Инновациялық бағдарлама тиім ді болуы үшін, әрине, отандық ғы



жүктеу 0.67 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6

Нұрболат АБАЙҰЛЫ

Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЕВА

дүниелерді табуға тырыстық. Жиналған 

материал сегіз сағатқа жетеді, бірақ ол 

– болашақтың ісі. Әкемнің әндерінен 

айтқан «Алтын қорда» концертім бар. 

Үлкен жиын-тойларда әндерін, тер-

мелерін айтам. «Екі Кенен болмайды, 

Алатауға ексең де» дегендей, ол кісідей 

болмасақ та, өнерін насихаттау жағында 

жүрміз. Әкеміздің «Ауылынан ғашық 

жар 

дың аттанарда», «Ерлі-зайып» өл-

ең 

деріне ән шығардым. Ол кісінің 61 

жасында көрген ұлының кенжесімін. Ба-

ла 

ларға айғайлап ұрысуды білмейтін. 

Ай тарын дастарқан үстінде өлеңмен-ақ 

ақтарып салатын. «Қарағым, мен халық 

ақынымын, халық ақыны болған соң, 

менің балаларым да халықтың ішінде 

жүруі керек. Менің атымды пайдаланып, 

өздеріңді биік ұстамаңдар» дейтін.

Бекен БАТЫРБЕКҚЫЗЫ, 

Кененнің ақындығын зерттеуші:

— Академияда аспирант боп жүр ген 

кезімде «Кенен Әзірбаевтың ақынды-

ғы» деген тақырыпта Мәлік Ғабдул-

лин жетекшілігімен диссертациялық 

ең бек  жаздым. Сол ғылыми еңбегімді 

жинақтап, кітап қып шығарсам деген 

арманым бар. Атаның 90-нан асқан 

кезінде үйіне ба рып, қолын алдым. Бәй-

Кенен, Шашубай, Нартай

Кенен, Шашубай, Нартай

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№68 (520) 21.04.2011 жыл, бейсенбі



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Ол рас. «Азия Авто» автоқұрас ты-

ру шы зауыттың президенті  Ержан 

Мандиевтің айтуынша,  2011 жылы 

Қа 

зақстанда жаңа автомобильдер 



 

60%-ға  артық сатыла бастайды. 

 

«2011 жылдың болжамын айтар 



бол  сақ, біздің бағалауымызша, 35-

38  мың жаңа көлік  сатылмақ, яғни 

60 пайызға  артық», – деді ол Алма-

ты да өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның деректеріне қарағанда,  2010 

жылы 22 мың жаңа көлік сатылған. 

Қазақ стандық  «Азия Авто» автоқұрас-

ты рушы зауыты жұмысын  2003 жы-

лы  бастаған, ол – республикада же-

ңіл көліктердің жалғыз   өндіру шісі.



Мен жеңіл көлік сатумен айналысамын. Еліміздегі көлік 

бағаларының өзгеруі, осы саладағы басқа да жаңалықтар  – үнемі 

менің назарымда. Жақында  «Қазақстанда автомобиль рыногының 

өсімі ұлғаяды»  деген пікірді естіп едім. Осы рас па? Егер ұлғайса, 

қанша пайызға  өседі екен?  

Бақтыбек ӘЛІБЕКҰЛЫ,   Алматы қаласы

Осы жылы Қазақстанда 35-38  мың жаңа көлік  сатылады

ДАТ!

Тұрсынгүл БОТАБЕКОВА, 

Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының директоры

медицина ғылымының докторы, профессор:

– Елімізде көз ауруларының саны 

жылдан-жылға артып келеді. Тіпті 

егде тартқан адамды қойып, жасөспі-

рімдеріміздің де көз жанары әлсіреу-

де. Бұған басты себеп не?

– Жастардың арасында көз ауруларының 

өсу себебі қазіргі технологияның дамуына 

тікелей байланысты. Компьютерлендірілген 

бағдарламалар, интернет, аз қимылдау се-

бептерінен жасөспірімдердің арасында ре-

фракция ауытқулары, «құрғақ көз», «қызыл 

көз» синдромдары жиі кездесетін болды. 

Сондай-ақ ішімдік пен темекі де адамның 

көз жанарының әлсіреуіне әкеліп соғуда. 

Өйткені ішімдік ішу, темекі тарту тор қабық 

пен көру нервісінің улануына әке леді. Соны-

мен қатар бұрын елімізде жас ерекшелігі 

макулярлы дегенерация (ЖМД) ауруымен 

1 пайыз адам ауырса, бүгінде ол 10-12 

пайызға шығып отыр. Бұл ауру көз жана-

рынан айырылуға әкеліп соғатынын ес-

керсек, қазірден бастап дер кезінде анық-

тауға баса назар аудару қажет. Ма кулярлы 

дегенерация ауруы көз көрудің күрделі әрі 

қайта емделмейтін бұзылыс 

тарына әсер 

ететін басты себеп болып табылады. Бұл тек 

бізде емес, дамыған елдерде де өзекті 

мәселе болып тұр. Мәсе лен, Еуропада ха-

лық тың 12 мил лионы, 70-тен асқан әрбір 

бесінші адам осы аурудан зардап шегуде. 

Ресейде жас ерекшелік макулярлы деге-

нерация ауруы бойынша 1000 адамға 

шаққанда 15 жағ дай тір келуде. Ал біздің 

институтқа 2009 жылы келген адамдардың 

5,6 пайызында ЖМД ауруы тіркелді. Бас-

тапқы кезеңдерде ау рудың дамуы ешқандай 

айқын көрініс таппай өтетіндіктен, ЖМД-ны 

дер кезінде анықтау аса маңызды. Кеш 

анықталған уа қыт та көз торында қалыптан 

тыс тамыр лардың жаңадан түзілуі байқа-

лады, ал ол ісіну, қан құйылу және көз кө-

руінің едәуір төмендеуіне әкеледі. Сон-

дықтан жүрекке аса мән беретіндей, көзге 

де баса назар аудару қажет. Кез келген адам 

жылына бір рет болса да офтальмологтің 

қабылдауында болып, дәрілерді тек дә-

рігерлік кеңестен кейін ғана қолдануы 

керек.

– Көз аурулары тұқым қуалай ма?

– Әрине. Көз ауруларының 15-25 пайы-

  зында тұқым қуалайтын бейімділік бай-

қалады. Оларға рефракция ауытқулары, 

туа біткен катаракта, глаукома, тор қабы-

ғының пигментті абиотрофиясы жатады. 

Глау кома – көз ауруының ең асқынған түрі, 

қазақы тілмен жеткізсек, жанардың мүлде 

семуі – суқараңғылық. Глаукома тұқым да 

қуалайды. Демек, ата тегінде көз науқа-

сынан зардап көргендер болса, онда олар 

міндетті түрде дәрігерге тұрақты қаралып 

отырғаны жөн. 

– Жалпы, көзі тіптен көрмейтін, 

ауруы асқынып кеткен науқасты 

емдеп жазуға бола ма? Жылына неше 

адам қабылдай аласыздар? Олардың 

нешесі ауруынан айықты?

– Біздің кеңес беру бөлімшесі арқылы 

жылына 25 000 науқас өткізіледі. Институт 

көлемінде жылына жоғарғы мамандан-

дырылған көмекті 5000 науқас алады. 

Олар  дың 50%-ы – жалғыз көзді асқынған 

ауыр патологиялы науқастар. Жылына инс-

титутта 6000-ға жуық операция жаса-

лынады. 

– Көз ауруына шалдыққандарға 

ота жасаудың өзі өте қымбат тұра ды 

екен. Шамамен 2 мың доллар дейді 

білетіндер. Мұны екінің бірінің қал-

тасы көтере бермейді. Осыны ретке 

келтіру үшін Үкімет тарапынан қан дай 

шаралар іске асырылуы керек деп 

ойлайсыз?

– Осындай баға жекеменшік клиника-

ларда кездеседі. 2010 жылдан бастап рес-

публикада Бірыңғай ұлттық денсаулық 

сақтау жүйесі енгізілген. Портал бойынша 

арнайы код алынса, Қазақстан Республика-

сының кез келген азаматына біздің инсти-

тутымызда офтальмологиялық көмек тегін 

көрсетіледі. 2010 жылдың шеңберінде 

инс 


 

титутта 5007 адам ем алған. Өткен 

жылдан бастап институтта күндізгі стацио-

нар бөлімі жұмыс істей бастады. Онда 

Алматы қаласының 1025 тұрғыны тегін ем 

алды. 


– Естуімізше, елімізде көздің 

протезін жасайтын маман біреу-ақ 

екен. Ал протезге қатысты мате риал -

дар Ресейден әкелінетін көрі неді. Неге 

осы протез жасайтын маман дарды 

көбейтуді қолға алмасқа? Мұ ны 

жолға қою үшін не істеу керек?

– Елімізде шыны көз протезін жасайтын 

суретші – шыны үрлеуші маман біреу ғана, 

қалғандары протезді пластиктен жасайды. 

Алайда пластик протездері аллергиялық 

реакция сияқты кері әсерлерін беруі мүм-

кін, ал шыны протездері ондай реакция 

бер  мейді. Сондықтан ол адам ағзасына 

жайлы болады. Өкінішке қарай, елімізде 

көзге протез жасауды үйрететін оқу орын-

дары жоқ. Протезист, оптометристерді 

дайын 


дайтын кәсіптік техникалық орта-

лығын ашу үшін біз арнайы бағдарламалар 

мен тиісті құжаттарды дайындау үстін-

деміз. 


– Таяуда сіздер Оңтүстік Қазақ стан 

облысына барып, көз аурулары бар 

науқастарға тегін емдеу шара ларын 

ұйымдастырдыңыздар. Мұндай игі 

шара жалғасын таба ма? 

– Көздерін емдеуге мүмкіндігі жоқ 

науқастарға көмек қолын созуды Оңтүстік 

Қазақстан облысынан бастадық. Өйткені 

бұл облыста 2,5 миллионға жуық адам 

тұрады. Халық саны көп болғандықтан, 

мұнда көз ауруына шалдыққан науқастар 

саны да өзге облыстарға қарағанда басым. 

Біздің мамандар диабеттік ретинопатиямен, 

тор қабаты патологиясымен және жоғары 

сатыдағы миопиямен ауыратындарға 20-

25 лазерлік ота, ал катаракта және суқараң-

ғы ауруларына 15-20 ота жасады. Онымен 

қоса, қазіргі уақытта қашықтықтан кеңес 

беру (телемедицина) жүйесі дамып келе 

жатыр. Телемедицина жабдықтары еліміз-

дің барлық облыс орталықтарында орна-

лас қан, осы жүйе бойынша мамандан ды-

рылған кеңес беру мүмкіндігіміз бар. 

Сонымен қатар мамандандырылған «Ден-

сау лық» пойызына, «Асар-Береке» қоғам-

дық қоры ның жылжымалы ауруханасына 

мүше болып қатысып, анықтау және емдік 

шара 


лар өткізу жоспарымызда бар. Ел 

Тәуел сіздігінің 20 жылдығына байланысты 

бала лар мен қарттар үйіндегі замандас-

тарымыздың көздерін тексеруді жоспарлап 

отырмыз. 

– Тиімді жұмыс атқару үшін озық 

үлгідегі медициналық қондырғы-

лардың маңыздылығы ерекше екені 

белгілі. Осы орайда инсти тутты меди-

циналық құралдармен жабдықтау 

мәселесі шешімін тапқан ба?

– Соңғы жылдары диагностикалық 

мүмкіндіктер анағұрлым кеңейді. Қазақ көз 

аурулары ғылыми-зерттеу институтында 

ультрадыбыстық биомикроскопиясы, көз-

дің алдыңғы кесіндісінде Visante оптикалық 

когерентті томографиясы, HRT ретиното мо-

графиясы, тор қабықтың оптикалық ко-

герентті томографиясы, көз түбінің флю-

оресцентті ангиографиясы жасалады. Хи-

рургиялық көмек көрсету үшін институт 

катаракта, глаукомаға қарсы операциялар, 

витреоретиналды оталар жасау үшін за-

манауи қондырғылармен, офтальмо 

ло-

гиялық лазерлермен жабдықталған. 



Заманауи аппараттармен жаб-

дықталу бар да, ал оны қолдана 

алатын мамандардың болуы – мүл-

дем бөлек әңгіме. Осы ретте кейбір 

жерде маманның жоқтығынан жаб-

дықтардың шаң басып қалып жат-

қаны жайлы айтылып жүр. Осындай 

жағдай сіздерде жоқ па?

– Мұндай жағдай біздің институтта жоқ. 

2004 жылы Көз аурулары ғылыми-зерттеу 

институтында хайуанаттар көз деріне жат-

тықтыратын шынайы хирур гиялық опера-

цияларын жасауға мүмкіндік беретін 

WETLAB операциялы-жаттықтығу орталығы 

ашылды. Демек, бұл – дәрі гер лердің тәжі-

рибе жинауы үшін таптыр майтын қондырғы. 

Өйткені дәрігерлер хайуанат тардың көзін 

емдеу арқылы үйрене алады. Мұндай 

орталық еліміз бойын ша тек біздің инс-

титутта ғана бар. Облыстардан білімін же-

тілдіруге келген дәрігерлер осы қондырғы 

арқылы опера ция жасауды үйренеді. Кейін 

өз аурухана ларында науқастардың көзіне 

ота жасай алатын болады. Сондай-ақ біздің 

хирург мамандар аймақтарға барып, нау-

қастарға операция жасап, оны арнайы ка-

мераға түсіріп, үлкен конференция зал-

дарында облыстық дәрігерлерге қалай ота 

жасау керектігін көрсетеді. Мұны медицина 

тілімен «жанды хирургия» деп атайды. 

Демек, институт мамандары «жанды хи-

рур гия» сеанстарын жүйелі түрде өткізіп 

тұрады. 2010 жылы осындай мастер-класс 

Астана, Шымкент, Ақтөбе қалаларында 

өтті.


– Институттағы жас мамандар дың 

біліктілігін арттыру үшін оларды 

шетелге оқуға жібересіздер ме? Жал-

пы, шетелдік мамандармен тәжірибе 

алмасудағы байланыс тарыңыз қа-

лай?

– Көз аурулары ҒЗИ негізінде дүние-

жүзіне танымал ғалымдардың қатысуымен 

аймақтық офтальмологтер үшін үнемі 

мастер-кластар, тренингтер, интерактивті 

мектептер, семинарлар жүргізіледі. Инс-

титут қызметкерлері шетелдерде (Ресей, 

АҚШ, Франция, Германия, Австрия) білім-

дерін жетілдіріп тұрады. 

– Институт қабырғасында соңғы 

жылдары офтальмология саласы 

бойынша қандай жаңалықтар ашыл-

ды? Яғни ғылыми-зерттеу орталығы 

ретінде емдеудің қандай өзіндік жаңа 

тәсілдерін қолданып жатыр сыздар?

– Қазақ «Құрмет белгісі» орденді көз 

аурулары ғылыми зерттеу институты қазіргі 

кездегі еліміздің офтальмологиялық қыз-

меттерінің бағыттаушысы болып табылады. 

Институтта 11 ғылым док тор ы және 27 ме-

дицина ғылымының кандидаты, 35 жоғары 

дәрежелі дәрігер жұмыс істейді. Үздіксіз 

ғылыми жұмыстардың нәтижесінде инс-

титут 170-тен астам авторлық куәліктер, екі 

еур азиялық және екі халықаралық патент-

тер алды. Әлемдегі биік технология ның ба-

рын институтта қолдана отырып, өзіміздің 

де жаңа тәсілдерімізді (нанотехно логия, 

бас тауыш және фетальді клетка лардың им-

плантациясы) енгізіп отырмыз. Институтта 

кең көлемде көптеген хирургия лық жәрдем 

жүргізіледі, оның ішінде: катарактаның 

фако эмульси фикациясы,  глаукомаға  қарсы 

операциялар, витре 

оретиналды оталар, 

лазерлік хирургия, бастауыш және фетальді 

клеткалардың имплантациясы, эксимер-

лазерлік оталар, кератопластика, көру 

мүшелерінің әртүрлі жарақаттардан кейінгі 

реконструктивті хирургиялық операциялар 

жасалады. 

– Республикамызда сіздер секілді 

жоғары мамандандырылған көмек 

көрсететін орталық екеу-ақ. Оның бірі 

Астанада болса, екіншісі – Алматыда. 

Ауылда тұратындардың көпшілігінің 

үлкен қалаға келіп ем делуге 

мүмкіндігі жоқ, оның үстіне, бұл 

жаққа жолдама алу да қиын. Мүмкін 

көз ауруымен ауыратын дар дың 

санын азайту үшін облыс орта-

лықтарынан да арнайы бөлім шелер 

ашу керек шығар?

– 2010 жылы Астана қаласында Қазақ 

көз аурулары ҒЗИ-ның филиалы ашылды. 

Бұл – Қазақстанның солтүстік аймақтарын-

дағы тұрғындарға қызмет көрсетуге үлкен 

мүмкіндік. Алдағы уақытта өзге қалаларда 

да мұндай мекемелерді құру жоспарда бар. 

Осының арқасында нашар көретін және 

зағип жандардың саны азая түседі деген 

үміттеміз. Шынында да, көз ауруына шал-

дыққандар саны тек қалада емес, ауыл-

дарда да өсіп келеді. Бұл – жеке адам ның 

ғана қайғысы емес, мемлекет үшін де үлкен 

әлеуметтік-экономикалық шығын. Өйткені 

бұл аурумен адамдар ең бір бел сеніп жұмыс 

істейтін шағында ауырады. Әрине, еліміздің 

барлық емхана 

ларында офтальмология 

кабинеттері, стационарлық бөлімшелері, 

сонымен қатар облыс орта лық  тарында көз 

аурулары ауруха 

налары бар ғой, бірақ 

сапалары жақсарса, құба-құп болар еді. 

Егер уақытында жүргізілген профи лак ти-

калық іс-шаралар және жоғар ғы дә режедегі 

емдеу жұмыстары өз дең гейінде болса, бұл 

салада үлкен жетістіктерге жеткен болар 

едік. Себебі жергілікті жердегі саланы ұйым-

дастыру, мамандандырылған техно-

логиялық көмек көрсету, мамандарды 

орна ластыру алдыңғы шептегі жұмыстың 

сапасын көтереді.



– Жалпы, еліміз бойынша офталь -

мология саласы білікті мамандарға 

зәру ме? Әсіресе жас тар арасында осы 

салаға  қызығу шылық  танытатын дары 

бар ма? 

– Офтальмологиялық білікті мамандар-

дың жетіспеушілігі өткір мәселе болып отыр. 

Қазақстанда 1000 офтальмолог жұ 

мыс 

істейді. Республикадағы 160 аудандық 



ауруханаларда стандартқа сай 800 дәрігер 

қызмет жасауы керек болса, олардың саны 

қазір 110 маманмен шектеліп отыр. Оның 

үстіне, балалар офтальмологтерінің тап шы-

лығы да өте айқын сезілуде. Елімізде 167 

балалар дәрігері болса, олардың елді 

мекендерде тек алтауы ғана қызмет етеді. 

Ал жергілікті жерлерде мамандар жетіс-

пейді дегеніміз — біздің науқастар ау-

руларын асқындырып, жанарларынан айы-

рылып, соқыр болғанда алдымызға келеді 

деген сөз. Ал жастардың арасында бұл 

салаға қызығушылық танытатындары бар-

шы лық, бірақ олардың сол қызығу шылығын 

жалақының аздығы су сепкендей басып 

отыр. Қазіргі жастар аз айлыққа жұ 

мыс 

істегісі келмейді. Соның салдарынан олар 



бизнеске т.б. түрлі салаларға кетіп жатыр. 

Сондықтан осы салаға жастардың қы-

зығушылығын арттыру үшін олардың әлеу-

меттік жағдайын көтерудің амалдарын 

қарастырғанымыз жөн. 

– Балалар офтальмологтерінің 

жетіспеушілігін қалай шешуге бо лады? 

Жылына осы салада қанша маман 

даярланады? 

– Елімізде балалар офтальмологі өте аз. 

Әлгінде айтқанымдай, еліміз бойынша 167 

балалар дәрігерінің тек алтауы ғана аймақ-

тарда жүр. Резидентурада болашақ офталь-

мологтер дайындығын және аймақ дәрігер-

лерінің біліктілігін көтеруді жыл сайын 

жүргізіп келеміз. Бірақ маман тап шылығы-

ның басты себептерінің бірі жалақының 

аздығы мен әлеуметтік жағдайдың төмен-

дігінен болып отыр. Биылғы жылдан бастап 

еліміздің аймақтарынан арнаулы резиден-

тураға берілетін орындар көбейеді, оқуын 

бітіргеннен кейін дәрігер міндетті түрде кем 

дегенде үш жыл сол аймақта жұмыс істеуі 

керек. 


– Республика мектептерінде көз 

дәрігерлері кабинетін ашу керек 

дегенге қалай қарайсыз?

Көз ауруларының асқынуына рес-

публика мектептерінде көз дәрігері каби-

неттерінің жоқтығы да себеп болып отыр. 

Бүгінде республика мектептерінің 30 пайыз-

дан астамы ғана арнайы кабинетпен 

жабдықталған. Ал қалғандарында тек мед-

пункт жұмыс жасайды. Мектепті тамам дар 

алдында әскери комиссияда жарамсыз деп 

табылатындардың басым бөлігінің көз ау-

руымен байланысты екенін ескерсек, бұл 

– шұғыл шешімді талап ететін мәселе. Бала 

жастан күтім көрмеген көз жас ұлғая келе 

тез сөне береді. Оның өзін де «ересек адам-

дар көзәйнек киюі керек» деп жылы жауып 

қоя салатынымыз тағы бар. Науқас тардың 

көбі көзінің көру қабілеті тым қатты әлсіреп 

кеткенде бір-ақ келеді. Тіпті бір көзі мүлдем 

көрмей қалғанда ғана жететіндер де бар. 

Бұл дерттің жаманы — білдірмей, бірте-бір-

те асқынады. Бүгінде «жақыннан көру» 

қалыпты жағдай секілді санаға сіңіп қалды. 

Оған халықтың көбі мән бермейді. Бірақ 

көздің көру өткірлігі кеміп, көзәйнек қалың-

дай берсе, көпке ұзатпай дәрігерге бару 

керек. Өйткені ол — глаукоманың ай қын 

белгілерінің бірі. Бастың ауруы да көз 

сырқатының бір белгісі болып табылады. 

Одан бөлек қан қысымы жоғары жандар да 

абай болғаны жөн. Қан қысымы көз қы сы-

мын тудырады. Оған мән беріп, дер кезінде 

емдемесе, түбі зағип 

тыққа соқ 

ты 


рады. 

2008 жылы Денсаулық сақтау министр лігі 

Білім және ғылым ми нистрлігімен қосылып 

№120 бұйрық шы 

ғарды. Осы бұйрық 

бойын 


ша еліміздің мектептерінде жыл 

сайын балалар мен жас өспірімдердің көз-

дерін тексеруге арналған онкүндіктер өтіп 

тұрады. 


– Мектептерде көзі нашар көретін 

балаларды тақтаға жақын отырғызу 

керек екендігі ескерілмей келеді. Осы 

тұрғыда сіздер мектеп тердегі фельд-

шер мамандарға «көзі нашар көре-

тіндерді алдыңғы қатар ға отырғызу 

керек» деп ар найы нұсқау бермей-

сіздер ме? Жалпы, мектептермен 

байланыстарыңыз қалай?

– Әрбір жергілікті балалар офтальмологі 

жыл сайын мектептерде алдын алу бақы-

лауын өткізіп тұрады. Егер мектеп оқушысын 

көзі нашар көретіндіктен ал дыңғы қатарға 

отырғызу керек болса, дәрігер анық 

та-

масында арнайы нұсқау береді. Егер бала-



ның көру мүмкіндігі 0,1-ден төмен болса, 

оқушы көзі нашар көретін балаларға 

арналған мектепте оқуға тиіс.

– Еліміздің дәрігерлері дәрмен-

сіздік танытатын кейбір ауру түрлері 

бойынша науқастарды шетелдерге 

емдеуге жібереміз. Көз ауруларына 

байланысты осындай мәселе бар ма?

– Қазіргі күнде Қазақ көз аурулары 

ғылыми-зерттеу институты қызметкер 

ле-


рінің жоғарғы дәрежесінің, заманауи қоң-

дырғылармен жабдықталуының арқа сында 

барлық көз ауруларын өз қабыр ғасында 

емдей алатын мүмкіндігі бар.



– Көз ауруына байланысты мүге-

дектікке шығуда проблемалар өте көп. 

Анаған жібереді, мынаған жібе реді, 

толып жатқан құжаттарды тол тыру 

үшін қаншама есіктің алдын сабыл-

тасың. Жалпы, көз ауруына 

байланысты мүгедектікке шығу қалай 

жолға қойылған? Оны тиімді ету үшін 

не істеу керек?

– Қазақстан Республикасында қазіргі 

уақытта 20 000-нан астам көзден мүгедек-

тер тұрады. Мүгедектіктің негізгі себептері 

рефракция ауытқулары, глау 

кома, ката-

ракта, қан тамырларының офтальмо пато-

логиясы болып табылады. Қазіргі заң 

бойынша Қазақ көз аурулары ғылыми-

зерттеу институтында науқастар тек қана көз 

жағдайы туралы анықтама ала алады, ал 

мүгедектікке шығу керектігін тек Еңбек және 

әлеуметтік қорғау министрлігіне қарайтын 

жергілікті медицина-әлеуметтік сараптау 

комиссиясы шешеді. 


жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет