Issn 1563-0269 Индекс 75871; 25871



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет20/26
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
#150
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26

жүздің  басын  құрадың»  деуінің  негізіңде  та-
рихи шындық жатыр.  
Қазақта  аты  аңызға  айналған  хан,  би,  ба- 
 
тырлар баршылық. Ал, соның ішінде Абылай-
ханның  орны    бөлек,  шоқтығы  дара.  Бұл  әсе-
релеп  айтқандық  емес,  ақиқат  шындық.  Атой 
салып  жауға  шауып,  жекпе  жекте,  жау  баты-
рын жер жастандырып, атын ұранға айналдыр-
ған  батыр,  кесімі  кесек,  ақыл  парасаты  мол, 
аузы дуалы азулы  хан.  
Абылай каһарлы хан болуымен қатар, қазақ 
халқының рухани касиетінен еркін сусындаған 
дарынды  күйші  ретінде  де  белгілі.  Ол – «Ақ-
толқын», «Алабайрақ», «Бұланжігіт», «Дүние 
қалды», «Жетімторы», «Қайран  елім», «Қара 
жорға», «Қоржын қақпай», «Майда жел», «Са-
дақ  қаққан», «Сары  бура», «Шаңды  жорық», 
т.б. күйлердің авторы 
[1]
.   
Абылай  ғұмыры   қазақтың  басына  түскен 
зұлматты  жылдарға  толы  болды.  Жоңғарды 
жойып,  екі  алып – Цин  империясы  мен  пат-
шалық  Ресейдің  қазақты  құртудағы,  қулығы 
мен сұмдығы түпсіз сұрқия айласы мен қысы-
мынан арандамай шығу, ақыл мен парасаттың 
жемісі.  Ат  жалында  жүріп,  елін  отырықшы, 
өркениетті ел етуді армандады.    
Ұлы  ханның  сол  арманы,  қазіргі  таңда  ел-
басы  Н.Ә.  Назарбаевтың  көреген  саясатының 
арқасында орындалды деуге толық негіз бар.    
Әдебиеттер 
 
1  Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2006. 
2  Уәлиханов Шоқан. Көп томдық шығармалар жинағы. Алматы, 2010. 
3  Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы. 1996. 
4  Левшин А.И. Описание киргиз-казацких или киргиз-кайсацких орд и степей. Алматы, 1996. 
5  Аяған  Б.Ғ.,  Әбжанов  Х.М.,  Махат  Д.А.  Қазіргі  Қазақстан  тарихы.  Оқулық.  Астана:  Мемлекет  тарихы  институты, 
2010 
 
References 
 
1  Qazaqstan tarikhy. Enciklopediyalyq anyktamalyk. Almaty, 2006. 

   Ualikhanov Shoqan. Kop tomdyq shygharmalyk zhinaghy. Almaty, 2010.- 376 b. P. I.  

   N. Mynzhan. Qazaqtyn qysqasha tarikhy. Almaty. 1996. 

   Levshin A.I. Opisanie kirgiz-kazackikh ili kirgiz-kaysackikh ord i stepey. Almaty, 1996. 
5  Ayaghan B.G., Abzhanov Kh.M., Makhat D.A. Qazirgi Qazaqstan tarikhy. OqulyqAstana: Memleket tarikhy instituty, 2010 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Абылай хан – ұлы мемлекет қайраткері, дарынды қолбасшы және көрнекті дипломат 

132 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
 
 
 
 
ӘОЖ 94 (574) : 316. 34  
    
Б. Сайлан
1
, М.Б. Шалқаров
2
 
 
1
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д., Қазақстан, Алматы қ. 
2
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті, Қазақстан, Алматы қ. 
 
Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев – Ауған соғысының Батыры 
 
Бұл  мақалада 1979 жылы  Кеңес  әскерлерінің  Ауғанстанға  кіруі,  әскерді  кіргізу  жөніндегі  шешімнің 
қабылдануы,  сөйтіп, 10 жылға  созылған  Ауған  соғысының  қысқаша  тарихы  беріледі. 1979 жылдың 25 
желтоқсанынан – 1989 жылдың 15 ақпанына  дейін 40-армия  әскері  Ауғанстан  террриториясында  соғыс 
жүргізді.  Сөйтіп,  Ауған  соғысы  тарихқа  енді.  Ауған  соғысынан  барлығы 620 мың  кеңестік  адамдар  өтті. 
Олардың 525 мыңы – кеңестік  офицерлер  мен  жауынгерлер.  Соғыс  көп  адамды  құрбан  етті.  Бұл  соғыста 
барлық  адам  шығыны 14453-ке,  із-түзсіз  жоғалғандар  мен  моджаһедтер  қолына  тұтқынға  түскен 
әскерилердің  саны 417-ге  жетті.  Соғыс,  сонымен  қатар  белгілі  батырлардың  атын  шығарды.  Мақаланың 
негізгі  арқауы  жерлестеріміз  арасынан  шыққан  батыр  ағамыз  Бақытжан  Ертаевқа  арналады.  Б.  Ертаевтың 
Ауған  соғысындағы  әскери  шеберлігі,  батыл  қолбасшылығы,  азапты  соғыста  оның  көзсіз  ерліктері  мен 
бүгінгі таңдағы Қарулы күштерімізге қосқан үлесі, сонымен қатар Халық Қаһарманы атануы қарастырылады. 
Б.Ертаев соғыс  аяқталғанмен  әскери  қызметтен  қол  үзбей  еліміздегі  офицер  кадрларды  дайындауда  аянбай 
еткен  еңбегі,  еліміздің  Қорғаныс  қабілетін  нығайтудағы  әскери  іскерлігі  туралы  айтылады.  Батыр  ағамыз 
бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  мәжілісінің  депутаты.  ҚР  көптеген  ордендері  және 
медальдарымен марапатталған. 
Түйін сөздер: Отан, соғыс, патриот, әскер, қолбасшы, офицер, жауынгер. 
 
Б.С. Сайлан, М.Б. Шалкаров 
Народный герой Бакытжан Ертаев - герой Афганской войны 
 
В  данной  статье  рассказывается,  как  в 1979 году  ввели  Советские  войска  в  Афганистан,  как  было  при-
нято политическое решени
е о выводе войск, а также дается краткая история Афганской войны. Более девяти 
лет – с 25 декабря 1979 года  по 14 февраля 1989 года  пробыли  войска 40-й  армии  на  территории 
Афганистана.  Афганская  война  ушла  в  историю.  Общие  безвозвратные  людские  потери  Советских 
Вооруженных  Сил  составили 14453 человек.  За  этот  же  период  пропало  без  вести  и  попало  в  плен 417 
военнослужащих.  В  Афганской  войне  некоторые  офицеры  и  солдаты  стали  героями.  В  статье  пишется  о  
герое  Бахытжане  Ертаеве,  который  был  не  только  героем  войны,  но  и  храбрым  командиром,  знавшим 
военную  тактику  на  войне.  Вместе  с  тем  дается  исторический  взгляд  его  активности  в  образование 
министерство  обороны  Республики  Казахстан  в  годы  независимости.  Б.Ертаев,  после  войны,  помогал  и 
трудился  в  подготовке  кадров  Вооруженных  Сил  Республики  Казахстан.  В  эти  дни  Халык  Кахарманы 
Бахытжан  Ертаев  депутат  Парламента  мажилиса  Республика  Казахстан.  Награжден  многими  орденами  и 
медалями РК. 
 Ключевые слова: Родина, война, патриот, войска, командир, офицер, воин. 
                                                       
B.S. Sailan , M.B. Shalkarov 
Halyk Kakharmany Bakytzhan Yertayev - the hero of the Afghan war 
           
This article explains how it was in 1979 the Soviet invasion of Afghanistan, it was a political decision introduces 
troops, and also gives a brief history of the Afghan war. More than nine years – from 25 December 1979 on 14 
February 1989 stayed the troops of the 40th Army in Afghanistan. The Afghan war has gone down in history. General 
irretrievable loss of life of the Soviet Armed Forces were 14,453 people. During the same period, missing and 
captured 417 soldiers. In the Afghan war, some officers and soldiers became heroes. The basic meaning of article 
written about the son of the hero of the Kazakh pro Bakhytzhan Yertayev. This work shows Bahytzhan Yertayev not 
only a war hero, but it as a brave commander who knew how military tactics in the war. However, given the historical 
view of its activity in the formation of the Ministry of Defence of the Republic of Kazakhstan in the years of 
independence. B.Ertaev after the war helps sites preparation and worked in the personnel of the Armed Forces of the 
Republic of Kazakhstan. In these days of Halyk Kakharmany Bahytzhan Yertayev deputy of Majilis of the Parliament 
of the Republic of Kazakhstan. He was awarded many orders and medals of the Republic of Kazakhstan. 
Keywords: Motherland, war, patriot, army commander, officer, warrior ander, officer, warrion. 
_______________________________ 
 
 
 
 
Б. Сайлан, М.Б. Шалқаров 

133 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
1978  жылы  Ауғанстанда  сәуір  айында  төң-
керіс болып, оның арты аяқталмас соғысқа ай-
налды. Ауған  соғысы  тек  өз  ішінде  ғана  емес, 
оған  сырт  елдердің  қатысуыменде  ұзаққа  со-
зылды. 1979 жылы 25 желтоқсанда  кеңес  әс-
керлерінің  шектеулі  контингенті  Ауғанстанға 
кіріп, 1989 жылғы 15 ақпанға  дейін,  яғни 10 
жылға жуық соғыс жүргізді. Олардың арасын-
да жерлестеріміз арасынан  ел танитын батыр-
лар шықты. 
Ауған  соғысын  бастау  туралы  соңғы  саяси 
шешім Кеңестер Одағы тұсында 1979 жылы 12 
желтоқсан күні түс ауа шағын ғана кеңес бас-
шыларының  тобымен  шешілді.  Бұл  топта: 
Брежнев,  Суслов,  Андропов,  Устинов  және 
Громыко  болды.  Косыгиннің  кейбір  естелік 
жазбаларына көз тастасақ, ол бұл топта болма-
ғанын,  бұл  уақытта  сырқаттанып  жатқанын 
айтты.  Осылайша  жағдай  КОКП  ОК  саяси 
бюросының  толық  мүшелерінсіз-ақ  шешілді. 
Соңынан  саяси  бюроның  жазба  түрінде  қау-
лысы  шықты,  оған  Саяси  бюро  мүшелері  то-
лық өз қолдарын қойды [1, 95-96 бб.].     
1979 жылы 16 желтоқсанда Ауғанстанға кі-
ретін 40-армияның  қолбасшылығына  генерал-
лейтенант  Ю.В.  Тухариновты  тағайындалды. 
40-армияның далалық басқармасын тұтас, Түр-
кістан  әскери  округінің  атқыштар  және  танкі-
шілер  полкын,  тағы  бір  дивизияны  толық  со-
ғыс  қимылына  дайындау  тапсырылды.  Бар-
лығы 100-ге  жуық  бірлестіктер  ұрысқа  бағыт-
талды. Әскерлерді жасақтау үшін резервтен 50 
мыңнан  аса  офицерлер,  сержанттар  мен  сол-
даттар  шақырылды,  ауыл  шаруашылығынан 8 
мыңға  жуық  автомобильдер  мен  басқа  тех-
никалар  бөлінді [2, с. 88]. Мұндай  көлемде 
әскерді  құру  шаралары  Түркістан  әскери  округі 
мен  Орта  Азия  әскери  округінде  бұрын  бол-
маған  еді.  Сондықтанда  өкіметтің  жергілікті 
органдары, өнеркәсіп пен шаруашылық жетек-
шілері, әскери комиссариаттар мен  әскери бө-
лімдер  оған  дайын  болмағандықтан  әбігерге 
түсті. 
24 желтоқсан  күні КСРО  қорғаныс  министрі 
Д.Ф. Устинов пен Бас штаб бастығы Н.В. Огар-
ков  қол  қойған  бірінші  жазбаша  құжат  пайда 
болды.  Бұл  құжатта: «Орталық  Шығыстағы 
әскери-саяси  жағдайға  байланысты  Ауғанстан 
үкіметінің  соңғы  өтініші  дұрыс  деп  танылды. 
Кеңес  әскерлерінің  кейбір  бөлімдерін  енгізу, 
оларды елдің  оңтүстігіне орналастыру, Ауған-
стан  Демократиялық  Республикасына,  достық 
ниеттегі ауғанстан халқына интернационалдық 
көмек  көрсету  мақсатында,  сонымен  қатар  кей-
бір  мемлекеттер  тарапынан  антиауғандық ак- 
цияларды  жоя  отырып,  оларға  қайырымды 
жағдай жасау үшін шешім қабылданды» – деп, 
қабылданып  жатқан  шешімнің  қысқаша 
түсініктемесі берілді [3, с. 115].  
1979  жылы  Мәскеу  уақыты  бойынша  сағат 
15.00-де  КСРО  Қорғаныс  министрінің  берген 
бұйрығымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін ен-
гізу  басталды.  Командирлер: «бұл  қысқа  мер-
зімдік  акция,  тапсырманы  орындаймыз  да  ке-
теміз» – деп  түсінді.  Ал  бірақ  “акция”  тоғыз 
жылдан асқан ұзақтыққа созылды. 
Ауғанстандағы  Кеңес  әскерлерінің  шектеу-
лі  контингенті  құрамындағы  офицерлер  мен 
солдаттар екі жыл, сержанттар бір жарым жыл 
қызмет етті. Тұтастай алғанда, КСРО-ның 620 
мың  азаматы  АДР  территориясында  әскери 
қызметтен  өтті,  яки  олардың 525 мыңы  кеңес 
армиясының құрамалары мен бөлімдерінде, 90 
мыңы  Мемлекеттік  Қауіпсіздік  Комитетінің 
шекаралық  бөлімшелерінде, 5 мыңы  ішкі  әс-
керлер мен милиция қатарында өз міндеттерін 
өтеді.  Сондай-ақ  әскер  құрамында 21 мың 
адам  жұмысшы  және қызметші  кәсібінде  бол-
ды. Ал Кеңес Армиясы әскерінің жыл сайынғы 
тізіміне 80-104 мың  әскерлер, 5-7 мың  жұ-
мысшы мен  қызметші тіркелді. Ал  Қазақстан-
нан 22 мың адам соғысқа қатысты [4, с. 402]. 
Ауған  соғысында  әскери  тактиканың  хас 
шебері  атанып,  ерлік  танытқан  қазақстандық-
тар  аз  болған  жоқ.  Олардың  қатарында  Ауған 
соғысына офицер құрамында қатысқан Қайыр-
гелді  Майданов,  Бақытжан  Ертаев,  Андрей 
Шахворостов,  Борис  Керимбаев,  Әлімжан  Ер-
ниязов,  Байғали  Қоқымбаев,  Сержан  Қазақ-
паевтар болса, старшина және қатардағы жауын-
гер  сапында  қатысқан  Бақытбек  Смағұл,  Аб-
дысамат Баратов, Асыл Қалқабаев, Әбілқасым 
Мұратов,  қос  қызыл  жұлдыз  таққан  Өскен 
Сагулов және т.б. өжеттілік танытқан өрендер 
өте  көп.  Бұл  батырлардың  кейбірі  соғыста  ба-
қилық болса, кейбірі қазіргі таңда қоғамымыз-
дың ілгері дамуына өз үлестерін аянбай қосып 
жүр. 
Кеңестік  кезеңде  Батыр  атағы  берілме-
генімен,  Ауған  соғысындағы  ерлік  істері-
мен  есімі  ерекше  аталатын  азаматтың  бірі 
Бақытжан Ертаев. 
 Б.Ертаев 1952 жылы Жамбыл облысы Жуалы 
ауданының  Кеңес  ауылында  туған.  Алматы-
дағы  Құрылық  әскерлерінің  әскери  институ-
тын 1973 жылы  бітірген.  Училищені  бітірісі-
мен  Орта  Азия  әскери  округіне  қарасты  әс-
кери бөлімге мотоатқыштар взводының коман-
дирі  болып  тағайындалды.  Бұл  қызметте 5 
жыл жүрді. 1978-1980 жылдары мотоатқыштар  
 
Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев – Ауған соғысының Батыры 

134 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
ротасының  командирі  қызметін  атқарды.  Әс-
кери  маман  ретінде  шыңдалған  ол  Ауған  со-
ғысы  басталысымен  алғашқы  аттанғандардың 
бірі  болды. 1980  жылдың  наурызынан 1981 
жылдың  қаңтарына  дейін  мотоатқыштар  ба-
тальоны  штабының  бастығы, 1981 жылғы 
қаңтардан  қыркүйекке  дейін  батальон  коман-
дирі болып Ауған Демократиялық Республика-
сындағы  әскери  іс–қимылға  қатысып,  білімді 
де білікті командир ретіндегі іскерлігімен көз-
ге түсті
.
 
Ауғанстанда  Асадабад  деген  жерде  Құнар 
деген өзен болды. Ол Пәкістан мен Ауғанстан-
ның шекарасын бөліп тұрды. Сол жерде кеңес 
әскерінің  кеңесшілері  болды.  Солардың  көбі-
сін  пуштундар  бауыздап  кетіп  жатты.  Сол 
жерді ешкім игере алмай жатқаннан кейін бұл 
жерге  аға  лейтенант, 27-28 жастағы  жігіт  Ба-
қытжан  Ертаевты  апарды.  КСРО-ның  мар-
шалы  Соколов  өзі  тағайындады.  Бақытжан 
Ертаев бұл орынға таныс-тамырдың арқасында 
емес,  қиын – қыстау  кезде  жол  таба  білетін 
білгірлігінің  арқасында  тағайындалды.  Орыс-
тардың  офицерлерінің  бастарын  кесіп,  дене- 
лерін  тастап  кетіп  жатты.  Сонда  Бақытжан 
Ертаевтың көмегі көп тиді. Ол өзін тек әскери 
адам  ретінде  ғана  емес,  ұшқыр  саясаткер, 
білгір  дипломат  ретінде  көрсете  білді.  Кеңес 
әскерлері  алғаш  рет  Асадабадқа  кіргенде  ме-
шітті қиратып кеткен-ді. Сол мешітті қайтадан 
жөндеп берген де осы – Бақытжан Ертаев. Ол 
жанына  бір  тәжік  аудармашысын  ертіп  алып, 
қарусыз,  оққағарсыз  ауғандардың  арасына  ба-
рып, «Әлхамдуилла, мен - мұсылманмын» деп, 
келіссөз  жүргізген.  Және  әскери  шарт  бойын-
ша  намаз  оқуға  өзінің  мүмкіндігі  жоқ  екенін 
түсіндіріп  айтқан.  Ауғанстанда  Бақытжан 
Ертаевтың  атында  Бақытжан – Тоғай  деген 
тоғай  бар.  Пуштундар  бұл  тоғайды  Бақтияр – 
Тоғай дейді 
[5, 13-б.].
 
Ауғанстанда  Бақытжан  Ертаевты  үлкен  де, 
кіші де айрықша құрметтеді. Осындай мақтау-
ға  тұратын  қазақ  қолбасшысын  қазақ  жауын-
герлері  де  шын  мақтаныш  етіп,  өздеріне  әрі 
қорған, әрі пана тұтты.  
Ауған  соғысында  ауғандық  әскердің  мод-
жахедтер жағына өтіп кетуі таң қаларлық жағ-
дай  еместі.  Мұндай  оқиға  өйткені  жиі  болып 
тұрды.  Сондай  оқиғаның  бірі  Ауғанстанның 
Ходжи-Әулие  деген  жерінде  ауғандықтардың 
артиллерия полкының дұшмандар жағына өтіп 
кетуі  еді.  Олардың  қолында  ұшан  теңіз  қару-
жарақ  қоймасы  бар  еді.  Міне,  сол  қойманы 
қайткен  күнде  де  қайтарып  алу  Б.Ертаевқа 
тапсырылды.  Осы  қойманы  қайтаруға  барған  
 
кезде  моджахедтер 12 жауынгерді  өлтіріп, 
өліктерін аяусыз қорлап, батальонның арнаулы 
тілмашының  басын  кесіп,  өңешінен  бұтаққа 
қадап,  ағашқа  іліп  кеткеніне  куә  болды.  Осы 
тілмаштың басын өз қолымен ағаштан суырып 
алған да осы – Б.Ертаев. 
1980 жылы Ауғанстандағы кеңес армиясын 
басқарушылардың  бірі,  Кеңес  Одағының  мар-
шалы С.Л. Соколов, КСРО қорғаныс министр-
лігі  Бас  штабы  бастығының  орынбасары  С.Ф. 
Ахромеев,  әйгілі  М.Т.  Калашников («Калаш-
ников»  автоматын  ойлап  тапқан  атақты  кон-
структор)  Асадабадқа барды. Ауғанстан жағы-
нан  соғыс  министрі,  Нангорхар  облысының 
саяси  жетекшісі,  сонан  кейін  Ауғанстанның 
даңқты  ақыны  (шайыры)  Сүлеймен  Лайк  кел-
ді. Дәл осы кезде Б.Ертаевтың басшылығымен 
Асмардан  бастап  Жалалабатқа  дейін  дұшман-
дарға  тосқауыл  қою  қолға  алынды.  Маршал 
С.Соколовтың арнайы бұйрығымен Б.Ертаевқа 
750  әскерден  тұратын  жеке  батальон,  жеке 
саперлар ротасы және бір барлаушылар ротасы 
берілді
 [5, 16-б.].
  Осының  бәрін  Б.Ертаев  өте 
шебер  басқарып,  әскери  майталман  маман 
екенін дәлелдей білді.  
Б.Ертаев  үшін  Ауған  соғысында  сан-түрлі 
шайқастарға  қатысуға,  қарамағындағы  әскер-
лерді  сын-сағаттарда  құтқаруға  тура  келді. 
Сондай  арпалыстың  бірі    Прохоров  басқара-
тын  взводтың  Сарышыған  шатқалында  дұш-
мандардың  қоршауына  түсуі  еді. Батальон  ко-
мандирі Б.Ертаевқа рация арқылы хабарласқан 
взвод командирі Прохоров қоршауда қалғанын 
жеткізеді.  Шұғыл  жағдайларда  өжет  шешім 
қабылдай білетін Б.Ертаев Прохоровтың взводын 
құтқару  үшін  батальонның  аспаздарына  дейін 
аяғынан  тік  көтереді.  Өйткені,  бір  рота – 
Асмарда, тағы  бір  рота – Баркандайда  болған. 
Ал бір рота Жалалабадқа колоннаны шығарып 
салуға  кеткен.  Батальондығы  қалған  адамдар-
ды  жасақтап,  Б.Ертаев  бастаған  топ  шатқалға 
шұғыл  аттанып,  ол  жерде  күндіз  басталған 
соғыстың аяғы түнге ұласады. Әскери күш кел-
генше  бір  аяғынан  айрылған  взвод  командирі 
Прохоров әскери картаны тастың бір қуысына 
тығып  отырады.  Өз  қолымен  алып,  Бақытжан 
Ертаевқа табыс етеді. Прохоровтың взводынан 
13 жауынгер қаза болып, 3 жауынгер тұтқынға 
түседі.  Шайқас  барысында  дұшмандар  жағы-
нан да 3 адам тұтқындалады. Ертеңіне Б.Ертаев 
дұшмандардың  Жабар  деген  қолбасшысымен 
кездесіп,  3 тұтқынды  кеңестік  қаза  болған 3 
жауынгерге  айырбастап  алады. 3 жауынгердің 
азапталғаны  соншалықты  олардың  мәйітіне 
тіке қарау да мүмкін болмайды
 [5, 17-б.].
 
Б. Сайлан, М.Б. Шалқаров 

135 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
Осылайша Ауған соғысының қиын да қилы 
шайқастарына  жұмсалып,  соғыстың  ашы  азабы 
арасында  өжеттілік  танытқан  аға  лейтенант, 
батальон командирі Бақытжан Ертаевқа Кеңес 
Одағының  Батыры  атағы  берілмейді.  Тек  тәу-
елсіздік  алған  тұста  ҚР  Президенті  Н.Назар-
баевтың 2008 жылғы 15 желтоқсандағы  Жар-
лығымен генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев-
қа  «Халық  Қаһарманы»  атағы  берілді.  Есіл 
ердің  еңбегі  ескерусіз  қалмады.  Марапаттау 
алдында  Елбасы: “Бақытжан  Ертаев – Қазақ-
стан өз тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден 
менің шақыруыммен елімізге келіп, Қазақстан 
Қарулы  Күштерінің  іргесін  қаласқан  офицер-
лердің бірі. Біз бүгін оның ерен еңбегі мен әс-
кери  ерліктерін  жоғары  бағалап,  Отанымыз-
дың  ең  жоғары  наградасын  тапсырғалы  отыр-
мыз.  Бұл – еліміздің  Қарулы  Күштеріне  деген 
үлкен  құрметіміз  бен  сенімімізді  білдіреді,” – 
деп  тоқталуы  Б.Ертаевтың  Батыр  ғана  емес, 
әскери  саланың  хас  шебері  және  Отанымыз-
дың  нағыз  патриоты  екендігін  толық  аңғар-
тады [6]. 
Қазіргі  таңда  Б.Ертаев  генерал-лейтенант, 
«Қазақстан  ардагерлері  қауымдастығының  құр-
метті төрағасы», Қазақстан Республикасы Пар-
ламенті  мәжілісінің  депутаты,  Халық  Қаһар-
маны. 
 
Әдебиеттер 
 
1  Сайлан Б.С. Ауған соғысының ақиқаты (1979-1989 жж.). – Алматы: Қазақпарат, 2001. – 248 б. 
2  Куликов В.Г. Когда ошибка хуже преступления // Военно-исторический журнал. – 1996. – №6. – с. 86-90. 
3  Корниенко В.М. Как принимались решения о вводе советских войск в Афганистан и их выводе // Новая и новейшая 
история. – 1993. – №3. – с. 107-117. 
4  Гриф секротности снять / Под. ред. Кривошеева Г. – Москва: Воениздат, 1993. – 415 с.  
5  Смағұл Б. Мен көрген соғыс. – Алматы, 2007. – 188 б. 
6  Самрат Ж.. Қажырлы қызметтері құрметтелді // Егемен Қазақстан. – 2008. – 16 желтоқсан. 
 
References 
 
1   Sailan B.S. Augan sogisinin aqiqaty (1979-1989 jj.). – Аlmaty: Qazaqparat, 2001. – 248 s. 
2   Kulicov B.G. Kogda oshibca huzhe prestuplenia // Voenno-istorisheski jurnal. – 1996. – №6. – s. 86-90.  
3   Kornienco B.M. Kak prinimalis reshenia o vvode sovetskih voisk v Avganistan I ih vivode // Novaia i noveishaia istoria – 
1993. – №3. – s. 107-117.  
4   Grif secretnosti sniat / Pod. red. Кrivosheeva G. – Moskva: Voenizdat, 1993. – 415 s.  
5   Smagul B. Men korgen sogis. – Almaty, 2007. – 188 s.  
6   Samrat J.. Qajyrly qyzmetteri qurmetteldi // Egemen Qazaqstan. – 2008. – 16 jeltoqsan.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев – Ауған соғысының Батыры 

 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
МУЗЕЙТАНУ 
 
 
 
 
 
 
УДК 069(574-25) 
 
А.В.  Кущенко
1

*
Т.Б. Козуб
2
 
 
1
Руководитель Центра культурно-образовательной работы, Центральный государственный музей  
Республики Казахстан, Казахстан, г.Алматы  
E-mail: annku@mail.ru 
2
Руководитель сектора музейной педагогики, Центральный государственный музей  
Республики Казахстан, Казахстан, г.Алматы  
*
E-mail: tbk55@mail.ru 
 
Анализ посещаемости музея как критерий оценки его деятельности 
(на примере Центрального государственного музея Республики Казахстан) 
 
В данной статье предпринята попытка анализа посещаемости музея различными социальными и возраст-
ными  группами  (на  примере  Центрального  государственного  музея  Республики  Казахстан)  и  определяются 
внешние  и  внутренние  факторы,  которые  влияют  на  посещаемость  музея  (социально-экономические 
факторы, сезонный; внутренняя политика музея - программы коммуникации, взаимодействие музея с учеб-
ными  заведениями  города  и  пригорода,  планирование  культурно-образовательной  и  выставочной  дея-
тельности, качество образовательных услуг музея, система обслуживания музейных посетителей, использо-
вание информационных технологий в музейном образовании, развитие рекламной и PR-деятельности и т.д.). 
Анализ  посещаемости  и  анализ  музейной  аудитории  являются  частью  программы  маркетинговых 
социологических  исследований,  которые  выступают  важным  инструментом  оценки  и  повышения  эффек-
тивности  деятельности  музея,  решения  конкретных  социальных  задач.  В  статье  отмечены  основные  стра-
тегические  направления  службы  маркетинга  музея;  обработаны  результаты  проведенного    маркетингового 
исследования  в  первом  полугодии 2013 года  на  основе  анализа  делопроизводственной  документации,  где 
зафиксированы  ежедневные  количественные  показатели;  даны  характеристики  музейной  аудитории.  Ста-
тистический  анализ  посещаемости  Центрального  государственного  музея  Республики  Казахстан  дошколь-
никами, учащимися, студентами, туристическими группами представлен в таблицах. 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет