ҚЫСҚаша дәрістер конспектісі №1 дәріс. Тақырыбы



жүктеу 44.09 Kb.
Pdf просмотр
Дата16.04.2017
өлшемі44.09 Kb.

ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ 

№1 дәріс. 

Тақырыбы:  Мәліметтер  қоры  туралы  түсінік.  Мәліметтер  қоры 

концепциясы. 



Дәріс  мақсаты:  Мәліметтер  қоры  туралы  жалпы  түсінік  алу.  Мәліметтер 

қорын 


қолданудың артықшылықтарын анықтау. 

Кілттік сөздер: мәліметтер қоры, мәліметтер қоры жүйесі, сущность, 

байланыс, атрибут, жазба, ӛріс, кесте. 



Жоспары: 

1.1. Мәліметтер қоры туралы негізгі түсінік 

1.2. Мән, байланыстар және атрибуттар 

1.3. МҚ-ын қолданудың артықшылықтары 



1.1. Мәліметтер қоры туралы негізгі түсінік 

Мәліметтер қоры – бұл алдымен кестелер жиынтығы, мәліметтер 

қорына процедуралар және басқа объектілер қатары кіреді. 

Мәліметтер қоры – қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның 

бӛліміндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. 

Мәліметтер қоры – қарастырылатын заттың объектілері жағдайлары мен 

арақатынасын кӛрсететін атауы бар мәліметтер жиынтығы. 



Мәліметтер қоры жүйесі(database system) – белгілі бі пәндік сала туралы 

арнайы ұйымдастырылған ақпаратты сақтауға арналған компьютерлік жүйе. 

Жүйе қолданушыларының кӛптеген әрекеттерді орындауға мүмкіндігі 

бар. Мысалы: 

 Мәліметтер қорына жаңа бос файлдарды қосу; 

 Бар файлдарға жаңа мәліметтерді қосу

 Мәліметтерді іздеу; 

 Мәліметтерді ӛзгерту; 

 Мәліметтерді жою 

 Мәліметтер қорында бар файлдарды жою. 



Ескерту. МҚ-ында файлдар кесте, жолдар жазба(record), бағандар 

ӛріс(field)  болып  анықталады.  Кесте  және  мәліметтермен  орындалатын 

амалдар 

арнайы SQL операторлары арқылы орындалады. 

Кестені қандай да бір объектілер жиынның атрибуттары бар екі ӛлшемді 

кесте ретінде елестетуге болады. Кестенің аты идентификатор болады, ол 

арқылы оған сілтеме жүреді. Кестенің бағандары сол немесе басқа 

объектілердің  характеристикаларына,  яғни  ӛрістерге  сәйкес  келеді.  Әрбір 

ӛріс 

сақталған мәліметтердің аты мен типі арқылы сипатталады. Ӛрістің аты – 



идентификатор. ол әртүрлі программалардағы мәліметтерді манипуляциялау 

үшін қолданылады. Ӛрістің аты латын әрпімен жазылады. Ӛрістің типі 

мәліметтер  ӛрісінде  сақталғандардың  типтерін  сипаттайды.  Ол  жол,  сан, 

үлкен 


текстер, кескіндер т.с.с. болуы мүмкін. 

Әрбір кестенің жолы берілген кестеде сипатталған объектілердің біреуіне 

сәйкес келеді, оны жазба деп атайды және оның құрамына берілген объектіні 

сипаттайтын барлық ӛрістердің мәні кіреді. Мәліметтер қорын құрған кезде 

информациялардың  қарама  –  қайшылықсыз  болуын  қамтамасыз  ету 

маңызды. 

Әдетте бұл әрбір жазбаның қайталанбауын қамтамасыз ететін кілттік ӛрісті 

енгізумен іске асады. Кілттік ӛріс бір немесе бірнеше ӛріс болуы мүмкін. 

Ӛрістердің мәнін қолданушы ӛзі енгізеді және ол мәліметтер қорында 

сақталады. Бұл ӛрістерден басқа кейбір жүйелерде есептелінетін ӛрістерді 

енгізуге  болады.  Мұндай  ӛрістердің  мәнін  қолданушы  енгізбейді,  ол 

автоматты 

түрде басқа жазба ӛрістерінің мәні негізінде есептелінеді. Кестемен жұмыс 

кезінде қолданушы немесе программа курсормен жазбалардың бойымен 

жылжитын секілді. Әрбір уақыт мезгілінде ағымдағы жазба бар және онымен 

жұмыс жасалады. 

Мәліметтер қоры жүйесі сызбасы 1-суретте кӛрсетілген. Онда жүйенің 

негізгі 

тӛрт 


компоненті 

кӛрсетілген: 



мәліметтер, 

аппараттық 

қамсыздандыру,бағдарламалық қамсыздандыру және қолданушылар. 

Мәліметтер. Кӛбіне МҚ-ндағы мәліметтер «тұрақтылар» деп аталады. 

«Тұрақты»  ретінде  аралық  нәтижелер,  сұраныстар  нәтижесі,  кіріс  және 

шығыс параметрлері, және т.б. алуға болады. 

Мәліметтер қоры жүйесі бірқолданушылық(бір уақытта бір ғана 

қолданушы қолдана алатын) және кӛпқолданушылық(бір уақытта бірнеше 

қолданушы қолдана алатын) бола алады. 



Аппараттық  қамсыздандыру.  Аппараттық  қамсыздандыруға  тӛмендегілерді 

жатқызуға болады: 

 Ақпаратты сақтауға арналған жинақтағыштар, контроллер құрылғылар; 

 Бағдарламалық қамсыздандырумен жұмыс жасауда қолданылатын 

компьютер жадысы және процессор (немесе процессорлар). 

Бағдарламалық қамсыздандыруҚолданушылар жүйесі мен мәліметтерді 

физикалық сақтауға арналған жүйенің ӛзара әрекетін қамтамасыз ететін 

мәліметтер қоры диспетчері(database manager) немесе мәліметтер қорын 

басқару жүйесі(database manager system - DBMS). МҚБЖ-нің негізгі қызметі 

–МҚ қолданушысына аппараттық қамсыздандыру деңгейіне кіріспей-ақ 

мәліметтер қорымен жұмыс жасауға мұмкіндік береді. МҚБЖ-нен басқа 

бағдарламалық қамсыздандыру құрамына басқа да компоненттер кіреді. 

Мысалы: утилиттер, қосымшаны құру құралдары, жобалау құралдары, есеп 

беру генераторлары. 

Қолданушылар. Қолданушыларды тӛрт топқа бӛлуге болады: 

 МҚ администраторлары; 

 Мәліметтер қорын жобалаушылар; 

 МҚ-ын қолданатын қолданбалы бағдарламаларға жауап 

беретін қолданбалы программисттер; 

 Жұмыс станциялары немесе терминалдар арқылы мәліметтер 

қорымен жұмыс жасайтын қолданушылар; 


1.2. Мән, байланыстар және атрибуттар 

Ӛндірістік фирма жұмысын есепке алатын мысал қарастырайық, яғни 

жоба, деталь, деталды жеткізушілер, деталды сақтаушы қойма, жобамен 

жұмыс 


жасайтын қызметкерлер туралы ақпараты есепке алу мәліметтер қорын. 

Жобадеталдар, жеткізушілер, қызметкерлер ақпаратты сақтауға 

арналған негізгі объектілер болып табылады. 

Негізгі объектілерден басқа олардың арасында қатынас болады. 2-суретте 

тӛртбұрыш арқылы объектілер, қатынастар түзу сызық және ромб арқылы 

кӛрсетілген. 

Мән – бӛлек объект типі(мысалы, адам, деталь). 

Атрибут – объекттің кейбір сипаттамаларын беретін қасиет(мысалы, 

фамилия, салмақ). 



Байланыс – бірнеше мәнді біріктіреді. 

МҚ құрылымын «Мән – байланыс» диаграммасының кӛмегімен анықтау 

Мысалы, SP қатынасы жеткізушілер мен деталдар арасындағы қатынасты 

анықтайды: әрбір деталды белгілі бір жеткізуші арқылы әкелінеді, немесе 

керісінше әрбір жеткізуші белгілі бір деталды жеткізеді.Сол сияқты, 

деталдаржобаларда (PJ қатынасы) қолданылады, қоймада(WP қатынасы) 

сақталады және т.б. Бұл қатынастар екі жақты екенін есте сақтаған жӛн, яғни 

екі бағытта да қарастыруға болады. Мысалы, SP қатынасының кӛмегімен 

тӛмендегілерді орындауға болады: 

 Берілген жеткізуші үшін ӛзі әкелетін деталдарды табу; 

 Берілген детал үшін оны әкелген жеткізушіні табу. 

1.3. МҚ-ын қолданудың артықшылықтары 

«Қағаз түрінде» сақталатын ақпаратқа қарағанда МҚ-ын қолданудың 

негізгі артықшылықтары: 

 Жинақтылығы; 

 Жылдамдығы және ӛте аз күш жұмсау; 

 Ақпараттың дәлдігі; 

 Мәліметтер қорын орталықтан басқару(негізгісі). 

Мәліметтер қорын құратын және оларға сұранысты ӛндеу жүйесі - 

мәліметтер қорын басқару жүйесі(МҚБЖ) деп аталады. 

Бақылау сұрақтары: 

1. Мәліметтер қоры дегеніміз не? 

2. Мәліметтер қоры жүйесі дегеніміз не? 

3. Кесте, жазба және ӛріс қалай анықталады? 

4. Мән, байланыс және атрибуттардың қызметі не? 

5. Мәліметтер қорын қолданудың негізгі артықшылықтары? 



Әдебиеттер 

[3], [4], [7], [10]. 



 

 

 

 

№2 дәріс. 

Тақырыбы: Мәліметтер қорын басқару жүйесі және оның негізгі 

компоненттері. Қазіргі МҚБЖ. 



Дәріс мақсаты: Мәліметтер қорын басқару жүйесінің құрылымын және 

негізгі 


қызметтерін анықтау. 

Кілттік сөздер: мәліметтер қорын басқару жүйесі, сұраныс, деретер, тілдік 

құрылғылар 



Жоспары: 

2.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі 

2.2. Қазіргі МҚБЖ-нің негізгі қызметтері 

2.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі 

Мәліметтер қорын басқару жүйесі – кӛптеген қолданушылар мен 

мәліметтер қорын қолдану және берілгендерді енгізу үшін негізделген тілдік 

жабдықтар мен программалар кешені. 

МҚБЖ мәліметтер қорын қолдануды басқаратын бағдарламалық жабдық 

болып табылады. Бұл келесі түрде жүзеге асырылады: 

1. Қолданушы арнайы деректер тілін қолдана отырып МҚ-ына сұраныс 

жібереді(мысалы, SQL). 

2. МҚБЖ сұранысты қабылдайды және талдайды. 

3. МҚБЖ осы қолданушы үшін сыртқы сызбаны қарастырады. 

4. МҚБЖ сақталынған деректер қорында қажетті әрекетті орындайды. 

Комплекстік мәліметтер қорын бірнеше әдістермен құруға болады: 

1. Программалаудың алгоритмдік тілдері – Бейсик, Паскаль. 

2. Программалаудың ортасы кӛмегімен – Visual Basic, Delphi. 

3. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деп аталатын арнайы программалық 

жабдық кӛмегімен – Access, FoxPro. 

Дербес МҚБЖ бір компьютерде орындалатын жеке мәліметтер қорын 

құруды қамтамасыз етеді. Жеке МҚБЖ Paradox, Dbase, FoxPro, Access. 

Жалпы 

МҚБЖ «Клиент - Сервер» архитектурасымен жұмыс істейтін ақпараттық 



жүйелерді жүйелерді құруды қамтамасыз етеді. Мысалы Oracle, Microsoft 

SQL 


SERVER, INTERBASE. 

МҚБЖ – ның тілдік құрылғыларының құрамына мыналар жатады: 

1. Мәліметтерді сипаттау тілі – мәліметтердің логикалық құрылымын 

сипаттауға арналған. 

2. Мәліметтерді игеру тілі – мәліметтерді енгізу, таңдау, модификациялау 

операцияларын орындайды. 

3. SQL – құрылымды программалау сұраулар тілі, мәліметтер құрылымын 

басқаруға, игеруге және қашықтықтағы мәліметтер қорына енуге арналған 

стандартты құрылғы. 

4. Үлгі бойынша сұранымдар тілі QBE (Query By Example) мәліметтер 

қорында визуальды сұрауларды құруға арналған. 

 


2.2. Қазіргі МҚБЖ негізгі қызметтері 

Қазіргі МҚБЖ-нің атқаратын негізгі қызметтері: 

1. Мәліметтерді сақтау, алу және жаңарту; 

2. Ақырғы қолданушыларға жүйелік каталогты жеткізу(аты, ӛрістердің типі 

және ӛлшемі, имя, байланыс атаулары, шектеулер және т.б.); 

3. Мәліметтердің бүтіндігін және қарама-қайшы келмеуін басқару; 

«Бүтіндік» терминімен, әдетте мәліметтер қоры әр бӛлігінде сақталған 

мәліметтердің бір-біріне қарсы келмеуі түсіндіріледі. Мысалы: мектепке 

түсу мерзімі оны бітіру мерзімінен кеш болуы мүмкін емес. 

4. Мәліметтердің тәуелсіздігін қолдау; 

5. Транзакцияны қолдау (қолданушының мәліметтер қорын қолдануға және 

ӛзгертуге арналған әрекеттер жиыны); 

6. МҚ-ын қалпына келтіру; 

7. МҚ-ын қолдануды басқару; 

8. Мәлімет алмасуды қолдау(коммуникациялық бағдарламалық 

жабдықтардың интеграциясы); 

9. Қосымша қызметтер(экспорттау – импорттау утилиттері…). 

Кез-келген қорда ӛзіндік мәліметтермен қатар оның құрылуы туралы 

ақапарат (яғни оны кӛбіне құрылымы деп атайды) болады. Қарапайым 

жағдайда құрылым ақпарат типін және ол үшін жадының талап етілетін 

кӛлемін кӛрсетеді. Құрылым жайлы мағлұматтар мәліметтер қорын басқару 

жүйесіне ішкі тасымалдаушылардағы мәліметтердің талап етілетін орнын 

оңай 

есептеуге мүмкіндік береді. 



Бақылау сұрақтары: 

1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз не? 

2. МҚБЖ-ін құруда қандай бағдарламалау орталары қолданылады? 

3. МҚБЖ-нің тілдік құрылғыларының құрамы қандай? 



4. МҚБЖ-нің негізгі қызметтері?

 

Каталог: images -> faculty -> phiziko-matematika -> Issabayeva Sulu Nagashybayevna
faculty -> Этнопедагогиканың ғылыми-әдіснамалық негіздері. Мақсаты: Этнопедагогика пәнінің әдіснамалық негіздері туралы ғылыми түсінік беру. Жоспар
Issabayeva Sulu Nagashybayevna -> Дәрістер тезистері 1-Дәріс Тақырыбы
Issabayeva Sulu Nagashybayevna -> Дәрістік сабақ конспектілері Дәріс Тақырыбы: Электрондық үкімет ақпараттық қоғамдағы мемлекеттік басқарудың тұжырымдамасы ретінде
Issabayeva Sulu Nagashybayevna -> ДӘрістер кешені дәріс №1. Тақырыбы: Әлемдік ақпараттық кеңістік
faculty -> 1 модуль. Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы
faculty -> Сабақ тақырыбы: Ежелгі замандағы қазақтың көрнекті ойшылдары халықтық тәрбие туралы
faculty -> «Жоғары мектеп педагогикасы» пәні Дәріс сабақтарының мамұны

жүктеу 44.09 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет