«Инновационные технологии на транспорте: образование, наука, практика» (3-4 апреля 2017 г.), том 1



жүктеу 67.13 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.04.2017
өлшемі67.13 Kb.

Материалы XLI Международной научно-практической конференции КазАТК им. М. Тынышпаева на тему: 

«Инновационные технологии на транспорте: образование, наука, практика» (3-4 апреля 2017 г.), том 1 

446 

 

ӘӨЖ 272.851 



   

 

                                                      А.Т. Даулетова



1

 

 

1

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал қ., Қазақстан, 



asseldauletova94@gmail.com 

 

ҮШТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ 



ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

      Аңдатпа.  Мақалада  жоғары  мектепте  көптілді  оқытудың  маңызы  көрсетілген. 

Студенттердің  мамандығын  ағылшын  тілінде  меңгертудің  ұйымдастыру  жолдары 

қарастырылған. 



    Аннотация. В данной статье раскрывается роль иностранного языка, в частности 

английского  языка  в  подготовке  квалифицированных  кадров.  Показывается  пути  

использования  английского  языка  в  учебном  прооцессе  высшей  школы  для  подготовки 

специалистов. 



     Аbstract.  This  article  reviews  the  role  of  foreign  language,  particular  English 

language  in  preparation  of  qualified  staff.  Shows  the  ways  of  English  language  usage  during 

education process at high school for preparation of specialists. 

  Keywords:  high  educational  school,  poly  language  education,  poly  languages  groups, 

academic mobility, foreign languages classes, independent work. 



Түйінді  сөздер:  жоғары  оқу  орны,  көптілді  оқыту,  көптілді  топтар,  академиялық 

ұтқырлық, шет тіл сабағы, өзіндік жұмыс. 



      Ключевые  слова:  высшее  учебное  заведение,  полиязычное  образование, 

полиязычные  группы,  академическая  мобильность,  уроки  иностранного  языка, 

самостоятельная работа. 

 

Қазіргі  Қазақстандық  қоғам  көпэтностық,  көптілділік  және  көпмәдениеттілік 



жағдайда.  Сондықтан  осы  қоғамға  бейімделген  көптілді  меңгерген  мәдениетті  тұлға 

қалыптастыру – өзекті мәселелердің бірі. 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  көптілді  білімді  дамытуға  жіті  назар  аударып: 

«Еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен 

көптілділік»,  -  деп  атап  көрсеткені  белгілі  [1].  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

жүктеген  тапсырмаларға  сәйкес,  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  [2]  мен  «Тілдердің  үштұғырлығы»  мәдени 

бағдарламасында,  ал  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  2020  жылға  қарай  «...  барша 

қазақстандықтар қазақ, орыс тілін – 95% және 25% - ағылшын тілін меңгеруі тиіс» деген 

міндет қойылған [3].  

Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге 

бейімделгіштігін  күшейтетін  лингвистикалық  біліктілігі  жоғары  дамыған,  бәсекеге 

қабілетті  жастардың  қалыптасуына  септігін  тигізетін  тұжырымдамалық  жаңа  үлгісін 

құруды көздейді. Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс. ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін 

көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек. 

О.Б.Алтынбекова,  М.М.Копыленко,  Б.Х.Хасанов  және  тағы  басқалардың 

еңбектеріне сүйене отырып «Көптілді білім беру» ұғымына мынадай анықтама береміз  – 

бұл  мақсатты  бағытталған,  ұйымдастырылған,  нормаланған  индивидті  оқыту,  тәрбиелеу 

және  дамытуға  бағытталған  үшбірліктегі  процесс,  ол  арқылы  бірнеше  тілді  бірмезгілде 

меңгеру  негізіне  көптілді  тұлғаны  қалыптастыруды,  сөйтіп  тұлғада  тілдік  білімдерді, 

іскерліктерді,  сөйлеу  әрекетін  меңгерген,  тілдерге  және  мәдениеттерге  эмоционалдық-

құндылық қатынасты тұлға дамиды. 

Көптілді  білім  берудің  қажеттілігін  түйсіну  Еуроодақтың  тіл  саясатының  қарым-

қатынас  дағдыларын  қалыптастырып,  болашақ  кәсіби  салада  тиісті  лингвистикалық 


Материалы XLI Международной научно-практической конференции КазАТК им. М. Тынышпаева на тему: 

«Инновационные технологии на транспорте: образование, наука, практика» (3-4 апреля 2017 г.), том 1 

447 

 

біліктілікті  қамтамасыз  ету  үшін  жоғары  оқу  орындарында,  ішінара  шет  тілінде  оқуды 



қолдайтын  қағидаларынан  да  көрініс  тапты.  Еурокомиссия    Еуроодаққа  мүше  елдердің 

білім  беру  жүйелеріне  «ана  тілімен  қоса  екі  шет  тілі»  қағидасының  енгізілгенін 

жариялағаны  белгілі.  Осы  орайда  қазіргі  таңда  еліміздегі  бірқатар  жоғары  оқу 

орындарында  көп  тілде  білім  беру  мәселесі  бойынша  дөңгелек  үстелдер. 

бейнеконференциялар  өткізіліп,  нәтижесінде  көп  тілде  білім  беру  бағдарламалары 

жасақтала  бастады.  Көптілді  білім  берудің  нормативті-құқықтық  базасын  қалыптастыру 

үшін университеттерде көптілді білім беруді дамытудың тұжырымдамасы жасалып, нақты 

іс-шаралар жоспары бекітілді. Сонымен қатар көптілді білім беруді үйлестіретін орталық 

құрылып, оның ережесі дайындалды. 

Қазақстанның  Болон  үдерісіне  қосылып,  білім  беру  жүйесінде  көп  тілде  оқытуға 

бағыт  бұруы  Қазақстан  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне  төмендегідей  жаңа 

межедегі мүмкіндіктер береді: 

-оқытушылар мен мен студенттердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етуге; 

-Қазақстан  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне  шетел  университеттерінде 

кредитттерді қайта тапсыруға және керісінше

-бірлескен білім беру бағдарламаларын таратуға; 

-жоғары  білім  жөніндегі  қазақстандық  дипломдардың  еуропалық  аймақтарда 

жарамдылығын  қамтамасыз  етуге  жағдай  жасауға  және  кез-келген  елде  түлектердің 

жұмысқа орналасуына; 

-үш  деңгейлі  білім  беру  бағдарламасының  ғылыми  компоненті  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының  халықаралық  стандартқа  сай  жүргізілуіне,  ғылыми  жарияланымдарды, 

магистрлік, докторлық диссертацияларды жазуына. 

Жоғары  оқу  орындарында  білім  алатындардың  академиялық  ұтқырлығы 

тұжырымдамасында  аталып  көрсетілгендей,  бакалавр  мамандардың,  магистранттар  мен 

докторанттардың  көпшілігі  шетел  тілін  қажетті  деңгейде  меңгермеген,  бұл  мәселе  олар 

үшін  алдыңғы  қатарлы  ғылыми  негіздерге  қол  жеткізуге  кедергі  жасайды,  олардың 

халықаралық    деңгейдегі  тиімділігін  төмендетеді  [4,  2  б.].  Сол  себепті  қазіргі  таңда  шет 

тілін,  соның  ішінде  ауызекі  тілді  емес,  кәсіби  шет  тілін  меңгеру  және  оны  жоғары  оқу 

орнында меңгерту мәселесі өзекті. 

Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің  жағдайында  көп  тілді  білім  беруді 

ұйымдастыруда 

мынадай 


құжаттар 

пакеті 


басшылыққа 

алынды: 


Қазақстан 

Республикасында көп тілді білім берудің тұжырымдамасы; Батыс Қазақстан мемлекеттік 

университетінде  көп  тілді  білім  беруді  енгізудің  бағдарламасы;  университете  көп  тілді 

білім  беруді  ұйымдастырудың  ережесі;  университетте  көп  тілді  дамыту  Орталығының 

әрекеті  туралы  ережесі;  көп  тілді  білім  алудың  сапасын  тексеріп  бағалайтын  бірыңғай 

механизмін қамтитын педагогикалық мониторинг.          

М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінде  көптілді 

меңгерген маманды даярлау үшін тілдерді оқыту жүйесіне модернизация жүргізілуде. Ол 

үшін мынадай ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылуда: 

-көптілді білім беруді дамыту Орталығы құрылды; 

-көптілді  білім  беру  аясында  мультимедиялық  орталықтардың  мәлеметтер  және 

ақпараттық ресурстарының банкін кеңейту

-көптілді  топтарға  студенттерді  қабылдау  үшін  тестілеуді  ұйымдастыру  және 

өткізу; 


-көптілді топтарды құру; 

-1-2  курстарды  шет  тілін  тереңдетіп    оқытудың  және  3-4  курстарда  арнайы 

пәндерді  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілінде  оқыту  үшін  оқу  жоспарын,  оұу 

бағдарламаларын және оқулықтар мен оқу құралдарын даярлау;  

-шет тілінде сабақ бекру үшін оқытушыларды даярлау; 

-университеттің оқытушылары үшін ағылшын тілінің  курстарын ұйымдастыру; 

-көптілді білім беру сапасына педагогикалық мониторингті жүзеге асыру. 


Материалы XLI Международной научно-практической конференции КазАТК им. М. Тынышпаева на тему: 

«Инновационные технологии на транспорте: образование, наука, практика» (3-4 апреля 2017 г.), том 1 

448 

 

Шет  тілін  оқыту  практикасы,  оны  дидактикалық  құралдармен  қамтамасыз  ету 



қажеттігін  көрсетіп  отыр.  Атап  айтқанда,  оқу-әдістемелік  кешендер,  оның  құрамында 

мыналар баршылық: оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары, хрестоматиялар, үш 

тілдік  терминологиялық  сөздіктер,  басқа  да  сөздіктер,  тілдік  пәндер  бойынша  жұмыс 

дәптерлері  және  мультимедиялық  ресурстар  (тілдік  лоталықтар,  интернет  жаһандық 

торабы, спутниктік телевидение, электрондық кітапханалар).                 

Университетте  көптілділікті  енгізу  жұмыстары  2012  жылы  басталды,  яғни  оқу 

жоспарларына  өзгерістер  енгізіліп,  тиісті  материалдық-техникалық  база  жасақтала 

бастады,  шетел  тілінде  сабақ  беруге  оқытушыларды  даярлау  қолға  алынды.  Студенттер 

үшін лингвистикалық үйермелер жүргізілуде, олимпиадалар, байқаулар өткізілуде, тілдік 

кафедраларда әртүрлі шаралар өткізілуде. 

Көптілді білім беру бойынша пәндерді тіліне қарай (қазақша немесе орысша) оқыту 

50% оқытылады, 20% екінші тілде (қазақша немесе орысша) және 30% ағылшын тілінде. 

Мысалы, студент оқу жылында 14 пән оқиды екен, онда 7 оқу тілінде, 3 екінші тілде және 

4 ағылшын тілінде оқытылады. 

Мамандықты шет тілде меңгеру үшін арнайы көп тілді топтар құрылды, қазір онда 

500-ден астам студент бар. 

Көптілді  білім  беруді  ұйымдастыру  үш  кезеңнен  тұрады:  бірінші  –  студенттерді 

алдын ала таңдау, екінші – тілдік даярлық, яғни ағылшын тілін тереңдетіп оқиды, үшінші 

– негізгі кезең, яғни базалық және бейіндік пәндерді үш тілде оқиды. Оқуға жаңа түскен 

студенттерді ағылшын тілін қаншалықты меңгергендігін әртүрлі әдістермен анықтап, көп 

тілді  топтар  құрады.  Олар  бірінші  курс  бойы  тілдік  пәндерді  тереңдетіп  оқиды.  Екінші 

курстан бастап студенттер негізгі арнайы пәндерді үш тілде меңгереді. 

Көптілді білім беру үшін шет тілін жақсы меңгерген оқытушыларды даярлау қажет. 

Ол  үшін  жаңа  тақырыптық  курстар,  жаңа  оқыту  бағдарламалары  даярланып,  олар 

мақсатты бағытталаған тілдік даярлықпен толықтырылыды. 

Шет  тіл  мамандарын  мақсатты  даярлаумен  қатар,оларды  қайта  даярлауды, 

біліктілігін арттыру, өздігінен білім алуды белсендету қажеттігін практика көрсетіп отыр. 

2014-2016 жылдар арасында арнайы бөлімнің 135 оқытушысы жоғары оқу орны ішіндегі 

біліктілікті арттыру курсынан өтті, 24 оқытушы «Өрлеу» республикалық қызметкерлердің 

біліктілігін  арттыру  институтында  оқыды,  10  оқытушы  алыс  шет  елдерде  біліктілігін 

арттырды.  18  оқытушы  «Шет  тілі:  екі  шет  тілі»  бөлімінде  қысқартылған  білім  беру 

бағдарламасы бойнша оқуда. 

Жоғары  оқу  орнында  үштілді  оқытуды  жүзеге  асыруда  ауыл  мектептерінің 

оқушыларының  ағылшын  тілін  жоғары  деңгейде  меңгермегендігінен  қиындық  туатынын 

атап өткіміз келеді. Оның объективті себептері Қазақстан Республикасының білім беруді 

және  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламада 

көрсетілген [5]. 

Елдің географиялық басымдығына байланысты ауылдағы мектептердің саны 3 есе 

көп.  Шағын  жинақты  мектептер  жалпы  орта  бідім  беру  ұйымдарының  жалпы  санының 

44%-ын  құрайды.  Ондағы  49%  мектепте  лингафон  кабинеттері  жоқ.  Ағылшын  тілін 

білетін пән мұғалімдеріне қажеттілік жоғары болып қалуда. 

Үштілде білім беруді дамыту бойынша кең ауқымды іс-қимыл жүргізу үшін 2015-

2020 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Айта кету керек, 2017-2018 оқу жылында 

5-сынптан бастап үш тілде білім беруді кезең-кезеңімен енгізу басталады.                  

Көптілде  білім  беру,  білім  беруді  ұйымдастырушы-оқытушы  мен  білім  алушы-

студенттерден  жаңашылдық,  ізденімпаздық,  шығармашылықты  және  де  білім  беру 

үрдісінде  олардың  өзіндік  ынтасын  күшейтуді  талап  етеді.  Кредиттік  оқыту  жүйесінің 

Қазақстанға ендірудегі алғашқы тәжірибелер оқу үдерісінде студенттің өзіндік жұмысын 

белсендірудің  қажет  екендігін  көрсетті.  Аудиториялық  сағаттардың  қысқарып,  енді 

білімді игертуде негізгі салмақтың өзіндік жұмысқа түсуі  студенттерде өз бетімен білім 

алу,  өзін-өзі  дамыту  қабілеттерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Осыған  орай,  оқыту 


Материалы XLI Международной научно-практической конференции КазАТК им. М. Тынышпаева на тему: 

«Инновационные технологии на транспорте: образование, наука, практика» (3-4 апреля 2017 г.), том 1 

449 

 

процесіне 



жаңа 

технологиялар, 

электрондық 

оқу 


жадығаттары, 

толықтай 

компьютерлендірілген  арнайы  лингафон  аудиториялары,  ағылшын  тілінде  оқу  әдебиеті, 

бай  электрондық  кітапхана  қолданылуда.  Жинақталған  жадығаттар  университеттің 

сайтына  орналастырылған,  сабаққа  даярланғанда,  тапсырмаларды  орындағанда, 

шығармалық жұмыстар жазғанда әрбір студент оларды пайдалана алады. Оқыту процесіне 

e-learning  элементтерін  енгізу  оқытушы  электрондық  адреске  тапсырма  жіберуге, 

студенттің оны орындап, оқытушыға қайтаруға мүмкіндік пайда болды. 

Университетте  Outlook,  e-mail  жүйесін  қолдануды  енгізу  оқытушының 

электрондық адресіне орындаған тапсырмаларды салуға мүмкіндік пайда болды, оқытушы 

оларды  тексеріп,  бағаны  тек  қана  оқу  журналына  қоймай,  сонымен  бірге  «Платонус» 

журналына да қояды. Оқыту процесінде TBL әдісін қолдану ақпараттық технологияларды 

кеңінен пайдалануға  жағдай  жасап,  ағылшын  тілін қарқынды  меңгеруге  мүмкіндік  беріп 

отыр. 


Университеттің кітапханасында жүйелі түрде көптілді топтардың оқытушыларына 

ағылшын  тіліндегі  ғылыми-әдістемелік  әдебиеттермен  таныстыру,  оларға  шолу 

жұмыстары өткізіліп отырылады. 

Университеттің физика-математика және жаратылыстану-гоеграфия факультетінде 

екі  әдістемелік  кабинет  жасақталуда  және  оларға  мамандық  бойынша  және  мамандықты 

оқытудың әдістемесі бойынша ағылшын тілінде оқулықтар алынуда. 

Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігіне арналған жұмыстарды талдау, оның 

құрылымындағы  келесі  түйінді  құзыреттіліктерді  бөліп  шығаруға  мүмкіндік  берді: 

коммуникативті (тілдік, әлеуметтік мәдени, лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, 

дискурсивтік  құзыреттіліктер);  дидактикалық  (меңгерілген  білімдердің,  іскерліктердің 

және  дағдылардың  және  әрекет  тәсілдерінің  синтезі)  және  тұлғалық  (тұлғалық  өсудің 

реттеушісі, әрекеттің нәтижесін талдауға, мүмкін болатын қатерді болжауға көмектеседі, 

рефлексия). 

Көптілді  білім  беру  кезінде  студенттердің  кәсіби  құзыреттілігі  жетілдірілуі  керек. 

Жоғары  мектепте  көптеген  пәндерден  курстың  немесе  дәрістер  кешенінің  негізгі 

терминдері бойынша глоссарий дайындалады. Ал қазіргі таңда көп тілді білім беру үрдісі 

барысында  барлық  пәндерден  глоссарий  жазу  студент  үшін  міндетті  компонентке 

айналып  отыр.  Білім  алушы  студент  сабақтың  қай  формасына  (дәріс,  семинар, 

практикалық  сабақ,  СӨЖ,  СОӨЖ)  дайындалса  да,  алдын  ала  оқытушымен  берілген 

тақырып  бойынша  глоссарий  дайындауы  тиіс.  Студенттің  материалды  ұғынуына,  терең 

меңгерілуіне  пәндерде  жиі  кездесетін  терминдер  бойынша  глоссарийді  жазу,  құрастыру 

үлкен  көмегін  береді.  Егер  көптілді  білім  беру  бағдарламасы  1  курстардан  бастап 

енгізілсе,  онда  алдымен  қарапайым  терминология,  яғни  терминдердің,  қысқартулардың 

жазылуы мен оқылуы шет тіліндегі баламалары берілуі тиіс.   

Сол  сияқты  курс  жоғарылаған  сайын  глоссарийдің  жазылу  формасын,  кестесін 

жетілдіру  керек.  Себебі  2-3  курстардан  бастап  студенттерде  зерттеушілік  бағытындағы 

талабы  күшейе  түседі.  Осыған  орай,  осы  студенттерімен  дәрістің  немесе  берілетін 

материалдың  тірек  сөздері  бойынша  дайындалатын  терминологиялық  глоссарий 

мазмұнды болу керек. 

Үштілді  меңгерген  болашақ  мамандарда  кәсіби  құзыреттілік  қалыптастырылса 

2020  жылғы  дейін  еңбек  нарығының  қажеттілігін  қанағаттандыратын,  елдің 

индустриалды-инновациялық  дамуын  нығайтатын,  білім  саласындағы  күшті  әлемдік 

тәжірибелерге  сәйкес  келетін  жоғары  білім  сапасының  жоғары  деңгейде  болуына  қол 

жеткізуге мүмкіндік береді.  

                                             

ӘДЕБИЕТ 


[1]  Назарбаев  Н.Ә.  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Қазақстан  халқына 

Жолдауы. - Астана, 2007. 



Материалы XLI Международной научно-практической конференции КазАТК им. М. Тынышпаева на тему: 

«Инновационные технологии на транспорте: образование, наука, практика» (3-4 апреля 2017 г.), том 1 

450 

 

[2]  Тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2010-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 



бағдарламасы. – Астана, 2009.  

[3]  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010. 

[4]  Жоғары  оқу  орнында  білім  алатындардың  академиялық  ұтқырлығы 

тұжырымдамасы. – Астана, 2011. – 12 б. 

[5] Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің 

2016 жылғы 27 ақпандағы №123 қаулысы.           

[6] Жетписбаева Б.А. Организационно-педагогические условия совершенствования 

самостоятельной  работы  студентов  по  иностранному  языку  //  Поиск  –  Ізденіс.  –  Серия 

гуманитарных наук. – 2007. - №1 (2). – с. 244-249.  

 

 



 


жүктеу 67.13 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет