Инновациялық технологияның бір элементі ретінде қашықТЫҚтан оқыту технологиясын пайдалану



жүктеу 83.88 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.05.2017
өлшемі83.88 Kb.

209 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БІР ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ 

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ 

 

Қосыбаева У.А., п.ғ.к

.

 доцент; Капарова А.А., магистрант  



Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 

Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

Мақалада  бүгінгі  күні  жалпы  қолданысқа  кеңінен  енген  қашықтықтан  оқыту  технологиясының 



мүмкіндіктері,  оқу  үрдісінде  пайдаланылу  жолдары  қарастырылады.  Инновациялық  технологияның  бір 

элементі ретінде қолданылып келе жатқан қашықтықтан оқыту жүйесінің мүмкіндіктері сипатталады.  



Кілттік сөздер: қашықтықтан оқыту, инновациялық технология, оқыту, интернет, онлайн сабақ 

 

Бүгінгі  күнде  əлемнің  қай  түкпірінде  болса  да,  ауқымды  желі  болғандықтан  қашықтан  оқыту 



технологиясы – оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара 

іс-əрекетте  оқытылып,  материалдың  негізгі  көлемін  оқып  үйренушілерге  жеткізуді   қамтамасыз 

ететін,  оқылған  материалдарды  меңгеру  бойынша,  сонымен  бірге  оқу  үрдісі  барысындағы  оқып 

үйренушілердің  өз  бетімен  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  беретін  ақпараттық  технология.  Қашықтан 

оқыту – компьютерлік  жəне  телекоммуникациялық  технологияларға  негізделген  оқытудың 

құралдары  мен  түрлері,  білім  беру  үрдісінде  үздік  дəстүрлі  жəне  инновациялық  əдістер 

қолданылатын, күндізгі жəне сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады [1]. 

Қазіргі  таңда  қашықтықтан  оқытудың  құралы – виртуалды  білім  кеңістігін  құруға  мүмкіндік 

беріп отырған Интернет. Көптеген аналитиктердің пікірі бойынша Интернет – ең арзан оқыту құралы 

болып  табылады.  Қазіргі  уақытта  студенттердің  көпшілігі  бүкілəлемдік  желіге  тегін  қосылу 

мүмкіндігі  бар  жəне  студенттердің  орындаған  материалын,  тексерілген  материалдарды  жəне 

ескертулердің  барлығын  оқытушылар  электрондық  пошта  арқылы  жібереді.  Мектепте,  жоғары  оқу 

орындарында оқушылар, студенттер телекоммуникациялық жүйені, инновациялық технологияларды 

қолдана  отырып,  электронды  пошта  арқылы  түрлі  телеконференцияларға  қатыса  алады. 

Телеконференция - семинар  сабақтары  жүйесіндегі  оқу-практикалық  əрекет  түрі  ретінде 

қолданылады.  Өзінің  əдістемелік  ерекшеліктеріне  қарай,  өткізілуі  мен  дайындығы  жағынан 

телеконференция  пікірталасқа  ұқсас.  Тақырып  материалын  игеруде  жəне  көрнекілік  қажеттілігіне 

сəйкес,  иллюстрация  мен  демонстрациялық  материалдардың,  инновациялық  технологиялардың 

(техникалық құралдар, фактілер, мультимедиялық құралдар т.б.) маңызы зор. 

Тыңдаушылар  қашықтықтан  оқыту  кезінде  білім  беру  процесінің  негізін  қолайлы  уақытта, 

ыңғайлы  орында  өз  бетінше  ала  алады.  Сондықтан  тыңдаушылар  өз  бетінше  жұмыстың  техникасы 

мен əдістемесін, жоғары деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен 

бірге  сапалы  білім  алу  үшін  жаңа  ақпараттық  технологиялардың,  яғни  инновациялық 

технологиялардың құралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.  

Чат-сабақ - белгілі бір уақыт ішінде Интернет жүйесінде барлығына бірдей өткізіледі. Сондықтан 

бұл сабақтың алдын-ала кестесін жасап, сұрақтар, проблемалар тізімін береді. Бұл сабақтың барысын 

жазып  алып  отыру  қажет,  себебі  кейінгі  талдауда  қажет  болады.  Бұл  жерде  де  Интернет 

мүмкіндіктерімен қатар инновациялық технологиялар маңызды орын алады [2]. 

Мұндай  сабақ  нақты  уақыт  жағдайында  өткізіледі.  Сабақтың  жоспарын  жасауда  алдымен  чат-

сабаққа сəйкес, яғни, пікірталас сұрақтарына қолайлы проблема, тақырып таңдалынып алынады. 

Желілік–технология - білім алушы, оқытушылар, əкімшілік арасындағы интерактивті өзара əсері 

мен  оның  оқу-əдістемелік  құралдармен  жабдықталуын  қамтамасыз  етуде  телекоммуникациялық 

желіні қолдануға негізделген. 

Жоғары  оқу  орындарында  қашықтықтан  оқытудың  желілік  технологиясы  үшін  мыналар  болу 

қажет: 

- білім  алушылар  үшін  оқу-əкімшілік  ақпараттар  жəне  оқу-əдістемелік,  Интернет-портал  оқу 



беттерімен мазмұндалған; 

- телекоммуникациялық желіге шығатын құралдар (Интернет, спутниктік теледидар жəне т.б.) 

- əр  түрлі  терминалдар:  оқу  сыныптары,  мультимедиалық сыныптар,  электрондық  оқу  залдары, 

электрондық кітапханалар жəне т.б. 

- мультимедиалық желілік оқу контенті; 

- кешендік тестілеу желілігі; 

- желілік оқытудың басқару жүйесі; 

- басқару жүйесінің контенті; 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ


210 

- желілік оқытудың басқару жүйесінің контенті; 

- қашықтықтан  оқыту  бойынша  біліктілікті  жетілдіруден  өткізілген  оқу,  оқу-көмекшілік  жəне 

техникалық жұмыскерлер. 

Электрондық  кітапхана – қашықтықтан  оқыту  білім  беру  құрылымының  негізгі  элементі [3]. 

Электрондық кітапхананың оқу базасы мыналардан тұрады: 

  авторлық  оқу  материалдары  (оқулықтар,  компьютерлік  тренинг  бағдарламалары,  слайд-

лекциялар, белсенді семинарлар сценарийі, тестілік жəне емтихан базасы жəне т.б.); 

  оқу əдістемелік басқарма ұсынған оқулықтардың толық жинағы; 

  оқулықтар, монографиялар, мақалалар, Интернеттен алынған материалдар; 

  ақпараттық цифрлық база (құқықтық, экономикалық жəне т.б.); 

  анықтамалар, энциклопедиялар, сөздіктер; 

  газет, журнал материалдары. 

Электрондық кітапхананың əдістемелік базасына мыналар кіреді: 

  жеке оқу жоспарларын құру үшін оқытатын бағдарламалар; 

  жеке сабақ кестесін құру үшін оқу ғимараттарының уақыт қоры; 

  студенттердің жеке оқу досьесі; 

  администрациялық база.  

  Қашықтықтан  оқытудың    теледидарлық  технологиясы.  Теледидарлық  білім  беру 

инновациялық технология принциптік нобайы екі ақпараттық толқыннан тұрады: 

-  бағыт  бойынша  көп  ақпараттар  көлемін  беруші,  тура  толқын:  ақпараттық-

телекоммуникациялық орталықтық торабы-спутник-оқу орталығының ақпараттық телекоммуникация 

торабы; 

-  бағыт  бойынша  аз  ақпарат  көлемін  (есептер  мен  сұраныстар)  беруші,  кері  толқын:  оқу 

орталығының  торабы – Интернет  немесе  ақпараттық-спутниктік  канал – орталықтық  ақпараттық 

телекоммуникация торабы. 

Ақпараттық технологияларға негізделген қашықтықтан оқыту технологиясы білім беру кеңістігін 

ұлғайтуға, білім алушылар санын арттыруға, білім алушылардың ақпараттық білім беру ресурстарын 

тиімді пайдалануына, білім беру сапасының жоғарылауына жағдай жасайды. 

Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде 

оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды 

жəне  қарапайым  пошта,  телефон  арқылы  оқытушылармен  келісілген  байланыс  жасауына,  сонымен 

қатар,  күндізгі  бөлімде  де  мүмкіндігі  болатын,  оқып  үйренушінің  мақсатқа  бағытталған  жəне 

бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды. 

Қашықтан  оқыту  білім  жүйесі  жоқшылыққа,  географиялық  немесе  уақытша  оқшаулануға 

 қатысты  себептермен,  əлеуметтік  қорғаны  жоқ  жəне  дене  бітімі  жетілмеуіне  байланысты  білім 

мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ немесе өндірістік жəне жеке жұмыстары болу себебінен, ешкімнің 

оқуға мүмкіндігін шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаларға жауап береді. 

Қашықтан білім беру –жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде 

күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі жəне сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген 

түрі. Қазіргі замандағы телекоммуникациялық жəне  электронды басылымдар дəстүрлі оқыту түрінің 

барлық  құндылықтарын  сақтай  отырып,  кемшіліктерін  жеңіп  шығуға  мүмкіндік  береді.  Қашықтан 

оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие: 

-  жеке адамның үздіксіз əлеуметтену мүмкіндігі; 

-  икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі жəне қимылы бойынша); 

-  жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі; 

-  оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту; 

-  экономикалық  (оқу  алаңы,  транспорты,  техникалық  құралдардың  шығынын  қысқарту 

есебінен); 

-  жаңа технологияларды қолдану; 

-  оқып  үйренушілердің   əлеуметтік  құқығының  теңдігі  (олардың  тұратын  жерлері  мен 

денсаулық жағдайына қарамастан); 

-  барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі; 

-  материалдарды көбейту мəселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы; 

-  оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету. 

Жүйенің  кеңінен  дамуы  үздіксіз  оқыту  мен  ақпараттық  ортада  жеке  тұлғаны  əлеуметтендіру 

табысын қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді. 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ



211 

Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары: 

1.  Оқытудың  адамгершілік  қағидасы.  Оның  ішкі  мазмұны  оқытуға  үндейтін  жəне  əлеуметтік 

жинақталған  тəжірибені  оқып  үйренушілердің  меңгеруі  үшін  жоғары  қолайлы  шарттарды  туғызып, 

білім беру үрдісіндегі бүтіндей адамға бағытталады. 

2.  ҚО  жүйесінде  білім  беру  үрдісін  жобалау  кезінде  педагогикалық  көзқарастың 

басымдылығының  қағидасы.  Бұл  аталған  қағиданың  мəнісі,  ҚОЖ  -ін  жүзеге  асыруға  болатын 

көріністердің  дидактикалық  үлгілерін  құрайтын  теориялық  тұжырымдамаларды  талдаудан  бастау 

қажет екендігінен тұрады. 

3. Педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қағидалары. Ол 

жобалаудың əрбір қадамының тиімділігіне жəне ҚОЖ жасауға педагогикалық баға беруді талап етеді. 

Сондықтан  да,  ең  бірінші  жоспарға  техниканы  енгізуді  емес,  білім  беруге  қызмет  ететін  жəне  оқу 

курстарының сəйкес мазмұнды толықтыруларын қою қажет. 

4. Білім беру мазмұнын таңдау қағидалары. ҚО жүйесінің білім мазмұны ҚР –ның Мемлекеттік 

 білім беру стандартымен сəйкес келуі тиіс. 

5.  Қашықтықтан  оқыту  жүйесінде  таралатын  ақпараттардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 

қағидалары.  Ұйымдастырушылық  жəне  техникалық  тəсілдердің  қажеттілігі  жағдайында  керекті 

мəліметтерді  қауіпсіз  жəне  құпиялы  сақтауды,  қолдану  мен  беруді  қарастыру,  оның  қауіпсіздігін 

сақтау, беру мен қолдану кезінде қамтамасыз ету қажет. 

6. Білім беру деңгейінің бастапқы қағидасы. Қашықтықтан оқыту жүйесінде тиімді оқыту білім, 

білік,  дағдыларының  нақты  жиынтығын  талап  етеді.  Мысалы,  оқуға,  кандидаттың  нəтижелі  оқуы 

үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен жəне т.б.жұмыс 

жасай алатын нақты дағдыларына ие болуы тиіс. 

7.  Оқыту  технологиясының  сəйкестендіру  қағидалары.  Оқыту  технологиясы  Қашықтан  оқыту 

үлгілерімен сəйкес болуы қажет. 

8. Оқытудың ұтымды қағидалары. Қашықтықтан оқыту жүйесі жобасы қажетті əлеуметтік жəне 

экономикалық тиімділік шарты бойынша, егер Бұл білім алушының оқып жүрген оқу орнында сəйкес 

қызмет көрсетулер болмаған жағдайда, қажетті бағыттағы өзінің білім беру бағдарламасын түзетуге 

немесе толықтыруға ықпал ететін ақпараттық жүйелерді жəне қашықтан оқыту үшін берілген білім 

базалары мен банктерін құруда жасалады. 

9.  Білім  берудің  қашықтықтан  оқыту  қолданылатын  түрлеріне  қайшы  емес  қағидалары.  Егер 

жасалған жəне енгізілген ақпараттық технологиялар жоғары білім берудің дəстүрлі жүйесінде бөтен 

емес  элемент  болып,  яғни  оған  біріктірілетін  табиғи  бейнеде  болса,  қашықтықтан  оқыту  жобасы 

қажетті əлеуметтік жəне экономикалық тиімділігін бере алады. 

10.  Білім  берудің  алдына  шығу  қағидалары.  Бұл  оқытудың  қағидасы  өткен  ұрпақтан  қалып 

жинақталған ғылыми жəне мəдени мұраларын кейінгі буындарға жеткізу ғана емес, сонымен қатар, 

қазіргі  ұрпақтың  өзгеріп  отыратын  заманға  тез  бейімделіп,  оның  сана  –сезімі  мен  дүниетанымын 

қалыптастыруға көмек жасау болады. Білім берудің сайланатын жүйесі деп аталған  шартты жүйесі 

өнеркəсіп  қызметкерлерінің  біліктілігін  жоғарлату  үшін,  қосымша(екінші)  жоғарғы  білім  алу  үшін, 

білім  берудің  қызмет  көрсетулерін  пайдаланатындарға  жеке  сауалдарын  қанағаттандыру  үшін 

бағытталады [4]. ҚО  жүйесінің  əрбір  типтерінен  оқу  үрдісін  жабдықтау  жəне  ұйымдастырудағы 

ерекшеліктері  қатарына  қарамастан,  орындалатын  функциялар  мен  ұқсас  тағайындауларының 

құрылымды компоненттерін көрсету керек. 

Қашықтан  оқыту  жүйесінің  құрылымы:  Қашықтан  оқыту  жүйесінің  құрылымына  келесі 

элементтер кіреді: 

-  Оқыту  мақсаты.  Маманның  үлгісімен  жəне  мемлекеттік  тапсырыспен  сəйкес  қалыптасатын, 

білім жəне білік жүйесін оқып үйренушілердің меңгеруі. 

-  Оқыту  мазмұны.  Əлеуметтік  сұраныстың  педагогикалық  үлгісі.  Оқыту  үрдісі,  əдістері  мен 

ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оның мазмұнымен анықталады. 

- Оқыту объектісі. Қашықтан оқыту білім беру қызметін пайдаланушылар білім алатын берілген 

түрінің объектісі болып табылады (студенттер, тыңдаушылар, оқушылар жəне т.б.). Қашықтан оқыту 

тыңдаушылары  білім  алудың  дəстүрлі  түрі  студенттерінен  өзгешелігі,  ерекше  қайсарлық,  білімге 

деген құштарлық, ұйымдастырушылық көрсетіп, өз бетімен жұмыс істей білу, компьютермен жұмыс 

істей білу жəне телекоммуникациялық байланыс құралдарымен дағдысы болу керек. 

-  Оқыту  субъектісі.  Қашықтан  оқыту  субъектісі  оқытушылар  болып  табылады.  Оқытушы - 

Қашықтан оқыту білім беру үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін басты буын. Қашықтан 

оқыту оқытушысы іс-əрекетіне тəн бірқатар ерекшелік тьютор терминін енгізу қажеттілігін туғызды. 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ



212 

Ол-кеңес беруші-оқытушы, информатика жəне телекоммуникация іргетасы негізін білетін болу керек, 

оның білімділігі алдыңғы озық сипатта болу керек. 

-  Оқыту  əдістері.  Қашықтан  оқыту  түрі:  ақпараттық – ереже  жиынтығы,  репродуктивті(дауыс 

күшейткішін  реттеу),  мəселелі  мазмұндау,  теориялық  зерттеудегі  логикалық  тəсілдер  мен  ережелер 

жиынтығы  мен  зерттейтін 5 жалпы  дидактикалық  оқыту  əдістерінен  тұрады.  Олар  оқытушы  мен 

білім алушылардың өзара іс-əрекеті педагогикалық актілерінің барлық  жиынтығын қамтиды. 

-  Оқыту  құралдары.  Қашықтан  оқыту  білім  беру  үрдісінде  оқытудың  дəстүрлісі  қалай 

қолданылса,  компьютерлік  техниканы  жəне  телекоммуникацияны,  сонымен  бірге  білім  беру 

технологиясы  облысындағы  соңғы  жетістіктерін  қолдануға  негізделген  инновациялық  оқыту 

құралдары да солай қолданылады. 

-  Ғылыми – білім  материалдық  базасы.  Оқу  бағдарламасына  сəйкес  оқу  үшін  қажетті 

материалдық  жəне  техникалық  құралдар  жиынтығы.  Олар  оқу  жəне  оқу-көмекші  бөлмелері; 

зертханалық  қондырғылар,  техникалық  оқыту  құралдары,  оқулықтар,  оқу  құралдары  жəне  басқа  да 

оқу - əдістемелік материалдардан тұрады. 

- Идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі. Қашықтан оқыту кіретін бақылаудың ерекшелігі 

абитуриенттің  кəсіптік  сапалары  мен  қабілеттерінің  даму  деңгейін  бағалау,  тиімді  құралдар  мен 

оқыту  əдістерін  таңдайтындай,  онымен  сəйкес  əлеуметтік  психологиялық  бейнесін  құру  болып 

табылады. 

Қашықтан  оқыту  үлгілері.  Педагогикалық  практикада  танымал  оқыту  түрлері  қалыптасқан. 

Олардың  ішіндегі  ең  кең  тарағандары:  дəрістер,  семинарлар,  зертханалық  жұмыстар,  бақылау 

жұмыстары, емтихандар жəне т.б. 

- Қашықтан оқыту дəрістері, дəстүрлі дəрісханалықтан айырмашылығы, оқытушымен бетпе-бет 

қатынасуды  болғызбайды.  Дегенмен,  бірнеше  артықшылық  жақтары  да  бар.  Дəрістерді  жазу  үшін 

аудио  жəне  бейне-кассеталар, CD-ROM дискілерді  жəне  т.б.  қолданады.  Жаңа  ақпараттық 

технологияларды  (гипермəтін,  мультимедиа,  ГИС-технологиясын  жəне  т.б.)  қолдану  дəрістерді 

көрнекі жəне мазмұнды түрде береді. Мұндай дəрістерді кез келген уақытта, кез келген қашықтықта 

оқуға болады. 

-  Қашықтан  оқыту  семинарлары  оқу  сабақтарының  белсенді  түрі  болып  табылады.  Қашықтан 

оқыту  семинарлары  бейнеконференциялардың  көмегімен  жүргізіледі.  Олар  пікірталасқа  оның 

дамуының кез келген жерінде кіруіне мүмкіндік береді жəне бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып, 

бірнеше қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының 

белсенділік  дəрежесі  бойынша  бағалай  алады.  Студенттердің  арасында  өзара  іс-əрекет  ету  саны 

артады, ал оқытушы тең құқылы əріптес ретінде көрінеді. 

-  Қашықтан  оқыту  кеңестері  пəнді  өз  бетімен  оқып  үйренуде  білім  алушыларға  жетекшілік 

жұмысын  жасау  жəне  оларға  көмек  көрсету  түрлерінің  бірі  болып  табылады.  Телефон  жəне 

электронды пошта, сонымен бірге телеконференциялар қолданылады. 

-  Қашықтан  оқыту  зертханалық  жұмыстар  материалды  тəжірибелік  меңгерілуі  үшін  беріледі. 

Дəстүрлі  білім  беру  жүйесінде  зертханалық  жұмыстар  мынаны  талап  етеді:  арнаулы  жабдықтарды, 

макеттер,  имитаторлар(бірдемені  мүмкіндігінше  дəл  қайталайтын  аспап),  тренажерлар,  химиялық 

реактивтер  жəне  т.б.  Қашықтан  оқыту  жүйесінің  келешекте  мультимедиялық  технологиялар, 

жетілдірілген  технологиялар,  имитациялық  үлгілеулер  жəне  т.б.  қолдану  есебінен  зертханалық 

практикумдарды  жүргізу  міндеттерін  қысқартуға  маңызды  мүмкіндігі  болады.  Білім  алушыларға 

қарапайым  жағдайда  көрсетуге  өте  күрделі  немесе  мүлде  мүмкін  емес  құбылыстарды  виртуаллды 

шындық көрсететін мүмкіндігі бар. 

- Қашықтан оқыту бақылау – бұл білім алушының оқу материалын теориялық жəне практикалық 

меңгеруі  нəтижелерін  тексеру.  Қашықтан  оқыту  өзін  дəлелдете  білді  жəне  тестік  бақылаудың 

лайықтылығын құптайды. Тест ережесі, пəн бойынша кеңейтілген сұрақтар тізімін қамтиды, олардың 

əрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы ұсынылады. Студент осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы 

керек. 


Оқу  электрондық  басылымдар.  Оқу  белгілерінің  электрондық  басылымы  қағаз  басылымының 

барлық  ерекшеліктеріне  ие  бола  отырып,  елеулі  айырмашылықтары  мен  артықшылықтары  да  бар. 

Дербес  жағдайда:  компьютер  жадында  немесе  дискетада  сақтау  ықшамдылығы,  гипермəтіндік 

мүмкіндіктер, бейімділігі, таралымы, өзгертулер мен толықтыруларды жылдам енгізудің мүмкіндігі, 

электронды пошта бойынша жіберудің ыңғайлылығы. Бұл - пəн бойынша дидактикалық, əдістемелік 

жəне  ақпараттық-анықтама  материалдарын  өзіне  енгізген,  сонымен  бірге,  білімді  бақылау  жəне  өз 

бетімен  алу  үшін  оны  комплексті  қолдануға  əсері  болатын  бағдарламамен  қамтамасыз  етілген 

автоматтандырылған оқыту жүйесі. 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ


213 

Компьютерлік  оқыту  жүйесі:  Компьютерлік  оқыту  жүйесі-ҚО  білім  беру  үрдісінде  кең  түрде 

қолданылатын оқу белгілерінің бағдарламалық құралдары жəне мынандай жағдайлар туғызады [5]: 

- оқыту үрдісін саралау жəне даралау; 

- білім алушы қателерінің  диагностикасымен жəне кері байланысын тексеру; 

- өзін-өзі бақылау жəне оқу-танымдық іс-əрекетіне өзіндік түзетулерді қамтамасыз ету; 

- компьютердегі көп еңбек сіңіруді керек қылатын есептеулер есебінен оқыту; 

- көзбен шолу оқу ақпаратына демонстрация жасау; 

- құбылыстар мен процестерді үлгілеу жəне боямалау; 

-  эксперимент  пен  тəжірибелерді,  зертханалық  жұмыстарды  виртуалды  шындық  жағдайында 

жүргізу; 

- қолайлы шешімдерді қабылдауда іскерлік таныту; 

- ойын жағдайларын қолданып, оқу үрдісіне қызығушылығын арттыру; 

- танымдық мəдениетін жəне т.б. жеткізе білу. 

Аудио-бейне  оқу  материалдары  жəне  т.б.  Аудио-бейне  оқу  материалдары  магниттік 

тасымалдауыштарда  жазылады,  білім  алушыға  магнитофонның,  бейне  магнитофондар  немесе CD-

ROM  лазерлі  жинақ-дисктердің  көмегімен  берілуі  керек.  Компьютерлік  желілер-  байланыс 

каналдарымен  қосылған əр  алуан  түрлі  ақпараттар  мен  компьютерлер жиынтығын  қамтитын  оқыту 

құралдары.  Қашықтан  оқыту  кең  қолданылатын  интегралды  құрал  ғаламдық  желі  Интернет  болып 

табылады [6].  

Қорыта айтқанда қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыруға 

қажетті инновациялық құралдар қамтамасыз етілуі жағынан жоғары деңгейде болса, ұйымдастырылу 

сапасы да сəйкесінше жоғары болады: 

- білім алушылар үшін оқу-əдістемелік жəне оқу-əкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар 

білім беру Интернет-порталының; 

-телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың; 

- əртүрлі терминалдардың: мультимедиалық сыныптардың, электрондық оқу залдарының; 

- CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің (жекеменшік жəне/ немесе сатып алынған); 

- желілік оқу мультимедиа контентінің (жекеменшік жəне сатып алынған); 

-  тиісті  дайындықтан  өткен  профессорлық-оқытушылық,  оқу-көмекші  жəне  техникалық 

персоналдардың; 

- жекеменшік контентін (локальдық жəне желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;  

- желілік тестілеу кешендерінің; 

- оқытуды басқарудың желілік жүйелерінің (Learning Management Systems - LMS); 

- оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы 

қашықтықтан  білім  беру  технологиясы  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастырудың  қажетті  шарттары 

болып табылады [7]. 

Еліміздің  оқу  орындары  практикасына  енгізілген  əрі  кең  қолдау  тапқан  қашықтықтан  оқыту 

технологиясы инновациялық технологияларды даму қарқыны артқан сайын өзінің мəнін аша түспек.    

 

Əдебиеттер: 



1.  Пятибратов  А.П.Вычислительные  системы,  сети  и  телекоммуникации. – М.:  Финансы  и  статистика, 

2004.- 509с.  

2.  Назаров  С.В.  Администрирование  локальных  сетей Windows NT: Учебное  пособие. – М.:  Финансы  и 

статистика, 2001. – 336 с.: ил. 

3.  Челлис  Дж.,  Перкинс  Ч.  Стриб  М.  Основы  построения  сетей.  Учебное  руководство  для  специалистов 

MCSE. – Лори, 1997. 

4.  Филимонов А.Ю. Протоколы Интернета. – СПб.:БХВ-Петербург, 2003.-528с.:ил. 

5.  Додд А.З. Мир телекоммуникаций. Обзор технологий и отрасли. – Олимп-Бизнес, 2002 

6.  Мамаев М. Телекоммуникационные технологии. Владивосток, 1999 

7.  Столлингс В. Беспроводные линии связи и сети: Пер. с англ. – М.: Издательский дом «Вильямс», 2003. – 

640 с: ил. 

 

 



 

 

 



 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ



Каталог: bitstream -> data
data -> Сборник статей "Мир Сатпаева"/ Составители: Каменев Е. А. и др
data -> Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары
data -> Евней арыстанұлы бөкетов
data -> Анықтамалық том справочный том к собранию сочинений е. А. Букетова
data -> Е.Қ. Көбеев, Н. С. Ахметова, К. Т. Байжанова
data -> Есім хан жəне Жиембет пен Марғасқа жыраулар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
data -> Жұмыстарының жүргізу мүмкіндігінің жасалуы қаланың экономикасы, қала тұрғындарының
data -> Серия «Химия». №2(82)/2016

жүктеу 83.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет