Интерактивті әдістер – ОҚушы мен мұҒалім арасындағы диалог б. К. Сиражева



жүктеу 161.03 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.09.2017
өлшемі161.03 Kb.
#14286

ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР – ОҚУШЫ МЕН МҰҒАЛІМ 

АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ 

 

Б.К. Сиражева  



№ 34 мектеп-гимназиясы 

 

Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  жолдауында  ХХІ  ғасырда 



ақпараттық  қоғам  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  білім  беру 

саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: 

Компьютерлік  техниканы,  интернет,  телекоммуникациялық  желі, 

электрондық 

және 

телекоммуникациялық 



құралдарды, 

мультимедиялық  электрондық  оқулықтарды  оқу  үрдісіне  тиімді 

пайдалану арқылы білім сапасын  көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз 

еліміздің  болашағы  –  жарқын,  білімді,  парасатты,  өз  ана  тілімен 

бірге  шетел  тілі  «ағылшын  тілінде»  еркін  сөйлеп,  өз  елін,  халқын, 

мәдениетін  шетелге  таныс  тыра  алатын  үш  тілде  еркін  сөйлейтін 

азамат болып шығуы керек деген еді.  

Инновациялық  әдістердің  ең  негізгісінің  бірі  –  интерактивті 

оқыту  әдісі.  Негізгі  қағидасы  –  педагогикалық  қарым-қатынас 

диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. 

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі қағидасы: білім беруді 

нәтижеге бағдарлау, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, 

ал  оқыту  әдістерін  тұлғааралық  қарым-қатынастарға  бейімдеу 

болып  отыр.  Демек  оқушы  білімді  дайын  күйінде  мұғалім 

түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік  тәжірибесіне  сүйену  арқылы 

танымдық  «жаңалық»  ашып,  шығармашылық  тапсырмаларды 

орындау  негізінде  әртүрлі  өнімдер  жасауы  тиіс.  Нәтижесінде 

оқушының  дүниетанымы  кеңейіп,  өзіндік  пікірі  мен  көзқарасы 

қалыптасуы керек. 

Біздің  ел  дамудың  демократиялық  жолын  таңдауына 

байланысты  бүгінгі  таңда  қоғамды  шешім  қабылдауға  тартудың 

маңызы  арта    түсті.  Осы  бағытта  оқушылардың  белсенділігін 

арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп 

аталады.  Бұл  әдістің  өзіндік  ерекшеліктері  мен  қиындықтары  да 

бар. 

Интерактив  –  ағылшынның  «өзара  әрекет»  деген  сөзінен 



шыққан.  Ол  оқыту  процесінде  оқушыларды  бірігіп  белгілі  бір 

мәселені  шешуге,  белгілі  бір  әрекетке  өз  жауапкершілігін  сезініп, 

белсенді  болуға  және  осы  кезде  өз  қиялын,  ой-өрісін, 


шығармашылығын  көретуге  мүмкіндік  береді.  Сонымен  бірге  бұл 

әдіс оқушыларды жұп болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай 

отырып,  өзгелерге  көмек  көрсетуге  үйретеді.  Сонымен  қатар  бұл 

ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай келеді. 

-

 

Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді.  



-

 

Оқушы  өзін-өзі  еркін  және  ыңғайлы  сезінетін  өрісті 



қалыптастырады, тілді оқып үйрену ниетін арттырады. 

-

 



Оқушының  жеке  тұлғасына  тікелей  әсер  етіп,  танымдық, 

шығармашылық қабілетін оятады. 

-

 

Топ  студенттерімен  жасалатын  жұмысты  түрлі  формада 



(жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді.  

-

 



Ойлауды белсендіреді. 

-

 



Ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді. 

-

 



Тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады.  

Мұғалім  алдымен  оқушыларды  сөйлеуге  үйретуде,  соның 

ішінде  тілді  қарым-қатныс  құралы  ретінде  меңгеруге  ұмтылуын, 

оқушыларға өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай 

ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орната білуі керек.  

Біріншіден,  ағылшын  тілін  оқытуда  интерактивті  тәсілді 

қолдану  кезінде  қойылатын  талаптың,  жасалатын  жұмыстың 

процесіне сай болуы керек.  

Екіншіден, жұмыс түрлері, онда қолданылатын оқу құралдыры, 

жаттығулар оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай 

болуы керек. 

Үшіншіден,  оқушылар  жіберген  қателерін  мұғалім  көмегімен 

өздері табуы керек. 

Интерактивті әдістерге жататындар: 

-

 

проблемалық шығарма әдістері; 



-

 

пікірталастар; 



-

 

топпен жұмыс; 



-

 

миға шабуыл әдісі; 



-

 

инсерт әдісі; 



-

 

викториналар; 



-

 

шағын зерттеулер; 



-

 

іскерлік ойындар; 



-

 

сауалнамалар жүргізу әдісі; 



-

 

кейс-стадий әдісі; 



-

 

презентациялар; т.б. 



Жалпы  шет  тілі  сабағында  қолданылып  жүрген  рөлдік 

ойындар, 

іскерлік 

ойындар, 

пікір 

талас, 


оқушылардың 

баяндамалары,  мен  ақпараттық  хабарлары,  дәріс-диалог,  тренинг, 

дөңгелек үстелдер, ұжымдық-танымдық оқу, имитация әдістері осы 

жоғары  белсенділікті  дамыту  әдісінің  интерактивті  әдіс-белгілері 

болып табылады. 

Сабақ барысында қолданылған төмендегі әдіс-тәсілдерге көңіл 

аударайық.. 

10  сыныпта  «Travelling»  тақырыбын  пысықтау  мақсатында 

оқушыларды  3  топқа  бөліп,  әртүрлі  тапсырмалар  орындатуға 

болады. 


I. Brainstorming: Why do people travel? What is travelling? 

II.  Work  in  groups:  Talk  to  your  partner  about  all  the  things  you 

are planning to do during your next vocation.  

III.  Dialogue:  Put  the  sentences  in  the  right  order  and  make 

conversations. Act the dialogue. 

IV.  Complete  the  proverbs  to  the  topic:  “Travelling  foreign 

countries” 

VI. “Different countries different climate”.  



Idioms: Are you under the weather or walking on air? 

1.

 



Tell to3 persons 

2.

 



Give the definitions 

3.

 



Write sentences with idioms  

VII. Presentations: “Beautiful places of my country” 

Students are to prepare presentation in groups. 

VIII. Video: “The Charyn canyon”, “The Singing hill” 

After watching video students will answer the questions 

Give more information.   

IX. Smiles: A picture is worth thousand words. 

Ақпаратты  беру  мұғалім  мен  оқушының  қарым-қатыныстық 

ұстанымына негізделген. Бұл әдіс-тәсілдер оқушының қызығуы мен 

белсенділігін  арттырып,  мәліметтерді  шығармашылық  тұрғыда 

қайта өңдеуге мүмкіндік береді. 

Интерактивті  әдістің  мақсаты  –  тек  ақпарат  беру  ғана  емес, 

оқушыларға жауаптарды өз бетінше табу дағдысын меңгерту. 

Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар. Олар: 

-

 

оқушыға өздігінен ізденуге мүмкіндік беру; 



-

 

оқушыларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау

-

 

оқушыларға өздерін-өдеріне немесе өзара бағалату



-

 

іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу. 

«Жағада  тұрып  жүзуге  үйренуге  болмайтыны  сияқты»  дайын 

білімді  қабылдап  алу  арқылы  қаждетті  икем-дағдыларды  дамыту 

мүмкін  емес.  Сондықтан  оқушылардың  арнайы  іс-әрекет 

барысында  икем-дағдыларды  меңгеруі  маңызды  рөл  атқарады.  Ол 

үшін  оқыту  оқушылардың  білімді  өздігінен  оқып  үйренуіне 

бағытталуы керек. 

Құнды  әдістің  бірі  –  кейс-стадий  әдісі  .  Бұл  әдістің  негізгісі 

болып  жағдай  ұғымы  анықталады,  яғни  жағдайларды  таңдау 

барысында  ең  соңғы  нәтижеге  әсер  етеді.  Бұл  әдісті  қолданудың 

барысында  бір  ғана  дұрыс  шешімнің  болуы  міндетті  емес. 

Оқытудың бұл әдісінің негізінде оқушы өздігінен шешім қабылдап, 

сол шешімін дәлелдеуі керек. 



«Миға  шабуыл»  әдісі  –  берілген  сұраққа  кез  келген  оқушы 

жауап  алатын  әдіс.  Маңыздысы  айтылған  көзқарасқа  бірден  баға 

қоймау  керек,  барлығын  қабылдау  қажет  және  әрқайсысының 

пікірін  тақтаға  немесе  парақ  қағазға  жазған  дұрыс.  Қатсушылар 

олардан  негіздеме  немесе  сұраққа  түсініктеме  талап  етілетін 

түсінулері керек.  

«Миға 

шабуыл» 


белгілі 

бір 


сұраққа 

оқушылардың 

ақпараттылығын  немесе  қарым-қатынасын  анықтау  қажет  болған 

жағдайда қолданылады. 

Интерактивті  негізде  оқу  мақсаты  –  білу  емес,  үйрене  білу. 

Үйрене  білу  –  қажетті  дағды,  ол  барлық  дамыған  және  дамушы 

елдердегі азаматтар үшін қажет. 

Интерактивті  әдіс-тәсілдерді  пайдалана  отырып  оқушы 

бойында шешендік өнер жетілдіреді. 

1.

 



Оқушының өзіне деген сенімі туады. 

2.

 



Сыни ойлау дағдысы қалыптасады. 

3.

 



Өз пікіріне деген құқығын түйсінуі артады. 

Интерактивті  оқыту  әдістерін  қолдана  отырып  мынадай 

нәтижелерге қол жеткізуге болады: 

1.

 



Уақыт үнемделеді. 

2.

 



Сабақтың сапасы артады. 

3.

 



Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік жасалады. 

4.

 



Оқушылардың  белсенділігі  мен  қызығуларын  арттырады, 

сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі. 

Интерактивті  әдіс  бойынша  сабақ  барысында  оқушылар  көп 

сөйлеп,  оқытушылар  аз  сөйлеуге  тиісті  болады,  бірақ  бұдан 



оқытушының  рөлі  бәсеңдейді  деп  санауға  болмайды.  Оқытудың 

басқа әдістеріне қарағанда, интерактивтік әдісоқытушының жоғары 

белсенділік танытуын талап ететін әдіс. Сабақ кезінде оқытушының 

көбінесе  тыңдаушы  рөлін  атқаруы  оның  процестен  шет  қалуы 

болып  саналмайды.  Сабақтың  жоспары  оқушылар  өзара  талқылау 

барысында  нені  ұғынуы  керектігін  көрсетеді,  яғни,  оқытушы 

оқушылардың іс-әрекетін алға қойған мақсатқа жетуге бағыттайтын 

басқарушының міндетін атқарады. 

Қорыта  айтқанда,  интерактивті  тәсілдің  ерекшеліктерін  ескере 

отырып  құрастырылған  тапсырмаларды  орындау  оқушыларға 

оқытылып  отырған  тілдің  практикалық  тұрғыдан  қолдану 

нәтижесін,  жемісін  көруге  мүмкіндік  береді  және  осы  жағдай 

олардың  шетел  тілін  оқып  үйренуге  деген  қызығушылығын 

арттырады.  Сонымен  қатар,  оқушылар  әрекетін  белсендіру,  оқу 

материалдарын,  оқыту  тәсілдері  мен  әдістерін  жетілдіру  сияқты 

негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады... 



 

 

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 161.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет