Issn 1563-0269 Индекс 75871; 25871



жүктеу 5.03 Kb.

бет17/26
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

Әдебиеттер 
 
1 Жандарбек З. Йасауи жолы және қазақ қоғамы. Ғылыми зерттеу. –Алматы: «Ел-шежіре», 2006. -256 бет.  
2  Мемлекеттік  «Әзірет  Сұлтан»  тарихи-мәдени  қорық  музейі.  Сақтау  қоры.  Жұма  мешіт,  Түркістан  тарихы 
экспозициясы. Этнография бөлімі. Эсми. Кк-127,128,129,кк27, кк29 
3  Пугаченкова  Г.А.  О  резных  деревянных  колоннах XIV-XVвв.  в  г.  Туркестане //Известия  АН  Казахской  ССР.  Серия 
архитектура, 1948. Вып. 1. 
4 Воронина В.Л. Колонны из Отрара // Древности Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1975. – С.73 
5 Бейсембаева Л.С. Архитектурные особенности мавзолея Жунус –Ата //Тұран-Түркістан: тарихи-мәдени сабақтастық 
мәселелері.  Ежелгі  дәуір  және    ортағасырлар.  Түркістан  археологиялық  экспедициясының  10 жылдығына  арналған  
ғылыми конференция материалдары. – Түркістан, 2006. – 118-121 беттер 
6 Сапабекұлы С. Түркістандағы тарихи зийарат//Ясауи тағылымы . –Түркістан: Мұра, 1996. – 152 бет.  
7 Әбдірәсілқызы А. Қожа Ахмет Ясауидің  ақындық мектебі //Ясауи әлемі. – 2009, N1 (1). – 95-127 беттер 
8 Смагулов Е.А., Григорьев Ф.П., Итенов А.А.Средневековая археология города Туркестана. –Туркестан: Мирас, 1998. – 228 с.  
9  Байдәулетов С. Алтын киімді Ханзада ұранды қарт қазақтар. – Алматы, 2000. – 291 бет. 
10 Тілеуқабылұлы Ө. Шипагерлік баян. – Алматы: Санат, 1996. – 405 бет. 
11 Очерки по истории мировой культуры. – М., 1997. 
12 Верещагин  В. От Оренбурга до Ташкента. 1867-1868 гг. – Всемирный путешественник. – 1874. – N5. 
13  Тұяқбаев  М.,  Мұсабаев  Қ.  Жәудір  мешітінің  орнында 2013 жылдың  сәуір-мамыр  айларында    жүргізілген  архео-
логиялық зерттеу  жұмыстарының есебі. «Әзірет Сұлтан»Мемлекеттік  қорық мұражайының мұрағаты. Қолжазба, 2013. 
 14 Қожа Ахмет Ясауи есімімен  байланысты  аңыз, әпсана, хикаялар. – Алматы: «Эффект», 2009. – 152 б.  
15 Жәнібек Ө. Жарияланбаған жазбалар  мен ол туралы естеліктер. – Алматы: Арыс, 1999. – 240 бет.  
 16 Смағұлов Е.А., Тұяқбаев М.Қ., Өсеров Т., Күмісбаева Ұ., Мұсабаев Қ., Мүташев Е. Ескі Түркістан қаласының Жеті 
ата  қақпасының  тарихи орнында  2009 ж.  жүргізілген  археологиялық зерттеу  жұмысының есебі. 
Түркістан. 2009.( Қолжазба). Әзірет  Сұлтан Мемлекеттік  қорық  мұражайының  мұрағаты. – N14. – 2 бет;  Мұсабаев Қ. 
Жеті ата қақпасында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі// Түркология.  –N1, 2012. – 124 бет. 
 
References 
 
1  Zhandarbek Z. Yasawi zholy jane qazaq qogamı. Gylymi zertteu. - Almaty: «El-shejire», 2006. -256 bet. 
2  Memlekettik «Azret Sultan» tarihi madeni qoryq muzei. Saqtau qory. Zhuma Meshit, Turkistan tarihy ekspozitsiasy. 
Etnografia bolimi. Esmi. Кк-127,128,129, kk27, kk29 
3  Pugachenkova G.A. O raznyh dereviannyh kolonnah XIV-XVvv. v gorode Turkestane // Izvestia AN Kazakhskoy SSR. Seria 
Arhitektura, 1948. Vyp. 1. 
4  Voronina V.L. Kolonny iz Otrara // Drevnosti Kazakhstana. -Alma-Ata: Nauka, 1975. –S.73. 
5  Beisembaeva L.C. Architekturnye osobennosti mavzoleya Zhunus – Ata// Turan-Turkistan: tarihi-madeni sabaqtastiq 
maseleleri. Ezhelgi dauir jane ortagasyrlar. Turkistan arhelogialyk expeditsasynyn 10 zhyldygyna arnalgan gylymi konferentsia 
materialdary. –Turkistan, 20067 -118-121 better. 
6  Saparbekuly S. Turkistandagy tarihi ziyarat//Yasaui tagylymy.- Turkistan: Mura, 1996. -152 bet. 
7  Abdirasilkyzy A. Qoja Ahmet Yasauidin akyndyq mektebi //Yasaui alemi. – 2009, N1 (1). -95-127 better 
8  Smagulov E.A., Grigoriev F.P., Itenov A.A. Srednevekovaya arheologia goroda Turkestana. – Turkestan: Miras, 1998. -228 s. 
9  Baidauletov C. Altin kiimdi Hanzada urandy  qart qazaqtar. -Almaty. 2000, -291 bet. 
10  Tileukabyluly O. Shipagerlik bayan. – Almaty: Sanat, 1996. -405 bet 
11  Ocherki po istorii mirovoi kultury. –M., 1997. 
12  Vereshagin V. Ot Orenburga do Tashkenta. 1867-1868 гг. –Vsemirny Puteshestvennik, 1874. N5. 
13  Tuyakbaev M., Musabaev K. Zhaudir meshitinin ornynda 2013 zhyldyn sauir-mamyr ailarynda jurgizilgen arheologialyq 
zertteu zhumystarinin esebi. «Azret Sultan» Memlekettik qoriq murajajaiynyn  muragaty. Qoljazba. -Turkistan 2013. 
14  Qoja Ahmet Yasaui esimimen bailanysty anyz, apsana, hikajalar. -Almaty: “Effekt”, 2009. -152 b. 
15  Zhanibek O. Zharijalanbagan jazbalar men ol turaly estelikter. -Almaty: -Arys, 1999. -240 bet. 
16  Smagulov E.A., Tujakbaev M.Q., Oserov T., Kumisbaeva U.,  Musabaev K., Mutashev E. Eski Turkistan qalasinin Zheti ata 
qaqpasynyn tarihi ornynda jurgizilgen arheologialyq zertteu zhumysynyn esebi. Turkistan. 2009 (Qoljazba). Aziret Sultan 
Memlekettik qoryq murajaiynyn  muragaty.  N14. -2-bet; Musabaev K. Zheti ata qaqpasynda jurgizilgen arheologialyq zertteu 
zhumystarynyn  natijesi// Turkologia. N1, 2012. 124-bet.
 
Д.
Ұ. Мұстапаева  

113 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 458.45 
 
Г.А. Мейрманова
1
,
 
Л.Ә. Махамбетова
2
 
 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
тарих, саясаттану және әлеуметтану 
кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к., Қазақстан, Қызылорда қ. 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу 
орталығының ғылыми қызметкері, тарих магистрі, Қазақстан, Қызылорда қ. 
E-mail: mga7.79 @ mail.ru 
 
Сыр өңірі қазақтарының зергерлік өнері: сақина, жүзік  
түрлері және семантикасы 
 
Әйел әшекейінің ең қымбаты – ұзатылатын қыз үшін жасалатын сәукеле болса, қазақ зергерлерінің өте 
көп жасайтын әшекейлерінің бірі – сақина мен жүзік. Жүзіктер мен сақиналар кең тараған әшекейлер болған, 
оларды 3-4-тен,  салмақты  үлгілерін  қоспағанда,  шешпестен  таққан.  Қазақ  сақиналары  әртүрлілігімен  және 
әшекейлігімен ерекшеленеді. Сақина – шеңбер тәрізді, сәнді безендірілген, саусаққа киетін әшекей. Бағалы 
тастары бар сақина, қалыптасқан түрде жүзік деп аталады, бірақ бұл атау соңғы уақытта қолданудан шығып 
барады. Қазіргі уақытта «сақина» атауы барлық сақина түрлеріне қолданыла беретін болды. 
Сақина – естелік, сыйлық, тіпті, мұралық белгі. Халқымызда қалыптасқан дәстүр бойынша, ас адал болуы 
үшін  әйелдің  саусағында  міндетті  түрде  сақина  болуға  тиіс.  Көбінесе  әйелдерге  күміс  сақина  тағу 
ұсынылады. Алайда алтын сақинаның да жақсы әсері бар. Сол себепті қазақтар «Сақинаны сәнге салмайды, 
ол – тазалыққа  таразы» – дейді.  Сақинаның  тек  сәндік  қана  емес,  гигиеналық  та  қызмет  атқаратындығы 
мақалада  қарастырылды.  Авторлар  алғаш  рет  ортағасырлық  Жанкент  қаласында  табылған  «Мұхаммед» 
жазуы жазылған жүзікке сипаттама жасаған. 
Мақалада  ерте  кезден  қолданысқа  ие,  көп  таралған  ұлттық  әшекей  бұйымдар – жүзік  пен  сақинаның 
түрлеріне,  шығу  тарихына,  сонымен  қатар  зергерлік  бұйымдардың  семантикасына  және  сақина  мен 
жүзіктердің басқа халықтарда қолданылуы, ерекшеліктері мен айырмашылықтары, діни-магиялық қасиеттері 
жайлы жазылған. 
Түйін сөздер: сақина, жүзік, зергерлік өнер, әшекей бұйым, семантика. 
 
Г.А. Мейрманова, Л.А. Махамбетова  
Ювелирное искусство казахов Сыра: виды и семантика колец и перстней 
 
Если для  женщины самым дорогим украшением является проводное саукеле, то одно из самых распро-
страненных украшений, которое делают казахские ювелиры, это кольца и перстни. Кольца и перстни – самые 
широко  используемые  украшения,  их  носили  по 3-4 штуки  на  палец,  не  снимая  их  даже  во  время  хозяй-
ственных  робот.  Казахские  кольца  отличаются  разнообразностью  и  красотой.  Кольцо – кругообразное 
украшение,  красиво  оформленное  для  носки  на  пальцах.  Кольцо  с  дорогими  камнями  называется  «жүзік», 
однако это название в последнее время мало используется. Сейчас широко используется термин «сақина» ко 
всем видам колец. 
Кольцо – это  памятка,  подарок,  даже  наследственная  вещь.  В  народе  широко  распространено  понятие: 
чтобы трапеза была благословленной, на руке проготовившей объязательно должны быть кольца. В основном 
женщины предпочитают серебрянные кольца. Однако и золотые кольца имеют свои благоприятные качества. 
Поэтому казахи говорят: «Кольцо носят не для красоты – оно равносильно чистоплотности». В статье кольцa 
рассматриваются не только как украшение, но и как гигиеническое средство. Авторы впервые дают описание 
найденному обломку перстня в средневековом городище Джанкент с надписью «Мухаммад».  
В статье рассматриваются виды колец и перстней, история их появления, а также семантика ювелирных 
украшений, а еще распространение этих украшений в других странах и народах, их различия и особености, 
религиозно-магические особенности. 
Ключевые слова: кольцо, перстень, ювелирное искусство, украшение, семантика.  
 
G.A. Meirmanova, L.A. Makhambetova 
Jewelry art of Syrdarya kazakhs: types and semantics of rings and earnings 
 
If for the woman the most expensive decoration wire Saukele, one of the most common decorations that make 
Kazakh jewelers is rings and earnings. Rings and earnings were the most commonly used jewelry, wore them for 3-4 
pieces on a finger without having to remove them, even during the home chores. Kazakh rings differ diversity and 
beauty. Ring - a circular ornament, beautifully decorated for the wear on fingers. Ring with a precious stone called 
«жүзік» but that name recently little used. It is now widely used term «сақина» to all rings.  
Сыр өңірі қазақтарының зергерлік өнері: сақина, жүзік түрлері және семантикасы 

114 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
Ring - it's a reminder, gift, even a hereditary thing. The people said: meal is blessed if it made by hand with rings. 
Most women prefer silver jewelery. However, gold rings have their beneficial qualities. Therefore, Kazakhs say: 
«Ring are not for beauty - it is equivalent to cleanliness». In article rings are considered not only as decoration but 
also as a hygienic means. The authors first provide a description of the fragment of the ring found in an 
archaeological site Dzhankent with the inscription "Muhammad." 
The article discusses the types of rings and earnings, the history of their appearance, as well as the semantics of  
jewelry, and prevalent these ornaments in other countries and peoples, their differences and peculiarities, religious 
and magical features. 
Keywords: ring, earnings, jewelry, decoration, semantics. 
________________________________ 
 
Қазақ ұлтының зергерлік өнері көне заман-
дарда,  алғашқы  тайпалық  бірлестіктер  дәуір-
лерінен бастау алған. Өйткені, Қазақстан аума-
ғындағы  әр  түрлі  қазбалардан  табылған  түрлі 
қолөнер  ескерткіштері  осы  пікірді  дәлелдей 
түседі[1]. Неолит немесе мыс (б.д. д. 3-2 мың-
жылдықтар),  қола  (б.д.д. 2-ші    мыңжылдық-
ҮІІІ  ғасыр  аралығы)  замандары  мен  алғашқы 
темір  кезеңіне  (б.д.д.  ҮІІІ-ІҮ  ғғ.)  байланысты 
қазбалардан  шеберлердің  зергерлік  өнермен 
айналысқанын  дәлелдейтін  жекелеген  заттар 
мен  заттардың  фрагменттері  табылған.  Бұл 
бұйымдардың  діни-магиялық  негізі  ерте  за-
манда  пайда  болды.  Неолит  кезеңінде  сүйек-
тер,  түрлі  аңдардың  азу  тістері,  теңіз  бақал-
шақтары  т.б.  қожайынына  күш  беріп,  түрлі 
қауіп-қатерден сақтайды деп сенген. 
Энеолит, яғни мыс заманында шеберлер ма-
лахит пен  лазурит минералдарынан әсемдік бұй-
ымдар жасаған. Қола және темір дәуіріне жата-
тын обалар  мен қорғандарды қазу барысында, 
атап  айтқанда  Беғазы-Дәндібай,  Отырар  төбе, 
Маңғыстау, Бесшатыр, Шіліктіден табылған зер-
герлік  бұйымдар  қазақ  халқында  бұл  өнердің 
ертеден қалыптасқандығын дәлелдейді. 
Орта  Азия  және  Қазақстан  халықтарының 
дәстүрлі әшекейлеріне байланысты бірнеше этно-
графтар өз үлестерін қосқан: олар Н.Г. Борозна 
[2],  Л.А.  Чвырь[3],  Г.П.  Васильева[4].  Әшекей 
бұйымдарды  ұлттық  киіммен  бірге  қарастыр-
ған И.В. Захарова және Р.Д. Ходжаева[5]. Атал-
мыш  еңбектерде  қазақ  әйелдерінің  арасында 
дәстүрлі әшекейлерді той-томалаққа және күн-
делікті тұрмыста тұтынғаны жайлы айтылады. 
Күнделікті  тұрмыста  тағатын  әшекей  бұйым-
ның түрлеріне – сақина, жүзік және білезіктер-
ді  атауға  болады.  Жүзік-саусақ  сұғатын  шең-
бері таза алтын, күмістен соғылып, саусақ сыр-
тына қараған бетіне асыл тастан көз салынған 
сақина.  Жүзік  әдетте  бір  саусаққа  салу  үшін 
жасалады.  Дегенмен,  қазақ  тұрмысында  екі, 
үш, тіпті төрт саусаққа қатар тағатын бірнеше 
сақинадан тұратын, үсті тұтас жүзік түрлері де 
болған. Жүзіктің көптеген түрлері бар: құдағи 
жүзік, бесқасты жүзік, отау жүзік, тасбақа жү-
зік, құсмұрын жүзік т.б 
Бесқасты  жүзік-үстіңгі  жалпақ  бетіне  бес 
жерден  көз-асыл  тас  қондырылған  бесқасты 
жүзік қазақы ортада таралған этномәдени мән-
ге  ие,  отбасы-некелік  салтындағы  құдалықта 
тарту  орнында  жүретін  құдағи  жүзіктің  сон-
дай-ақ,  қос  бауырдақты  жүзіктің,  адай  жүзік-
тің ерекше бір түрі болып саналады. Бесқасты 
жүзіктің  алақаны  (саусақтың  үстінде  тұратын 
дөңгелек  бөлігі)  үлкен  төрт  саусақтың  үстін 
жауып  тұратындай  көлемде  болады.  Оның  ас-
тында екі-үш саусаққа қатар киілетін қос бауыр-
дақ  орналасады.  Жүзікті  тек  эстетикалық  ма-
ғынада  емес,  ислам  дініне  деген  сенімді  біл-
діру  мақсатында  таққан.  Мысал  келтіретін  бол-
сақ,  ортағасырлық  Жанкент  қаласына  жүргі-
зілген  археологиялық  қазба  жұмыстары  бары-
сында табылған «Мұхаммед» деген жазуы бар 
жүзік  соның  дәлелі,  бұл  жәдігер  арқылы  біз 
ІХ-ХІ  ғғ.  оғыз  мемлекетінің  астанасы  болған 
Жанкент  қаласының  халқы  ислам  дініне  көш-
кенін байқаймыз. 
Бұрама  жүзік  -  алтыннан  немесе  күмістен 
есіп, өріп жасаған жүзік түрі.  
Сіркелі жүзік - бауырына (шығыршығына) 
нүкте сияқты мәнер салған жүзік. 
Бадана  көз жүзік  -  көзіне  қондырған асыл 
тасы  бадананың  (Оңтүстікте  өсетін  жемісті 
бұта,  жемісі  ірі  болады)  жемісіндей  қомақты, 
әсем жүзік. 
Құдағи  жүзік - бесқасты  етіп  күмістен  со-
ғылып, алтынмен апталған.  
Сақиналардың  түрлеріне  сипаттама  берер 
болсақ: 
Бұрама  сақина  -  күмістен  ширатып,  есіп 
істеген сақина, балдақ.  
Жез сақина - пышақ, қылыш, найза сияқты 
құралдардың  тұтқасын  құрсап  тұратын  жез 
шығыршық, сақинек. 
Алтын балдақ - алтыннан немесе күмістен 
соғып  жасайтын  көзі  жоқ  сақина.  Сол  сияқты 
шымылдықтың  да  балдағы  болады.  Міне, 
осыларды  бейнелейтін  ою-өрнек  те  «балдақ» 
деп аталады. «Балдақты» қазақ халқының қол-
өнерінде  басқұрдың  жиектерін,  алашаны  әше-
кейлеу  үшін  пайдаланған.  Мұндай  сақинаны 
әйелдермен бірге ерлер де қолына салып жүрген.  
Г. А. Мейрманова, Л. Ә. Махамбетова 

115 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
Болски балдақ - күміс сақина, білезік. Са-
қинаның бұлай аталуы-қазақ зергерлері қытай-
дың жамбысын, орыстың күміс ақшасын (орыс 
патшасының  күміс  теңгелері)  пайдаланумен 
бірге  польшаның  күміс  ақшаларын  қайта  қо-
рытып, одан түрлі сәндік бұйымдар жасаған[6; 
26-27 бб].  
Аталған  сақиналардың  түрлерінің  өзіндік 
мән-мағынасы зор. Жасы ұлғайған әйелдер сал-
танатты  жиындарға  арнайы  тағатын  салмақты 
сақиналардан өзге жүзіктер мен сақиналардың 
үш-төртеуін әдеттегі әшекей ретінде, күнделік-
ті  тұрмыста  таға  береді.  Әсіресе,  халық  ара-
сында  тасты  сақиналар  мен  түрлі  түсті  шыны 
көзді  сақиналар  кең  етек  алған.  Кей  жағдайда 
сақина  сәнділігі  үшін  тастар  мен  көздердің 
түстік,  реңдік  қонымдылығы  еске  алынып,  ал 
бірде  зергерлік  бұйымның  тартымды  шығуын 
жалпы  тұрқынан,  бітімінен,  өрнектелу  мәне-
рінен  іздестіреді.  Беті  шиыршық  өрнекті,  бұ-
дырлы болып келетін отау жүзік те, құсмұрын 
жүзік  те,  ортасына  қондырылған  тасы  тасбақа 
ұқсас  болатын  тасбақа  жүзік  те  сақинаның 
ерекше  түрлерінің  бірінен  саналады.  Сырт 
пішін үйлесімі түрліше төрт-бес бөліктен тұра-
тын жүзіктің құрылымында келтірілген. Жоға-
рыда  айтып  кеткеніміздей  құдағи  жүзіктердің 
бітімі  ерекше.  Тас  көздің  бетіне  кейде  адам 
аты да жазылған. Мұнан басқа да мөр жүзіктен 
екі  есе  кішкене  қос  дөңгелекті  құдағи  жүзік 
болған. 
 Оны  ұзатылған  қызының  соңынан  барған 
анасы тағып барып, қызын шат тұрмыста көр-
се  қыз  енесінің  қолына  салады.  Құдағи  жүзік 
айтқа, тойға, мейрамға барғанда салынады. Қа-
зір  де  үлкендер  құдағи  жүзікті  адамды  көрсе 
«Ақ ниетті әділ адам екен!» деп қызығып, ізет 
көрсетіп,  сыйлап,  қайда  да  бұл  әділетті,  мейі-
рімді  адам  екен  деп  төрге  отырғызады.  Келіні 
кесірлеу адамдар мұндай жүзікті кісіден кеңес 
сұрайды [7, 46 б] . 
Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі 
әдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен жерге, алыс 
ауылға  күйеуге  ұзатылатын  қыз  баланың  бел-
гілі  бір  уақыттан  кейін  төркініне  сәлемдеме 
жіберу дәстүрі болған. Сәлемдемеге жас келін-
шек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс 
жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт. 
Күйеуге  ұзатылған  қыздан  «құсмұрын»  бей-
несі салынған сәлемдеме келсе, ата-анасы одан 
баласының барған жерінде құстай ерікті, басы 
бостандықта,  жағдайы  жақсы  екенін  ұғатын 
болған.  Сол  себепті  ұзатылған  қыздан  сәлем-
демеге  құстұмсық жүзік  келсе  немесе  құстұм-
сық ою-өрнекті тұскиіз, басқұр сияқты зат кел-
се, ауыл-аймағы қуанып, той жасап, атап өтуді 
әдет еткен [8; 29 б].  
Әшекейлерді  зергерлер  түрлі  қалыпқа  са-
лып, сәндеп жасаған. Күн іспеттес үлгіде (шең-
бер, қос шеңбер, орама шеңбер, ырғақты шең-
бер,  ұлама  шеңбер)  ұшырасады,  тіпті  кейбір 
жүзік, ілгіш, тұтқыш, қапсырма, түйме секілді 
сәнді  бұйымдардың  тұтас  бейнесінің  өзі  күн 
бейнесінде  жасалады. «Күн»  белгісі  көбінесе 
жүзік, білезіктерге бір дөңгелек, не қос дөңге-
лек  түрінде  безендіріледі.  Бір  дөңгелек  «күн» 
белгісі- «күніміз ашық болсын» деген тілекпен 
салынған. Қос  дөңгелек-  мейірімділік  пен  әді-
леттіліктің  белгісі.  Қалың  қос  дөңгелекті  жү-
зікті  әдетте  қолбасшы  адамдарға  сыйлайды. 
Мұндай жүзіктер мөр ретінде де жүрген [8; 27 
б].   
Мұнымен  қатар,  дәстүрлі  әшекейлердің 
бойында  діни  ұғымның  мән-мағынасымен  қа-
тар, жеке кісінің иелігін немесе оның жас мөл-
шерін, шыққан тегін, өскен ортасын білдіретін 
қасиеттер де байқалып тұрады. Заттың иесінің 
кім екендігін негізінен бұйымның қандай мате-
риалдан жасалғандығынан, үстіне таққан әше-
кейлерінің  сан-сапасынан,  жасалу  техникасы-
ның  күрделілігі  мен  жеңілдігінен,  көркемдігі-
нің асқақтығы мен олқылығынан байқауға бо-
лады.  Мысалы,  бай-бәйбішелердің  зергерлік 
әшекейлері  тұтасымен  алтыннан  қалыпталып, 
асыл тастардан көз қондырылады.  
Әшекейлердің  көптеген  белгілеріне  қарай 
әйелдердің жас мөлшері де айқындалатын бол-
ған.  Жас  қыздардың  сырғалары  мен  жүзіктері 
түрі  жағынан  өте  қарапайым  жасалатын.  Бой-
жете бастаған сайын қыздың зергерлік бұйым-
дарының да түрі мен тұрпаты әдемілене, әше-
кейлене  түседі.  Тұрмысқа  шыққаннан  кейін 
олардың  әшекейлері  бірте-бірте  қарапайым 
тартады. Қазақта қыз баланың балаңдық белгі-
сін немесе неке құрғандығын аңғаратын сәндік 
белгілер де кезігеді. 
Қазақ  халқының  зергерлік  өнеріне  талдау 
жасайтын  болсақ,  ол  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып-
тар  және  діни  сенімдерге  байланысты  қазақ-
тың рухани өміріне байланысты жасалған. Эс-
тетикалық және қолданбалы мағынасымен қа-
тар,  дәстүрлі  әйел  бұйымдары  діни-магиялық 
қызмет  атқарған,  сонымен  қатар  орналасу  ай-
мағына, жас ерекшелігіне сай болған. 
Қай  халықтың  да  тарихына  үңіліп  қараса-
ңыз,  олардың  өмірінде  жүзік  пен  сақинаның 
алатын орны ерекше болған. Көптеген елдерде 
сақина да, жүзік те қасиетті зат ретінде санал-
ған. Үлкен өмірге қарай қадам басып, жаңадан 
некелесіп жатқан жастардың бір-біріне сақина  
 
Сыр өңірі қазақтарының зергерлік өнері: сақина, жүзік түрлері және семантикасы 

116 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
сыйлайтын дәстүрі бар. Саусаққа салынған са-
қина  жұбайлардың  бір-біріне  деген  адалдығы 
мен  махаббатын,  көтерген  шаңырақтарының 
беріктігін білдіреді. Жалпы халықтар тарихын-
дағы  сақина  мен  жүзікке  қатысты  салт-дәс-
түрге  шолу  жасап  көрсек,  олардың  үш  түрге 
бөлінетінін байқаймыз. 
Бірінші, сақина мен жүзік ата-бабаның көзі, 
олардан қалған мұра ретінде ерекше қадірлен-
ген.  Өйткені  адамның  туған  әке-шешесінен 
бастап,  сонау [9; 25 б.]  есте  жоқ  ескі  заманда 
өмір сүрген ата-бабасынан бері оңай сақталып 
қалатын отбасылық, әулеттік реликвиялық зат-
тың  ең  қолайлысы-жүзік  пен  сақина.  Көпте-
ген  халықтарда,  соның  ішінде  қазақ  арасында 
«бұл жүзік қай заманнан бері келе жатыр? Өзін 
кім соғыпты? деп сұрастыру, жүзіктің тарихы-
на қызығу дәстүрге енген. Мұраға қалдырудың 
да өз  тәртібі бар. Өлген кісіден қалған жүзікті 
балаларының кез-келгені тақпаған. 
Екіншіден,  сақина  да,  жүзік  те  символдық 
мәні  болғаны  үшін  қадірлі.  Жас  жұбайлардың 
сақина алмасып тағуы оны көздерінің қарашы-
ғындай  сақтау  да  осы  символдық  мағынадан 
шыққан.  Екі  елдің  патшаларының  достығын, 
бір-біріне  деген  ықыласын  білдіретін  жағдай-
ларда  да  араларында  жүзік  жүрген.  Тіпті  жү-
зікті  сыйлау,  тарту  ету  арқылы  екі  ел  арасын-
дағы  шиеленісті  мәселені  бәсеңдетуге  болады 
деген түсінік те жоқ емес.  
Үшіншіден, жүзік төңірегінде әр түрлі ырым-
жоралғылар  да  әр  елде  кең  орын  алған.  Мы-
салы, ертедегі Грекияда қайтыс болған адамды 
жер қойнына берер кезде ағайындарының бірі 
оның үсті-басын тексеретін болған. Ол кездегі 
ұғым  бойынша  сүйекпен  бірге  қабірге  жүзік, 
сақина,  тағы  басқа  қымбат  бұйымдар  түсіп 
кетпеуі тиіс екен. Олай болса, қымбат заттар о 
дүниеде  адам  жанын  қинайды,  олардың  таса-
сына  жын-шайтандар  жасырынып,  марқұмды 
азапқа салады деген түсінік орын алған [9; 26 ]. 
Ал, енді неке сақинасы қандай болуы керек 
дегенге келсек, басты шарт оның дөп-дөңгелек 
әрі  ешқандай  өрнексіз,  бедерсіз,  жұп-жұмыр 
болуы  тиіс  екендігі.  Бұл  жаңа  үйленген  жас 
жұбайлардың  жолы  ешқандай  кедергісіз  тегіс 
болсын,  олардың  бақыттары  да  осы  сақина 
секілді шексіз таусылмаса екен деген ырымнан 
туындаған көрінеді. 
Сонымен  бірге  неке  сақинасынан  басқа 
күйеу  жігіттің  қалыңдық  қолына  бетінде  көзі 
бар  сақина  салу  дәстүрі  де  бар.  Жігіт  қызды 
айттырып алатын болса, «келіп, қолына сақина 
салып  кетіпті»  деген  әңгімені  естіп  жатамыз. 
Бұл  «осымен  сен  мендіксің,  екеуіміз  алдағы  
 
уақытта  бірге  отау  құрамыз»  деген  ойды  біл-
діреді.  Сақинаның  көзі  неғұрлым  қымбат  тас-
тан  жасалса,  ол  соғұрлым  қадірлі  әрі  қалың-
дықты  жоғары  деңгейде  құрметтеудің  белгісі 
деп есептеледі. Мысалы, бүгінгі заманда қалың-
дыққа  тағылатын  ең  жақсы  сақина-бриллиант 
тас орнатылған алтын сақина.  
Сақинаны  дұрыс  таға  білудің  де  өзіндік 
тәртібі бар. Мысалы, неке сақинасын жігіт сол 
қолының шылдыр шүмек деп аталатын (шына-
шақтың  жанындағы)  саусағына  кигізеді.  Ал, 
қалыңдық  болса  бұл  сақинаны  оң  қолдың 
шылдыр шүмегіне тағып жүруі тиіс[ 9; 27 б]. 
Жасы  үлкен  қазақ  әйелдерінің  арасында 
дәстүрлі  әшекей  бұйымдарына  деген  сенімдік 
ырымшыл  түсініктер  қазіргі  кезге  дейін  сақ-
талған. Әшекей бұйымдардың көмегімен ауру-
дан  жазылуға  болады  деген  пікірлер  бар.  Ар-
найы  ауруды  кетіруге  арналған  әшекейлерді 
міндетті  түрде  шеберлерге  жасатып  отырған. 
Бұл бұйымдарды біреу  таңданып, қызығып сұ-
рап алғанға дейін таққан. Мәлімет беруші рес-
понденттердің айтуы бойынша, бұл бұйымдар-
ды  сыйлағаннан  кейін,  олар  науқасынан  айы-
ғып  кететін  болған.  Яғни,  ауыспалы  құдіретті 
сиқыр  бар,  ауру  әшекей  бұйымдары  арқылы 
басқа  адамға  кетеді.  Аяғы  ауыр  әйел  толғағы 
жеңіл  болуы  үшін  алдын-ала  құрбылары  не-
месе туыстары таңдап алған  әшекей бұйымда-
рының бірін сыйлаған.  
Тағы  бір  мәліметті  келтірер  болсақ,  ауыл-
дық  жерлерде  нәрестені  қырқынан  шығару 
рәсімін  тойлауға  шақырылған  әйелдер  жаңа 
туған  балаға  сыйлық  әкеліп,  баланың  анасы 
немесе  қайын  енесінен  дәстүрлі  әшекейді  сұ-
рап алатын болған. Әйелдерге қарсылық білді-
руге қорыққан, себебі  қонақтардың реніші не-
месе көңілін қалдыру баланың ауруына кейбір 
жағдайда өліміне әкеліп соқтырады деген түсі-
нік  болған.  Сыйға  берілген  әшекей  бұйымдар 
жаңа  туған  сәбидің  өмірі  мен  денсаулығының 
өтеуі ретінде есептелген. Қазақ әдебі бойынша 
«кіндік шешенің» талабын орындау үшін ұнат-
қан  әшекейді  немесе  белдікті  қарсылықсыз 
сыйға  беру  қажет  болған.  Ол  саусағының,  бі-
легінің, омыртқасының ауырғанына шағым
 
ай-
тып, нақты ұнатқан заты: жүзік, білезік немесе 
белдікті  алатын  болған.  Бұл  халық  түсінігінде 
осы заттардың адам денесіне тигенде сүйектегі 
ауруды кетіреді және басқа да емдік қасиеттері 
болғандығының айғағы.  
Сыйға  беру  әдебі  (этикеті)  негізіндегі  сый-
лықтармен алмасу  тек  қана  мерекелерде  емес, 
қалыптасқан  жағдайда  туыстасушылық,
 
дос-
тықтың беріктігі белгісі ретінде, үйге ең бірін- 
 
Г. А. Мейрманова, Л. Ә. Махамбетова 

117 
 
ISSN 1563-0269
0223
                        Bulletin KazNU. History series. № 3(70). 2013 
 
ші  келген  қонаққа,  жақсы  жаңалық  әкелген 
адамға  «сүйінші»  беру,  жаңа  затты  көргенде 
«байғазы» беру және т.б.  
Әсіресе, көптеген әшекей бұйымдарын сый-
лау  неке  тойы  рәсімінде  беріледі.  Дәстүр 
бойынша, құдалық кезінде, көптеген заттармен 
қатар  міндетті  түрде  сыйлықтар  толтырылған  
сөмке «қоржын» әкелінген. Қоржынның ілгегі-
не  жүзік,  сақина,  білезік  және  тағы  басқа  да 
әшекей  бұйымдары,  кейде  кәдесыйлық  заттар 
немесе тиындар ілінді[10; 375 б]. 
Егер Солтүстік Қазақстанда заттардың ара-
сында  міндетті  түрде  моншақтар  болса,  ал 
Оңтүстікте - қалыңдыққа  арналған  сырға,  ал 
қалыңдықтың  анасына  жүзік  берілген.  Басқа 
заттар  туысқандары  арасында  үй  иесінің  қа-
лауы бойынша бөлініп берілетін болған.  
Дәстүрлі  әшекей  бұйымдарды  зерттеуші 
Л.А.  Чвырьдың  пікірі  бойынша,  сақина  мен 
жүзіктердің  магиялық  және  тазалықтың  күші 
ретіндегі  маңыздылығы  жалпы  шығыстық  құ-
былыс  екендігін,  ведалық  үндістерден  бастап 
қазіргі  кездегі  парсыларда  кездеседі [3;69 б].
 
Жүзіктің
 
қасиетті мағынасы өз  атауынан  «жү-
зік» (жүз-сто)  жүзге  дейін  өмір  сүреді  деген 
сенімнен  бастау  алады
.  
Магиялық  сан  өмірді 
ұзартуға әсер етуші  күш ретінде қолданылуы 
мүмкін.  Сақина  немесе  жүзіктің
 
магиялық 
мағынасы, кең түрде қолданылды. Тазалықтың 
және  жақсылықтың  нышаны  ретінде  баланы 
қырқынан шығару кезінде суға күміс сақинаны 
тастаған.  Осындай  мысалдар  тәжіктерде  де 
кездеседі.  Сондай-ақ,  жүзік  дәстүрлі  диагнос-
тикалық  тәжірибеде  қолданылады.  Көптеген 
респонденттердің айтуы  бойынша, егер жүзік-
пен  ауырған  адамның  арқасын  сипаса,  онда 
міндетті түрде ауырған жері қараятын болған.  
Мордваларда  бедеу  әйелдерге  жасалатын 
қызықты  ғұрып  кездеседі.  Олар  түнде  өзен 
жағасына құрбандық ретінде қуыршақты, тан-
дыр нан және сақинаны көміп қоятын болған.  
Тофаларда  мынадай  ырым  кездеседі: «егер 
адам  түсінде  жүзікті  берсе-баласы  өледі,  ал 
егер алса - ұл бала дүниеге келеді, ал егер жі-
ңішке жүзік алса-қыз  бала туылған. 
Қазақтарда мөрі бар жүзіктер иесінің маңыз-
ды  тұлға  екендігін  көрсеткен,  сондай-ақ  Оң-
түстік  Сібір  халықтарының  дәстүрлі  тұрмы-
сында кездеседі. 
Ерте  кезде  Қазақстанның  оңтүстік  өңірле-
рінде күйеу жігіттің үйіне бара жатқан қалың-
дық  бір  саусағына  екі  сақина  салып  барған, 
біреуін  бетін  кім  бірінші  ашса,  сол  алатын 
болған. Батыс  Қазақстанда «бет  ашар» рәсімі-
нен  кейін  күйеу  жігіт  жақтан  жүзікті  қалың- 
 
дықтың  бетін  ашқан  ақынға,  әншіге,  қалың-
дықтың  қолынан  ұстаған  екі  құрбысына  не-
месе  туыстарына,  сондай-ақ  қалыңдықтың  той-
ға  арналған  бас  киімін  шешіп,  орамал  таққан 
үлкен келін- «жеңгесіне» берген. Қазақтардағы 
сақинаның қасиеттілігі  тойдағы  мұсылмандық 
рәсім - неке қиюмен байланысты. Күйеу жігіт 
өз  үйінде  молдаға  некесін  қидырғаннан  кейін, 
қалыңдығына сақина сыйлаған, оны жұбайлық 
бақытты  сақтап  қалу  үшін  жоғалтпай  тағып 
жүруі  қажет  болған.  Сақина  сыйлау  тәжіктер-
дің  кейбір  топтарында,  ирандықтарда,  сирия-
лықтарда кездеседі, соңғы екі халықта сақина-
ны күйеу жігіт емес, оның анасы немесе туыс-
тары берген. Л.А. Чвырьдың осы фактінің негі-
зінде,  сыйлықты  бұл  жағдайда  тек  қана  мате-
риалдық мағына (бағалы сыйлықты беру, өтем 
ақы) емес, сондай-ақ, ғұрыптық мағынасы бар 
екендігі  жайында  қорытынды  жасайды [11; 
376 б]. 
Тойдан  кейінгі  күні  келін,  бәрінен  бұрын 
ерте  тұрып,  түндік  бауға  бір  немесе  бірнеше 
жүзіктер  байлап  қойған.  Бұл  жүзіктер  күйеуі-
нің  туыстарына  сый  ретінде  берілген.  Бұйым-
ды осындай түрде берудің киелі мағынасы бар. 
Бұндай  жағдайды  келін  күйеуінің  басқа  да 
туыстарының  киіз  үйінде  қайталауына  бола-
тын  болған.  Осыған  ұқсас  «театрландырыл-
ған»  жағдай  алтайлықтарда, «келін  алғашқы 
отбасы  баспанасының  есігінің  алдында,  боса-
ғасында тұрғандардың барлығына мыс сақина-
ларды таратқан. Зерттеушілердің пікірі бойын-
ша,  тойдағы  қатысушылар  жаңа  некедегі  бала 
санының  көбеуіне  әсер  ететін  белгі  ретінде 
қабылданатын болған.                               
Дәстүрлі  түсініктерге  байланысты,  әрбір 
қазақ  әйелі  қолына  сақина  немесе  жүзік  тақ-
қан,  ал  олар  болмаған  жағдайда  дайындаған 
тағамы таза емес деп есептелген. Осыған орай 
қазақтарда  мынадай  мақал-мәтел  бар: «Тамақ 
адал болу үшін, қолда күміс жүзік болу керек» 
[12; 39 б].  Осыған  ұқсас  семантикалық  парал-
лель самарқандтық өзбектердің дәстүрлі мәде-
ниетінде  кездеседі.  Қазақтарда  жүзікті  ортаң-
ғы  саусаққа  тағуға  болмайды,  жақындарының 
бірі  қайтыс  болады  деген  түсінік  болған.  Са-
қинаны ортаңғы саусаққа тек ата-анасынан айы-
рылған қыздар ғана таққан. Сақина, сондай-ақ 
иесі  жайлы  да  мағұлмат  беретін  белгі  болып 
саналған.  Өзбектердің  ортасында, «төменгі»  кә-
сіптің  адамдарымен,  көбінесе  мәйітті  жуушы-
лармен  бір  үстел  басына  отырмаған.  Олар  оқ-
шауланып,  ерекше  белгі  ретінде  ортаңғы  сау-
сақтарына  сақина  тағатын  болған.  Яғни  осы 
адамдардың  санасында  ортаңғы  саусаққа  та- 
 
Сыр өңірі қазақтарының зергерлік өнері: сақина, жүзік түрлері және семантикасы 

118 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. № 3(70). 2013 
ғылған  сақина  өліммен  байланысты  болған-
дықтан, оған сақина тағуға тиым салынған. Өз-
бектердің  салтында, егер ауылда біреу қайтыс 
болса, аяғы ауыр әйелдер, қайтыс болған адам-
ның  отбасының  мүшесі  болса  немесе  көрші 
тұрса, қайтыс болған кісінің кебінінен суырып 
алынған жіпті ортаңғы саусағына тұмар
 
ретін-
де тағып алған. Жүзіктердің қорғаушылық күші 
түріне,  сипатына  қарай  анықталатын  болған. 
Мысалы, Қазақстанда  жүзіктердің құс тұмсық 
тәріздес түрі күзет қызметін атқарған. Тұмсық 
мотиві, сақ кезеңімен байланысты көптеген бас-
қа  әшекей  бұйымдарының  образдық  құрылы-
мына  жалғасып  кеткен.  Қазақтардың  жүннен 
тоқылған, ағаш бұйымдарындағы өрнектік жүйе-
сінде келтірілген. 
Конус  түріндегі  жүзік  «отау  жүзік» - от-
басылық (жанұялық) жүзік. Ол жақсылықтың, 
отбасында  бақытқа  себепші  болған.  Бұндай 
жүзіктерді  жастарға  жаңа  отбасын  құрғанда 
сыйлаған.  
Қазақтарда  өмір  жастың  ұзақтығы  белгісі  
 
ретінде күміс «тасбақа жүзік» болған. Бұндай 
жүзіктерді әсіресе, жасы үлкен апалар өз өмір-
лерін ұзартады деген сеніммен таққан.  
Екі  отбасының  қосылуы  белгісі  ретінде  
батыс қазақстандық «құдағи жүзікті» келіннің 
(қалыңдықтың)  ата-анасы  болашақ  құдағайы-
на  қыздарына  қамқорлық
 
және  жақсы  қарым-
қатынаста болу үшін берген[11; 381].  
Қоғамның  барлық  әлеуметтік  топтары  ара-
сындағы үлкен сұранысқа ие болған қазақ зер-
герлерінің  қолынан  шыққан    асыл  дүниелер-
әйел  әшекейлері  болып  табылады.  Олар  тек 
эстетикалық  жағынан  ғана  емес,  салт-дәстүр-
лер, әдет-ғұрыптар, сондай-ақ, діни-нанымдар-
мен  байланысты  қызмет  атқарған.  Сонымен 
қатар, әшекей бұйымдар қазақ халқының мате-
риалдық  және  рухани  мәдениетін  зерттеу  мә-
селесінде маңызды орын алады. Мақалада кел-
тірілген  фактілердің  барлығы  сақина,  жүзік-
тердің көп функционалды мағынасы бар екен-
дігін, осы бұйымдардың қазақтардың ұғымын-
да қасиеттілігін
 
көрсетеді.    

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал