Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы


 Оқу кабинеттеріндегі құжаттарға қойылатын талаптар



жүктеу 1.05 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата07.05.2017
өлшемі1.05 Mb.
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8

4 Оқу кабинеттеріндегі құжаттарға қойылатын талаптар  

 

4.1  Мектептегі  оқу  кабинеттерінде  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру 



бойынша құжаттар электронды және қағаз портфолиода сақталады.  

4.2 Оқу кабинетінде төмендегідей заңнамалық және нормативтік құжаттар 

болуы тиіс:  

 



«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;  

 



Білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі;  

 



Жалпы  білім  беру  мекемелерінде  оқытуға  қойылатын  гигиеналық 

талаптар;  

 

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  орта  білім 



беру стандарты;  

 



Бағдарламалар, пән бойынша оқу-тақырыптық жоспарлар;  

 



ҚР  Жалпы  орта  білім беретін  ұйымарында  ғылым негіздерін  оқытудың 

ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат (ағымдағы оқу жылына);  

 

Техникалык және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері.  



4.3  Білім  беру  үдерісін  қамтамасыз  ететін  мектептің  оқу  кабинеттерінде 

кабинеттің төлқұжаты болуы міндетті.  

4.4 Кабинеттің төлқұжатында болуы тиіс:  

1)

 



толық материалдық жауапкершілік туралы шарт;  

2)

 



мұғалім қызметінің лауазымдық нұсқаулығы;  

3)

 



кабинеттегі тәртіп ережесі;  

4)

 



кабинеттің  және  кабинеттегі  жабдықтардың  жағдайына  қойылатын 

санитариялық-гигиеналық талаптар;  

5)

 

жиһаздардың тізімі;  



6)

 

техникалық құралдар тізімі;  



7)

 

жабдықтардың, құрылғылардың және құралдардың тізімі;  



8)

 

еңбек қауіпсіздігі туралы нұсқаулық;  



9)

 

зертханада  жұмыс  істеу  барысындағы  техникалық  қауіпсіздік  туралы 



нұсқаулық;  

10)


 

білім алушылардың мінез-құлқы, өзін-өзі ұстауы туралы ереже;  

11)

 

оқу жылына арналған кабинеттің жұмыс жоспары;  



12)

 

кабинеттің жұмыс кестесі (тоқсандық);  



13)

 

кабинетті қабылдау ведомосі.  



4.5  Мектептегі  оқу  кабинеттерінде  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруды 

қамтамсыз  ететін  жұмыстардың  реттелген  тізімі  бойынша  кабинеттің  жұмыс 

жоспары болуы міндетті.  

4.6  Оқу  кабинетінің  ашылуы  және  жұмыс  істеуіне  байланысты 

нормативтік-нұсқаулық құжаттар болуы керек:  

1)

 



оқу  кабинетінің  ашылуы  және  білім  беру  бағдарламасын  табысты 

орындалуын қамтамасыз ету үшін оның жұмыс істеуі туралы бұйрық (кабинет 

меңгерушісінің «Нормативтік-құқықтық құжаттар» папкасында сақталады);  

2)

 



кабинет  меңгерушісін  және  лаборант  тағайындау,  олардың  қызметтік 

міндеттері  туралы  бұйрық  (кабинет  меңгерушісінің  «Нормативтік-құқықтық 



39 

 

құжаттар» папкасында сақталады);  



3)

 

кабинеттегі  бар  жабдықтар,  аспаптар,  техникалық  құралдар,  көрнекі 



құралдар,  дидактикалық  материалдардың  қызметтік  міндеттері  көрсетіліп 

ресімделген кабинет төлқұжаты;  

4)

 

кабинетте  бар  жабдықтарға  жасалған  мүлік  ведомосі  (кабинет 



меңгерушісінің «Кабинет төлқұжаты» папкасында сақталады);  

5)

 



кабинетте  жұмыс  істеу  кезіндегі  техникалық  қауіпсіздік  ережелері 

(танысу үшін кабинетте ілулі тұрады);  

6)

 

оқушылардың  кабинеттегі  жабдықты  пайдалану  ережелері  (танысу 



үшін кабинетте ілулі тұрады);  

7)

 



кабинеттің  жұмыс  істеуге  дайындығы  туралы  оқу  кабинетін  мектеп 

әкімшілігінің  қабылдау  актісі  (кабинет  меңгерушісінің  «Кабинет  төлқұжаты» 

папкасында сақталады);  

8)

 



нақты оқу жылына арналған білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды 

қамтамасыз  ету  бойынша  оқу  кабинетінің  дайыдығы  туралы  мектептің 

әдістемелік  комиссиясы  шешімінің  хаттамасы  (кабинет  меңгерушісінің 

«Кабинет төлқұжаты» папкасында сақталады);  

9)

 

оқу  жылына  арналған  кабинеттің  жұмыс  жоспары  (кабинет 



меңгерушісінің «Кабинет төлқұжаты» папкасында сақталады):  

- перспективалық және оқу жылының жұмыс жоспары;  

-  оқу  кабинетінде  сабақтар  өткізу  және  оқу  іс-шараларын  өткізу  кезінде 

техника  қауіпсіздігі  ережелерін  және  санитариялық-гигиеналық  нормаларды 

сақтау(қауіпсіздік  ережелері  бойынша  жүргізілген  нұсқамалардың  өткізілуі 

жөнінде журнал).  

4.7  Мектептің  білім  беру  бағдарламасын  орындау  бойынша  оқу 

кабинетінің  жұмысын  жоспарлау  және  ұйымдастыруға  қойылатын  талаптар: 

мұғалімдер  мен  оқушылардың  білім  беру  стандарты  талаптарын  орындауды; 

дамыта оқыту әдісін енгізу; таңдауы бойынша курстар жұмысы бағдарламасын 

дамыту қамтиды.  

4.8  Оқу  кабинетінде  білім  беру  үдерісін  ұйымдастырудың  мүмкіндік 

деңгейін анықтау үшін төмендегідей бағалау критерийлері ұсынылады:  

 



оқу кабинеті төлқұжатының болуы;  

 



оқу кабинеті портфолиосының болуы;  

 



оқу жабдықтарын сақтаудың тиімділігі;  

 



әдістемелік және оқу құралдарының болуы;  

 



қолданыстағы оқу жабдықтарының, құралдардың жүйелілігі;  

 



қабырға тақталардың болуы;  

 



қабырға тақта материалдарының жағдайы, көркемдігі;  

 



оқытудың  техникалық  құралдарының  болуы  және  оларды  сақтаудың 

ұйымдастырылуы;  

 

мұғалімнің жұмыс үстелінің жағдайы;  



 

оқу  ғимаратында  еңбекті  қорғау  және  білім  алушылардың  өмірінің 



қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтың, журналдың болуы;  

 



дәрі-дәрмек қобдишасының болуы;  

40 

 



 

жарықтандыру;  

 

үстелдер мен орындықтар жағдайы;  



 

кабинетте өсімдіктердің, гүлдердің болуы, олардың жағдайы;  



 

кабинет терезелерін безендіру.  



 

 

 



41 

 



Заманауи 

талаптарға 

сай 

оқу 

кабинеттерінде 

білім 

беру 

үдерісін ұйымдастыру  

 

5.1  Оқу  кабинеттерінде  қазіргі  заманға  сай  білім  беру  үдерісін 

ұйымдастыру келесі мәселелерді шешу арқылы қамтамасыз етіледі:  

-

 



кешенді жарақтандыру және жабдықтау;  

-

 



оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;  

-

 



оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;  

-

 



оқу үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету.  

5.2  Оқу  кабинеттерінде  оқу  үдерісін  кешенді  жарақтандыру  және  оқу 

кабинетін  жабдықтаудың  жағдайларын  жасауда  келесідей  мүмкіндіктер 

қамтамасыз етіледі:  

 

білім  алушылардың  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 



стандартына  сәйкес  білім  беру  бағдарламасын  меңгеруде  жоспарланған 

нәтижеге қол жеткізу;  

 

оқу үдерісін ұйымдастырудың барлық түрінде білім алушылардың және 



тәрбиеленушілердің қабілеттерін анықтау және дамыту;  

 



дарынды  балалармен  интеллектуалдық  және  ғылыми-техникалық 

шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру;  

 

білім  алушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  жобалық  зерттеушілік 



қызметін ұйымдастыру;  

 



мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруі;  

 



білім  алушылардың  танымдық  қызығушылықтары  мен  өздігінен  білім 

алу қабілеттерін дамыту.  

5.3  Заманауи  талаптарға  сай  оқу  кабинеттерінде  оқу  үдерісін  оқу-

әдістемелік  сүйемелдеудің  жағдайларын  жасауда  келесідей  мүмкіндіктер 

қамтамасыз етіледі:  

 



оқу үдерісін жарақтандырудың кешенділігі;  

 



оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз ету;  

 



барлық оқу пәндері бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік әдебиеттер 

мен материалдарының болуы;  

 

оқу  жоспарындағы  барлық  оқу  пәндері  бойынша  баспа  және  білім 



берудің 

электрондық 

ресурстарымен, 

қосымша 


әдебиет 

қорымен 


кітапханаларды толықтыру.  

5.4  Заманауи  талаптарға  сай  оқу  үдерісін  материалдық-техникалық  және 

ақпараттық  жарақтандырудың  жағдайларын  жасауда  келесідей  мүмкіндіктер 

қамтамасыз етіледі:  

 

ақпаратты әзірлеу және қолдану;  



 

ақпаратты түрлі жолдармен алу;  



 

эксперимент өткізу, жобалау және құрастыру.  



5.5  Заманауи  талаптарға  сай  оқу  кабинеттерінде  білім  беру  үдерісін 

ұйымдастыру  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану 

арқылы жүзеге асады.  

5.6  Заманауи  талаптарға  сәйкес  жалпы  білім  беретін  оқу  кабинеттерінде 



42 

 

білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру  жоғары  сапалы  ақпараттық-білім  беру 



ортасын  қамтамасыз  ету  болып  табылады  (оқу  үдерісін  ақпараттық  және  оқу-

әдістемелік қамтамасыз ету).  

5.6.1  Оқу  үдерісін  заманауи  талаптарға  сай  қамтамасыз  етудің  негізгі 

өлшемдері:  

1)  ақпараттың  қолжетімділігі,  ақпараттық  ресурстардың  көптүрлілігі 

(сонымен  қатар  электрондық),  алынатын  ақпараттың  толықтығы  және 

маңыздылығы;  

2)  сабақтарда  заманауи  ақпараттық  технологияларды,  электрондық 

оқулықтарды,  Интернеттің  жергілікті  жүйесін,  лицензияланған  заманауи 

бағдарламаларды, 

ақпараттық-анықтамалық 

жүйелерді, 

электрондық 

кітапханаларды қолдану;  

3)  кітапхана  қорын  білім  алушылар  мен  мұғалімдерге  арналған 

оқулықтармен,  ғылыми  және  анықтамалық-ақпараттық,  ғылыми-әдістемелік, 

көркем  әдебиеттермен,  энциклопедиялармен,  сөздіктермен,  мерзімді  баспасөз 

құралдарымен қамтамасыз ету.  

5.7 Кабинет білім беру оқу бағдарламаларына бойынша электрондық оқу-

әдістемелік кешендермен (ЭОӘК) толықтырылуы тиіс.  

5.8  Заманауи  талаптарға  сай  оқу  кабинеттерінде  білім  беру  үдерісін 

ұйымдастыру ЭОӘК (смарт-сынып, сандық зертхана, автоматтандырылған оқу-

лабораториялық  стенділері,  мультимедиялық  кабинет,  ТВ-технологиялар) 

арқылы жүзеге асады.  

5.9 Кабинетте: бейне-лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; 

мультимедиалық  лекциялар;  бейнеконференциялар;  телеконференциялар, 

виртуалдық  зертханалық  практикумдар  (имитациялық  модельдер),  форумдар, 

чат  және  электрондық  пошта  бойынша  кеңестер,  білім  алушылардың  өзіндік 

жұмыстары;  қолданылады:  электрондық  оқу  басылымдары  (электрондық 

оқулықтар,  мультимедиалық  оқу  бағдарламалары,  тренажерлар,  ақпараттық-

анықтамалық жүйелер) компьютерлік тестілеу жүйелері жүргізіледі.  

5.10  Электрондық  оқу-әдістемелік  кешендерді  дайындау  үлгілік  оқу 

бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.  

5.11  Әрбір  пән  бойынша  электрондық  оқу-әдістемелік  кешен  (ЭОӘК) 

міндетті және қосымша жиынтықтардан тұрады.  

5.11.1 Міндетті жиынтыққа енгізіледі:  

 

оқу жұмыс жоспары;  



 

сабақ жоспары;  



 

практикалық және семинарлық сабақтардың материалдары;  



 

зертханалық  жұмыстардың  практикумы  (тапсырмалар,  әдістемелік 



нұсқаулар және т.б.);  

 



білім  алушының  өзіндік  жұмысына  және  мұғалімнің  басшылығымен 

жүргізілетін жұмысына арналған тапсырмалар;  

 

ағымдық  бақылауды  ұйымдастыру  жөніндегі  материалдар  (бақылау 



жұмыстары, тест тапсырмалары, өзіндік жұмыстар);  

 



оқушылардың 

білім 


жетістіктерінің 

нәтижелерін 

бақылауды 


43 

 

ұйымдастыру жөніндегі материалдар (емтихандық тест тапсырмалары, емтихан 



сұрақтары және билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары).  

5.11.2 Қосымша жиынтыққа енгізіледі:  

 

жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;  



 

оқыту сипатындағы компьютерлік бағдарламалар;  



 

тренажерлар;  



 

анықтамалық-әдістемелік материалдар;  



 

пәннің  оқу  материалдарын  меңгеруге  көмектесетін  оқу  және  оқу-



әдістемелік құралдар;  

 



материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары.  

5.12  Мектептегі  оқу  кабинеттерінде  білім  беру  үдерісін  ұйымдастырудың 

қажетті шарттары:  

 



білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарды 

қамтитын білім беру Интернет-порталы;  

 

телекоммуникациялық  желіге  шығу  (Интернет,  спутниктік  теледидар) 



жабдықтары;  

 



 түрлі  терминалдар:  мультимедиалық  сыныптар,  электрондық  оқу 

залдары және т.б.;  

 

 CD, DVD дискілеріне арналған оқу контенті;  



 

 желілік оқу мультимедиа контенті;  



 

 мультимедиалық лабораториялар;  



 

 желілік тестілеу кешендері;  



 

 оқытуды басқарудың желілік жүйелері.  



5.13 Барлық оқу іс-әрекеті:  

 



электрондық 

байланыс 

арқылы 

мұғалімнің 



білім 

алушымен 

педагогикалық қарым-қатынасын;  

 



электрондық құралды пайдалануды;  

 



білім  алушының  оқыту  құралдарымен  бірге  өзіндік  жұмысын 

талап етеді.  

5.14  Оқытудың  теледидарлық  құралдарына  кабельдік  немесе  спутниктік 

теледидардың  көмегімен  ұжыммен  немесе  жеке  қолданатын  бейне  лекциялар, 

сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.  

5.15  Оқытудың  компьютерлік  құралдарына  электрондық  оқулықтар, 

мультимедиалық  курстар,  кері  байланысы  бар  тренингтік  бағдарламалар 

(супертьюторлар), 

кәсіптік 

бағдарламалардағы 

оқу 

тапсырмалары 



(профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.  

5.16  Оқытудың  ойындық  құралдарына  іскер  және  операциялық  ойындар 

түріндегі 

ұжымдық 


сабақтардың 

белсенді 

әдістері, 

дискуссиялар, 

коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ виртуалды білім беретін ортада оқылатын 

проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.  

5.17  Мектептегі  оқу  кабинеттерінде  білім  беру  үдерісін  жүргізу  бойынша 

ұйымдастыру іс-әрекеттері:  

 

қамтамасыз етудің әдістемелік жағы;  



44 

 



 

 қолданбалы  бағдарламалық  жабдықтау  (энциклопедиялар,  медия-

ресурстар, модельдеу);  

 



 базалық  бағдарламаның  платформасы  (Windows  операциялық  жүйесі  + 

Office);  

 



 аппараттык кешен (компьютерлер, жергілікті желі, Интернетке қосылу);  

 



электрондық  кітапханаға  арналған  материалдары  жинақтау  және 

базасын жасақтау;  

 

 сыртқы  ақпараттық  ресурстарды  қолдану  (қашықтықтан  оқыту 



курстары, электрондық кітапханалар);  

 



Интернетте қолданатын сайттар тізімі.  

5.18  Білім  алушылардың  білім сапасын  арттыру  сабақтардан  кейін  немесе 

қосымша сабақтарда қашықтықтан оқыту арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін 

білім берудің біріңғай ақпараттық жүйені ұйымдастыру қарастырылады.  

5.18.1 Қашықтықтан оқыту интерактивті on-line сабақтарын өткізу арқылы 

жүзеге асады.  

5.18.2  Мектептегі  оқу  кабинеттерінде  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруда 

қашықтықтан  оқыту  технологияларын  пайдаланатын  құжаттар  электронды 

тасмалдағыштарда сақталады.  

5.19 Қазақ тілі мен әдебиеті оқу кабинеті.  

5.19.1 

Білім  алушылардың



 

тiлдi  үйренуге  деген  ынтасы  мен 

қызығушылығын  арттырып 

жаңа  сөздерді  меңгерту  үшін  аудио  және 

бейнематериалдар қолданылады.  

5.19.2  Сөздердің  дұрыс  айтылуын  (орфоэпиясын)  меңгеру  үшін  аудио 

материалдар пайдаланылады.  

5.19.3 Оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру үшін интерактивті 

тақта, электронды оқулықтар қолданылады.  

5.19.4 Оқушыларға грамматикалық ережелерді меңгерту үшін интерактивті 

тақта пайдаланылады.  

5.19.5  Грамматикалық,  лексикалық  дағдыларын  қалыптастыру  үшін  ойын 

бағдарламалары қолданылады.  

5.19.6  Диалог,  монологтармен  жұмыс  жүргізу  үшін,  сонымен  қатар 

тыңдалым дағдысын қалыптастыру үшін лингафонды кабинет қолданылады.  

5.19.7  Көрнекі  материалдардың  сапалы  болуы  үшін  (дыбысы,  түсі,  бейне, 

анимациялар), көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтау үшін 

компьютер, интерактивті тақта пайдаланылады.  

5.19.8  Кері  байланыс  тиімді  жүзеге  асу  үшін  (бақылау  жұмыстарын  алу, 

тест тапсырмалары) интерактивті тақта қолданылады.  

5.19.9  Оқушылармен  өзіндік  жұмыстарды  ұйымдастыру,  анықтамалық 

материалмен  жұмыс  істеуге  үйрету,  ақын-жазушылар  туралы  мәліметтер, 

көркем шығармалармен танысу үшін үшін интернет желісі қолданылады.  

5.20 Орыс тілі мен әдебиеті оқу кабинеті 

5.20.1 Для повышения интереса и мотивации учащихся к изучению языка и 

с  целью  усвоения  новых  слов  и  выражений  следует  использовать  аудио-  и 

видеоматериалы.  


45 

 

5.20.2  Для  усвоения  правильного  произношения  слов  (орфоэпия)  следует 



использовать аудио материалы;  

для  формирования  навыков  письма  учащихся  –  интерактивную  доску 

(ActivStudio), электронные учебники;  

для усвоения грамматических правил – интерактивная доска;  

для  формирования  грамматических,  лексических  навыков  учащихся–

игровые программы.  

5.20.3  Для  формирования  навыков  слушания,  а  также  для  развития 

диалогической  и  монологической  речи  следует  использовать  возможности 

лингафонного кабинета.  

5.20.4  Для  сохранения  качества  наглядных  пособий,  готовых  уроков, 

материалов  (звук,  цвет,  изображение,  анимация)  следует  использовать 

компьютер, интерактивную доску.  

5.20.5  С целью получения обратной связи  (контрольные  работы,  тестовые 

задания)  следует  широко  практиковать  использование  интерактивной  доски 

(ActivStudio).  

5.20.6  Для  организации  самостоятельной  работы  учащихся,  обучения 

работе  со  справочными  материалами,  ознакомления  с  художественными 

произведениями,  сведениями  о  писателях  и  поэтах  широко  используется 

интернет.  

5.21 Шетел тілі кабинеті.  

5.21.1 Шетел тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану сабақты 

заманауи, дамушы және танымдық сабақ етуге мүмкіндік береді.  

5.21.2 

Оқушыларды  тыңдауға  жаттықтыру  үшін  оқу-әдістемелік 



кешеніндегі  тыңдалым  материалдарын,  суреттері  және  иллюстрацияларымен 

бірге DVD және CD дискілерін қолдану ұсынылады.  

5.21.3 

Айтылым 


дағдыларын 

дамыту 


үшін 

компьютер 

және 

мультимедиялық  проектордың көмегімен  көрсетілетін  электрондық  оқулықтар 



мен құралдар қолданылады.  

5.21.4  Ауызша  сөзді  қабылдау,  сөздік  қорды  кеңейту  үшін  ауызша 

сөйлеуде сөйлем құрылымын есте сақтау үшін оларды одан әрі талқылау үшін 

бейнероликтерді қолдану қажет.  

5.21.5  Заманауи  сабақтарда  флэш-ойындар,  оқушылардың  «білімдегі 

олқылықтарын»  толықтыру  үшін  интерактивті  тақтада  әр  түрлі  жаттықтыру 

тапсырмалары  (оның  ішінде  ойындарды)  белсенді  қолданылады,  осы  арқылы 

грамматикалық 

дағдылары 

қалыптасады 

және 

лексикалық 



қорлары 

толықтырылады.  

5.21.6  Сабақтарда  қажетті  ақпаратты  көрнекілікпен  ұсыну  үшін  (жаңа 

лексиканы  енгізу  немесе  грамматикалық  материалды  түсіндіру;  оқылған 

тақырып бойынша білімді жинақтау; оқушылардың өз бетінше презентациялар 

жасауы)  жұмыстың  түрлі  кезеңдерінде  POWERPOINT-презентацияны  қолдану 

ұсынылады.  

5.21.7  Диалогтік  және  монологтік  сөзді  дамыту  үшін  электронды 

тренажерларды қолданылады.  


46 

 

5.21.8 Өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға ықпал 



ететін,  нәтижені  шынайы  көрсететін,  уақытты  үнемдеуге  мүмкіндік  беретін 

түрлі электронды тестілер қолданылады.  

5.22 Тарих пәні кабинеті.  

5.22.1  Білім  беру  үдерістерін  ұйымдастыру  оқытудың  заманауи 

техникалық  құралдарын  қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады:  интерактивті 

тақта,  мультимедиялық  құрылғы,  мультимедиялық  проектор,  аудиожүйе 

(маркерлік тақтамен біріктірілген), графпроектор, кодоскоп, теледидар.  

5.22.2  Білім  беру  үдерістерін  ұйымдастыруда  сонымен  қатар  оқу-

әдістемелік  материалдар  кешенінің  қолданады  (әдістемелік  нұсқа,  оқу  құралы 

және  глоссарий,  жұмыс  дәптері,  оқу-,  дыбыс-,  бейне-  материалдары,  бақылау 

және емтихандық материалдар т.б.).  

5.22.3  Оқушылардың  зерттеу  дағдыларын  қалыптастыру  үшін  оқулықтар, 

сөздіктер,  энциклопедиялар,  анықтамалық,  плакаттар,  пән  бойынша 

статистикалық деректер, карталар, карточкалар, кестелер пайдалынады.  

5.22.4 

Оқушылардың  on-line  олимпиада,  форумдарға  қатысуын 



ұйымдастыруда 

зерттеу-жобалық 

іс-әрекеттерде 

тарихи 


деректер, 

монографиялық  мәтіндер  іздеуде,  әртүрлі  әдістемелік  материалдар  және 

рефераттар даярлау үшін Интернеттің білім қорларымен қамтамасыз етіледі.  

5.23 Математика пәні кабинеті.  

5.23.1  Заманауи  талаптарға  сай  «Математика»  кабинетінде  білім  беру 

үдерісін  ұйымдастыруда  ақпараттық-коммуникативтік  технологияны  (АКТ) 

қолдану төмендегідей мәселелерді шешуге бағытталған:  

 



математиканың  түрлі  бөлімдерін  оқып-үйрену  кезінде  презентациялар 

жасау үшін тиісті компьютерлік бағдарламаны қолдану;  

 

Интернет-олимпиадаларға қатысу арқылы оқушылардың математикалық 



қабілеттері мен шығармашылық белсенділіктерін дамыту;  

 



математикалық тапсырманы орындау үдерісі туралы бейнекөрініс жасау;  

 



арнайы  бағдарламалардың  көмегімен  түрлі  математикалық  іс-

әрекеттерді орындау (есептеу, графиктерді құру және т.б.).  

5.24 Физика пәні кабинеті.  

5.24.1  Заманауи  талаптарға  сай  физика  кабинетінде  білім  беру  үдерісін 

ұйымдастыру  ақпараттық  коммуникативтік  технологияны  (АКТ)  қолдану 

арқылы жүзеге асуы тиіс.  

5.24.2  Кабинет  демонстрациялау,  зертханалык  жұмыстар  жүргізуге 

лайықталып  оқу  құрал  –  жабдықтарымен,  жиһазбен,  жаңа  техникалық  оқу 

құралдармен, көрнекіліктері, экспозициялық және проекциялық оқулықтармен, 

CD  және  DVD  дисклердегі  электрондық  құралдармен,  әдістемелік  оқу  – 

әдістемелік  және  анықтамалық  әдебиеттермен,  оқу  әдістемелік  жинақтармен 

жабдықталады.  

5.24.3  Сабақта  құрылғылар  жетіспеген  жағдайда,  демонстрациялық 

тәжірибелерді виртуалды түрде көрсету жүзеге асырылады.  

5.24.4  Физика  пәнінің  сапасын  арттыру  мақсатында  автоматтандырылған 

оқу-лабораториялық  стенділері,  сандық  зертхана,  мультимедиялық  кабинет 


47 

 

қолданылады.  



5.24.5  Жаңа  оқу  материалын  өздігінен  меңгеруде,  есептер  шығаруда, 

білімдерін  тексерудің  тестік формасында және  т.б.  қажетіне қарай  ақпараттық 

коммуникативтік технологияның мүмкіндіктері қолданылады.  

5.24.6 Заманауи талаптарға сай физика кабинеттерінде білім беру үдерісін 

ұйымдастыруда компьютерлік технологияны қолдануда төмендегі іс-әрекеттер 

жүзеге асырылады:  

 

редакторлардың  көмегімен  дыбыстық,  сандық,  мәтіндік,  графикалық 



ақпараттарды өңдеу;  

 



MS  Power  Point  редакторының  көмегімен  берілген  оқу  материалы 

бойынша слайдтар әзірлеу;  

 

өз пәні бойынша дайын бағдарламалық өнімдерді қолдану;  



 

сабақта электрондық оқулықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру;  



 

оқу-бағдарламалық құралдарды қолдану;  



 

дайын  қабықша-бағдарламалардың  көмегімен  тест  тапсырмаларын 



құрастыру.  

5.25 Химия пәні кабинеті.  

5.25.1 Химия кабинетін қазіргі заманның талаптарына сай ұйымдастыруда 

оны оқу құралдарының толық жиынтығымен жабдықтауда қарастырылады:  

-  оқу  құралдарының  түрлі  жиынтығын  баспа  және  электрондық 

түрде қолдану;  

түрлі  химиялық  заттардың  құрылысын  құрастыруға  қажетті 



кристалдық торлар;  

-  оқытудың  экрандық-дыбыстық  құралдарын  қолдану  (диафильмдер, 

диапозитивтер, графикалық проекторлардың транспаранттарын, кинофильмдер 

мен кинофрагменттер, оқу видеофильмдерін);  

-  жаңа  ақпараттық  технологиялар  негізінде  өлшеуіш  құралдарды 

пайлалану;  

-  реттелгіш  параметр  немесе  үдеріс  туралы  компьютердегі  ақпараттарды 

алу үшін датчиктердің жиынтығы мен құрылғыларын пайдалану.  

5.26 Биология пәні кабинеті.  

5.26.1  Биология  кабинеті  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруда  заманауи 

талаптардың  орындалуын  қамтамасыз  ететін  оқу-әдістемелік  жабдықтармен 

және  ЭОӘК-мен  (компьютермен  жабдықтау,  интернетке  шығу,  интерактивті 

тақта,  лицензиялық  бағдарламамен  қамту,  электронды  ресурстар,  сандық 

лаборатория) жабдықталуы қажет:  

- интерактивті тақтаны пайдалану;  

-  интернет  жүйесін  және  заманауи  ақпараттық  технологияларды 

пайдалану;  

MS Power Point, Prezy редакторы арқылы презентациялар дайындау;  

-  дайын  оқу-бағдарламалық  құралдарды,  бейнетаспаларды,  ақпараттарды 

тікелей интернеттік сайттардан пайдалану;  

-  оқушылардың  on-line  олимпиадаларға,  форумдарға,  зерттеу-жобалау 

жұмыстарына қатысуларын ұйымдастыру;  



48 

 

-  оқушылардың  білімдерін  бақылау  және  өзін-өзі  бақылау  үшін  тест 



тапсырмаларын  құрастыру,  тестілеуді  өткізу  кезінде  дайын  қабықша- 

бағдарламаларды пайдалану;  

- қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру;  

-  биология  сабақтарында  практикум  және  жобалау-зерттеу  жұмыстарын 

жүзеге  асыру  кезінде  эксперимент  нәтижелерін  белгілеуде  сандық 

лабораторияның мүмкіндіктерін пайдалану.  

5.26.2  Функционалды  сауаттылықты,  зерттеу  дағдыларын  дамыту  үшін 

өсімдіктердің,  жануарлардың  физиологиясы  мен  биохимиясы  саласында 

әртүрлі  эксперименттер  жүргізуге  арналған  компьютерлік  өлшеуіш  датчиктер 

жиынтығын пайдалану қажет.  

5.27 География пәні кабинеті.  

5.27.1 Мектептегі география кабинетінде білім беру үдерісін ұйымдастыру 

төмендегі талаптарға сай ұйымдастырылады:  

–  бұқаралық-ақпарат  құралдарын  және  мультимедиялық  ресурстарды 

пайдалану;  

 



дерекқордан және Интернеттен ақпаратты іздеу;  

 



сандық, Интернет желілері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу 

және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;  

 

сандық,  мәтіндік  және  визуалдық  ақпаратпен  және  дерекқормен,  оның 



ішінде  гиперсілтемелерді,  электрондық  кестелерді,  графикалық  және  басқа 

қосымшаларды  пайдаланып  жұмыс  істеу  арқылы  мәліметті  жүйелеу;  қолдану; 

заңдылықтар  мен  тенденцияларды  зерттеу;  модельдер  мен  модельдеуді 

пайдалану  мүмкіндіктерін  зерделеу,  сонымен  қатар  жылжымайтын  және 

қозғалыстағы  бейнелерді,  дыбыстар  мен  мәтіндерді  мультимедиалық 

таныстырылымдар құру үшін біріктіру;  

 

басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда 



сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;  

 



электрондық  байланысқа,  он-лайн  форумдарға,  виртуалдық  оқыту 

орталарына  қатысу  арқылы,  басқа  оқушылармен  және  мұғалімдермен  әртүрлі 

байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және 

ақпарат алмасу;  

 

интерактивті  тақтаны  белсенді  оқытуға  техникалық  қолдау  көрсету 



мақсатында қолдану;  

 



аяқталған 

жұмыстың 

мектеп 

шеңберіндегі 



және 

одан 


тыс 

мультимедиалық презентациясы.  

5.27.2 География кабинеттерінде интерактивті электронды карталар (ондай 

карталарды  аймақты  неғұрлым  толық  қарастыру  үшін  үлкейтуге,  қажетті 

белгілеулерді және суреттерді қосуға болады) қолданылады.  

5.27.3  Интерактивті  карталарда  қосымша  иллюстративтік  және  мәтіндік 

материалдар бар.  

5.28  Заманауи  талаптарға  сай  дене  шынықтыру  сабақтарында  білім  беру 

үдерісін ұйымдастыру:  

 



дене  шынықтыру  пәнінің  теориялық  және  практикалық  сабақтарында 

49 

 

АКТ-ны 



(бейнематериалдарды, 

презентацияларды, 

блок-сызбаларды, 

кестелерді, өсу динамикасының графиктерін) қолдануды;  

 

оқушыларға  өздерінің  қимыл-қозғалыс  әрекеттерінің  көрсеткіштерін 



бағалау  мен  жақсартуға  көмек  көрсету  үшін  оқушылардың  өзін-өзі  бағалауға, 

талдауға арналған фото- және бейнематериалдарды пайдалануды;  

 

АКТ-ны  (соның  ішінде,  Интернет)  қарым-қатынас  құралы  ретінде, 



бірлескен  жұмыс  жүргізуде,  контент  құруда,  пән  бойынша  ақпаратқа 

қолжетімділікті іздестіруде қолдануды көздейді.  

5.29  «Бейнелеу  өнері»  пәні  бойынша  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруда 

төмендегі іс-әрекеттер қажет:  

 

көркем  туындыларды  жасауда  компьтерлік-сандық  технологияларды 



қолдану;  

 



Интернеттен және дерекқордан ақпарат іздеу;  

 



сандық  және  Интернеттен  алынған  дәйектерді  маңыздылығына  қарай 

өңдеу таңдау, табу, маңыздығына қарай бағалау;  

 

белгілі  бір  мақсатқа  және  аудитория  үшін  түрлі  дереккөздерден 



жинақталған 

материалдар 

қоры 

кіретін 


слайд 

көрсетілімдерді 

(презентацияларды) жасау дағдыларын дамыту;  

 



модельдер мен модельдеуді пайдалану, сонымен қатар мультимедиялық 

көрсетілім  жасау  үшін  мәтін  мен  дыбысты,  қозғалмайтын  және  қозғалмалы 

кескіндемені біріктіру;  

 



онлайн  форумдар  мен  виртуальды  ортада  оқытуға  қатысу,  электронды 

байланысты пайдалану арқылы мұғалімдер және басқа оқушылармен жұмысқа 

арналған байланыс арнасы бойынша ақпарат алмасу және хабарлама жіберу.  

 

 



 
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет