Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!



жүктеу 0.74 Mb.

бет1/7
Дата09.04.2017
өлшемі0.74 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті депутаттар мен

Үкімет мүшелері!

Ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына 

батыл қадам басты.

Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған 

Үкімет өз жұмысына кірісті.

Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 пайызға 

өсті. Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 11 

мың доллардан асты. Бұрын сатылып кеткен актив-

тердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет мен-

шігіне қайтарылды. Енді «Богатырь», Қарашығанақ, 

Қа шаған кен орындары мен ЕNRС, «Қазақмыс» 

ком панияларының басым активтері мемлекет ие-

лі гінде болады. Кезінде мен «мынадай жағ дай-

ларға байланысты сатып жатырмыз, қазір же ке-

ше лендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз» 

деп айтып едім. Міне, енді бәрі қайтарылуда. Бар-

лық акциялардың пакеті Қазақстанда. Енді өзіміз 

барлығына ықпал жасайтын боламыз.

Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас ке-

мел елге айналды. Дегенмен біз күрмеуі қиын, 

қай шылығы мол алмағайып заманда өмір сүру-

деміз. Болжанған жаһандық дағдарыс қаупі шын-

дық қа айналып келе жатқанын көріп отырсыздар. 

Сарап шылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағ-

дарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін. Біздің 

міндетіміз экономиканы осы сынаққа дайындау, 

оны әртараптандыруды жалғастыру болып та бы-

ла ды. Біз – 2015 жылға қарай табысы жоғары 

ел дер дің қатарына қосылуды көздеп отырған 

елміз. Бір лігімізді сақтап, осылай еңбек ететін 

болсақ, ол мақ сатқа да жететін боламыз.

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

№14 (696) 

28 қаңтар, сенбі

2012 жыл


Жалғасы 2-3 беттерде 

МЕРЕЙ


Сенім артып отыратын тұрақты оқырманы болмаса, 

бас пасөз құралының ғұмыры ұзаққа бармайтыны 

айдан анық. Осыдан үш жыл бұрын жарыққа шыққан 

біздің басылым алғашқы санынан бастап-ақ сіздердің 

қолдауларыңызға ие болып келеді. Ең бастысы, «Бү-

гін нің басылымы боламыз» деген ниет үдеден шыға 

білді. Оқырмандар бізді әр кез шұғыл да шынайы, 

объек тивті ақпаратымыз, қоғамдағы мәселені тыңнан 

бай 

салды таразылайтын көзқарасымыз үшін құр-



меттеді. Біз осыны сезіне отырып, сіздер үшін шы ғар-

ма шылық ізденістердің әдіс-тәсілдері мен оқуға ың-

ғайлы заманауи дизайнның көркемдік шешімдерін 

түр лендіріп келеміз. Ресми өмірдің шырмауында қал-

май, қалың бұқараның өзекті мәселелерін әрдайым 

назарға алып отырмыз. Өткен үш жыл ішінде сіздердің 

бізді «қоғамға қажет газет» деп тапқандарыңыз сон-

дықтан. Егемендіктің 20 жылы қарсаңында өмірге кел-

ген қазақтың күнделікті ақпараттық басылымы тарих-

тың жаңа кезеңін жасауға атсалысып жатыр. 

Оқыр манның қолдауы барда, «Алаш айнасы» да ба-

ғытынан таймайды. 

Алдағы уақытта да Алаштың жоғын жоқтап, мем-

лекеттік мүдде жолындағы елдіктің сөзін айтып, көзі-

қа рақты оқырмандарымызды жаңа жоба, тың идея-

лармен қуанта береміз деп сенеміз.



Құрметпен, «Алаш айнасының» ұжымы

«Алаш 

айнасына»

үш жыл толды

«Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси 

ақпараттық газетінің жарыққа шыққанына дәл 

бүгін үш жыл толды. 2009 жылдың 28 қаңтарында 

күнделікті басылымның алғашқы саны ақпарат 

кеңістігіне жол тартқан болатын.

ОЙ-КӨКПАР 



Көпбалалы әкелерді де марапаттау керек пе? 

Мемлекеттік мүддені ұстану инвестициялық әлеуетті әлсіретпейді

Экономиканы  дивер си фик а ция лау-

дың ау қымды жос парын жүзеге асыру 

үшін де инвестиция керек-ақ. Бұл тек 

қаржы жағынан емес, білім беру, жоғары 

тех но логиялық  құрал-жабдықпен  қам та-

масыз ету және кәсібилігі жоғары маман 

даяр лауды  да  қарас ты рады.  Ха лықаралық 

деңгейде әрекет ететін кірпияз ин вес тор-

лар қаржысын сала тын орын таңдауда 

биз  нес-ор таның  ашықтығы,  таң далған 

елдің  нарықтарға  жа қын дығы,  ин фра құ-

рылымның  қолжетімділігі  мен  ма  ман дар-

дың білік тілік деңгейіне мән береді. Осы 

орай да Ernst & Young компаниясы Қазақ-

станның  ин вес  тициялық  тартымдылығын 

анық тау үшін зерттеу жұ  мыстарын жүр-

гізген еді. Оған қатысқандардың 32 

пайы зы, ай мақтық тұрғыдан алғанда, 

ТМД елдері ара сын  да біз дің елді ең тар-

тымды үштіктің қатарына қо сып  ты. 

Тұтыну тауарларына негізделген ком-

па ниялар тұ тыну нарығы ауқымды Ре сей-

ді инвестициялық тар тымдылық жағынан 

бірінші орынға қоятыны сөзсіз. Алайда 

алдыңғы қатарлы халықаралық тәжі ри-

бе ні белсенді түрде енгізу жағынан біздің 

еліміз оқ бойы озық екен. Сонымен қатар 

жекелеген секторларға жаңадан ене 

бастағандар (қызмет көрсету саласында 

да) әлі пайдаланылмай жатқан мүм кін-

дік тер есебінен Қазақстанды тартымдырақ 

санайды. 

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ

Дүниежүзілік банктің Doing Business 

рей тингінде инвесторларды қорғау жа-

ғы нан еліміз өткен жылы 34-сатыға кө те-

ріліп, 47-орынға шықты. 183 ел қа ты са-

тын бұл рейтингіде кәсіпкерлік қызметті 

рет теу, инвес тор лардың құқығы мен мүд-

десін қорғау, сондай-ақ жергілікті ком па-

ния ларға әсер ететін нормалардың рет-

телуі бағаланады. Дүниежүзілік банктің 

баян да ма сын да:  «Қазақстан  мүдделі 

тараптар арасындағы келі сім дерді ма-

құл дауға және тараптардың арасындағы 

ке лісім кемістігі жағдайында айып тағу 

процестерін қарапайымдандыру арқылы 

инвесторлар құқығын қор ғауды күшейтті» 

делінген.

Инвестиция тарту бойынша Үкімет та-

ра пынан қабыл данған Ұлттық жоспар 

рәсімдік және визалық же 

ңілдіктерді, 

инвесторларға, оның ішінде аймақта жұ-

мысын жүргізетіндерге қолайлы жағдай 

жасау, бар лық деңгейде инвесторларға 

қол дау мен қоштау көрсетуді қарас ты ра-

ды. 


Осы орайда айта кеткен жөн, Қазақ-

стан да 12 тілді ин вестициялық веб-сайт 

(www.invest.gov.kz) жұмыс істейді. Онда 

инвесторларға арналған еліміз туралы 

бүкіл мағлұмат беріледі. Қазірдің өзінде 

сайтқа кір 

гендердің саны 55 мыңнан 

(150 елден) асты. Бүгінде 42 елден 209 

инвестормен келіссөздер жүргізілуде. 

Оның ішінде 28 елден 136 технологиялық 

көшбасшы болып саналатын компаниялар 

бар. 


Осындай нақты шаралар нәтижесінде 

2011 жыл дың бірінші жартыжылдығында 

өң деу өнеркәсібіне құйылған ин вестиция 

көлемі 35 пайызға өсіп, 1,5 млрд дол-

лар ды құ рады. Оның ішінде электр және 

электронды құрал-жабдық өндірісіне 

құйылған инвестиция көлемі – 30 пайыз, 

ал машина өндірісіне – екі есеге жуық, 

та мақ өнеркәсібіне үш есе өскен.

Еліміздегі инвестициялық 

ахуалды жақсарту және 

инвесторларды қолдау мақ са тында 

өткен жылдың соңында Үкімет 

тарапынан инвестиция тартудың 

Ұлттық жоспары қабылданған 

болатын. Осыған орай, «Қазақстан 

салық-инс пек циялық  қолайлы 

ахуалымен, тұрақты банк-қаржы 

жүйесімен ерекшеленеді. Мемлекет 

өңдеу өнеркәсібі салаларына 

айрықша пұрсат берді. Осы арада 

еліміздегі басымдық берілген 

салаларды инвестициялауға ниет 

білдірген шетел компанияларымен 

ынтымақтастықты тереңдету мен 

кеңейту үшін үлкен потенциал 

ашылуы сөзсіз» делінген тиісті 

құжатта. 

Гүлнар АХМЕТОВА

ИНВЕС


ТИЦИЯ

Жалғасы 4-бетте 

ИƏ

ЖОҚ

АҢДАТПА

ЭКОНОМИКА АЙНАСЫ

Дедім-ай, ау!

-бетте

5

–Көпбалалы әкелерге мемлекет 



тара пынан марапат тағайындау қажет. 

Біз көп бала дүниеге әкелген ана ла-

ры мыз ды  құр меттеп,  марапаттаймыз. 

Бұл дұ рыс. Адам заттың барлық ұр па-

ғын таратып келе жатқан – аналар. 

Бірақ  әр  от ба сы ның  жағдайы  бар. 

Егер  отба сын да ғы  ота ғасының  ба ла-

ларын бағатындай жағ дайы болмаса 

немесе әйелінің көп бала дүниеге 

әкелуіне оң көзбен қарамаса, қазақ-

тың саны қайдан өссін? Өйткені адам-

дар баланы туғаннан кейін, оны өсі-

руді де ойлайды ғой. Ештеңеге 

қа  ра  мас тан  көп  баланы  туып,  бағып 

отырған ба тыр аналарымыздың ар 

жағында батыр әке леріміз ылғи да 

көрінбей, тасада қа лып қойып жа-

тады. 


– Шариғатта да «жұмақтың кілті – 

ананың табанының астында» деп әйел 

адамға ерекше құрмет көрсетуді құп-

тайды емес пе? Тоғыз ай, тоғыз күн кө-

те ріп, толғаққа төзіп, нәрестесін дү-

ниеге әкелетін, түн ұйқысын төрт бө ліп, 

ақ  сүтін  беретін  нәзік жан ды лар мен  жа-

ғаластырып  ер-аза мат тар ды  ма ра-

паттауды өз басым онша дұрыс деп 

ой л амаймын.  Алтын  құр сақ ты  ана  лар-

мен қатар қойып, «ар 

дақ 


ты әке», 

«көпбалалы отағасы» деп ерлерді ма-

ра паттауды тіпті көзіме елестете ал май-

мын. Әкелердің де әкесі болады. Ба -

ланы тек туғызып қа 

на қоймай, 

олар    дың  аяғынан  тік  тұ руы на,  өмірдегі 

өз орнын, даң 

ғыл жолын та 

буына 


мұрындық бо латын, бала тәр бие сіне 

атсалысатын азаматтар бар. 



Бүгінде еліміз бойынша перзенттерінің саны бестен асатын 

әйелдер көпбалалы аналар санатына қосылып, «Алтын алқа» 

«Күміс алқа» сынды азды-көпті марапаттарды иеленеді. 

Соңғы кездері көпбалалы аналардан бөлмей, әкелерді 

де марапаттау қажеттігі жиі айтылып жүр. Халық 

санының өсіміне тек аналардың ғана емес, әкелердің 

де үлесі зор деушілер көп баланы асырап отырған 

ер-азаматтарымыз да құрметтен тыс қалмауы 

керек дегенді алға тартады. Алайда әкелерді 

марапаттау арқылы олардың отбасындағы орнын, 

жауапкершілігін арттыра аламыз ба? Көпбалалы 

ана мен әкені қатар марапаттауды жөн 

көрмейтіндердің де өзіндік айтары бар. Осы 

тұрғыда көпшіліктің пікірі екіге жарылады. 

Ендеше, қарама-қайшы ой-пікірлерге 

назар салып көрелік. 

Ассамблея 

мүшелері Жолдауды 

ел азаматтарына 

түсіндіруге дайын

Қарасай 


Алматыны 

күйге бөледі

Түркістандық 

рухы айқын 

тұлға

-бетте

-бетте

-бетте

4

5



7

ДАТ!

Мәтінтануға

мән бермейінше, 

тілді дамыта 

алмаймыз

148,37

194,29

23,43

12734,63

1191,84

1726,30

4,88

1,31

1569,84

111,33

ДОЛЛАР


ЕВРО

РУБЛЬ


ЙЕНА

EUR/USD


DJIA

KASE


RTSI

BRENT


GOLD

(ICE)

(NYMEX)

Ерлан ҚАРИН, 

«Нұр Отан» партиясының хатшысы:

– Астанадағы Mont-blanс дүкенінің 

сату 

шысы ауыс-түйістерді (билікте) 



күтіп отыратындарын айтады. Сондай 

күн дері портфельдер жақсы сатылады 

екен. 

(www.time.kz сайтынан)

Жарылғап ҚАЛЫБАЙ, 

«Жұлдыздар отбасы»,

«Аңыз адам» журналдарының 

редакторы:

Қарақат ӘБІЛДИНА,

әнші:

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ:

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – 

Қазақстан дамуының басты бағыты»

бетте

6

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың



атты Қазақстан халқына Жолдауы

С.БОНДАРЕНК

О, Б.О

ТАРБ


АЕВ (фо

то)


№14 (696) 

28.01.2012 жыл, 

сенбі                  



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ЖОЛДАУ


Мәулен 

ӘШІМБАЕВ, 

Мәжіліс депутаты:

Жамбыл 

АХМЕТБЕКОВ, 

Мәжіліс 

депутаты:

Нұрлан 

НЫҒМАТУЛИН, 

Мәжіліс 

төрағасы: 

– Қазақстан Президентінің бүгінгі 

Жолдауда айқындаған міндеттері елдің 

да муына қуатты серпін береді. Әрине, 

Ел 

басының бұған дейінгі әрбір 



Жолдауының өзі – бұл ауқымды стра те-

гиялық құжат. Ал бүгінгі ерекшеліктің 

мәні: бұрынғыдай нақты іс-қимыл 

жоспары қам 

тылды және ол елдің 

әлеуметтік-экономикалық  жаң ғы руына 

бағытталды. Осыған орай Елба сының 

Жолдауындағы жүктелген міндеттер, не-

гізінен, жаһандық дағдарыс қаупінен 

Қазақ  станның мүддесін қорғау жолын 

білдіреді. Оның үстіне Мемлекет 

басшысы белгілеп бер ген ауқымды мега-

жобалар тұтас тай елді ғана емес, бүкіл 

өңір дамуына сер пін береді.

– Жолдау барысында Елбасы айқындаған басты 10 бағыттың да 

негізі әлеуметтік міндеттерден тұрады. Ал онда жүктелген мақсаттың 

толыққанды орындалуы халықтың тұрмыс сапасына да тікелей әсер 

ететіні белгілі. Оның ішінде бүгінгі таңда халықты алаңдататын басты 

мәселелерге тоқталсақ, бұлар: жақсы жұмыс, жайлы баспана, қол-

жетімді денсаулық сақтау және сапалы білім алу. Бұл бағыттағы 

басталған жұмысты тереңдетуге Президент нақты міндеттерді 

айқындап берді. Ал оны сапалы орындау жұртшылықтың өміріне 

тікелей сеп бо ла тыны сөзсіз. Президент жүктеген міндетті жүзеге 

асыру үшін Үкімет нақты бағдарлама қабылдап, депутаттық корпус 

соған қолдау жасайды. Елбасы Жолдауында сыбайлас 

жемқорлықпен күрес мәселесі де айқын көтеріліп отыр. Жалпы 

алғанда, сыбайлас жемқорлықпен күрес көп теген мемлекет үшін 

өзекті. Ал Елбасы ең алдымен халықаралық тәжі ри бені негізге алып 

отыр. Біз үшін осы бағытта еуропалық мем 

ле 


кет 

тер 


дің, Азия 

елдерінің қызықты тәжірибелері жеткілікті. Бұл ретте Қазақстанның 

өзіндік ерекшеліктері есепке алынғаны орынды.

– Жолдау көңілімізден шықты, жұрттың да көңілінен шығатынына сенімдімін. 

Өйткені Қазақстанның алдағы уақытта өсіп-өркендеуі, оның даму келбетінің баршасы 

Жолдауда көрініс тапқан. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы – Қазақстан 

дамуының ең бас ты векторы. Ал адами капиталға қатысты сапаның ар туы, оның ішінде 

білім сапасы мен денсаулық саласына қатысты деңгейді жоғарылату – Елбасы 

Жолдауының өзегі. Бұл Қазақстанның болашақ сипатын мүлдем өзгертіп жіберуге 

септігін тигізеді. Сондықтан да Президент айқындаған әлеуметтік салаға бетбұрыс – 

халықтың ойынан шығатын мә селе. Ендеше, Жолдау ха лықтың түпкілікті мүд делеріне 

жауап береді деп ойлаймын. Бұ дан бөлек, Пре зи дент экономиканың ең басты салалары 

мемлекеттің меншігінде болуы қа 

жеттігін айтты. «Богатырь» ком 

па 

ния 


сы мен 

 

«Қазақмыс» корпорациясы сияқты ірі ме 



ке 

ме 


лердің активтерінің басым бөлігі 

мемлекеттің меншігіне қайтарылғандығын және бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы 

уақытта да  жалғаса беретіндігін айтты. Бұл біздің пар тиямыздың бағдар ла ма сында бар 

және алдымызға қойған басты мін деттеріміздің бірі болатын. Сол үшін мен бүгінгі 

жиында қолды аямай соқтым.  Мен бұл бастаманы қос қол дап қолдаймын. Біз дің бағыт-

бағдарымыз да елдегі бү кіл компанияны ұлттандыру жә не одан түскен пайданы 

әлеуметтік салаға жұм сау, халықтың игілігіне жарату бо ла тын.

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР! 

Қазақстан жолының жаңа кезеңі – бұл 

экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқа-

тын көтерудегі жаңа міндеттер болады. 

Қазақстан үшін экономикалық табыстар 

мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету 

арасында тиімді тепе-теңдік болуының 

өмірлік маңызы зор. Қазіргі әлемде бұл – 

әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың 

негізгі мәселесі. Бұл – Қазақстанның алдағы 

10 жылдағы дамуының басты векторы. 

Осы өзекті тақырыпқа мен Қазақстан 

халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі 

жаңа Жолдауымды арнаймын. Біз 10 бағыт 

бойынша мақсаттар кешенін іске 

асыруымыз керек. 



БІРІНШІ БАҒЫТ.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫ 

Өздеріңізге белгілі, менің тапсырмам 

бойынша, Үкімет жұмыспен қамтудың 

ұстанымды жаңа бағдарламасын бекітті. 

Оның алдына үш нақты міндет қойылған: 

біріншіден, жұмысқа орналастыруға ықпал 

ететін тиімді оқыту жүйесін құру. Екінші, 

ауылда кәсіпкерліктің дамуына жағдай 

жасау. Үшінші, еңбек ресурстарының 

үйлесімділігін арттыру, Қазақстанның 

экономикалық белсенді орталықтарында 

жұмыспен қамтуға басымдық беру.

2011 жылы ол 60 мың адамның 

қатысуымен пилоттық режимде сынақтан 

өтті. Барша дайындық жұмыстары мен 

заңнамалық база іске асырылды. Енді осы 

маңызды бағдарламаны жүзеге асыруға 

көшу керек. Сондықтан Үкіметке, әкімдерге 

биылдан бастап осы бағдарламаны 

ауқымды іске асыруды тапсырамын. Біз 

бағдарламаның соңында, яғни 2020 

жылға қарай 1,5 млн адамды сапалы 

жұмыспен қамтамасыз етуіміз қажет. 

ЕКІНШІ БАҒЫТ.

ҚОЛЖЕТІМДІ

БАСПАНА

 

Біз жаңа тұрғын үй құрылысы бағ дар-

ламасын іске асыруға кірісіп кеттік. Елімізде 

жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын 

үй пайдалануға берілуде. Алайда біз жарты 

миллионнан астам жас отбасын жеке 

баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл 

үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 

1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет.

Оның ішінде, ұзақ мерзімге жалға беру, 

одан кейін сатып алу тәрізді екі түрлі жолын 

қарастыру керек. Қаражаты мен мүм кін-

шілігі барлар жалдау ақысын төлеп, кейін-

нен үйді өздеріне сатып алатын болады. Ал 

мүмкіндігі жоқтар жағдайы келгенше ұзақ 

мерзімді жалға ұстай беретін болады. Осы 

екі түрлі жолды қарастыруымыз қажет. 

Оған қоса, жалға алғаны үшін жасалатын 

тө лем әл-ауқаты орташа отбасы мүм кін-

дігіне сай болуы тиіс. Мұнымен бірге отан-

дық құрылыс саласы үшін жаңа мүмкіндіктер 

туады. Естеріңізде болса, өткен дағдарыс 

жылдарында біз бүкіл Қазақстанда тұрғын 

үй салуды көбейтіп, қаншама жұмыс орнын 

ашып, бизнеске қаншама мүмкіншілік 

бердік. Енді сол кездегі сияқты облыстарға 

тиісті қаражат бөлінеді. Тұрғын үйлер 

салынып, жалға берілетін болады. Соның 

бәрін жаңа «Қолжетімді баспана–2020» 

бағдарламасында анық көрсету қажет. 

Осыған біз кірісуіміз керек. 

Мемлекет бұл бағдарламаны тиісті 

қаражатпен қамтамасыз етеді. Аталған 

құжатты Үкіметке осы жылдың 1 шілдесінен 

кешіктірмей жасап, қабылдауды тап сы-

рамын.


ҮШІНШІ БАҒЫТ.

ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ

МӘСЕЛЕСІ 

Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең 

әуелі өңірлердің қуаттылығы болып сана-

лады. Елдің болашағы экономикадағы 

келе шегі зор салалардың дамуымен байла-

нысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар 

көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашы-

лып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды 

дамуы қажет. Бүгінде әлемнің көп елдерінде 

осылай жасалуда. Мемлекет өз азамат-

тарының сондай қуатты өңірлерге қоныс 

аударуына көмек қолын созуы тиіс. Қазақ-

станда келешегі зор қалалар шоғырына 

Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент 

шаһарлары жатады. Үкімет елді мекендер 

шоғырын (агломерация) дамыту жөнінде 

бағдарлама қабылдауы тиіс. Ірі кәсіп-

орынды немесе бір саланы тірек еткен ша-

ғын қалалардың дамуы – өз алдына бөлек 

мәселе.


Жаңаөзендегі жағдай бірсалалы шағын 

қалалардың әлеуметтік қатерге жақын 

екенін көрсетті. Мемлекет Жаңаөзенде 

төтенше жағдай жариялап, қаладағы 

ахуал ды қалпына келтіру бойынша кешенді 

шаралар жасауға мәжбүр болды. Қазіргі 

уақытта ондағы ахуал қалыпты арнасына 

түсті.


Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұрғын-

дарының басым көпшілігі «Нұр Отан» 

партиясына дауыс берді. Бұл олардың 

мемлекет саясатын толық қолдайтынын 

көрсетеді. Сондықтан мен Жаңаөзендегі 

төтенше жағдай режимін бұдан әрі созбау 

жөнінде шешім қабылдадым. Алайда бұл 

оқиғадан тиісті түйін жасалып, одан сабақ 

алып, ұдайы ескерілуі керек. Үкіметке 

бірсалалы шағын қалаларды дамыту 

туралы арнайы бағдарлама жасауды тап-

сы рамын.  Онда  қаланың  эконо ми ка сын-

дағы әрбір нақты бағытты әртараптандыру, 

әлеуметтік саланы дамыту ескерілуі қажет.

Сонымен қатар жергілікті шағын және 

орта бизнеске қолдау көрсету шараларын 

қаперде ұстаған жөн.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіріп, 

барша жергілікті даму мәселелерін шешуге 

аза маттардың қатысуын кеңейту аса ма-

ңызды.

Биылғы 1 шілдеге дейін Үкімет Жергілікті 



өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы 

жобасын жасап бітіруі тиіс.



ТӨРТІНШІ БАҒЫТ.

ХАЛЫҚҚА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ 

КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ 

Бұл – жемқорлыққа қарсы тұру, азамат-

тардың мемлекеттік органдардың қыз-

метіне деген сенімін арттыру сияқты ма-

ңызды аспект. Біріншіден, электрондық 

үкіметті дамыту керек. 2012 жылдың со-

ңына дейін әлеуметтік маңызы бар мем-

лекеттік қызметтердің 60%, соның ішінде 

лицензиялардың барлық түрлері элек трон-

дық түрде ғана көрсетілуге тиіс. 2013 

жылдан бастап халық мемлекет тарапынан 

барлық рұқсатты электронды нұсқада және 

халыққа қызмет көрсету орталықтарынан 

алатын болады. Халыққа қызмет көрсету 

орталықтарына автокөліктерді тіркеу мен 

жүргізуші куәлігін беру қызметтерін енгізу 

қажет. Екіншіден, модернизациялаудағы 

маңызды мәселе – әкімшілік проце 

ду-

раларды жеңілдету. Менің тапсырмам 



бойынша рұқсат беру құжаттарының тізбесі 

қазірдің өзінде 30 пайызға қысқарды. 

Үкіметпен лицензия мен рұқсат берудің 

барлық түрлерін тағы да үштен бірге 

төмендететін заң жобасы әзірленді. Келесі 

қадам рұқсат беру заңнамасына жаңа 

принциптер енгізу болады. 

Түрлі бағдарламалар арқылы халықтың 

компьютерлік білімін көтеру керек. Мен 

барлық қазақстандықтарды ақпараттық 

технологияларды меңгеруде белсенділік 

танытуға шақырамын. Бұл бізге аса қажет. 



БЕСІНШІ БАҒЫТ.


  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал