Иман облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата01.05.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ерасыл  БӨКЕНБАЙ,

С.  Сейфуллин  атындағы  

мамандандырылған

№11  облыстық  қазақ  

мектеп-интернатының

9-сынып  оқушысы

Ел  басына  күн  туған  шақта  қолына 

қару  алып,  1943  жылы  Тайпақ  ауданынан 

майданға аттанды. Әкеммен майданға бір-

ге аттанған соғыс ардагері, бүгінде көзі тірі, 

ақжайықтық  ақсақал  Қ.  Қоспаев:  «Тамыз 

айында  35-40  жігітті  баржаға  тиеп,  Жайық 

өзені  арқылы  әскерге  жөнелтті.  4-5  күн 

ашық аспан астында кемемен жүзіп, Оралға 

жеттік.  Сөйтіп,  Орал  қаласындағы  әскери 

байланыс  оқуын  тәмамдап,  желтоқсан 

айында 


пойызбен 

Уфаға 


аттандық. 

Жәрдеммен таныстығым осы пойызда бас-

талды.  Уфада  оқуымызды  жалғастырып, 

старшина  әскери  атағын  алып,  майданға 

жол  тарттық.  Яготин  стансасынан  Жәрдем 

екеуміздің жолымыз екіге айырылған еді» –  

деп еске алады. 

Әкем  бірден  Беларусь  майданына 

түсіп,  соғысты  Чехияның  астанасы  –  Пра-

гада аяқтап, қаланы қаруластарымен бірге 

сақтап қалды. Әйтпесе, чехтың көне қаласы, 

өздері  «Алтын  Прага»  мақтанышпен  атай-

тын  елді  мекен  немістер  жермен-жексен 

еткен Варшаваның кебін киер еді. Дәл осы 

қала үшін болған шайқаста ол өте ауыр жа-

раланып, біреулер оны қаза тапқандардың 

арасына  салып  жіберген.  Сәтін  салғанда 

майдан  даласындағы  жауынгердің  бірі 

оның  тірі  екенін  аңғарып,    дер  кезінде 

госпитальға  жеткізді.  Ұзақ  емделіп,  бір 

аяғынан жараланған әкем 1947 жылы ғана 

елге  оралды.  Оның  кеудесіне  тағылған  

екінші  дәрежелі  Отан  соғысы,  үшінші 

дәрежелі  «Даңқ»  ордені  мен  бірнеше  жа-

уынгерлік медальдар әкеміздің майдандағы 

жолының  куәсі  ретінде  күні  бүгінге  дейін 

қара шаңырақта сақтаулы.

Майдан даласында елін қорғап қалу үшін  

жауға қатал болғанымен, бейбіт өмірде ол 

отбасына  өте  жайлы  адам  еді.  Әрдайым 

төзімділік  пен  сабырлылықтың  тұғырында 

болған  жан.  Бар  саналы  ғұмырын  ұрпақ 

тәрбиесіне  арнап,  адал  еңбек  етуден 

еш  айныған  жоқ.  Әкенің  адамгершілік 

тәрбиесінің сол бір ұлағатын біз күні бүгін- 

ге  дейін  әулетімізбен  жалғастырып  келе- 

міз,  яғни  халық  даналығында  айтылған- 

дай, жақсы әкенің өнегесі – бізге әлі азық. 

Әрине, ажалдың алдында адамның бәрі 

қауқарсыз. Дегенмен сол сұм соғыс салған 

жараның  зардабынан  әкемнің  бақиға  ер-

терек  аттанғаны,  Ұлы  Жеңістің  жемісті 

жылдары  мен  ұрпағының  өсіп-өнгенін 

көре  алмағандығы  күні  бүгінге  дейін 

көңілімді мұң мен шерге толтырады. Май-

дан  даласындағы  сұрапыл  оқиғалардың 

бел  ортасынан  аман-есен  оралып,  қырық 

жылдай  халық  ағарту  саласында  қызмет 

атқарған әкемнің тек рухымен ғана сырла-

са алатындығым өкінішті. Алайда өзінің ар-

тына өшпейтұғын ізін қалдырған әкеміздің 

мағыналы  өмірін  ұрпақтары  жалғастыру- 

да.  Мен  оның  мамандығын  игеріп  қана 

қоймай,  қарбалас  өмірдің  қайнаған  іс-

әрекеттерінің  ортасында  жүріп,  есімін 

өшірмеуге  қолымнан  келгенше  тырысып 

келемін.  Өйткені  әкемнің  өнегесі  –  менің 

өмірімнің бағдаршамы.



Гүлнәр  ӘЛЖАНОВА,

 Орал  қаласы

Есіміңді өшірмеймін, жан әкем!



Әкем Әлжанов 

жәрдем Ұлы жеңісті 

жақындатуға үлес 

қосқан майдангердің 

бірі еді. 

ғашық   болған 

Бейсенбі,  14  мамыр 2015 жыл

11

oral_oniri@inbox.ru



жеңімПАЗдАР

Есенғазы атаның екінші әйелі Нұрымнан 

Жанна,  Тойдық,  Жаңыл,  Ұлбосын,  Қымбат, 

Кенже  деген  алты  қызы  болды.  Алғашқы 

жарынан  Дариға,  Нұржамал,  Сайын, 

Сақыпжамал, Сара деген балалары бар еді. 

Осыларды ойлағанда, есіме илікпейтін ағаш 

аяғын  кеште  бір  шешетін  еңбекқор  атамыз 

түсті.  Бір  күні    сол  ағаш  аяқты  шешкенде, 

шолтаң  ете  қалған  шолақ  аяқтың  бүрісіп 

шорлана  біткен  домалақ  тұрқы,  қанталап 

кеткен  жұқа  терісін  көріп,  шошып  кет-

кенмін.  Сірә,  ағаш  аяғы  өз  аяғына  жұмсақ 

паролон  салынған  былғарымен  қиюласа 

байланғанымен, ауыр жұмыс кезіндегі оқыс 

қимылдар  ескі  жарасын  қажап  қанатады-

ау  сонда.  “Қалай  жүреді  екен?”  деп  қатты 

аяғаным әлі есімде. Атаның Жаңыл деген ұл 

бала секілді ерке қызымен ойнап жүріп, сол 

үйге бардым, білемін. Содан соң көпке дейін 

Жаңыл шақырса, ойнауға шықпай қалғаным 

да есімде.

“Орал  өңірі”  газетінің  үстіміздегі  жылғы 

26  ақпандағы  санында  профессор  Мұрат 

Сабырдың  “Солдат  ізі”  деген  мақаласында 

атасы  Сабыр  Мұқанбетқалиевпен  бірге 

соғысқа  аттанған  Есенғазы  Жұмашевтың 

өздерінің  отбасы  үшін  құрметті  адам 

болғандығы  айтылған.  Сонда  ол  Есенғазы 

атаның  әңгімелеріндегі  Аңқатыдан  1942 

жылы  қыста  майданға  аттанған  40-50  жігіттің 

тірі  оралғаны  некен-саяқ  екенін  жазыпты. 

Менің  нағашы  атам  Миржанов  Қуанышкерей 

де  осы  кісілермен  бірге  аттанып,  бірақ  ар-

тынан “қара қағаз” келгендігін әжеміз Күміс 

айтып  отыратын.  «Қуақаңды  бізден  бөліп 

жіберді,  кездесе  алмадық»,  -  дейді  екен 

Есенғазы ата.

Біз  Чапаев  ауданының  майдангерлері 

қатарында  атамыздың  есімі  жазылған  ес-

керткіш  тақтаға  тағзым  етеміз.  Жайық  жа- 

ғасындағы  ескерткіш  жанындағы  мәңгілік  

алау алаулағанда, атамыздың да ел қорғаған 

ерлермен  бірге  екендігін  мақтан  тұтамыз. 

Міне, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы да дүркіреп 

өтті.  Соғыс  ардагерлері  де,  солдат  жесір-

лері де азайып барады. Қиындық зардабын 

тартқан  олардың  балалары,  біздің  ата-ана-

ларымыз да сексенге таялып қалды, көбісі о 

дүниелік.

Көзі  тірісінде  анамыз  Есенғазы  атаны 

“Әке”  деуші  еді.  Дариға  есімді  үлкен  қызы- 

мен,  Нұржамалымен  бірге  оқығандығын 

айтатын.  Ал  Есенғазы  атаның  жалғыз  ұлы  

Сайынды  көп  көрмедік,  басқа  облыста  тұ- 

ратын. Қыздары қайратты да қайсар, табан-

ды  да  жігерлі  болып  өсті.  Олардың  ішінде 

он  бала  тәрбиелеген  “Батыр  ана”  Дариға, 

“Еңбек  даңқы”  орденін  таққан,  облыстық, 

аудандық кеңес депутаты болған механиза-

тор Тойдық, спортшы мұғалім Жаңыл, тігін- 

ші  шебер  Сақыпжамал,  медбике  Сара  -  

Есенғазы  атаның  сүйікті  қыздары.  Әкесі- 

нің  құжаттары  мен  орден-медальдарын 

сандықтан  шығарып,  Ұлы  Жеңістің  70 

жылдығына  дейін  естелік  айтуды  парыз 

көрген  қызы,  бүгінде  немересін  бағып, 

әже болған Тойдық Жеңіс күні жақындаған  

сайын  мазасыз  күй  кешеді.  Бірде  телефон 

шалып: “Теледидардағы соғыс туралы жар-

намалар,  үзінділер,  жаралыны  майдан  да-

ласынан арқалап шыққан солдаттар бейнесі 

әкем айтқан әңгімелерді еске түсіреді”, – деп 

үзік-үзік сыр шертті.

«...Аңқатыдан  соғысқа  бірге  аттанған 

№2  фермадағы  Тілекқабыл  атаңды  оқ  пен 

оттың  арасынан  арқалап  алып  шығып, 

госпитальға  жеткіздім.  Аяғы  қара  санынан 

кесіліп, өлімнен аман қалды, соғыстан аман- 

есен  келіп,  ұрпақ  сүйді,  еңбек  етті.  “Қырық 

жыл қырғын болса да, ажалды өледі” деген 

емес пе? Ауылдан бірге аттанған аңқатылық 

Бимағамбет деген жігіттің көз алдымда қаза 

болғаны әлі күнге ұйықтасам, түсіме кіреді...

Соғыста  мерген  болдым.  Немістердің 

аңдитыны,  көзін  құртуға  құштар  болатыны 

да мергендер. Бір күні дәл шүріппені баса-

тын саусағымды оқ жұлып әкетті. Бұдан әрі 

мерген  болу  мүмкін  емес,  мен  асханадан 

тамақ  тасушы  міндетін  атқардым.  Арқама 

асынған  багыма  сорпа-суды  толтырып, 

еңкеңдеп  жауынгерлерге  асығамын.  Неміс 

мергендері де қу, бакты көздеп атып, талай 

рет  сұйығы  ағып  кетіп,  түбінде  ғана  қоюы 

қалған  жартымсыз  асты  арқалап,  ызадан 

жылағанмын», – дейді екен қарт майдангер.

1911  жылы  Орда  ауданының  Жеті-

бай  ауылдық  кеңесінде  дүниеге  келген 

Есенғазы ата соғыс басталмас бұрын Чапаев 

ауданының  Қандық  ауылына  қоныс  аудар- 

ған. Өйткені 1938 жылы дүниеге келген үл- 

кен  қызы  Дариға  апай  да,  бауырлары  да 

соғыстан  кейінгі  ауыр  жылдары  көршілес 

Талпын  мектебінде  оқыған.  Соғысқа  бір 

аяғын беріп, 1943 жылы елге оралған атаның 

омырауында  «Қызыл  Жұлдыз»  ордені  жар- 

қырайтын.  I  дәрежелі  Отан  соғысы  ордені 

1985  жылы  14  наурыздағы  СССР  Жоғарғы 

Кеңесі Президиумы Жарлығымен 1941-1945 

жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысындағы  Кеңес 

халқы  Жеңісінің  40  жылдығын  атап  өтуге 

және  неміс-фашист  басқыншыларымен 

күресте  көрсеткен  батырлығы  мен  ерлігі 

үшін берілген.

Майдангердің  бейбіт  өмірдегі  жетістік-

тері  –  “Аңқаты”  мемлекеттік  асыл  тұқымды 

мал зауытының әкімшілігі мен партия коми-

теті  тапсырған  ескерткіш  белгі  мен  Чапаев 

аудандық  халық  депутаттары  кеңесінің  және 

ауыл  шаруашылығы  кәсіподақ  комитетінің 

“1974  жылғы  социалистік  жарыстың 

жеңімпазы” төсбелгісі.

Ардагер  атамыздың  Подстепный  орта 

мектебінде  дене  шынықтыру  пәні  мұғалімі 

болып жұмыс істейтін қызы Жаңыл: “Әкеміз 

өте  адал  да  еңбекқор  адам  болды.  Бізді 

де  солай  тәрбиеледі.  Біздің  анамыздан 

ұл  баласы  болмағандықтан,  бәрімізді  де 

ұлша тәрбиеледі десе болады. Өзінің  аяғы 

ауырып,  жарасы  сыздағанда,  бізді  үй  ша-

руасына,  тіпті  қора  мен  ауланы  жөндеуге 

де  қатыстырды.  Одан  біз  жаман  болған 

жоқпыз. Қазір бір-бір отбасының анасы бо-

лып, өмірдің қиындықтарын да, қызықтарын 

да  бір  кісідей  көтердік.  Өйткені  біз  –  қарт 

майдангердің  қайсар  қыздарымыз,”  –  деп 

еске алады. Есенғазы ата 1990 жылы 79 жа-

сында өмірден өтті.

Иә,  қайыспас  қара  нардай  қарт  май- 

дангердің  соғыстағы  қанды  қырғында 

аяғынан  айырылғаны  туралы  Қандық 

ауылының  бүгінгі  ақсақалы  Самат  Абдрах-

манов  былай  дейді:  “Есақаңмен  жұмыстас 

болғанымызда, біз жас жігіт едік қой. Бірде 

соғыс  туралы  сұрағанымызда,  ол:  “Е-е,  со- 

ғыс деген қанды қасап қой. Мына аяғымнан 

жараланып,  госпитальда  дәрігерлер  оны 

кесу  керек  деп  шешті.  Ал  мен  кесілген 

аяғым қан-жоса болып, бүлкілдеп секіргенін 

көргенде,  есімнен  танып  қалдым”,  –  дегені 

әлі есімде.

Біздің  ауылдан  соғысқа  қатысқан,  не-

міс  тұтқынында  болған  Зейнолла  Ахме-

тов,  Тұрсын  Орынғалиев  аталарымыз 

Есенғазы  атамен  бірге  жұмыс  істеді.  Бірақ 

мектептегі  кездесулерге  алдыңғы  еке-

уі  шақырылмайтын.  Біздің  бала  жүрегіміз 

соғыс  мүгедегіне  көбірек  елеңдеп,  нағыз 

батыр  осы  кісі  деп  қабылдайтын.  Бірақ  кейін 

өсе  келе  байқағанымыз:  соғыста  көрместі 

көрген,  әйтеуір,  елге  аман  келгеніне  риза 

алдыңғы  екі  атамыз  журналистерге  сұхбат 

беруге,  еңбектеріне  марапат  дәметуге  де 

қарсы  болатын.  Осылайша  Зейнолла  Ах-

метов  тек  тәуелсіздік  келген  соң  ғана  ұзақ  

жыл іште сақтаған майдан жолы туралы ай-

тып,  журналист  Серік  Ихсанғали  ол  кісі  ту-

ралы жазып еді.

Майдангер  Есенғазы  Жұмашев  туралы 

бұл  естелікті  жазу  арқылы  өмірде  елеусіз 

өткен аталарды да еске алуды жөн көрдім. 

Ақмаржан ТАУБАЕВА,

ҚР Журналистер одағының 

мүшесі 

Ағаш  аяқ



ағаш  аяқ  есенғазы  ата.  ауыл  адамдары  да  оны  осылай  атайтын. 

Біздің  бала  кезімізде  ең  жақыннан,  күнде  дерлік  көріп  өскен  екін-

ші  дүниежүзілік  соғыстың  мүгедегі.  көп  күлмейтін,  түсі  суықтау, 

ұзын  бойлы,  атжақты,  ақсары  кісі  болатын.  арықша,  ұзынтұра 

болғанымен,  қайратты,  ширақ  адам  еді.  Олай  дейтінім,  бір  аяғы  ті-

зеден төмен жоқ бұл кісінің ауыл шетіндегі ұстаханада көрік басып, 

балға  соққанын  талай  көрдік.  Бізбен  шамалас  қызы  Тойдық:  “иә, 

дұрыс есте сақтапсың, әкем мүгедектігіне қарамай, күш-қайратты көп 

қажет ететін ауыр жұмыстардан қашпайтын. Ол кезде “ударник” деп 

аталатын сенбіліктерге қатысып, далалық жұмыстарды бір кісідей-ақ 

атқарып, айырмен шөп лақтырғанын да, құлаштап балға соққанын да 

көрдік. кейінірек совхоз басшылары, оның мүгедектігін ескеріп, мал 

дәрігерінің  көмекшісі  қызметін  берді.  ауылда  еш  үйде  машина  жоқ 

кезде  біз,  майдангердің  қыздары,  әкеме  әлденеше  рет  жаңартылып 

берілген  “мотоколяска”,  “запорожец”  көліктеріне  мініп  өстік”,  –   

деп  әкесіне  деген  сағынышы  мен  мақтаныш  сезімін  де  білдіре 

сөйлейді. 

Тек  қана  деректер...

Қаһарман  сардар,  қазақтың  батыр 

ұлы  Бауыржан  Момышұлы  Ұлы  Отан 

соғысында  тұңғыш  рет  Мәскеу  түбіндегі 

шайқаста  бір  батальон  (шамамен  600 

адамдай) сарбазды жау қоршауынан алып 

шыққан. 


* * *

Өртеніп  жатқан  Рейхстагқа  алғаш  рет 

басып  кіріп,  ту  тіккендердің  қатарында 

сардар Рамазан Исатаев бастаған әскери 

бөлімше де болған. Өкініштісі сол, бұл ер-

лік  кезінде  елеусіз  қалғанға  ұқсайды.  Ра-

мазан – қазақтың  батыр ұлы, қол бастаған 

баһадүр Исатай Таймановтың немересі. 

* * *

Қазақтың батыр ұлы Талғат Бигелдинов 



әуе  соғысының  тарихында  тұңғыш  рет 

шабуылдаушымен  (штурмовик)    жаудың 

құртушы  ұшағын  (истребитель)  атып 

түсірді.  Әдетте  әлсіздеу  болғандықтан, 

шабуылдаушы  ұшақ  құртушыдан  аулақ 

жүреді. Жерге түскен қандыбалақ дұшпан 

ұшқышы өзін атып түсірген Талғат екеніне 

мүлдем  сенбепті.  Өйткені  ол  бұған  дейін 

109  ағылшын,  орыс,  француз  ұшағының 

көзін құртқан екен.

* * *

«Соғыстың алдында қазақтың өз жерін-



дегі  саны  3  миллион  250  мың  адамды 

құраған.  Майданға  500  мың  қазақ  азаматы 

аттанды. Соның 350 мыңы, яғни 70 пайы-

зы  қайтып  оралмаған.  Яғни  халқымыздың 

12  пайызы  құрбан  болды.  Ал  орыста 

бұл  көрсеткіш  6,  украинда  8  пайызды 

құрайды». 

(«Жас Алаш», 2006 жыл, 6 ма-

мыр).

* * *


1942  жылы  майдан  шебі  өңірімізге, 

әсіресе, Жәнібек, Бөкей ордасы ауданда-

рына  таялып  келгенде,  дұшпан  тек  бом-

ба  тастап,  атқылаумен  шұғылданып  қана 

қойған  жоқ.  Сонымен  бірге  бүлдіргі  топ-

тарын  жерге  түсіріп,  аспаннан  жергілікті 

халықты  бүлікке  шақырған  үнпарақтар 

шашқан. Бір қызығы сол, әлгі үнпарақтар... 

әзірбайжан  тілінде  жазылған  екен.  Сірә, 

немістер  түбі  түркі  болғандықтан,  екі 

халықты бір ұлтқа санаған сыңайлы.

* * *


1941 жылдың қазанында түрік генера- 

лы  Хусни  Эркилет  неміс  әріптестерімен 

кездескенде,  кеңестік  соғыс  тұтқында- 

рына арналған қамау орындарында азап 

шеккен, ажал тапқан қазақ, қырғыз, өзбек, тағы 

басқа  түркілердің  тағдырына  жанашыр- 

лық  білдіріп,  олардың  жағдайын  жеңіл- 

детуді сұраған. Кейін сол кездегі Түркия- 

ның қорғаныс министрі Әнуар Нури Паша 

және түріктің тағы бір генералы Әли Фуад 

Эрден де осындай өтініш білдіріпті. Арада 

ұзақ  уақыт  өткен  соң,  немістің  құрғақта- 

ғы  қарулы  күштерінің  бас  қолбасшысы  

В.  Кейтель  жауапты  адамдарына  жағдай- 

ды  тексеруді  тапсырды.  Кезінде  осын-

дай  өтінішті  Мұстафа  Шоқай  да  жасаған 

екен.  Нәтижесінде  дұшпан  түркі  текті 

тұтқындарды  ажал  мен  азаптан  біртін-

деп  босатып,  қара  жұмысқа  салды.  Олар 

шахтада кен қазды, жүк тиеп-түсірді және 

көпір салды. Есесіне жау оларға тамақ пен 

киім,  баспана  ұсынды.  Өйткені  нацистік 

Германия қара жұмыс қолына тым ділгер 

болатын.


Ғаламтор деректері  

бойынша даярлаған  

Серік ИХСАНҒАЛИ 

 

12

oral_oniri@inbox.ru



меРеке

Бейсенбі,  14  мамыр 2015 жыл



9  мамыр  -  адамзат тарихындағы ең бір қастерлі де құрметті, киелі 

де құдіретті күн. дәл осы күні 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысына 

ең соңғы нүкте қойылды. жиырмасыншы ғасырда ғаламшар тағдырын 

айқындап берген бұл ұлы оқиға шежіре түгілі, адамзат жүрегінде 

мәңгілік жазылып қалды. 

                               Жеңістің

иеленді.  Сұрапыл  соғыстан  келіп, 

елдің  экономикасын  дамытуға  өз 

үлестерін қосып жүрген соғыс ар-

дагерлері  мен  тыл  еңбеккерлеріне 

Елбасының  тапсырмасы  бойын-

ша  қамқорлық  көрсетіліп  келеді. 

Бұл  игілікті  шара  болашақта  да 

жалғасын таба береді. Соғыс жыл-

дары  тылда  буыны  қатаймаған 

баладан  бастап  нәзік  жандылар, 

қариялар  облысымызға  көшіріл- 

ген  зауыттар  мен  фабрикаларда 

таңнан  қарақұрым  кешке  дейін 

«Барлығы  майдан  үшін!  Барлығы 

Жеңіс  үшін!»  деген  ұранмен  жұ- 

мыс  жасады.  Біздің  қазіргі  пары- 

зымыз – аға буын өкілдеріне қол- 

дау  білдіріп,  қамқорлық  жасау. 

Елімізде  отандастарымыздың  ын- 

тымағы  нығайып,  сыйластығы  ар- 

тып,  Елбасымыздың  Қазақстан 

халқына  жолдаған  Жолдауында  

көрсетілген  тапсырмаларды  ұл- 

тына,  нәсіліне,  дініне  қарамастан, 

бір атаның баласындай ұйымшыл- 

дықпен  атқаруға  үлес  қосайық, 

ағайын! – деді облыс әкімі Нұрлан 

Асқарұлы. 

Осы  күні  сәске  түсте  ардагер-

лер  бастаған  шаһар  тұрғындары 

мен қонақтары  қалалық демалыс 

саябағына жиналды. Оларға мере-

келік  дастарқан  жайылып,  сарбаз 

ботқасы ұсынылды. 

Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы- 

на арналған шаралар тізбегі  Абай 

алаңында жалғасты.  Қала жаста-

ры  мерекелік  флэшмоб  биледі. 

Өңірімізге    белгілі    Айбар  Хайыр-

ханов,  Дамир  Сәтібаев,  Қуаныш 

Қисметов, Салауат Мұхаметжанов, 

Жаңылсын  Хасанова,  Динара  Шо-

ханаева  секілді  дарынды  әнші- 

лер  оркестрдің  сүйемелдеуімен 

«Майдангерлер»,  «Ардагерлер», 

«За  того  парня»,  «Ана  туралы  

баллада»,  «Әлия»,  «Ән  салшы, 

сарбаз»,  «Сағыныш»,  «Ағаларым», 

«Кестелі  орамал»  әндерін  әуеле- 

те  шырқаса,  «Салтанат»,  «Назер-

ке»  би  ансамблінің  бишілері  мың 

бұрала биледі.

Мерекелік  кеш  отшашумен 

аяқталды. 



Гүлсезім  БИЯШЕВА,

«Орал өңірі»

Суреттерді түсірген Т. ТОҚмАмБЕТОВ,  

м. ДОСУмОВ

Ұлы  Жеңіс  мейрамымен  жиылған 

қауымды құттықтады. 

- Елбасымыз, Қазақстан Респуб-

ликасы Қарулы күштерінің жоғар- 

ғы  Бас  қолбасшысы  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаев  өз  сөзінде 

«Алдыңғы  буын  ағаларымыздың 

соғыстағы жеңісі мен біздің қазіргі 

жетістіктеріміз  бір-бірімен  тығыз 

байланысты.  Егер  олар  өз  ерлік-

терімен  елімізді  қорғап  қалмаса, 

біз бүгінгідей мемлекет құра алмас 

едік» деген болатын. Біз соғыс ар-

дагерлері  мен  тыл  еңбеккерлері- 

нің  ерен  ерлігі  мен  қажырлы 

еңбегіне  мәңгілік  қарыздармыз. 

Ұлы  Отан  соғысына  76  мың 

батысқазақстандық қатысса, оның  

36  мыңнан  астамы  майдан  да-

ласында  мәңгілікке  қалды.  Біз 

әрқашан  ерлікпен  қаза  болған 

жауынгерлердің  рухының  алдын-

да  басымызды  иіп,  тағзым  етеміз.  

«Арын – байрақ, намысын – найза» 

қылған ерлердің қаһармандық ер-

лігі  аңызға  айналды.  Әрбір  бесінші 

қазақстандық  соғысқа  қатысса, 

528  отандасымыз  Ұлы  Отан  со- 

ғысының  Батыры  атағын  иелен-

ді.  Солардың  ішінде    шығыстың 

қос  шынары,  Әлия  Молдағұлова 

мен  Мәншүк  Мәметова  да  бар. 

Төрт  қазақстандық  екі  дүркін 

Кеңес  Одағының  Батыры  атағын 

Ұлы Жеңіс мейрамы өңір жұрт- 

шылығының  бауырластар  зи- 

ратына,  Кеңес  Одағының  Баты-

ры  Темір  Масиннің,  қазақтың 

қаһарман  қызы  Мәншүк  Мәме- 

тованың,  Кеңес  Одағының  мар-

шалы  Георгий  Жуковтің  ескерт- 

кіштеріне  және  «Ол  күндердің 

даңқы 


өшпейді» 

монументі-

не  гүл  шоқтарын  қоюдан  бас-

талды.  Салтанатты  шара  Жеңіс 

алаңында  жалғасты.  Мерекелік 

жиынға  соғыс  ардагерлері,  тыл 

еңбеккерлері,  сондай-ақ  олардың 

ұрпақтары  мен  қала  тұрғындары 

қатысты.  Ұлы  Отан  соғысында 

құрбан  болған  боздақтарды  еске 

алу  үнсіздігінен  соң  сөз  алған 

облыс  басшысы  Нұрлан  Ноғаев 



Бейсенбі,  14  мамыр 2015 жыл

oral_oniri@inbox.ru

13

меЙРАм


Осылайша  шара  шымылдығы 

сонау  соғыс  жылдарын  арқау  ет-

кен көрініспен түрілді. Одан әрмен 

Кеңес  Одағының  Батырлары,  жер-

лестеріміз  Ерденбек  Ниетқалиев, 

Николай  Чуриковтың  ерліктері  

баяндалып,  КСРО  Жоғарғы  Ке- 

ңесінің  алғашқы  шақырылымы- 

ның  депутаты,  шекарашылар  пол- 

кінің  комиссары  Хаби  Халиуллин 

бейнесі сомдалды. Сонымен қатар 

қан  майданда  елі  үшін  от  кешкен 

ару қыздарымыздың бірі – Мәншүк 

Мәметованың  әпкесіне  жазған 

хаты оқылып, қызын сарғая күткен 

анасы  Әмина  Мәметованың  жан 

жарасы сахна төрінде бейнеленді. 

Осы көріністерден кейін аудан әкімі 

Мұрат  Мұқаев  жұртшылықты  Жеңіс 

күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде 

«Құрметті жерлестер! Баршаңызды 

Ұлы  Жеңістің  70  жылдық  мерей-

тойымен  құттықтаймын!  Уақыт 

өткен  сайын  кешегі  соғыстың 

дүрбелең  оқиғалары  да  арасын 

аулақ салып алыстап барады. Бірақ 

қаншалықты  алыстағанмен,  ол 

көңілден кетіп жүректерден өшпек 

емес.  Сол  соғысты  майданның 

алдыңғы  шебінде  жүріп  басынан 

кешкендер  де,  солардың  тілеуін 

тілеп,  тылдағы  бар  ауыртпалықты 

иығымен  көтерген  тыл  арда-

герлері  де,  жетімдік  тауқыметін 

тартып  өскендер  де  арамызда 

жүр.  Сондықтан  да  біз  олардың 

ерлігін  ешқашан  ұмытпауымыз 

керек.  Иә,  бүгінгі  9  мамырдағы 

мереке  –  соғыс  ардагерлеріне 

көрсетілген  құрмет.  Сіздердің 

қайтпас  қайсарлықтарыңыз  бен 

Отанға шынайы сүйіспеншілігіңіз –  

жас  ұрпақ  үшін  өнегесі  мол  үлгі. 

Бүгінгідей  айтулы  мереке  күні 

өздеріңізге зор денсаулық, жарас-

ты  көңіл  күй,  отбасыларыңызға 

амандық тілеймін», – деді. 

Ақтоты  Ешматованың  орын- 

дауындағы  «Бейбітшілік  сақтала- 

ды»  әні  хореографиялық  қойылым- 

мен үйлесім тапты. Сонымен қатар 

көңілге  демеу,  жанға  қуат  берген 

Тимур  Хамитовтың  орындауында- 

ғы  «Майдангерлер»,  Райымбек 

Каримовтың  орындауындағы 

«Әлия,  Мәншүк»,  Тамара  Кафа- 

рованың  орындауындағы  «Эхо 

любви»,  Нұргүл  Қуанованың  орын- 

дауындағы  «Цвети  земля  моя»,  

Сағаден  Кенжеғұловтың  орында- 

уындағы  «Отаным,  қазақ  елі» 

атты  әндері  шырқалды.  Бұл  кеш- 

те  «Ана  туралы  баллада»  (Р.  Ка-

римов,  А.  Ешматова),  «Туған 

жерім» 

(Қатаповалар) 



сынды 

әндер  дуэтпен  тамаша  орында-

лып  жатса,  №1  ЖОББМ  құралған 

квартеттің  шырқауындағы  «Жу-

равли»  әні  мен  оқушылардан 

құралған вокалдық топ та көпшілік 

көңілінен  шықты.  «Жәнібек  сазы» 

халықтық-фольклорлық  ансамб-

лі  З.  Блантердің  сөзіне  жазылған 

Исаковскийдің  «В  лесу  при  фрон-

товом»  атты  әнін  орындады.  Сол 

кездегі  жауынгерлерге  бойға  жі- 

гер,  жүрекке  жалын  берген  «Яб-

лочка»,  «Синий  платочек»,  «Смуг-

лянка», «Катюша» билері биленді. 

Концерттік  бағдарлама  «День 

Победы»  әнімен  қорытындыланып, 

Жеңіс күніне арналған отшашумен 

аяқталды.


Каталог: wp-content -> oraloniri -> news -> img -> 2015
2015 -> Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ
img -> Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
img -> Жуырда Жаңақаладағы аудандық рухани орталықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
img -> Облыстық ҚОғамдық­САяси газЕТ
2015 -> Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ
img -> Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
img -> Керуен сарай береке бастауы

жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет