Issn 1563-0269 Индекс 75871; 25871



жүктеу 5.03 Kb.

бет7/26
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

Әдебиеттер 
 
1  Ганиев  Р.  Т.  Китайские    письменные  источники  о  восточных  тюрках  в  Центральной  Азии // Известия  Уральского 
государственного университета. Гуманитарные науки. №4 (82), 2010. 172-179 бб. 
2  Қазақстан  тарихы  туралы  қытай  деректемелері. IVтом.  Әулеттік  тарихи  жылнамалар. 2-бөлім. – Алматы:  Дайк 
Пресс, 2006. – 408 б. 
3  Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в древности в Средней Азии. – М.-Л.: АН СССР, 1950. – Т.1. 
– 381 с.  
4  Бернштам  А.Н.  Н.Я.  Бичурин  (Иакинф)  и  его  труд // Бичурин  Н.Я.  Собрание  сведений  о  народах  обитавших  в 
древности в Средней Азии. – М.-Л.: АН СССР, 1950. – Т.1. – 381 с.  
5  Кюнер Н.В. Китайские известия о народах Южной Сибири, Центральной Азии и Дальнего Востока.– М., 1961 
6  Кюнер  Н.В.  Работа  Н.Я.  Бичурина  (Иакинфа)  над  китайскими  источниками  для  «Собрание  сведений  о  народах 
обитавших в древности в Средней Азии» // Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в древности в Средней 
Азии. – М.-Л.: АН СССР, 1950. – Т.1. – 381 с.  
7  Liu Mau-Tsai. Die chinesischen Nachrichten zur Geschichte der Ost-Turken (Tu-kue). Gottingen Asiatische Forschungen. – 
Wiesbaden. 1958.  
 
References 
 
1  Ganiev R.T. Kitaiskie pismennye istochniki o vostochnych turkah v Centralnoi Azii // Izvestia Uralskogo gosudarstvennogo 
universiteta. Gumanitarnye nauki. №4 (82), 2010. 172-179 bb.; 
2  Kazakhstan tarihy turaly kytai derektemelery. IV tom. Aulettik tarihi zhylnamalar. 2-bolim. -Almaty: Dayk Press, 2006. – 
408 b.; 
3  Bichurin N.Ya. Sobranie svedenii o narodah obitavshih v drevnosti v Srednei Azii. – M.-L., ANSSSR, 1950. – Т.1. – 381 s; 
4  Bernshtam A.N. Bichurin N.Ya. I ego trud // Bichurin N.Ya. Sobranie svedenii o narodah  obitavshih v drevnosti v Srednei 
Azii. – M.-L., ANSSSR, 1950. – Т.1. – 381 s; 
5  Kiuner N.V. Kitaiskie izvestia o narodah Uzhnoi Sibiri, Centralnoi Azii I DalnegoVostoka. – M., 1961. – 587s.; 
6  Kiuner N.V. Rabota Bichurin N.Ya. Nad kitaiskimi istochnikami dlia Sobranie svedenii o narodah obitavshih v drevnosti v 
Srednei Azii // Bichurin N.Ya. Sobranie svedenii o narodah obitavshih v drevnosti v Crednei Azii.– M.-L., ANSSSR, 1950. – Т.1. – 
381 s; 
7  Liu Mau-Tsai. Die chinesischen Nachrichten zur Geschichte der Ost-Turken (Tu-kue). Gottingen Asiatische Forschungen. – 
Wiesbaden. 1958.  
 
 
 
Түрік қағанаты тарихы туралы қытай деректері 

42 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
 
 
 
ӘОЖ 94.(574). «17-18»                               
 
Б.Б. Кәрібаев 
 
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 
тарих, археология және этнология факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, 
Қазақстан, Алматы қ. 
E-mail: bereket.bk@mail.ru
 
 
Төле би және XVIII ғасырдың I жартысындағы  
Қазақстан тарихының мәселелері 
 
Автор бұл мақаласында XVIII ғ. 30-50 жылдарында қазақ қоғамында ерекше рөл атқарған тарихи тұлға-
лардың бірі – Төле бидің тұлғалық бейнесіне тоқталып, ол арқылы сол жылдардағы қазақ тарихының күрделі 
мәселелерін қарастырады. Төле бидің өмір сүрген жылдары қазақ тарихындағы ең бір ауыр кезеңге жатады. 
Қазақ тарихында «алтын ғасыр» немесе «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман деген атауға ие болған 
Тәуке  ханның  билік  құрған  жылдары  ол  қайтыс  болғаннан  кейін(1715)  қазақ  қоғамы  үшін  қол  жетпес 
сағымға  айналып  кетеді.  Тәуке  ханның  қайтыс  болуымен  Қазақ  хандығы  дәуірінің  бір  кезеңі  аяқталып, 
екінші кезеңі басталады. Билеуші топ арасында саяси бірліктің болмауы қазақ мемлекеттілігін бірнеше саяси 
құрылымдарға  ыдыратып  жібереді.  Оның  салдарынан  қазақ  қоғамы  шығыстағы  көршісі – Жоңғарияның 
басқыншылық жорықтарына жөнді тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Қазақ жерінің бір бөлігі – Жетісу жері 
сол  ауыр  жылдары  жоңғарлардың  қол  астына  уақытша  бағындырылады.  Төле  би  секілді  ұлы  тұлғалардың 
арқасында  сол  аумақтағы  қазақ  ру-тайпалары    өздерінің  тұтастығын  сақтап  қалады.  Мақалада
, сондай-ақ 
автор  жазба  дерек  мәліметтері  негізінде  Төле  бидің  бүкіл  қазақ  қоғамында  қалыптасқан  саяси  мәселелерге 
байланысты көзқарастары мен іс-әрекеттерін ашық көрсетеді. 
Түйін сөздер: Төле би, Ұлы жүз, Тәуке хан, Есім хан, Қайып хан, Болат хан, Кіші жүз, Әбілқайыр хан, 
Жолбарыс хан, Түркістан, Сәмеке хан.  
   
Б.Б. Карибаев 
Толе би и проблемы истории Казахстана первой половины XVIII в. 
 
Автор  в  данной  статье  останавливается  на  исторической  личности  Толе  би,  игравшей  особую  роль  в 
казахском  обществе 30-50-х  гг. XVIII в.,  рассматривая  в  этом  ракусре  сложные  проблемы  истории 
Казахстана. Годы жизни Толе би пришлись на особо сложный период в истории Казахстана. Годы правления 
хана Тауке в истории Казахстана именуются «золотым веком», когда «на спине овцы гнездовали птицы», но 
после его кончины  (1715 г.) завершился этот этап и начался новый.  
Вследствие  отсутствия  единства  в  правящей  прослойке,  казахская  государственность  распалась  на 
несколько политических образований. Как результат, казахское общество не смогло противостоять набегам 
Джунгарского  ханства.  Часть  казахских  земель – Семиречье – в  те  трудные  годы  отошла  временно  во 
владение  джунгар.  Благодаря  мудрости  Толе  би,  казахские  роды  и  племена  в  то  время  сохранили  целост-
ность.  В  статье  также  автор  на  основании  письменных  источников  показывает  тактику  и  стратегические 
взгляды взгляды Толе би и его деятельность по своевременному решению проблем казахского общества. 
Ключевые  слова:  Толе  би,  Старший  жуз,  Тауке  хан,  Есим  хан,  Кайып  хан,  Младший  жуз,  Болат  хан, 
Абулхаир ханЖолбарыс хан, Туркестан, Самеке хан.  
 
B.B. Karibaev 
Tole by and problems in the history of Kazakhstan the first half of the XVIII century 
 
The author of this article dwells on the historical figure of Tole by, who played a special role in Kazakh society 
30-50-s of XVIII century. Considering this rakusre challenges the history of Kazakhstan. Years of life Tole by 
occurred in a particularly difficult period in the history of Kazakhstan. During the reign of Khan Tauke in 
Kazakhstan's history called the "golden age", when "on the back of sheep, birds nest”, but after his death (1715) 
completed this step and started a new one.  
Due to the lack of unity in the ruling stratum, the Kazakh state broke up into several political entities. As a result, 
the Kazakh society was unable to resist the attacks of Junggar Khanate. Part of the Kazakh lands - Seven Rivers - in 
those difficult years, moved temporarily into the possession Jungars.  
Thanks to the wisdom of Tole by, the Kazakh clans and tribes at the time maintained integrity. The article also an 
author on the basis of written sources, shows tactics and strategic views views Tole and his efforts to the timely 
resolution of problems of the Kazakh society. 
Keywords: Tole by, Great Horde, Tauke Khan, Yesim Khan, Kaiyp Khan, Junior Horde, Bolat Khan, Abulkhair 
Khan, Khan Zholbarys, Turkestan, Sameke Khan.
 
 
 
 
Б. Б. Кәрібаев 

43 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
Бірнеше мыңжылдық Қазақ елінің тарихын-
да  әр дәуірдің алатын өз орны бар. Хандық дәуір 
деп аталатын тарихи кезеңге XV ғасырдың ор-
тасынан XIX ғасырдың  бірінші  ширегіне 
дейінгі  уақыт  жатады. Бұл  тарихи  дәуір – Қа-
зақ хандығының тарих мінберіне көтерілуімен 
басталса, XIX ғасырдың 20-шы  жылдарының 
бірінші бөлігінде оның тарих көшінде қалумен 
аяқталады.  Үш  жарым  ғасырдан  астам  уақыт 
өмір сүрген Қазақ хандығының  тарихы шарт-
ты түрде  екі үлкен кезеңге бөлінеді. Біріншісі 
– бір орталықтан басқарылатын хандық кезең, 
ал  екіншісі – Қазақ  мемлекетінің  бытыраңқы-
лық  кезеңі. XVIII ғасырдың  басында  Тәуке 
ханның  қайтыс  болуымен  хандық  дәуірдің  бі-
рінші  кезеңі  аяқталып,  екінші  кезеңі  бастала-
ды.  Біз  қарастырып  отырған  тарихи  тұлға - 
Төле  бидің  өмір  сүрген  жылдары  бір  орта-
лықтан  басқарылатын  кезеңнің  соңғы  және 
бытыраңқылық  кезеңнің  алғашқы  сатыларына 
тура  келеді.  Бір  дәуірдің  екі  кезеңін  басынан  
өткерген  тарихи  тұлғаның  қоғам  дамуының 
барысын,  тіпті,  өмірдің  өзін  замандастарына 
қарағанда  тереңірек  сезінгенін  оның  халқы-
мыздың рухани байлығына айналған шешендік 
сөздерінен,  жеке  адам,  қоғам,  ел,  халық  және 
олардың болашағы жөнінде айтқан небір асыл 
ойларынан, кесімді шешімдерінен  байқалады.  
Төле  бидің  өміріне  қатысты  қазіргі  күнде 
тарих  ғылымына  белгілі  жазба  деректер  ту-
ралы  онша  көп  мақтана  алмаймыз. XVIII ға-
сырдың 30-50 жылдарындағы  қазақ-орыс  қа-
тынастарын  баяндайтын  орыс  тіліндегі  мате-
риалдарда Төле би есімі Ұлы жүздің ең белгілі 
билерінің бірі әрі билеушісі  ретінде  және сол 
жылдардағы  қоғамдық-саяси  өмірге  белсене 
араласқан  тұлға    ретінде  кездеседі[1,103; 118; 
435; 486-487; 490 – бб.; 2, 341; 351; 565 – бб.]. 
Бірен - саран  мәліметтер  қытай  деректерінде 
ұшырасады[3,28-31-бб.].  Ал  ауыз  әдебиетінің 
материалдарына келсек, олар  жетіп артылады. 
Солардың  ішінде  халық  ақыны  Қазанғап  Бай- 
болұлының(1891-1945) «Төле  бидің  тарихы» 
атты тарихи дастаны ерекше орын алады[4, 3-
126  бб.].  Сондай-ақ  халық  арасында  кең  тара-
ған Төле бидің нақыл сөздері, баталары, өсиет-
тері,  ұшқыр  ойлары  тұлғаның  тарихи  болмы-
сын  ашуға  көмектеседі[5].  Ал  енді  салыстыр-
малы түрде алсақ, Төле биді отандық тарихна-
мада өзіне лайықты бағасын алған тұлға деуге 
толық  негіз  бар[6, 7, 8,]. Ал  болашақ  зерттеу-
лер  оның  тарихи  болмысын  одан  әрі    аша  тү-
седі,  өмірінің  кейбір  тұстарын  толықтыра  тү-
седі дейміз.  
Қазақ  тарихында  «алтын  ғасыр»  немесе  
 
«қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған»  заман 
деген  атауға  ие  болған  Тәуке  ханның  билік 
құрған  жылдары  ол  қайтыс  болғаннан  кейін 
(1715) қазақ қоғамы үшін қол жетпес сағымға 
айналып  кетеді.  Тәуке  ханның  қайтыс  болуы-
мен  Қазақ  хандығы  дәуірінің  бір  кезеңі  аяқ-
талып,  екінші  кезеңі  басталады.  Осы  екінші 
кезеңнің  алғашқы  сатыларындағы  қазақ  қоға-
мының ішкі және сыртқы саяси жағдайларына 
назар салып көрелік. 
Ш.Ш.Уәлиханов  Тәуке  хан  қайтыс  болған-
нан кейінгі қазақ елінің жағдайын былайша си-
паттайды: «XVIII ғасырдың  алғашқы  онжыл-
дықтары  қазақ  халқы  үшін  өте  қиын  уақыт  
болды.  Жоңғарлар,  Еділ  қалмақтары,  Жайық 
казактары  және  башқұрттар  қазақтардың  ұлыс-
тарын жан-жақтан талап, малдарын айдап әке-
тіп, адамдарын отбасыларымен бірге тұтқынға 
әкетіп  отырды.  Қыстың  аяздары  мен  аштық 
құдайдың  жіберген  сынағы  тәрізді,  халықтың 
қасіретін  одан  әрі  қиындатып  жіберді.  Орын-
борда  болған  қазақтың  бір  рубасы  халқының 
жағдайын бір топ тазыдан қашып келе жатқан 
қоянға теңеген»[12,111].  
Тәуке  ханнан  соң  билікте  болғандар  Есім 
ханның  бір  ұрпағы  Қайып  хан (1716-1718), 
одан кейін билікке келген Тәукенің үлкен ұлы 
Болат хан (1718-1723) қазақ қоғамында қалып-
тасқан  ішкі  саяси  қайшылықтарды  ретке  кел-
тіре  алмады.  Орталық  атқарушы  билік  әлсіз 
болғандықтан  жер-жердегі  беделді  сұлтандар 
өздерін  хан  деп  жариялап,  дербес  саясат  жүр-
гізе бастайды. Кіші жүзде Әбілқайыр хан, Ұлы 
жүзде  оның  туысы  Жолбарыс  хан  Тәшкенде 
отырып,  дербес  билеуші  атанады. 1723-1725 
жылдардағы жоңғар шапқыншылығы қазақ қо-
ғамындағы қиын жағдайды одан әрі шиеленіс-
тіреді.  Түркістанда  Болат  ханның  өлімінен 
кейін  Тәуке  ханның  ұлы  Сәмеке  хан (1723-
1737)  таққа  келеді,  бірақ  ол  бір  орталықтан 
басқарылатын  мемлекеттік  жүйені  қалпына 
келтіре алмайды. Ал одан кейін Болаттың ұлы  
Әбілмәмбет  хан (1739-1771) Түркістандағы 
тақты иеленеді. Кіші жүз бен Ұлы жүздің тай-
палары өз хандарына бағынғандықтан, Түркіс-
тандағы  Сәмеке,  Әбілмәмбет  хандардың    би-
лігі  бар  болғаны  Орта  жүз  аумағындағы  ру-
тайпаларға,  оның  ішінде  олардың  бір  бөлігіне 
ғана  таралады.  Сол  себепті  олар  бүкіл  қазақ-
тың Ұлы ханы деп аталмай, бар болғаны Орта 
жүз хандары деп атала бастайды.  
Орта  жүздегі  саяси  жағдай  осы  жылдары 
қиын  әрі  күрделі  болатын.  Әбілмәмбет  хан 
негізінен арғын руларына арқа сүйесе, Сәмеке 
ханның  ұлдары  Сейіт  хан  мен  Есім  хан  Түр- 
 
Төле би және XVIII ғасырдың I жартысындағы Қазақстан тарихының мәселелері 

44 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
кістан қаласы мен оған іргелес елді мекендер-
де  билік  жүргізіп,  Әбілмәмбет  ханмен  тайта-
ласқа түседі. Осы жылдарда Орта жүздің тағы 
бір ірі саяси тұлғасы Барақ сұлтан ортажүздің 
найман,  қоңырат,  қаракесек  руларын  басқа-
рып,  бүкіл  Қазақ  еліндегі  саяси  шиеленістің 
отын одан әрі өршіте түседі. Барақ сұлтанның 
туған  інісі  Көшек  хан(1750  жылы  өлген)  най-
манның  садыр  руын  басқарып,  Сайрам  қала-
сында жеке-дара хан болып отырады. 
Қазақ  еліндегі  осындай  ішкі  саяси  жағдай 
көрші  мемлекетке  белгілі  болатын.  Батыстан 
ентелеп  келе  жатқан  Ресей  де,  шығыстан  әл-
сін-әлсін  жорық  жасап  отырған  Жоңғария  да 
қазақ  қоғамында  қалыптасқан  саяси  жағдай-
дан барынша пайда табуды көздейді. 1730 жыл-
ғы 20 шілдеде  орыс  тілінде  жазылған  бір  құ-
жаттың  қысқаша  мазмұны  қазақ  еліндегі  сая-
си  жағдайды  былайша  көрсетеді: «...40 мың 
түтіннен  тұратын  қазақтарды  Әбілқайыр  хан  
басқарады,  тағы  да  Барақ  және  Әбілмәмбет 
деген  екі  ханы  бар.  Олар  Ұлытау  мен  Кіші 
тауды,  Сыр,  Сарысу  және  Торғай  өзендерін, 
Қарақұм  далаларын  башқұрттардан  бір  айлық 
жерде көшіп-қонып жүреді. Қазақтардың тағы 
мынадай қалалары бар: 1. Басты қаласы – Таш-
кент,  оның  билеушісі  Жолбарыс  хан, 2.Түр-
кістан, онда Сәмеке хан отыр, 3. Сайрам, онда 
Көшек хан билік құрады... »[1, 35-36 – бб.].   
Ал  Кіші  жүздегі  ішкі  саяси  жағдайға  кел-
сек,  сыртқы  жаулармен  күрес  кезеңінде  Кіші 
жүз ру-тайпаларының бірлікте болғанын көре-
міз. Ал аса маңызды саяси мәселелер бойынша 
шешім  қабылдауда  бірліктің  орнына  алауыз-
дық  келеді.  Әбілхайыр  ханның  Ресеймен  жа-
қындаса  бастауы  және 1731 жылы 10 қазанда 
оның  бір  топ  сұлтандармен,  батыр,  билермен 
орыс  патшайыма  адал  болу  туралы  ант  беруі 
Кіші жүздің билеуші тобын қарама-қарсы  екі 
лагерьге  бөліп,  ішкі  саяси  жағдайды  одан  әрі 
ушықтырып  жіберді.  Ресей  билігіне  мойынсұ-
нып, ант беру мәселесіне келгенде соғыс жыл- 
дары  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығар-
ған  билер  мен  батырлар,  ру-тайпа  көсемдері 
ортақ  мәмілеге  келмейді.  Олардың  бірі  ханды 
қолдаса,  екіншілері  «ханға  қарсы  партия»  жа-
ғында,  яғни  Ресейге  ант  беруге  қарсылар  жа-
ғында  болады.  Ресей  елшілігін  басқарып  кел-
ген М.Тевкелев ханнан бастап, ру-тайпа көсем-
дерін,  билер мен батырларды өз жағына тарту 
үшін  сый-сияпаттарын  аямайды.  Кіші  жүздегі 
Әбілхайыр  ханнан  кейінгі  ең  беделді  сұлтан 
Қайып хан ұлы Батырды «ханға қарсы партия» 
жағына  шығып  кетпесі  үшін  арнайы  хан  Ор-
дасына  шақырып,  орыс  елшісі  оған 100 сом  
 
көлемінде  сый  береді.  Әбілқайыр  ханның  бо-
лашақ  саяси  қарсыласы  әрі  ханның  күйеу  ба-
ласы Қайып хан ұлы Батыр сұлтан 1731 жылы 
3 желтоқсанда ант береді[1,60-61 – бб.]. 
1731  жылдың  желтоқсанында  Орта  жүз 
ханы  Сәмеке  Әбілхайыр  ханның  ақылдаспай 
істеген  әрекетіне  ренішін  білдіре  отыра,  өзіне 
келген  М.Тевкелевтің  өкіліне  хат  арқылы 
Ресей  билігіне  мойынсұнатынын  жазып  жібе-
реді.  Бірақ  оның  уәдесі  сөз  жүзінде  ғана  қа-
лады.  Ол  бірнеше  рет  Ресейдің  қоластындағы 
башқұрттарға жорықтар жасайды. 
1732  жылдың  қараша  айының  соңында  
М.Тевкелев  Кіші  жүз  аумағынан  Ресейге  кері 
қайтуға  мәжбүр  болады.  Өйткені  ант  қабыл-
даудан  кейінгі  оның  Кіші  жүзде  өткізген  әр- 
бір  күні  өте  қауіпті  болып,  елшінің  тағдыры 
қыл үстінде тұрады [1, 48-85; 10, 202-206 –бб.]. 
Оған  мұндай  қауіпті  Ресейге  қосылуға  қарсы 
Кіші жүз бен Орта жүз өкілдері туғызады. Тіп-
ті  жағдай  өте  ушыққан  кезде  Әбілхайыр  хан 
орыс елшісіне кейін қайтуға кеңес береді. 
Кіші  жүз  бен  Орта  жүз  билеушілерінің  Ре-
сейге ант беруі Ұлы жүздің билеуші топтарына 
да белгілі болады. 
Төле би өмірінің ең бір белсенді, мемлекет-
тік қайраткер ретіндегі рөлінің күшейіп, жазба 
дерек  мәліметтерінде  көрініс  тапқан  кезеңі - 
XVIII  ғасырдың 30-50 жылдарына  сәйкес  ке-
леді.  Бұл  жылдар,  бір  жағынан  бүкіл  қазақ 
қоғамындағы  және  әр  жүздің  ішіндегі  саяси 
бытыраңқылықтың одан әрі тереңдей түсуімен 
сипатталса, екінші жағынан Төле бидің мемле-
кет  қайраткері  ретіндегі  рөлінің  айқын  бай-
қалуымен ерекшеленеді. 
Осы жылдардағы Ұлы жүздің жағдайына кел-
сек, қалған екі жүзге қарағанда оның жағдайы 
өте  қиын  болатын-ды. «Аңырақайдағы»  ұлы 
жеңіс  Ұлы  жүзді  Жоңғар  шапқыншылығынан 
толық азат ете  қоймады. 1730 жылдардың бірін-
ші  жартысында  Ұлы  жүз  аумағы  бірнеше  рет 
жоңғарлардың қарамағына өтеді. 1733-1735 жыл- 
дары ұлыжүздіктер дербес өмір сүрсе, 1735 жыл-
дан бастап Қалдан Церенге тәуелді болады [10, 
208-209 – бб.].  Ұлы  жүз  билеушілері    Қалдан 
Церен  Ордасына  өз  ұлдарын  аманат  ретінде 
жіберіп  отырса,  қарапайым  халық  белгіленген 
көлемде алым-салық төлеуге мәжбүрленеді. 
Сол жылдардағы Ұлы жүз билеушісі  Жол-
барыс  хан  Жоңғария  үстемдігінен  құтылудың 
бірден-бір тиімді жолы деп - Ресеймен жақын-
дасуды  ұстанады.  Ол  Әбілхайыр  ханның  жі-
берген  адамдары  арқылы  Кіші  жүз  аумағына 
орыс елшісі М.Тевкелевтің келгенін естіп, Қо-
най  мырза  мен  Сырымбет  деген  сенімді  адам- 
 
Б. Б. Кәрібаев 

45 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
дарына  хат  жазып  жібереді.  Жолбарыс  хан-
ның  адамдары  Кіші  жүз  аумағындағы  М.Тев-
келевке жеткенге дейін, орыс елшісі кейін қай-
тып  кетеді[11, 55- б.].  Ал  одан  кейінгі  Жол-
барыс хан хатының тағдыры белгісіз.  
Бұдан  кейін  Ұлы  жүздің  Ресеймен  жақын-
дасуын ондағы билер қолға алады. «Бөлінгенді 
бөрі  жейді»  деген  қанатты  сөзді  Төле  би  осы 
жылдары айтса керек. 1731 жылдары қазақтың 
екі  жүзінің  Ресейге  қосылуы  мәселесі  Ұлы 
жүздегі  беделді  билер  арасында  талқылауға 
түскен  секілді.  Қазақ  халқының  басым  бөлігі-
нен  ажырап,  жоңғарларға  тәуелді  болғаннан 
гөрі, «көппен бірге көрген ұлы той» дегендей,  
бүкіл  қазақ  халқымен  бірге  болуды  қолдаған 
топ  жеңіске  жетеді.  Ұлы  жүздің  ең  беделді 
билері  мен  батырлары - Төле  би,  Қодар  би, 
Хангелді  би, Сатай  батыр, Бөлек  батыр  баста-
ған  топ 1733 жылы  орыс  патшайымына  Ресей 
билігін қабылдайтындығы туралы хат жолдай-
ды[1, 102-103 – бб.]. Бұған жауап ретінде 1734 
жылы 10 маусымда  Анна  Иоановна  Ұлы  жүз 
қазақтарын  Ресей  қоластына  қабылдауы  ту-
ралы грамотаға қол қояды[1,118-119 – бб.].  
Ұлы жүздегі ең беделді тұлға болса да, Төле 
бидің  есімі  осы  жылдары  алғаш  рет  орыс  құ-
жаттарында  кездесе  бастайды.  Оның  себеп-
тері  де  жоқ  емес.  Қазақ  жеріне  енді  ғана  ене 
бастаған  Ресей  үшін  алыстағы  Ұлы  жүз  емес, 
іргесіндегі Кіші және Орта жүздердегі жағдай-
лар маңыздырақ болып, олардағы барлық ахуал, 
билеуші топтармен қарым-қатынастар, беделді 
жеке  тұлғалар  жіті  назарда  ұсталады.  Соған 
байланысты  Кіші  жүз  бен  Орта  жүздің  тұлға-
ларына  қатысты  материалдарды  Ресей  жағы 
барынша көп жинастыруға тырысса, Ұлы жүз-
ге қатысты материалдарды мүмкіндігінше жи-
науға  мәжбүр  болады. 1730-1750 жылдар  ара-
лығында  Ұлы  жүзде  және  бүкіл  қазақ  қоға-
мында  болған  оқиғаларға  Төле  бидің  белсене 
араласуы,  оның  есімі  мен  іс-әрекеттерін  сол 
жылдардағы орыс деректерінде қалдырады. 
Біз  сөз  етіп  отырған  жылдардағы  Төле  би-
дің тікелей немесе жанама қатысуымен болған 
аса маңызды оқиғалар қатарына қазақ жерінде 
1738  жылы  К.Миллердің  басшылығындағы 
орыс  керуенінің  тоналуы  және  соған  қатысты 
мәселелер,  Ұлы  жүзді  жоңғар  үстемдігінен 
азат  ету  жолындағы  Төле  бидің  ұстанған  ба-
ғыты  мен  жүргізген  саясаты  және  жасаған  іс-
қимылдары,  Әбілхайыр  ханды  Барақ  сұлтан-
ның  өлтірілуі  мен  соған  байланысты  оқиғалар 
жатты.  Аталған  оқиғалар  салдарларының  қа-
зақтар  үшін  оң  шешімін  табуда  Төле  би  бел-
сене араласып, өзінің көрегендігін көрсетеді.  
1738  жылы  Түркістан  мен  Ташкент  ара-
сында 20 мың  сом  заты  бар  орыс  керуенін 
Төле бидің туысы Қойгелді батыр бастаған 113 
адамдық  топ  тонаушылыққа  ұшыратып,  ке-
руен басы К.Миллер мен оның адамдарын тұт-
қындаған еді.  Бұл іс – Ұлы жүз бен Ресей ара-
сындағы  қалыптаса  бастаған  қатынастарды 
бұзу  үшін  жоңғар  билеушісінің  тапсырмасы-
мен жасалғаны сол кезде-ақ белгілі болатын[2, 
290 – б.]. 1742 жылы тоналған орыс керуенінің 
шығынын  Қойгелді  батырдан  Орта  жүздің 
атақты батыры әрі Әбілхайыр ханның жақтасы 
Жәнібек  тархан  талап  етеді.  Алғашында  ке-
руен  шығыны 40 мың  жылқы  көлемінде  баға-
ланады  да,  кейін  келе  ол 2000 жылқыға  дейін 
төмендетіледі.  Екі  жақ  ортақ  мәмілеге  келген 
соң, «Төле  би  мен  Түркістандағы  Наиб  қожа-
ның алдында пәтуаласады» [2, 296 – б.].  
Орыс  керуенінің  тоналуы  қылмыстық  іс 
болып  көрінгенімен  оның  артында  үлкен  сая-
сат  тұрғанын  байқау  қиындық  соқтырмайды. 
Ресейдің  бұл  сауда  керуені  Жоңғарияға  тәу-
елді  Ұлы  жүз  арқылы  Орта  Азиямен  сауда 
байланыстарын  орнатуға  бағыттаған  алғашқы 
әрекеті  еді.  Жалпы,  Ұлы  жүз  аумағы  қашанда 
көршілес елдердің көз алартқан жері болатын. 
Дәл  осы  жылдары  Ресей  мен  Жоңғария  мүд-
делерінің  Ұлы  жүзде  тоғысқанын  көреміз. 
Ресей  жағы  бұған  қалай  мүдделі  болса,  Жоң-
ғария  жағы  бұған  сондай  қарсы  болатын-ды. 
Жоңғария жағы Ресейдің Орта Азиямен эконо-
микалық  байланыстар  орнатуына  жол  бермеу 
үшін керуенді  тонау қажет деп табады. Және 
оны  іске  асыру  үшін    жергілікті  Ұлы  жүздің 
адамдары  пайдаланылады. «Батыр  аңғал  бо-
лады» дегендей, бұл істі Қойгелді батыр орын-
дайды.  Мұның  бәрі  көп  ұзамай  Миллердің  
Жоңғарияның  қазақтар  ісімен  айналысатын 
жауапты адамы, әрі қолбасы Сары Манжымен 
болған  екі  жақты  келіссөзінде  анықталады[2, 
290-291 – бб.]. 
Бұл  жерде  біз  Төле  бидің  Ұлы  жүздің  бас  
биі  міндетін  атқарып  тұрғанын  көреміз.  Бұл 
шешім бас бидің жақын туысы үшін ауыр бол-
са  да,  елдікті  ойлаған  адам  үшін  бірден-бір 
дұрыс кесім болып саналады. «Тура биде туған 
жоқ,  туғанды  биде  иман  жоқ»  деген  Төле  би-
дің қанатты сөзі осы тұста айтылса керек. Ұлы 
жүздің  дәл  сол  жылдары  жоңғарларға  тәуелді 
екенін  ескерсек,  Төле  бидің  бұл  шешімін    на-
ғыз батырлық әрі көрегендік  деуге болады.  
Төле  бидің  осы  жылдары  Ұлы  жүзде  де, 
бүкіл  қазақ  қоғамында  да  беделінің  аса  зор 
екенін  жоңғар  қоңтайшысы  да  мойындайды. 
Оның Жәнібек батырға жазған хатында «Ама- 
 
Төле би және XVIII ғасырдың I жартысындағы Қазақстан тарихының мәселелері 

46 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
натқа кісі жіберсін, Ұлы жүздегі Төле би сияқты 
Орта жүзде абыройың артық», - деп айтылады. 
Ал Жәнібек батыр замандасының барлық бол-
мысын  бір  сөзбен: «Төле  би  өте  қасиетті  кісі 
ғой...», - деп айтқан екен[2, 300 – б.]. 
Төле  бидің  қазақ  тарихындағы  келесі  бір 
маңызды  атқарған  іс-әрекеттерінің  біріне -  
Ұлы  жүзді  жоңғар  езушілігінен  құтқару  жо-
лындағы  жүргізген саясаты жатады.     
1739-1741  жылдары  жоңғарлардың  кезекті 
ірі  жорығы  болып,  ол  жылдардағы  оқиғалар 
қазақ  халқы  үшін  екінші  «ақтабан  шұбырын-
ды»  деп  аталады.  Негізінен  жоңғар  әскерінің 
соққыларынан  Орта  жүз  ру-тайпалары  көп 
зардаптар шегеді. Орта жүздің ең беделді сұл-
таны Абылай жоңғарларға тұтқынға түседі. Ал 
Ресеймен  жақындасуға  ниеті  бар  екені  белгілі 
болған  Жолбарыс хан 1740 жылы 5 сәуірде ке-
неттен  қарсыластарының  қолынан  қастандық-
пен  өлтіріледі.  Хан  өлімінің  жергілікті  қарсы-
ластар қолынан болғанына қарамастан, желдің 
қай  жақтан  тұрғанын  болжау  онша  қиындық 
тудырмайды. 
Жоңғар  билеушісі  Ташкент  билігін  Күсек 
бек деген жергілікті  тапсырады[13, 80- б.]. Ол 
Төле  бидің  Ұлы  жүздегі  беделін  біліп,  оған 
Ташкент  билігін  бермейді.  Соған  қарамастан 
Төле бидің атақ-даңқы мен абыройы одан жо-
ғары тұрады. Төле би өз ұлысында тұрып, Таш-
кенттегі істердің бәріне араласады. Ж.Дәдебаев-
тың  дәлелдеп  көрсетуінше, «Күсек  бек  Таш-
кент қаласын билегенімен, Күсек бекті Төле би 
билеген»[8,138 – б.].  Одан  әрі  зерттеуші  Төле 
би  өзінің  керемет  саясатымен  Ташкент  билеу-
шісін    жоңғарларға  қарсы  қойғанын,  жоңғар 
әскерлерінің  қимылдарын  бақылап,  олар  ту-
ралы  ақпаратты  дер  кезінде  қазақ  сұлтандары 
мен  батырларына  жеткізіп  отырғанын  дәлелді 
түрде көрсетеді [8,138-139 – бб.].  
1739-1741 жылдардағы жоңғарлардың Орта 
жүз  аумағына  жойқын  жорықтары  қазақ  би-
леуші тобын екі ұдай жағдайға қалдырады. Ре- 
сей  тарапынан  жоңғарларға  қарсы  қазақтарды 
қорғауға  бағытталған  нақты  қимылдар  жасал-
майды, ал бытыраңқы қазақ хандары мен сұл-
тандары  арасында  жоңар  билеушісінің  билігін 
мойындау  қажеттігі  туралы  пікірлер  үстем 
бола бастайды. Өз кезегінде Қалдан Церен қа-
зақ  билеушілерінен  аманатқа  адам  сұратып, 
оларға оңтүстіктегі қазақ қалаларының билігін 
беруге  уәде  береді.  Орта  жүз  ханы  Әбілмәм-
бет,  Барақ  сұлтандар  ұлдарын  аманатқа  беріп 
те жібереді [1, 268-273 – бб.; 2, 242-243 – бб.]. 
Мұндай  жағдайда  олардан  ешқандай  көмектің 
болмайтынын  түсінген  Төле  би  жоңғарларға  
 
қарсы  күресу  үшін  Қоқан  бегімен  жақындаса 
бастайды.  Соған  байланысты  Қоқан  бегі  Әб-
дікәрім  бек  пен  қазақтың  Ұлы  жүзінің  бас-
шысы  Төле  би  арасындағы  қарым-қатынас 
мәселесі 1475 жылғы  сәуір-тамыз  айларында 
жазылған  орыс құжаттарында жиі айтыла бас-
тайды [2, 340-346 – бб.].  Әбдікәрім  бектің 
Ташкентте  жоңғарларды  жеңуін  деректер  айт-
паса да, онда Төле бидің қосқан үлесі бар деу-
ге болады. 
1745  жылы  бұған  дейін  атап  өткеніміздей, 
Жоңғарияның  қазақ  істерімен  айналысатын 
өкілі  Ұлы  жүзге  келеді  және  осы  өңірде  ол 
қаза табады. Сары Манжының қазасын жоңғар 
жағы  тікелей  Төле  биден  көреді.  Осыған  бай-
ланысты  Қоқан  бегі  Төле  биді  өз  еліне  қарай 
көшіп келуді ұсынады[8, 143 – б.]. Көріп отыр-
ғанымыздай,  Ұлы  жүзде  жоңғар  үстемдігіне 
қарсы күресті баяндайтын нақты деректер жоқ 
болса  да,  басқа  жанама  дерек  мәліметтері  ар-
қылы  біз,  Төле  бидің  осы  күрестегі  қазақтар 
жағынан басшылық  рөлін көре аламыз.     
XVIII  ғасырдың 40-шы жылдарының  соңын-
да бүкіл қазақты дүр сілкіндірген оқиғаға Орта 
жүз  сұлтаны  Барақтың  Кіші  жүз  ханы  Әбіл-
қайырды  өлтіруі  жатты.  Бұл  оқиғаға  қатысты 
мәліметтер XVIII ғасырдағы  қазақ – орыс  қа-
тынастарының  материалдарында  біршама    кө-
рініс тапқан[1, 392-403 – бб.; 2, 386-412 – бб.]. 
Сол  себепті  бірқатар  зерттеушілердің  еңбек-
терінде  Әбілхайыр  ханның  өлтірілуі  жайында 
тереңірек қарастырылады[10,297-308 – бб.; 14, 
181-182 – бб.]. Соған байланысты біз, бұл жер-
де ол мәселеге бармай, бірден хан өліміне бай-
ланысты Төле бидің көзқарасы мен әрекеттері 
жөнінде пікірлерімізді білдіреміз.  
Кіші  жүз  ханын  өлтірген  Барақ  сұлтанды 
үш  жүздің  ең  белгілі  адамдары – батырлар, 
билері сынға алады. 1748 жылы қараша айын-
да  Кіші  жүзге  барып  қайтқан  казак  атаманы 
Смаилмолда  Әбдіразақов  жазбасының  қыс-
қаша мазмұны былайша баяндалады: «...Барақ  
сұлтан  Орта  жүздің  найман  руындағы  Өтеп 
биге,  Шұрақ  биге,  Қабанбай  батырға,  қараке-
сек руындағы  Қазыбек биге үш адамын жібе-
ріп,  өзінің Әбілхайыр ханды өлтіргенін мақта-
нышпен  айтқызады  да,  оның  орнына  Барақты 
хан  етіп  сайлауын  сұратады.  Бұған  жауап  ре-
тінде Орта жүздің белгілі адамдары Әбілхайыр 
ханның  өз  халқына  жасаған  жақсылықтарын 
баса айтып көрсетеді. Ал Барақ сұлтан туралы 
«ол  қазіргідей  енді  жүре  алмайды,  уақыты 
келгенде  басынан  айырылады...»[1,434 – б.]. 
Орта  жүзден  үмітін  үзген  Барақ  сұлтан  Ұлы 
жүздегі Түркістанның арғы жағында,  Ташкент  
 
Б. Б. Кәрібаев 

47 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
төңірегінде  көшіп  жүрген  Төле  биге  де  үш 
адамын аттандырып, Орта жүз билеріне айтқан 
сөзін жеткізеді. Төле би де Өтеп би, Шұрақ би, 
Қабанбай  батыр  және  Қазыбек  билер  секілді 
жауап  қайтарады [1,434-435 – бб.].  Орта  жүз 
бен Ұлы жүзден қолдау таппаған Барақ сұлтан 
енді Жоңғария билеушісіне адам жіберіп, сон-
да тұруға рұхсат сұрайды. Бұдан хабардар бол-
ған  Әбілхайыр  ханның  ұлдары  жоңғарларға 
елші  жіберіп,  егерде  олар  Барақ  сұлтанды  қа-
былдаса,  онда  екі  жақ  арасында  соғыс  бола-
тынын  ескертеді.  Соған  байланысты  Барақ 
сұлтанға  жоңғарлар жағынан жауап бола қой-
майды. Барақтың жанындағы адамдардың көп-
шілігі одан бөлініп кетеді де, ол аздаған адам-
дарымен жеке қалады.  
Сарысу  өңірінен  жылжып,  Ұлы  жүзге  не 
Жоңғарияға қарай бет алған Барақты Орта жүз-
дің  Қазыбек  би  бастаған  белді  адамдары  жі-
бермей, ұстап алады[1,426 – б.]. Одан арғы та-
рихи оқиға барысы  белгілі. Барақтың өзі өзін 
айыптау үшін төрт биді таңдайды, ал олар бол-
са, Әбілхайыр ханды өлтірушіні ақтап шығады.  
Барақ  сұлтанның  ақталғанынан 1750 жылы 
қайтыс  болғанға  дейінгі  өмірі  Төле  бимен 
тікелей  байланысты өтеді. 1748 жылдың соңы-
на таман ол Түркістан маңындағы Орта жүздің 
қоңыраттарына  хан  боп  сайланады.  Бұл  ту-
ралы  Барақ  сұлтанның  жұртына  барып  келген 
тілмаш  Матвей  Арапов  хабарлайды  және  Ба-
рақ  сұлтанның  өзі  Орынбор  генерал-губер-
наторы  И.Неплюевке  жазған  хатында  баян-
дайды.[1, 485-488; 489 – бб.].  М.Араповтың 
жазбасында Барақ пен Төле бидің ара-қатынас-
тары өте жақсы екені айтылған. 
Ж.Дәдебаев  өзінің  «Төле  би»  атты  зерт-
теуінде  біз  қарастырып  отырған  мәселені  бы-
лайша  түсіндіреді. «...Өлген  ханның  баласы 
Ералы  сұлтан  айыпкерлерден  әкесінің  құнын 
даулап, билер сотына шағынады. Ералы сұлтан 
билер  сотынан  айыпкерлердің  өлген  ханның  
құнын  төлеуін  әрі  ханды  тікелей  өз  қолымен 
өлтірген  адамды  өлім  жазасына  кесуді  талап 
етеді.  Билер  соты  айыпкерлерді  жеті  құн  тө-
леуге тиісті деп табады, солай үкім шығарады. 
Ал Ералы сұлтан айыпкерлерден екі құн алып, 
қалған төрт құнды алмайды да, әкесін өлтіруге 
қатысы  бар  Сырымбет  батырды  өз  қолымен 
өлтіреді»[8,143-144 – бб.]. Одан әрі зерттеуші-
нің  ойларын  қысқаша  мазмұндасақ,  билер 
сотының  үкіміне  қанағаттанбаған  Әбілхайыр 
ханның  ұлдары  Барақ  сұлтанның  соңына  тү-
седі. Бараққа екінші рет билер соты болып, ол 
Төле  бидің  қатысуымен  өтеді  және  онда  Төле  
би айыпкерді ақтап шығады. «Төле бидің «Бір  
 
қойдан екі тері сыпырмайды» деген келесі бір 
қанатты сөзі ел арасында таралып кетеді»,- деп 
жазады Ж.Дәдебаев[8,144 – б.].   
Төле  бидің  Барақ  сұлтанға  қатысты  көзқа-
расының  өзгеруін  былайша  түсіндіруге  бола-
ды.  Біріншіден,  Кіші  жүз  бен  Орта  жүз  би-
лерінің  соты  арқылы  ақталып  шыққан  Барақ 
сұлтан  Төле  би  үшін  кінәлі  адам  емес.  Екін-
шіден,  Ұлы  жүз  бұл  жылдары  әлі  де  Жоң-
ғарияға  тәуелді  болатын.  Осы  жылдары  бүкіл 
жүздің  билігі  іс  жүзінде  Төле  бидің  қолында 
еді. Жоңғарлардың үстемдігінен толық құтылу 
үшін Төле биге Барақ сұлтан секілді батыл әрі 
жігерлі,  саяси  шешім  қабылдай  алатын  тұлға 
қажет-ті.  Төле  би  үшін  елінің  азаттығы  ең 
маңызды болғандықтан ол сол жолда бар мүм-
кіндікті пайдалануға тырысады. Міне, осындай 
жағдайлар  Төле  биге  Барақ  сұлтанды  өзіне 
тартып, одақтастырған деп ой түйеміз.  
Төле би үшін бірінші кезектегі ең басты  іс - 
Ұлы  жүздің  жоңғарлардан  азат  болуы  еді.  Біз 
оны 1748 жылы  М.Араповтың  Барақ  сұлтанға 
келген  кезінде  арнайы  Төле  биді  іздеп  барып, 
онымен  кездесу  барысындағы  әңгімелерден 
байқаймыз.  Әңгімелесу  барысында  Төле  би 
Кіші жүз бен Орта жүздің билеушілері секілді  
өзінің де Ресей билігін мойындағысы келетінін 
білдіреді.  Өз  өтінішін  ол  хатқа  жазады  да, 
немере  інісі  Айтбайды  М.Араповқа  қосып, 
Орынбор  губернаторына  жібереді[1,486-487 – 
бб.].  Бұл  хатқа  жауапты  Төле  би 1749 жылы 
қыркүйек айында алады[1,490 – б.]. 
Төле  бидің  бұл  әрекетін  жоғарыда  айтып 
өткеніміздей,  өз  жұртын  жоңғар  үстемдігінен 
азат  ету  үшін  және  үш  жүздің  бір  жерде  бо-
луынан туындаған деп есептейміз. 
Төле  бидің  өмір  сүрген  жылдарындағы 
оның  араласуымен  болған  келесі  бір  ірі  оқи-
ғаға – Жоңғар  хандығының  жойылуы  қарса-
ңындағы  Ұлы  жүзді  азат  етуге  бағытталған 
жүргізген саясаты жатады.   
Жоңғар  хандығы  тарихының  соңғы 13 жы-
лын (1745-1758) - оның күйреу кезеңі деп атау-
ға  болады. 1745 жылы  атақты  хоңтайшы  Қал-
дан  Церен  қайтыс  болып,  артында  оның  үш 
ұлы  мен  бірнеше  қызы  қалады.  Үлкен  ұл - 
Лама-Доржы – 19, ортаншы ұл -  Цеван Доржы 
Аджа Намжил – 13, ал кіші ұл – Цеван Даши – 
7 жаста болады. Қалдан Цереннің өсиеті бойын-
ша  билікті  ортаншы  ұл  иеленеді. 1749 жылы 
үлкен  ұл  Лама  Доржы  қастандықпен  інісін 
өлтіріп, жоңғар тағын басып алады. Жоңғария-
ның беделді нойандары жаңа билеушіні мойын-
дай қоймайды да, оған қарсы қастандық ұйым- 
дастырады.  Бірақ  ол  сәтсіз  аяқталып,  оған  қа- 
 
Төле би және XVIII ғасырдың I жартысындағы Қазақстан тарихының мәселелері 

48 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
тысушылар  қатаң  жазаланады[15, 281-282 – 
бб.]. Осылайша, жоңғар тағы үшін күрес бары-
сында  жаңа  үміткерлер  шығады,  олар  ең  бе-
делді  нойандар – Әмірсана  мен  Даваци  еді. 
Алғашында  екі  нойан  хоңтайшыдан  жеңіліс 
тауып,  Жоңғариядан  қашуға  мәжбүр  болады. 
Олар 1751 жылдың күз айларының бірінде  Орта 
жүздегі Абылай сұлтанды келіп паналайды [15, 
286 – б.]. 1753 жылдың  басында  Лама  Доржы 
өлтірілгенге  дейін  қазақ-жоңғар  қатынасын-
дағы  басты  саяси  мәселе,  осы – қашқын  ной-
андар мәселесі болады. Бұл мәселеге Ұлы жүз-
дің  билеушісі ретінде Төле би де араласады. 
Лама  Доржының  Орта  жүзге  жіберген  ел-
шісіне    Абылай  сұлтан  халықтың  әдет  ғұрпы 
бойынша  иесінен  қашқан  итті  кейін  қайтар-
майды  деп  жауап  береді.  Бұдан  кейін  Лама 
Доржы  қазақ  қоғамындағы  ең  беделді,  ең 
сыйлы, жасы үлкен Төле биге бет бұрады. Бұл 
кезде  Ұлы  жүз  әлі  де  Жоңғарияға  тәуелді  бо-
латын. 1752 жылы  Төле  би  Жоңғар  билеуші-
сінің  шақыртуымен Лама Доржының Ордасы-
на барып қайтады[8,146 – б.]. Бұл жерде Төле 
би  мен  Лама  Доржы  арасында  қандай  тақы-
рыпта  әңгіме  болғанын  болжау  қиын  емес. 
Төле  бидің  тек  Ұлы  жүзде  ғана  емес,  бүкіл 
қазақ  қоғамындағы  рөлін  дөп  басып  білген 
жоңғар  хоңтайшысы  Абылай  сұлтанды  пана-
лап отырған  екі нойанын қайтаруға күш салу-
ға тапсырма берген дейміз. Жоңғариядағы ішкі 
саяси жағдайды жіті бақылап  отырған Төле би 
кейін  оралысымен  Абылай  сұлтанға  хат  жа-
зып, қашқын  нойандарды  ұстап  бергеннен  қа-
заққа  пайда  жоқ  екенін  айтады[8, 146 – б.]. 
Абылай  сұлтан  да  сондай  ойда  болса  керек. 
Ақыры 1753 жылдың басында  екі нойан Абы-
лайдың  қолдауымен Лама Доржыны өлтіреді. 
Билікке Даваци келеді. Бір жылға жетпей, Да-
ваци  мен  Әмірсана  арасында  жаңа  қайшылық 
басталып,  Жоңғариядағы  саяси  күрестің  оты  
қайта  өршиді.  Бұл  күрес  барысына  Абылай 
сұлтанның белсене араласқаны белгілі, ал Төле 
бидің қаншалықты дәрежеде қатысқанын нақ-
ты  айту  қиынырақ. 1758 жылы  Жоңғар  хан-
дығы өзінің өмір сүруін тоқтатады. Ал одан екі 
жыл бұрын Төле би қайтыс болған еді. Жоңғар 
мемлекетінің толық күйрегенін көре алмаса да, 
Төле  би  ол  мемлекеттің  ғұмыры  ұзаққа  бар-
майтынын,  Ұлы  жүздің  көп  ұзамай  азат  бола-
тынын сезе білді дейміз.  
Осылайша,  Төле  бидің  әрбір  қанатты  сөзі-
нің  нақты  бір  тарихи  жағдайларға  байланысты 
пайда болғанын көреміз. Оның баталы сөздері 
мен  қанатты  сөздерінің  тарихи  астарларын 
зерттеу  болашақта арнайы зерттеуді қажет етеді 
демекпіз.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал