Иман облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата01.05.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өз тілшіміз

Заң  –  тәртіп  кепілі

Шара барысында «Таза сессия» 

акциясы,  «Жастар  жемқорлыққа 

қарсы»  флешмобы,  жастар  ара-

сында сауалнамалар жүргізу тура-

лы ой-пікірлер айтылды.

«Жас  Отан»  жастар  қанатының 

белсенділері  «Тәрбие  отбасынан  бас- 

 талады»  демекші,  жанұяда  адам-

гершілік мәселесіне көп көңіл бө- 

 лу  қажет  екендігі  жөнінде  өз  ой-

ларын білдірді.

Олар  сонымен  қатар  тренинг 

өткізу  қажеттілігіне,  өйткені  әр 

адамның  адамгершілік  қасиетте-



Жемқорлық – індет, оны жою – міндет!

«Таза  сессия»

БАсТАЙды

жуырда «нұр Отан» партиясы «жас Отан» жастар 

қанатының белсенділері, Қазақстан студенттер альян-

сы көшбасшыларының қатысуымен «Қазақстан респуб-

ликасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жем- 

қорлыққа қарсы стратегиясын» насихаттауға арналған 

дөңгелек үстел өтті.

рін арттыруда тренингтің рөлі зор 

екендігіне  тоқталып  өтті.  Басшы-

ларды қарапайым адамның орны-

на  қою,  яғни  рөлде  ойнату  арқы- 

лы  өзгелердің  жағдайын  түсінеді 

деп ой бөлісті.

Сонымен қатар әлеуметтік бей-

нероликтерді  телеарналарда,  кө- 

шедегі  экрандарда  көптеп  көрсе- 

ту, жас ұрпақты тәрбиелеуде мульт- 

фильмдердің  персонаждарын  пай-

далану,  қоғамдық  көмекшілерді 

енгізу  ұсыныстары  ортаға  салын-

ды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және  

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  

БҚО бойынша департаменті


6

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  14 мамыр 2015 жыл

оҚыРмАн


Х

имия ғылымы «ғажа- 

йыптан»  пайда  бол-

ған  ілім  ғой.  Сол  ға-

жайыптың  қыр-сырын  зерт- 

теп,  бүгінде  отандық  химия 

ғылымы саласында өз қолтаң-

басын  қалдырып  үлгерген 

жанның  бірі  –  профессор, 

химия  ғылымдарының  док-

торы  Дина  Меңдәлиева.  Оның 

физхимия, қосымша топша метал-

дары,  мұнай  химиясы  салалары 

бойынша  жарық  көрген  бірқатар  

еңбектері  республика  көлемінде 

жоғары  бағаланды.  Сапалық  ана-

лиз,  аналитикалық  химиядан  қол- 

 даныстағы  оқу  құралдарының  

мектеп  оқушылары,  студенттер  

үшін  көмегі  зор. 



ғылыммен айналысып, дүниені әр қырынан таныған 

ғалымдарымыздың дені елордамыз бен оңтүстік аста-

нада, қала берді облыс орталықтарында еңбектенуде. 

кейде қаймағы бұзылмаған қазақ ауылындағы нақты 

ғылымдардың жағдайын ойлайсың. кімге қарап бой 

түзейміз? кімнен үйренеміз? кімнен бағыт алып, қа-

лайша жұмыстанамыз? Осы бірнеше сауалдың жауабын 

бір-екі жылдың турасында тапқандай болдым. 

Бірақ  бүгін  мен  Дина  Кенже-

бекқызының    өзге  де  игі  бастама- 

ларына  ой  жүгіртпекпін.  М.  Өте- 

місов  атындағы  БҚМУ-да  4-курс-

та  оқып  жүргенімде,  ол  химия  ка-

федрасы  меңгерушісі  қызметіне 

келген еді.  Біз үнемі оған кез кел- 

ген  мәселе  бойынша  еркін  жо-

лыға  алатынбыз.  Өйткені  ол  сені 

Ол  1922  жылы  Жаңақаланың    Жуантөбе  

ауылдық  советінің  «Жаңаталап»  колхозында 

туып, С. Киров  атындағы орта мектепті бітірген 

соң,  Орал педагогикалық  институтының қазақ  

тілі  мен  әдебиеті    факультетіне    оқуға    түскен. 

1942  жылы  әскерге  шақырылып,  Воронеж,  Смо-

ленск    түбіндегі    ауыр    шайқастарға    қатысып, 

Белоруссияны  азат  ету  үшін  болған    жойқын  

ұрыстардың  ортасында  жүрген  жан.  «Герма-

нияны  жеңгені  үшін» медалімен наградталып, 

1945  жылы  елге  оралады.  Ағайымның  мен  бі-

летін марапаты осы ғана. Басқа да медальдары 

болған,  бірақ    олар  қазір  есімде  жоқ.  Ауылға 

жеңістің 70 жылдығына  орай майдангер Қайырғали 

есқайыров ағайды есіме алып отырмын. 

оралысымен,  Жігер  жетіжылдық    мектебінде 

мұғалім, кейін мектеп директоры  болып  жұмыс  

істейді.  Бірнеше  жылдан  соң  Ұялы  ауылында  

мектеп директоры, 1957-1958  жылдары  аудан 

орталығында  мектеп  инспекторы  болып  қыз-

мет  атқарған.  1958-1960  жылдары  Құрманғазы 

мектеп-интернатында  директор  болды,  кейін 

қызмет бабымен Қисыққамыс ауылына ауысты-

рылады.  Қисыққамыс  ауылына  келгеннен  ке- 

йін денсаулығы күрт сыр беріп, дүние салды.

Соңында  шулап  шиеттей төрт  баласы, зар 

еңіреп  жары  Әсима  қала  барды.  Шүкір,  бұл 

күндері Отан үшін от кешкен азаматтың соңын- 

да  қалған  перзенттері  жетіліп,  өздері    ұрпақ 

өрбітіп  отыр.  Менің  аналық  ақ  тілегім,  бүгінгі 

жастар  мен  келер  ұрпақ  соғыс  сұмдығын  еш-

қашан  сезінбесін,  майдандағы  жанқиярлық  ер- 

лік  және  тылдағы  жанкешті  еңбекпен  келген 

Жеңісті,  бейбіт  өмірді  бағалай  білсін!

 

Меңдеш  НЕТҚАЛИЕВА,

«Халық  ағарту  ісінің  озық 

қызметкері»,

«Батыр ана», 

Орал  қаласы

Майдангер-ұстаз  болатын

Туған  жеріне

жанашыр  ғалым

алдымен  зейін  қойып  тыңдап, 

кейін  байыппен  өз  ойын  білді-

ретін.  ЖОО-дағы  соңғы  жыл  бол- 

 ғандықтан,  көп  уақытымды  мек-

тептегі  сараман,  дипломдық  жұ- 

мыс  дайындауға  жұмсадым.  Дина 

Кенжебекқызының  студенттерге 

сонша  қамқорлық  танытып,  ба-

ғыт  бергенін  көре  жүріп,  әттең, 

осындай  мүмкіндіктің  менде  енді 

болмайтындығына  налитынмын...  

Себебі  оқу  бітіріп,  «Дипломмен 

ауыл

 

ға»  бағдарламасымен  түлеп 



ұшқан  мектебіме  кеттім.  Оқушы-

ларды  химия  ғылымының  нәрі-

мен  сусындатып,  еңбек  етіп  келе 

жатқаныма бес жыл. 

Мұғалімнің  оқыту үдерісі  нәти-

жесінің  бірден-бір  көрсеткіші  – 

оқушы  жетістігі.  Ол  сабақтан  тыс 

түрлі  деңгейдегі  сайыстар  мен 

олимпиадалар,  турнирлерден  кө- 

рінеді.  2012  жылы  әл-Фараби  атын- 

дағы  ҚазҰУ-дың  химия  және  хи-

миялық  технология  факультеті  

ұйымдастырған  аудандық  олим-

пиадасы  үлкен  игі  істің  бастама-

сы  болды.  Оның  себепшісі  -  Дина 

Кенжебекқызы. Туған өңірінде хи- 

мияның  маңызы  мен  мүддесін 

еселеу  үшін,    еліміздегі  іргелі  оқу 

орнының  артқан  зор  жауапкер-

шілігін ол мойнына алды. Осы кез-

де  Дина  Кенжебекқызымен  қай- 

та  қауышуға  мүмкіндік  туғанына 

шын қуандым. Үлкен қажырлылық 

пен  мол  жауапкершілікті  талап 

ететін  осы  бастама,  міне,  үшінші  

жыл  сәтті  жүзеге  асып  келеді.  «Әл-

Фараби  олимпиадасына»  өтініш 

білдірген  кез  келген  оқушы  жы- 

лына  екі  мәрте  өтетін  олимпиа-

даға  қатысуына  мүмкіндігі  бар. 

Ал  жалпы  жинақ  ұпай  бойын- 

ша  алға  шыққан  мектеп  оқушы-

лары  командасына  арнайы  ку-

бок  тағайындалған.  Бұл  –  ерекше 

мүмкіндік.  Дина Кенжебекқызына 

олимпиаданың  тиісті  деңгейде  әрі 

уақтылы  өтуіне  қолдау  көрсетіп 

отырған  –  аталмыш  ЖОО  аспи-

ранты  Руслан  Ермағамбетов. 

Мектеп бітірушілер мен  қосым-

ша  ізденістегі  оқушыларға  Дина 

Кенжебекқызының  жұмыс  кабине-

ті  үнемі  ашық.  Қызмет  кестесінің 

өте  тығыз  екендігіне  қарамастан, 

білімге құлшынысы зор жастан ол 

уақытын аяған емес. 

Дина  Кенжебекқызының  әкесі 

Кенжебек  Меңдәлиев  –  осы  өңірдің 

өркендеуіне  зор  үлес  қосқан  аза-

мат.  Оның  атқарған  абыройлы  іс- 

тері  үшін  халқы  көшеге,  Қазталов 

ауданында  мектепке  К.  Меңдә-

лиевтің есімін берді. 

Чапаев ауылындағы Абай атын-

дағы  мектеп-гимназия  бұрынғы 

қазақ  орта  мектебінің  ғимара-

тында  қоныстанған.  Дина  Кенже-

бекқызы  бір  жылдары  осында  бі- 

лім алған. Ұстазым қанаттанған ал- 

тын  ұяда  бүгіндері  мен  қазақ  ба-

лаларын  химияның  таңғажайып 

әлеміне жетелеудемін.



Әсима ҚАДЫРБАЕВА,

Абай атындағы мектеп-

гимназиясының  

химия пәні мұғалімі,

Ақжайық ауданы

Таяуда  Атырау  қаласында  ере- 

сектер  арасында  бокстан  VII  ха-

лықаралық  турнир  аяқталды.  Ар- 

насын  кеңге  жайып,  деңгейі  жо-

ғарыдан  көрінген  халықаралық 

ауқымдағы  бұл  спорт  сайысының 

басты  ерекшелігі  –  оның  Иса-

тай  мен  Махамбет  батырлардың 

өшпес  рухына  тағзым  ретінде 

өткізілуінде. 

Турнирге  Қазақстан  мен  Орта 

Азия  республикаларынан,  Ресей 

мен Қытайдан және Моңғолиядан 

сайдың  тасындай  іріктелген  86 

былғары  қолғап  шеберлері  келді. 

Халықаралық  сайысқа  Батыс  Қа-

Исатай  мен  Махамбет 

рухына  арналды

зақстан  облысынан  да  үш  спорт-

шы  қатысып,  бақ  сынады.  Олар 

Мейрамбек  Мәжитов,  Алмазбек 

Орынғалиев және Жарас Жүсіпов. 

Турнир  қорытындысында  алғаш-

қы  екеуі  52  және  75  киллограм-

дық  салмақ  дәрежелері  бойынша 

екінші  және  үшінші  орындарды 

иеленді. Айта кету керек, бұл бокс-

шылар  –  Азия    чемпионы,  Афи-

ны  олимпиадасына  қатысушы 

Нұрлан  Кәрімжанов  басшылық 

ететін  Оралдағы  облыстық  жоға-

ры  спорттық  шеберлік  мектебінің 

тәрбиеленушілері.



Т. ҒАЛИЕВ

Исатай  мен  Махамбет 

рухына  арналды

7

oral_oniri@inbox.ru



Бейсенбі,  14 мамыр 2015 жыл

ӘлеумеТ


О

блыстық  мәдениет,  мұ- 

рағаттар  және  құжат-

тама  басқармасы,  қала 

әкімдігі және Жұбан Молдағалиев 

атындағы  облыстық  әмбебап-ғы-

 

лыми  кітапхана  ұжымы  бірлесе 



ұйымдастырған  шараға  жоғары 

және  арнаулы  орта  білім  беру 

орындарының  ғалымдары  мен 

оқытушылары,  «Жайық  Пресс» 

ЖШС,  Жәнібек,  Қазталов  ауданда-

«Жойылмаса  игі  еді,

артта  қалған  ізіміз...»

кеше қаламыздағы 

ғарифолла Құрманғалиев 

атындағы облыстық 

филармонияның концерт 

залында алаш қайраткері, 

ойшыл ақын, ағартушы 

ғұмар Қараштың туғанына 

140 жыл толуына орай 

«ғұмар Қараш – тарихи 

тұлға» атты облыстық 

ғылыми-практикалық 

конференция өтті.

рының өкілдері, ақын-жазушылар, 

қоғамдық  ұйымдар  мен  мекеме 

басшылары қатысты.

Конференция  жұмысын  облыс- 

тық  мәдениет,  мұрағаттар  және 

құжаттама  басқармасы  басшысы-

ның  орынбасары  Әбіл  Жолама-

нов  жүргізді.  Философия  ғылым-

дарының  докторы,  Жәңгір  хан 

атындағы  БҚАТУ  профессоры  Ті- 

лекжан Рысқалиев, филология ғы-

лымдарының  кандидаты,  Махам-

бет Өтемісов атындағы БҚМУ про-

фессоры  Серікқали  Шарабасов, 

тарих  ғылымдарының  кандидаты, 

БҚГА  доценті  Бақтылы  Боранбаева, 

тарих  ғылымдарының  кандида-

ты,  БҚГА  профессоры  Дәметкен 

Сүлейменова,  белгілі  журналист 

Қазбек  Құттымұратұлы,  сондай-ақ 

«Жайық  Пресс»  ЖШС-ның  бас  ди-

ректоры  Жантас  Сафуллин  баян-

дама  жасап,  ұлы  тұлғаның  ұрпақ- 

қа  үлгі  етерлік  жан-жақты  қырла-

рына жаңаша тоқталды.

Ғұмар Қараштың бірқатар өлең 

жолдарына  пәлсапалық  талдау 

жасаған  философия  ғылымдары-

ның докторы Тілекжан Рысқалиев 

«Менің ойымша, Ғұмар Қараш – есі-

мі  тасада  қалып,  қазақ  мәдениетін- 

дегі  орны  әлі  де  лайықты  баға-

сын  алып  үлгермеген  ұлы  ойшыл-

дардың  бірі.  Оның  мұраларының 

халқымызға,  әсіресе,  жас- 

тарға  бергенінен  берері  

көп. Тек оған қайта оралуы- 

мыз  керек»  деген  түйін  жа- 

сады.  «Ғұмардың  «Неден 

қорқам?»  деген  жалғыз-ақ 

өлеңінің  өзінде  тұтас  адами 

философиялық  даналық  жа- 

тыр»  деген  Серікқали  Шараба-

сов  аталмыш  өлең  жолдарын  ар-

қау  ете  отырып,  бүгінгі  таңдағы 

қоғамда  орын  алып  жатқан  ке- 

леңсіздіктердің  бетін  ашты.  Бақ-

тылы  Сансызбайқызы  Ғұмар  Қа- 

раштың  өмірі  мен  қоғамдық  сая-

си  қызметі,  ал  Дәметкен  Сүлей-

менова  Алаш  қозғалысы  және 

Ғұмар  Қараш  тақырыбында  ой 

толғады.  Журналист  Қазбек  Құт- 

тымұратұлы  Ғұмар  Қарашты  қа- 

зақ  журналистикасының  негізін 

салушылардың бірі ретінде қарас-

тырса,  «Жайық  Пресс»  ЖШС-ның 

бас  директоры  Жантас  Сафуллин 

«Ғұмар Қараш рухының парасаты: 

өткеннен  үлгі  –  болашаққа  өне- 

ге»  атты  баяндамасында  ұлы  тұл- 

ғаны  ұлықтау  бағытында  өзі  бас- 

қаратын  мекеме  қызметкерлері 

атқарып  келе  жатқан  бірқатар  нақ- 

 ты  істерге  тоқталды.  Ол  сондай-

ақ  жиылған  көпшілікке  Ғұмар 

Қараштың  Мәскеуде  тұратын  не- 

мересі  Надежда  Қарашеваның  өз 

атасы, шыққан әулеті жайында әң- 

гімелеген  бейнесұхбатын  тамаша-

лауға  мүмкіндік  жасады.

–  Бүгінгі  конференцияны  ұйым- 

дастырудағы  мақсатымыз  Ғұмар 

Қараш  сынды  ұлы  ойшыл,  ағарту-

шы  тұлғаның  кейінге  қалдырған 

мұралары  арқылы  өскелең  ұрпақ- 

ты  тарихын,  Отанын  сүюге  жете-

леу болатын. Осы бағыттағы шара- 

лардың  легі  конференция  жұмы-

сымен  тәмамдалып  қалмақ  емес. 

Бұл  Ғұмарды  танудағы  кешенді, 

жүйелі  шаралардың  бірі  ғана  деп 

есептейтіндеріңізге сенемін, - деді 

конференцияны  қорытындылаған 

облыстық  мәдениет,  мұрағаттар 

және  құжаттама  басқармасы  бас-

шысының орынбасары Әбіл Жола-

манов.

Аталмыш  шара  аясында  Ғұмар 



Қараштың өмірі мен шығармашы-

лығы туралы деректерді қамтитын 

«...  Жойылмаса  игі  еді,  артта  қал-

ған ізіміз» атты кітап көрмесі кон-

ференцияға  қатысушылардың  на-

зарына ұсынылды.



Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Орал өңірі»

Суретті түсірген  

Медет ДОСУМОВ

Е

скерткіш  тұғырдың  орта-

сында  мәрмәрға  қашап 

жа

 



зылған  «Елмен  бірге 

мәңгілік,    рухың  тұрар  жаңғы- 

рып!»  деген  сөз,  оның  астында 

6  тақтаға  осы  ауылдан  сұрапыл 

соғысқа  аттанған  65  азаматтың 

есімі жазылған. 

Аудан басшысы Жеңіс күні қар-

саңында  осындай  игілікті  іс  ат- 

қарғаны  үшін  ел  азаматтарына 

алғыс  айтты,  бұл  майдангерлер-

ге  құрмет,  ұрпаққа  мирас    болар 

рухани дүниелердің айнасы екен-

дігіне тоқталды. Н. Төреғалиев пен 

ауылдық  округ  әкімі  Б.  Қыдыр- 

ғожин  ескерткіштің  орнауына  ті- 

келей  атсалысқан  ауыл  азамат-



ақжайық ауданы 

Тайпақ ауылдық округінің 

шабдаржап ауылында Ұлы 

жеңістің 70 жылдығына 

орай соғысқа қатысқан 

жерлестер мен майданнан 

оралмаған боздақтарға 

арналған ескерткіш тақта 

салтанатпен ашылды. Бұл 

шараға аудан әкімі нариман 

Төреғалиев қатысты. 

Салтанатта  әскерге  шақыры-

латын жас азаматтарға тіркеу куә-

лігі  берілді.  Сондай-ақ  «Жас  қы- 

ран»,  «Жас  ұлан»  ұйымының  мү-

шелеріне қабылдау өтті. 

Бір  кезде  Харькин  мектебінің 

алғашқы  меңгерушісі  болған  май-

дангер  Нұғман  Досқалиевтің  не-

мересі Надежда Досқалиева, май- 

дангерлер Георгий Бакиров, Кузь- 

ма  Башеньятов,  Николай  Егоров-

тың  да  ұрпақтары  осы  ұлағатты 

шарада болды. 

Майдангерлер  рухына  бағыш-

талып ас берілді.



Тілес  ЖАЗЫҚБАЙ,

Ақжайық  ауданы

тарына  алғысхат  пен  естелік  сый-

лықтар табыстады. 

Майдангер  Айтжан  Жұбанов-

тың  қызы  Светлана  Жұбанова,  ау-

дандық  қорғаныс  істері  жөнінде- 

гі  бөлім  басшысының  орынбаса-

ры  Қадырбек  Бегманов,  майдан-

гер  Баянғали  Мұқановтың  қызы 

Рысты  Мұқанова  т.б.  осы  құрмет- 

ті орынның ашылуына бастамашы 

болған  мектеп  директоры  Бек-

зат  Ығылманқызына,  қаржылай 

көмек  көрсеткен  шаруа  қожалық-

тарына,  кәсіпкерлерге,  майдан- 

гер  ұрпақтарына  және  осы  құры- 

лысты  жүргізген  мектеп  кіші  қыз- 

меткерлеріне  зор  ризашылықта-

рын білдірді.

«... рухың тұрар жаңғырып!»

Оларды    бір  дастарқан  басына 

тоқайластырған  –  облыстық  ауыл 

шаруашылығы  басқармасы.  Оның 

басшысы  Марат  Оңғарбеков  шы- 

райлы  кездесудің  тізгінін  қағып, 

көгілдір  көктем  айында  жүйеме-

летіп  тойланатын  мерекелерді 

санамалап,  әсіресе,  Жеңістің  70 

жылдық  мерекесіне  ерекше  тоқ- 

талды.  Осы  отырғандардың  ара-

сында  сонау  соғыс  жылдарында 

балалық  шақтарымен  ерте  қош-

тасып, табанын  тасқа  тілдіріп, үл-

кендермен  бірге    еңбек  еткен  ар-

дагерлер де бар еді. Олар туралы  

Оңғарбеков  тебірене  әңгімеледі. 

Шынында  да,    бір  дастарқан  ба- 

 сында кездескендердің  бәрі де об-

лыстың  ауыл  шаруашылығының 

ыстығы  мен  суығын  татудай-ақ  

татқан  майталман  жандар.  Тіпті  

көп  әріге  бармай-ақ,    колхоз-сов- 

 хоз  тарап,  арендалық  жүйеге  кө- 

шу, оны аяқтамай жатып коопера-

тивтік  шаруашылықтар  құру,  се- 

Жаңбыр  жауды  



мамырдың  жылы  жаңбыры  себелеп тұр еді сол 

сәтте. алды сексеннің сеңгіріне шыққан соңы жетпісті 

желкелеп жүрген ақсақалдар мен ақ жаулықты  әжелер,  

яғни облыстың ауыл шаруашылығы саласының бір топ  

ардагерлері «наурыз» мейрамханасына  жиналды. 

ріктестікке  бірігу  сияқты  алақұ- 

йын  уақыттарды  бұл  жандардың 

бәрі басынан кешкен. Экономика- 

лық  қиындықтар  жан-жақтан  қыс- 

паққа  алған  кездегі  орасан  зор 

ауыртпалықтар  осы  отырған  бүгін-

гі  ағаларымыздың  мойнына  түс-

кен  еді.  Сол  кезде  аудан,  шаруа- 

шылық, серіктестік басқарған олар 

не көрсе де,  ауыл  халқымен бір- 

ге  көріпті.  Сөйтіп,  бүгінгі  шүкір 

дегізген  күндерге  іргетас  қалап-

ты. Қимылдары шау тартса да, қау-

қарлары  қайта  қоймаған,  өмірге 

құштарлықтарын  жоймаған  қария-

лар  әңгіме  тиегін  ағытты.  Ара-

сында  өнерлі  жастар  ән  шырқап, 

отырысты    одан  сайын  құлпырт- 

ты. Сыртта мамырдың  жылы жаң-

быры  себелеп  тұрды.  «Биылғы 

жыл  берекелі  болғалы  тұр»  деп  

ырымға  балаған  қариялар қуанып 

жатты...


Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ       

сол  кҮні



жАңА ИндусТРИялАндыРу

Бейсенбі,   14  мамыр   2015 жыл

8

oral_oniri@inbox.ru



Елімізде қолға алынған үдемелі 

индустриалдық-инновациялық 

бағдарлама  шеңберінде  кәсіп-

орынның технологиялық желілері 

толықтай  жаңғыртылды.  Осы  жұ- 

мыстар барысында компания бас- 

шылығы  «Mori  Seiki»,  «Fanuc», 

«Schenck»,  SULZER  METCO  және  

өзге  де  әлемдік  танымал  өндіріс- 

шілердің  заманауи  қондырғыла- 

рын  орнатуға  қол  жеткізді.  За-

уытта  газ  айдайтын  агрегат-

тар  мен  газтурбиналық    электр 

стансалар  жасау  өндірісі  игерілді. 

Сондай-ақ  өндіріс  ошағындағы- 

лар  авиақозғалтқыштарды  жөн- 

деумен  айналысады.  Компания- 

ның  мамандары  зауыттың  бола- 

шағын  инновацияға  негізделген  

жоғары технологиялармен байла- 

ныстырады.  Өндірісті әртараптан- 

дыру  шараларының  нәтижелері 

қазіргі  қиын  кезеңде  компания- 

ның  жұмысын  ылдиға  емес,  өрге 

сүйреуде. 

Технологиялық  жаңғыртудан 

өткен  өндірістік  цехтардың  бірін-

де  болғанымызда,  зауыттағылар 

лазерлік  кешен  және  беттік  ме-

талды  майыстыру  құрылғысының 

жұмысымен таныстырды.

-  Лазерлік  кешен  жабдығы 

өте  күрделі.  Беттік  металды  түрлі 

қажетті  қалыпта  өлшеп  кеседі.  

Озық  технология  уақытты  үнем- 

дейді әрі өңдеуді аса жоғары дәл- 

дікпен  орындайды.  Құрылғылар 

сандық  бағдарламалардың  көме- 

гімен  басқарылады.  Майыстыру  

құрылғысы  жазық  металл  жай- 

маларын  түрлі  қажетті  градуста  

майыстырып,  иіп  береді.  Мұның 

да  тиімділігі  сол,  жұмысты  өте 

дәл  әрі  шапшаң  орындайды.  

Қондырғылардың  жұмысын  мең- 

геру  үшін  Мәскеуде  өндірістік 

тәжірибеден өттім, - деді инженер-

технолог,  бағдарламашы  Рамиль 

Рахымбердин. 

Ол  –  Жәңгір  хан  атындағы  Ба- 

тыс Қазақстан аграрлық-техникалық 

университетінің машина жасау фа- 

культетінің  түлегі.  Бүгінгі  білікті  

маман  тапсырыс  қазіргіден  де 

молырақ  болып  жатса,  мынадай 

заманауи  кешенде  үш  ауысымда 

жұмыс істеуге әбден болады деген 

пікірін іркіп қалмады. 

Ыстықтай  бүрку  цехында  тех-

нолог  болып  еңбек  ететін  Алек-

сандр  Өтебалиев  шетелдерде 

арнайы  курстарда  оқып,  білім-

біліктілігін  шыңдады.  Кәсібіне  деген  

құштарлығының  арқасында    жаңа  

технологиялық  үрдістерді  тез  мең- 

геріп  алған,  термоөңдеу  жабдығы- 

ның  «құлағында»  ойнайды.  Ол  ни-

кель мен хромның қорытпасынан 

алынатын  ыстыққа  төзімді  және 

тот  баспайтын  жабынмен  қаптау 

вакуумды  кеңістікте  жүзеге  аса-

тынын  іс  жүзінде  көрсетіп  берді. 

Александрдың  айтуынша,  осы  тех- 

нологиялық  үрдістің  нәтижесінде 

металл  бөлшектерді  пайдалану 

мерзімін ұзартуға болады.  

Зауыттың  өндірістік  базасында  

АҚШ-тың «General Electric» компа- 

ниясының  лицензиялық  техноло- 

гиясы  негізінде  газ-турбина  құрыл- 

ғыларын,  автоматика  мен  бас- 

қару  жүйесін  жөндеу  және  күтім 

жасауға  арналған  сервистік  ор- 

талық  ашылған.  Заман  көшінен 

қалыс  қалмай,  алға  ұмтылған 

өндіріс  орны  жаңа  көкжиектерге 

ұмтылуда.  2010  жылы  Индустрия- 

ландыру  картасы  аясында  құны  3 

млрд.  теңгеге  бағаланған  газ  айдау 

агрегаттары  мен  газтурбиналық 

электр  стансаларын  өндіру  жо-

басы  жүзеге  асырылды.  Бірақ 

«БҚМК»  АҚ  жеткен  жетістіктерге 

тоқмейілсімей,  өндіріс  көлемін 

арттыруды көздейді. 

-  Өнімдерімізбен  Атырау,  Маң- 

ғыстау, Ақтөбе облыстарын қамту- 

дамыз.  Негізгі  серіктестеріміз  -  

«Маңғыстаумұнайгаз»,    «Өзенмұ- 

найгаз»,  «Ембімұнайгаз»  компа- 

ниялары.  Әрине,  әлемдік  эконо- 

микалық  дағдарыс  жағдайында 

жаңа  жолдарды  іздестіріп,  жаңа 

өнімдер өндірісін игеруге мән бе-

рудеміз.  «General  Electric»  компа- 

ниясының  лицензиялық  техно-

логиясы  негізінде  газтурбина  құ- 

рылғыларын,  автоматика  мен  бас- 

қару  жүйесін  жөндеу  және  күтім 

жасауға  арналған  сервистік  орта- 

лық  жұмыс  істеуде.  Ресейдің  Са- 

мара  қаласындағы  «АэроВолга»  

авиациялық  компаниясын  авиа- 

циялық  техникамен  қамту  жөнінде 

келісім  бойынша  өнімдерімізді  өт- 

кізудеміз. Негізінен шассидің бөл- 

шектері,  өзге  қосалқы  бөлшек- 

тер  жасалуда.  Зауытта  АҚШ-тың 

«LANC  AIR»  компаниясымен  бір-

лесіп  құрастырылған  отандық  тә- 

жірибелік  ұшақ  сынақтан  өткізі- 

луде.  Өнімдерімізге  сұраныс  бар. 

Еліміздегі  ұлттық  компаниялар- 

мен де меморандумдар жасалған, –  

деді  «БҚМК»  АҚ-ның  маркетинг  

бойынша директоры Диас Айдар- 

ғалиев. 

Газ  айдау  агрегаттарының  қоз- 

ғалтқыштарын  жөндеумен  айна- 

лысатын  цехқа  тапсырыстар  кө- 

лемі  сәл-пәл  азайған.  Қазіргі  уа- 

қытта  цехтағы  жұмысшылар  «Ин- 

тергаз  Орталық  Азия»  компания- 

сының  тапсырыстарын  орындау-

да.  Зауыт  басшылығы  негізгі  серік-

тестерімен  2014-2019  жылдарды 

қамтитын  өнім  өткізу  жөніндегі 

келісімшарт  жасаған.  Нарықтағы 

мұнай  бағасының  құлдырауына 

байланысты  мұнай  компания-

лары  көрсетілген  қызмет  үшін 

төленетін  ақыны  кешіктіреді.  Мұн- 

дай  жағдайлар  Ұлттық  компани-

ялар  тарапынан  да  байқалуда. 

Бірақ  мұның  барлығы  келісім-

шартта  қарастырылғандықтан, 

оны  түбегейлі  өзгерту  мүмкін  емес 

деседі.  

Кәсіпорын  жоғары  парафинді 

әрі  қою  мұнайды  жылытып  ай-

дайтын  пештің  9  түрін  шығарады. 

Тапсырыстар  Атырау,  Маңғыстау 

облыстарындағы  мұнай  компа-

нияларынан  түседі.  «Биыл  жыл 

басынан  бері  үшінші  көлемді  пеш- 

ті құрастырудамыз. Шағын көлем- 

дісінің  60  шақтысы  жиналды. 

Цехта  100  адам,  дәнекерлеу- 

шілер,  слесарьлар  жұмыс  істейді. 

Дәнекерлеушілеріміз  жыл  сайын 

арнайы  оқу  орталығымыздағы  оқу  

курсында  оқып,  аттестациядан  

өтеді.  Жұмысқа  жіберілер  алдын- 

да  сынақтан  өтеді.  Шығарылатын 

өнімнің  міні  болмауы  керек,  -  

дейді  №2  өндірістік  механожинақ- 

тау  цехының    басшысы  Мереке  

Шәкенов.  Цехта  түрлі  көлем- 

дегі  сыйымдылықтар  «Маңғыстау- 

мұнайгаз»  компаниясына  дайын-

далуда.  Зауытта  тапсырыс  бере-

тін  компаниялардың  техникалық 

талаптарына  сай  жұмыс  істейтін 

конструкторлық  бюро  жұмыс  іс-

тейді.  

- Зауытта слесарь болып еңбек 

еткеніме 25 жыл болды. Мұнайды 

жылытатын  пешті  құрастырып, 

отқа  жанбайтын  плита  материа-

лымен  қаптаудамыз.  Жалақымыз 

тұрақты.  Жаңа  тапсырыстар  түсе 

берсін  дейміз,  нанымызды  осы 

жерден  тауып  отырмыз,  -  деді  за-

уыт  жұмысшысы  Мұрат  Жанесе-

нов.

Қазір  компанияда  500  адам 



нәпақасын тауып жүр.


Каталог: wp-content -> oraloniri -> news -> img -> 2015
2015 -> Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ
img -> Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
img -> Жуырда Жаңақаладағы аудандық рухани орталықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
img -> Облыстық ҚОғамдық­САяси газЕТ
2015 -> Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ
img -> Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
img -> Керуен сарай береке бастауы

жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет