Issn 1563-0269 Индекс 75871; 25871



жүктеу 5.03 Kb.

бет4/26
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Әдебиеттер 
     
1  Байпаков К.М., Савелеьева Т.В., Чанг К. Средневековые города и поселения Северо-Восточного Жетысу. – Алматы, 
2005.   
2  Пищулина К.А. юго-Восточный Казахстан в середине ХІУ - начале ХУІ вв. – А-Ата, 1977. – С. 73. 
3  Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеті және Жошы хан. – Астана,  2004. - 179 б. 
4  Мухаммед Наршаки. История Бухары. Перевод Лыкошина. – Ташкент, 1897. – С. 219. 
5  Койчубаев Е. Краткий толковый словарь топонимов Казахстана. – Алма-Ата, 1974. – С.123-124. 
6  Ежегодник Туркестанского края. Под. Ред. Н.А. Маева. – СПб., 1872. Вып. 1. – С. 142. 
7  Сборник законов и распоряжений по переселенческому делу и по поземельному устройству в губерниях и областях 
Азиатской России (по 1 августа 1909 г.). – СПб.: изд. Переселенческого Управления, 1909. 
8  Қазақ совет энциклопедиясы.  10 т. – Алматы, 1977. – 530 б., Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 8 т. – Алматы, 2006. 
– 197 б. 
9  Ярополов А. Давно и недавно// Огни Алатау. 3 октября, 2009 год.– С.9. 
10  Материалы  по  киргизскому  землепользованию  Копальский  уезд.  Сводная  таблица  статистических  сведений  о 
киргизском хозяйстве по административным аулам, волостям и уезду. – СПб., 1913. – С.312-348. 
11  Туркестан. География и история края. Сост. М.В. Лавров. – М-Л., 1916. – С.71-72. 
12  Абланова  Э.А.  Қазақтар  динамикасы.  Тарих  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған 
диссертацияның қолжазбасы. - Алматы, 1999. -119б. 
 
References 
 
1   Baypakov K.M., Savel'eva T.V., Chang K. Srednevekovye goroda i poseleniya Severo-Vostochnogo Zhetysu. – Almaty, 
2005. 
2   Pishulina K.A., yugo-Vostochnyi Kazakhstan v seredine XIV – nachale XVI vv. – A-Ata, 1977. –S. 73. 
3   Qinayatuly Z. Qazaq memleketi zhane Zhoshy khan. – Astana, 2004. -179 b. 
4   Muhammed Narshaki. Istoriya Buharyi. Perevod Lykoshina. – Tashkent, 1897. – S. 219. 
5   Koichubaev E. Kratkii tolkovyi slovar' toponimov Qazakhstana. – Alma-Ata, 1974. – S. 123-124. 
6   Ezhegodnik Turkestanskogo kraya. Pod. N.A. Maeva. – SPb., 1872. Vyp.1. – S.142. 
7   Sbornik zakonov i rasporyazhenii po pereselencheskomu delu I po pozemel'nomu ustroistvu v guberniyah I oblastyax 
Aziatskoi Rossii (po 1 avgusta 1909 g.). – SPb.: izd. Pereselencheskogo Upravleniya, 1909. 
8   Qazaq sovet ensiklopediyasy. 10t. – Almaty,1977. – 530 b., Qazaqstan ulttyk ensiklopediyasy. 
9   Yaropolov A . Davno i nedavno / / Ogni Alatau . 3 oktyabrya , 2009 god.- S.9. 
10  Materialy po kirgizskomu zemlepol'zovaniyu Kopal'skiy uyezd . Svodnaya tablitsa statisticheskikh svedeniy o kirgizskom 
khozyaystve po administrativnym aulam , volostyam i uyezdu . - SPb , 1913 . - S.312 -348 . 
11  Turkestan . Geografiya i istoriya kraya . Sost . M.V. Lavrov . - M -L, 1916 . - S.71. 
12  Ablanova E.A. Kazaktar dinamikasy. Tarikh gylymdarynyn kandidaty gylymi darezhesin alu ushin dayyndalgan dissertatsi-
yanyn kolzhazbasy. - Almaty , 1999. - 119b. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Талдықорған 
қаласының тарихынан 

22 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
 
 
 
 
ӘОЖ 94 (574.4):930 
 
1
М.Қ. Егізбаева,  
2
Р.С. Жұматаев 
 
1
т.ғ.к., археология, этнология және музеология кафедрасының доценті 
Қазақстан, Алматы қ. 
E-mail:
 
meruegiz@mail.ru 
2
археология, этнология және музеология кафедрасының 2-курс PhD докторанты 
Қазақстан, Алматы қ. 
E-mail: Rinat82.08@mail.ru 
 
Ру-тайпалардың Тарбағатай өңіріне қоныстануына байланысты  
мәліметтерге шолу 
 
Қазіргі таңда белгілі бір аймақтың өткені мен бүгінін кешенді түрде зерттеу өте маңызды қадамдардың 
бірі.  Өйткені  бір  шағын  ауданды  толыққанды  зерделеп  шығу  арқылы  ел  тарихының  кейбір  көлеңкелі 
тұстарын  ашып  көрсетуге  мүмкіндік  туады.  Осы  мақала  сондай  бағытта  және  ғылыми  жоба  аясында 
орындалған  ізденіс  болып  табылады.  Мақала  Тарбағатай  өңіріне  түрлі  тарихи  кезеңдерде  қоныстанған  ру-
тайпаларға  қатысты  жазылған  зерттеулер  мен  деректерге  шолу  жасауға  арналған.  Ежелгі  замандарда  түрлі 
тайпалардың  көші-қон  үдерістерінің  орталықтарының  бірі  болған  Тарбағатай  өңірі  кейінгі  уақыттарда  да 
өзінің аймақтық маңызын жоғалтпады. Оны біз осығын қатысты жазылған деректер мен зерттеулерден анық 
байқаймыз.  Мәліметтерге  қарағанда  ортағасырларда  Орталық  Азияда  орын  алған  саяси  оқиғалардың 
салдарынан  қарастырылып  отырған  өңірді  әртүрлі  саяси  бірлестіктердің  құрамындағы  тайпалар  мекендеді. 
Атап  айтқанда,  қуатты  Түрік  қағанатының  орнауы,  Шыңғысхан  шапқыншылығы,  Қазақ  хандығының 
құрылуы және т.б. Қазақ халқының құрамындағы ру-тайпалардың Тарбағатайдың теріскейіне оралуы ХVІІІ 
ғасырдағы  саяси  оқиғаларға  тікелей  байланысты  болды.  ХVІІІ  ғ.  екінші  жартысының  соңына  қарай 
Тарбағатай мен Зайсан өңіріне найман тайпасының қаракерей, матай, дөртуыл топтарына кіретін рулардың, 
он  екі  ата  абақ-керейге  кіретін  рулардың,  азын-аулақ  арғындардың,  уақтардың  келіп  орналасқандығын 
қолдағы бар мәліметтер көрсетіп отыр. Сол сияқты бұлардың арасынан Ұлы жүзге кіретін аздаған шаныш-
қыларды, Кіші жүз алшындарды, тамаларды кездестіруге болатын. 
Түйін сөздер: Алтай, Тарбағатай, тайпа, найман, керей.  
  
М.К. Егизбаева, Р.С. Жуматаев 
Обозрение сведений о расселении родов и племен в Тарбагатайском регионе 
 
В данное время комплексное изучение прошлого и настоящего определенного региона является важным 
ходом  в  науке.  Так  как  полноценное  исследование  конкретного  микрорайона  способствует  раскрытию 
малоизученных проблем истории нашего народа. Рассматриваемая статья написана в данном направлении и 
подготовлена  в  рамках  научного  проекта.  В  статье  рассмотрены  источники  и  исследования,  в  которых 
встречаются сведения о племенах, заселявших Тарбагатайский регион в разные исторические эпохи.  
Рассматриваемый  регион  с  древнейших  времен  был  одним  из  центров  миграции  различных  племен.  По 
изученным источникам и исследованиям данный край не утратил свою важность и в последующие времена. 
Согласно сведениям в средние века данную территорию заселяли племена, входившие в разные политические 
объединения. Это было связано с политическими событиями которыми была насыщена Центральная Азии в 
эпоху  средневековья.  Такие,  как  могущество  Тюркского  каганата,  нашествие  Чингисхана,  образование 
Казахского  ханства  и  т.д.  Заселение  данной  территории  казахскими  племенами  связано  с  событиями  ХVІІІ 
века. К концу второй половины ХVІІІ века Тарбагатай и Зайсанский регион населяли роды каракерей, матай, 
дортуыл  из  найманского  племени,  роды  племен  керей,  аргын  и  уак.  По  имеющимся  данным,  можно  было 
встретить племя шанышкылы из Большой орды и алшын, тама из Младшего жуза.  
Ключевые слова: Алтай, Тарбагатай, племя, найман, керей.  
 
M. Egizbayeva, R. Zhumatayev 
Review information about the dispersal of clans and tribes in the region Tarbagatay 
 
At this time, a comprehensive study of the past and present of a given region is an important progress in science. 
Since a full investigation of a particular neighborhood helps to reveal the little-known problems in the history of our 
nation. The article in question was written in this direction and have been prepared in the framework of a research 
project . The article deals with the sources and research in which there are data on Tarbagatay tribes inhabited the 
region in different historical epochs. 
The region from ancient times was one of the centers of migration of various tribes. According to the study of 
sources and research this edge has not lost its importance in later times. According to information in the Middle Ages  
 
М.Қ. Егізбаева,  Р.С. Жұматаев 

23 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
this area was inhabited by different tribes were part of the political groups . This was due to the political events which 
was full of Central Asia to the Middle Ages . Such as the power of the Turk Empire , the invasion of Genghis Khan , 
the formation of the Kazakh Khanate , etc. Check this site Kazakh tribes connected with the events of XVIII century. 
By the end of the second half of the XVIII century and Tarbagatay Zaysan region was inhabited by generations 
karakerey , matay , dortuyl of the naiman tribe, generations tribes kerey, argyn and uak . According to reports could 
be found shanyshkyly tribe of the Great Horde and alshyn , tama of the Little Horde . 
Keywords: Altay, Tarbagatay, tribe, naiman, kerey. 
________________________________ 
 
Тарбағатай  өңірі  өзінің  территориялық  ау-
мағы  бойынша  бүгінгі  Шығыс  Қазақстан  облы-
сының бірнеше аудандарын қамтиды. Тарихи де-
ректерге сүйенсек осы бір үлкен аумақ ХІІІ ғ. бас 
кездеріне дейін, ХІ-ХІІІ ғғ. арасында дербес мем-
лекет ретінде Орталық Азияда өмір сүрген най-
ман  феодалдық  саяси-этникалық  бірлестігінің 
немесе хандығының құрамында болды [1, 6 б].  
Найман  және  Керей  хандықтарының  мем-
лекет ретінде өмір сүрулерін тоқтатулары, Моң-
ғол  үстіртіндегі  ХІІ  ғ.  екінші  жартысы  ХІІІ  ғ. 
басындағы  жүрген,  біртұтас  моңғол  феодал-
дық  мемлекетінің  құрылуына  қатысты  орын 
алған саяси жағдайларға тікелей байланысты.  
Найман,  керей  және  т.б.  тайпалардың  ата 
жұрттары  Моңғолия  жері  мен  Алтайды,  Тар-
бағатайды тастап бүгінгі Қазақстанның жеріне, 
жалпы евразиялық далалық аймаққа қарай қо-
ныс  аударуларын  ХІІІ  ғ.  басындағы  Шыңғыс-
хан  шапқыншылығымен  түсіндіреміз.  Бұл  ту-
ралы  ортағасырлардағы  парсы  тарихшысы  Ра-
шид-ад-дин  өзінің  “Джами-ат-тауарих”  еңбе-
гінде жақсы айтқан. Ол бұл еңбегінде найман-
дарға арнайы бөлім берген [2, 135-140 бб.]. 
Сол  кездерді  зерттеген  орыс  ғалымы,  мон-
ғолтанушы  Б.Я.  Владимирцов: “После  раз-
грома  Чингисханом  найманы  в 1204-1205 г.г. 
уходят  в  Дешт-и-Кипчак,  а  ойраты  стали  по-
степенно продвигаться на запад, занимая, опу-
стевшие кочевья на Алтае” [3, 149 б.]. 
Бұл  жағдай  наймандардың,  сол  сияқты  ке-
рейлердің Евразия далалық кеңістігіндегі ХІІІ-
ХІV  ғғ.  аралығында  жүрген  саяси  және  этни-
калық  үдерістерге  кең  араласуына  жол  ашты. 
Бұл  туралы  белгілі  ғалым  Сәбетқазы  Ақатай: 
“Алтай  мен  Қара  Ертісті  қоныстанған  қыруар 
жұрт  жаңа  империяға  бағынып,  Шыңғысхан 
әскерін толықтырды.  Халықтың бір бөлігі ата-
жұртын  тастап  Жетісуға,  Тянь-Шанға,  Орта-
лық  Азияға,  Еділ  бойына  қоныс  аударды.  Бұл 
тайпалар  тарихтың  қалауымен  Алтын  Орда 
ыдырағаннан  кейін,  қазіргі  елімізді  мекендеп 
отырған  халықтардың  негізін  құрады  немесе 
құрамына енді”- деп жазады [1, 89 б.]. 
Біз  ХІІІ  ғ.  басындағы  осы  оқиғалардан 
кейін, Алтай жерінің және Тарбағатай өңірінің  
бірнеше ғасыр бойы тарихта “ойрат”, “жоңғар”  
 
деген аттармен кездесетін батыс моңғол тайпа-
ларының  уақытша  мекеніне  айналғанын  көре-
міз. Осының бір белгісі сонау түрік заманынан 
келе  жатқан  түрікше  жер  атауларының  бірте-
бірте  моңғолшаға  айналуы  (Бүгінгі  Шығыс 
Қазақстан жеріндегі өте көп кездесетін моңғол 
атауларын  ХVІІ-ХVІІІ  ғғ.  жоңғар  заманымен 
ғана  түсіндіру  дұрыс  болмас  еді).  Мысалы, 
“Қозы-Көрпеш-Баян  сұлу”  жырының  көне 
нұсқаларының  бірінде  Қарабай  сұлу  Баянды 
жетім  бала  Қозыға  бермеймін  деп  қашатыны 
айтылады, сонда ол жылжып-жылжып отырып: 
“Ертіс басы қара дін жерге кетті, 
Бейне теңіз дейтұғын көлге жетті” – делінеді. 
Міне осы жердегі “Бейне теңіз” атауы түрік, 
одан  қала  берді  найман  заманындағы  Зайсан 
көлінің  ескі  атауы.  Ал  “Қозы-Көрпеш-Баян 
сұлу”  жыры  оқиғасының  орын  алған  жері 
Аякөз өңірі екені, сол сияқты туындының ерте 
түрік дәуіріне жататыны ғылымда белгілі және 
оқиғада найман тайпасына кіретін балталы мен 
бағаналылар айтылып отырады.  
Әрине бүкіл Тарбағатай өңірін бірден батыс 
моңғолдардың  мекеніне  айналды  деу  қисын-
сыз болар еді. Бұл негізінен Тарбағатайдың те-
ріскей  өңірлеріне  қатысты.  Ал  күнгейі  кейін-
нен  ғана  барып  алдымен  ойраттардың,  кейін-
нен  жоңғарлардың  иелігіне  өткенін  байқауға 
болады. Тарбағатайдың күнгейіне жататын бү-
гінгі  Үржар,  Мақаншы,  Таскескен,  жартылай 
Аякөз  өңірлерінің  бір  кездерде,  ХІV  ғ.  Орта-
сында құрылған күшті түрік мемлекеті Моғол-
станның (бүгінгі қазақ мемлекетінің де тарихи 
бастауларының  бірі)  құрамында  болғанын  де-
ректер  айтады.  Бұл  туралы  Мұхамед  Хайдар 
Дулатидың  “Тарихи  Рашиди”  еңбегінде “(Мо-
ғолстанның)  шығыс  шеті  қалмақтар  жеріне 
тіреледі және (оған кіреді) Барс-көл, Еміл және 
Ертіс.  Солтүстігінде  ол  Көкшетеңізбен,  Бум-
мен  және  Қараталмен,…  шектеседі”  деп  атап 
көрсетеді [4, 217 б]. 
Осы  келтірілген  жер-су  аттарының  Қазақ-
станның шығысына, әсіресе күнгей Тарбағатай 
аймағына тән екенін көреміз.  
Сол сияқты, Моғолстан жеріндегі түрік тай-
паларының  ішінен  керейіттерді  де  кездестіре-
міз [5, 59 б.]. 
Ру-тайпалардың Тарбағатай өңіріне қоныстануына байланысты мәліметтерге шолу 

24 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
ХV ғ. 20-шы жылдарынан бастап күшті ой-
рат  бірлестігіне  кіретін  тайпалардың  Моғол-
станға, 50-ші  жылдары  Әбілхайыр  хандығы 
жеріне  дейін  басып  кірулері  басталады.  Та-
рихи деректер қазақ хандығы құрылғаннан бер-
гі  уақыттан  ХVІ  ғ.  бірінші  жартысына  дейін 
қазақ және ойрат қатынастарының бейбіт бол-
ғанын  көрсетеді [6, 32 б.].  Қазақ  руларының 
Ертіс бойын және Жетісуды қалдырып шығуы 
осы кезеңнен басталады. 
Қазақстан жеріндегі ХV-ХVІІ ғғ. қалыптас-
қан  осы  жағдай  қазақ  руларының  қоныстану 
ареалын біршама тарылтқанын байқаймыз. Бес 
томдық Қазақ ССР тарихының 3 томында бұл 
туралы  былай  делінеді: “Орта  жүз  Орталық 
Қазақстанда, ал оның жазғы жайлауы мен қыс-
тауы  Сарысу  өзенінің  бойын,  Есілдің  бастауын, 
Тобылдың салалары мен Торғай өзенінің бойын, 
Ұлытау таулары және оған шектес көлдер өңі-
рін қамтыды” [7, 112 б.].  
Қазақ халқының құрамындағы ру-тайпалар-
дың  Тарбағатайдың  теріскейіне  оралуы  ХVІІІ 
ғасырдағы саяси оқиғаларға тікелей байланысты 
болды.  
ХVІІІ  ғ. 40-шы  жылдарына  қарай,  әсіресе 
1745  ж.  Қалдан-Серен  қонтайжы  қайтыс  бол-
ғаннан кейін, Жоңғариядағы ішкі саяси жағдай 
шиеленісті.  Таққа  талас  басталды.  Міне  осы 
қалыптасқан жағдайды қазақ билеушілері: ұлы 
хан Әбілмәмбет, Абылай сұлтан өз мүдделері-
не жақсы пайдалана білді. Отыз жылдан астам 
уақытқа созылған жоңғар-қазақ соғысы шешу-
ші кезеңге қарай аяқ басады.  
Міне  осы  кезеңдерде  жоңғарлардан  боса-
тылған жерлерге қарай қазақ руларының жыл-
жуы  басталады.  Ең  бірінші  Сарыарқаны  жай-
лап  жүрген  наймандар,  олармен  бірге  керей-
лердің,  уақтардың  және  т.б.  рулардың  қозғал-
ғанын байқауға болады.  Мысалы, найман тай-
пасына кіретін саны жағынан аз емес буралар-
дың ХVІІІ ғ. 40-шы жылдарында батыста Електі 
жайлап жүргені туралы нақты дерек бар. 1742 
жылы  маусым  айында  қарақалпақтарға  кетіп 
бара  жатқан  ағылшын  көпесі  Гок  Орынбор 
маңындағы  Елек  өзенінің  бойында  отырған 
Бура, Қонақай батырдың ауылында болғанды-
ғын  жазып  кеткен [8, 206-207 бб.].  Ал  Қона-
қайдың ұрпақтары және зираты қазіргі Шығыс 
Қазақстан  облысы  жерінде.  Бұдан  байқайты-
нымыз, буралар  осы  өңірге XVІІІ  ғасырдың ІІ 
жартысында келген сияқты. 
Қазақ  руларының  ұзақ  уақыт  мекендеген  
жерлерін  немесе  өздері  айтатындай  “от  орын-
дарын” тастап жаңа жерлерге қарай қозғалула- 
рын  “өмірлік  кеңістік”  іздеген  заңдылықпен  
 
түсіндіруіміз  керек  сияқты.  Біз  осы  жерде 
белгілі  ғалым  М.Мұқановтың  “найман  және 
т.б.  рулардың  Сарыарқадан  кетуін,  олардан 
саны  көп  арғын  тайпасына  кіретін  рулардың 
ығыстыруынан  болды” - деуіне  түгелдей  келісу 
қиын.  Саны  үнемі  өсіп  отырған,  экстенсивті 
мал  шаруашылығымен  айналысатын  көшпен-
ділерге  жайылымдардың  қажеттігі  сөзсіз  еді. 
Бірақ  жоңғарға  дейін  барлық  қазақ  ру-тай-
палары  біраз  жерге  сыйып  отырды  емес  пе? 
Енді  жағдай  өзгерді.  Алда  өмірлік  кеңістік 
ашылды. Ертіс бойы, Алтай, Тарбағатай, Жеті-
су  малшы  көшпендінің  көзімен  қарағанда  мал 
бағуға  таптырмайтын  тауы  мен  даласы  аралас 
жерлер  болатын.  Олар  соны  алып  қалуға 
ұмтылды.  
Қазақ тайпа-руларының Қазақстанның шы-
ғысы  (Алтай  мен  Тарбағатай  өңірлеріне)  мен 
оңтүстік  шығысына  (Жетісуға)  келіп  орнала-
суының шартты түрдегі екі кезеңінің болғанын 
көреміз. Біріншісі шамамен 1752-1756 жж. ара-
сы. Қабанбай, Бөгенбай басқарған қазақ әскері 
жоңғарларға  үсті-үстіне  соққы  бере  отыра 
қазақ  жерінің  шығысын,  оңтүстік  шығысын 
негізінен  жаудан  тазартты.  Рулардың  жаппай 
болмаса  да  осы  өңірлерге  келуі  сол  кезде-ақ 
байқалған [9, 109 б.]. 
Бірақ  жоңғарлардан  қалған  жерлерге  өз  ті-
келей  құқығымыз  бар  деп  есептеген қытайлар 
ол  жерлерден  қазақтарды  ығыстырған.  Бұл 
туралы  капитан  И.Г.  Андреев  жазбаларына 
сүйене отырып Г. Потанин “В настоящее время 
самые  восточные  волости  киргизского  народа 
кочуют в вершинах Черного Иртыша. У Андреева 
самая  восточные  волости  Череучинская  и 
Каракас-кирейская показаны на правом берегу 
Иртыша, первая ниже, вторая выше устья реки 
Нарыма.  Таким  образом  выходить,  что  с 90 
последних  лет  киргизы  раздвинули  свои  пре-
делы  на 300 верст  к  востоку.  Киреи,  которые 
кочуют теперь по Крану и Кемерчику, в 1750-х 
годах  кочевали  по  р.  Чар-Гурбану.  Это  был 
восточный  киргизских  кочевьев.  В  это  время 
ни один киргизский род не показывался своими 
стадами  в  зайсанской  котловине,  ее  занимали 
калмыки, и где русский город Кокбекты, а так 
же  на  реке  Аягуз,  стояли  калмыцкие  пикеты, 
следившие  чтобы  киргизы  не  ездили  в  Джун-
гарию  на  баранту” [10, 108 б.].  Сол  сияқты 
1761 ж. қазақтарды қытайлардың Аягөз бойы-
нан қуып шыққаны туралы Құлсары батырдың 
көрсеткендері де бар [8, 154 б.].  
Шамамен 1762-1763 жж.  бастап  қазақтар- 
дың  жоңғардан  өздері  босатқан  Алтай,  Тарба-
ғатай  және  Жетісу  өңірлеріне  кең  қанат  жая  
 
М.Қ. Егізбаева,  Р.С. Жұматаев 

25 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
қоныстануы, яғни қоныстанудың екінші кезеңі 
басталды. Ол шамамен ХVІІІ ғ. 80-ші жж., тіп-
ті ХІХ ғ. басын да қамтыған болуы керек. Осы 
жерде  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  “Еңлік-
Кебек”  поэмасының  кіріспесіне  көңіл  аударса 
көп  нәрсені  байқауға  болатын  сияқты.  Онда 
ақын  тобықтылардың  Қазақстанның  шығысы-
на келуін суреттей келе: 
“Келгені тобықтының осы маңға, 
Мың жеті жүз сексенге тақалғанда. 
Елді бастап әкелген Мамай батыр, 
Ащысу, Орда, Көкен, Доғалаңға”- дейді [11, 
121  б.].  Біз  бұдан  рулар  қозғалысының  (көші-
нің) ХVІІІ 80-ші жылдарында жүргенін көреміз. 
Сөйтіп,  Тарбағатайдың  теріскейіне  қазақ 
руларының келіп орналаса бастауын деректер-
ге сүйене отырып 1758-1759 жылдар деуге бо-
лады. Бірақ бұл кезде қоныстанушылар аз бол-
ған  сияқты.  Олар  бірте-бірте,  әсіресе 60-шы 
жж.  екінші  жартысынан  былай  көбейе  түскен. 
Сол кездерде теріскей Тарбағатай өңіріне кіре-
тін Зайсан қазан шұңқыры аймағына орта-жүз 
тайпаларына  кіретін  рулардан  басқа,  Ұлы 
жүздің  де  кейбір  рулары  өкілдерінің  де  көшіп 
келгені  айтылады.  Сол  сияқты  аталған  уақыт-
тарда  абақ-керей  тайпасының  кейбір  рулары 
Зайсан  қазан-шұңқырының  солтүстік-батыс  бө-
лігіне  орналасып,  көшіп  жүрген [12, 238-239 
бб.]. 
Сонымен ХVІІІ ғ. екінші жартысының соңы-
на  қарай  Тарбағатай  мен  Зайсан  өңіріне  най-
ман  тайпасының  қаракерей,  матай,  дөртуыл 
топтарына  кіретін  рулардың,  он  екі  ата  абақ-
керейге  кіретін  рулардың,  азын-аулақ  арғын-
дардың,  уақтардың  келіп  орналасқанын  айта-
мыз. Сол сияқты бұлардың арасынан Ұлы жүз-
ге  кіретін  аздаған  шанышқыларды,  Кіші  жүз-
алшындарды, тамаларды кездестіруге болатын. 
Дәлірек айтқанда найманның қаракерей то-
бына  кіретін  мұрындар,  байжігіттер,  қыржы-
лар Тарбағатайдың Аякөзден Шілікті аңғарына 
дейінгі аралығына орналасты. Сол сияқты Зай-
санға таяу Ертістің сағасын матай тобының қа-
рауыл-жасақ  руы  жайлады.  Дөртуылдар  Зай-
сан ойпатының оңтүстігінде Сауырда, Алтайда 
орналасты.  Сол  сияқты  Қаракерей  мұрындар-
дың бір тобы болып есептелетін, жолымбеттен 
тарайтын  ақнаймандар  басында  теріскей  Тар-
бағатайдағы  Қарғыба,  Базар,  Бөкен,  Шегелек 
өзендерінің  бойын  жайлап  жүрсе [13, 74 б.], 
кейіннен  олар  қаракерей  қожамбеттердің  ша-
қыруымен  Қаба,  Марқакөл  өңірлеріне  қоныс  
аударған.  Сол  сияқты  Марқакөл,  Қаба  өңірле-
рін  қаракерейге  кіретін  қожамбеттер  де  мекен 
қылған. 
Ақжар  ауылының  тұрғындары  Аманкелді  
Жанахметов, Ақашев Егінбайдың (ІІ, ІІІ) айту-
лары  бойынша,  бұл  өңірге 1750 жылдардан 
бастап  қазақтар  келіп  қоныстана  бастады. Қо-
ныстану  үдерісі 100 жылға  созылған  сияқты. 
Бұл өңірде Байжігіттен тарайтын алты Жұмық, 
бес  Саты  ұрпақтары  тұрады.  Алты  Жұмыққа 
Болат, Сайболат, Қожан, Қараша, Саты, Тәуке, 
Бес  Сатыға  Бұрымбет,  Есенгелді,  Дәулетбай, 
Қайқы, Төлебай ұрпақтары жатады. Алты Жұ-
мықтың бесеуі бәйбішеден. Ал ең кішісі Тәуке 
кіші  әйелден  туған.  Аңыз  бойынша,  бес  аға-
сының қасында Тәуке аса пысық, ер болған кө-
рінеді.  Бес  ағасы  көре  алмай  Тәукені  атып 
өлтірген. Олар Тәукені алдап “жау шапты” деп 
алып шығады. “Қайда?”-деп алдыға түсіп шауып 
бара  жатқан  Тәукені  Қараша  Болатқа  аттыр-
ған. Тәуке ауыр жараланып, үйіне келіп өлген. 
Одан үш ұл бала қалған: Шақаман, Түке, Өтеп. 
Осы  үш  ұлды  алып  кіші  әйел  Мұрын  еліне 
кетеді. Кейін Дәулетбай батырдың атасы Саты 
балаларын  жіберіп,  Сатының  нұсқауымен 
қайтадан  жеріне  алдырады  және  ең  шұрайлы 
жерлерді  береді.  Жұмық  ақсақал  бес  ұлына 
қатты  қарғыс  берген.  Әсіресе  Тәукені  атқан 
Болатқа  “не  өшпе,  не  өспе”-деген  екен.  Баба-
ның  бұл  қарғысы  дәл  келіпті.  Мысалы,  Болат 
әлі  күнге  оншақты  үйден  аспайды.  Қараша  да 
аз ел.  
Ал  қазіргі  Ақжар  халқының 70% Тәукенің 
ұрпақтары.  Бұл  жер  негізінен  Шақаман  жері. 
Шорға  алқабының 90% Тәуке,  оның  ішінде 
Өтеп  пен  Түке.  Қарасу  ауылының 50-60%, 
Тұғыл  ауылының 50-60%  Тәуке  ұрпақтары. 
Дерек  берушінің  айтуы  бойынша,  осыдан 20 
жыл  бұрын 96-ға  келген  Қайырғазы  Жолдаса-
байұлы деген ақсақал (Тәуке-Өтеп-Анар) “Анар-
дың  тарапынан 96 шаңырақ”-деген  екен.  Бұ-
лардың  бәрі  Тәуке  ұрпағы.  Қытайда  Байжігіт-
ке жатататын жұмық, тоғас және мәмбеттер де 
аз  емес.  Бұлай  болуының  басты  себебі  Ресей 
мен  Қытай  шекараны  белгілегенше  қазақ 
руларының  еркімен  көшіп  жүруінде  еді.  Тек 
1864  ж.  Ресей  мен  Қытай  арасындағы  Шәуе-
шек келісімі шекара сызығын, жер иелігін бел-
гілегенде жұрт екіге айрылды. 
Осы  аймақты  Тәукенің  бір  бұтағы  болып 
есептелетін Үш тума ұрпақтары да мекендейді. 
Дерек  берушілердің  айтуы  бойынша,  қалмақ-
тың  соңғы  ханзадасы  Әмірсананың  орта  Қа-
расу мен шет Қарасу өзендерінің арасына сал-
ған (қазіргі Ақжардың батысынан 7 шақырым)  
қамалын  Қабанбай,  Бөгенбай,  Дәулетбай  ба-
тырлардың  қазақ  жасақтары  келіп  алғанда, 
жөңкіле  қашақан  қалмақтар  үш  кішкене  бала- 
 
Ру-тайпалардың Тарбағатай өңіріне қоныстануына байланысты мәліметтерге шолу 

26 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
ны  үлкен  қазан  астына  төңкеріп  кеткен.  Үш  
баланы да Тәукенің үлкен ұлынан туған Шақа-
мандар  бауырларына  салып,  асырап  алған. 
Қолға  түскен  осы  үш  баладан  Тәукенің  бір 
бұтағы  болып  саналатын  “Үш  тума”  деген  ел 
пайда болған екен.  
Қазіргі  Тәуке  жерлері  Маңырақ  тауынан 
басталып, Ақжарға, одан екінші шеті Ойшілік-
тен Шаған обаға дейін созылады, Зайсан көлі-
нің  жағасынан  басталып,  Маңырақ  тауының 
солтүстік етегіне дейін, Ақжар ауылынан Жам-
был  ауылының  үстін  басып,  Ойшілік,  Ақсуат-
қа қарай кетеді.  
Ал Қожандар Шілікті алқабында, Саты Ма-
ңырақ,  Тарбағатайдың  оңтүстігі,  Болат,  Қара-
ша Тарбағатайдың оңтүстігі, жақсы Арғанаты, 
жаман Арғанаты, Хабарасу аймақтарын мекен-
дейді.  Осы  аймаққа  оларды  Дәулетбай  батыр 
орналастырған  екен.  Мысалға  “Дарабоз”  ро-
манынан  үзінді  келтірейік: “Ал,  Жұмық  пен 
Тоғас бір Байжігіттің баласы едік, “ит ұяласын 
қаппайды, қапса да тісі батпайды”. Өкпелерің-
ді  көтеріп  алармын,  Қамба  мен  Қарғыбаның 
екі  арасын  Мұрын  иеленген.  Барқытбелдің 
бергі бөктерін Шағаноба, Шіліктіге дейін сен-
дер қоныс етіңдер. Осы жорықта шейіт кеткен 
Тама  батыр  мен  Кенже  батыр  аруағы  және 
олардың  кегі  үшін  жауға  қарсы  арыстандай 
алысқан  Дәулетбай  батырдың  ерлігі  осы  қыз-
метке лайық. Ендігі міндет-жеңіс ізін суытпай 
қалмақтардың  қайта  қайырылуына  мұрша 
бермей,  осы  жерге  тезірек  қоныс  тебу” - деп 
Қабанбай сөзін бітірді [14, 121 б.]. 
Осы жерде көңіл аударатын мәселенің бірі, 
теріскей  Тарбағатай  өңірін  жайлаған  қазақ 
руларының  орыс  бодандығына  өтуі.  Біз  біле-
тініміздей  бұл  рулардың  дені  Орта  жүзге  тән 
еді.  Ал  Орта  жүздің  Ресейге  қарауының  бас-
талуы және жүруі тарихта белгілі.  
Жүздердің  Ресей  бодандығына  өту  мәселе-
сіне,  аса  үлкен  кеңістікті  жайлаған  ру-тайпа 
өкілдерінің, қатып  қалған  міндеттілік  емес, ал 
орыс бекіністерінен алысқа жылжып, даланың 
түкпіріне  кеткен  сайын  тіпті  де  керегі  жоқ 
нәрсе  сияқты  қарағандарын  байқауға  болады. 
Сондықтан  да  патша  өкіметі  белгілі  тайпалар 
мен  рулардың  басшыларын  әлсін-әлсін  қайта-
лап  бұрынғы  берген  анттарына  адалдықтары 
туралы ант алып отырғаны белгілі жағдай. 
Сөз  жоқ,  бұрынғы  мекендеген  жерлері  ор-
талық,  солтүстік,  солтүстік-батыс  Қазақстан 
жерлерінен  жыраққа,  Тарбағатайға  көшкен  
рулардың  көңіл-күйінде  осындай  көзқарастар-
дың болуы әбден ықтимал еді. Сонымен қатар 
осы  жерде 1756 жылдан  былай  қарай  Әбіл- 
 
мәмбет  ханның,  Абылай  сұлтанның  Қытайға  
байланысты  ұстанған  саясаттарын  да  естен 
шығармау  ләзім.  Қай  тарапта  болмасын  отар-
лық басып алулар есебінен өсіп отырған Ресей 
мемлекеті,  шиеленіскен  халықаралық  саясат-
тың бел ортасында жүруге мәжбүр болды. Бұл 
оның  адам  саны  аз  емес,  түрік-қыпшақ  за-
манынан  қалған  жауынгерлік  қасиеті  бар  қа-
зақтардың  жағдайын  ескеріп,  қазақ  хандығы-
мен  ұзақ  уақыт  қатар  көршілік  қатынас  жа-
сауы  мәжбүр  етті.  Қазақ  жерін  қосып  алуға 
қолайлы  жағдайлардың  ХVІІІ  ғ. 20-шы  жж. 
бастап туғаны белгілі.  
Жалпы  сыртқы  саясатында  Қытайдан  гөрі 
Ресейлік  бағытты  ұстанған  Абылай  қайтыс 
болғаннан кейін, барлық орта жүзге тән рулар-
дың,  осы  бағытты  ұстануы  жарайды  десе  дұ-
рыс болмас еді. Қайта орыс бекіністерінен жы-
раққа Алтайға, Тарбағатайға, Жетісуға көшкен 
рулар арасында ешкімге де бағынбай, тәуелсіз 
өмір сүру сияқты көзқарастың күшті болғанын 
байқаймыз.  Тарбағатайда  жайлаған  рулардың 
тәуелсіздігін  сақтау  үшін бірде  Ресеймен, бір-
де  Қытаймен  алысқан  ХІХ  ғ.  бірінші  жар-
тысындағы  Сыбанқұл  төре  Ханқожаұлының 
осы  өңірдегі  қозғалысы  немесе  Ресейге  де, 
Қытайға  да  бодан  болмай  тәуелсіз  өмір  сүру 
саясатын  ұстанған  мұрын  елінің  сол  кездегі 
көрнекті  өкілдері  тоқабай  Қожакелді  батыр-
дың,  мырзас  Тәукебай  Жәпекұлының  орыс 
қолынан  қаза  табулары  да  соның  дәлелі [15, 
11-112 бб]. 
Тағы  мына  бір  дерекке  назар  аударайық: 
1831  жылы  ағайынды  ташкенттік  жігіттер 
Аушы,  Тойшы  Ишиевтер  Ақсуат  бұлағының 
басынан  диірмен  салуға  Аягөз  округінің  аға 
сұлтаны  Сарт  Жошиннен  рұхсат  алған.  Бұлар 
шикі кірпіштен қора-қопсысымен төрт бөлмелі 
үй  және  су  диірменін  салған.  Жошин  сұлтан 
өзінің  рұхсат  беруін  “қырғыздарды  диханшы-
лыққа  үйрету  мақсатынан  туды”  деп  дәлел-
деген.  Бұл  диірменді  және  мекен  жайды 1840 
жылы  шілдеде  жерге  талас  кезінде  қытайлар 
өртеп  жіберген [16, 17 б.].  Бұдан  көретініміз 
1840  жылға  дейін  қытайлар  бұл  өңірге  билік 
жүргізуден дәмеленген. 
Сонымен бірге кейбір руларға Қытай ықпа-
лының  да  біршама  болғанын  көреміз.  Ол  әсі-
ресе  Әбілпейіз  сұлтанның  баласы,  абақ-ке-
рейлердің  билеушісі  Көгедай  сұлтанның  және 
оның ұрпақтарының ұстанған бағыттарынан да 
байқауға болады.  
Абақ-керейлердің  қытай  ықпалына  көбірек 
өтуін,  олардың  Тарбағатай,  Сауырдан  да  әрі 
Қытай беттегі  Алтай  жеріне  тереңдей  енуімен  
 
М.Қ. Егізбаева,  Р.С. Жұматаев 

27 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
де  түсіндіру  керек  сияқты.  Бір  бөлігі  Зайсан  
өңіріне,  Кішкене  тау,  Маңырақ,  Кендірлік, 
Көкпекті қатарлы жерлерге келіп қоныстанды. 
Сөйтіп,  он  екі  абақ  керей  әулеті  Қалба  тауы-
нан тартып, Ертіс өзенінің оңтүстік жағындағы 
Зайсан  өңірін,  одан  Сайқан,  Сауыр  таулары, 
Көкпекті,  Кендірлікке  дейінгі  кең  алқапты 
иемденіп жатты [17, 37 б.]. 
ХІХ ғ. басындағы қазақ қоғамындағы қалып-
тасқан саяси және әлеуметтік-экономикалық жағ-
дай Ресей өкімет орындарына қазақ елінің сая-
си  тәуелсіздігін  бүтіндей  жоюға  батыл  қадам-
дар  жасауына  мүмкіндіктер  берді. 1822 жылы 
22  шілдеде  қабылданған  “Сібір  қырғыздары 
туралы уставта” Орта жүзде хандықты жою қа-
растырылды.  Ол  бойынша  Сібір  Батыс  және 
Шығыс  болып  екіге  бөлінді.  Батыс  Сібірдің  құ-
рамына  Тобыл  және  Том  губернияларымен  бір-
ге Омбы облысы кірді. Батыс Сібірдің бас бас-
қармасы  Генерал-губернатор  мен  Кеңестен  тұр-
ды және Тобольскіде орналасты. Орта жүз қазақ-
тары  Омбы  облысының  құрамына  енді  және 
осы  уақыттан  бастап  оларды  басқа  қазақтардан 
айыру үшін, Сібір қырғыздары деп атай бастады. 
Омбы  облысы  Омбы,  Петропавл,  Семей, 
Өскемен  болып  ішкі  округтерге  бөлінді  және 
ерекше  заңдылық  бойынша  құрылған  сыртқы  
округтерге  бөлінді [18, 151 б.].  Осы  Ереже 
бойынша    Сібір  қырғыздарының    (қазақтары-
ның)  жерлері  (Омбы  облысының  округтерін 
құрай)  желі    бойынша    құрылған  округтерге  
бағынышсыз  түрде  Омбы  облысының округ-
терін құрайды [136, 72 б.]. Округтер болыстар-
ға  бөлінді  (әрбір  болыста 10-12 ауыл)  болыс-
тар  ауылдарға  (әрбір  ауылда 50-ден 70-ке 
дейін киіз үй). Округтер, бір рудан немесе бір 
ұрпақтан  тұратын  және  әрқашанда  бірге  бо-
лып үйреніп қалған рулардан құралған болыс-
тардан  құрылды [19, 72 б.].  Әрбір  округтің 
өзінің жайылымдары болды және округтік сұл-
тандардың  рұқсатынсыз  өз  еріктерімен  басқа-
лардың  жайылым  жерлерін  жайлауға  болмай-
тын еді [19, 72 б.]. 
Ауылдарды 3 жылға  сайлаған  старшиналар, 
болыстарды,  билігі  мұрагерлікпен  қалып  оты-
ратын сұлтандар басқарды [19, 74 б.]. 3 жылға 
сайлаған аға сұлтан округтерді басқарды. 
Әр бір округте, басында аға сұлтан отырған 
округтік  приказ  құрылды,  онда  облыс  басшысы 
сайлаған  екі  орыс  шенеунігі  және 2 жылға 
сайлаған  екі  сыйлы  қазақ  билері  мен  старши-
налар болды [19, 72-74 бб.]. 
“Сібір қырғыздары туралы Уставты” өмірге 
енгізу үшін 1824 жылдың көктемінде даланың 
ортасындағы  әлі  жайлауға  шықпаған  көшпелі  
 
қазақ  шаруашылықтарына  орыс  және  қазақ 
тілдерінде  құрылған  “Сібір  қырғыздары  ту-
ралы  Уставты”  таныстыруға  орыс  әкімшілігі-
нің шенеуніктері жіберілді. 1824 жылғы екі Қар-
қаралы  және  Көкшетау  округтері  ашылады. 
Қарқаралы және Көкшетау округтерінің ашылуы 
патша  өкіметі  үшін,  тиімді  болып  шығып, 30 
жылдары  жаңа  округтерді  ашуға  кірісті. 1831 
жылы 17 маусымда Аягөз, 1832 жылы Ақмола 
және Аманқарағай, 1833 жылы Баянауыл және 
Үшбұлақ,  ал 1844 жылы  Көкпекті  округтері 
ашылады.  Осы  кезеңде  Тарбағатайдың  те-
ріскей бөлігі бүтіндей Аякөз округіне енгізіліп, 
болыстар түріндегі әкімшілік құрылымдар іске 
асырылды. (Бұл  кезеңде  Тарбағатайдың  теріс-
тігімен  жалғасып  жатқан  Зайсан  өңірі  әлі  то-
лық  Ресей  ықпалына  өтпеген  болатын.  Алтай 
мен Сауырда жүрген керейлердің кейбір бөлік-
терінің “бодамсыз керей” деп аталулары да сол 
кезде болған). 
1844  жылы  Көкпекті  сыртқы  округі  ашыл-
ды.  Оның  аға  сұлтаны  болып  мұрын  руынан 
шыққан,  кенже-мұрын  болысының  болысы, 
штабс-капитан Қисық Тезеков сайланады. Оның 
заседателдері  болып  қазақтан  Тілеуберді  Қозы-
баев, Жарақ Боқбасаровтар, орыстан Сухомли-
нов  және  Дужан  сайланды.  Көкпекті  округін 
ашу  қарсаңында  оған 12 болыс  кірді, (Сар-
жомарт-найман,  Көкжарлы-найман,  Терістаң-
балы-найман,  Бура-найман,  Тәуетай-бура-най-
ман,  Бозғозы-бура-найман,  Қарауыл-жасақ, 
Тілес-матай,  Тәуке-Байжігіт,  Сибан-керей). 
Бұл болыстар негізінен найман тайпасына жат-
ты.  Тек  сибан-керей  болысы  ғана  керей  тай-
пасына тән болды. Сол кезде Көкпекті округі-
не  Аякөз  округінен  алынып  төрт  мұрын  бо-
лыстары  (Кенже,  Назар,  Құттымбет  және  Қы-
дыр) енгізілді [16, 28 б.].  
Ал  бұл  округті  ертерек,  сонау 1834 жылы 
ақ  патша  өкіметінің  ашуға  ойы  болғанын  де-
ректер  көрсетеді.  Бірақ  сол  кездегі  өңірдегі 
қалыптасқан  жағдайларға  байланысты  округті 
ашу  кейінге  шегеріліп,  дайындық  жұмыстары 
жүргізілген. Сол 1830 жылы болашақ құрыла-
тын  округтың  орталығы  болған  Көкпекті  елді 
мекенінің  негізі  қаланады. 1841 жылы  мұнда 
54  тұрғын  үй  және  одан  басқа  қазыналық  ғи-
мараттардың  болғаны  айтылады [20, 32-48 
бб.].  Деректерге  зер  сала  отырып  қарағанда 
Көкпекті  округының  ертерек  ашылмауының  
тікелей  себебі  Қытаймен  арадағы  шешілмеген 
жер  мәселесі  болғанын  көреміз.  Бұл  туралы  
1905  жылы  Императорлық  Ресей  географиялық 
қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімше- 
сінің жазбаларында белгілі өлкетанушы-ғалым  
 
Ру-тайпалардың Тарбағатай өңіріне қоныстануына байланысты мәліметтерге шолу 

28 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
Н.Я.  Коншин  жазады.  Н.Коншин  жазбаларын-
да  ХІХ  ғ. 30-40 жж.  Қытайдың  Бөкен,  Құлұн-
жун өзендері бойындағы бекеттері (пикеттері), 
сол сияқты  Бөкен өзені, Балықты-көл бойын-
дағы  және  Қилы  тау  шатқалындағы  күзет  қа-
рауылдары  көрсетіледі [16, 13 б.].  Көкпекті 
елді  мекенінің  түсуіне  қытайлардың  наразы-
лығын Н. Коншин былай көрсетеді: “В резуль-
тате  этого, между  китайскими  и  русскими  пи-
кетами  возникли  споры  и  даже  появлялись 
слухи  о  движении  из  Чугучака  китайского  от-
ряда для русских из Кокпектов”. Ол 1835-1837 
жж.  арасында  Сібір  әкімшілігінің  Қытайлар-
дың Көкпекті өлкесіне көз алартуларына әлі де 
үлкен қауіппен қарағанын жазды [16, 15 б.]. 
Ресейді мойындамақ бағытын ұстанған Сы-
банқұл  төренің  інісі  матай-қарауылжасықтар-
дың және көнші мұрындардың билеушісі Данияр 
Ханқожиннің  осы 1840 жылдың  жазында  тұт-
қындалуы  және  Бөкен  қытай  бекеті  маңында-
ғы  орыс  жағының  батыл  шаралары  жоғарыда 
айтылған  рулардың  Ресей  бодандығына  өтуі-
не бет бұрғызды. 1840 жылы 3 тамызда 800 тү-
тін Ресей бодандығына өтеді [16, 21 б.].  
Сөйтіп, Орта жүздің Ресейге қосылуы тұтас 
бір  ғасырдан  астам  уақытқа  созылып,  ХІХ 
ғасырдың  екінші  жартысында  барып  аяқтал-
ғаны мәлім. 
1864  жылы  Ресей  мен  Қытай  арасында  жа-
салған Шәуешек келісімі бойынша, бүкіл Зай-
сан  өңірі  (шығысында  Ақтөбе  тауына  дейін) 
Ресей  құрамына  енді. 1867 жылы  өңірдегі  би-
лігін орнықтыра түсу мақсатында Батыс Сібір 
генерал-губернаторы Хрущевтің және сол кез-
дегі  Семей  облысы  губернаторы  И.О.  Бобков-
тың  ұйғаруымен,  отырықшылыққа  қолайлы 
Жеменей  өзенінің  бойында  әскери  тұрақ, 
қазіргі Зайсан қаласын салу шешілді. Ал 1868 
жылы 7 тамызда  Күршімде  найманның  Қо-
жамбет,  Ақ-найман,  Ергенекті  және  т.б.  рулары 
ант қабылдады, керей рулары ант беруден бас 
тартады.  Ал 15 тамыз  күні  Зайсанда  Байжігіт 
сұлтандары ант қабылдайды [12, 242-243 бб.]. 
Патша үкіметінің жаулап алу саясаты кезін-
де Зайсан приставствосында мыңға тарта орыс, 
жүзге  жуық  казактар, 60 мыңға  жуық  қазақ- 
тар  болғаны  тіркелген [12, 243 б.].  Ресей  бо-
дандығын  ұзаққа  дейін  мойындамаған  керей-
лер  жиі-жиі  жерлерін  ауыстырып  отырды. 
Бұны  архив  құжаттарынан  көруге  болады [21, 
8-9 бб.]. 
Казактарға  көптеп  жер  берілуі  және  орыс  
шаруаларының  көшіп  келе  бастауы  маусым- 
дық жайылым жерлерді азайтып, көші-қон жол-
дарының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі 
жолдарын  сөзсіз  бұзды.  Әр  бір  ру,  әрбір  ауыл 
өзіне  маусымдық  жайылым  жерлерді  заңдас- 
тырып алуға ұмтылды. Жердің жетіспеуі, жеке 
шаруашылықтардың  жайылым  жерлерге  рұқ-
сатсыз  орналасып  алуына  әкелді.  Енді  орыс 
әкімшілігінің  алдында  Орта  жүз  қазақтарын 
әкімшілік  басқару  мен  орналастыру  мәселесі 
тұрды. 
Сөйтіп, 1854 ж. 19 мамыр  айында  “Семей 
облысы басқару туралы заң” қабылданады. Се-
мей облысының құрамына: Көкпекті және Ая-
гөз  сыртқы  округтері,  Жетісу  аймағы,  Семей, 
Бұқтырма  бекіністері, Қапал  және  Іле  бекініс-
тері  кірді.  Семей  облысы  мынадай  округтерге 
бөлінді: 1) Семей ішкі округі, оның құрамына 
Ертістің  оң  жағалауындағы  Сібір  әскерінің 
ішкі  желісіндегі  қазақтар  орналасқан  жерлер, 
Семей,  Өскемен  қалалары,  Бұқтырма  бекінісі 
және  Ертіс  желісі  бойындағы  және  Лезинск 
бекінісінен  Мало-Нарымскіге  дейінгі  селения-
лар; 2) Көкпекті сыртқы округі; 3) Аягөз сырт-
қы округі және 4) Қапал әскери округі. 
Басшылықты,  округтік  приказдар  арқылы, 
басында  әскери  губернатор  тұрған,  облыстық, 
басқарма  жүргізді.  Осылайша  Семей  облысы 
жеке  облыс  болып,  бұрынғы  Сібір  ведомство-
сынан  (Көкшетау,  Ақмола,  Баян-ауыл,  Қарқа-
ралы,  Құсмүрын,  Атбасар)  қалған  бес  округі 
екінші  облыс - Сібір  қазақтарының  облысын 
құрады, сонымен қатар шекаралық бастық әс-
кери губернатор, ал шекаралық басқарма Сібір 
қазақтарының  облыстық  басқармасы  деп 
аталатын болды. Семей облысы, Сібір қазақта-
рының  облысы  сияқты  бұрынғыша,  басында 
генерал-губернатор  тұрған,  Батыс  Сібір  Бас 
басқармасына  қарады.  Казак  және  орыс  шаруа-
ларының  қоныстануы  қазақтар  арасында  егін-
шіліктің  дамуына  әсерін  тигізді.  Егіншілікке 
берілген жерлер мұрагерлікпен қалып отырды. 
ХІХ  ғ.  басында  қазақтар  мен  орыстар  ара-
сында қатынас күшті болмаса да, ХІХ ғ. Орта-
сында екі халық арасында бір-бірінің экономи-
касы, мәдениеті  және  тұрмысына  деген қызы-
ғушылық  пайда  бола  бастады.  Қазақтар  орыс 
қоныстарындағы жәрмеңкелердің күнделікті қа-
тысушыларына  айналады. “Тамыр” болу, яғни 
достық,  қонақжайлылық  дамыды.  Мысалы, 
1833  ж.  Көкпекті  бойында  егіншілікті  дамыт-
қаны үшін, Досан Хамбабинге топаз жүзік бе- 
ріледі [12, 243 б.].  Жергілікті  рыноктарда  да 
орыс  тауарлары  көбейеді.  Қытаймен  арадағы 
негізгі керуен жолы да осы Зайсан ойпаты мен 
Тарбағатай  арқылы  өтті.  Сондықтан  бұл  өңір-
дің орыстар үшін үлкен маңызы болды.  
Қысқа  шөп  дайындау,  егіншілік  қазақтар 
арасында кең тарала бастады [22, 197-200 бб.].  
Бұл әрине, орыс және қазақ шаруаларының қо-
М.Қ. Егізбаева,  Р.С. Жұматаев 

29 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
ныстануының пайдалы жақтары болса, өңірдің 
қазақ  халқы  үшін  тиімсіз,  қолайсыз  жағы-не-
гізгі  шаруашылығы  мал  шаруашылық  болған-
дықтан,  жайылым  жерлердің  азаюы  еді.  Себебі, 
ең  құнарлы,  шұрайлы  деген  жердің  көп  бөлігі  
осы қоныстанушыларға алынып берілген еді.  
Осылайша  қазақ  руларының  Қазақстанның 
шығысына,  солтүстік-шығысына  және  оңтүс-
тік-шығысына, оның ішінде Тарбағатайдың те-
ріскейіне орналасуы және халықтың Ресей құ-
рамына  күштеп  қосылуы  күрделі  және  ұзаққа 
созылған үдеріс болғаны тарихи шындық. Бұл 
мәселе өз алдына дербес зерттеуді қажет етеді. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал