Ілияс есенберлин



жүктеу 3.6 Kb.

бет2/18
Дата09.01.2017
өлшемі3.6 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.  Назарбаев  Н.Ә.  Қазақ  халқы  тарихының  дара  тұлғасы.  /  Писатель.
Личность.  Человек.  Алматы:  Ата-мұра-Қазақстан.  Фонд  имени  Ильяса
Есенберлина - Алматы, - 1993
2. Оразов Нұрғожа. Батыл да батыр жазушы // Сарыарқа. – 1996. - №
3.
3. Назарбаева Г., Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тұлға, теория. – Алматы.
– 2004
4.  Қышқашев  Сейілбек  «Табиғилық  пен  нанымдылық  іздесек»  //
«Жұлдыз». 1967 жыл. № 2.

І ТАРАУ
ЖАСТЫҚ ШАҚ ЖЫЛДАРЫ, ӨСКЕН ОРТА
Қала бар Сарыарқада аты шулы,
Көкорай, бәйшешегі, айдын сулы,
Қала бар Сарыарқада Атбасардай,
Шат өмір тіккен бүгін алтын туды!
Ілияс Есенберлин
«Большевиктер туралы поэма»

14
1.1 Аяулы мекен - Атбасар
Ілияс  Есенберлиннің  балалық,  жастық  шағы  туралы  өзі  айтып,  не
жазып  кеткен  мәліметтер  жоқтың  қасы.  Оның  себептерін  ашып  айту
қиын. Балаларының айтуына қарағанда, әкелері жастық кезеңдері туралы
біреулермен  ой  бөлісуге  соншалықты  құштар  болмаған  адам  сияқты.
Өмірінде  өшпес  жара  болып  қалған  осы  бір  ауыр  кезең  туралы  кеңінен
отырып,  не  балаларымен,  не  бір  жақын  туыстарымен  ой  бөлісу  жазушы
үшін өте ауыр болғандай.
Ілияс  Есенберлин  1915  жылы  қаңтар  айының  10  күні  қазіргі  Ақмола
облысына қарасты Атбасар қаласында дүниеге келген.
Астанадан  солтүстік-батысқа  қарай  бет  алсаңыз,  280  шақырымдай
жол жүргеннен соң Атбасар қаласына келіп ат басын тірейсіз. Ол уақытта
Атбасар  уезі  1921  жылы  құрылған  Ақмола  губерниясының  құрамында
болатын. Атбасар қаласы болса сол уездің орталығы.
Бүгінгі күні қала – аудан орталығы. Қостанай – Есіл – Астана бағытындағы
теміржол  торабы  болып  саналады.  Атбасар  арқылы  Қазақстанды  Ресей
мемлекетімен байланыстыратын автомагистраль да өтеді.
Ілияс Есенберлин дүниеге келген Атбасар қаласының атауы туралы ел
аузында әңгіме көп. Соның бірі бойынша Атбасар атауының пайда болуы
атақты Асан Қайғы есімімен де байланысты болып шығатыны да бар. Аңыз
бойынша өмір бойы халқы үшін ең бір қасиетті де, асыл жер – «жерұйықты»
іздеп  әлемді  шарлап  жүрген  жырау  Есіл  өзенінің  осы  сағасына  ат  басын
тіреген. Міне, осы уақыттан бастап бұл жер «Асан Қайғы атының тұяғы
басқан», яғни «ат басқан» деп аталып кеткен» деген ел аузында аңыз бар.
Ақмола  губерниясы  (1921  ж.)  құрамында  Ақмола  уезі  ашылған  кезде
соңғысының құрамында «Асан қайғы» деп аталған болыс та болған (немесе
құрамында Ақтау, Алабас, Ортау, Сарытау болыстары бар Успенск руднигі).
Ол 1928 жылы Асан Қайғы ауданы немесе Атасу шатқалы (мекені) болса,
1929 ж. 16 тамызында Асан Қайғы Жаңа Арқа ауданы болып өзгертілген.
Атбасар қаласы тарихының бастауын кейбір зерттеушілер Қазақстанның
Ресей  мемлекетінің  құрамына  ену  кезеңіне  жақындатып,  көбінесе  «ат
базары» деген анықтамамен байланыстырады.
Атбасар  тарихы  ХІХ  ғасырдан  әлдеқайда  әрі  басталған.  Тарихшылар
Солтүстік Қазақстан мәдениетін екіге бөліп қараса, соның бірі – Атбасар
мәдениетінің  ескерткіштері  Есіл  өзенінің  маңайын  қамтып,  Қазақ
хандығының құрылған кезінен бастап Атбасар атауы ғылыми құжаттарда
кездеседі.  ХV  ғасырда  атақты  Керей  мен  Жәнібек  сұлтандар  Әбілхайыр
ханның  билікқұмар  әрекеттерімен  келіспей,  Дешті  Қыпшақта  орын  ала

15
І. Есенберлин жанұясы тұрған  Атбасар қаласы Советская көшесіндегі үй
Үйдің 2014 ж. түсірілген суреті

16
Осы үйде ағасы мен екеуінің бала кездерінде тұрғанын растап, Атбасар аудандық 
әдеби мұражайға Раунақ Есенберлиннің жазған хаты.

17
бастаған  үлкен  наразылықты  білдірудің  бір  түрі  ретінде  соңынан  ерген
елімен бірге отанынан уақытша көшіп, Моғолстанға кетіп жатқан уақытта,
Есіл  өзенінің  бір  сағасы  –  «Атбасар»  атты  өзеннің  төңірегінде  де  елеулі
оқиғалар  болып  жатқан.  Қалаға  жақын  орналасқан  «Сергеевка»  атты
ауылдың төңірегі бүгінгі күні «Орманбет» деп аталады. Кейбір орта ғасырлық
деректерге  сүйенетін  болсақ,  бұл  жерде  Мұстафа  деген  ханның  ордасы
болған.  Ортағасырлық  автор  Фатх-наме  Шади,  не  болмаса  Молла  Шади
бір кездері өз еңбектерінде: «Хакан [подобный]» Фаридуну...с надеждой на
бога направил поводья наровистого коня завоевателя мира в сторону АТ-
БАСАР» - десе, сол кезеңнің тағы да бір авторы Масуд бен Усман Кухистани
өзінің «Тарих-и Абылхайыр хан» атты еңбегінде Мұстафа хан мен билеуші
Ваккас бидің арасындағы болған әскери қақтығыстар туралы сөз қозғайды
[1. 157, 324 ББ.].
Нәтижесінде, жеңіліске ұшыраған Мұстафа хан Қазақстанның батысына
қарай ығысып, кейін Орта Азия жаққа қарай бет алған. Орыс ғалымы А.П.
Чулошников және басқа да ғалымдар ХV ғ. басында Дешті-Қыпшақта орын
алған оқиғаларға байланысты көріністерге сипаттама беріп отырса, олардың
біршамасының бастамасы Атбасар төңірегімен тікелей байланыста болған.
Атбасардың  әлеуметтік-экономикалық  дәрежесі  әсіресе,  ХІХ  ғасырда
да өсе түскен. 1868 жылы Ресей патшасы ІІ Александрдың үлкен ұлы князь
Владимирдің  Қазақстанға  келуіне  орай  Сібір  ведомоствосына  қарасты
дала  округтарының  көрмесі  ұйымдастырылған.  Қазақ  ұлтының  кәсіптік
өнеркәсібі  мәдениетіне  арналған  бұл  көрме  экспонаттарының  ішінде
ақмолалық  Нұрмағанбет  Сағынаев  («паң  Нұрмағанбет»)  пен  атбасарлық
Мейрам  Жанайдаров  құрған  киіз  үйлер  көрнекті  жерге  орналастырылған
деген деректі қолданысқа енгізген белгілі ғалым, археолог Әлікей Марғұлан.
Қонақтар  Романовтар  әулетінің  өкілімен  бірге  қазақ  қолөнеріне  қатысты
заттар  қойылған  Мейрам  Жанайдаровтың  киіз  үйіне  кіріп,  қымыз  ішкен.
Кілем тоқушылардың өнерімен танысқан.
Атбасар тарихы Абылай ханның ұрпақтары, оның ішінде әсіресе Шоқан
Уәлихановтың  есімімен  де  тығыз  байланысты.  1861  жылы  Петербургтен
қайтып  келген  Шоқан  Атбасар  округының  аға  сұлтаны  қызметіне  тұруға
бел байлап, Ерден Сандыбаевпен таласқа түскенде, сайлау нәтижесі Абылай
ұрпағының есесіне бұйырғанымен, Омбы чиновниктерінің шешімімен аға
сұлтандық қызметке Ерден ие болғандығы мәлім [2. 91 Б.].
«Патшаға  қарап  тұрған  заманда  бұл  жерде  жылына  екі  мәрте,  жазда
«Боқшабай» (Петровский), күзде Знаменский жәрмеңкесі өтеді екен», – деп
жазады жергілікті зерттеушілердің бірі Сайлау Байбосын. – «Арқаның Ақан
сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Мәди секілді саңлақтары жәрмеңкеге жиылған

18
Көне Атбасар өзенінің (қазіргі атауы – Жабай) Есіл өзеніне құйылатын тұсы

19

20
жұрттың  төбесінде  ән  қалықтатқаны  да  айтылады  ескі  әңгімелерде.
Қазақ  елі  театр  дегенді  естімей  тұрған  заманда,  1915  жылы  осы  жердің
зиялы  азаматтары  Міржақыптың  (Міржақып  Дулатов    -  Қ.А.)  «Бақытсыз
Жамалынан» пьеса жасап, елге көрсеткен екен...» [3].
1947  жылы  Лондонда  болған  қазақстандық  делегацияның  құрамында
Қазақстан  ғылым  академиясының  президенті  Қаныш  Имантайұлы
Сәтпаевтың  да  болған  белгілі.  Қазақстаннан  келген  делегация  көптеген
кездесулерге  қатынасқан.  Ресми  қабылдаулардың  бірінде  ағылшынның
бұрынғы    Премьер-министрі  У.Черчильмен  болғанда,  ол  бар  назарын
Қ.И.Сәтбаевқа аударып, аудармашыдан оның кім екенін сұрайды. Сондағы
премьер-министр мен қазақ ғалымының арасында болған диалогтан:
- Скажите, что я казах.
-  Странно  –  англичане  меня  считают  знатоком  России,  но  я  о  вашем
народе никогда не слышал. Тем более другие из моих соотечественников
ничего не знают о казахах.
-  Среди  ваших  соотечественников  есть  люди,  которые  достаточно
хорошо знают о нашем народе...
- Неужели? – снова оживился хозяин дома.
-  Да,  сэр.  Три  –  четыре  десятка  лет  назад  в  Лондоне  действовало
акционерное  общество  «Атбасарских  медных  копей»,  которое  успешно
занималось поиском у нас в степях медных руд» [4. 216 Б.].
Міне, осылайша қазақ ғалымы тек өз елі туралы айтып қоймай, оның жер
қойнауындағы  байлықтың  шетелдіктердің  қолына  қалай  кете  бастағанын
туралы да ескерте кеткен сияқты...
Патша  үкіметі  құлағаннан  кейінгі  Қазақстандағы  саяси  процесстерге
де  алғашқы  болып  араласқандардың  бірі  атбасарлықтар  болса,  Кеңес
үкіметінің  «тауды  қопарып,  тасты  бұзу»  әрекеттері  де  Атбасар  өлкесін
айналып өтпегені де белгілі.
Атбасар  қаласы  1920-шы  жылдары  Қазақстанның  жаңа  астанасын
анықтау  мәселесіне  байланысты  да  тарихта  қалған.  1924  жылдың  24
желтоқсанында  Қырғыз  (Қазақ)  облыстық  партия  комитеті  бюросының
кезекті  мәжілісінде  Орынбор  қаласын  Қазақ  АКСР-ның  орталық  қаласы
мәртебесінде  қалдыру  туралы  мәселе  қаралған.  Бұл  ұсынысты  бюроның
басым  көпшілігі  қолдағанымен,  С.Сәдуақасов  пен  С.Меңдешев  қарсы
болған. Және де өздерінің көзқарастарын бірнеше тұрғыдан негіздей келе,
олар жаңа астанаға лайықты деп бірнеше қалаларды атаса, сол қалалардың
қатарында АТБАСАР да болған [5. 18 Б.].
Атбасар тарихына көз салатын болсақ, бұл жер өзінің тарихи атауына
лайықты  болып,  тарихтың  әр  кезеңіне  сай  тұлғалары  арқылы  да  тарих

21
Қазіргі Атбасар қаласының кезінде базар (ат базары) болған деген тұстан түсірілген  
сыртқы көріністері

22
ағымынан қалыспай келді. Сол тұрғыдан алғанда, туған жерінің атын әлемге
танытқан атбасарлық тұлғалардың бірі жазушы Ілияс Есенберлин.
Байқап  қарап  отырсаңыз,  жазушының  бүкіл  өмірі  бейне  бір  әдейілеп
жасап  қойған  кедергілерді  бар  екпінімен  секіріп  өтуге  бейімделген
спортшының әрекеті сияқты.
Осы  жолдан  Ілияс  ағамыз  не  жалтарып  кету,  не  болмаса  ойын  бүгіп
қалуға ешқашанда тырыспаған. Ол өзінің терең ойларын еркін түрде айту
үшін күресіп өткен.
Біреулердің аяқтан шалғанына, енді біреулердің сенің шығармаларың
бүгінгі  оқырманға  мүлдем  керек  емес  деп  сәуегейсігеніне  қарамастан,
жазушының қаламы ешқашан тыныс таппаған. Себебі, оның шығармалары-
на  баға  берген  кабинетте  отырған  атқамінерлер  емес,  қарапайым  халық
болып шықты. Соның бір көрінісіне тек қана «Көшпенділер» трилогиясының
30 жылдың ішінде 50 рет басылып, жалпы тиражының 3 миллион данадан
асып кеткенін атауға болады.
Тау-кен инженері, жазушы, майдангер, өз шығармаларының өміршеңдігі
үшін  талайлармен  тайталасқа  түскен,  сүйектен  өтер  сөздерді  ғана  естіп
қоймай,  «ұлтшыл»  деген  атаққа  ие  болып,  талай  рет  Кеңестік  биліктің
қанды  қылышының  жүзіне  ілініп  кете  жаздаған  Ілияс  Есенберлин,  енді
міне, бүгінгі күні өзінің азаматтық міндеттерін адал орындаған қарапайым
азамат  ретінде  ұрпақтар  алдына  қайтып  келіп  отыр.  Өзінің  кейіпкерлері
арқылы  алғашқылардың  бірі  болып  қазақ  ұлтының  бай  тарихы  туралы
сөз  қозғаған,  ұлттық  тұрғыдан  бой  көтеруге,  қадір-қасиетін  сезінуге
шығармалары  арқылы  халықты  итермелеген  Ілияс  Есенберлин  ғасырлар
бойы бабаларымыз ешкімнің еншісіне бермеген жерімізді, Хрущев секілді
ұрда-жық басшылар жан-жаққа таратып әкетпек болғанда, бұл ойдың қазақ
ұлтына  байланысты  қаншалықты  теріс  пиғыл  екенін  өз  шығармалары
арқылы көпшілікке жеткізген. Сол сияқты, жазушының 1960-шы жылдары
жазықсыз  жазаланған  алашордашыларды  ақтау  туралы  сөз  қозғап  қана
қоймай,  олардың  аттарының  өздері  ел  арасында  үрей  мен  орасан  зор
қорқыныш тудырып тұрған уақытта, өзінің өмірлік жан жолдасы ретінде
1937 жылы халық жауы саналып, ату жазасына кесілген халық комиссары,
Қараөткелде туған Хамза Жүсіпбековтың қызына үйленуі, одан кейін, күйеуі
үшін репрессияға ұшырап, АЛЖИРде қамауда отырған енесін қолына алуы,
болашақта  өзінің  шығармаларына  арқау  болған  тақырыпты  -  қанаушы
билікке деген ел ішіндегі «үнсіз болса да, түбегейлі наразылықты» - замана
талабынан тыс жатқан форма түрінде көрсетудің жаңа тәсілі деп қарастыру
орынды болар.
Ілияс Есенберлиннің інісі Раунақтың еске түсіруіне қарағанда олардың

23
әкесі – Есенберлі кедей жатақтар қатарынан болса керек. Үй салатын өнері
бар, ағаш шебері болған. Тіршілігін түзетемін деп жүріп, таршылық заман,
ауыр бейнеттен әбден қиналған Есенберлі 1920 жылы дүние салған. Осы
кезде  күн  көрістің  қамы  үшін  әйелі  4  баламен  жақын  қайнысы  Шәкір
Бітеубаев деген кісіге қосылады.
Алайда, Ілияс пен Раунақтың басқа адамға тұрмысқа шыққан шешесі де
ұзаққа бармай, дүниеден өткен. Бұл 1924 жылдың төңірегі болса керек [6].
Әке мен шешеден осылайша айрылып қалған Есенберлиндер үшін ауыр
күндер  басталады.  Оларға  аса  жанашырлық  қылмаған  өгей  әкелері  жаңа
әйелмен  қосылғаннан  кейін  Ілияс  пен  Раунақ  тіпті  далада  қалып,  өздері
секілді  жетімдермен  бірге  көше  кезіп  жүргенде,  оларды  басқа  да  жетім
балалармен  бірге,  арнаулы  құрылған  милиция  тобы  ұстап  алып,  балалар
үйіне өткізеді.
Олардың жанын сақтаған да осы болды. Жан-жақтан жиналған қырыққа
жуық  жетімдер  аудандық  халық  кеңесінің  қаулысымен  Атбасардың  шет
жағында  әдейілеп  салынған  жетімдерге  арналған  үйге  орналастырылды.
Осылайша Ілияс 1924 жылы Атбасарда большевиктер көсемі В.И. Лениннің
қайтыс болуына байланысты арнаулы ұйымдастырылған рейдтің арқасында
балалар үйінен бір-ақ шықты.
Екінші жағынан алып қарағанда, Ілияс Есенберлин 1917-1920 жылдары
кеңес үкіметі ұсынған әлеуметтік қорғау жүйесіне ілікті десек те болады.
Бұл  уақытта  жаңадан  құрылған  большевиктер  үкіметі  өз  қоғамының
өкілдерін  әлеуметтік  тұрғыдан  қорғаудың  бұл  түріне  өте  үлкен  маңыз
беріп, оны тек көбейіп келе жатқан жетімдер санын тоқтатудың, не болмаса
әйелдердің ауыр жағдайын жеңілдетіп, жас жеткіншекке қажетті әлеуметтік
тәрбие  берудің  жолдары  деп  қана  қарастырмай,  балалар  үйлерін,  ондағы
іске асырылатын білім беру және тәрбие жұмыстарының негізгі бағытын
ұжымдасып өмір сүруге негізделген қоғамда «жаңа адамды» тәрбиелеудің
басты жолы деп қарастырып жатқан болатын.
Большевиктер  партиясының  теоретиктері  осы  жерде  бір  мәселені
жақсы түсінген секілді. Қандай да болмасын қоғам үшін, оның идеяларын
әбден,  әсіресе  жастайынан  санасына  құйып  алған  адамдар  қажет.  Міне,
осы  жерде  олар  ойлап  тапқан  «коммунистік  семья»  -  балалар  үйі,  керек
десеңіз жан-ұяға қарама-қарсы тұра аларлықта  үй  тәрбие  ошағы  ретінде
көрінгенін  мойындау  керек.  Соның  бір  көрінісін  1919  жылы  Мәскеу
қаласында өткен балалықты қорғау қайраткерлерінің Жалпыресейлік 1-ші
съезінің  қарарларынан  байқауға  болады.  Осы  жиынға  қатынасқандардың
басым көпшілігінің пікірінше тек балалар үйлері ғана жан-жақты дамыған
тұлғаны тәрбиелеуге мүмкіндік бере алады. Себебі «... здесь элементы науки,

24

25

26

27
техники, искусства и социальных взаимоотношений представлены полнее.
...здесь благо общества, социализма явится благом каждого индивидума. В
то время как семья воспитывает в большей своей части узких себялюбивых
эгоистов  (Первый  Всероссийский  съезд  деятелей  по  охране  детства  2-8
февраля 1919 г.)» [7. 99Б.].
20-30  жылдары  Кеңес  үкіметі  елде  балалар  үйлерінің  сандарын
барынша көбейтуге белсене кіріскен.1921 жылы өткен екінші Бүкілресейлік
съездің  материалдарында  көрсетілгендей,  1917  жылы  балалар  үйлерінде
25  666  балалар  орналастырылса, 1924  жылдың  төңірегінде  4118  арнаулы
мекемелердегі балалардың саны 202 360 жеткен.
Ілияс пен Диляра Есенберлиндер туралы жазылған бір еңбектің авторы
Асан  Номад  жазғандай  бұл  уақытта:  «мыңдаған  балалар  жетім  қалып,
Кеңестер Одағын кезіп жүрген болатын. Олардың баспанасы иесіз қалған
үйлердің астыңғы, үстінгі қабаттары.Талайлары суық пен аштықтан, түрлі
жұқпалы  аурулардан  қырылып  жататын.  Солардың  бірі  –  Ілияс  балалар
үйіне  түсер  алдында  көпір  астын  паналап,  өзі  секілді  балалармен  бірге
Солтүстік  Қазақстанның  адам  шыдауға  қиын  суық  жағдайларында  өмір
үшін жанталаса күресіп жүрген олар қаһарға толы үлкендер өмірінде табиғи
сезімге бағынған кішкентай аңдарға ұқсас еді. Өмір ме, әлде өлім бе? Бір
минут  болса  да  тыным  таппаған  жетімдер  осы  сұрақтың  жауабын  күнде
шешіп жатқан. Босаңсуға ешбір болмайды. Панасыз қалған олардың ендігі
қас  жаулары  ересектер  болып  шықты.  Олардан  үнемі  тығылып  жүруге
тура  келді.  Осындай  жағдайда  жас  жетімдер  бейбастық  қылықтарға  тез
көндікті. Ананың жылуынан ерте айрылған жетімдер қасқырдың ашынған
бөлтіріктеріне  айналып  бара  жатқандай.  Бойларында  сақталып  қалған
адамгершілік сезім жоғала бастап, оның орнына өмірдің қатал да, зұлым
тәртіптері басымдылық ала бастаған...» [8. 124-125 ББ.].
Алайда  Кеңес  үкіметі  ұсынған  жетім  балаларды  қорғауға  алу  жүйесі
тым    тез  арада  өзінің  тиімсіздігін  көрсете  бастаған.  Шынайы  өмірде
болшевиктер ойлағандай болмай шықты: «...красивая картина, нарисованная
в  трудах  послереволюционных  лидеров  государства,  на  деле  оказалась
утопией. С одной стороны, расхождение теории и практики было вызвано
непродуманностью  самих  программ,  их  излишним  радикализмом,  что
объясняется желанием новой власти построить общество на принципиально
иных  основах,  в  том  числе  в  социальной  сфере.  Тем  более,  что  решение
данного  вопроса  непосредственно  связывалось  с  будущим  страны,  с
возможностью  построения  коммунистического  общества  новым  поколе-
нием людей, воспитанных согласно принятой идеологии» - деп көрсетеді
Н. Рябинина [9. С.99].

28
Десек те, Ілияс пен Раунақ (әсіресе туыстары мен жақындарынан, өгей
әкесінен жылулық пен бауырмалдық сезімдерін байқай қоймаған) далада
қаңғырып жүргеннен гөрі, жылы ошақтай болып көрінген балалар үйіндегі
тәрбиені  мойындаған.  Мойындап  қана  қоймай,  осындай  мекемелерде
ресми түрде қабылданған коммунистік идеология мен коммунистік тәрбие
жолдарын әбден дұрыс деп те қабылдаған.
Бұлай болмауы да мүмкін емес болатын. Баратын жері, қонатын ұясы
болмаған  Ілияс  үкіметтің  бар  саясатын  ризашылықпен  бойына  сіңірген.
Баласы Қозыкөрпештің айтуынша әкесі Кеңес үкіметіне осы үшін өлгенше
риза болып өткен: тірі қалуға, кейіннен білім алуға, өзінің болашағына үміт
артатындай мүмкіндікке ие болғанын жиі айтып отыратын, – деп еске алады
оның ұрпақтары. Ал жазушы болса өзінің «Оқушы бала әні» өлеңінде былай
деп сыр шертеді:
Ленин бабам қалдырған өсиетін,
«Оқы, оқы және оқы» деген бізге.
Бұлжытпастан орындау бар ниетім
Талмай еңбек етуге елімізге.
Жас  кезінен  бастап  өмірінің  соңына  дейін  қыр  соңынан  қалмай
қойған  тағдыр  ауыртпалығына  шыдап  қана  қоймай,  керек  десеңіз  заман
ағымына өзіндік тұрғыдан қарсылық көрсетудің аса қауіпті бір жолдарын
Есенберлиннің  тек  өзіне  тән  ерекшеліктерге  сай  тауып  отырғаны  –
таңданарлық жай. Әсіресе, балалар үйінде ес жинап, кеңестік идеологияға
нақ  сәйкес  келеді-ау  деген  тәрбиеден  өтіп,  «маған  өмір  берген  де,  менің
өмірімді  тек  коммунистік  партия  ғана  сақтап  қалды»,  -  деп  аса  бір
тебіреніспен еске алып отыратын Ілияс Есенберлиннің сол бір қоғамның
талай-талай  шешімдерімен  өмір  бойы  келісе  алмай  кеткендігінің  түп-
тамырын да сол бір шала есте қалған балалық шақтан іздестіру керек те
шығар.
Ілиястың  жетімдер  үйіне  тап  болуының  тағы  бір  себебі  үлкен  апасы
Назымның  тұрмысқа  шығып,  інісі  Раунақты  туыстары  асырап  алуында.
Бірақ Ілияс болса, балалар үйінде көп уақыт болмаған. Өгей әкесінің үйіне
қайтып  келіп,  4  жылдық  мектепке  барады.  Кейін  апасы  мен  жездесінің
соңына ерген Ілияс Қарсақпайға көшіп кеткен.
Жазушының  балалық  шағы  туралы  ресми  мәліметтер  аз  дегенді  біз
жоғарыда ескерттік. Десек те, біз біршама мәліметтерді оның інісі, техника
ғылымдарының докторы, профессор Раунақ Есенберлиннің газет беттерінде
жарияланған естеліктерінен алдық.
Ағасынан бір жас қана кіші Раунақтың есею жылдары сыртта өткенімен,

29
елін, жерін, туған-туыстарын, соның ішінде ағасы Ілиясты ешқашан естен
шығармаған.  Ол  көп  жылдар  бойы  Мәскеуде  тұрған.  Әскери  қорғаныс
саласының  ғылыми-зерттеу  мекемесінде  қызмет  істеген.  Осы  саладағы
ғылыми  жаңалықтары  үшін  «КСРО-ның  еңбек  сіңірген  өнертапқышы»
атағына ие болған.
Балалық  шақтың  аяқталып,  «одан  да  қиындығы  аз  болмаған,
мазасыздыққа  толы  жастық  шақ»  туралы,  одан  қалды  Қарсақпаймен
қоштасу  туралы  Раунақтың  алғашқы  сыр  айтқан  адамдарының  бірі  -
журналист  Жанболат  Аупбаев  Мәскеуде  Раунақпен  кездескенін  былай
деп  еске  алады:  «Еліміздің  тәуелсіздік  алғанына  6  ай  ғана  уақыт  болған
кез.  Қазақстаннан  барған  20  баспасөз  қызметкерлері  Садовая  көшесінің
9-шы  үйінде  орналасқан  журналистердің  Бүкілодақтық  білім  жетілдіру
институтында  оқып  жаттық.  Әлі  есімде,  ертең  Алматыға  қайтамыз  деп
отырғанбыз.  Міне,  сол  күні  Президент  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Молодая
гвардия» баспасынан жаңа ғана шыққан «Әділеттің ақ жолы» кітабының
тұсаукесері  өтетін  болды  да,  бәрімізді  Чистопрудный  бульварының  4-ші
үйіндегі Қазақстанның тұрақты өкілдігіне шақырды. Міне, сол жерде маған
Мәскеудегі  қазақ  диаспорасының  адамдарымен  танысып,  әңгімелесудің
сәті түскені бар. Солардың бірі - әскери инженер, отставкадағы полковник
Раунақ Есенберлин еді» [10].
Жанболат  Аупбаев  Раунақпен  тілдесуде  оны  әңгімеге  тереңнен  тарта
алмағанына  өкініш  білдірген.  Солай  бола  тұрса  да,  Раунақтың  аузынан
естіген  кейбір  мәліметтердің  оқырман  қауымға  өте  керек  екенін  ескеріп,
араға біраз уақыт өтсе де, журналистің қойын дәптерінде сақталып қалған
сұхбатты газет бетіне жариялауды жөн көрген.
Туған ағасы Ілияс туралы Раунақ Есенберлиннің айтқандарынан: «Ол
менің тәрбиешім, ақылшым және өзім ес білгелі өмірімнің тірегі болды... Біз
жастайымыздан жетім қалдық. 1924 жылы анамыз қайтыс болғаннан кейін
біз әпкеміз Назым, Ілияс мен және әкемнің ағасынан жетім қалған немере
бауырымыз,  жасы  бізбен  қатарлас  Ахметқали  төртеуміз  өгей  әкеміздің
қолында  өстік.  Ал  Ахметқали  бізге  бірге  туғандай  болып  кеткен  еді.  Біз
Ілияс екеуміз сияқты, кейін ол да Ұлы Отан соғысына қатысты, соғыстан
кейін бір жыл өткен соң алған жарақаттан қайтыс болды» [11].
Раунақтың  айтуынша,  оның  ағасы  Ілияс  кішкене  бойлы  болғанына
қарамастан, өте жігерлі болған көрінеді. Раунақ Есенберлин сонымен қатар
інілерінің әрбір жетістіктеріне әрқашанда қатты қуанышта жүретін әпкелері
Назымның өнегелі тәрбиесін жылы лебізбен еске алады. Әкелерінің жақын
бауыры Жұпбаймен бірігіп қаланың шет жағындағы салған үйде Атбасарда
бірге өткен соңғы жаз. Кедейшілік. Тойып тамақ ішпей жүрсе де, өзі ойлап

30
шығарған ертегілерімен таң қалдыратын Ілияс. Атбасар жәрмеңкесі. Өзінен
бойшаң  келген  балалармен  күрестегі  Ілиястың  жеңісі.  Алғашқы  тапқан
қаражат.  Үлкен  апалары  Назымның  соның  құрметіне  жасаған  кіші-гірім
тойы.
Раунақтың болсын, Ілиястің өз айтқандары болсын, Есенберлиндердің
өмірлік көзқарастарының жас кезден бастап ерекше қалыптаса бастауына
әсер  еткен  оқиғалардың  бірі  –  Атбасардан  қырық  шақырымдай  жерде
орналасқан  Балуанкөлдің  маңында  өткізген  кездер  екені  сөзсіз.  Әсіресе
Кәкбай есімді қырғыз ақынынан естіген көптеген аңыз-әңгімелер. Қырғыз-
дар ішінен шыққан бұл ақын домбыраның сүйемелдеуімен қазақ батырлары
туралы жырлар мен эпостарды, лирикаға толы дастандарды көп орындайтын
болса, көпшілікпен бірге оны аса құмартып тыңдайтындардың бірі Ілияс
Есенберлин  болған.  Кәкбай  ақыннан  Ілияс  алғашқы  рет  Асан  Қайғы,
Ағайынды Ілияс пен Раунақ Есенберлиндер, 1976 ж.

31
Бұхар  жырау,  Едіге,  Қобыланды,  Абылай,
Кенесары,  яғни  өзінің  болашақ  шығармасы
«Көшпенділердің»  бас  кейіпкерлері  туралы
естіген. Қазақ ауыз әдебиетіне деген ерекше
қызығушылық  оның  бойында  осылайша
орын ала бастаған.
Кеш  түсе  ауыл  адамдары  үлкен  оттың
басына  жиналатын.  Алтыбақан  орнатылып,
жастар  өлең  айтып,  түрлі  ойындар
ұйымдастырып  көңіл  көтеретін.  Шамалы
уақыттан  соң  бұл  жерге  осы  ауылға  өте
құрметті  Кәкбай  (Какбай)  келетін.  Ол
домбырада  ойнауды  әбден  меңгерген,
қазақтың  жырлары  мен  аңыздарын  көп
білетін. Жиналған жұрт болса ақынды қоршап
отыра  қалып,  домбыраның  сүйемелдеуімен
бір  шығарманы  орындап  беруді  сұрайтын.
Домбырасын қолына алып, реттей бастағанда жұртпен бірге жүрген Ілияс
пен Раунақ міндетті түрде ақынға жақын орын табушы еді. Көп күттірмей жи-
налған қауым Кәкбайдың орындауында жерұйық іздеген ұлы Асан Қайғы,
ақыл ойлы Бұхар жырау, қатігез Абылай, даңқты Кенесары, жаужүрек батыр
Қобыланды туралы жырларды егіле отырып тыңдайтын... Көне заманнан
бастап осы күндерге дейінгі қазақтың тарихы тыңдаушылардың көз алдына
елестейтін. Не көрмеді сол кездері бұл халық: ел үшін, жер үшін жаумен
талай  шайқасты,  «ақтабан  шұбырындыны  да,  революциялардың  жойқын
сілкіністері аспанды қанға бояған кезді де басынан кешірді. Шыдады бәріне
төзді  халық.  Қан  кешті  оқиғалар  кезінде  миллиондаған  ұл-қыздарынан
айрылды. Соған қарамастан ұлт қайтадан жанданып, қалпына келіп отыр-
ды. Өзінің жеріне деген, отанына деген сүйіспеншілігін, жанкештілігін ән-
күймен жырлап жатты...
Осының бәрін Кәкбай ақынның орындауында естіген Ілияс пен Раунақ
елдің  қайғысына  күйінді,  ер  жүрек  бабаларының  ерліктеріне  масаттанды
[12. 136 Б.].
Есенберлин өскен ортада «кезінде Жәнібек пен Керейдің Әбілқайырдан
бөлінуіне  себепкер  болыпты  дейтін  Дайырқожа  мен  Қобыландының
аталастары  Арғын  мен  Қыпшақ  рулары  әлі  де  болса  Дешті-Қыпшақ
ұлысының  қарамағынан  шығып  кете  қоймаған»  [13.  127-131ББ.]  деген
секілділермен қатар, оқиға барысы нақ осы жерлерден (Атбасар төңірегінен
- А.Қ.) басталған болуы мүмкін сарындағы болжаулар да осы ортада жиі
Полковник Раунақ Есенберлин

32
айтылатын сияқты.
Олай  болмауы  мүмкін  де  емес.  «Тегінде,  авторлығы  жоғалмаған
шығарма  әманда  туынды  иесінің  қай  кезде  өмір  сүргендігін,  ол  кездегі
жыраудың  немесе  ақынның  елінің  хал-ахуалын,  билеушісі  кім  екендігін
анықтауға  жәрдемін  тигізетіндігіне  дау  жоқ.  Бұл  тұрғыдан  келгенде,
халқының  тағдырын  өзінен  бұрын  кешкен  Қорқыт  ата  секілді  халқының
қамын көп ойлап, уайым жегендіктен Асан Қайғы атанған... қарт жыраудың
орны айрықша» - деген ой айтады бүгінгі зерттеушілер [14.115 Б.].
Тегінде ноғай, қазақ түбіміз бір,
Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір.
Орманбет хан ордадан шыққан күнде
Асан ата қайғырып айтыпты жыр.
Жастайынан  жетім  қалған  Есенберлиндер  тез  есейіп  келе  жатты.
Сөйтіп жүріп олар заманның қатал тәртіптеріне сәйкес өзіндік шешімдер
де  қабылдауға  да  жылдам  дағдылана  бастаған.  Өйткені,  оларға  сендер
жетім екенсіндер деп аяушылық танытып жатқандар да көп бола қоймаған
сияқты.
Туғандарының  ішіндегі  ересегі  болғандықтан,  жауапкершілікті  өз
мойнына алған Ілияс бауырларының білім жолына түсуін қатты қадағалап
отырған. Егер ағасы Ілияс болмаса, Раунақ білімсіз қалып, одан болашақ
үлкен инженер шықпас та еді.
Мұғалімдердің  бірі  мектепке  барған  алғашқы  күндерінің  бірінде
Раунаққа  қатты  ұрысқан  көрінеді.  Онымен  де  шектелмей,  сызғышпен
қолынан ұрып та жібереді. Осыған қатты ренжіген бала ертеңіне мектепке
бармай қойған. Сабақтың бір күнін бос жіберіп алған Раунақ, сол үшін тағы
да ұрыс естуден қорқып, мектепке тіпті бармай қояды. Сөйтіп бір аптадай
Жабай өзенінің жағасында жүріп қалған да, оны Ілияс тауып алып мектепке
жетелеп әкелген екен.
«Мен ағамның мұндай қатты ашуланғанын ешқашан көрмеген едім, – деп
еске түсіреді Раунақ. Келген бетте мені шапалақпен бір тартып, қолымнан
сүйретіп мектепке алып келді. Сол бетте сабақ өтіп жатқан сыныпқа кіріп
барып, бос тұрған бір орынға мені отырғызды. Бұған ешкім ештеңе деген де
жоқ. Не мұғалім, не бір де бір оқушы сен неге апта бойы мектепте болмадың
деп  менен  сұрамаған  болатын.  Жабай  өзенінің  жағалауында  болған  осы
бір  оқиға  Ілиястың  ағалығын  осылайша  білдірудің  басы  да,  соңы  да  еді.
Бұдан кейінгі уақытта ол маған ешқашанда дөрекілік көрсеткен емес. Ал
мен  ағаттық  жасасам,  ол  маған  ақыл-кеңес  беріп,  қалай  дұрыс  жасаудың

33
жолдарын көрсетіп отыратын», деп еске алады Раунақ. [15, 166 б.].
Бауырлары  мен  туыстарына  өте  жақын  болған  Ілияс,  тек  өзінің  ғана
емес, інілерінің де білім деңгейін көтеруге өте ынталы болды. Ең жақсы
көретін пәндерін химия, физика, сызу, математика және әдебиет деп санаған
Ілияс, інісіне Л. Пантелеевтің «Сағатын», А. Гайдардың «Мектебін» оқуды
міндеттеп  отырған.  «Мен  бұл  кітаптарды  бір  емес,  бірнеше  рет  оқып
шықтым  және,  ең  қуаныштысы,  оларды  түсіндім  де»,  -  деп  еске  алады
Раунақ Есенберлин. «Ағамның маған көрсеткен көмегінің арқасында мен
оқу  жылын  ойдағыдай  аяқтап,  Қарсақпайда  ашылған  кен-металлургия
техникумына түспекші болдым. Кейіннен Риддерге (қазіргі Лениногорск)
көшірілген  сол  техникумнан  бастап  менің  кәсіп  таңдау  әрекеттерім
айқындалғандай болды. Кейін тіпті газетте жұмыс істеп жүрсем де, сайып
келгенде  техника  жолына,  дәлірек  айтқанда,  ғылыми-техникалық  жолға
түстім. Ал, менің бұл жолды таңдауыма да Ілияс ағам көмектесті. Ол менің
орташа ғана газетші екенімді, ал дәл ғылымдарға бейімділігім айқын екенін
ашып айтқан еді...».
Бірақ  қалай  десек  те,  жастайынан  А.Гайдар,  Н.Островский  т.с.с.
реалистік  тұрғыдан  гөрі,  қиялға  беріліп,  тым  таза  пейілде  жазылған
шығармаларының  негізінде  коммунистік  идеологияның  ықпалына  әбден
жығылған  Ілиясқа  болсын,  Раунаққа  болсын  өмірдің  тұңғиығына  терең
сүңгулеріне  әлі  ерте  болатын.  Раунақ  Есенберлин  жазғандай:  «Алыс  пен
жақынды жортқан білер, ащы мен тұщыны татқан білер» дегендей, қиын
жағдайға  ұшырағандардың  табанына  батқан  шөгір,  біздің  маңдайымызға
батқандай қабылдайтынбыз. Мұндай жағдайда Ілияс та зыр жүгіріп, аудан
басшыларынан  көмек  сұрайтын.  Бұл  өзгенің  қайғысын  өзіңдікіндей  көре
білудің  айғағы  ғой  деймін.  Және  осылай  екеніне  еш  күмәнім  жоқ.  Кейін
Ілиястың жеті ғасырлық аласапыранға толы, қуанышы мен күйініші көп өз
халқының тарихын жалғыз қопарғаны тегін құбылыс емес».
1926 жылы Атбасар балалар үйі кенеттен жабылып, ондағы балаларды
кейін Ақмолаға көшіреміз деп туыстарының, таниды деген таныстарының
үйлеріне таратып жібереді.
Ілияс болса өгей әкесінің үйіне тағы да қайтып оралған болатын.
Бұл кездері қазақ тұрғындары ұжымдастыру мен елді ауыр өнеркәсіпке
тартудың ауыр кезеңдеріне тап болған еді. Кең далада миллиондап жайылып
жүретін малдың саны азайған. Халық күйзеле бастаған.
Ілияс  пен  Раунақтың  тағдыры  сол  кездегі  жетім  қалған  талайлардың
тағдырына  ұқсас  болып  жатты.  Мемлекеттік  құрылысты  өзгертеміз,
әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа жолдарына түсіреміз деп даурыққан
кеңестік  басшылардың  идеялары  мыңдаған,  миллиондаған  адамдардың

34
тағдырын қалам ұшына тіреп қойып жатты.
Қатты қиналған қазақтар енді қалаға шұбырды. 1928 жылы Қарсақпай
мыс қорыту заводы алғашқы өнімдерін бере бастаған. Ілиястың көптеген
таныстары  мен  жақындары  күн  көру  мақсатында  сол  жаққа  көшіп  кетіп
жатты. Осы жылдың күзінде Қарсақпайға көшіп кету туралы оның жездесі
Сейітқали  да  шешім  қабылдаған  еді.  Кішкентай  Раунақ  болса  уақытша
Атбасарда қала берді...
Туған жерімен осылайша қоштасқан Ілияс Есенберлин еліме енді қайтып
оралмаспын  деп  ойламаған  шығар-ау.  Қайда  жүрсе  де  туған  жерін  естен
шығармаған ол, өмірде алған көп соққыларының бірін тап сол Атбасардан
аламын деп те ешқашан ойламаған болар...
Естеліктерге  қарағанда,  өткен  ғасырдың  50-ші  жылдарында  Ілияс
Есенберлин туған жеріне келген көрінеді. Өкінішке орай, бұл кез жазушы
үшін  өмірдің  ең  ащы  кезеңі  болатын:  бір  жұмыстан  кетірілген,  екінші
жұмыста үкіметтің қаражатын жөнсіз жұмсадың деп қудаланған, тіпті түрме
баламығының да дәмін татып көрген болатын.
Қазақстан  Республикасы  Президенті  мұрағатында  сақталған
өмірбаянында жазушы өзі жазғандай, 1951 жылы оның үстінен қылмыстық
іс  қозғалып,  1953  жылға  дейін  қамауда  болған.  Оның  себебі  1949  жылы
Мәскеуде болған Қазақстанның әдеби және өнер күндері декадасы кезінде
қызмет  бабын  пайдаланып    870  рубльді  белгісіз  себептерге  байланысты
жұмсап қойғандығым деп түсіндіреді Ілияс Есенберлин. Сол үшін партия
қатарынан  да  шығарылғам.  Кейін  ақталып,  партия  қатарына  қайтадан
қабылдандым.  Тіпті  партия  қатарында  жүрген  жылдарым  да  толығымен
қайтадан есепке алынған болатын
Мүмкін  осыдан  да  болар,  еліне  келген  Ілиясты  жерлестері  жөндеп
танымай,  қазақтың  көне  салт-дәстүрлеріне  сай  қонақжайлылық  көрсете
алмаса керек.
Үлкен атақ-дәрежеге ие болған кезде, өкінішке орай, ағамыз туған жері-
не ат басын бұрмаған. «Алматыға бір барғанда бірінші рет Ілекеңнің өзімен
жүздесуге тура келді», - деп еске алады өлкетанушы Клара Әмірқызы, - Оған
негізгі себеп болған кітапхананың өлкетану жұмысы еді. Осының алдында
жерлес жазушыларымыз Сейітжан Омаров, Сергей Никитиндер кітаптары-
на қолтаңбаларын жазып туған жерінің кітапханасына сыйлаған болатын.
Енді  атақты  жазушымыз  І.Есенберлиннің  де  кітаптарын  қолтаңбасымен
жиюға  пәтеріне  телефон  соқтым.  Өзі  үйде  екен,  трубканы  көтеріп,
танысқаннан кейін келесі күні сағат 12-де қабылдайтынын айтып, адресін
жаздырды.  Ертеңіне  келіскен  мерзімде  жолдасым  Қабыкең  (Қабдрахман
Мұқанов) екеуміз келіп те жеттік. Есікті өзі ашып, бізді көптен білетін жақын

35
Араларында ағайынды Ес
енбер
линдер де бар
Атбас
ар қазақ шар
уа ж
астары мек
т
ебінің оқушылары

36
адамдары  келгендей  қарсы  алған  еді.  Үйде  белгілі  жазушыларымыздың
бірі  Қалмұқан  Исабаев  бар  екен.  Сәлемдесіп,  танысқаннан  кейін,  бізді
қонақ күтетін үлкен бөлмесіне жайғастырды. Көп кешікпей Диляра жеңгей
алдымызға арнайы дайындалған тағамды да әкеліп қойды. Ас іше отырып
ел-жұртты  сұрап,  әңгімені  Ілекең  өзі  жалғастырып  отырды.  Ерекше  есте
қалғаны 1957 жылы күзде туған жерді, елді сағынып, Атбасарға қалай келіп
қайтқаны жайлы болды. Қазіргі қонақ үйдің салынып бітпеген кезі. Қонақ
үйдің қызметін «Садовый» көшесіндегі орталық почтаның қарсысындағы
ескі екі қабатты шағын ағаш үй атқаратын. Атбасарда ілік туысқаннан, не
таныстан ешкім болмағандықтан осы қонақ үйге келеді. Қонақ үйде «орын
болмай» зорға орналасады. Келесі күні аудандық партия комитетіне келеді.
Онда  да  жылы  шыраймен  ешкім  қарсы  ала  қоймағанын  мұңлы  кейіппен
еске алған еді. Кеңседен шығып, баяғы өзі туып өскен, әкесі салған қоржын
ағаш үйін іздейді. Үй орнында екен, көп өзгерісі де жоқ. Үйдің қай жерге
орналасқанын  бізге  тәптіштеп  айтып  та  берді  (Ол  сол  кездегі  Советская
көшесіндегі 48 нөмірлі үй болатын).
Туған үйді бір айналып шыққаннан кейін, қалалық паркке келеді (арасы
алыс  емес).  Мезгіл  қыркүйек  айының  іші.  Бала  кезінде  осы  жерде  жар
басынан өзеннің суына талай секіргені есіне түсіп, күннің суығына қарамай
Жабайдың суына сүңгіп-сүңгіп алып, жүрек толқуын басады. Судан шығып,
жан-жағына  қарайды.  Аңсаған  елден  осылай  көңілсіз  аттанған  Ілекең
қайтып  Атбасарға  орала  қоймайды.  Қабекең  екеуміздің  іздеп  келуіміз
және  шығармалары  арқылы  сырттан  халыққа  таныстыруымыз,  ардақты
азаматтың көңіл-күйіне тағы бір қозғау салғандай болды» [16. 191-192 ББ].
Жазушының өмірі мен творчестволық жолдарын зерттеуге байланысты
еңбектер  аз  емес.  Оның  үстіне,  жазушының  туған  қаласы  –  Атбасар
шаһарындағы  «І.Есенберлиннің  әдеби  мұражайы»  қызметкерлерінің  де
ондаған жылдар бойы жүргізген ізденіс жұмыстары, нәтижесінде мұражай
қорынан орын алған естеліктер мен басқа да деректер жазушының балалық
шағы, жастық кезі мен еңбек жолы туралы көп деректер алуға мүмкіндік
беріп  отырғаны  сөзсіз.  Осылайша,  өзімізше  мұражайға  ғана  қанағат
тауып  жүргенімізде,  біз  Ақмола  облысына  қарасты  Державин  қаласында
жазушының жақын туысы Шәкіш Абдрахманқызы Есмағамбетова тұрады
екен деген мәлімет алдық.
Шындығын  айту  керек,  Ілияс  Есенберлин  туралы  біраз  мәліметті
оның інісі Раунақтың хаттары мен естеліктерінің негізінде жүйеге келтіру
әрекетінде жүрген біз үшін жазушы туралы қандай да болмасын тың дерек
өте  маңызды  еді.  Соның  ішінде,  Ілияс  ағамыздың  өзі  көп  еске  алатын
«Балуанкөл»  деген  жердің  нақты  қай  маңда  орналасқанын,  ашаршылық

37
кезінде  жазушының  Қарсақпай  аудандық  партия  комитетінің  хатшысы
Телеляевтің атына жазған хаты болған екен дегенді анықтау үшін Жезқазған,
Қызылорда  облыстық  мұрағаттарынан  деректер  таба  алмай  жүргенде,
сексен жастан асқан Шәкіш апаймен кездесіп, сұхбаттасу мүмкіндігі біз
үшін өте қуанышты жайт болды.
Бірнеше рет телефон арқылы әңгімелесіп, ақырында кездесу мүмкіндігі
2014 жылдың 1 сәуіріне тұспа-тұс келді. Державин қаласының тұрғындары
Әнуарбек Райымбеков пен Қайрат Сейтжанов деген азаматтардың көмегімен
сол күні Шәкіш апаймен кездестік.
Әрине,  тарихшы  болғаннан  соң  біз  біріншіден  Шәкіш  апай  айтқан
әңгімелердің деректілігіне (әсіресе туыстық жағына) назар аударғанымыз
да  шындық.  Бізге  апайдың  алғашқы  көрсеткен  фотоқұжаттарының  бірі
Ілияс Есенберлиннің жұбайы - Диляра апайдың суреті болды.
Бұл фотосурет оқырмандарға Асан Номадтың еңбегі арқылы да таныс.
Бірақ,  Шәкіш  апайдың  қолынан  әбден  ескірген  суреттің  түпнұсқасын
көргенде,  апайдың  Дилярамен  шыныменен  кездескені  туралы  ешқандай
күмән болмады.
Шәкіш  апай  мен  Диляраның  кездесуі  1946  жылы  Алматы  облысы
Түргеннің жанындағы Жаңаталап деген ауылда болған. Осы жылы мектепті
бітірген Шәкіш апай Жаңаталап ауылы басқармасы Шәкір ағасының үйінде
қонақта  болғанда  Дилярамен  кездескен.  Фотосурет  сол  жолы  сыйланған.
Ал  Ілияс  Есенберлиннің  бұл  үйде  болғаны
да  дау  тудырмауға  тиіс.  Өйткені,  Түрген
совхоздарының біріне туған жездесінің дирек-
тор  қызметіне  орналасуына  Ілияс  көмектесті
деген дерек бар.
Өкінішке  орай,  Шәкіш  апай  Ілияс  пен
Раунақ Есенберлиндер жөнінде көп әңгіме айта
алмады.  Осылай  деп  отырсақ  та,  ол  кісіден
естіген  Есенберлиндер  шежіресінен,  мүмкін,
тағы  да  біраз  туыстарды  тауып  алуға  түрткі
болар ма екен деген ойдамыз...
Шәкіш  апайдың  айтқандарына  қарағанда,
Есенберлиндер төмендегі аталарынан тарайды:
Алтай  -  Байдолы,  Сеңгірбай,  Жанұзақ,
Мамырбай,  Өтеміс,  Бітеубай,  Есмағамбет,
Әбдірахман.  Солардың  ішінде  Есмағамбеттен
туғандар  тоғыз  ұл,  бір  қыз  (солардың  ішінде
Шәкіш  апайдың  атағандары:  Есенберлі,
1946 ж. Диляра мен қызы Раушан 
(сурет Шәкіш апайдың жеке 
қорында сақталған.
Державин қ. 2014 ж.)

38
Тоқмағамбет, Жұппай болды). Әбдірахманнан 5 ұл, 5 қыз болған (солардың
бірі – Шәкіш апай). Әбдірахман болса Бітеубаев болып жазылған.
2001  жылы  Есенберлин  қоры  шығарған  кітапта  [17.  182  Б.].
Есенберлиндер шежіресі сәл басқаша екенін ескертеміз: Алтай – Есімбек,
Сеңгірбай, Мамырбай, Аймолда, Жекебатыр, Бітеубай, Есенберлі.
Ілиястың  болсын,  Раунақтың  болсын  бала  кездерінен  есте  қалған
оқиғаның  бірі  –  Атбасар  қаласына  Қызылжардан  (Петропавл  –  А.Қ.)
педагогикалық  техникум  студенттерінің  келуі  екен.  Бұл  сол  кездегі
Атбасардағы болған елеулі оқиғалардың бірі болса керек. Студент жастар
қаладағы халық үйінде көптеген спектакльдер қойылымын ұйымдастырса,
солардың  ішінде  С.Сейфуллиннің  «Қызыл  сұңқарлары»,  М.Әуезовтың
«Еңлік  –  Кебегі»,  «Арқалық  батыры»,  т.б.  болған.  Біржан  мен  Сараның
айтысын  көрсетіп,  басты  рөлдерді  орындаушы  Есенберлиндердің
атастырылған апаcы Базарайым Хасенова болған.
Өз естеліктерінде Раунақ ол апаларының өте әдемі, ақкөңіл екендігін
еске  ала  келе,  кейін  оның  Алматыда  жауапты  қызметтерде  жүргенде
арақатынастарының  үзіліп  кеткендігі  және  ол  туралы  Ілияс  пен  екеуінің
1946 ж. 7-сынып оқушысы Шәкір апай (Клава Шакирова - оң жақта 1-ші) 
құрбыларымен бірге

39
талай  өкінгендерін  айтады.  Өзінің  бір  әңгімесінде  Базарайым  Хасенова
өткен күндерді еске алғанда Ілиястың бала кезінен өте пысық болғандығына
назар  аударған.  Әртіс  апасы  Петропавлдан  келерде  ол  қалалық  Советке
барып, көмекке он сом ақша сұрап алады. Сөйтсе, ол жердегі шенеуніктер
он сомды ұсатып, ылғи бір сомдықтармен берген көрінеді. Ілияс оны жатса-
тұрса да уысында ұстап жүріп, апасы келген күні қолына ұстатқанын айтып
еске алады ол кісі.
Осыған  қарағанда,  Ілияс  пен  Раунақ  туыстарының  оларға  деген
жақсылығын  ешқашан  естен  шығармаған.  Бір  өкініштісі,  пендешілікпен
жасаған қателігі үшін түрмеге түсіп, оны өтеп Атбасарға келген кезінде қол
ұшын бере алмаған елі мен туыстарына деген өкпесі қалмаған...
Шәкіш апаймен кездесу барысында біз бір-екі мәселені анықтап алғы-
мыз келді. Соның ішінде, 1946 жылдары апасы Назымның Қарсақпайдан
Алматыға көшіп келгенінде жездесі Сейітқалидың Түрген маңындағы бір
кеңшарға директор болып тағайындалуына Ілиястың берген көмегі туралы
деректі анықтамақ едік. Байқап отырсақ, бұл жерде Ілиясқа әкесінің ағайыны
Жұпбай ұрпақтарының көмегі болған сияқты...
Раунақтың болсын, Ілиястің өз айтқандары болсын, Есенберлиндердің
өмірлік көзқарастарының жас кезден бастап ерекше қалыптаса бастауына
Шәкіш апайдың әкесі Әбдірахман мен анасы Бибімариям
(сурет жеке қордан алынған. Державин қ. 2014 ж.)

40
әсер  еткен  оқиғалардың  бірі  –  Атбасардан  қырық  шақырымдай  жерде
орналасқан  Балуанкөлдің  маңында  өткізген  кездер  екендігі  жоғарыда  да
айтылған болатын. Міне,осы Балуанкөлдің қай жерде екені туралы деректер
әртүрлі болып кеткен. Есенберлин атындағы әдеби мұражайдың ашылуына
көп еңбек сіңірген өлкетанушы Клара Әмірқызы, Балуанкөлді Атбасардан
қырық  шақырымдай  жерде  орналасқан  деп  көрсетеді.  Атбасарға  жақын
жерден Балуанкөлді таба алмай, мүмкін ол Балкашино ауданына қарасты
бір жерлер емес пе екен деп жүргенде, мәселе басқаша болып шықты.
Шәкіш апаймен әңгіме барысында білгеніміз, Жұпбайдың қыздарының
бірі Тазагүл  қырғыз  руының  жігітіне  тұрмысқа шыққан.  Мұқажан  есімді
сол жігіттің тұрған жері – Балуанкөл. Бұл төңірек бізге Қарақойын деген
атаумен  белгілі.  Яғни,  қазақтардың  жайлауы.  Тіпті,  кеңестік  заманның
өзінде жаз түсе Атбасар және көршілес жатқан аудандардың малшылары көп
малдарын сол жақтағы жайлауға көшіретінін білетінбіз. 1960-70 жылдары
осы аймақта арнайы «ХХІ партсъезд», «Гагарин», «Титов», «Фурманов»,
«Чапаев», «Ленин» атындағы совхоздар да ашылған.
Бізге  дерек  жинауға  көп  көмектескен  Әнуарбек  Райымбековтың
айтуынша  Мұқажан  1954  жылдардың  төңірегінде  Державин  ауданына
көшіп келген. Осы маңда қайтыс болып, жерленген. Есенберлин Ілияс пен
Шәкіш Әбдірахман қызы Есмағамбетова. Державин қ. 2014 ж. 1 сәуір

41
Раунақтың жаз шыға Балуанкөлге кететін себебі – Мұқажан жезделері мен
Тазагүл апаларына бару болса керек.
Не  айтсақ  та,  Атбасарды  жазушы  ешқашан  да  есінен  шығармаған.
Өйткені, бұл қалада әкесі Есенберлінің егіз туысы Жұпбаймен бірге ағаш
шебері  болып  жалданып  жүргенде  салған  бірнеше  үйлері  қалған.  Соның
бірі бұрынғы «Набережная» көшесімен қатарлас Советская көшесіндегі өз
семьясына деп салған қоржын үй деп аталатын № 48 тоқал ағаш үй. (1960-
шы жылдары біз оқыған Атбасар қазақ мектеп интернаты тап сол маңда еді
ғой. Неше рет өттік осы үйдің маңынан! Осы бір күнде көріп жүретін «тоқал
үйде» ұлы жазушы дүниеге келді деп кім ойлаған еді?! Өкінішті-ақ!)
Ал, елді есінен шығармаған тек Ілияс Есенберлин. Ол елге, жерге деген
сағынышын өмір бойы сақтап кеткен. Қай шығармасында болмасын, оның
кейіпкері әйтеуір бірде Атбасар туралы мәлімет береді:
Құятын көк Есілге бұйра жалды,
Өзен бар Жабайыдай ұрған жарды.
Сол өзен жағасында жасыл төккен,
Қала бар ақ қайыңды, бүрген талды.
Тараған аңыз болып кең далаға,
Естіген кәрі шал да, жас бала да,
Қайғылы қан төгілген бұл оқиға,
Бір кезде болған еді сол қалада.
Бұл  өлең  жолдарын  біз  Ілияс  Есенберлиннің  1957  жылы  баспадан
шыққан, ал қазір бір данасы ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайда сақталған
«Большевик туралы поэмасынан» алып отырмыз. Поэманың басты кейіпкері
азамат соғысы жылдары ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапқан Атбасар
қаласының тұрғыны – Әділбек Майкөтов. [18]
Жастайынан жетім қалса да, алғыр, «шынашақтай ғана бойына» орай
туыстарының арасында «кішкене аға» атанған Ілиясқа Атбасардың бергені
де  аз  емес.  Ел  аузынан  естіген  көптеген  аңыздар  мен  жыраулар,  халық
әуендері  мен  әндерінің  әсері  мол.  «Ауыл  мектебі»  журналынан  оқыған
әңгімелер, поэмалар мен повестердің ықпалында жазылып, мектеп қабырға
газетіне жазылған алғашқы өлеңі «Тыңда» деп аталған...
Бара  келе  ұлт  тарихының  терең  қойнауына  көз  салып,  өзінің  тарихи
шығармалары  арқылы  «Қазақ  әдебиетінің  тарихында  тарихи  романның
жаңа  үрдіс,  өнегесін  әкелген  І.  Есенберлиннің  «Алтын  Орда»  және
«Көшпенділер»  трилогиясы  болса»[19.  23  Б.],  олардың    дүниеге  келіп,
оқырман көңіліне қона кетуіне, сөзсіз, Атбасар жерінде өткізген балалық

42
шағының әсері мол.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал