Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік



жүктеу 5.06 Kb.
Pdf просмотр
бет2/33
Дата11.01.2017
өлшемі5.06 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
частью стратегических обязательств, – гарантия конкурентоспособности будущих специалистов на ми­
ровом рынке труда, признания их дипломов.
Особая роль отводится ученым­педагогам в деле подготовки будущих высококвалифицированных 
специалистов, формирования творческой личности с развитым инновационным мышлением. Работа по 
повышению потенциала научных кадров всегда находится в центре нашего внимания. 
В 2012 году Кызылординскому государственному университету имени Коркыт Ата, являющемуся 
центром образования, науки и культуры, исполнилось 75 лет со дня основания. В связи с этим в целях 
стимулирования исследовательской деятельности профессорско­преподавательского состава, начи ная 
с 2012­2013 учебного года, 41 лучшему преподавателю ученому по итогам конкурса «Лучший препо­
даватель университета» назначена надбавка к заработной плате.
Мы считаем, что ученым­педагогам необходимо приложить все свои усилия, знания и умения для 
повышения статуса национальной системы образования, в том числе для дальнейшего развития уни­
верситетского образования, подготовки кадров инновационного содержания, развития науки в соответ­
ствии с международными требованиями.
Литература:
1. Назарбаев Н.А. «Казахстан на пути к обществу знаний» (интерактивная лекция). – Астана, 2012. – 
5 сентября. 
2. Назарбаев Н.А. «Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обществу Всеобщего 
Труда» // Казахстанская правда. – 2012. – 7 октября.
3. Закон Республики Казахстан «О науке». – Алматы: ЮРИСТ, 2012. – 24 с.
4. Бисенов К.А. Знания – сила прорыва. Инновационной можно считать только такую экономику, 
в которой наука позволяет генерировать непрерывный поток нововведений // Казахстанская правда. – 
2011. – 25 июня.
5. Колос Е.А. Проблемы инновационного развития системы высшего образования в Республике 
Казахстан / www.gosbook.ru, 2012.05.31/.
Түйіндеме 
Мақалада Қазақстан Республикасындағы жоғары кәсіптік білім беру жүйесінің дамуы, Елбасының 
сындарлы саясатының нәтижесінде іске асырылып отырған «ғылым – білім – бизнес» ықпалдасты­

12
ғының  оң  нәтиже  беру  көріністері  сөз  болады.  «Ғылым»  туралы  жаңа  Заңға  сәйкес  Қорқыт  Ата 
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жеткен жетістіктері мен алдағы жұмыс барысынан 
нақты деректер келтіріледі. 
Summary
This article is devoted to the development of an industrial training, a positive result of «science­knowledge­
business» integration which is due to a constructive policy of our President. There is an information about the 
achievements and further improvements of Korkyt Ata Kyzylorda State university according to the new law 
about «Science».
УДК 378.574.332. 
ОТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӨЛКЕТАНУ
Х. ӘБЖАНОВ, 
тарих ғылымдарының докторы, профессор,
Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
Қандай ғана болмасын халықтың тарихы мен тағдырына геосаяси орналасуы, жер көлемі, табиғаты, 
демографиялық әлеуеті, мемлекеттік билік жүйесі шешуші әсер етеді. Осы құндылықтарды қастерлеген 
әрі тереңінен ұғынған бабаларымыздан «Жері байдың – елі бай», «Көп қорқытады, терең батырады», 
«Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген қанатты сөздері бүгінге жетіп отыр. 
Халық  санының  аздығына  қарамастан  Қазақстан  –  ұлан­ғайыр  аумақты  алып  жатқан,  табиғи­
географиялық сипаты әр алуан, мемлекеттілігі бағзы заманнан тамыр тартқан ел. Қазақтар – байырғы 
тұрғындары. Сан алуан зерттеулер сайын даланың Алатаудан Атырауға дейінгі, Алтайдан Еділ­Жайық­
қа  дейінгі  аралығында  көне  дәуірден  қазақ  этногенезі  аяқталғанша  мәдени­шаруашылықтық,  ру ха ­
нитілдік, антропологиялық­нәсілдік сабақтастық үзілмегенін, небір «ақтабан шұбырынды, алқа­
көл сұлама» басқа түссе де, әрісі – сақтар, берісі – қыпшақтар киіз туырлықты, қарға тамырлы, еншісі 
бөлінбей,  тұтастығын  сақтай  алғанын  қапысыз  дәлелдеді.  Бұл  тұтастығымыздың  бұлтартпас  айғақ­
дәлелі – ортақ салт­дәстүріміз, әрбір қазаққа қымбат әсем де бай тіліміз, мың құбылған ән­күйіміз, ал­
шысынан киген тымағымыз, балдай сары қымызымыз, даланың сәні – киіз үйіміз бен сәйгүліктеріміз. 
Есік қорғанынан, Берелден, Ботайдан, сармат жауынгерінің обасынан табылған жәдігерлер мазмұны 
мен  формасы  жағынан,  философиясы  мен  эстетикалық  талғамы  тұрғысынан,  уақыт  пен  кеңістікті 
үйлесімді бейнелеуімен өз заманына қандай әр берсе, бүгінгі біздің де отансүйгіштік сезімімізді тер­
бейтіні ақиқат. Көненің баға жетпес мұралары ескі заманды бүгінмен осылай жалғап тұрғанда, тастағы 
жазулардың сырына ден қоюмен арғы бабаларымыздың ізгі ақ ниетіне, даналығына, мәрттігі не қайран 
қалмасқа және болмайды. Ұрпағына мәңгі ел аманаттауды армандаған олардың:
Беңгу таш тоқытдым, бітідім,
Аны көріп, анча білің
Мәңгі тас тоқыттым, жаздым,
Оны көріп солай біліңдер, –
деген өсиетін түсінбейтін исі қазақ баласы жоқ. 

13
Сөйте  тұра  Атырауды  Алтаймен,  Арқаны  Жетісумен,  Тұранды  Сарыарқамен  шатастырып  алу 
мүмкін емес. Есте жоқ ескі замандардан қай­қайсысы өзіне ғана тән экономикалық әлеуетімен, беріде 
рулық­тайпалық құрылымымен, бүгінде Алтай түсті металымен, Атырау мұнай­газымен, Жетісу, Тұран 
жеміс­жидегімен, мақта, күрішімен, Арқа көмір, темірімен, Көкшетау Бурабайымен ерекшеленеді. Әр 
аймақтың, өңірдің мақтанышына, тіпті нышанына айналған тұлғаларымыз қаншама. Әл­Фараби, Яс­
сауи бабаларымызды Отырар, Түркістанмен, Абайды, Мұхтарды Шыңғыстаумен, Шоқанды Көкшетау­
мен, Сүйінбай, Жамбылды Алатаумен, Қорқыт атаны, Бұқарбай батырды, Мұстафа Шоқайды Сыр бой­
ымен, Сырым, Махамбет, Құрманғазыны толқыны таудай Каспиймен, Нарын құмдарымен бірге ауызға 
алатынымыз жер­жерге бөлінгенімізді емес, сан қырлы екенімізді дәйектеуден ғана шыққан құбылыс. 
Қария  тарихты  артта  қалдырған  сабақтастық  пен  тұтастық  Ұлы  далаға  ежелден  етене  бәсеке ге 
қабілеттілікті,  өміршеңдікті  шыңдады.  Ол  қазақ  қоғамының  табиғатына  бойлай  алмағандар  айтқан 
көшпелілердің уақыт пен кеңістікте ұшарын жел, қонарын сай білгендіктен мал соңында салпаңдап, 
дамуға бейімделе алмағанымен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Жылдың төрт мезгіліне орай көшіп­
қону  қоғамның,  оның  мүшелерінің  жинақы,  сақадай  сай  тұруын,  табиғатпен  жарасымды  тілдесуін 
талап  етеді.  Осынау  экожүйе  цехтық,  мануфактуралық,  зауыт­фабрикалық  өндіріс  дүниеге  келген­
ше  адамның  интеллектуалдық,  рухани,  имандық  кемелденуіне  барлық  жағдайды  туғызып,  құлдық, 
басыбайлық  сияқты  қасіреттерден  азат  әлеуметтік  субьектілерді  әрдайым  жасампаздық  әрекетке 
жетеледі. Сақтардың аң стилі, байырғы түркі жазуы, сәулет өнері, ертегі­аңыздар, мың жылдық тари­
хы бар «Алпамыс», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырлары кездейсоқ туа қалмайды. Әйтпесе ХІ ға­
сыр туын дысы «Диуани лұғат ат­түрікте» Махмұд Қашқари табиғатты, қоршаған ортаны, фауна мен 
флораны саналы тірлік иесіндей суреттегені биікке көтерілмес еді. Мұнда қар, мұз, су, тау, киік, арқар, 
бәйшешек, гүл, найзағай, Еділ өзені, балық, жыл маусымдары әсем бейнеленген. Тіпті қыс пен жаздың 
айтысатыны бар.
Жаз айтады: Мен адамдарды да, қара малды да семіртіп, мүшелерін нығайттым. Менің тұсымда 
ауру­сырқау азаяды. Адамдардың еттері қатады, өздері күш­қуатқа енеді.
Қыс айтады: Қар тек қыста ғана жауады. Арпа, бидай, тағы басқа егіндер қардан нәр алып өнеді. 
Жаман адамдар, дұшпандар мен келгенде тынышталады, сен келген бойда­ақ олар әрекетке кірісіп, 
тықырши бастайды.
Жаз айтады: Мен келгенде жылқылар жерден өздері шөп жейді. Шұрайлы шөптер жеп семіреді, 
бектер семіз аттарға мінеді, қуаныштан бірін бірі қытықтап ойнайды.
Мұндай пейзаж Қайта өрлеуге дейінгі Еуропа әдебиетінде кездеспейтінін ғалымдар, біріншіден, же­
ке адамның табиғаттан ажырамағанымен, екіншіден, адам бостандығының, бас еркінің болмағанымен 
түсіндіреді. «Ортағасырлық әдебиетте табиғатты суреттеу жоқ» («В средневековой литературе отсут­
ствует описание пейзажей»), – дейді салыстыру әдістемесін зерттеуші Г.Ю. Любарский [1]. Сагалар­
ды зерттеуші М.И. Стеблин – Каменскийдің пікірінше: «Мұндай қабылдаудың болмауы, бұл – адам 
мен  табиғат  біртұтастығы  жоғалмағанының  көрінісі.  Сағаларда  пейзажды  суреттеудің  жоқтығы, 
әрине, әдеби форма емес, одан өзгеше форманы зерделеу де емес, ол адами тұлғаның шегін, табиғатты 
эстетикалық қабылдау үстемдік етуден өзгеше рухани мазмұнды бейнелейді» («... отсутствие такого 
восприятия – это проявление еще не утраченного единства человека и природы. Поэтому отсутствие 
пейзажа в сагах – это, конечно, не литературная форма, осознаваемая на фоне отличной от нее формы, 
а определенное духовное содержание, подразумевающее границы человеческой личности, отличные от 
тех, которые стали господствующими с тех пор, как развилось эстетическое восприятие природы») [2]. 
Осы  екі  уәждің  алғашқысымен,  яғни  адам  мен  табиғаттың  тұтастығы  ортағасырлық  еуропалық 
әдебиетте  пейзаж  суреттеуге  бөгесін  болды  деген  тұжырыммен  келісу  қиын.  Табиғатпен  тұтасудың 
классикалық  нұсқасы  мен  заңдылықтары  көшпелілерге  тән.  Және  ол  қазақ  даласында  «Неолиттік 
революциядан»  ХХ  ғасырдың  30­шы  жылдарына  дейін,  демографиялық  апат  әкелген  күштеп 
ұжымдастыруды жүзеге асырғанша сақталғаны мәлім. Ал осынау аралықта адамзат өркениетіне салған 
олжамыз қисапсыз. Демек, Қайта өрлеуге дейінгі Еуропа әдебиетінің балаңдығын адам мен табиғат 

14
арасындағы тұтастықпен байланыстырмай, сол құрлықтың рухани­мәдени дамуда Ұлы даладан көш 
кейін тұрғанынан іздеген жөн шығар.
Өткен  тарихымызда,  әр  аймақтың,  өлкенің  тарихында  біз  ұялатын  ештеңе  жоқ.  Ұлт  мемлекетін 
құруда, шекарасын бекемдеуде, азаматтық қоғам түзуде, алыс­таяу елдермен аралас­құраласта тарихи 
дамудың біраз белесін біреуден ілгері, біреуден кейін жүріп өттік. Біз бұл жерде даму тезисін бекер 
алға тартып отырған жоқпыз. Этникалық, саяси, шаруашылық­мәдени тұрғыдан келсек, тарихи даму 
дегеніміз,  біздің  ойымызша,  шыққан  тегінен,  бастау  бұлағынан,  арнасынан  сабақтастығын  үзбеген, 
мәнді  байланысы  мен  қатынасын  сақтаған  қоғамда  құрылымы,  функциясы,  әлеуеті  өзгеше  жаңа 
құбылыстардың табиғи – ырғақты түрде дүниеге келіп орнығуы. 
Сабақтастық  пен  жаңа  құбылыстар  табиғи  –  ырғақты  негізде  және  уақыт  пен  кеңістіктегі  қа­
жеттілікке  сай  заңдылықтар  аясында  өрілгенде  тарихтағы,  этнос  болмысындағы,  әсіресе  рухани 
әлеміндегі тұтастықты бір дәуірден екінші дәуірге жалғайды. Әр дәуірдің өзіне лайық іштей жетілуі, 
жаңа  құбылыстардың  тереңдей  түсуі,  құрылымдық,  өңірлік  ерекшеліктерінің  бедерленуі  болатыны 
түсінікті жәйт. Осының саз өнеріндегі көрінісін ұлы ойшыл Әл­Фараби Х ғасырда дәйектеген екен. 
«Музыка туралы үлкен кітабында» («Большая книга о музыке») адам жанына әсер етуші құдіретіне қарай 
әуен мен дауысты жанр, түр, тек бойынша жүйелеумен музыканың үш қасиетін айшықтапты. «Бірін­
ші қасиеттегі музыка, – дейді Әл­Фараби, – жаныңды ғана жайландырады, екінші қасиетке ие музыка 
құл шыныс шақырады, үшінші қасиеті бар музыка қиялыңды қияға шығарады» («Музыка первого рода 
просто доставляет удовольствие, музыка второго рода выражает (и вызывает) страсти, музыка третьего 
рода возбуждает наше воображение»). Әлемнің екінші ұстазы өзінің ой­түйіндерін тарихи динамика­
да  емес,  статикалық  ахуалға  жақын  ғылыми  әдіспен  баяндайды.  Әйткенмен  Әл­Фараби  ұстанымын 
басшылыққа  алсақ,  тарих  қойнауынан  ширығып,  шымырлап  шыққан  дәстүрлі  қазақ  музыкасын,  әр 
өлкеге  тән  ерекшелігін  жазбай  танимыз.  Мәселен,  бірінші  қасиетті  бойына  сіңірген  ән­күй  Жетісу 
мен Тұранда, Жамбыл мен Кененнің, Байсеркенің шығармаларында тұнып тұр. Олар, Әл­Фарабидің 
сөзімен айтсақ, тыңдаушыға қанағат береді, жаныңды жайландырып, ризашылық пен рахатқа бөлейді, 
құлақтан  кіріп,  көз  алдыңа  әсем  суреттер  елестетеді  («просто  доставляет  удовольствие,  вызывает  в 
душе приятное, восхитительное и успокаивающее чувство, оно действует на наши слуховые органы 
(уши), как декоративный рисунок действует на наши глаза»). Арада он ғасыр уақыт өткен соң Ке нен 
әндерін талдаған А. Жұбановтың ойы Әл­Фарабимен үндесіп жатыр. «Көкшолақ» әні, – дейді Ахаң, – 
Жетісудың дәстүрінде, халықтық интонация негізінде шыққан... орындауға да жеңіл, музыкалық жа­
ғынан  аса  мазмұнды,  қоңыр  ән,  өлеңнің  сөзіне  сай  келеді».  «Қос  қалқа»  әні  шағын  көлемді,  халық 
әндерінің қысқа демді әндерінің әуенінде шығарылған. Қайырмасында да шырқап, аспандап кетпейді, 
сол  бір  шамада  қалады.  Жалпы  Жетісу  әндерінің  жан  ауыртпайтын,  шағын  диапазонды  қалпында» 
десе, «Мөртай» да басы­аяғы жинақы, тиянадай ән. Басынан аяғына шейін бір ырғақтан ауыспайды. 
Дауыстың орта регистрі мен төменгі регистр айналасында басталып, сонда бітеді. Ән жұмсақ, жүрек­
ке жылы тиеді» деумен Әл­Фараби айтқан бірінші қасиетті музыканың қазақстандық географиясын 
дәл анықтады.
Екінші қасиетке ие музыка еліміздің Батыс өңіріне қонған. Құрманғазының күйлері, Мұхиттың әндері 
құлшыныс пен әрекетке толы. Бұлар, Әл­Фараби айтқандай, құдай идеясынан бұрын, құдайдай әрекетті, 
мінезді, құдіретті ұлықтайды («Напоминали действия, характер, могущество богов, ... а не идею бога»). 
Тағы да А. Жұбановты тыңдап көрелік. Мұхиттың «Кіші айдайы» «Замана бұлбұлдарында» былайша 
сипатталады: «Ән салған жерден кульминациялық дыбыстардан басталып, сол дыбысқа қайталап үш­
төрт  рет  төнеді.  Ондай  творчестволық  күш  шығарушының  бәрінде  бірдей  бола  бермейді.  Аспапты 
музыкада  айта  қаларлықтай  кульминация  шыңы  және  оған  бірнеше  рет  шығу  тек  Құрманғазыда 
кездесетін... Қазақ халқының ән байлығына емін­еркін еніп, көп зерттеген композитор Е. Брусиловский 
Мұхиттың бұл әнін Пуччинидің музыкасындағы шыңға көтерілуімен теңейді. Әділ теңеу!.. Осы бір 
ән де Мұхиттың творчестволық құлашы тіпті кең жайылғаны сондай, анау­мынау әнші айта алмауы осы 
күнге шейін келеді». Күй өнерінің білгірі А. Сейдімбек те осы идеяны қуаттайды. «Құрманғазының, – 

15
дейді ол, – бірде­бір күйінде күйректік жоқ. Оның есесіне келер күндерден тек қана жақсылық күткен 
жігерлі сезім шарасынан асып­төгіліп жатады».
Үшінші қасиетті музыканың географиялық аумағы Арқаны, Алтайды, Көкшені қамтып, Ақан сері­
нің, Біржан салдың, Тәттімбеттің шығармаларымен Ұлы даланы тербеді, тыңдаушысын философия­
лық, дидактикалық ой әлеміне жетеледі. Қиялды қияға қондыратын ән­күй шешеннің сөзіндей пайда­
лы әрі бәрінен әсерлі екен («Музыка, которая возбуждает воображение, приносит такую же пользу, 
как ораторская речь... Поэтические речи, действуя совместно с приятной мелодией, будут иметь более 
сильное влияние»).
Музыкалық талдауындағы Әл­Фарабидің басты қорытындысы да қазақ жеріндегі тарихи дамудың 
өзегі, аумақтық ерекшеліктері, сабақтастық және жаңа құбылыс жайлы ой­тұжырымымызды бекем­
дей түседі. Тыңдаушыға әсері жағынан музыкаға тән үш қасиетті алға тартқан ұлы ойшыл олардың 
арасына Қытай қорғанын тұрғызбайды, қайта бір­бірін байытумен, өзара ықпалдастығымен, кірігуімен 
ең  кемел  шығарма  дүниеге  келетінін  еске  салады.  «Әуен  мен  поэтикалық  жанрдың  үш  түрінің  де 
басын қосқан музыка ең жетілгені, ең тамашасы және ең пәрмендісі болып табылады, нәтижесінде 
барлық табиғи сапаны бойына сіңіреді» дейді ол («... наиболее совершенной, наиболее превосходной и 
наиболее эффектной является, таким образом, такая музыка, которая обьединяет все три вида мелодии 
и поэтического жанра, в результате чего приобретает все естественные качества»).
Енді  осы  танымдық  тұжырыммен  бүгінгі  күнге  көз  жүгіртсек,  өз  өлкесінің  ән­күй  мектебі  өкілі 
болып  қала  берумен  әрі  музыканың  үш  қасиетін  ұштастыра  алғандықтан  қазақ  ұлтының  рухани 
мәдениетін  асқақтатқан  тұлғаларды  көреміз.  Олар  композиторларда:  Ш.  Қалдаяқов,  Н.  Тілендиев, 
Н. Бекежанов, И. Жақанов, М. Шаханов,Т. Момбеков, А. Сейдімбек, Қ. Ахмедияров, С. Тұрысбеков, 
орындаушыларда: К. Байсейітова, Ғ. Құрманғалиев, Ж. Елебеков, Д. Рақышев, Ж. Кәрменов, М. Ера­
лиева, Қ. Байбосынов, Р. Рымбаева, Б. Тілеуханов, Р. Стамғазиев, М. Сәдуақасова, тағы басқалар.
Отан тарихының өлкелік ерекшеліктерін әлеуметтік құрылымдағы, тілдегі, ділдегі, салт­дәстүрдегі 
бұрын  барша  қоғам  қастерлеген,  қазір  ішінара  сақталып  қалған  құндылықтар  мен  ұстанымдардан 
байқай аламыз. Мәселен, Наурыз мейрамын тойлау Батыс өңірінде көрісумен басталса, Арқада ол жоқ. 
Сәбиді  қырқынан  шығару,  бесікке  салу  жөн­жоралғысында  айырмашылықтар  бар.  Этнограф  ғалым 
Д.  Ескекбаевтың  дәйектеуінше,  өлік  жөнелтуге  байланысты  әдет­ғұрыптарымызда  да  ерекшеліктер 
болған [3]. Мәселен, мәйітті молаға дейін жеткізуге арналған арнайы ағаштан жасалынған «табыттар» 
Қазақстанның Оңтүстік, Батыс облыстарында, Орта Азия халықтарында кездессе, керісінше, еліміздің 
Шығыс облыстарында және Алтай қазақтарында қолданылмаған. Ал Орынбор облысы қазақтарында 
арнайы  жасалынған  осындай  табыттарды  «бесік»  деп  атайды  екен.  ХІХ  ғасыр  мен  ХХ  ғасыр  бас 
кезінде бұл бесік табыттар бүкіл ру адамдары үшін тек біреу ғана болып, ол соңғы өлік шыққан үйде 
сақталынып, кейініректе әр үй өздері үшін бөлек жасап алатын болған. 
Өлкелік  ерекшеліктер  киім  түрлерінде,  кәсіпте,  үйлену  мен  қыз  ұзату  дәстүрінде,  баспана  мен 
тағам түрлерінде орын алғаны сөзсіз. Бұлардың табиғатын, мән­мағынасын, парқы мен нарқын бұзған 
дүлей күш – отарлау мен кеңестік тоталитаризм. Табиғи­ырғақты даму заңдылығы бұзылғандықтан 
байлығымыз тоналып, ұлыларымыз қуғын­сүргінге түсіп, бек ұлдарымыз құл, пәк қыздарымыз күң 
санатына қосылғаны өз алдына, қазақ өзін өзі танымауға бет бұрды. Бірін бірі «мәмбет», «мәңгүрт» 
деуге  барды.  Атасы  мен  әжесі  немересімен  ана  тілінде  әңгімелесуден  қалды.  Уыздайынан  бесік 
жырына,  халықтың  ән­күйіне,  бабалар  сөзіне  жарымаған  ұрпақ  домбыраны  –  ескінің  сарқыншағы, 
Шоқанды – актер, Абайды – наркоман деуге барды, Мэлс, Совхозбек, Венера, Диана тәрізді есімдерді 
иеленді. Тәуелсіздік тұсында да «әттеген­айымыз» азаймай тұр. Исламнан басқа дінге кірген қазақтар 
баршылық.  Жастардың  біразы  күндіз­түні  көріп,  тыңдайтыны,  аузынан  суы  ағып  тамсанатыны 
Батыстың, Голливудтың сау адамды есінен айыратын арзанқол туындылары екенін кімнен жасырамыз? 
Өсек пен өтірікті жүндей сабаған, төсектен, анайы құмарлықтан басқа айтары жоқ газет­журналдар 
қолдан түспеуге айналды. Міне, осының бәрін қайта қалпына келтіру үшін де өлке тарихын жаңаша, 
ұлттық реңкі қанық мазмұнда жазу керек. Өлкетану тезге салынбай, ұмытылған есімдерді жаңғырту, 

16
бұрмаланған атауларды түзеу, ойрандалған ономастиканы қазақтандыру алға баспайды, жүйесіздікке 
ұрынады.  Туған  өлке  тарихын  білу  Отан  тарихын  игерумен  ұштасқанда  ұлттық  патриотизм  екі  есе 
қуаттанады. Тойған жерін емес, туған елін, ана тілін, ата тарихын, салт­дәстүрін ұлықтайтын, жақсы 
менен жаманды, біз бен оларды ажырата алуымен бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ қалыптасады.
Қысқасы, тарихты этностан, адам әрекетінен, уақыт пен кеңістіктен тыс қарау – бекер әурешілік. 
Қоныстанған аумағының ұлан­ғайыр кеңдігі, табиғи, географиялық әралуандық, іргелес этностардың 
әсері қазақ халқының біртұтас тарихымен қатар өлкелік тарихын қалыптастырды.
Өлкелік  тарихтың  географиялық  шекарасын  анықтау  үшін  басшылыққа  алатын  өлшемдер  аз 
емес. Егер бүгінгі әкімшілік­аумақтық бірлікті ұлықтасақ, он төрт облыстың он төрт тарихын түзуге 
болады.  Экономикалық­табиғи  аудандастырумен  бес  өлкелік  –  оңтүстік,  солтүстік,  батыс,  шығыс, 
орталықтарихын жіктей аламыз. Рулық­тайпалық құрылым үш жүздің – Ұлы жүздің, Орта жүздің, Кіші 
жүздің өлкелік тарихын жазуды талап етеді. Ауылдың, мектептің, кәсіпорынның, жеке тұлғаның өткені 
мен тағдырын саралаумен микротарихты түзуді қалайтындарды білеміз.
Осынау міндеттің үдесінен шығу үшін, біздің пайымдауымызша, шынайы тарихты жаза алатын кәсі­
би тарихшылар қарымын ұйыстыра білу қажет. Тап қазір онсыз да қатары сирек ғалым тарихшыларды 
ауданның, ауылдың, оқу орнының тарихын жазуға жегумен тарыдай шашыратып жібергенше, қолда 
бар күшті жинақтап, үйлестіріп, экономикалық­табиғи мойындалған бес өлкенің тарихын түзуді баста­
ған жөн. Біз бұл жерде негізгі бағытты ғана нұсқап отырмыз. Ал бағыт – мақсатқа жеткізетін тура жол 
емес. Тура жолды жергілікті зиялы қауым ғана дөп басып таба алады.
Әлем  халықтарының  маңдайына  Қайта  өрлеу  құбылысы  жазылған  екен.  Ол  адамның  жеке  басы 
азаттыққа, еркіндікке жетумен келмек. Біз Қайта өрлеу табалдырығынан енді ғана аттадық. Алда та­
рихи міндеттер тұр. Қазақстандық Қайта өрлеуді ақиқатқа айналдыру – ұлт зиялысына сын. Ал оның 
бір парасы өлке тарихын түзу екені күмәнсіз. 
Отан тарихы мен өлкетанудың жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды қалыптастыруда ауадай қажет­
ті гін Тұңғыш Президентіміз – Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев үздіксіз айтып келеді. «Қазақстанның 
әлеу мет тік   жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам»  бағдарламалық  мақа­
ласын да нақты тапсырмалар берілді [4]. Онда «ҚР Білім және ғылым министрлігі: 
– 2013­2014 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісінде білім берудің 
интерактивті түрлерін пайдалануды кеңейтуді және онлайн­оқытудың арнаулы оқу бағдарламаларын 
енгізуді көздесін; 
– Қазақстан тарихы бойынша оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талдаудан өткізсін, 
оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудың мазмұны мен пішінін өзгерту жөнінде іс­шараларды 
жүзеге асырсын; 
– Орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік 
табыс  негіздері»,  «Қазақстан  құқығы»,  «Өлкетану»  сияқты  міндетті  оқу  курстарын  енгізу  жөнінде 
ұсыныс жасасын» делінген. 
Демек, Отан тарихы мен өлкетанушыларды алда жауапты міндеттер күтіп тұр. 
Әдебиеттер:
1. Любарский Г.Ю. Морфология истории. – М., 2000. 
2. Забулионите А.К. Теоретические проблемы понимания культуры как целостности // Вестник СПб.
ГУ. – 2004. Сер. 6. – Вып. 5. 
3. Қазақстан өнер тарихы. – Алматы, 2001. – 277 б.
4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 
20 қадам // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 шілде.
Резюме
В статье рассматривается нынешнее состояние отечественного краеведения. Отмечается, что мест­
ное краеведение является важнейшей составляющей отечественной истории. На конкретных краевед­

17
ческих материалах обогащается отечественная история, укрепляется ее источниковедческая основа, а 
также подчеркивается роль краеведческих материалов в воспитании подрастающего поколения. 
Summary
In this – «History of fatherland and actual problems of local history» article considers contemporary history 
of fatherland. Author told about importance of domestic local history. In specific local history materials is 
enriched fatherland history, improved source studies foundation of fatherland history. And also given meaning 
of local histories materials in upbringing the younger generation.
УДК 629.33.002.8

жүктеу 5.06 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет