Иман облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ


Телефондар: Өшпейді  асыл  бейнең  жады- мыздан! (Марқұм  Жеңіс  Қажғалиұлы



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет11/11
Дата01.05.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Телефондар:

Өшпейді  асыл  бейнең  жады-

мыздан!

(Марқұм 


Жеңіс  Қажғалиұлы 

Қажиақбаровтың  70  жылдығына 

орай.)


Арманда  кеткен  арыстардың  ор-

нына  өмірге  келген  сәбидің  есімін 

үлкендер жақсылыққа жорып Жеңіс 

қойған болатын.

Отбасының  тірегі,  адал  жар, 

балаларының асқар тауы, мейірбан-

ды әкесі, аяулы азамат, жан жолдас, 

қимас  досымызды  мейірімсіз  ажал 

арамыздан  алып  кетпегенде  70  жасқа  толар  еді.  Өмірден 

өткеніне  төрт  жылдың  жүзі  болды.  70  жылдығы  тойланып 

жатқан Ұлы Жеңіс күнін де көре алмай ерте кетті. Басымызға 

қайғының  қара  бұлты  үйірілді.  Жайраңдап  ортамызда 

жүрмейтін  болдың.  Жүзіңді  көруге,  дауысыңды  естуге  зар 

болдық.


Жар  жүрегі  қайғыдан  қарс  айырылды.  Құстар  ора-

лар  көктемде  іңгәлап  дүние  есігін  ашқан  ғұмыр,  қоңыр 

күзде  үзіліп,  сағынышқа  айналып  кете  барды.  Бірақ  біз 

үшін  өзіңмен  бірге  болған,  күнделікті  тірліктің  қуанышын 

бөліскен  бақытты  мезеттер  мен  сәттер  естен  кетер  ме?! 

Жеңіс  жанымызда,  сезімімізде  де,  бізбен  бірге  өмір  сүріп 

келесің.  Достары  үшін  Сені  ұмыту  өткенімізбен  қоштасу. 

Өмірдің  өкініштілігі  мұңды  жоқтауға  ұласты.  Жүрегің  таза, 

пейілің кең еді.

Жоғары оқу орнын бітірісімен, Сырым ауданына жолда-

мамен  келіп,  жігеріңді  жанып  еңбек  еттің.  Бойыңда  үнемі 

ілгері жаңалыққа бастап, құлшынып тұратын бұла күш бола-

тын. Жастарды соңыңнан ерте білдің. Олар да саған үлкен 

сеніммен қарайтын. 

Аудан  басшылығы  үлкен  сеніммен  екі  шаруашылықтың 

тізгінін  ұстатты.  Халықтың  мұң-мұқтажына  көңіл  бөлуіңнің 

арқасында,  біздің  Жеңіс  деген  атаққа  ие  болдың.  Сірә, 

елдің  берген  бағасынан,  алғысынан  артық  марапат  бола 

ма екен? Халықтың берген бағасына жан дүниең сай еді-ау! 

Бізге айқара ашылатын құшағыңды сағындық. Сұлулық пен 

әдемілікті  аялап,  өнерге  жаның  құмар  еді.  Олай  болмаса, 

ауыл өнерпаздары Алматы сахнасынан өнер көрсетпес еді.

Сіз басқарған ұжым жетістіктері ырыстарыңа ырыс қос- 

ты, ниеттеріңе берді. Абыройларың биіктей түсті. Осының 

бәрі жұртшылықтың көз алдында, естерінде қалды.

Сансыз жақсылықты істерің, жарқын жүзді бейнең, біздің 

жүрегімізде әрдайым сақталады, жаныңыз пейіштің нұрына 

бөленсін.



Өзіңді сағына еске алушылар: үлкен мамасы, 

жары, балалары, достары, туыстары

Бөкей  ордасы  Бөрлі  ауылының 

тұрғыны болған бірімізге  ата, біріміз-

ге  сүйікті    әке   



Қуан  Сабырұлы 

Сабыровтың  бақилық  болғанына 

7  мамырда  20  жыл  болуына  орай 

сағынышпен еске аламыз.

Адал жар, аяулы әке, асыл арман,

Сағыныш сізге деген басылар ма!

Көз жұмдың дүниеден өттің ерте,

Тағдырдың жазғанына шара 

                                                     бар ма?!



Еске алушылар: балалары, 

немерелері, жиендері

Қазталов  ауданы  Ақпәтер  ауы- 

лының  тұрғыны  болған,  ұл-қыз- 

дарының  сүйікті  анасы,  немере- 

жиендерінің  ақ  әжесі  болған  ана-

мыз 


Батима  Жақсылықова  ара-

мызда жүрсе, 17 мамырда  92 жасқа, 

қымбатты  ініміз,  өзінен  кейінгілер-

ге  аға  болған 



Асқар  Алданұлы 

Әлмұқанов  19  мамырда  60  жасқа 

толар  еді,  осыған  орай  сағынышпен 

еске аламыз.

Жатқан  жерлері  жайлы,  топы- 

рақтары торқа, жандары жәннатта және иманды болсын.

Сағына еске алушылар: қыз-күйеу балалары 

Клара, Қадер-Нұрия, Әнуар-Света, бала-

келіндері Абай-Аққаным, Тимур-Күнғаным, 

немере-жиендері

Қаратөбе  ауданының  тұрғыны 

болған бірімізге адал жар, сүйікті ана, 

қамқор  әже  болған 



Мақпал  Қасым 

Асқарқызы  бүгінде  арамызда  бол-

са,  12  мамырда  62  жасқа  толар  еді. 

Анамыздың  топырағы  торқа,  иманы 

жолдас  болғай  деп  сағына  еске  ала-

мыз.

Асыл ана, сөнбейді шырағыңыз,



Өмірде биік тұрар Құраныңыз.

Алдың жарық, ал артың пейіш 

                                                      болып,

Жәннатта болсын орын, тұрағыңыз.



Еске алушылар: жұбайы Алтынбек, бала-

келіні, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері

Сырым  ауданы  Тасқұдық  ауылы- 

ның тұрғыны болған, зайыбына адал 

жар, балаларына сүйікті әке, ата бола 

білген 

Еркін  Дарбаевты  сағына 

еске  аламыз.  Өмірінің  бар  ғұмырын 

жүргізуші  болып  қызмет  еткен 

әкеміздің  мәңгілік  сапарға  аттанып, 

енді  ортамызға  оралмасына  әлі  де 

сене алар емеспіз.

Аузынан «айналайын» түспеп еді,

Соққысын бұл өмірдің күтпеп едік.

 

 

              Сұм ажал арамыздан алып кетті,



 

 

              Амал қанша, тағдырға көндік енді.



Әкеміздің жаны жәннатта болып, топырағы торқа, иманы 

жолдас болсын. 



Еске алушылар: зайыбы мақфуза, ұл-

қыздары және немере-жиендері

Қазталов  ауданы  Жұлдыз  ауы- 

лының  тұрғыны  болған 

Асылхан 

Суеуғалиұлы  Гумаровтың  жарық 

дүниеден өткеніне  7 мамыр күні 10 

жыл болуына орай сағына еске  ала-

мыз. Өзінің  ақжарқын мінезімен, таза 

көңілімен  айналасына  шуақ  шашып 

жүретін  жүрегі  таза,  пейілі  кең  аяу-

лы  ұлым,  сені  жоқтап,  сағынышпен 

еске алып келе жатқанымызға да 10 

жылдың  жүзі  болды.  Жатқан    жері 

жарық, иманы жолдас болсын!  

Көре алмай тіршіліктің көп қызығын

Тата алмай шаттық өмір тәттілігін. 

Жарқырап келе жатқан жұлдызым ең, 

Әттең-ай, ерте сөнді-ау от-ғұмырың.

 Қыраным ең шырқар биік аспанға, 

Айналардай  ұлым едің мақтанға. 

Пенделіктің ашпай жатып пердесін.

Періште боп ұшып кеттің аспанға. 



Еске алушылар: анасы Айғанша, қызы 

Айымгүл, зайыбы Жадыра,

бауырлары Ағеділ-Үнзила, Айдар-Анаргүл, 

Арайлым-Елемес, Айымжан-Айдын

ҚР  Экологиялық  кодексінің  талаптары- 

на  сәйкес  (57-бап),  «Жайықмұнай»  ЖШС   

«Азия  Технолоджи  Групп»  ЖШС  дайында- 

ған «ЧМГККО. МДҚ-да автоқұю қондырғы- 

ны орнату» жұмыс жобасын, «Сапалы Тех-

нология»  ЖШС  дайындаған  Қоршаған 

ортаға  әсерін  бағалау  материалдарымен 

қоса (қоршаған ортаны қорғау бөлімі) БҚО 

бойынша экология департаментіне мемле-

кеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін 

ұсынуды жоспарлауда.

Барлық мүдделі тұлғалар мен қоғамдық 

бірлестіктерге  мемлекеттік  экологиялық 

сараптама  жүргізу  барысында  келесі  ме-

кенжай  бойынша  өз  пікірлерін  білдіруге 

мүмкіндік беріледі: БҚО, БҚО бойынша эко-

логия департаменті, Орал қаласы, Л. Толс-

той көшесі, 59. Телефон: 50-04-81, 51-92-98, 

факс: 51-29-81. 

Батыс  Қазақстан  облысының  жұртшы- 

лығы  орны  толмас  ауыр  қайғыға  душар 

болды.

2015  жылдың 12 мамырында сұм ажал 



көп жыл білім саласында аянбай еңбек ет-

кен Мария Қойшыбайқызы  Шәпкенованы  

арамыздан алып кетті. 

Ол  сұрапыл  соғыстың    ауыр  кезеңі, 

1943  жылы  8  қаңтарда  Шыңғырлау  ауда-

нында дүниеге келген. 1962 жылы мектеп 

бітірген  соң  Мария  апа  екі  жылға  жуық 

Қаратөбе    ауылында    кітапханашылық 

қызмет  атқарды.  Жасынан  іскер,  асқан 

алғырлығымен, зейінді зеректігімен көзге 

түскен    Мария  Қойшыбайқызы  1962-1966 

жылдары  Оралдағы А. Пушкин атындағы 

педагогикалық  институттың  филология 

факультетін  ойдағыдай  бітіріп,  сол  жылы 

өзі  туып-өскен  Шыңғырлау    ауылына 

мұғалімдік  қызметке  орналасады.  Бұл 

жерде  1970  жылға  дейін  жемісті  еңбек 

етеді.  1970-1980  жылдары  Қаратөбе  

ауданындағы  Мұхит  атындағы орта мек-

тепте,  1980-1983  жылдары  Қалдығайты 

орта  мектебінде  ұстаздық  қызметтерді 

абыроймен  атқарады. 1983 жылдан  зей-

неткерлікке  шыққанға  дейін Қаракөл орта 

мектебінде белсенді жұмыс жасайды.

«Ұстаздық  еткен  жалықпас» дегендей, 

ол  білім  саласында  ұзақ  жыл  еңбек  етіп, 

талай  шәкірттердің  жүрегіне  жол  тауып, 

оларды білім нәрімен сусындатты. Бүгінде 

Мария  Қойшыбайқызы  Шәпкеновадан 

тәлім-тәрбие  алған  түлектер  еліміздің 

түкпір-түкпірінде  мемлекеттің  дамуына 

зор үлес қосып жүр.

Бірнеше  жыл  білім  саласында аянбай  

еңбек  еткен  адал  жар,  аяулы  ана  Мария 

Қойшыбайқызының  өзі  де  екі  ұл,  бір  қыз 

тәрбиелеп    өсірді.  Қазіргі  таңда  олар  да 

еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.

Марқұмның  жарқын  бейнесі  білім  

саласының  білгірі,  тамаша  жан,  үлгілі  

отбасының ұйытқысы ретінде батысқазақ- 

стандықтардың жүрегінде ұзақ сақталады. 

Мария   Қойшыбайқызы   ШәПКЕНОВА



Н. НОҒАЕВ, м. ҚҰЛШАР, А. ӨТЕҒҰЛОВ, А. БАДАШЕВ, м. КӘРІмОВ, Б. мӘКЕН, И. СТЕКСОВ, 

м. ТОҚЖАНОВ, Е. САЛЫҚОВ,  С. СҮЛЕЙмЕН, Ғ. ҚАПАҚОВ, А. КӨЛГІНОВ

А. ШАХАРОВ, А. ХАЛЕЛОВ, м. мҰХАмБЕТОВ, А. мЫҢБАЕВА

Құттықтаймыз!

 

24



oral_oniri@inbox.ru

кеРуен сАРАЙ

Бейсенбі,  14  мамыр 2015 жыл

Орал қаласының «№1 Олимпиадалық резервтің 

мамандандырылған  балалар-жасөспірімдер  мек- 

тебі»  директоры 



Қанат  Дүйсенұлы  РАХМЕ-

ТОВТЫ

  мерейлі  55  жасымен  құттықтаймыз.  Сіз 

еңбек  өтіліңіздің  ширек  ғасырға  жуығын  спорт 

базалардың  және  спорттың  өркендеуіне арнап, 

аянбай  еңбек  етіп  келесіз.  Сізге  зор  денсаулық, 

ұзақ өмір тілейміз!

Құтты болсын бүгін туған күніңіз,

Әріптеске биік тұлға – ұстазсыз.

Қуанамыз өзіңізбен біз бүгін,

Шықсын ылғи алдыңыздан ізгі күн.

Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт, 

Келе берсін Сізге ылғи бақ күліп.

Шаттықпен көріп таңның арайын, 

Жаратушы төксін игі жақсылық. 



Құттықтаушылар: «№1 Олимпиадалық резервтің 

мамандандырылған балалар-жасөспірімдер  

мектебі» ұжымы

Ақсай  қаласының  тұрғыны 



Ғәлім  Ихсанұлы 

ҚҰТХОЖИНДІ

  мерейлі  63  жас  туған  күнімен 

құттықтап, деніне саулық, бақытты өмір, жайлы де-

малыс тілейміз.

Еленді еңбек қуанышты бәріміз,

Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.

Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,

Қуанышқа ортақ кіші-кәріміз.



Құттықтаушылар: тума-туысқандарыңыз

Ақжайық  ауданы  Жанама  ауы- 

лының  тұрғындары,  сүйікті  әке- 

міз 


Кенжеғали  Төкенұлы  ТҰ­ 

МАНБАЕВТЫ

  20  мамырда  тола- 

тын  мерейлі  60  жасымен,  анамыз 

Ажар  Қойбағарқызы  ЕСҚАЙЫ­ 

РОВАНЫ

  58  жасымен  құттықтай- 

мыз.

Жан әке, құтты болсын 



                                             60 жасың,

Біз үшін ардақты ғой алтын басың.

Немереден көріңіз шөберені,

Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.

Анажан, өрлей берсін өр кемеңіз,

Ақтауға ақ сүтіңді тер төгеміз.

Мың жасап үрім-бұтақ ортасында, 

Мәңгілік үстем болсын мәртебеңіз.



Құттықтаушылар: балаларыңыз, қыз-күйеу 

балаларыңыз, немере-жиендеріңіз

Бөрлі ауданы  Қызылтау ауылының тұрғыны



 Темірлан Темірханұлы 

САҒЫНҒАЛИЕВТЫ

 9 мамырда толған 18 жасымен және оқу бітіруімен 

шын жүректен құттықтаймыз. Дені сау болып, оқуын ойдағыдай аяқтап, 

жаңа өмірге қадам басып, өмірің ғұмырлы болсын. Жүзіңнен шуақ кет-

пей,  арамызда ойнап, күліп жүре бер. Бақытты бол. Әр уақытта жо-

лын ашық болсын. Ата-әжеңнің, бауырларыңның көз қуанышы болып 

жүре бер. 

Тілек білдірушілер: ата-әжең, ата-анаң, ағаларың, 

апаларың, жезделерің, інілерің

Облысымызды  абаттандыру,  көгалдандыру,  санитарлық  тазалау  мақсатында  жыл  сайын 

облыстық  санитарлық-экологиялық  айлық  жарияланып,  сенбіліктер  өткізу  дәстүрге  айналып 

келеді. Осындай айтулы шараларды жалғастыру мақсатында 16 мамыр күні облыс орталығының 

іргесіндегі мемлекеттік орман қоры аумағының, әсіресе, республикалық және жергілікті маңы- 

зы  бар  автокөлік  жолдарының  бойларын  қураған  және  құлаған  ағаштардан,  сонымен  қатар 

тұрмыстық қалдықтардан тазарту  бойынша облыстық сенбілік өтеді.

Аталған  шара  «Қазақ  хандығының»  550  жылдығына  және  Қазақстан  Республикасы 

Конституциясының 20 жылдығына ұштастырылуда. Шараны өткізудегі мақсат - елді мекендерді 

көріктендіру, экологиялық ахуалын арттыру, жастарды туған өлкеге және еліміздің болашағына 

қамқорлық жасау рухында тәрбиелеу, тазалықты сақтауға шақыру. 

Орал  қаласы  аумағында  сенбіліктің  өтетін  жерлері  туралы  ақпаратты  Батыс  Қазақстан 

облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан 26-52-57, 50-

92-70 нөмірлері арқылы алуларыңызға болады.

Туған  өлкеміздің  тамаша  табиғатын  таза  сақтау  мақсатында  барлық  Ақ  Жайық  өлкесінің 

тұрғындарын айналамызды, қоршаған табиғатымызды сақтауға, тазарту жұмыстарына белсене 

қатысуға шақырамыз.

Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және 

табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Табиғат  қорғау  акциясына  шақырамыз!



жақында    шыңғырлау 

ауданындағы  балалар  саз 

мектебінің оқушылары Қа-

рағанды  қаласында  өткен 

халықаралық  «Тұлға»  бай- 

қауына  қатысып, олжалы 

оралды. 

Атап айтар болсақ,  4 жасар За-

рина    Асқар  (жетекшісі  А.  Ураза-

лина)  вокалдан  І    орын,  скрипка 

сыныбының  1-сынып  оқушысы  

Сабрина  Өтебаева    І  орын  (же-

текшісі  Д.  Халиуллина),  скрипка 

сыныбының  2-сынып  оқушысы 

Құралай  Мырзағалиева  ІІ  орын, 

домбыра  сыныбының  3-сынып 

оқушысы  Сабрина    Кужиева  ІІ 

орын  (жетекшісі  У.  Темірова)  

иеленді.  Байқау  соңында  же-

текшілері  мен  концертмейстер  

З.  Жармағанбетова  «Үздік  ұстаз» 

дипломдарымен  марапатталды. 



Д. ХАЛИУЛЛИНА,

Шыңғырлау ауданы

Шыңғырлаулықтар 

                      олжАлы оРАлды

Мамырдың  9-ы  күні  сағат  18.00  шамасында 

Ақжайық  ауданының  Көнеккеткен  ауылындағы 

бір  тұрғынның  шаруашылық  құрылыстарында  өрт 

оқиғасы орын алды. 40 шаршы метрді құрайтын пі-

шен ауласындағы 6 тонна шамасындай шөп, 2 жазғы 

мал орны (40 ш.м.) және қорасы (15 ш.м.) түгел отпен 

жойылды. Ұйғарылып отырған себеп – адамдардың 

отпен  абайсыз  болуы.  35  км  жердегі  Қарауылтөбе 

ауылындағы  өртке  қарсы  қызмет  бөлімшесінен 

көмек  жеткенше  көнеккеткендіктер  ұйымшылдық- 

пен  «тілсіз  жаумен»  күресіп,  көршілес  қора-

қопсыларды  аман  сақтап  қалды.  Ауданда  жыл 

басынан  болған  9  өрт  оқиғасының  ішінде  бұл  –  

Көнеккеткендегі  екінші  осындай  оқиға.  27  сәуірде 

осы  елді  мекенде  үш  үйдің  қора-жайлары  күлге 

айналған болатын.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

Аудандағы  биылғы 

            ТоғыЗыншы өРТ оҚИғАсы

Ришат Гальянович Махмутов атына Шыңғырлау ауылдық әкімшілігі 

әкімінің  1994  жылғы  1  қазанның  №31  шешімі  негізінде  жер  жеке 

қосалқы  шаруашылығын  жүргізу  жөніндегі  3КN  0129191  мемлекеттік 

актісінің жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын. 

  Мекенжайы  ҚР,  БҚО,  Шыңғырлау  ауданы  Шыңғырлау  ауылдық 



әкімшілігі , Шыңғырлау ауылы, Луговая көшесі. 

Біздің газетіміздегі жарнамаңыз –  

сіздің табысыңыз.

Тел.: 51-51-09

Каталог: wp-content -> oraloniri -> news -> img -> 2015
2015 -> Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ
img -> Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
img -> Жуырда Жаңақаладағы аудандық рухани орталықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
img -> Облыстық ҚОғамдық­САяси газЕТ
2015 -> Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ
img -> Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
img -> Керуен сарай береке бастауы

жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет