Информатика мамандығы ҥшін Алматы, 2012


Векторлық  графикамен  жҥмыс  істеуге  арналған  графикалық  редакторлар



Pdf просмотр
бет8/15
Дата22.04.2017
өлшемі6 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Векторлық  графикамен  жҥмыс  істеуге  арналған  графикалық  редакторлар
Бейнеге  қойылатын  негізгі  талап  оның  формасының  ӛте  дәл  болуы  екендігі  белгілі. 
Осындай  бейнені  дәл  салуға  мүмкіндік  беретін  векторлық  графикамен  жұмыс  істеуге 

 
64 
арналған арнайы графикалық редакторлар бар. Олар компанияның логотиптерін жасауда, 
мәтінді  кӛркемдеп  ӛңдеуде  (мысалы,  журналдағы  тақырыптар  немесе  жарнамалық  
хабарландырулар)  сонымен  қатар  сурет,  чертеж,  сызба  немесе  диаграмма  жасағанда 
қолданылады. 
Adobe  Ulustrator  -  векторлық  графикамен  жұмыс  істеуге  арналған  редактор.  Оның 
негізгі  ерекшелігі  -  полиграфикалық  басылымдарды  компьютерлік  беттеу  және  қиын 
құжаттарды  ӛңдеу  жұмыстарында  Adobe  Photoshop  және  PageMaker  программаларымен 
біріге отырып кеңінен қолданылуында. 
Бұл  үш  қосымша  бірдей  стильде  жасалған,  олардың  интерфейстері  мен  құралдары 
ұқсас болғандықтан, құрылған нысандары үшеуара экспорттау және импорттау тәсілдері 
бірдей. 
Macromedia  Freehand  -  ӛте  қолайлы  векторлық  редактор.  Программа  ӛзінің  басқару 
жүйесінің  қарапайымдылығымен  және  жоғары    дәрежедегі  тез  жұмыс  істеуімен 
ерекшелінеді.  Macromedia  Freehand  -  тың  жұмысының  негізгілері,  ол  қарапайым 
геометриялық  фигураларды  немесе  ерікті  қисық  пен    тұйық  алаңдарды  ќұру.    Мәтінді 
форматтау және кірістіру. 
Corel  Draw  -  бұл  редактордың  артықшылығы  -  дамыған  басқару  жүйесі  және  баптау 
құралдарының    жеткіліктілігі.  Осы  редактордың  құралдарын  пайдалана  отырып  кӛркем 
шығармаларға  жақын  қиын  композициялар  жасауға  мүмкіндік  береді.  Оның  жетістігі  - 
ыңғайлы интерфейспен және жоғары  сапалы бейнелерді алумен, графикалық бейнелерді 
редакциялаумен  және  құрумен  түсіндіріледі.  Corel  Draw  -  түс  тереңдігін  ауыстыру  және 
бейнелерді бір түстік модельден келесі түске аударуға мүмкіндік беретін бағдарлама. 
Corel  Painter  -  графикалық  редакторында  суретші  мамандар  жұмыс  істейді.  Painter 
бағдарламасы  цифрлық  бейнелерді  редакциялау  ғана  емес,  сонымен  қатар  кӛптеген 
кӛркемсурет  шығармаларын,  гравюралар  және  мозаикаларды  экранға  бірден  құруға 
мүмкіндік береді. Суретші бір мезгілде векторлық, растрлық элементтермен жұмыс істей 
алады. 
Corel  Photo  Paint  -  Corel  фирмасынан  шыққан    Photo  Paint  программасының  атын  
―фотосуреттер және бояу‖  деп аударуға болады. Бұл графикалық редактор фотосуреттерді 
іздеуге және ӛзіндік жеке суреттерді құруға арналєан.  Photo Paint Corel Draw  векторлық 
графикалық редакторымен тығыз байланысты. 
Сонымен  қатар  Corel  Draw    -  векторлық  графика  редакторында  анимация  жасау 
құралдары да бар, ол Corel R.A.V.E. деп аталатын анимациялық редактор. 
Бұл программа интернетке векторлық графика және анимациялық филмьдер жасауға 
арналған. Интернет графика нарығында кӛшбасшы рӛлін Macromedia Flash атқаратын, ал 
қазіргі кезде Corel Draw   жанкүйерлері ұқсас анимациялық редактор Corel R.A.V.E. - ты 
алды. Бұл бағдарламаның Macromedia Flash -тен еш кемшілігі жоқ. 
Corel  R.A.V.E.  -  анимациялық  редакторы  берілген  уақыт  аралығында  ӛздерінің 
құрылымын  ӛзгерте  алатын,  векторлық  және  растрлық  бейнелерді  құруға  мүмкіндік 
береді. Объектілер ӛздерінің түстерін, түрлерін және ӛлшемдерін ӛзгерте алады. Сонымен 
қатар  бір  объектіден  екінші  объектіге  ауысу  мүмкіндігі  де  бар.    Corel  R.A.V.E. 
анимациялық редакторы ӛз бетімен арасындағы объектілерді ӛзгертіп отырады.  
 
Бақылау сҧрақтары: 
1.Векторлық графика деп қандай графиканы айтамыз? 
2.Векторлық графиканың логикалық элементтері не? 
3.Векторлық графиканың негізгі объектісі не? 
4.Векторлық бейнелер қандай құрылыммен орналасады?  
5.Ең жоғарғы деңгейде не орналасады? 
6.Интернеттегі векторлық графиканың қандай ерекшеліктері бар? 
7.Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған қандай графикалық 
редакторларды білесіз? 

 
65 
8- ші лекция.  Ҥшӛлшемді графика  
 
1. Ҥшӛлшемді графиканың негізгі тҥсініктері.  
2. Ҥшӛлшемді графикамен жҧмыс істейтін программа қҧралдары.  
 
8.1.Ҥшӛлшемдіграфиканың негізгі тҥсініктері.  
 
Үшӛлшемді графика ғылыми есептеулер, инженерлік проект жасау, физикалық 
объектілерді компьютерлік  модельдеу жұмыстарында кезінен қолдау тапты. 
Шынайы модельді құру үшін қарапайым геометриялық фигуралар (куб, шар, конус 
және т.с.с.) және жылтыр, сплайн беттері қолданылады. Бет кӛрінісі кеңістікте 
орналасқан тіреу нүктелерінің торымен анықталады. Әрбір нүктеге оның бет бӛліктеріне 
әсер ету деңгейін кӛрсететін шама, коэффициент меншіктелінеді. Нүктелердің ӛзара 
орналасуы және коэффициенттер шамасына беттердің формасы мен жылтырлығы 
байланысты болады. 
Объектілерді қисайту, жақын орналасқан бақылау нүктелерін жылжыту арқылы 
алынады. Әрбір бақылау нүктесі қасындағы тірек нүктелерімен байланысты. Олардың бір-
бірінен арақашықтығы алыстаған сайын, ӛзара әсерлері де азаяды. Басқа бір әдісті 
деформация торы деп атайды. Объектінің жан-жағынан немесе оның бӛліктеріне үш 
ӛлшемді тор жабылады. Тордың әрбір нүктесін жылжыту тордың да, тормен қоршалған 
объектінің де түрін ӛзгертуіне алып келеді. 
 Қарапайым  фермалардан  объект  құрудыѕ  тағы  бір  әдісі  қаттыденені  модельдеу. 
Объектілер және денелер түрінде берілген, оларға ( біріктіру, азайту, біріктіру жјне т.с.с.) 
әртүрлі әдістер қолдану арқылы қажетті трансформация алынады. 
Үш  ӛлшемді  графикада  күрделі  математикалық  модельді  қолдану  физикалық 
эффектері: жарылыс, жаңбыр, қар, от, түтін, тұман және т.с.с. алуға мүмкіндік береді. 
Үш ӛлшемді графиканы іздеуге арналған программалардың ішінде ең кӛп тараған үш 
пакет  бар:  3D  Studio  Max,  Kinetix  фирмасыныѕ;  Microsoft  компаниясыныѕ  Softimage  3D, 
Alias,  Wavefront,  TDI  компанияларыныѕ  Мауа  графикалық  редакторлары.  Қазіргі  кезде 
Мауа  дербес  компьютерде  үшӛлшемді  графиканы  құру  және  іздеу  үшін  ең  жақсы  пакет 
болып отыр. 
 Қарапайым объектіні кеңістікте модельдеу үшін: 

объект (скелетін) түрін оның шынайы формасына сәйкес проекциялау және құру

сырт пішіні шынайы объектілерге ұқсас физикалық қасиеттері бойынша виртуальды 
объектілерді проекциялау және құру; 

беттің әртүрлі бӛліктеріне материалдарды меншіктеу; 

кеңістіктің  физикалық  параметрлерін  баптау  (  жарық,  атмосфера  қасиеттері,  бірге 
жұмыс істейтін объектілер қасиеттері т.с.с.) 

объектінің қозғалу бағытын анықтау; 

кадрлар тізбегін анықтау
нәтижеде 
алынатын 
анимациялық 
роликке 
эффектілер 
қолдану.                                                                                                
Кеңістікте  шынайы  объектілердіѕ  моделін  құру  үшін  қарапайым  геометриялық 
формалармен бірге бірқалыпты емес торда бикубтың рациональдыќ  В-сплайндар (NURBS) 
әдісі қолданылады. 
Объект  "скелеті"  құрылған  соң,  оның  беттерін  материалдармен  жабу  керек. 
Компьютерлік  модельдеуде  қасиеттердің  жиыны  денені  кӛзбен  кӛріп,  тану  мақсатына 
ұмтылуды  яғни  дене  беті  түсінің  жұқалығы  коэффициентін  және  материалдар 
шекарасындағы жарық сәулесінің сыну бұрышын есептеу сияқты жұмыстарды атқару. 
Дене  бетін  бояу  Гуро  (Gouraud)  немесе  Фонга  (Phong)  әдістері  арқылы  іске 
асырылады. Бірінші жағдайда тыс дененің тӛбелері үшін есептелінеді де, ќалған жерлеріне 
сызық бойымен созылып, жағылады. Екінші жағдайда объект бірден толық қамтылады.  
Дене бетінің бір нїктесінен бақылаушы жағына қарай осы нүктедегі материал мен түс 

 
66 
коэффициенттеріне 
кӛбейтілген 
компоненттердің 
жиынынан 
тұрады. 
Ондай 
компонентерге мыналар жатады: 

дене бетінің арт жағынан келген жарық, яғни сынған жарық (Refracted);  

дене бетіне бірқалыпты түсетін жарық (Diffuse); 

жарықтыѕ айнадағы шаєылысуы (Reflected);  

жарық кӛздерінің бір аумақты жарықтандыруы (блики) (Specular);  

дене бетінен шығатын ӛзіндік жарығы (Self Illumination).  
Келесі  этап объект каркасының кейбір  бӛліктеріне  ӛрнекті  қабат салу. Бұл жұмысты 
істеу  кезінде  олардың  қарапайым  формалар  шекараларына  ӛзара  јсерін  еске  алу  қажет. 
Объектіге  материалды  проекциялау  ӛте  қиын  жұмыс,    ол  ґнер  жұмыстарына  ұқсас, 
сондықтан да орындаушыдан творчестволық қабілеттілікті талап етеді. 
Объектінің  конструкциясын,  түрін  бітірген  соң,  оны  "тірілтуге",  яғни  қозғалту 
параметрлерін тағайындауға кірісеміз. Бірінші кадрде объект бастапқы қалпында шығады. 
Белгілі  бір    уақыт  ӛткен  соң  (мысалы,  жетінші  кадрде)  объектінің  басқа  қимыл  түрлері 
беріледі,  осылай  соңғы  қимыл  түріне  дейін  қайталана  береді.  Аралық  мәндерді  арнайы 
алгоритм бойынша бағдарлама есептейді. Бұл жұмыста тек қана сызықтық аппроксимация 
жүріп  болмайды,  сонымен  қатар  объектінің  тірек  нүктелерінің  тұрған  орнын  берілген 
шарттарға байланысты жайлап ӛзгерту жүреді.  
Бұл  шарттар  объектілердің  шекарасымен,  яғни  (олардың  ӛзара  қозғалу 
заңдылықтарымен),  жазықтықтағы  қозғалыс  мүмкіндіктерімен,  бұрылу  бұрыштарының 
шегімен,  жылдамдықпен  жылдам  шамалармен  анықталады.  Бұл  әдісті  қозғалыстың  кері 
түрі деп атайды. Әдіс механикалық құрылғыларды модельдеуде жақсы жұмыс істейді. Тірі 
объектілерді  кӛрсету  кезінде  скелеттік  моделдер  қолданылады.  Яғни  модельдейтін 
объектіге  сәйкес,  тірек  нүктелерінде  қозғалатын  бір  каркас  құрылады.  Нүктелер 
қозғалысы  жоғарыда  айтылған  әдіс  бойынша  есептелінеді.  Содан  соң  каркас  үстіне 
модельденген  денелерден  тұратын  жабу  жабылады,  яғни  каркастық  модель  құрылады. 
Каркастық модель жарықтандыру шарттарын қанағаттандыратын, дене беттерін ӛрнектеу 
қабатымен  кӛзге  тартымды  күйге  келеді.  Объектілерді  жылжыту  барысында  тірі 
жәндіктер қозғалысына ұқсас қимылдар алынады. 
Ең  жетілдірілген  анимация  әдісі  болып  физикалық  объектілердің  шынайы 
қозєалыстарын кӛрсете білу саналады. Мысалы, адамның бақылау нүктелеріне ӛте жарық 
болып жарқырайтын жарық кӛздерін бекітіп қояды да берілген қозғалысты видео немесе 
кинопленкаларєа түсіріп алады. Содан соң кадрлердегі нүкте координаталарын пленкадан 
компьютерге  ауыстырады  және  каркас  модельдің  сәйкес  тірек  нүктелеріне  меншіктейді.      
Нәтижеде  компьютерде  кӛрсетіп  отырєан  объектілеріміз  сәйкес  шынайы  тірі 
объектілерден еш ӛзгерісі жоқ болып шығады.  
Шынайы  бейнелерді  есептеу  процесін  рендеринг  деп  атайды.  Шынайы  уақыт 
аралығында үшӛлшемді модельдеудің ерекше бір аумағына - жеңіл машиналар, қайықтар, 
ұшақ  және  космос  құрылғыларын  жасайтын  техникалық  құралдардың  тренажерлері 
жатады.  
Бұларда объектілердің техникалық параметрлерін және қоршаған физикалық ортаның 
қасиеттерін ӛте дәл кӛрсете білу қажет. Қарапайым варианттарында, мысалы, жер бетінде 
жеңіл машинаны жүргізіп үйренуде, тренажерлар дербес компьютерде орындай алады.  
Қазіргі  кезде  оқыту  мақсатындаєы  ең  жетілдірілген  құрылғыларға  космос 
корабльдерін  және  соғыс  ұшақтарын  жүргізіп  үйрететін  құрылғылар  жатады.  Бұндай 
тренажерлерде  модельдеу  мен  объектілерді  шынайы  объектілерге  құсатып  шығару 
жұмыстарымен  RISC-процессорымен  және  жылдамдыы  жоғары  видеоадаптерлермен 
қамтамассыз етілген арнайы графикалық станциялар айналысады. Жүйені жалпы басқару 
жұмысы  мен  ӛзара  байланыста  жұмыс  істеу  қадамдарын  есептеу  ондаған  жүздеген 
процессорлардан тұратын суперкомпьютерге жүктелген. Бұндай компьютерлердің бағасы 
ӛте  қымбат,  тоғыз  разрядты  саннан  тұрады,  бірақ  оларды  сатып  алған  тиімді,  себебі 
шынайы аппараттарда оқыту он есе қымбатқа түседі.   

 
67 
8.2.Ҥшӛлшемді графикамен жҧмыс істеуге арналған бағдарламалық қҧралдар. 
Дербес  компьютерде  үшӛлшемді  графиканы  іздеуге  арналған  бағдарлама 
құралдарының  негізгі  бӛлігін  үш  пакет  алады.  Бұлар  әсіресе  Windows  NT  операциялық 
жүйесі  басқаруымен  ӛте  қуатты  машиналарда  (екі  -  немесе  тӛртпроцессорлы    Pentium 
II/III, Xeon) жетістікті жұмыс істейді.  
Kinetix  фирмасының  үшӛлшемді  графиканы  құруға  және  іздеуге  арналған  3D  Studio 
Max  бағдарламасы  басында  Windows  үшін  құрылған  болатын.  Бұл  пакет 
"жартылаймаман"  деп  саналады.  Дегенмен  оның  құралдары  тірі  емес  табиғаттың 
объектілерінің  үшӛлшемді  сапалы  бейнесін  жасауға  мүмкіндіктері  бар.  Пакеттің 
ерекшеліктеріне:  ӛте  кӛп  санды  үшӛлшемді  графиканың  аппараттық  күшейткіштерімен 
жұмыс  істей  алуы,  кӛп  жарық  эффектілері,  басқа  фирмалар  құрған  кӛп  қосымшалармен 
жұмыс  істеу  мүмкіндіктері  жатады.  Бұл  бағдарламамен  орта  деңгейдегі  дербес 
компьютерлерде жұмыс істей беруге болады.   
Microsoft  компаниясыныѕ  Softimage  3D  бағдарламасы  соңғы  кездерде  операциялық 
жүйе  Windows  NT  үшін  бапталды.  Бағдарламаны  модельдеудің  үлкен  мүмкіндіктері, 
физикалық  және  киноматографиялық  параметрлер  санының  ӛте  кӛп  болуы 
ерекшелендіріледі.  Рендеринг  үшін  сапалы  және  тез  жұмыс  істейтін  модуль  Mental  Ray 
қолданылады. Бұл бағдарлама SGI  арнайы графикалық станциялары үшін ӛте жақсы деп 
саналады,  ал  IBM  PC  үшін  ауырлау  және  аппарат  ресурстарының  қуаттылығын  талап 
етеді.  
Интерфейсі  жағынан  да,  мүмкіндіктері  жағынан  да  соңғы  жылдарда  ең  жақсы 
бағдарлама  Мауа  болып  саналады.  Ол  Alias,  Wavefront,  TDI  сияқты  белгілі 
компаниялардың  ортақ  жемісі.  Пакеттің  бірнеше  операциялық  жүйелері  їшін,  сонымен 
бірге  Windows  NT  їшін  де  бапталєан  түрлері  бар.  Мауа  құралдары  тӛтр  топқа  бӛлінеді: 
Animation  (анимация),  Modeling  (моделдеу),  Dynamic  (физикалық  моделдеу),  Rendering 
(рендеринг). Ыңғайлы, баптауға икемді интерфейс қазіргі зама талабына сәйкес жасалған. 
Қазіргі  күнде  Мауа  Үшӛлшемді  графиканы  дербес  компьютерлер  үшін  құратын  және 
іздейтін ең алдыңғы қатардағы пакет деп саналады.   
 
Бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Үшӛлшемді графиканың негізгі түсініктері. 
2.
 
Объектінің формасын ӛзгерту дегенді қалай түсінуге болады? 
3.
 
Қарапайым фигуралардан объектілер құрудың қандай тәсілдерін білесіздер? 
4.
 
Үшӛлшемді  графиканы  ӛңдейтін  программалардың  ішінен  қандай  программа  ең 
жиі таралған? 
5.
 
Шынайы  объектілерді  құру  үшін  қандай  геометриялық  қарапайым  фигуралар 
қолданылады? 
6.
 
Рендеринг дегеніміз не? 
7.Үшӛлшемді графиканы ӛңдейу үшін қолданылатын программаларды атаңыз. 
8. 3D Studio Max  пакетінің қандай ерекшеліктері бар? 
 
9-шы лекция. CorelDRAW графикалық редакторы  
 
1. Жҧмыс істеу ортасы және бағдарлама интерфейсі. 
2. Қарапайым фигураларды қҧру. 
 
9.1. Жҧмыс істеу ортасы және бағдарлама интерфейсі. 
 CorelDRAW  арқылы  қисықты,  геометриялық  фигураны  немесе  мәтін  әрпін  оңай 
құруға, және ӛте жоғарғы дәлдікпен олардың формасын ӛзгертуге, мәтінді берілген қисық 
сызық  бойымен  орналастырылуға  болады.  Әртүрлі  құралдарды  бірге  қолдану  арқылы 
CorelDRAW-да  ӛтре  кӛп  графикалық  эффектер:  мәтін  қатарын  немесе  графикалық 
объектіні  изометриялық  бейнеге  түрлендіруге,  иілдіруге,  сызықпен  қоршауға, 

 
68 
айналдыруға,  айнадағы  бейнесін  алуға,  үшӛлшемді  эффектер  алуға  т.с.с.  кӛптеген 
жұмыстарды  жасауға  болады.    Corel  Corporation  графикалық  редакторы    CorelDRAW 
атаулы Канада фирмасының ӛте үлкен мүмкіндіктеріне, дайын бейнелер кітапханасының 
үлкендігіне  байланысты  ең  белгілі,  кӛп  тараған  бағдарламалардың  бірі  болып  отыр. 
Кейбір  құралдарының  басқа  графикалық  редакторларда  жоқ  болуы  оның  ерекшелігін 
айқындай түседі.  
Бағдарламаны  іске  қосқаннан  кейін  монитор  экранында  CorelDRAW-  дың  терезесі 
ашылады.  Ашылған  терезеде    New  Graphic  (жаңа  файл)  батырмасын  басқаннан  кейін,  
CorelDRAW- дың негізгі терезесі ашылады да, жаңа файлға автоматты түрде Graphic деп 
атау беріледі. 
 CorelDRAW12 бас терезесін он негізгі элементтерге бӛлуге болады (1-ші сурет). 

 
тақырыптар қатары; 

 
мәзір қатары; 

 
құралдар панелі; 

 
қалып-күй қатары; 

 
түстердің экрандық калитрасы; 

 
құжат терезесі; 

 
жұмыс беті; 

 
сызғыштар; 

 
навигатор; 

 
айналдыру жолағы. 
 
 
1-сурет. CorelDRAW-дың бас терезесі. 
 
Экранның  жоғарғы  жағында  тақырыптар  қатарының  астында  негізгі  мәзір  қатары 
орналасқан. Мәзірде 11 командалар бар. 
Қҧжат терезесі 
Бас  терезенің  ең  үлкен  бӛлігін  жұмыс  беті  мен  құжат  терезесі  алып  жатыр.  Жұмыс 

 
69 
істейтін  объектілерді  құжат  терезесінің  кез-келген  жерінде  орналастыруға  болады,  тек 
баспаға басатын объектілерді міндетті түрде жұмыс бетінде орналастыру керек. 
Жҧмыс беті 
Жұмыс  беті  кӛлеңкелі  тіктӛртбұрыш  түрінде  орналасқан.  Оның  ӛлшемін  баспаға 
басатын  қағаз  ӛлшеміне  сәйкес  Layout  -  Page  Setup  (Макет  –  бет  макеті)  командасы 
кӛмегімен беріледі.  
Стандартты қҧралдар панелі 
Стандартты  құралдар  панелі  Windows  операциялық  жүйесінің  басқа  қолданбалы 
бағдарламаларындағы  сияқты  жұмыс  істейді.  Бұнда  кӛшіру,  ӛшіру,  жадыға  жазу  т.с.с. 
кӛптеген командалар бар.  
Графика панелі  
Графика  панелі  (Toolbox)  CorelDRAW-дың  графикалық  құралдарының  жиыны, 
бұлардың  кӛмегімен  CorelDRAW  объектілерін  құру  және  редакциялау  сияқты 
процедуралардың кӛпшілігі орындалады. 
Басқа  бағдарламаларға  ұқсас  графика  құралдары    CorelDRAW-дың  кӛптеген 
функцияларымен  жұмыс  істеуге  жол  ашады.  Графика  панелі  жұмыс  алаңының  сол 
жағында орналасқан. (2-сурет). 
 
 
                                           2-сурет. Құрал саймандар панелі. 
 
Құралдар  жұмыс  істеу  тәртібін  таңдауға  арналғандықтан,  жиі  қолданылады. 
Құралдардың кейбір батырмалары тӛменгі оң жақ бұрышында үшбұрышпен берілген. Бұл 
-  осы  батырмамен  бір  емес  бірнеше  құралдардың  байланысты  екендігін  кӛрсетеді. 
Олардың бәрін кӛру үшін, батырманы тышқан бағыттауышы арқылы бір рет шерткеннен 
кейін, тышқан батырмасын басылған қалпында ұстап тұру қажет, сол кезде экранда осы 
батырмамен  байланысты  құралдардың  бәрі  шығады.  Әрбір  құралға  сәйкес  ӛзінің 
тышқанмен таңдауға арналған формасы бар.   
Атрибуттар панелі 
Стандартты құралдар панелінен тӛмен атрибуттар панелі (Property Bar) орналасқан. 
Оларды кейде қасиеттер панелі деп те атайды. Олардың элементтерінің құрамы 
таңдалынған объекті түріне байланысты ӛзгеріп отырады. 3-ші суретте тіктӛртбұрыштар 
үшін атрибуттар панелімен танысуға болады. 
 
 
3-сурет. Тіктӛртбұрыщтар үшін атрибуттар панелі. 
 
Бұл  атрибуттар  панелінде  тіктӛртбұрыштың  тӛбелерінің,центрінің  координаталары 
және олардың тӛбелерін доғалдау мүмкіндіктері т.с.с. батырмалары бар.  
Терезенің  оң  жақ  шекарасы  бойында  түстердің  экрандық  палитрасы  (Color  Palette) 
орналасқан.  CorelDRAW  терезесінің  тӛменгі  шетінде  қалып-күй  қатары  (Status  Bar) 
орналасқан.  Бұнда  жұмыс  істеу  барысында,  ерекшеленген  объект  туралы  мағұлматтар 
және бағдарламаның жұмыс істеу тәртібі туралы кӛптеген қосымша ақпараттар бар.   
9.2. Қарапайым фигураларды қҧру 
Қарапайым  фигураларды  құру  үшін  мынадай  құралдар:  қолмен  сызу,  суперсызық, 
интерактивтік  біріктіру,  Безье  қисығы,  ӛлшемдер,  тіктӛртбұрыш,эллипс,  кӛпбұрыш, 
миллиметрлік  тӛртбұрыш,  қарапайым  формалар,  бағыттауыштар  формалары,  блок-схема 
формалары, жұлдызша формалары, объектіге фигуралық формамен нұсқау формалары (5-
сурет) қолданылады.  

 
70 
  
 
Тіктӛртбұрыш  сызу  құралы  тіктӛртбұрыштар  құруға  мүмкіндік  береді  (6-сурет). 
Құралды  таңдағаннан  кейін,  тышқан  кӛрсеткішінің  түрі  тіктӛртбұрышты  қиылысқан  екі 
сызық  болып  ӛзгереді,  экранда  құратын  объекті  диагоналы  бойынша  тарту  керек. 
Тіктӛртбұрышты құрып болған соң, атрибуттар панелінде оның центрінің координаттары 
мен  ӛлшемі  шығады.  Атрибуттар  панелі  кӛмегімен  ерекшеленіп  тұрған  тіктӛртбұрыш 
қасиеттерін ӛзгертуге болады.  
      Объектілермен  жұмыс  істегенде,  оларды  алдын  ала  таңдау  (выбор)  құралымен 
ерекшелеп  алу  қажет.Таңдау  құралын  объектіге  апарып  тышқан  кӛрсеткішін  шерткенде, 
объект  ерекшелену  торымен  қоршалады.  (қара  бояумен  боялған  кішкентай  квадраттар). 
Эллипс  құралы  да  жоғарыда  айтылғандай  эллипс  сызады.  CorelDRAW-да  дұрыс 
фигураларды  (шеңбер,  квадрат)  сызу  үшін  Ctrl  пернесін  басып  тұру  керек.  Атрибуттар 
панелін пайдаланып, доға, сектор сызуға (4-сурет) болады.  
 
 
 
                             4-сурет.  Тіктӛртбұрыштар мен эллипстер. 
 
Кӛпбұрыш  құралы.  Кӛпбұрыштар  мен  жұлдызшалар  сызу  үшін  қолданылады. 
Құралды  таңдаған  соң  атрибуттар  панелінде  кӛпбұрыш  тӛбелерінің  санын  енгізуге, 
сонымен  қатар  тӛбелерінің  үшкірлігін  енгізуге  болады.  Спираль  және  тор  құратын 
құралдар да дәл осылар сияқты жұмыс істейді. (5-сурет)  
Свободная 
рука  

 
71 
 
5-ші сурет. Кӛпбұрыш, миллиметрлік тӛртбұрыш, спираль құралдарының жұмысы. 
 
 
Бақылау сҧрақтары: 
1. CorelDRAW графикалық редакторын, кеңейтілуі Ctrl файлын таңдау арқылы іске 
қосуға боладыма?. 
2. Жаңа суретте CorelDRAW-дың ӛзі қандай атау береді? 
3. Мәзір қатары не үшін қолданылады? 
4. Графика панелі не үшін қолданылады? 
5. Қарапайым геометриялық объектілерге қандай фигураларды жатқызуға болады? 
6. Сызық сызу үшін қандай құрал қолданылады? 
7. Графика кӛлемінің тӛменгі оң жақ бұрышындағы үшбұрыш нені білдіреді? 
8. Егер экранда графика кӛлемі жоқ болса, оны қалай шақыруға болады? 
 
 
10-шы лекция. Сызықтар 
 
1.
 
Қисық моделі. 
2.
 
Сызықтар және қолмен сызу мен Безье қҧралдары.  
3.
 
Сызықтар және Суперлиния қҧралы. 
Каталог: computer-science
computer-science -> Алматы экономика және статистика академиясы
computer-science -> Алматы экономика және статистика академиясы
computer-science -> Алматы экономика және статистика академиясы
computer-science -> Алматы экономика және статистика академиясы
computer-science -> Алматы экономика және статистика академиясы академияның оқу-әдістемелік кеңесінің
computer-science -> Ақпараттық жүйелер мамандығы үшін Алматы, 2014 ж. 2 Ббк 32. 018. 2
computer-science -> Алматы экономика және статистика академиясы академияның оқу-әдістемелік кеңесінің
computer-science -> Алматы экономика және статистика академиясы академияның оқу-әдістемелік
computer-science -> Алматы экономика жәНЕ


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет