беру, көмек көрсете алу, адамдардың ұлты, 
тілі мен түріне қарамастан жәрдемге келе алу, жеке басын құрметтеу, әділдік, отбасы мен қоғамдағы 
жоғары адамгершілік құлықтарын тәрбиелеу, патриоттық және ұлттық сананы тәрбиелеу азаматтық ты 
қалыптастырудың тиімді әдістеріне жатады.
Студент жастардың азаматтық ерлікті көрсетуі, табандылығы, басқа пікірлерге деген шыдамдылығы, 
заңдылықтар мен нормаларды сақтауы жастардағы азаматтықты қалыптастыру жұмыстарының тиімді 
жүргізілгенін анықтайды. 
 Студенттердің патриоттық іс­шараларға қатысуына ұмтылысы, әлеуметтік мәдени дәстүрлерді білуі 
және орындауы, өз елінің тарихи кешегісіне құрметпен қарау, өз елін қорғауға ұмтылысы, тек өзінің 
қажеттіліктері үшін ғана емес, Отанның гүлденуі үшін де қызмет жасағысы келетіні патриоттық тәрбие 
берудің деңгейін анықтайды.
Әдебиеттер:
1. Самұратова Қ. Болашақ мұғалімдердің эстетикалық тәрбие беруге даярлығын қалыптастыру //
Қазақстан мектебі. – 2004. – № 8. – 23­26 бб.
2. Зеленов Л.А., Куликов Г.И. Методологические проблемы эстетики. – М.: Высшая школа, 1982. – 
172 б.

230
3. Ахметова М. Ән өнері және уақыт. – Алматы: Өнер, 1993. – 17­20 бб.
4. Момынұлы П. Музыкалы­эстетикалық тәрбие. – Алматы, 2000. – 35­38 бб.
5. Ұзақбаева С. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халықтық дәстүр. – Алматы, 1990. –55­60 бб.
Резюме
В статье рассматриваются пути развития эстетической культуры студентов высшего учебного заве­
дения, а также выявлены интересы студентов к творческой деятельности, знанию истории своей стра­
ны, воспитанию любви к своей стране, языку, человеческим ценностям, коллективу.
Summary
In the given article, ways of development of students’ aesthetic culture are reviewed. It also detects students’ 
interests for creative activity, knowing history of their own state, nurturing love towards their own country, 
language, human values, teaming.
ӘОЖ 398.9:82.085.1

1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал