Issn 1563-0269 Индекс 75871; 25871



жүктеу 5.03 Kb.

бет19/26
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

 
Литература 
 
1  Интервью с: Сажида Дмитриева (девичья фамилия Валиулина), г. Усть-Каменогорск, апрель 2010 г.  
2  Интервью с: «Айгерим Калиева» (псевдоним), г. Усть-Каменогорск, сентябрь 2011. 
3  Интервью с: «Ольга Сабенова»(псевдоним), г. Усть-Каменогорск,, сентябрь 2011. 
4  Интервью с: Анна Нугуманова, г. Усть-Каменогорск, июнь 2010 г. 
5  Интервью с: «Назым Кусманова» (псевдоним), г. Алматы, февраль 2008 г.  
6  Интервью с: Мурат Койшинов, г. Усть-Каменогорск, декабрь 2011. 
7  Интервью с: Тимур Сергазинов, г. Усть-Каменогорск, апрель 2010. 
8  Интервью с: Мадина Нахипова, г. Чимкент, октябрь 2012. 
9  Интервью с: Даша Сурова, г. Усть-Каменогорск, сентябрь 2011. 
10  Интервью с: Лариса Ниязова,  Чимкент, октябрь 2012.  
11  Интервью с: «Азат Саркенов» (псевдоним), г. Усть-Каменогорск, сентябрь 2011. 
12  Интервью с: Ержан Байбурин, г. Усть-Каменогорск, сентябрь 2011. 
13  Интервью с: Сусанна Морозова (девичья фамилия Айвазян), г. Усть-Каменогорск, апрель 2010. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Имена людей смешанного происхождения в Казахстане 

 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР 
 
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 94 (574) (075,8) 
  
Т.М. Әминов 
 
 
Астана 
медицина университеті тарих ғылымдарының кандидаты,  
қауымдастырылған профессор, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан, Астана қ. 
E-mail:aminov.t.m@mail.ru 
 
Абылай хан – ұлы мемлекет қайраткері, дарынды қолбасшы және  
көрнекті дипломат 
 
Осы  мақалада    ғылыми  тұрғыдан  Абылай  ханның  Қазақ  елінің  тарихындағы  ұлы  мемлекет  қайраткері, 
дарынды қолбасшы және көрнекті дипломат ретіндегі ерекше орны сипатталады. Абылай хан – әйгілі саяси 
қайраткер.  Қазақ  халқының  ХVІІІ  ғасырдағы  күрделі  тарихынан  орын  алған  ерекше  тұлға.  Ш.  Уәлиханов 
Абылайдай  шексіз  билікке  ие  болған  бір  де  бір  қазақ  ханының  болмағанын,  оның  мемлекет  билігін 
орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттерін жазды.  
Жазба  деректерде  Абылайдың  шетел  басқыншыларына  қарсы  табанды  соғыс  жүргізгендігі  айқын 
көрсетіледі. 1738-1741 жж.  Абылай  бастаған  қазақ  қолы  жоңғар  басқыншыларына  бірнеше  мәрте  соққы 
береді. 1753 жылы желтоқсанда Абылай басқарған қазақ жауынгері жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай 
қазақ  жерін  азат  етеді.  Көп  ұзамай,  Абылайдың  басшылығымен  қазақ  елі  жоңғар  және  қытай  басқын-
шыларынан өзінің дербестігі мен азаттығын қамтамасыз етеді.  
Абылай  қазақ  елінің  тәуелсіздігіне  нұқсан  келтіретін  қауіп-қатерлермен  аянбай  күресіп,  дербес  сыртқы 
саясат  ұстанып  өтті.  Мәселен,  тегеурінді  әскери  қимылмен  қатарластырыла  жүргізілген  мәмілегерлік 
әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. 
Абылай Қазақ елінің тұтастығын сақтап қалуға тырысты, ол оның іс жүзінде тәуелсіз мемлекет болуын 
армандады. Ұлы ханның сол арманы,  қазіргі таңда елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының арқасын-
да орындалды деуге толық негіз бар.  
Түйін сөздер: қайраткер, қолбасшы, батыр, шайқас, азаттық, тәуелсіздік және т.б.  
  
Т.М. Аминов 
Абылай хан –  великий политический деятель, талантливый полководец, выдающийся дипломат 
 
В  данной  статье  с  научной  точки  зрения  показана  особая  роль  хана  Абылая  в  истории  Казахстана  как 
великого  государственного  деятеля,  талантливого  полководца  и  выдающегося  дипломата.  Абылай  хан – 
яркий  политический  деятель.  Он  является  замечательной  личностью  в  драматической  истории  казахского 
народа. По словам Ш. Валиханова, он был единственным казахским ханом, который обладал неограниченной 
властью и сделал многое по укреплению централизованной государственной власти.  
В  многочисленных  зарубежых  и  отечественных  письменных  источниках  достоверно  описывается 
полководческий талант Абылая по руководству крупными военными сражениями против иноземных захват-
чиков.  Так,  в 1738-1741 гг.  казахские  войска  под  командованием  Абылая  выигрывают  несколько  крупных 
сражений  с  джунгарами.  В  декабре 1753 года  казахские  воины  под  руководством  Абылая  проводят 
победоносное сражение против джунгарских захватчиков,  в результате враг вынужден был покинуть боль-
шую часть казахской территории.  Спустя некоторое время страна казахов под  руководством Абылая завое-
вывает свой суверенитет и свободу от джунгарских и китайских захватчиков. 
Абылай хан, ведя беспощадную борьбу за сохранение свободы и единства страны казахов, одновременно 
проводил  самостоятельную  внешнюю  политику.  Блестящий  полководческий  талант  и  умелое  дипло-
матическое искусство выдвинули его в число великих политических и государственных деятелей той эпохи. 
Абылай стремился сохранить территориальную целостность страны и мечтал достижения ею подлинной 
независимости.  Мечта  великого  хана  ныне  вполне  осуществилась  благодаря  мудрой  политике  Президента 
Н.А. Назарбаева.  
Ключевые слова: деятель, полководец, герой, сражение, свобода, независимость и т.д. 
 
 
 
 
 

127 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
T. M. Aminov 
Abylai Khan - the great politician, a talented military leader, a distinguished diplomat 
 
In this paper, from a scientific point of view shows the special role of Khan Abylai in Kazakhstan's history as a 
great statesman, a talented military leader and an outstanding diplomat. Abylai Khan - a bright politician. It is a 
remarkable figure in the dramatic history of the Kazakh people. According to Sh. Valikhanov he was the only Kazakh 
Khan, who had unlimited power, and did much to strengthen the central government. 
Numerous domestic and abroad written sources reliably described Abylai leadership talent to lead the major 
military battles against foreign invaders. Thus, the 1738 - 1741 Kazakh troops under the command of Abylai winning 
several major battles with Dzhungars. In December 1753 Kazakh soldiers led Abylai spend Dzhungarian victorious 
battle against the invaders, as a result of the enemy was forced to leave most of the Kazakh territory. After some time, 
the country under the leadership of the Kazakhs Abylai gaining its sovereignty and freedom from Dzhungarian and 
Chinese invaders. 
Abylai Khan, leading a relentless struggle for the preservation of freedom and unity of the country Kazakhs, at 
the same time pursue an independent foreign policy. A brilliant military talent and skillful diplomatic skills made him 
one of the great political and public figures of the era. 
Abylai sought to preserve the territorial integrity of the country and achieve her dream of true independence. The 
dream of the Great Khan is now fully realized thanks to the wise policy of President N.A. Nazarbayev. 
Keywords: military leader, hero, fight, freedom, independence, etc. 
___________________________________ 
 
Абылай  хан  Қазақ  елі  мен  халқының  тари-
хында ұлы мемлекет қайраткері, дарынды қол-
басшы және көрнекті дипломат ретінде ерекше 
орын алады.   
1711 жылы  (кейбір  деректерде 1713 ж.) 
Жошы  ханның  ұрпағы  болып  табылатын  Сал-
қам Жәңгір ханның немересі «қан ішер» Абы-
лайдың  ұлы  Көркем  Уәли  сұлтанның  шаңы-
рағында  қазақ  тарихында  үлкен  орын  алған 
бала дүниеге келген, оның азан шакырып кой-
ған  аты – Әбілмансұр  болатын.  Қалмақтар 
Түркістанды  алып,  Уәли  сұлтанды  өлтіріп, 
оның 13 жасар ұлы Әбілмансұрды тұтқындағы 
басқа адамдармен бірге Хиуа базарына апарып 
құлдыққа сатпақшы болды. Осы жерде ол тұт-
қыннан  қашып  елге  келіп,  ауқатты  адамдар-
дың малын бағуға жалданды. Үйсін Төле бидің 
түйесін, одан соң Дәулеткелді байдың жылқы-
сын бағады 
[1]
.  
Сөйтіп, Шыңғысхан мен Жошының тікелей 
ұрпағы  болып  табылатын  Әбілмансұр  өзінің 
ата-баба жолын қайталады. Ол да Шыңғысхан 
сияқты рулы  әулеттен шығып, тым ерте жетім 
қалды.  Үсті-басы  жалба-жұлба,  арып-ашқан 
бала  Сабалақ  аталып  кетті.  Бірақ,  Әбілмансұр 
өзін қашан да лайықты ұстай білді, оңаша жүр-
генді ұнатты.   
Үмбетей  жыраудың,  т.б.  ауыз  әдебиетінің  ірі 
өкілдерінің  мәліметтеріне  қарағанда,  Абылай 
20  жасында  қан майданда ерлігімен  танылған. 
Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жет-
кен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай 
түледің»  деуі  осының  дәлелі.  Қай  жылы  туса 
да, 1730-33 ж.  аралығында  болған  бір  ұрыста 
бұрын   белгісіз  жас  жігіт  Әбілмансұр  жекпе-
жекке  шығып,  қалмақтың  бас  батыры,  қоңташы 
Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректер-
де: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді [2].  
Әбілмәмбет  хан  жаудан  жеңіспен  оралған 
Сабалақтың өз туысы екенін түсінеді. Риза бол-
ған  ол  оған  хандық  тағын  ұсынады.  Абылай 
есімін  алған  Сабалақ  хан  болудан  бас  тартып, 
Әбілмәмбет  қайтыс  болғанға  дейін  сұлтан 
дәрежесінде бас ақылшы, кеңесші болады 
[3]

Сөйтіп,  үлкен  әкесінің  аруағын  шақырып, 
жауға  Абылайлап  ат  қойған  Әбілмансұр  же-
ңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп та-
нылып, қазақ  даласындағы  ең  беделді  әмірші-
лердің  біріне  айналады.  Бұдан  соңғы  жерде 
Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. 
Абылайдың 20 жасы қай жылға сәйкес келуіне 
байланысты,  қай  шайқасқа  қатысқаны  туралы 
болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай ка-
тысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, та-
рихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақ-
тарының  құрамында  жорық-жортуылдарға  қа-
тысқанын  айғақтайды.  Аңырақай  шайкасына 
катыспады  дегеннің  өзінде  де,  Абылайдың 
1730-33 ж. болған бір ірі шайқаска қатысқаны 
дау  тудырмайды.  Тарихи  деректерден  Орта  жүз 
жасақтары  мен  жоңғарлардың  арасында 1930 
жылы  да, 1731 жылы  да  бірнеше  үлкен  ұрыс-
тар  болғаны  белгілі. 1732 ж.  жоңғарлардың 7 
мыңнан  астам  әскері  Орта  жүздің  шығыс 
шетіндегі  ауылдарына  шабуыл  жасап,  тегеу-
рінді  тойтарысқа  тап  болады  (Ресей  сыртқы 
саясатының архиві, Жоңғар істері қоры, 113/1-
т., 1-іс, 95-96 парақ).  
Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәй-
кес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ ара-
сында  үлкен  майдан  болғаны  қытай  деректе-
рінде  атап  көрсетілген.  Абылайдың  әскери 
қайраткерлігі,  қолбасшылық  қабілеті 30-40 
жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осын-
дай  жан  алысып  жан  беріскен  соғыстардың 
бірін  Бұқар  жырау  «Калданменен  ұрысып,  
Абылай хан – ұлы мемлекет қайраткері, дарынды қолбасшы және көрнекті дипломат 

128 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
Жеті  күндей  сүрісіп...»  деп  суреттейді.  Ол 
соғысқа  Абылайдың  қанды  көйлек  жолдас-
тары: Каракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөген-
бай,  Шақшақ  Жәнібек,  Қарақалпақ  Қылыш-
бек,  Шапырашты  Наурызбай,  т.б.  қазақтың 
белгілі  батырлары  тізе  қоса  катысады.  Бұл  да 
Абылайдың  жауға  карсы  қазақ  халқының  ба-
сын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табы-
лады.  Бірте-бірте  ұлыстағы  бар  өкім  Әз-Тәуке 
ханның  немересі  Әбілмәмбет  ханнан  (ол  да 
Салқам Жәңгірдің әулеті) өтіп, Абылайдың қо-
лына  көшеді.  Абылайдың  ерлігі  мен  ақыл-
парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға 
болып  калып,  кеңесші  хан  дәрежесімен  шек-
теледі [3].  
Сөйтіп, 18 ғасырдың 30-жылдарының аяғын-
да  іс  жүзінде  бірте-бірте  ұлыстағы  бар  билік 
Әз Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан 
өтіп,  Абылайдың  қолына  көшеді.  Абылайдың 
ерлігі  мен  ақыл  парасатына  бас  ұрған  Әбіл-
мәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан 
дәрежесімен  шектеледі. 18 ғасырдың 30-жыл-
дарының  аяғында  Абылай  есімі  бізге  белгілі 
құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. 
Орыс тарихшысы А.И. Левшин: «1739 ж. Орта 
жүзде  Сәмеке  (Орта  жүздің  батысындағы  аз 
санды  руларды  биледі)  ханның  орнына  хан 
сайлаудан  бұрын  Әбілмәмбет  пен  Абылай 
екеуі  бірдей  хандық  билік  жүргізген», – деп 
жазды [4]. Ш.  Уәлиханов  та  осы  пікірді  қол-
дайды.  
1738-1741 жж. Абылай бастаған қазақ қолы 
жоңғар  басқыншыларына  бірнеше  мәрте  соқ-
қы береді. 1742 ж. Өкінішке орай, Абылай тұт-
қиылдан  шабуыл  жасаған  жоңғарлардың  қо-
лына  тұтқынға  түседі.  Сол  кездегі  ойрат  бас-
қыншыларына  қарсы  күресетін  ең  белсенді 
ұйымдастырушыларының  біріне  айналған  Абы-
лайдың  жау  қолына  түсуі  қазақ  қоғамында 
абыржушылық  туғызып,  Абылайды  босатып 
алу үлкен саяси мәселеге айналады.  
Тарихи  жырларда  қазақ,  билеушілерінің 
атынан  Төле  би  мен  Әбілқайыр  хан  Орынбор 
әкімшілігінен  Абылайды  тұтқыннан  босатып 
алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің 
шындық екенін осы кезеңде Орынбор генерал-
губернаторы  И.И.Неплюев  пен  Әбілқайырдың 
өзара  жазысқан  хаттары  да  дәлелдей  түседі. 
Қазақтың  үш  жүзінен  Төле  би  бастап 90 адам 
елші болып барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 
қыркүйекте  Абылайды  тұтқыннан  шығарып 
алады.  Бұл  жөнінде  И.И.  Неплюевтің  Сыртқы 
істер  коллегиясына  жазған  хатында  қазақтар 
мен  калмақтар  бітімге  келіп,  бірігіп  кете  ме 
деген  кауіп  те  білдірілгені  (Ресейдің  сыртқы 
саясат архиві. Жоңғарлар ісі қоры, 113/1-т., 3-
іс, 14-н.).  
Абылай  билігінің  күшейе  түсуінің  жаңа 
кезеңі 1744 ж.  Әбілмәмбеттің  Түркістанға  кө-
шіп кетуі уақытына саяды [3]. 
1745 жылы Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абы-
лай  және  Барақ  сұлтандар  қатар  аталса, 3-4 
жылдан кейін мұндағы   жағдай мүлдем өзгер-
ді. 1749 жылы  тамызда  Неплюевпен  кезде-
суінде  Жәнібек  тархан: «бұрын  Орта  жүзде 
Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері 
Ташкентте  тұрып  жатыр,  ел  басқарудан  қал-
ған. Барақ сұлтан зұлымдық үшін қашып жүр. 
Онда  жалғыз  Абылай  сұлтан  ғана  билік  жүр-
гізіп отыр» – деп көрсетті 
[1]
.  
Абылай көреген  саяси қайраткер бола оты-
рып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қал-
жыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатия-
лық  жолдарды  да  тиімді  пайдаланды. 1740 
жылы тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбет-
пен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға 
келіп,  орыс  өкіметінің  «қамқорына»  кіруге 
келісімін  білдіреді.  Сонымен  бір  мезгілде  қа-
зақ  халқының  тұтастығын  сақтау  мақсатында 
Цин империясымен де қарым-қатынасын суыт-
пады.  Петербург  пен  Пекинге  елшіліктер  ат-
тандырды (1757-77 жж. Пекинге 10 елшілік жі-
берген). Абылай 1745 жылы Қалдан Серен дү-
ние салғаннан кейін Жоңғарияның билеуші топ-
тарының  тақ  таласынан  әлсіреп,  бұрынғы  әс-
кери  қуатынан  айырыла  бастауын  және  жоң-
ғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен ірге-
лес  өңірдегі  ойраттардың  уақытша  билігінде 
қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербес-
тігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін 
барынша күш салды.  
Абылайдың саяси қайраткерлігі, қолбасшы-
лық  қабілеті 1740-50 жылдардағы  айқастарда 
ерекше  көрінді.  Осындай  соғыстардың  бірін 
Бұқар жырау «Қалденменен ұрысып, Жеті күн-
дей  сүрісіп....»  деп  суреттейді.  Ол  соғысқа 
Абылайдың  қанды  көйлек  жолдастары:  Қан-
жығалы  Бөгенбай,  Қаракерей  Қабанбай,  Шақ-
шақ  Жәнібек,  Қарақалпақ  Қылышбек,  Шапы-
рашты Наурызбай, т.б. қазақтың белгілі батыр-
лары  тізе  қоса  қатысады.  Бұл  да  Абылайдың 
жауға  қарсы  қазақ  халқының  басын  біріктіре 
білгендігінің дәлелі болып табылады [2]. 
Абылай  қазақ  елінің  тәуелсіздігіне  нұқсан 
келтіретін  қауіп-қатерлермен  аянбай  күресіп, 
дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. Жазба де-
ректерде  Абылайдың  шетел  басқыншыларына 
қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көр-
сетіледі. 1752 жылы  ол  бастаған  қазақ  әскері 
шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының  
 
Т.М. Әминов 

129 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
шабуылына  тойтарыс  береді. 1753 жылы  жел-
тоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар 
әскерлерімен  шайқасып,  бірталай  қазақ  жерін 
азат  етеді.  1754  жылы  сәуірде  Абылай  баста-
ған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғы-
суға  мәжбүр  болса  (Қаратал  өзені  бойында), 
сол  жылдың  шілде-тамыз  айында 4 мың  әс-
кермен  Жоңғарияға  жорық  жасап, 3000 қал-
мақты тұтқынға алып келген. 1756 жылы Абы-
лайдың  бастауымен  қазақтар  қытайлар  мен 
қалмақтардың  біріккен  күшімен  екі  рет  шай-
қасып,  оның  бірінде  жеңіліп  (Абылай  жаралы 
болады),  екіншісінде  жеңіске  жетеді. 1757 
жылы  Абылайың 6 мың  әскері  Қытайдың 40 
мың  әскерімен  шайқасқаннан  соң,  қытайлар 
Абылайдан  бітім  сұрайды.  Тегеурінді  әскери 
қимылмен  қатарластырыла  жүргізілген  мәмі-
легерлік  әрекеттері  Абылайды  өз  заманының 
ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді 
[3]

1753-54  жылдардағы  шайқастарға  Қабан-
бай,  Бөгенбай,  Жанатай,  Керей  Жәнібек,  Өте-
ген  батырлар  қысы-жазы  үзбестен  катысады. 
Абылай  бірде  Калдан  Серенмен  бітімге  келсе, 
бірде Дабашыны (Давациды) шауып, бірде оны 
және  Әмірсананы  өзіне  паналатады.  Сөйтіп 
Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздейді. 
Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771 жылы, 
Мойынты өзені бойында болған қалмақтармен 
ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетеді.  
Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қа-
зақ  жерінің  бүтіндігіне  қол  сұққан  басқалар-
мен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 және 
1764  жж.  қырғыздар  Жетісуда  біраз  ауылдар-
ды  шауып,  Ақсу,  Көксу  және  Шу  бойын  жау-
лап алады. Осыған жауап ретінде Абылай 1755, 
1765 жылдары Қырғыз  ұлысына карсы  жорық 
жасап,  Іленің  сол  жағасын,  Шу  бойын  тазар-
тады,  қырғыздың  Нарынқолдан  Қордайға  тар-
тылған,  күні  бүгінге  дейін  сақталып  отырған 
шекарасын  анықтайды.  Ол  өмірінің  соңғы 15 
жылында  Орта  Азия  хандықтарына  қарсы  ты-
нымсыз  күрес  жүргізеді. 1765-67 ж.  Абылай 
қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен  соғы-
сының  нәтижесіңде  Түркістан  Сайрам,  Шым-
кент қалалары қайтадан казақтар иелігіне өте-
ді,  Ташкент  алым-салық  төлеуге  мәжбүр  бо-
лады 
[5]
.  
Екі  жүз  жылға  созылған  қазақ  халқының 
жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  азаттық  кү-
ресінің соңғы  жаңғырығы  алаш  жұртының са-
насында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. 
Бұл 1771 ж. Еділ калмақтарының (170-180 мың 
адамы; 40 мыңдай  әскері  бар)  жоңғарға  қазақ 
жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы 
Нұралы  асығыс  әскер  жиып,  Жем  бойында  
 
қалмақтарға  алғашқы  соққы  береді.  Балқашқа 
жақындаған  кезде  Абылай  бастаған  қазақтың 
қалың  қолы  калмақтарды  қоршауға  алады. 
Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Се-
рен  бітімге  келуді,  бүкіл  ел  жұртымен  бодан-
дыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді.  
Кіріптар  ұсынысты  талқылау  үшін  шақы-
рылған  әскери  кеңесте  Абылай  тағы  да  көре-
гендік  танытып,  жеңілген  жауды  қырып-жою-
дың  кажеті  жоқ  екендігін  дәлелдейді.  Еділден 
ауған  калмақпен  келіссөзге  келіп, тым  кұрыса 
олардың  Жоңғарға  еркін  өтіп  кетуіне  мүм-
кіндік  беру  жөніндегі  Абылай  түйінінің  аржа-
ғында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы 
қарым-катынасты  ойлау  жатыр.  Жоңғардан 
азат  етілген  шығыстағы  жерлерге  қазақ  ауыл-
дарын  апарып  түпкілікті  қоныстандыру  да 
Абылай  саясатының  тереңдігін,  кемеңгерлігін 
айқын  көрсетеді.  Оның  әрбір  іс-әрекеті  қазақ 
халқының  бүтіңдігін,  елі  мен  жерінің  тұтас-
тығын  сақтауға  бағытталды.  Билікке  таласкан 
Барақ  сұлтан  Әбілкайыр  ханды  өлтіргенде  де 
Абылай  ел  бірлігін  ойлап  қынжылып,  Төле 
бимен  тізе  қоса  қимылдап,  бұзық  сұлтанды 
жазаға  тарту  жағыңда  болады.  Абылай  соғыс 
жағдайына  сай  қол  астындағы  елде,  әсіресе, 
әскер ішінде катаң тәртіп орнатады.  
Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің 
ел-жүрты  мен  ата  мекенін  қорғау  рухы  жо-
ғары,  ұзақ  жорықтарға  шыдамды,  шайқас  да-
ласында  тегеуріні  катты  болған.  Абылай  сан 
жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан 
еш  тайынбаған  және  көбіне  үстем  шығып 
отырған.  Абылай  казақ  хандығының  күшін 
біріктіріп, әскери  жағынан куатты мемлекетке 
айнылдырды.  
1771 ж. жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние 
салды.  Қалыптасқан  дәстүр  бойынша  Орта 
жүздің  ханы  болып  не  Әбілмәмбеттің  ініле-
рінің  бірі,  не  үлкен  ұлы  Әбілпейіз  сайлануға 
тиіс  еді.  Алайда  басты  сұлтандардың,  стар-
шындардың,  Әбілпейіздің  өз  калауымен  үш 
жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды 
хан  көтерді.  Абылай  іс  жүзінде  жалғыз  Орта 
жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының (хан-
дығының)  ұлы  ханы  болды.  Тарихи  деректер, 
аңыз-жырлар  да  Абылайдың  Үш  жүздің  әмір-
шісі  ретінде  ардақталғанын  көрсетеді.  Қытай 
императоры,  Жоңғария  хаңдығы,  Орта  Азия 
мемлекеттері  Абылайды  бүкіл  қазақ  ханы  деп 
ресми  түрде  танығанымен,  Абылай  ханның 
беделінің  өсіп  бара  жатқанынан  сескенген  Ре-
сей патшасы Екатерина II Абылайға Орта жүз 
ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті. Бұл бір 
жағынан «Бөліп ал да, билей бер» саясатының  
 
Абылай хан – ұлы мемлекет қайраткері, дарынды қолбасшы және көрнекті дипломат 

130 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
көрінісі  еді.  И.И.  Неплюевтің: «Қырғыз  хал-
қында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны 
былай тұрсын, зиянды да болуы мүмкін» деген 
пікірі мұны айғақтай түседі 
[3]
.  
Ш.  Уәлихановтың  сипаттауынша: «Қазақ-
тардың  аңыз-әңгімелерінде  Абылай  айрықша 
касиеті  бар  киелі,  керемет  құдірет  иесі  болып 
саналады.  Абылай  дәуірі,  қазақтардың  ерлігі 
мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және 
батырларының  көзсіз  ерлігімен  каһармаңдығы 
жыр  дастандардың  арқауына  айналған» 
[2]

Бүкіл өмірін Абылайдың оң тізесін басып оты-
рып,  оған  ақыл-кеңес  айтумен  өткізген  Бұқар 
жырау Қалқаманұлының ханға «Алтын тақтың 
үстіңде,  Үш  жүздің  басын  құрадың»  деуінің 
негізіңде тарихи шындық жатыр.  
Абылай Ресей мен Қытай империяларының 
арасында  орналасқан  Казақ  елінің  геосаяси 
жағдайына  икемделген  саясат  жүргізе  білді. 
Кытай  әскерлері  жоңғарларды  жойып,  Орта 
Азия  мен  Қазақстанға  ене  бастаған  кезде  мұ-
сылман  елдерінің  басын  қосуға  ұмтылып,  Ау-
ған  шаһы  Ахмад  Дурранимен  келіссөз  жүр-
гізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. 
Қытаймен  катынас  жақсара  бастаған  кезде 
орыс  бодандығынан  бойын  тартып,  патша 
әкімшілігінің  шақыруымен  хандық  белгілерді 
қабылдау  үшін 1779 жылғы  қазан  айында 
Петропавл бекінісіне барудан бас тартты.  
Бұл жолы ол өзін халықтың әлдеқашан хан 
сайлап  қойғанын  желеу  етті,  шынында  да 
солай  еді.  Орыс  үкіметі  бұған  қанағаттанбай, 
оған  хан  үкіметінің  рәміздерін  (қылыш,  тон 
және  бөрік)  тапсыруға  ресми  тапсырмамен, 
Абылайдан  ант  алу  үшін  оның  ордасына  өз 
өкілін жіберді. 
Абылайдың  негізгі  қыстаулары  Есіл  өзені-
нің  жағасында  болды.  Кейін  сұлтан  иеліктері-
не оның серіктестері Есіл бойындағы Құлсары 
және Көкшетау аймағындағы Қабанбай батыр-
дың  жайлауына  көршілес  орналасты.  Көкше-
тау маңындағы аймақтар, негізінен, қазақ хан-
дарының туған ұясы саналған, ол өз өкілдерін 
осы  жерден  Сібір  желісіне,  Қытай  шекарала-
рына  аттандырып  отырған.  Оңтүстік  майдан-
дағы  Ташкентпен  және  Ходжентпен  соғыста 
Абылай  әскерлері  Жизаққа  дейін  жетіп,  олар-
дың  жеті  қаласын  алды.  Соғыс  нәтижесінде 
Әзірет,  Сайрам  және  Шымкент,  Созақ  қала-
ларынан айырылған Ташкент алым төлеп тұру-
ға міндеттенді [5]. 
Абылай  өзінің  жеке  басының  алғарлығы 
мен  ұтымды  қимылдарының  арқасында  атақ-
даңққа  жетіп,  халық  құрметіне  бөленді.  Әр 
түрлі  аңыз-әңгімелер  тағдыры  өзгеше  қайрат- 
 
керлер  өмірін  жұмбақ  құбылыстармен  байла-
ныстыруға  құштар  қарапайым  адамдардың 
жылы ықылас-сезімдерін күшейтті. 
 Абылай  ханның  кеңесшісі  болған,  жыр-
лары  ел  үшін  үндеуге  айналған    Бұқар  жырау 
халықты  үлкен  қауіп-қатер  алдында  бірігуге 
шақырып,  қазақ  халқын  біріктірудегі  Абылай 
ханның анықтаушы рөлін көрсетті. Бұқар жы-
рау бұл жайында былай деп жырлайды:  
 
Хан Абылай атандың 
Дүниеден шықпай мініңіз. 
Алтын тақтың үстінде  
Үш жүздің басын құрадың. 
Жетім менен жесірге  
Ешбір жаман қылмадың. 
Әділетпен жүрдіңіз, 
Әдепті іске кірдіңіз, 
Арманың бар ма, хан ием?! 
Ақылың бар хан едің 
Мұның түбін ойлаған [5]. 
 
Абылайдың  хан  тағына  сайлануын  өз  көзі-
мен көрген орыс өкілі бас қосқан барша рулар 
көсемдері  оны  ақ  киізге  отырғызып,  батыл-
дығы  мен  ептілігін  жарыса  мақтап,  оның  ер-
ліктерін  бір-біріне  қайта-қайта  айтып,  ханның 
сырт  киімін  ұсақтап  жыртып,  бөлісіп  алған-
дарын, тәж киген билеушінің киімінен жыртып 
алған  сол  кішкене  шүберекке  мәз  болып  қуа-
нышқа бөленгендерін жазады. 
Пугачев  соғысы  кезінде  Абылай 3 мың  әс-
керімен  «Қасірет  белдеуі» («Горькая  линия») 
бойындағы  орыс  бекіністерін  шапты.  Осыған 
орай, Ш. Уәлиханов: «1771 жылы хан сайлан-
ғанда  да,  ол  орыс  шекарасына  барып,  ант 
бергісі  келмеді.  Сөйтіп  ол  өзін  халық  қалап, 
баяғыда-ақ  бұл  дәрежеге  лайықты  қойғанын, 
Көктің  ұлының  және  өкілеттік  қағазы  барын 
желеу  етті», – деп  жазды 
[2]
. 1779 жылғы 4 
казанда Орынбор әкімшілігіне  жолданған пат-
ша  жарлығыңда: «Ордадағы  Абылай  ықпалын 
әлсірету  мақсатында,  онымен  тайталасқа  түсе 
алатын  адам  табу»  шаралары  да  қарастыры-
лады.    
Қазақ  халқының  жадында  Абылай  қажыр-
лы  мемлекет  қайраткері,  батыл  қолбасшы,  да-
рынды  дипломат  ретінде  сақталып  қалды. 
Оның  есімі  тәуелсіздік  символына,  жауынгер-
лік ұранға айналды.  Азаттық күрестің жалын-
ды  басшысы  Абылай  ханның  асқақ  тұлғасы, 
ақыл-парасаты Бұқар жырау мен Үмбетей жы-
рау  жырларында,  ақындар  Көпбай  Жамантай-
ұлы, Мәжит Айтбаевтың дастандарында, Iлияс 
Есенберлиннің,  Қабдеш  Жұмаділовтың,  т.б. 
туындыларында сомдалды. Оның ұлағатты өмірі 
мен ішкі, сыртқы саясаты отандық және шетел  
 
Т.М. Әминов 

131 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
ғалымдарының (Ш. Уәлиханов, В.В. Бартольд,   
Н.  Мыңжани,  Р.Б.  Сүлейменов,  М.  Мағауин, 
М.Б. Ожотт, Дж. Уилер, т.б.) назарын аударған 
[5]

Абылай хан – әйгілі саяси қайраткер. Қазақ 
халқының ХVІІІ ғасырдағы күрделі тарихыны-
нан  орын  алған  ерекше  тұлға.  Ш.  Уәлиханов 
Абылайдай шексіз билікке ие болған бір де бір 
қазақ  ханының  болмағанын,  оның  мемлекет 
билігін  орталықтандырып,  нығайту  бағытын-
дағы  әрекеттерін, «ханның  билігін  алқалы  ке-
ңес  арқылы  шектеп отыратын ру басылар мен 
сұлтандардың  өркөкірек  үстемдігін»  тыйған-
дығын  жазды.  Шоқан: «Қазақтардың  аңыз-
әңгімелерінде  Абылай  айрықша  касиеті  бар 
киелі,  керемет  қүдірет  иесі  болып  саналады. 
Абылай  дәуірі,  қазақтардың  ерлігі  мен  серілі-
гінің ғасыры. Оның жорықтары және батырла-
рының  көзсіз  ерлігімен  каһармаңдығы  жыр 
дастандардың  арқауына  айналған», - деп  атап 
көрсетті 
[2]
.  Бүкіл  өмірін  Абылайға  ақыл-ке-
ңес  айтумен  өткізген  Бұқар  жырау  Қалқаман-
ұлының  ханға  «Алтын  тақтың  үстіңде,  Үш 

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал