Инновациялық бағдарлама тиім ді болуы үшін, әрине, отандық ғы



жүктеу 0.67 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6

Қытайдағы 10 мың қазақ 

Отанына жете алмай отыр

Басы 1-бетте

Қалай десек те, 1986 жылы 26 сәуір де 

болған Чернобыль апаты кімді болса да 

ойландыруы тиіс. Оның үстіне, осын дай ірі 

апаттың алдын алуға ерекше үлес қосқан 

еліміздегі  черно быль дық тар дың  айтқан 

уәждері де орынды се кіл ді. Сондықтан 

Чернобыль  ар да гер ле рінің  жан  айқайына 

құлақ асып, олар дың пікірлері ескерілсе 

екен дейміз. 



Серік ЖҰМАБАЕВ

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№68 (520) 21.04.2011 жыл, бейсенбі



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ӨРКЕНИЕТ


Сәнді салон – ашушаң еркек

Баяғылар «ердің қанаты» деп тұлпарды таны-

са, бүгінгінің тұлпары –автокөлік. Ол қай заманда 

да ер жігіттің ең бір керек бұйымы ғана емес, жан 

серігі екені даусыз. Негізінен, ердің мінезін кө лік 

маркісінен гөрі қандай көлік болса да, оның 

салонына қарап білуге болады екен. Мәселен, 

салон іші неғұрлым әлекей-шүлекейге толы 

болуы иесінің жүйкесінің тынышсыздығынан 

хабар береді, яғни барынша жылдамдыққа 

басатын жігіт деп түсінген жөн. Егер көлік іші 

діни ритуалдарға толы болуы иесінің кенеттен 

төнуі мүмкін апат пен өлімнен қорқып жүргенін 

білдірсе керек. Сондай-ақ көңіл ауларлық көп 

дүние уақытының көбі көлікте өтетін жандар-

да ұшырасады екен. Ал өзіне-өзі сенімді, көп 

жылдық жүргізушілік тәжірибесі бар жігіттер са-

лон ішінің жинақылығын қалайды. 

Ерлер көлік туралы айтқанда тура өзі секіл-

ді баяндаса, әйелдер жағы оған зат деп қарап, 

ат беріп қоюы да ғажап емес. Ерлер сондықтан 

да көлікте өздерін үйіндегідей сезініп, ән салып, 

көңілді отырса, әйелдер жағы рөлді қос қолмен 

ұстап, бір үрей үстінде отырғандай жүргізетінге 

ұқсайды. 

«Досына қарап, жігітті таны» дегендей, машинасының маркасы мен оның ішіне 

қарап ерді тануға болады дейді, ол қалай? Ерлер мен әйелдердің көлік жүргізуінде не 

айырмашылық бар?

Дана НҰРӘЛІ, Алматы қаласы

Көлікті қандай аяқкиіммен жүргізеді?

ОЙТҮР

ТКІ


ШАРА

Алдағы 23-26 сәуір аралы-

ғында Астана қаласындағы 

К.Байсейітова атындағы Ұлт тық 

опера және балет театрында 

Ұлттық театрлардың респуб-

ликалық фестивалі өтпек.

Ұлттық театрлар бір 

сахнада тоғыспақ

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына ар-

налған бұл шараны Қазақстан Республи-

касы Мәдениет министрлігі мен «Қазақстан 

халқының рухани даму қоры» акционерлік 

қоғамы ұйымдастырып отыр. Фестивальді 

ұйымдастыруға Қазақстан халқы Ассамб-

леясы қолдау көрсетіп отыр.

Айтулы шараға Қазақстан Ұлттар теат-

ры, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ му зы-

калық драма театры, М.Горький атын дағы 

Мемлекеттік орыс драма теат ры, Қ.Қожа-

мия ров  атындағы  Мем ле кеттік  республи-

калық ұйғыр му зы калық комедия театры, 

Мемлекеттік  рес пуб ли калық  корей  музы-

калық комедия театры, Республикалық 

неміс драма театры және Оңтүстік Қазақ-

стан облыстық өзбек драма театры қаты-

сады. Фести валь қойылымдары К.Байсейі-

това атын дағы Ұлттық опера және балет 

теат рының, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ 

музы ка лық драма театрының және М.Горь-

кий атындағы Мемлекеттік орыс дра ма 

теат рының  сахналарында  көрсе тіледі.

Жеңімпаздар «Ең үздік спектакль», «Ең 

үздік режиссерлік шешім», «Қазақ драма-

тургиясын табысты меңгергені үшін», «Ең 

үздік ұлттық авторлардың драматургиясы 

үшін», «Ең үздік әйел адам бейнесі үшін», 

«Ең үздік ер адам бейнесі үшін», «Ең үздік 

екінші пландағы әйел адам бейнесі үшін», 

«Ең үздік екінші пландағы ер адам бейнесі 

үшін», «Ең үздік дебют», «Көрермендер 

көз айымы» сияқты аталымдар бойынша 

анықталатын болады.

Аталған өнер фестивалінің мақсаты – 

еліміздің әртүрлі мәдениеті мен тілін сақтап 

қалу, мәдениетті өзара байыту, этносаралық 

төзімділікті нығайту мен Қа зақстан халқы-

ның мәдениетаралық келі сімін одан әрі 

дамыту. 

Бек МЕРГЕН

Кененнің кені таусылмас...

«Түркі әлемі» телестудиясында «Ала-

тау дың ақиығы» деген атпен жуырда тұ сауы 

кесілген 70 минуттық деректі фильм ді ре-

жиссер Доқтырхан Тұр лы бек  пен Бақыт-

жан Кененұлы бір жыл жүріп түсірді.



Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК, халықаралық 

«Түркі әлемі» телестудиясының бас 

директоры, жазушы:

— 1961 жылы Мұхтар Әуезов қайтыс 

болғанда, Кенен Әзірбаев жоқтау айт-

қан. Еш жерде көрінбеген жоқтауды 

мұрағатты қарап отырып кездейсоқ та-

уып алдым. Кенен атамыз 1920 жылы 

Қордайда рев 

комның алғашқы төр-

ағасы болған. Кеңес үкіметінің залым 

сая 

сатынан мемлекеттік қызметтен қа-

шып, ақындық жолға түскен. Партия 

қыз меткерлері, НКВД «бұл ескілікті аң-

сайды, Кеңес үкіметіне қарсы» деп Ал-

матының абақтысына жабады. Сол кезде 

қазақтың зиялы азаматтары Мұха мед-

жан Қаратаев пен Ораз Жандосов бол-

мағанда, Кенен Әзірбаев атылып кетуі 

мүмкін еді. 60-жылдары тоталитарлық 

заман ның кесірінен, идеологияның на-

шар 

лығынан «Алатаудың ақиығын» 

еш  кім іздемеген, ұмыт қалған. Сол кез-

де алтынның сынығы, тұлпардың тұяғы 

ТҰЛҒА


Сәбит Мұқанов Алматыдан арнайы із-

деп келіп, кітаптарын жариялатып, өкі-

метке қайта-қайта айтып жүріп 10 бөл-

мелі үй салдыртып беріп, мұражайын 

аш 

қызыпты. Кенекең өмірінің соңына 

дейін Сәбиттің еңбегін айтып өткен». 

Бір жылдары елді жалмаған шешек ау-

руынан әншінің қос бірдей құлыны қайтыс 

болып, ақынның «Базар-Назар» жоқтауын 

шығарғаны белгілі. Баласы «Төрткенге» 

ақын жүрегінен жыр түлеп ұшты. Ел ішін-

де «ән-жыр кені Кененнің басқа ұрпағы 

қалмапты» деп жүргендер де болған. 



Көркемжан мен Бақытжан

Екі өркеші түйенің.

Екі емшегі биенің, 

Маңдайыңнан сүйемін, – деген өлең 

жолдары әкесінің жоғын жоқтап, мұрасын 

насихаттап жүрген Бақытжандай журна-

лист перзентіне арналған. Демек, Кенен 

ақсақалдың өзі айтқандай, әнші-сазгер 

«күлшашардан» кенде емес.



Бақытжан КЕНЕНҰЛЫ, ақынның ұлы:

— Әкем Мұхтар Әуезов, Сәбит 

Мұқа 

нов, Ғабит Мүсірепов, Хамит 

Ерға 

лиев, Тайыр Жароковтармен сый-

лас бол 

ған. Олардың көзі жоқ болса 

да, ұр пақтарынан естелік алдық. Ораз 

Жан 

досовтың баласы Санжар Жандо-

сов ұлының атын Кенен атаның құрме-

тіне Кенен деп қойған. Сол Кененді 

тауып алып, сөйлеттік. Осындай тың 

1963 жылы оқуды жаңа ғана бітіріп, жолдамамен Жамбыл 

облысы, Қордай ауданына барған жас маман Мамытбек 

Қалдыбай басқа барар жері болмаған соң, Кенен ақсақалдың 

үйіне түседі. Қасиетті Кенен ата «Бауыржан Момышұлының 

інісімін» деп келген баланы жылы шыраймен қарсы алып, «қанша 

жүрсең де еркің» деп төрінен орын берген. Құдайдың құтты күні 

есті әңгіменің түймесін ағытқан кеудесі кен ата бір әңгімесінде 

әйел затын бес топқа бөліп беріпті: «Алтын әйел – күйеуімен 

қайда болса да бірге жүретін, бір елі қалмайтын, көлін қорғаған 

қызғыштай, күміс әйел – күйеуі қай жерде жүрсе де, «аман жүрсе 

болды» деп, үйінде шаруасын түгендеп, тілеулес болып отырады, 

темір әйел – «айтқанымнан қайтпан» деген, көмір әйел – үй-іші 

ыбырсып, шашылып, есік алды кір-қоқыс боп жататын, ал жез 

әйел – бүгін мынамен, ертең анамен болсам деген жезөкше әйел». 

Әншілік, сазгерлік, ақындығынан бөлек, афоризм болатындай, 

кесек ойлар қалдырған қазына қарт ұрпағының ұлықтауымен 

көрерменімен деректі фильм арқылы қайта қауышты.

Эфир тілі неге бұзылып барады?

«Сөз өнері – дерт-

пен тең» деген даналық 

сөздерді еске ұстасақ, 

«тіл мәдениеті», «сөз 

мәдениеті», «сөз сөйлеу 

өнері» деген тақырыптың 

айналасында ауқымды 

мәселелер ғалымдар 

жағынан жан-жақты 

көтеріліп келеді.

Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА ғалым 

ұстаздарының бұл іске қосқан үлесі мол 

екенін айта кетсек, артық емес.

Бірақ, өкінішке қарай, сахна мен көгіл-

дір экран тілінің айналасында зерттелуі 

тиіс, оқытылуы тиіс күрделі мәселелер өте 

көп. Сөз сөйлеу өнері тек қана тықыл даған 

әдемі сөз емес, оның ғылыми астары бар 

екеніне әсте мән бермей кеттік. Мысалы: 

экран алдында сөйлейтін көпшілік жас-

тар, әріптестер, (хабар жүргізуші, кон-

церт жүргізуші, кейбір арнайы рубрика 

ашып жүргізіп жатқан) замандастарымыз 

сөздің әдеби сөйлеу қорына мән бер-

мей, күнделікті өмірдегі диалектикаға 

толы арзан, мардымсыз сөзді көп айтып 

кетті. Ол сөздердің арасында: жанағы, 

ғой, барды ма-ей, келді ме-ей, қойшы-ей 

т.б. мардымсыз, тыңдауға дөрекі, өске-

лең жас ұрпаққа берері аз арзан сөздер 

көбейіп барады. Ірі сөздің құнын, мағы-

насын терең ұғынатын ғалым ағалар мен 

анала рды  былай қойғанда мезі қылып 

жіберді. Әсіресе көгілдір экран алдын-

дағы кейбір жас журналистермен ар-

найы білімі жоқ жас жүргізушілердің 

батыл дығына қайран қалып отырасың. 

Өйткені сөздің жазылу сауаттылығы мен 

айтылу сауаттылығының арасында жер 

мен көктей айырмашылығы бар екені-

не мүлдем көңіл бөлмей сөйлейтін бо-

лып алды. Бала кезімде экран алдында 

сөз сөйлейтін дикторлар маған толқып, 

ойла 

нып отырып сөйлейтіндей болып 



көрінетін. Ал қазіргі экранға қарасаңыз, 

ойсыз сөйлеуі, кейбір әріптерді жеп қо-

йып, үндестік заңдарын сақтамай, қалай 

болса солай сөйлеу, «ң» дыбысының ор-

нына «н» дыбысын айту: көкала (көгала), 

көкөніс (көгөніс), менін – (менің), сенін 

– (сенің) әдетке айналып барады. Айта 

берсек, қазақ тілінің ғасырлар бойы қа-

лып тасқан тіл заңдылықтарын осыншама 

бұрмалап, сөздің құнын жойып жіберу-

ге тыйым салатын уақыт жеткен секіл-

ді. Сондықтан сахнадағы актер немесе 

көгілдір экрандағы жүргізуші, яғни жалпы 

(халық) көрермен алдында сөз сөйлеу 

өнерінің міндеті мен жауапкершілігін алып 

шыққан адам, не істесе де, қандай қылық 

жасаса да, қандай мақсатпен, қандай ой-

мен, не үшін сөз сөйлеп жатқанын әсте ес-

тен шығармауы керек...

Сол себептен олар сөзді, сөз құдіретін 

өздері ғана ұғынып, бағалап қана қоймай, 

оны көрерменге, тыңдаушының зердесіне 

жеткізе білуі керек, яғни тыңдаушысын 

уатып, баурай алмаса, даусы жақсы бо-

лып, бірақ сөзі анық бай болмаса, онда 

сөз қадірін, өнер қадірін жойғаны. Сөз 

сөй леуші актер немесе көгілдір экран ал-

дындағы жүргізуші сахна алдындағы кон-

ферансье көрерменге ұсынатын өнері нің, 

шығарма кейіпкерінің экран алдын 

дағы 

немесе сахна алдындағы қозғалысы мен 



ішкі көңіл күйін байланыстыруға көп көңіл 

бөлуі қажет.

Сахна тілінің ғалымы, профессор Д.Тұ-

ранқұлқызы: «Тіл байлығы – елдің елдігінің 

айғағы, көркем және ғылыми әдебиеттің, 

мәдениеттің салт-санасы. Тіл байлығы, тіл 

тазалығы, тіл мәдениеті – ұлт қасиетінің, 

санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. 

Әр тілдің өз ырғағы бар. Қазақ тілі еш 

уа 


қытта өзімен көршілес халықтардың 

тіл дерінен кем болып, қатарынан қалып 

өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге 

жі бермегендігі мыңдаған жыл тарихында 

айқындалған. Біздің тіліміз – көркем, бай. 

Мәселе, соны дұрыс пайдалана білуде. Өз 

тіліміздің сұлулығын сезбей, өзге тілдің 

сұлулығын сезіну екіталай. Қазақ тілінің 

өзге де ұлттық тілдер сияқты екшеліп, 

қыр 


ланған, тұрақталған, жалпыға ортақ 

заң дылықтары мен ережелері бар. Ол заң-

дылықтардың бір бөлігі сөздерді дұрыс 

таңдап, орнымен жұмсауға қатысты» – 

дейді.

Әрине, біріншіден, лексикалық заңды-



лық – грамматикалық заңдылық деп те 

аталады. Яғни сөздерді бір-бірімен дұрыс 

байланыстырып, сөйлемдерді құрастыра 

білуге қатысты болып келеді.

Екіншіден, орфоэпиялық заңдылық 

– дұрыс айту, яғни дыбыстау  заңдылық-

тарын орфоэпиялық ережелер деп атай-

мыз. Бұл — ғылымдағы атаулар. Бұл заң-

дылықтардың бәрінің де тіл үшін бір-бірі-

нен айырмашылығы жоқ.

Тілдің орфоэпиялық қағидалар функ-

ция сының кеңеюі сөздерді дұрыс айту ғана 

емес, оған қосылатын қосымшаларды да, 

жалпы сөйлемдегі сөздерді де дұрыс 

құрау, табиғи әуенмен айту, тиісті дауыс 

екпі нін өз орнында қолдана білу сияқты 

күр делі мәселелерді де қамтиды. Қазақша 

тілдің айтылу орфоэпиясын, яғни ғасырлар 

бойы қалыптасқан тәртібін сақтап үйрен-

сек, сонда ғана сахнада, экран алдында 

әде би тілдің үлгісін көрерменге уа ғыз дап, 

мәдениетті тілде сөйлеп, ана тілі 

міздің 

бай лығын арттыра түсер едік. 



Қорыта келе айтарымыз, сөз желмен 

бірге ұшқан ойыншық шар емес. Ата-

бабадан жалғасып келе жатқан аманат, 

асыл мұра. Сөйлер сөзімізді, айтар ойы-

мызды көзіміздің қарашығындай сақтап, 

көрерменге, келер ұрпаққа жеткізу, сөз 

сөйлеу өнеріне, тіл мәдениетіне білімді 

де жауапты көзқараспен қарап, саналы да 

сапалы сөйлеп үйренейік, замандастар.

Н. САҒЫНАЕВ, 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық 

өнер академиясының магистранты 

бі 

шесі Әсет апамыз бар болатын. Екі 

күн қонып, сыр тартқан едім. Жантайып 

қалған кезі екен, әңгімесі дәділ. «Бақыт-

жан баламның құрдасы екенсің», – деп 

жақсы қарсы алып, батасын берді». 

1902 жылы қырғыз манабы Шәбденге 

ас беріледі. Ел-елден келген сыйлы адам-

дардың ішінде атақты Жамбылмен қатар 

18 жасар Кенен де бар еді. Әуелде жас-

қанған жас бала еті қызып алған соң, жыр 

нөсерін ағызған. Өнеріне тәнті болған 

жыр жампозы Жамбыл батасын беріп, 

Жамбылмен қатар жүлде алып қайтады. 

Кенен ата өміріндегі елеулі оқиғаның 

бірі — Ораз Жандосовпен кездесуі. 1919 

жылы Жетісу ақындарының әнші-күйші-

ле 

рінің басқосуында танысқан ақын 



Ораз ды аузынан тастамай, айтып жүретін. 

Оған арнап «Оразжан» деген үлкен поэ-

ма да жазады. Әйгілі музыка зерттеушісі 

А.За 


таевич Ораз Жандосовтың аузынан 

Кенен нен естіген Жетісудың бірнеше әнін 

нотаға түсірген. 

Композитор 90-ға келгенде республи-

ка болып дүбірлетіп той жасаған. Әнші-

ақынның торқалы тойына сол кездегі ел 

басшысы Дінмұхаммед Қонаев ағамыз 

ең жоғары награда «Ленин орденімен» 

марапаттау үшін арнайы жеделхат жібе-

реді. Кенен атамыз Димаш інісіне алғысын 

мына өлең арқылы білдірген-ді:

Көрген жоқ қорқып сенің жаудан бабаң,

Қиядағы қыранға да таңданбаған. 

Білемін арғы-бергі заманда да,

Бұл қазақ сендей ұлды армандаған.

«Нарым» деп ардақтаймын мен де сені,

Қырандар аспанда емес жерде өседі.

Түсінем, Димаш балам, сен болмасаң,

Кеудеме күн шуағы енбес еді.

Қонды ғой бақыт құсы басыма кеп,

Әзірмін ән салуға қасыңа кеп.

Мен саған 90-ымды бердім, ұлым, 

Ел үшін Жамбылдың да жасына жет!

1984 жылы Жетісудың желмаясы Ке-

нен Әзірбаевтың 100 жылдығы респуб-

лика көлемінде аталып өтіп, Нұрсұлтан 

Әбішұлы өз баяндамасында Кенен атаның 

елеулі еңбегін тілге тиек еткен бола-

тын: «Халық өмірінде Кенен Әзірбаев үн 

қоспаған, өзінің жарқын таланты мен 

шуағын төкпеген бірде-бір айтулы оқиға 

болған емес. Оның тамаша өшпес туын-

дылары бүгінде осы жауапты, құрметті істе 

сапта тұр. Ақиқаты да – сол!». Расында, 

«Көкшолақ», «Шырқа, дауысым!», «Ба-

зар-Назар», «Бозторғай», «Тік шырқау» 

сынды озық әндерді қазаққа сыйлаған 

Жетісу ән-жыр мектебінің белді өкілі Ке-

нен Әзірбаев халық жадынан өшпек 

емес. Заманында үлкен сый-құрметке 

бөленген халық еркесінің әндері жыл-

да дәстүрлі түрде өтетін «Шырқа, дауы-

сым» Кенен әндерін орындаушылардың 

байқауында кеңінен шырқалып та жүр. 

Аталған мектептің орындаушы-ұстаздары 

Ержан Қосбармақов, Ақан Әбдуәлі, Шол-

пан Даржановалар да шәкірттерін Кенен 

әндерімен сусындатудан жалыққан емес. 

Кенен атаның келелі жырлары әлі талай 

буынды тәрбиелейтініне күмәніміз жоқ. 

Сұрағыңыз өте орынды. Қазір көлік жүргізу-

шілердің жартысына жуығы қыз-келіншектер 

қауымын құрап отыр. Ер адамдарға қарағанда 

жол-көлік оқиғасына ұшырайтындар да – со-

лар. Табиғаты онсыз да байбалам салуға бейім 

әйелдер көлік жүргізгенде жол жүру ережесін 

толық сақтауы үшін аяқкиіміне де мән бер-

гені дұрыс. Қыздардың төл аяқкиімі – туфли 

(өкшесі 5 см асатын) көлік жүргізгенге жара-

майды. Себебі кез келген биік өкшелі аяқкиім 

машина педалін, тежегішін қажет кезінде басуға 

ыңғайсыздық тудырады. Бұл саптағы аяқкиімге 

тобықты жаппайтын, ашық аяқкиімдер, әсіресе 

жалпыхалықтық тілде «шлепка», «сланцы» 

ата латын іле салғыштар да жатады. Себебі газ 

бен тежегішті басар уақытыңызда сасқалақтап 

қалсаңыз, арты ашық сусылдаған аяқкиім 

аяғыңыздан сыпырылып түсіп қалуы мүмкін. 

Педальдарды басқанда сезбейтін қалың табан 

аяқкиіммен де жүргізуге болмайды. Абзалы, 

көлікке арнайы «жүргізуге арналған аяқкиім» 

салып қойғаныңыз дұрыс. МАИ қызметкерлері 

тоқтатқан жағдайда тәртіпке сай келмейтін 

аяқкиім кисеңіз, айыппұл салуға да құқылы.



Мен жақында көлік сатып алдым. Қауіпсіздік шараларын барынша сақтағым келеді. 

Әйелдер рөлге отырғанда қандай аяқкиім киюі керек?

Балғын АМАНҚЫЗЫ, Астана қаласы

ЖИЫН


Іле Алатауы мемлекеттік 

ұлттық табиғи бағының аумағы 

еліміздің ең үлкен қаласы 

Алматыны айнала қоршап тұр. 

Аумағы 199 703 гектар жерді 

алып жатыр. Оның 62 261 

гектарын аралас ағаштардан 

құралған орманды алқап 

құраған. Қалған жерлерінде биік 

тау шыңдары, сарқырай аққан 

өзендер, мұздықтар, көлдер 

және айрықша көріністерге 

толы жартастар мен кілемдей 

құлпырған сан алуан гүлдерге 

толы жазықтықтар бар. Аңның 

– 48, құстың – 198, балықтың 8 

түрі кездеседі. Осынау табиғат 

таңғажайыптары туризмді 

дамытуға өте қолайлы. 

Дегенмен ол үшін саяхатшылар 

мен демалушылар көңілінен 

шығатындай инфрақұрылым 

және қызмет түрлерін жетілдіру 

қажет. Міне, осыны ескерген 

ұлттық бақ басшылығы 

жақында барлық аймақтардағы 

әріптестерін жинап, алқалы кеңес 

өткізді.

Саяхатшылар 

қатары 

саябырсымайды

Басқосуды Іле Алатауы мемлекеттік 

ұлттық бағының бас директоры Марлен 

Сансызбайұлы ашып, өткен жылдары 

табиғат аясына шығып демалғандардың 

қатары өскенін және олардың ұсыныс-

тары болғанын жеткізді. Ұлттық бақ бас-

шысының айтуынша, 2009 жылмен 

са 

лыс 


тырғанда, 2010 жылы олардың 

аумақ 


тарында серуендегендер саны 25 

пайызға өсіп 150 мың адамға жеткен. 

Олардың 67 пайызы өз тұрғындарымыз 

болса, 33 пайызын алыс-жақын шетел-

дерден келген қонақтар құраған. Осы-

нау демалушылардың бақ аумағына 

кірген, шыққан рұқсат құны және оларға 

көрсетілген кешенді қызметтен бақ бю-

дежтіне 90 млн 492 мың қаржы түскен. 

Іле Алатауының асқақ шыңдары мен 

тамылжыған табиғатын тамашалаушылар 

қатары өсуіне орай ұлттық бақ маман-

дары демалушылар сұранысына сәйкес 

қызмет көрсету түрлерін жетілдірген. 

Атап айтқанда, жаздың күні әр сайдағы 

үлкен өзендер бойын жағалата 6-8-10 

қанатты әсем безендірілген киіз үйлер 

тіккізген. Көліктер тоқтайтын тұрақтарды 

тегістеп, асфальттаған. Қоқыстар тастай-

тын қораптар қойып, адамдар демала-

тын жерлерді тазалауды жолға қойған. 

Ең бастысы, демалушылар табиғаттың та-

маша жерлеріне жете алатындай жолдар-

ды жасапты. Ұлттық бақ мамандарының 

зерттеуінше, саяхатшылардың көбі этно-

мәдениетті тамашалап, ұлттық тағам 

түрлеріне сұраныс жасайды екен. Міне, 

ұлттық бақ басшылығы биылғы жылы 

өз мамандарына осы бағыттағы қызмет 

түрлерін көбейтуге және сапалы атқаруға 

тапсырма берді.

 Кеңеске қатысқан Алматы облыстық 

орман және аң шаруашылығы басқар-

масының бастығы Темірлан Болатұлы 

мен Алматы облыстық және қалалық эко-

логиялық департаменттің бастығы Қали-

жан Мәлібековтер өз кезектерінде ұлттық 

бақ мамандарына әрқашанда қырағы бо-

лып, демалушылардың табиғатқа залал 

тигізуіне жол бермеуді қатаң тапсырды.



Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет