Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



жүктеу 5.88 Mb.
Pdf просмотр
бет1/41
Дата14.09.2017
өлшемі5.88 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті 
Актюбинский университет имени С. Баишева 
 
 
 
 
 
 
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» 
Жас ғалымдар мен студенттердің 
ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция 
МАТЕРИАЛДАРЫ 
14 СӘУІР, 2017 ж. 
II том 
 
МАТЕРИАЛЫ 
ІІІ международной научно-практической конференции  
молодых ученых и студентов 
«МОЛОДЁЖЬ И НАУКА: НАСТОЯЩЕЕ И БУДУЩЕЕ» 
14 апреля, 2017 г. 
II том 
 
 
THE MATERIALS 
Of The 3
rd
 International Scientific and Practical Conference 
of Young Scientists and Students 
«YOUTH AND SCIENCE:  THE PRESENT AND FUTURE» 
April 14. 2017 
Part II 
 
 
 
 
 
 
 
 

ББК 74.58+72 
Ж 37 
 
 
Жалпы редакциясын басқарған С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ректоры                  
А.Б. Ағзамова 
Под общей редакцией ректора АУ им. С. Баишева А.Б. Агзамовой 
 
 
Редакциялық алқа: 
Редакционная коллегия: 
Абдикаликов  К.А.,  Абдуллаев  Х.Т.,  Амангазиева  М.К.,  Кайыргалиева  М.Г.,  Сұлтан  Ж.И., 
Аймаганбетов  М.Н.,  Жубанышева  Г.И.,  Оспанбаева  А.Ж.,  Комарова  Д.Г.,  Исетова  А.Т.,  Сатова 
Д.Е. 
 
ЖАСТАР  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ:  БҮГІНІ  МЕН  КЕЛЕШЕГІ:
  жас  ғалымдар  мен 
студенттердің III халық. ғыл.-практ.конф. мат.= 
МОЛОДЕЖЬ И НАУКИ: НАСТОЯЩЕЕ И 
БУДУЩЕЕ
: мат.III межд.науч.-практ. конф.молод. учен. и студ.-
 YOUTH AND SCIENCE: THE 
PRESENT AND FUTURE: the 3
rd
  International Scientific & Practical Conference of Young Scientists 
and Students. – Ақтөбе:  С. Бәйішев ат.  АУ РББ, 2017 ж. – 375 б. II том.– каз, рус, англ.    
 
ISBN 978-601-7566-27-2 
 
Жинаққа  «Жастар  және  ғылым:  бүгіні  мен  келешегі»  атты    III  Халықаралық  ғылыми-
практикалық конференция материалдары енгізілген. 
Жинаққа  Қазақстан  және  басқа  да  ТМД  елдерінің  әр  аймақтарындығы  жетекші  жас 
ғалымдардың,  студенттер  мен  магистранттардың  ғылым  мен  инновация,  техника  және  өндіріс 
саласындағы зерттеу нәтижелері мен мақалалары жарияланған. 
Жинақ ғылыми қауымдастықтағы барша оқырмандарға арналады. 
Мәліметтер  мен  дәйексөздердің,  экономика-статистикалық  мағлұматтардың  шынайлығы 
авторлардың  өз  жауапкершіліктерінде.  Редакциялық  алқа  тезистер  мен  мақалалары  түзетіп, 
рецензиялауға құқылы. 
 
В сборник включены материалы III Международной научно-практической конференции на 
тему «Молодежь и науки: настоящее и будущее». 
Материалы  охватывают  результаты  исследований  различных  сфер  начной  деятельности 
ведущих молодых ученых, студентов и магистрантов Казахстана и стран СНГ, касающиеся науки 
и инновации, техники  и производства. 
Сборник предназначен для всех членов научного сообщества. 
За достоверность фактов, цитат, экономика-статических данных, имен и прочих сведений 
ответственность  несут  сами  авторы.  Редакционная  коллегия  оставляет  за  собой  право 
корректировать и рецензировать тезисы и статьи. 
 
 
УДК 001:378(063) 
ББК 74.58+72 
 
 
 
 
 
 
 
 
ISBN 978-601-7566-27-2                            ©Актюбинский университет имени С. Баишева, 2017   
 
УДК 001:378(063) 

 
 
 
Құрметті конференцияға  
қатысушы студенттер,  
жас ғалымдар және қонақтар! 
 
«Жастар  және  ғылым:  бүгіні  мен 
келешегі»  тақырыбындағы жас ғалымдар мен 
студенттердің  IІІ  Халықаралық  ғылыми-
практикалық 
конференциясына 
 
қош 
келдіңіздер! 
 XXI 
ғасыр 
– 
білімділер 
ғасыры 
болғандықтан, бүгінгі таңда заманымызға сай 
зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған 
ұрпақ  қалыптастыру  –  мемлекетіміздің  алға 
қойған аса маңызды міндеті болып тұр. 
Бүгінгі  алдыңғы  толқын  аға  буынның  орнын  басар,  ізін  жалғастырар  артында  өсіп 
келе  жатырған  жастар  екені  даусыз.  Еліміздің  ендігі  дамуы  мен  өркендеуі,  келешегі 
білімді,  бәсекеге  барынша  қабілетті,  ғылыми  потенциалы  жоғары  жастарға  тікелей 
байланысты.  
Біздің  университетіміздің  ғылыми  өрісін  кеңейтуге  бағытталған  шаралардың 
қатарында  осындай  жыл  сайын  ұйымдастырылатын    халықаралық  жас  ғалымдар  мен 
студенттердің    конференциясын  айтуға  болады.  Жүздеген  жас  ғалымдар  қатысқан  бұл 
ғылыми жиын тақырып ауқымдығын, талқыға түскен мәселелердің өзектілігін, еліміз бен 
шет  елдік  ғылыми  ортаның  белсенді  ынтымақтастық  байланыстарының  нәтижелілігін 
көрсетеді.  Конференция  аясында  студенттер  мен  жас  ғалымдардың    техника, 
жаратылыстану,  экономика  және  гуманитарлық    ғылымдар  бойынша  үздік  ғылыми 
жұмыстары  анықталып,  марапатталды.  Өткізіліп  отырған  бұл  шара  жоғары  оқу 
орнындағы жүргізілетін  ғылыми жұмыстардың үлкен бір бағыты. 
«Мемлекеттік  жастар  саясаты  жастарға  еліміздің  толыққанды  азаматы  болуға 
жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, 
жақындары,  өз  халқы  және  Отаны  үшін  жағдай  туғызатын  азаматтар  болуы  тиіс. 
Мен  біздің  жастарға  сенемін»,  -  деген  елбасымыз  Н.Назарбаевтың  үмітін  біздің 
жасампаз жастарымыз әрқашан ақтайде деген сенімдеміз.   
Құрметті  конференцияға  қатысушылар  мен  қонақтар!  С.Бәйішев  атындағы  Ақтөбе 
университетінде  өткізіліп  отырған  «Жастар  және  ғылым:  бүгіні  және  келешегі»  
тақырыбындағы  жас  ғалымдар  мен  студенттердің  IІІ  Халықаралық  ғылыми-практикалық 
конференциясына  қатысушылардың  барлығына  ғылым  жолындағы  бастамаларына 
сәттілік тілеймін! 
 
 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе 
университетінің ректоры 
Ағзамова Әлия Бекежанқызы  
 
 


 
ІІ СЕКЦИЯ 
 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
 
ТЕХНИЧЕСКИЕ НАУКИ 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ КӨЛІКТІК ЛОГИСТИКАЛЫҚ 
ДАМУ БАҒЫТТАРЫ 
 
Абжан З.Ә., Жағыпар Ш.А. 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті 
 
Аңдатпа 
Еліміздің  транзиттік  кешенін  дамыту  мақсатында  көлік  қызметтерін  көрсетудің 
бәсекеге  қабілетті  ортасы  қалыптасты.  «Батыс-  Еуропа-  Батыс  Қытай»  халықаралық 
транзиттік дәлізі екі ортаны үш жарым есеге қысқартады. 
 
Abstract 
To  develop  transport  possibilities  of  the  Repablic  of  transport  infrastructure  is  formed. 
Infastructure  provides  an  uninterrupted  supply  of  Chinese  Republic  goods  to  European  contries‘ 
Western  Europe-  Western  China’.  A  transit  Corridor  reduces  the  distance  between  them  into  3.5 
times. 
 
Тірек сөздер: транзитік жол, көліктік логистика, инфақұрылым, магистраль, транзитік 
дәліз, инвестиция, геосаясат, жобалар, көліктік коммуникация, транзиттік тасымалдау, 
Keywords:  transit  road,  transport  logistics,  infrastructure,  motorways,  ransit  corridor, 
investment, geopolitics, projects, transport communication, transit. 
 
«Транзиттік  жол»  -  Қазақстан  Республикасы  үшін  ерекше  орын  алатын  көліктік-
коммуникациялық  өтеулерді  экспорттау  формасы.  Халықаралық  транзиттегі  Қазақстан 
Республикасының  ұлтық  мүдделері  көліктік  дәліздерде  қатысуымен  қарастырылады. 
Еуразиялық  бағытта  Қазақстан  үш  транзиттік  бағыт  бойынша  қатысады:  біріншісі,  Еуропа-
Ресей-Қытай; екіншісі, Еуропа- Қытай (экономикалық ынтымақтастық ұйымы мемлекетттері 
арқылы: Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, 
Түркменстан, Өзбекстан); үшіншісі, Ресей-Орталық Азия. Қазақстанның транззиттік әлеуеті 
әлемдік  қоғамдастық  назарындағы  маңызды  нысанға  айналып  отыр.  Көлік  және 
коммуникация  кешенін  дамытуға  Қазақстанның  транзиттік  көліктік  әлеуетін  арттыру 
толығырақ  пайдалану  маңызды  бағыт  болып  табылады.  Қазақстан  аумағы  арқылы  жүктер 
мен  жолаушыларды  транззиттік  тасымалдау  Қазақстанның  қолдаңыстағы  заңнамаларына 
және  халықаралық  келісімдер  мен  келісімшарттарға  сәйкес  теміржолмен,  әуе  жолымен, 
автомобиль жолымен, мемлекетаралық бағыттардағы ашық теңіз және ішкі су көліктерімен, 
жолдармен  және  су  жолдарымен  жүзеге  асырылады.  Жалпы,  соңғы  жылдары  жүзеге 
асырылып жатқан еліміздегі ең ауқымды транзиттік жоба  – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» 
магистраль дәлізі [1]. 
Батыс  пен  Шынғысты  жалғаған  сауда  магистралі  -  «Ұлы  Жібек  жолын»  бес  ғасыр 
өткен соң қайта жаңғыртуды ұсынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы  – «Батыс 
Еуропа  –  Батыс  Қытай»  халықаралық  транзиттік  дәлізі  әлем  жұртшылығының  назарын 
аударды.  Жалпы  кұны  825,1  милиард  теңге  болатын  Қазақстандық  жобаға  Дүниежүзілік 
банк,  Еуропа  қайта  құру  және  Даму  банкі,  Ислам  Даму  банкі,  Азия  және  Жапония  Даму 
банктері инвестиция бөлді.  
Халықаралық  транзиттік  дәліздің  жалпы  ұзындығы  8445  шақырым  құрайды.  Оның 
ішінде,  Қазақстан  Республикасынан-  2787,  Ресей  Федерациясынан-2233,  Қытай  Халық 


 
Республикасынан  3425шақырым  жол  өтеді.  Дәліздің  негізгі  бағыттары  мынадай:  Санкт  – 
Петербург  –  Мәскеу  -  Нижний  Новогород  –  Қазан  –  Орынбор  –  Ақтөбе  –  Ырғыз  –  Арал  – 
Қызылорда  –  Шымкент  –  Тараз  –  Қордай  –  Алматы  –  Қорғас  –  Үрімші  –  Ланьчжоу  – 
Чженчжоу  - Ляньюньган. Яғни Петербор мен Ляньюнгань арасындағы бағыт негізінен Ұлы 
Жібек  жолы  маршрутына  сәйкес  келеді.Ол  Қазақстан  бойынша  бес  облыстың  үстімен 
жүреді. Барлығы 2452 шақырым жол қайта жаңартуға жатады( Ақтөбе-358, Қызылорда-817, 
ОҚО-458,  Жамбыл-480,  Алматы-339  шақырым).Осы  бағыт  бойында  4,6  миллиондай  халық 
тұрады екен және бұл еліміздің халқының үштен бір бөлігі болып табылады (1-сурет). 
 
 
 
1 сурет – Халықаралық транзитті дәліз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» 
 
Бұл  жобаның  артықшылықтары  дәліздің  болашағының  үлкен  үміт  күттіріп  отыр. 
Дәліздің  Транссібір  автомобиль  жолымен  немесе  Су  каналы  арқылы  теңіз  жолымен 
тасымалдаудан  артықшылығы  –  төтелігі  мен  жолға  кететін  уақыттың  қысқалығында.  Теңіз 
жолын  пайдаланғанда  жолға  45  тәулік,  ал  Транссібір  арқылы  жүргенде  14  тәулік  кетсе, 
«Батыс Еуропа- Батыс Қытай» жолына кететін уақыт небәрі 10 тәулік болады. 
«Батыс  Еуропа-  Батыс  Қытай»  халықаралық  автомагистральдің  техникалық-
экономикалық жобасы бойынша енді 7-8 жылда жолдың жүк көліктерін өткізу көлемі 2,5 есе 
ұлғаятын  болмақ.  Жобаны  іске  асырудың  Қазақстанға  келетін  экономикалық  пайда  жыл 
сайын  33,9  млрд  теңге  ,  жол-көлік  апаттарының  азаюынан  түсетін  пайда  82,9  млрд  теңге 
болатын  көрінеді.Еліміздегі  бес  ірі  аймақ-  Ақтөбе  ,  Қызылорда  ,  Оңтүстік  Қазақстан, 
Жамбыл және Алматы облыстарының экономикасында серпіліс болып , біршама дамиды. 
Ал  Еуропа  жақтан  Қытайға  жаңа  технологиялар  мен  машина  құрал  -  жабдықтары, 
сондай-ақ  шикізат  жеткізіледі.  Бұл  жағынан  есептеп  қарағанда,  Батыс  Қытайдан  шығатын 
тауарды  аз  қаржы  жұмсап,  тез  жеткізу  Алматы,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстары  арқылы 
жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан аумағынан шыққаннан кейін жүк керуені әрі қарай 
Ресей,  Беларусь  арқылы  Польшаға,  Германия  мен  Францияға  жеткізіледі.  «Батыс  Еуропа  – 
Батыс  Қытай»  халықаралық  транзиттік  дәлізі  екі  ортаны  үш  жарым  есеге  қысқартады  екен 
[2].  
Қазақстанда  қазақстандық  көлік  кешенінің  интеграциялық  процестерін  халықаралық 
көлік  жүйесіне  жылдамдату  және  еліміздің  транзиттік  кешенін  дамыту  мақсатында  көлік 
қызметтерін көрсетудің бәсекеге қабілетті ортасы қалыптасты.  
Шетелдік 
инвесторлар 
кеңесінің 
25-ші 
жалпы 
отырысында 
Қазақстан 
Республикасының  Президенті  «Жаңа  Жібек  жолы»:  «Қазақстан  өзінің  тарихи 
рөлінжаңғыртуы  және Орталық  Азия  өңірінің ең үлкен іскери транзиттік хабы, Еуропа мен 


 
Азия арасындағы өзінше көпір болуы тиіс... Бұл Қазақстанның негізгі көлік дәліздерінесауда-
логистикалық,  қаржы-іскери,  инновациялық-технологиялық  және  туристтік  –  халықаралық 
деңгейдегі бірыңғай хаб кешенін құру», деп жобаны іске асыру басталғанын хабарлады. 
«Жібек  жолы»  жаңа  жобасының  бәсекеге  қабілеттілік  артықшылығы  «5С»  -
жылдамдық,  сервис,  құны,  сақталуы  және  тұрақтылық  принципін  іске  асыруға  негізделеді. 
Олардың  аумақтық  және  функционалды  өзара  байланысуы  нәтижесінде,  синергетикалық 
әсер  болуы  тиіс.  Дәл  осы  жаңа  «Жібек  жолының»  бәсекеге  қабілеттілік  артықшылығының 
басты көзі болуы тиіс. 
«Қазақстан  Темір  жолы»  ұлттық  компаниясы  қорында  әлемдік  деңгейдегі 
мультимодальді көлік-логистикалық компаниясы құрылды. 
Сондай-ақ осы жылы «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа теміржол 
желілерін  салу  бойынша  ауқымды  жобаларды  іске  асыру  басталды.  Бұлар  жәнебылтырғы 
жылы аяқталған жобалар Азиядан Еуропаға жүк көлемінің артуына мүмкіндік береді. 
«Жаңа  Жібек  жолы»  шеңберінде  «Қорғас»  халықаралық  шекара  ынтымақтастығы 
орталығын құру сияқты жобалар маңызды болды. Бұл Қазақстанның «Шығыс қақпалары». 
Қазақстанның  батысында  «Ақтау»  теңіз  портын  кеңейту  және  Ақтөбе  қаласында 
логистикалық орталықты салу бойынша жобалар іске асырылады. Олар Каспий маңы өңірі, 
Ресей және одан әрі Еуропаға шығумен республиканың «Батыс қақпалары» болады.  
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрылықтық дәліз тез салынуда. 
Бұл жоба 2015 жылға қарай аяқталады және жүкті Қытайдан Еуропаға теңіз көлігімен 
салыстырғанда,  автокөлікпен  3,5  есеге  дейін  жеткізу  мерзімдерін  қысқартуға  мүмкіндік 
береді. 
Сонымен  қатар,  елбасы  2014  жылы  «Нұрлы  жол»  жаңа  экономикалық  саясатын 
жариялады.  Бұл  ауқымды  Жолдау,  өйткені,  онда  өте  үлкен  жоспарлар  белгіленіп,  халыққа 
мемлекет  тарапынан  зор  көмектер  жасалмақ.  Бюджеттен,  Ұлттық  қордан,  шетелдік 
инвестициялардан экономиканы дамытуға, жол салуға, халықтың әлжаз тобына, шағын және 
орта бизнесті қолдауға қомақты қаражат тартылмақшы. Барлығы 24 млрд доллар жұмсалады. 
Тарихи  Жолдау,  өйткені,  Елбасы  геосаяси  жағдайға  нақты  баға  береді,  еліміздің  жақын 
келешектегі  даму  бағытын  айқындады.  Осылайша  ел  басшылығының  Қазақстан  тағдырына 
қатысты саяси жауапкершілікті алуға дайын екенін көрсетті. 
«Нұрлы  жол-болашаққа  бастар  жол»  деп  аталған  жолдауда  елбасы  көліктік-
логистикалық инфақұрылымдарды дамыту керектігін ерекше айтып өтті. Ол макроөңірлерді 
хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, 
инфақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистральді автомобиль, теміржол 
және  әуе  жолдарымен  шұғыла  қағидаты  бойынша  өзара  байланыстырады.  Бірінші  кезекте, 
негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай- Батыс Еуропа; Астана- 
Алматы;  Астана-  Өскемен;  Астана-  Ақтөбе-Атырау;  Алматы-  Өскемен;  Қарағанды- 
Жезқазған- Қызылорда; Атырау- Астрахань. Сондай-ақ, елдің шығысында логистикалық хаб 
және  батысында  теңіз  инфақұрылымын  құруды  жалғастыру  қажет.  Батыс  бағытта  Каспий 
порты  арқылы  экспорттық  әлеуетті  арттыруға  Құрық  портынан  ауқымды  паромдық  өткелі 
және Боржақты- Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады. Үкіметке Қытайдың, Иранның, 
Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ» және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе 
жалға алу мәселесін ойластыруды тапсырды.  
Қазақстанның логистикалық жүйесін дамыту, республиканың көліктік – логистикалық 
орталықтарын  дамыту,  көліктік  логистикалық  қызметтегі  келісім  шарт  жасау  мәселелері 
талқыланды.  «Қорғас-Шығыс  қақпасы»  АА  дамыту,  Достық  станциясында  көліктік 
логистикалық қызметті «бір терезе» әдісі негізінде ұйымдастыру жайлары қаралды. Сонымен 
бірге ҚР Көлік және комуникациялар министрлігі мен Қазақстанның «KAZLOGISTICS»көлік 
Одағының  бірлескен  2015-0-2016  жылдарға  арналған  көлік  логистикасын  дамыту 
Жоспарының орындалу барысы қаралған. «Жаңа Жібек Жолы» 2-ші Халықаралық көліктік- 
логистикалық бизнес форумы мен Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағының бірінші 
съезінің  даындық  барысы  талқыланып,  мұнда  «ҚТЖ»  ҰҚ»  АҚ  құрылымдарындағы  темір 


 
жолмен тасымалдау, порттық инфрақұрылым және теңіз тасымалы, терминальдық желі мен 
автотасымалдау мультимодальдық операторлық қызмет жасақталуда. 
Көліктік  логистикалық  нысандарды  басқаруға  халықаралық  опреаторлар  Dubai  Port 
World  Ақтау  портын  басқарса,  «Қорғас-  Шығыс  қақпасы»  АА»  АҚ  басқаруға  Swissport 
әуежайлар холдингін басқаруға тартылатын сыңайлы. 
Қазақстан  2012  жылы  LPI  Әлемдік  банкісінің  логистикалық  индексқнде  86  орынға 
тұрақтады.  Бұл  салада  жетістікке  жету  үшін  мемлекет  пен  бизнес  кеден  қызметін, 
инфақұрылым сапасын, халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру тиімділігін көтеру,жеткізу 
мерзімін сақтау жайлары қарастырылады.  
«Қорғас- Шығыс қақпасы» А А тұсаукесер рәсімінде арнайы экономикалық аймақтың 
барлық  қырларын  көрсетті.  Оның  ішінде  Батыс  пен  Шығыстың  аралығында  географиялық 
жайлы  орналасуы,  көлік  аймағының  бөлінбес  бөлшегі  құрғақ  жүктер  порты,  «бір  терезе» 
тәртібі,  салықтық  және  кедендік  жеңілдіктер  мен  преференциялар,  Қазақстанның 
мемлекеттік тұрғыда инфақұрылымды дамытуға қолдау көрсетуі.  
Көлік  логистикасындағы  бір  қатар  мәселелер:  «Мультимодальдық  және  транзиттік 
тасымалдау туралы» ҚР заңының жобасын жасау, барлық жобаларды жедел шешуді жүзеге 
асыру  мақсатында  «Қорғас-Шығыс  қақпасы»  А  А  жұмыс  тобын  жасақтау,  жоғарыдағы 
көліктік  логистика  тұрғысындағы  айтылған  жайларды  және  ұсыныстарды  Қазақстананың 
«KAZLOGISTICS» көлік Одағы Президиумы қарауына шығарып одан кейін ҚР ККМ мен ҚР 
Үкіметінің қарауына жіберу. 
Тәуелсіз 
егеменді 
Қазақстанның 
қазіргі 
мақсаты 
өзінің 
дүниежүзіндегі 
геоэкономикалық  және  геосаясаттық  орнын  пайдалана  отырып  бір-бірінен  алшақ  жатқан 
ішкі аймақтарды жалғастыру және географиялық орнын тиімді пайдалана отырып транзиттік 
әлеуетін дамытудың болашақтағы абғытын анықтау. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
1.  Евгений  Хон,  ҚР  Президенті  жанындағы  Қазақстанлық  стратегиялық  зерттеулер 
институтының ғылыми қызметкерлері, «Қазақстан Республикасының көліктік әлеуеті» 
2.  Основы  логистики:  Учебное  пособие  /  Под  ред.  Л.  Б.  Миротина  и  В.И.,  Сергеева. 
М.: Инфра-М, 2009. 
3. Неруш Ю. М. Логистика: Учебник для вузов. 2-е изд., перераб. и доп.- М.:ЮНИТИ: 
ДАНА, 2010. 
4. Қазақстанның «KAZLOGISTICS» Көлікодағыбаспасөзқызметі 
5. www.el.kz ғаламторжелісі 
6. http://www.kazlogistics.kz/kz/ ғаламторжелісі 
 
 
37:004 
AUTOPLAY MEDIA STUDIO БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ 
ОҚУЛЫҚ ҚҰРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Ажигулова Г.А., Шаңдыбаева Н.Б. 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі 
 
Аннотация: 
 
Бұл  мақалада  электрондық  оқулықтың  тиімділігі  жөнінде  әдіс  –  тәсілдерімен  бөлісе 
алады. Оқу процесінде электронды оқулықтың тиімділігін арттыруда пайдаланылатын әдіс-
тәсілдер  әрбір  білім  алушыға  өзінің  интеллектуалды  потенциалын  жоғарғы  деңгейге 
жеткізуге мүмкіндік береді. Электрондық оқулықты AutoPlay Media Studio бағдарламасында 
құрудың тиімділігі мен әдіс-тәсілдері сипатталған. 


 
В  этой  статье  делится  своим  опытом  использования  электронного  учебника.  Методы, 
связанные  с  повышением  эффективности  использования  электронным  учебном  процессе, 
дают  возможность  каждому  обучающемуся  достигнуть  максимального  уровня  своего 
интеллектуального потенциала. В данной статье описывает возможности и методы создания 
электронного учебника с помощью программы AutoPlay Media Studio. 
 
This  article  shares  the  experience  of  using  the  electronic  textbook.    Methods  to  increase 
efficiency  of  the  use  of  electronic  educational  process,  provide  an  opportunity  for  each  student  to 
reach the  maximum  level  of  their  intellectual  potential.  This  article  describes the possibilities  and 
methods of creation of the electronic textbook using AutoPlay Media Studio program. 
 
Тірек  сөздер:  электрондық  оқулық,  ақпараттық  технология,  компьютерлік  технология, 
AutoPlay, мультимедиа. 
 
Еліміздің  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістерге  сай  білім  беруді  жетілдіру 
бағыттарының  бірі-білім  беруді  ақпараттандыру.  Бүгінгі  таңдағы    біртұтас  ақпараттық 
ортаны  құру.  Бүгінгі  таңда  білім  саласында  ақпараттық  технологияларды  пайдалану, 
ақпараттық кеңістікпен сабақтастыру болып отыр.  Қазіргі кезеңдегі негізгі мәселелердің бірі 
–  оқыту  үрдісінде    де  білім,  тәрбие  берудің  пәрменділігін,  білімнің  тәрбиелік,  тәрбиенің 
білімділік  мәнін  жоғары  дәрежеге  жеткізу  болып  отыр.    Білім  беруде  мұғалім  құзырлығы 
ақпараттық-технология  құралдарын  игерумен  тығыз  байланысты.    Компьютерлік 
технологияны  қолдану  –  оқыту  үрдісін  тиімді  ұйымдастырудың  бір  жолы.  Бұл  технология 
мұғалімнің  өздігінен  үздіксіз  жетілуді,  оқытудың  заманауи  құралдарын  қолдануда 
педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытуды талап етеді.  
Білім  алушы  үшін  кез  келген  сабақта  қабылдайтын  ақпараттың  көлемі    өте  ауқымды. 
Сондықтанда  білім  алушылармен  жұмыс  жасауда  мультимедиялық  кешендер,  ғаламтор 
ресурстарын қолдану кеңінен қарастырылады. Жаңа бетбұрысқа аяқ басқанда заман ағымына 
сай электрондық оқулықтарды пайдалану өте тиімді. Ол ақпараттық белсенділікті арттырып 
қана  қоймай,  логикалық  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға,  шығармашылықпен  ізденуге, 
алынған  ақпарат  көздерін    сұрыптауға  зор  ықпал  етеді.  Электрондық  оқулықтарды 
пайдаланудың  негізгі  мақсаты  білім  беру,  білімді  пысықтау,  бекіту,  бақылау,  ақпараттық 
ізденіс  жұмыстарын  қалыптастыру,  ойлау  қабілетін  дамыту,  таным  көкжиегін  кеңейту. 
Электрондық  оқулықтар  уақытты  ұтымды  пайдаланып,  үнемдейді.  Электрондық  оқулық  - 
бұл  дидактикалық  әдіс-тәсілдер  мен  ақпараттық  технологияны  қолдануға  негіздеген  жүйе 
болып  табылады.  Электрондық  оқулықпен  оқыту  мұғалімнің  оқушымен  жеке 
шығармашылықпен  жұмыс  істегенімен  пара-пар.  Ал,  электрондық  оқулықтар  білім  беру 
үдерісін ақпараттандыру құралының бірі деп айтуға болады. Бұл жерде тек оқушы үшін ғана 
емес,  ұстаз  қауымы  үшін  де  әдістемелік  құрал  болып  табылады.    Компьютерлерге  арнайы 
орналастырылып  оқу  үрдісінде  автоматтандырылған    жүйе  болып  отыр.  Бүгінгі  таңда 
бірнеше  пәндер  бойынша  электронды  оқулықтар  жасалып,  кеңінен  қолданысқа  ие. 
Электронды оқулықтың тиімділігі суретінің тартымдылығы, мазмұны, құрылымы, бірізділік 
жүйесімен баурап алады.  Осындай оқулықтар барлық пәндерден  түбегейлі қолданылса нұр 
үстіне нұр болары хақ. Бүгінгі таңда ғаламтормен, компьютермен жұмыс жасау өміріміздің 
мәніне айналды.  
Электронды оқулықтардың бірден бір тиімділігі: 

 
Материалдардың алуан түрлілігі: 

 
Аудиомәтіндер,  суреттер,  сызбалар,  жұмбақ-сызбалар,  бейнематериалдар, 
презентациялар т.б. 

 
Тапсырманың бірізділікпен берілуі; 

 
Өз бетінше шығармашылықпен ізденуі; 

 
Ақпаратты сұрыптай алуы; 

 
Алған білімді бекітіп, пысықтай алуы; 


 

 
Белгілі бір  өсу сатысына көтерілуі ; 

 
Ойының ұшқырлығы; 

 
Ғылыми жобалар ұсынуы. 
Электрондық оқулықтағы  сан алуан қызықты материалдар, тест түрлері, диалогтық оқу 
түрлері,  кестелер,  сәйкестендіру  тапсырмалары,  мәтін  түрлері  және  құрылымына 
байланысты  тапсырмалар  оқушының    пәнге  деген  қызығушылығын  арттыра  түседі, 
шығармашылыққа жетелейді,  өз бетінше ізденіп, көш озық болуына  итермелейтіні анық.  
Мультимедиялық  технологиялармен  жұмыс  істеу  кезінде  білім  алушылар  басынан 
бастап,  қызықты  танымдық  әрекеттерге  араласа  алады.  Жаңа  сабақ  барысында  қосымша 
қызықты  материалдарды  ұсынуға,  көлемді  қиын  тақырыптарды  тірек-сызбалар  арқылы 
жеткізуге, өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады. Топпен, жекелей 
жұмыс жасауға зор ықпалын тигізеді. Алдын-ала дайындалған презентациялар, графикалық 
сызбалар, мәтіндік ақпараттар, бейне және аудио материалдар, алдын ала үйлестірілген жаңа 
сабақты меңгертуге арналған ойындар, гиперсілтемелер арқылы сабақтың білім алушы үшін 
қызықты да, тартымды өтуіне көмегін тигізеді. 
Ақпараттың  қажетін  сезіну,  тиімді  қолдану  ең  бастысы  шығармашылыққа  жетелеуде 
электрондық оқулықтардың орны ерекше. Адамзат баласының алға қарай сатылай өркениет 
өріне  жетуі  әр  білім  алушының  дұрыс  ой  түюіне,  өнегеге  жол  сілтеуі,  ғылым  жетістіктерін 
терең  меңгертіп  оқыту,  білімге  деген  мәңгілік  құштарлық  та  оқытушы  парыздылығының  
кемел көрінісі  болмақ. Оқытушының  өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін 
түбегейлі  өзгертуге,  білім  алушылардың  жеке  қабілеттілігін  дамытуға,  оқудағы  пәнаралық 
байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастырудағы бір бағыты электрондық оқулықтар  
үнемі  жаңадан  жаңа  дүние  жасауға  мүмкіндік  береді.    Ақпараттандырылған  қоғамның 
талабына  сай  оқытушы  да,  білім  алушы  да  жаңаша  көзқарасты,  терең  ойлы  болуы  керек. 
Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық 
жұмыспен  айналыса  алатын  дәрежеге  жеткізу  жолында  бірқатар  жұмыстар  өз  нәтижесін 
береріне сеніміміз мол. 
Электрондық оқулық құруға тиімді бағдарламалардың бірі – AutoPlay. 
AutoPlay Media Studio – бұл дискінің автоматты түрде жүктелуін жасайтын бағдарлама.  
Бұл  бағдарлама  арқылы  электронды  оқулық,  портфолио,  CD\DVD  визиткаларын, 
презентациялар,  қарапайым  ойындар,  электронды  фотоальбом,  жоғары  сападағы 
бейнефайлдар, қарапайым дыбыстық және бейнелік ойнатқыштар жасауға болады. Осының 
барлығын  арнайы  бағдарламашының  білімінсіз-ақ  жасауға  болады.  Ал  C++,  Java,  Visual 
Basic бағдарламаларының мүмкіндіктері арқылы жұмыс нәтижесі жоғарлай түседі. AutoPlay 
Media Studio бағдарламасының құрал-саймандар тақтасында объектілермен қарапайым және 
жеңіл  жұмысы  жасауға  арналған  элементтер  орналасқан.  Бұл  бағдараланың  құрал  – 
саймандар  тақтасында  бейнелермен,  бейнефильмдермен  және дыбыстармен жұмыс  жасауға 
арналған батырмаларда орналасқан. 
AutoPlay Media Studio бағдарламасының мәзір қатары 
Мәзір қатарында төмендегідей әрекеттер орналасқан: 

 
Файл  мәзірі. Сақтау  қатарын,  жаңа  жоба  құру  мен  сақталған  жобаны  ашу.  Жобаның 
файлы  ретінде  (*.APT)  және  жоба  мұрағаты  (*.APZ)  қолдануға  болады.Жобаны 
сақтау барысында  шаблон  үлгісінде  автордың  атын,  кері  байланысты,  сонымен  қатар  веб 
сайтты енгізуге болады. Мұрағат үлгісінде сақтау қосымша көшірмені пайдалану мақсатында 
қолданылады.Ашу әрекеті  арқылы  сақталған  жобаны  және  мұрағат  файлы  мен  жобаны 
ашады.Жаңа жоба құру үлгілердің біреуін таңдау мен жаңадан құру мүмкіндігін береді. 

 
Түзету  мәзірі.Әдеттегідей  батырмаларды  қамтиды:  қиып  алу,  қою,  көшіру  т.с.с.  Бұл 
мәзірде бағдарламаны реттеу орналасқан. 

 
Бет  мәзірі.  Бет  мәзірінде  бетті  құру,  бетті  жою,  беттің  атын  өзгерту  мен  көшірмесін 
жасау  әрекеттерін  қамтиды.  Көшірмелеу  барысында  жобадағы  беттердің  көшірмесін  жасап 
қоюға болады. Элементтерді, фонды қоюға болады. 


 

 
Түр мәзірі.Түр мәзірінде  құралдар  тақтасын  қосып,  өшіруге  болады,  торды  қосу,орға 
бекіту, қосымша құралдарды қоюға болады. 

 
Объект  мәзірі.  Бұл  мәзірде  бағдарламада  қойылатын  объектілер  түрлері  орналасқан. 
Объектілердің мынадай түрлері қарастырылған: батырма, файл, сурет, видео т.б. 

 
Жоба  мәзірі.  Бұл  мәзірде  жоба  файылдарын  қарауға,  мәліметтер  қорын  басқаруға, 
бағдарлама баптауларын орнатуға т.б. әрекеттер орындауға болады. 

 
Жарияланым  батырмасы.  Батырма  негізіген  екі  әрекеттен  тұрады.  Олар:  алдын-ала 
қарау  және  жинақтау.  Алдын  ала  қарау-құралған  жобаны  қарау,  ал  Жинақтау  құрылған 
жобаны  дискіге  немесе  басқада  ақпарат  тасымалдаушы  құрылғыларға  сақтауға  мүмкіндік 
береді. 

 
Анықтама  мәзірі.  Бұл  мәзір  көптеген  бағдарламадағыдай  анықтама  жүйесінен, 
қолдануша нұсқауданжәне т.б. әрекеттерден тұрады. 
AutoPlay бағдарламасының  ерекшелігі  дайын  жобаны  AutoPlay  Media  Studio 
бағдарламасының көмегінсіз ашып қолдана беруге болады. 
Бұл  бағдарламада  бетке  суреттерді,  видеоны,    PDF  пішініндегі  тескті,  flash 
анимацияларды,  веб  парақтарға  сілтеме  жасауға  және  т.б.  көптеген  объектілерді 
орналыстыруға мол мүмкіндік береді.  
Бағдарлама  жұмыс  жасауда  арнайы  білімді  талап  етпейді  және  жасалынған  жобаны 
өзгерте алуымен ерекшеленеді. 
Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану кезінде әр ұстаз шебер әрі мазмұнды яғни 
нәтижеге қол жеткізетіндей қолдана білуі керек. Білім беруге жаңа ақпараттық технологияны 
қолдану  оқытушыға  бүгінгі  таңдағы  адамзаттық  ақпаратттық  жетістіктерінің  алуан  түрінде 
жол таба алатын, өз бетінше ойлай білетін жаңа адамды қалыптастыруға септігін тигізеді.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.Арысбаева З. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері // Қазақстан мектебі. – 
2003. - №8. - 20 б.  
2. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001 
3.Назарбаев  Н.Ә.  Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  өрлеу  –  Қазақстанның  жаңа 
мүмкіндіктері Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан.  – 2010. + 
30 қаңтар.  
4.  Шаупукова  Н.М.  Электрондық  оқулық  құрудың  тиімді  жолдары.  «Информатика» 
https://www.kbsu.ru/-book/. 

Каталог: assets -> images -> otdel -> innovation -> 5-5-2017
images -> Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары
images -> «Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыс ғылым пәндері» кафедрасы
5-5-2017 -> Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
5-5-2017 -> Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
images -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
5-5-2017 -> Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
images -> «Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыс ғылым пәндері» кафедрасы и н ф о р м а т и к а

жүктеу 5.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет