Информатика кафедрасы



жүктеу 0.5 Mb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата22.04.2017
өлшемі0.5 Mb.
1   2   3   4   5

 

Ұсынылатын əдебиеттер: 

1. 


Безруков Н.Н. Компьютерная вирусология / Справочное руководство/.- К.: УРЕ, 1991. 

2. 


Романец Ю.В., Тимофеев П.А., Шаньгин В.Ф. Защита информации в компьютерных 

системах и сетях. Под ред. В.Ф. Шаньгина. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Радио и связь, 

2001. - 376 с.: ил.  

3. 


Защита программного обеспечения: Пер. с англ./Д.Гроувер, Р.Сатер, Дж.Фипс и др./Под 

редакцией Д.Гроувера.-М.:Мир,1992.-286 с ил. 

4. 

Защита информации в вычислительных системах. /Сборник.- М.: Знание,1982. 



 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (тақырып 7) [1, 2, 3, 4, 7] 

1.  Компьютерлік вирус дегеніміз? 

2.  Компьютерлік вирустардың өмірлік айналымының кезеңдері. 

3.  Компьютерлік вирустардың өмір сүру ортасы бойынша таптастырылуы.  

4.  Компьютерлік вирустардың зақымдау тəсілі бойынша таптастырылуы. 

5.  Компьютерлік вирустардың деструктивті мүмкіндіктері бойынша таптастырылуы. 

6.  Компьютерлік вирустардың жұмыс алгоритмі бойынша таптастырылуы. 

7.  Жүктемелі вирустар. Функциялану алгоритмі. 

8.  Файлдық вирустар. Функциялану алгоритмі. 

9.  Макро-вирустар. Функциялану алгоритмі. 

10. Резиденттік вирустар. Функциялану алгоритмі. 



 

8-тақырып.  Компьютерлік желілердегі ақпараттың қауіпсіздік мəселелері. Компьютерлік 

желілерде ақпартты қорғаудың ұйымдастырушылық тəсілдері. (2 сағат) 

Дəрістің жоспары: 

1.  Желілік қауіпсіздік. Шабуылды желілік компоненттер.  

2.  Серверлер. 

3.  Жұмыс станциялары. 

4.  Ақпартты тарату ортасы. 

5.  Желілердің коммутация түйіндері. 

 

Желілік қауіпсіздік. Шабуылды желілік компоненттер. 

Серверлер 

Серверлер  ақпаратты  сақтау  үшін  немесе  қызметтердің  белгілі  бір  түрін  ұсыну  үшін  арналған. 

Осыған  байланысты,  серверлерге  қарсы  шабуылдардың  негізгі  түрлеріне  «сервисте  қабыл  алмау» 

жəне құпия ақпаратты ашу əрекеттері жатады.   

Жұмыс станциялары 

Қаскүнемнің жұмыс станцияларына қатысты  негізгі мақсатына олардың қатты дискілерінде локальді 

сақталған  ақпаратты  алу,  немесе  пернетақта  буферін  көшіріп  алу  жолымен  опертордың  көмегімен 

енгізілетін парольдерді алу жатады.   

Ақпартты тарату ортасы 

Ақпаратты таратудың əр түрлі орталары (эфирлік, кабельдік) қаскүнемнен оларды естіп отыру үшін 

əр түрлі шығындарды талап етеді.  

Желілердің коммутация түйіндері 

Желілердің  коммутация  түйіндеріне  шабуылдар  əдетте екі  мақсатта  жүреді:  не  желінің  тұтастығын 

бұзу  («сервисте  қабыл  алмаушылық»),  не  трафикті  қаскүнемге  тиімді  дұрыс  емес  жолмен  қайта 

бағыттау.   


Серверлер 

Кез келген ақпараттық желілердің негізгі компоненттеріне серверлер жəне жұмыс станциялары 

жатады.  Серверлер  ақпараттық  немесе  есептеуіш  қорларын  ұсынады,  жұмыс  станцияларында 

персонал  жұмыс  істейді.  Шындығында  желідегі  кез  келген  ЭЕМ  бір  уақытта  сервер  де  ,  жұмыс 

станциясы  да  бола  алады  –  бұл  жағдайда  серверлерге  де,  жұмыс  станцияларына  да  арналған 

шабуылдар қолданылады.  

Серверлердің  негізгі  міндеттеріне  ақпартқа  рұқсатты  ұсыну  мен  сақтау  жəне  сервистердің 

кейбір  түрлері  жатады.  Сондықтан  қаскүнемдердің  барлық  мүмкін  мақсаттарын  былайша 

таптастыруға болады:  

• 

ақпаратқа рұқсатты алу,  



• 

қызметтерге рұқсат етілмеген енуді алу,  

• 

қызметтердің анықталған класын жұмыс тəртібінен шығару əрекеті,  



• 

қандай да бір аса ірі шабуылдың көмекші кезеңі ретінде ақпаратты немесе қызметтерді 

өзгерту əрекеті.  

Ал  сервистерді  істен  шығару  мəселесі  (қалыпты  функциялануды  бұзу)  қазіргі  компьютерлік 

əлемде  аса  өзекті.  Мұндай  шабуылдардың  класы  «сервисте  қабыл  алмаушылық»  (ағыл.  deny  of 

service  –  DoS  )  шабуылы  деген  атқа  ие  болды.  «Сервисте  қабыл  алмаушылық»  шабуылы  OSI  

моделінің  деңгейлерінің  бүтін  диапазонында  жүзеге  асырылуы  мүмкін:  физикалық,  каналдық, 

желілік, сеанстық.  

Ақпараттың  немесе  қызметтердің  аса  ірі  масштабты  шабуылдың  бөлігі  ретінде  өзгеруі 

серверлерді  қорғауда  өте  маңызды  мəселе  болып  табылады.  Егер  серверде  пайдаланушылардың 

парольдері немесе қаскүнемдерге оларды өзгерте отырып жүйеге (мысалы, кілттердің сертификаты) 

кіруге рұқсат ететін қандай да бір мəліметтер сақталса, онда əрине жүйеге шабуылдың өзі осындай 

сияқты  серверге  шабуылдан  басталады.  Модификацияға  аса  жиі  ұшырайтын  қызметтер  сервері 

ретінде DNS-серверін атаған жөн.  

DNS-қызметі  (ағыл.  Domain  Name  System  –  домендік  аттардың  қызметі)  Intra-  жəне  Inter-  Net 

желілерінде  “айтылатын”  жəне  жеңіл  есте  сақталатын  домендік  аттарды  (мысалы,  www.intel.com 

немесе mail.metacom.ru) олардың ІР-адрестеріне салыстыруға жауап береді.  

 

Жұмыс станциясы 



Жұмыс  станциясының  шабуылының  негізгі  мақсаты  болып,  əрине,  не  өзінде  локальді 

сақталатын,  не  өңделетін  мəліметтерді  алу  болып  табылады.    Ал  осындай  шабуылдардың  негізігі 

тəсіліне қазіргі  уақытқа дейін  «трояндық» бағдарламалар жатады. Бұл бағдарламалар өз құрылымы 

бойынша компьютерлік вирустардан ешқандай ерекшелігі жоқ, бірақ ЭЕМ-ға түскенде өздерін көзге 

түсірмеуге  тырысады.  Сонымен  бірге  олар  берілген  трояндық  бағдарламамен  жұмыс  істеу 

протоколын білетін кез келген бөтен адамға ЭЕМ-да жоюлы түрде кез келген əрекеттерді орындауға 

рұқсат  етеді.  Яғни,  берілген  бағдарламалардың  жұмыстарының  негізгі  мақсаты  болып  станцияның 

желілік қорғанысының жүйесін ішінен бұзу болып табылады.  

Трояндық  бағдарламалармен    күресу  үшін  əдетегі  антивирустік  БҚ  сияқты  тек  соларға  ғана 

бағытталған  бірнеше  ерекше  əдістер  де  қолданылады.  Бірінші  əдіске  қатысты  компьютерлік 

вирустардағыдай  антивирустік  БҚ    ел  бойынша  кең  таралған  жəне  зақымдаудың  көптеген 

жағдайлары  болған  вирустардың  үлкен  санын  табатынын  білу  қажет.  Вирус  немесе  трояндық 

бағдарлама  тек  Сіздің  ЭЕМ-ға  немесе  корпоративті  желіге  енуге  рұқсатты  алу  мақсатымен 

жазылатын жағдайларда ол 90% ықтималдықпен стандартты антивирустік БҚ-мен анықталмайды.  

Сондықтан  компьютерлік  вирустардан  сияқты  трояндық  бағдарламалардан  да  сенімді 

қорғайтын  аса  қарапайым  жол  –  бұл  əрбір  жұмыс  станциясында  жүйелік  файлдарда  жəне 

мəліметтердің  қызметтік  облыстарында  (реестрде,  дисктердің  жүктемелі  облыстарында  жəне  т.б.) 

өзгерістерді бақылау бағдарламаларын орнату – адвизор деп аталатын (ағыл. adviser – хабарлаушы).   

 

Ақпаратты тарату ортасы 


Əрине, ақпаратты тарату ортасына шабуылдың негізгі түріне оның тыңдалуы жатады. Тыңдалу 

мүмкіндіктеріне байланысты барлық байланыс сызықтар мынаған бөлінеді:  

• 

кең тарататын шектеусіз рұқсатпен 



• 

кең тарататын шектеулі рұқсатпен 

• 

«нүкте-нүкте» каналдары 



Бірінші  категорияға  ақпараттың  оқылу  мүмкіндігі  ештеңемен  басқарылмайтын  ақпаратты 

тарату схемалары жатады. Мұндай схемаларға, мысалы, инфрақызыл жəне радиотолқынды желілер 

жатады. Екінші жəне үшінші категорияларға тек қана сымды сызықтар жатады: олардан ақпараттың 

оқылуы не берілген сымға қосылған (кең тарататын категория) барлық станциялардан, не тек пакет 

жіберілу  пунктінен  берілу  пунктіне  дейін  («нүкте-нүкте»  категориясы)  жүретін  станциялар  мен 

коммутация түйіндерінен мүмкін.   

Желілердің кең тарататын категориясына коаксиальді сіңірдегі жəне қайталауыштардағы (хабах 

–  ағыл.  hub)  TokenRing  желісі,  EtherNet  желісі  жатады.    К  широковещательной  категории  сетей 

относятся сеть TokenRing, сеть EtherNet на коаксиальной жиле и на повторителях (хабах – англ. hub).   

 

Желілердің коммутация түйіндері 



Желілердің 

коммутация 

түйіндері 

қаскүнемдер 

үшін 

1) 


желілік 

трафиктің 

маршрутизациясының  аспабын  жəне  2)  желінің  жұмысқа  икемділігінің  қажетті  компонентін 

білдіреді.   

Бірінші  мақсатқа  байланысты  маршрутизация  кестесіне  рұқсатты  алу  жасырын  ақпараттың 

ағын  жолын  қаскүнемді  қызықтыратын  жаққа  өзгерте  алады.  Оның  одан  арғы  əрекеттері  DNS-

сервердегі шабуылға ұқсауы мүмкін. Немесе оған тікелей  басқарумен, егер қаскүнем  қандай да бір 

жолмен  администратор  құқығына  ие  болса  (бəрінен  жиірек  администратордың  паролін  біліп  алды 

немесе үнсіз ауыстырылмаған паролін пайдаланып қалды).  

«Сервисте  қабыл  алмау»  класының  шабуылында  қаскүнем  əдетте  коммутация  түйінін  не 

хабарламаларды дұрыс емес «тұйық» жолмен таратуға, не мүлдем хабарламаны таратуды тоқтатуға 

мəжбүрлейді.   

 

Ұсынылатын əдебиеттер: 

1.  Романец  Ю.В.,  Тимофеев  П.А.,  Шаньгин  В.Ф.  Защита  информации  в  компьютерных 

системах и сетях. Под ред. В.Ф. Шаньгина. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Радио и связь, 

2001. - 376 с.: ил.  

2.  Защита  программного  обеспечения:  Пер.  с  англ./Д.Гроувер,  Р.Сатер,  Дж.Фипс  и  др./Под 

редакцией Д.Гроувера.-М.:Мир,1992.-286 с ил. 

3.  Защита информации в вычислительных системах. /Сборник.- М.: Знание,1982.  

4.  Безруков Н.Н. Компьютерная вирусология / Справочное руководство/.- К.: УРЕ, 1991. 



 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (тақырып 7, 8) [1, 2, 3, 4, 7] 

1.  Көшіріп алудан қорғау əдістерін оқып-үйрену.  

2.  Тексерушіні

 

қорғау əдістерін оқып-үйрену. 



3.  Компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау əдістерін білу.   

 

6.  ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ 

Практикалық сабақ жоспарланбаған 

 

7. ПƏНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ƏДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР 

       


Сабақтың жүргізілу тəртібі: 

Студенттердің  білімі  өзіндік  жұмыс  жəне  үй  тапсырмаларын  тексеру  арқылы  тексеріледі. 

Сабаққа міндетті түрде қатысу қажет. Қалдырылған сабақтарды толық түрде қайтадан тапсырылады. 

Егерде белгілі бір себептермен сабақ жіберілген болса, оны растайтын құжаты болған жағдайда ғана 



ол  студентке  қайта  тапсыруға  2  жұмалық  уақыт  беріледі.  Көшіріліп  алынған  немесе  қайталанатын 

жұмыстар  болса  да  пайыздық  баллдар  шегеріледі.  Себепсіз  сабақтан  қалу  курстан  шығаруға  дейін 

барады.  Студент  сабаққа  кешікпеу,  сабақ  үстінде  сөйлемеу,  газет  жəне  журнал  оқымау,  ұялы 

телефондарын айырып қоюлары қажет жəне сабаққа белсенді түрде қатысып отыруы қажет. Білімді 

тексеру бақылауы тесттік тапсырма түрінде болады. 

 

Тақырыптарды оқу  мен өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарға əдістемелік нұсқаулар:

  

•  Лектор берген конспектілерді жазып жүріңіз 



•  Кітапханадан силлабуста берілген кітаптарды алып оқыңыз. 

•  Интернеттен жаңа тың ғылыми жаңалықтарды оқып жүріңіз. 

•  Түсінбеген сұрақтарыңызды оқытушының аптаның белгілеген күні келіп сұраңыз. 

№1 зертханалық жұмыс «Компьютерлік вирустар»  (10 сағат) 

 

Жұмысты орындау тəртібі: 

1.Зертханалық жұмысқа арналған əдістемелік нұсқауларды оқып-үйрену.  

2.  Дербес тапсырманы нұсқаға сай орындау: 

 

№ 



Тапсырма 

1.  Жадыны детектор-бағдарламалармен тестілеу.  

 «Трояндық ат» бағдарламасының функциялануы. 

2.  С дискісінің каталог астысын тестілеу: монитор бағдарламасымен. 

 «Логикалық бомба» бағдарламасының функциялануы. 

3.  D дискісінің каталог астысын тестілеу: вакцина бағдарламамен. 

 «Люк» бағдарламасының функциялануы. 

4.  А дискісін тестілеу: AVP сканер бағдарламасымен. 

Файлдық резиденттік вирустардың функциялануы. 

5.  С дискісінің каталог астысын тестілеу: AVP сканер бағдарламасымен. 

Файлдық резиденттік емес вирустардың функциялануы. 

6.  D дискісінің каталог астысын тестілеу: докторWeb бағдарламасымен. 

Буттық вирустардың функциялануы. 

7.  А дискісін тестілеу: Norton Antivirus бағдарламасымен. 

*.COM файлдарын зақымдау бойынша вирустардың əрекеті. 

8.  Жадыны вакцина бағдарламамен тестілеу. 

Вирустың денесін файлдың басына қойғанда бағдарламаның əрекеттері.  

9.  Жадыны монитор-бағдарламамен тестілеу. 

Вирустың денесін файлдың ортасына қойғанда бағдарламаның əрекеттері. 

10.  А дискісін тестілеу: AVP сканер бағдарламасымен. 

Вирустың денесін файлдың соңына қойғанда бағдарламаның əрекеттері. 

 

 



3.  Зертханалық жұмысты орындау бойынша есеп беруді электронды түрде құру.  

4.  Бақылау сұрақтарына жауап беру, жауаптарды есеп беруде орналастыру.  

5.  Зертханалық жұмысты қорғау.  

 

Бақылау сұрақтары: 

1.  Компьютерлік вирус дегеніміз не? 

2.  Компьютерлік вирустардың таптастырылуы. 

3.  Трояндық бағдарламалар мен басқа да «зиянды» бағдарламалар дегеніміз не? 

4.  Орындалатын бағдарламаларды зақымдау тəсілдері? 

5.  Пакеттік файлдарды зақымдау тəсілдері?  

6.  Жүктемелі вирустар дегеніміз не? 

7.  Полиморфтік вирустар дегеніміз не? 

8.  Стелс-вирустар деп қандай вирустарды айтады? 

9.  Сіздерге белгілі антивирустік бағдарламалардың қасиеттері мен кемшіліктері? 

 


     Ұсынылатын əдебиеттер [1], [2], [6],[7] 

 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1], [2], [7] 

1.  Компьютерлік вирустардың өмір сүру ортасы бойынша таптастырылуы. 

2.  Компьютерлік вирустардың зақымдау тəсілдері бойынша таптастырылуы. 

3.  Компьютерлік вирустардың деструктивті мүмкіндіктері бойынша таптастырылуы. 

4.  Компьютерлік вирустардың жұмыс алгоритмі бойынша таптастырылуы. 



 

№2 зертханалық жұмыс «Парольдік қорғаныс»  (8 сағат) 

Жұмысты орындау тəртібі: 

1.  Зертханалық жұмысқа арналған əдістемелік нұсқауларды оқып-үйрену. 

2.  Дербес тапсырманы нұсқаға сай орындау:  

 

Нұсқа 



Тақырыптама 

1.   


Авторлық Этикетка + пароль 

2.   


Шектеулі қолданыс 

•  жазбаның қорғанысы  

•  оқудың қорғанысы 

•  көшіріп алудан қорғау

 

3.   


Сүйемелдеудің қорғанысы: айналымдарды тіркеу. 

4.   


Машиналық тілмен қорғау + Авторлық этикетка 

5.   


Сигналды жарықтар. 

6.   


Дыбыстық сүйемелдеу. 

7.   


Енуге рұқсатты бақылауды ұйымдастыру. 

8.   


Иелері жəне БҚ қорғанысы туралы мəліметтерді басып шығару. 

9.   


Бағдарламаларды рұқсат етілмеген енуден қорғау. Парольді қорғаныс.  

10.   


Бағдарламаларды рұқсат етілмеген енуден қорғау. БҚ-ң кодындағы пароль. 

 

3.  Зертханалық жұмысты орындау бойынша есеп беруді электронды түрде құру.  



4.  Бақылау сұрақтарына жауап беру, жауаптарды есеп беруде орналастыру.  

5.  Зертханалық жұмысты қорғау. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1.  Бағдарламалық  қамтамасыз  етудің  (БҚ)  қорғаныс  жүйелерінің  таптастырылуының 

принциптері.   

2.  Орнату əдісі бойынша БҚ-ң қорғаныс жүйелерінің таптастырылуы.   

3.  Қорғаныстың  қолданылатын  механизмдері  бойынша  БҚ-ң  қорғаныс  жүйелерінің 

таптастырылуы.  

4.  Функциялану принципі бойынша БҚ-ң қорғаныс жүйелерінің таптастырылуы.  

5.  Ораушы-шифратордың тағайындалуы.  

6.  Рұқсат етілмеген көшіріп алудан қорғау жүйесі.  

7.  Рұқсат етілмеген енуден қорғау жүйесі.  

8.  БҚ-ді компьютерге байлау жүйелері.  

9.  Бағдарламаның объективті сипаттамаларын шығару.  

10.  "Туған таңбалар". 

11.  Сулы белгілер енжар қорғаудың əдісі ретінде.

 

12. Қорғаныстың психологиялық əдістері.  



 

      Ұсынылатын əдебиеттер [1], [2], [6],[7] 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2, 7] 

1. Парольдік жүйе. 

2. Парольдерді құру ережелері мен мазмұны.  

3. Ақпартты «бұзу» əдісіне түсініктеме беру.  

4. Пайдаланушылардың идентификациясы мен аутентификациясы.   


 

№3 зертханалық жұмыс «Криптография»  (12 сағат) 

Жұмысты орындау тəртібі: 

1. Зертханалық жұмысқа арналған əдістемелік нұсқауларды оқып-үйрену. 

2. Дербес тапсырманы нұсқаға сай орындау: 

 

№ 



Тапсырма 

1.  Жай апарып қоюмен шифрлеу.  

Монофоникалық апарып қоюмен шифрлеу.   

2.  Жай полиалфавиттік апарып қоюмен шифрлеу.   

Жай ауыстырып қою əдісімен шифрлеу.   

3.  Гамильтонның маршруты бойынша ауыстырып қоюмен шифрлеу.   

Гаммалау əдісімен шифрлеу.   

4.  Монофоникалық апарып қоюмен шифрлеу.  

Аналитикалық айналымдармен шифрлеу.  

5.  Полибий квадратының көмегімен шифрлеу.  

Кесте бойынша қиындатылған ауыстырып қоюмен шифрлеу.  

6.  Бьюфорд квадратының көмегімен шифрлеу. 

Гамильтонның маршруты бойынша ауыстырып қоюмен шифрлеу. 

7.  Аналитикалық айналымдармен шифрлеу . 

Вижинер кестесі бойынша шифрлеу. 

8.  Цезарьдің шифрлеуі.  

Аддитивті əдіспен шифрлеу. 

9.  Хилл жүйесі бойынша шифрлеу.  

Жай ауыстырып қою əдісімен шифрлеу. 

10.  Монофоникалық апарып қоюмен шифрлеу.  

Комбинациялық əдіспен шифрлеу. 

 

 3.  Зертханалық жұмысты орындау бойынша есеп беруді электронды түрде құру. 



4. Бақылау сұрақтарына жауап беру, жауаптарды есеп беруде орналастыру. 

5.   Зертханалық жұмысты қорғау. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1.  Симметриялық криптоалгоритмдер дегеніміз не? 

2.  Симметриялық криптоалгоритмдердің таптастырылуы. 

3.  Шифрлеу үшін қолданылатын ауыстырулардың қандай түрлерін білесіздер? 

4.  Шифрлеу үшін қолданылатын ауыстырып қоюдың қандай түрлерін білесіздер? 

5.  Ақпаратты гаммалау əдісімен шифрлеу қалай түсіндіріледі? 

6.  Криптожүйеде кілт деп нені айтады? 

7.  Бір реттік блокнот. 

8.  Жүйенің криптоберіктігі дегеніміз не? 

9.  Кілтті қолданудың ережелері.  

 

Ұсынылатын əдебиеттер [1], [2], [6],[7] 

 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1], [2], [7] 

1.  Криптография, криптология, криптоанализ ұғымдарына анықтама беру.  

2.  Шифрдің беріктігі мен тереңдігіне анықтама беру.  

3.  Ақпаратты криптографиялық жабу тəсілдерінің таптастырылуын білу.   

4.  Шифрлеуге арналған ауыстыру тəсілдерін оқып-үйрену.  

 

 

Оқытушының  жетекшілігімен  орындалатын  студенттердің  өзіндік  жұмыстары  бойынша 



өткізілетін сабақтардың жоспары 

СОӨЖ тақырыбының 

Сабақтың 

Сабақты өткізу  Тапсырманың 

Ұсынылатын 


атауы 

мақсаты 


түрі 

мазмұны 


əдебиеттер 





Тақырып 1. 

Компьютерлік 

жүйелердің 

қауіпсіздігін бағалау 

критериялары. АҚШ-ң 

«Қызғылт кітабы».  

Берілген 

тақырып 


бойынша 

білімді 


тереңдету 

Əңгімелесу  

Қойылған 

сұрақтарға 

жауап беру  

[1 стр. 7-10] 

[2 стр. 3-10] 

Тақырып 2. Рұқсат 

етілмеген енуден 

қорғау  


Берілген 

тақырып 


бойынша 

білімді 


тереңдету 

Есептерді 

шешу  

Тапсырма 1,2 



[1 стр.17-23] 

[2 стр. 3-10] 

Тақырып 3. Қауіп-

қатерге қарсы əрекет 

шаралары

 

 



Берілген 

тақырып 


бойынша 

білімді 


тереңдету 

Əңгімелесу 

Қойылған 

сұрақтарға 

жауап беру 

[1 стр.10-23] 

[2 стр. 28-32] 

Тақырып 4. 

Идентификация жəне 

аутентификация. 

Берілген 

тақырып 


бойынша 

білімді 


тереңдету 

Есептерді 

шешу 

Тапсырма 3-4 



[1 стр.23-31] 

[2 стр. 33-39] 

Тақырып 5. 

Криптографияның 

қазіргі қосымшалары 

Берілген 

тақырып 

бойынша 


білімді 

тереңдету 

Есептерді 

шешу 


Тапсырма 5-6 

[1 стр.31-42] 

[3 стр. 10-14] 

Тақырып 6. 

Автоматтандырылған 

жүйелер жəне 

олардағы қорғаныс 

түрлері. 

Берілген 

тақырып 


бойынша 

білімді 


тереңдету 

Əңгімелесу 

Қойылған 

сұрақтарға 

жауап беру 

[1 стр.46-51] 

[3 стр. 15-20] 

Тақырып 7. Көшіріп 

алудан қорғаныс. 

Берілген 

тақырып 

бойынша 


білімді 

тереңдету 

Əңгімелесу 

Қойылған 

сұрақтарға 

жауап беру 

[1 стр.51-89] 

[3 стр. 3-9, 25-

28] 

Тақырып 8. 



Тексерушілерден 

қорғаныс 

Берілген 

тақырып 


бойынша 

білімді 


тереңдету 

Əңгімелесу 

Қойылған 

сұрақтарға 

жауап беру 

[1 стр.101-111] 

[4 стр.20-25] 

Тақырып 9. 

Техникалық каналдар 

бойынша ақпарттың 

қорғанысы.  

Берілген 

тақырып 

бойынша 


білімді 

тереңдету 

Əңгімелесу 

Қойылған 

сұрақтарға 

жауап беру 

[1 стр.119-126] 

 

Тақырып 10. 



Вирустар. 

Антивирустік 

бағдарламалар. 

Берілген 

тақырып 

бойынша 


білімді 

тереңдету 

Əңгімелесу 

Қойылған 

сұрақтарға 

жауап беру 

[1 стр.130-149] 

[6 стр.39-48] 



Тақырып 11. 

Коллективті 

пайдаланудың 

локальді жүйелері. 

Жүйеге енудің 

каналдары.  

Берілген 

тақырып 


бойынша 

білімді 


тереңдету 

Əңгімелесу 

Қойылған 

сұрақтарға 

жауап беру 

[1] стр. 172-

175. 

Тақырып 12. 



Интернеттегі 

қорғаныс. Қорғаныс 

жүйелерін құру 

принциптері.  

Берілген 

тақырып 


бойынша 

білімді 


тереңдету 

Əңгімелесу 

Қойылған 

сұрақтарға 

жауап беру 

[1] стр. 106-

109 


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.5 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет