Issn 1563-0269 Индекс 75871; 25871



жүктеу 5.03 Kb.

бет24/26
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
М.А. Доскалиева 

155 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
 
 
 
 
ӘОЖ: 94 (574) «1920/30»:329.15  
 
Д.Ж. Айнақұлов 
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих, археология және  
этнология факультетінің 2-курс магистранты, Қазақстан, Алматы қ. 
E-mail: aynakul.dauren@mail.ru 
 
20-30 жылдардың Қазақстандағы саяси ұйымдастыру 
жұмыстары кезiндегi төменгi партия ұйымдарының жағдайлары 
 
20-30  жылдары  Өлкелік  және  төменгі  партия  ұйымдары,  сонымен  қатар  Ұлы  Отан  соғысы  қарсаңында 
Қазақстан  Коммунистік  (б)  партиясы  партия  ұяларымен  жұмыс  істеуді  мақсат  етіп  қойды.  Себебі  ұялар 
халық пен еңбекшілерге жақын болды. Кеңес үкіметі әкімшіл-әміршіл басқару жүйесін орнықтыруды жүзеге 
асырудың  жеңіл  жолы  деп  есептеді. 1925 жылы  Ф.  Голощекин  Қазақстан  партия  ұйымына  басшы  болып 
тағайындалды.  Оның  келуімен  Қазақ  АКСР-індегі  жағдайлар  ушыға  бастады.  Ол  «Кіші  Қазан»  идеясын 
көтеріп, қазақ халқының арасында таптық күресті күшейтті. 
Халықтың  басым  көпшілігі  ауылдар  мен  деревняларда  тұрғандықтан  Қазақ  Өлкелік  партия  комитеті 
ауылдар  мен  деревняларда  жаппай  партиялық  ұйымдастыру  жұмыстарын  бастады.  Партия  ұялары  туралы 
көптеген  құжаттар  бекітілді.  Кеңес  үкіметіне  қарсы  ойлармен  күресу  үшін  коммунистер  өздеріне  қолайлы, 
әрі  ұтымды  болатын  ұялар  құрылысын  қарастырды,  ауыл  ұяларының  әлеуметтік  құрамын  бақылады,  ауыл 
коммунистерінің санын көбейтуді жоспарлады. 
Ф. Голощекин (1925-1933 
жж.),  Л. Мирзоян (1933-1938 жж.)  және  Н. Скворцов (1938-1945 жж.) басқарған 
жылдары партия ауыл мен деревнядағы партия ұяларының жұмыс деңгейі төмен болды. Партия ұйымдары 
болса ұялар ішіндегі және  ұялар арасындағы жұмыстардың барлығы жақсы атқарылуда деп есеп берген еді. 
Шын  мәнінде,  барлық  жұмыстар  мен  шаралар  адамның  құқықтарын  бұзушылықпен  жүзеге  асырылды.  ОК 
БКП-ның  нұсқауымен  әкімшіл-әміршіл  басқару  жүйесін  орнықтыру  үшін  Қазақ  Өлкелік  партия  комитеті 
барлық  жұмыстарды  бұлжытпай  орындады.  Мұрағаттың  жаңа  материалдары  мен  кейінгі  жаңа  ғылыми 
зерттеу жұмыстары Қазақстан тарихындағы ақтаңдақтар беттерін ашуда. 
Түйін сөздер: партия, ұя, кеңес, әкімшіл-әміршіл, коммунист, жүйе, жұмысшы, комитет. 
 
Д. Ж. Айнакулов 
Политические организационные работы низших партийных органов  
в 20-30 годы в Казахстане 
 
В 20-30-е  годы  Краевые  и  местные  партийные  органы,  а  также  перед  Великой  Отечественной  войной 
Коммунистическая (б) партия Казахстана поставили задачу о работе с партийными ячейками, так как ячейки 
были  близки  к  народу  и  трудящимся.  Советская  власть  считала,  что  это  легкий  путь  к  осуществлению 
политических организационных работ, чтобы установить административно-командную систему управления. 
1925  году  Ф.Голощекин  был  назначен  руководителем  Казахского  партийного  органа.  С  приходом  к  власти 
Ф.
 Голощекина   политическая   ситуация   в  Каз АССР  обострилась.  Он,  подняв  лозунг  «Малый  Октябрь», 
начал обострять классовую борьбу среди казахского народа. 
Казахский  Краевой  комитет  партии    начал    массовую  политико-организационную  работу  с  аульных  и 
деревенских партийных ячеек, так как масса народа жила в аулах и деревнях. Принималось много законов о 
партийных ячейках. Коммунисты рассматривали выгодную структуру ячейки, наблюдали социальный состав 
аульных ячеек, планировали увеличить количество коммунистов в аулах и им давали распоряжение бороться 
с антисоветскими идеями.  
Во  время  правлений  Ф.  Голощекина (1925-1933гг.),  Л.  Мирзояна (1933-1938гг.)  и  Н.  Скворцова (1938-
1945 гг.) уровень работы аульных и деревенских ячеек был очень низким. А партийные органы давали иные 
отчеты,  что  работа  ячеек  и  работа  среди  ячеек  ведется  очень  хорошо.  На  самом  деле  все  работы  и 
мероприятия  проводились  с  большими  нарушениями  прав  человека.  Под  диктовку  ЦК  ВКП(б)  Казахский 
Краевой комитет партии выполнял все распоряжения для установления административно-командной системы 
управления. Новые архивные данные и новые научные исследования раскрывают эти белые пятна в истории 
Казахстана. 
Ключевые  слова:  партия,  ячейка,  советы,  административно-командный,  коммунист,  система,  рабочий, 
комитет. 
                                 
 
 
 
 
 
20-30
 жылдардың Қазақстандағы саяси ұйымдастыру жұмыстары кезiндегi... 

156 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
D.Zh. Ainakulov 
                     Political organization works of lower  party organs in Kazakhstan in 20
th
-30
th

 
In 20
th
-30
th
 Kazkraikom (Kazakh Regional Committee) and local party organs and the Communist Party of 
Kazakhstan, the Great Patriotic War solved the problem about the work of lower party organs before, because lower 
party organs were close to people and the workers. Soviet power decided it is an easy way to realize political 
organization works in order to establish the administrative-comanding system of government. In 1925 
F.Goloschyokin had been appointed leader of Kazakh Party Organ. When F. Goloschyokin came to leadership the 
political situation of KazASSR became strained Being at the head of the party organization of the krai, F.I. 
Goloschyokin took the course to the aggravation of the “class-struggle” and conducted “new revolution” in the 
kazakh aul. 
Kazakh Regional Committee began political organization works from party organs of aul. There adopted laws by 
Tsik VKP (b) (Central Committee) of USSR and Kazakh Regional Committee party of Kaz ASSR. 
During the rule of F.I. Goloschyokin (1925-1935), L.I. Mirzoian (1933-1938) and N.A. Skvortsov (1938-1945) 
level of work aul party organs was very bad. Party organs (of Kaz ASSR) reported other facts  that wovt of party 
organs and with party organs in aul was very good. As a matter of fact all works and measures conducted with high 
violation of human rights. (to) By the Tsik VKP (b)’s dictatioin of Kazakh Regional Committee party carried out all 
instructions to establish the administrative – comanding system of government. New archival documents (sourees) 
and new scientific research disclose secrets of history of Kazakhstan. 
Keywords: party, lower party organ, soviet, administrative-comanding, communist, worker, system, committee 
______________________________________ 
 
ХХ  ғасырдағы 20-30-жылдарда  Өлкелiк 
және  жергiлiктi  партия  ұйымдарының  және 
ұлы  Отан  соғысы  қарсаңындағы  Қазақстан  
коммунистiк партиясының саяси ұйымдастыру 
жұмыстарының  бiрi  төменгi  буындағы  партия 
ұяларымен  жұмыс  едi.  Өйткенi  ұялар  бұқара 
халыққа,  еңбекшiлерге  жақын  болды.  Қырғыз 
(қазақ)  облыстық  партия  комитетi  басқарып 
тұрған  жылдары  партия  ұяларын  нығайтуда 
бiраз жұмыстар iстелген  болатын. Бiрақ сонда 
да  ауыл  мен  село  ұялары  әлсiздiгiн  байқатты. 
Социализмнiң жаңа талаптары мен мiндеттерi-
не  сай  келмейтiндiгiн  түсiндiрiп,  компартия 
ұяларды  қолға  алды.  Қазақстанда  әкiмшiл-
әмiршiл  мемлекеттiк  басқару  жүйесiн  орнық-
тыруда  ауыл  ұялары  негiзгi  роль  атқарулары 
тиiс едi.  
БК(б)П  Орталық  Комитетi  партия  ұялары-
ның 1924-1926 жылдардағы  жұмыс  тәжiрибе-
сiн  талдап, 1926 жылы  тамыз  айында  «ұялар 
туралы  ереже»  жобасын  жариялады[1].  Осы 
жобаны және партия құрылысына байланысты 
БК(б)П  Қазақ  Өлкелiк  комитетiнiң II плену-
мында (1926 жылғы 30 сәуiр – 3 мамыр)  қа-
былданған  шешiмдердiң  негiзiне  сүйене  оты-
рып[2],  БК(б)П  Қазақ  Өлкелiк  комитетiнiң III 
пленумы  партия  ұялар  жөнiнде  бiраз  мәселе-
лердi  талқылады.  Талқылап  бiткен  соң  «Ауыл 
мен  деревнядағы  партия  құрылысының  кезек-
тегi мiндеттерi туралы» ұяларға арнайы қаулы 
қабылдады.  
Ал 1926 жылы  қараша  айында  өткен  Қаз-
өлкекомның III пленумы  ауылдағы  партия 
ұйымдарына  төмендегідей  сипаттама  бердi[3]. 
Сол  сипаттаманың  мазмұнына  тереңiрек  үңiл-
сек,  партия  басшылығының  ауыл  коммунис-
терiн  өсiру,  ұяларды  нығайту,  мәдени-саяси  
 
деңгейлерi төмен деп партия оқуын енгiзу және 
таптық  қатынас  дамымаған  деген  жалған  же-
леумен қазақ ауылдарында тап күресiн өршiту 
саясаты көзделiп отырғанын байқаймыз.  
Айтылған  мәселеге  байланысты  пленум  мы-
надай  мiндеттердi  партияға  жүктедi:  а)  ауыл 
коммунистерiнiң санын өсiру; б) ауылдарда пар-
тия  белсендiлерiн  құру;  в)  ауылда  ұйымдас-
тыру құрылысының түрлерiн жетiлдiру; г) ауыл 
ұяларының  әлеуметтiк  құрамын  қадағалау;  
д)  ауыл  ұяларының  тәртiбiн  нығайтып,  терiс 
бағыттағы  күштермен  күресу[4].  Партияның 
саяси шаралары осылайша төменнен басталды. 
Деревняларға  да  жоғарыдағыдай  бағыттағы 
мiндеттер жүктелдi.  
Алайда  ауылдағы  партия  ұялары    нашар 
жұмыс  атқарып,  саяси  ұйымдастыру  жұмыс-
тары  зорлықпен  жүргiзiлдi.  М.  Қайыпназар-
ұлының  хабарлауынша 1925 жылы  ауыл  ұя-
лары  жұмыстарының  нашар  болуы  себебi: 
ауылдағы  партия  ұялары  қаладан 50-100 ша-
қырым  қашық  болса,  мүшелерi  ұядан 10-20 
шақырым  және  бiр-бiрiнен  қашық  тұрады 
екен. Оның үстiне кейбiр партия ұялары қағаз 
жүзiнде  ғана  жұмыс  iстеген [5]. Әрине  бұл 
кемшiлiктердiң  болғанына  күмән  келтiрмей-
мiз.  Ауыл-село  ұялары  территориялық  негiзде 
құрылған.  Оларды  бiр-бiрiмен  ондаған  шақы-
рым  шалғайда  жатқан  ауыл  мен  деревняларда 
тұрып  жатқан  дара  коммунистер  бiрiктiретiн. 
Бытыраңқы  жатқан  ұялардың  мүшелерi  кейде 
зорға жиналатын едi. 
1927  жылы 26 мамырда  БК(б)П  Орталық 
Комитетi «БК(б)П ұяларының жұмысы туралы 
ережесiн»  бекiттi.  Бұл  жаңа  құжат  ұялардың 
жаңа  бағыттарын  көрсеттi.  Яғни,  ауыл-дерев-
нядағы  ұялар  колхоздар  мен  совхоздарды  
 
Д.Ж. Айнақұлов 

157 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
құру,  кооперативтендiру  мен  индустриялан-
дыру  жолындағы  жұмыстарға  араласып,  пар-
тияның  мiндеттерiн  жүзеге  асыратын  ұйым 
болды.  Ұялардың  құрамына  батырақтарды, 
кедейлердi және орташаларды көбiрек тартып, 
кеңес  құрылысында  оның  ролiн  күшейту  көз-
делдi.  БК(б)П  Орталық  Комитетi  алдын-ала 
осындай  жоспар  жасаған  едi.  Ереженi  өлкелiк 
және  жергiлiктi  партия  ұйымы  басшылыққа 
алып,  саяси  ұйымдастыру  жұмыстарына  кiрi-
сiп  кеттi.  ұялар  арқылы  Қазөлкеком  тамырын 
тереңiрек жайып, саяси әкiмшiл-әмiршiл жүйе-
нi  қалыптастырудың  басты  орталығы  ретiнде 
қадамдарын нық баса бастады. 
Одақ  бойынша 1927 жылдың  бiрiншi  жар-
тысында  партия  санағы  өттi.  Қазақ  АКСР-i 
бойынша 962 ауыл-деревнялық  ұялар 11989 
партия  мүшелерiн  бiрiктiрсе,  оның 927 ұясы 
шаруалардiкi  болып, 11679 коммунистердi  бi-
рiктiрдi.  Оның 10 ұясы  құрамына 94 комму-
нистер  бiрiктiрiлген  совхоздың  және 25 ұясы 
құрамында  216 коммунисi  бар  колхоздық  ұя-
лар едi[6].  
VI  Бүкiлқазақтық  партия  конференция-
сында  Ф.Голощекин  «Бiздiң  ауылдарда  әлi  де  
болса  ұялары  толық  құрылмаған,  тiптi  ауыл 
коммунисi жоқ деп айтса да болады. Олардың 
сауаты  төмен,  партия  қаулыларын  орындай 
алмайды,  байлардың  ықпалында  кетуде.  Сол 
үшiн  өлкеком  негiзгi  күштi  ауылға,  ауыл 
коммунисiне  жұмылдыруда.  Бұл  тапсырманы 
орындамай  ауылды  басқару  екi  талай  және 
партия ұйымдарының қандай деңгейде iстейтi-
нiн көрсетедi»[7], -  дедi.   
Голощекин  жоғарыда  айтылған VI конфе-
ренциядағы  сөзiн 1928 жылы  хатпен  И.В.Ста-
линге  жолдады/8/.  Конференцияда  айтылған 
Ф.Голощекин  сөздерi  мен  партияның  берген 
есептерiне  қарама-қайшы  келедi.  Партияның 
қатары  өсуде,  ұялар  саны  өсуде,  партияның 
ағарту жұмыстары жүргiзiлуде деген болатын. 
Демек,  ұйымдастыру  жұмыстары  партияның 
күштеуiмен баяу жүрдi. Жұмыстарының тежеп 
қалуына  қазақ  байлары  кiнәлi  деп,  кейiннен 
Алашордашылардың идеологтары атанған аза-
маттарына жала жауып бар кiнәларын соларға 
итерiп салды. 
1927  жылы  қарашаның 15-23 күндерi  ара-
лығында Қызылордада өткен VI БК(б)П Қазақ-
стан  Өлкелiк  конференциясында  партияға  ұя-
ларды  тексерiп,  бюрократизммен  күресу  жұ-
мыстарын  күн  тәртiбiне  қойды[9].  Күн  тәртi-
бiне  қойылған  бұл  партияның  билiгiнiң  одан 
әрi  нығайтылуына  жол  ашты.  Мұнда  партия 
билiгiнде  отырған  нағыз  бюрократтарды  емес,  
 
бюрократизмдi  жамыла  отырып  Сталиндiк 
тәртiпке көнбеген азаматтарды және байларды 
билiктен шеттету едi.  
Х.  Дәулетбеков  партия  ұясының  мүшесi, 
1928  жылы  уездiк  қала  комитетi  ауыл  ұяла-
рына тексеру жұмыстары жүргiзiлiп, онда iстiң 
бiраз  жақсарғанын  ешбiр  дәлелсiз  айта  келiп, 
артынан  бәрi  нашар,  кемшiлiктерi  көп  дей-
дi[10].  Пікірлердің  өзi  бiр-бiрiне  қарама-қай-
шы  болып  тұр.  Ф.  Голощекиннiң VI Өлкелiк 
партия конференциясында ұялар туралы жаса-
ған  баяндамасына  және  И.В.  Сталинге  жол-
даған  хатына  қарағанда  ұялардың  ұйымдас-
тыру жұмыстары нашар болды.  
«Ауылды  кеңестендiру»  ұранына  байла-
нысты ауыл кеңестерiн нығайтуға ауыл ұялары 
жұмылдырылып,  кеңестердiң  ролiн  өсiру  пар-
тияның қадағалауымен орындалды. Кеңестерге 
ауыл  ұяларының  жұмылдырылуының  себебi, 
жұмысшылар  мен  шаруаларды  кеңестiк  құры-
лысқа  тартуда  олар  негiзгi  бұқаралық  күш 
ретiнде  саналды[11].  Олармен  тығыз  байла-
ныста болу компартия үшiн тиiмдi әрi қолайлы 
едi.  Кеңестерде  де  партия  ұялары  құрылып, 
оларға басшылық еттi.  
Ауылды  кеңестендiру  кезiнде  ауыл  ұялары 
тек ауыл кеңестерiн нығайтуға көмектесiп қана 
қоймай,  Өлкелiк  партия  ұйымының  шешiмде-
рiне  сәйкес  үгiт-насихат  жұмыстарын  орын-
дап,  идеологиялық  күрес  жүргiзуде  ат  салыс-
қаны  сөзсiз.  Сөйтiп,  әкiмшiл-әмiршiл  мемле-
кеттiк  басқару  жүйесiн  орнықтыруда  ауыл 
ұяларының  жұмысын  күшейту  текке  қолға 
алынбағанын  байқаймыз.  Ауыл-деревнялар-
дағы  партия  ұйымдарының  есептерiне  тоқта-
латын  болсақ  төмендегi  мәлiметтерге  назар 
аударайық: 1928 жылдың 1 қаңтарына  дейiн 
ауыл,  деревня  және  қыстақтар  бойынша 1039 
ұялар – 16889 коммунистердi 1929 жылы 
(барлық  есеп 1 қаңтарға  дейiн  берiлiп  отыр) 
878  ұялар-14752  коммунистердi, 1930 жылы 
1242 ұялар – 14752 коммунистердi, 1931 жылы 
940  ұялар – 16010 коммунистердi  және 1932 
жылы 120 ұялар – 2295 коммунистердi  бiрiк-
тiрдi[12]. 1931 жыл  мен 1392 жылдары  ауыл 
мен  деревня  ұяларының  және  мүшелерiнiң 
күрт  азайып  кетуiне  колхоздар  мен  совхоздар 
әсер  еттi.  Көп  ұялар  колхоз  бен  совхоздар  ұя-
лары болып қайта құрылды.  
Колхоздық ұялар 1/I 1928 жылы 13 ұялар –
236 коммунистердi[13], 1/I 1929 ылы 39 ұялар 
– 617 коммунистердi, 1/I 1930 жылы 102 ұялар 
– 1405 коммунистердi, 1/I 1391 жылы 658 
ұялар – 10389 коммунистердi  және 1/I 1932 
жылы 1955 ұялар – 32836 коммунистердi бiрiк- 
 
20-30
 жылдардың Қазақстандағы саяси ұйымдастыру жұмыстары кезiндегi... 

158 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
тiрдi.  Ал  совхоздық  ұялар1/I 1928 жылы – 12 
ұяға, 1/I 1929 жылы –21 ұяға, 1/I 1930 жылы – 
27  ұяға, 1/I 931 жылы – 18 ұяға  өссе, 1932 
жылы 333 ұяға өстi. МТС пен МШМС (маши-
намен  шөп  шабу  станциясы)  ұялары 1931 
жылға  дейiн  болған  жоқ. 1/I 1931 жылы 16 
ұялар – 268 коммунистердi  және 1/I 1932 
жылы – 104 ұялар 1205 коммунистердi  бiрiк-
тiрдi[14]. 
Сонда  да  ұжымдастыру  кезiнде  колхоз  бен 
совхоз  ұялары  баяу  өстi. 1930 жылы  ауыл-
деревня  ұяларының  өсуiне  дем  беру  үшiн 
олардың жұмысын қайта құру үрдiсi басталды. 
Қайта  құру  сол  ауданның  ыңғайына  қарай 
жүргiзiлдi.  Партия  мүшелерi  ұяларда  үш 
адамнан  кем  болмайтындай  болып  құрылды. 
Коммунистердiң  саны  жеткiлiктi  болған  кол-
хоздарда  партия  мүшелiгiне  кандидаттарынан  
кандидаттық  топтар  құрды.  Мұның  өзi  заң 
бұзушылықпен  жүрдi[15].  Оларды  аудандық 
партия комитеттерi басқарды. 
Ауыл деревня ұяларын қайта құрудың мәнi 
коммунистердi колхоз өндiрiсiне жақындатып, 
колхоз  қозғалысына  жаңа  партиялық-саяси 
серпiлiс  беру  едi.  Бiрақ  күткен  ойлары  жүзеге 
аспады.  Территориялық  принципiне  қарай  құ-
рылған ұялар бiрден колхоздық ұя болып кете 
алмады. Тiкелей колхоз өндiрiсiмен байланыс-
сыз  болды.  Оның  үстiне  күштеп  ұжымдас-
тырудан  кейiн  шаруалар  мен  ауыл  кедейлерi 
партияға өз ерiктерiмен барғысы келмедi. Сон-
дықтан колхоздарда ұялар саны баяу өсiп, кол-
хозшылардың  iшiнде  партия  тобы  жеткiлiксiз 
болып қала бердi.  
Партия ұйымдарының төменгi партия буын-
дары  бойынша  саяси-ұйымдастыру  жұмыс-
тары 1931 жылы жақсы болды деп айту қиын. 
Ауыл мен деревняларда партия ұялары барлық 
жерлерде  толық  құрылмаған.  Мысалы,  Пахта-
арал  ауданындағы  «Бейнаш»  колхозында  ұя-
лар құрылмаған. ұялар жұмыстарының нашар-
лығы  ауыл-деревняда  партия  құрылысын 
түсiнбей  шатасушылық  көп.  Қарқаралы,  Үржi 
және  т.б.  аудандарда  ұяларға  аудандық  бас-
шылық  жұмыстары  нашар  қанағаттанарлық-
сыз болды[16]. Мiне 1931 жылғы ауыл-деревня 
ұяларының жағдайлары осындай еді.  
Қазөлкеком  БК(б)П    Орталық  комитетiнiң 
1932 жылы 17 қыркүйекте «Көшпелi және жар-
тылай  көшпелi  аудандарда  партия  ұяларын 
ұйымдастыру  туралы»  шешiмiн[17]  ескере  оты-
рып, 1933 жылы шiлде айында Қазөлкекомның 
VI пленумiнде «Ауыл мен деревнядағы партия 
жұмысы  туралы  қаулы»  қабылданды.  Сол 
қаулыға  сәйкес  Қазөлкекомның  Бюросы  «Көш- 
 
пелi  және  жартылай  көшпелi  аудандарда  пар-
тия  ұяларының  ұйымдастыру  құрылысы  ту-
ралы»  шығарған  шешiмiн  жүзеге  асырды[18]. 
Бұл  шаралар  партияның  ұйымдастыру  жұ-
мысын  жеңiлдету  едi.  Ұялардан  басқа  да  пар-
тия топтары құрылды. ұяларды қайта құру мен 
олардың  қатарына  коммунистердi  тарту  ТОЗ-
дарда  (жердi  бiрлесiп  өңдеу)  ғана  жүргiзiлдi. 
Жүргiзiлiп  отырған  партияның  ұйымдастыру 
саясаты  партия  ұйымдарын  ТОЗ-дар  мен  кол-
хоздарды  бұрынғыдан  да  тiптен  жақындас-
тырды.  Партия  көздеген  мақсаттарына  бiртiн-
деп жете бердi.  
Төменгi партия ұйымдары тек ауылдар мен 
деревняларда  ғана  жұмыс  iстеген  жоқ,  соны-
мен қатар өндiрiс орындарында, өнеркәсiптер-
де жұмыс iстедi. Өнеркәсiп орындарында пар-
тия ұяларының қанат жаюы өлкелiк және жер-
гiлiктi  партия  ұйымдарының  саяси  ұйымдас-
тыру жұмыстарының бiрi болды. 
1925  жылы  Қазақстанның  өндiрiс  орында-
рында  тексеру  жұмыстары  жүргiзiлiп,  ұялар 
жұмыстарының  нашарлығы  есепке  алынды. 
1925-1928  жылдар  аралығында  жұмысшылар 
ұялары  көп  болған  жоқ.  Республикада  индус-
триялық  дамудың  мiндеттерi  қойылған  кезде 
яғни  бiрiншi  бесжылдықта  кәсiпорындар  мен 
жаңа өндiрiс орындарында партияның ұйымдас-
тыру жұмысын көтеру үшiн жұмысшылар  ұя-
ларын  көбiрек  құрып,  олардың  жұмыстарын 
күшейту жоспарланды.  
Жергiлiктi  партия  ұйымдары  осы  шаралар-
ды жүзеге асыру үшiн есептi баяндамаларында 
күн тәртiбiне алып отырды. Мұны БК(б)П Ор-
талық комитетi ескерiп, 1928 жылы 3 мамырда 
«Транспорт пен өнеркәсiп жұмысшылары ара-
сында  бұқаралық-саяси  және  ұйымдастыру 
жұмысын  жандандыру»  туралы  қаулысын  қа-
былдады[19].  
VI  Өлкелiк  партия  конференциясы (1927 
жыл) қарсаңында өндiрiстiк ұялар (жұмысшы-
лар  ұялары) 189 болса, VII Өлкелiк  партия 
конференциясы  қарсаңында (1930 жылы) 295-
ке дейiн өстi. Сондай-ақ қатарында коммунис-
терде 7433 адамнан 17104 адамға  дейiн  өстi 
[20].  Компартия  мұнымен  шектелiп  қоймай 
партия қатарын ұялар арқылы одан әрi өсiрудi 
бұйырды. 
 Түстi металлургия өнеркәсiптерiне үш саты-
лық құрылысты: партком, партұялар және парт-
топтарды  енгiзген  БК(б)П  ОК-нiң  өзi  едi.  Ол 
1931  жылы 21 наурызда  “Цехтар  мен  брига-
далардағы бұқаралық-саяси жұмыстар туралы” 
қаулы  әсерiн  тигiздi[21].  Түстi  металлургия 
өнеркәсiптерi  осындай  үш  сатылық  құрылы- 
 
Д.Ж. Айнақұлов 

159 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
сымен  ұйымдастыру  жұмыстарын  тоқтатпай 
iлгерi жалғастырды. Оларға деген бақылау жұ-
мыстары жиi жүргiзiлдi. 
Өндiрiс  ұяларының  мiндеттерi,  өндiрiске  қа-
тысты жұмыстарда өздерiн тәрбиелеп, өндiрiс-
тi  арттыру  керек  болды.  Егер  өндiрiс  артпай, 
коммунистер авангард  бола алмаса онда олар-
ды тарату мәселесi алда тұрды. Таратылса бiр-
шама  жұмысшылар  жұмыстан  айрылып,  та-
быссыз қалатын.  
Ауылдағы төменгi партия ұйымдарына қай-
та оралсақ, жалпы алғанда 1930 жылдың сәуiр 
айынан 1933 жылдың 1 қаңтарына дейiн ұялар 
2080-нен 4128-ге  дейiн  өскен  екен.  ұялар  түр-
лерi үш жылдың iшiнде жылдам өзгерген. Әсi-
ресе  ауылдық  ұялар  саны  күрт  түсiп  кеткен. 
Оның себебi, ауылдық ұялар – колхоздық, сов-
хоздық және т. б. болып құрылды[22]. 
Ұялардың  саны  өскенiмен  де,  олардың  жұ-
мыс  сапасы  қандай  деңгейде  болғанына  кел-
сек,  кеңес  өкiметi  тұсындағы  зерттеген  тарих-
шылармен  ойымыз  қиыспай,  бiр  түйiнге  келе 
алмаймыз.  Мүмкiн  сол  заманның  әсерi  болар 
бiрде-бiр  зерттелген  еңбектер  жұмыс  сапасы-
ның кемшiлiгiн айтпайды, мәселен 1933 жылы 
шiлде  айында  өткен  Өлкелiк  партия  комитетi-
нiң VI пленумiнде айтылған кемшiлiктерге тек 
үстiртiн  ғана  тоқталған.  Демек  әкiмшiл-әмiр-
шiл басқару жүйесi тұсында жариялауға тыйым 
салынды. 
1934  жылы 8-16 қаңтар  аралығында VIII 
Бүкiлқазақстандық  Өлкелiк  партия  конферен-
циясы  өттi.  Конференция  шешiмдерiнде  пар-
тия  құрылысы  мәселелерiне  ерекше  көңiл  бө-
лiндi. Ауыл мен селодағы партия жүйесiн қай-
та  құрудың  алғашқы  қорытындысын  жинақ-
тап,  партия  ұяларын  нығайтудағы  МТС-тер-
дегi,  совхоздар  мен  транспорттағы  саяси  бө-
лiмдердiң  қызметiн  мақұлдады.  Партия  ұяла-
рын  бастауыш  партия  ұйымдары  етiп  қайта 
құруды және солардың жанынан партияда жоқ 
активтен  тiлектестер  топтарын  құруды  шеш-
тi[23]. Партия конференциясы коммунистердiң 
идеялық-саяси дәрежесiн ұдайы арттыруға ба-
ғыттады.  Ф.Голощекиннiң  орнына  Қазақстан 
партия  ұйымының  жауапты  хатшысы  болып 
келген  Л.И.Мирзоянның  басшылық  еткен  жыл-
дарында  да (1933-1938ж.ж.)  Қазақ  Өлкелiк  пар-
тия  ұйымы  саяси  әкiмшiл-әмiршiл  жүйенi  қа-
лыптастырудың басты орталығы  ретiнде қала 
бердi.  Партия  ұялары  бастауыш  партия  ұйым-
дары  ретiнде  нақты 1935 жылы  айтыла  бас-
тады. 
Қазөлкекомның IV пленумi (1935 жылы) 
партияның  ұйымдастыру  жұмыстарында  бас-
тауыш партия ұйымдарында iстiң iлгерi баспа-
ғанын атап кеттi[24]. Алдағы уақыттарда олар-
ды жаңа мiндеттер күтiп тұрды. 1934 пен 1937 
жылдар  аралығында  бастауыш  партия  ұйым-
дарының саны төмендегiдей өзгердi. 
 

1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал