Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет35/48
Дата17.06.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Мырзахметұлы М. Абайтанудың бүгінгі міндеттері.// «Абай», №4, 2005 
 2. Абай және қазіргі заман: зерттеулер жинағы. – Алматы: Ғылым, 1994. 
 3. М. Мырзахметов «Абай және Шығыс», Алматы, «Қазақстан», 1994.  
4. Абай. «Қалың елім қазағым: шығармалары», Алматы, «Жалын» баспасы, 1995.  
5.Абай. Энциклопедия. Р.Н. Нұрғалиев, З. Ахметов, Л.М. Әуезова, Б.Г. Ерзакович, Алматы: 
«Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, 1995.  
6.Қалиұлы С.Ой үндестігі «Абай»журналы,№3,2015,8-11 б. 
7.Бекбосынов М.Абай мұрасының азаттық мәні«Абай»журналы,№3,2015,11-17 б. 
8.Омаров А.Ақын Абай – ойшылдық сатында. «Абай»журналы,№6,2016,19-29 б. 
 
 
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ   КӨШУДІҢ             
 ОҚУШЫЛАРҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ 
 
Оразова Қ. А. 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті 
Аннотация: 
Бұл  мақалада  12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшудің 
маңыздылығы,ерекшелігі туралы айтылған.Бұл жүйенің басты мақсаты – жүйені ашық, заман 
талабына  сай  негізде  дамыту.  Қазіргі  қоғамның  өзекті  мәселелерінің  бірі  –  әлеуметтік, 
экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар 
оны жақсартуға игі ықпалететін жеке тұлғаны қалыптастыру. 
Кілт сөздер: білім беру жүйесі, халықаралық стандарт, 12 жылдық мектеп, білім беру 
реформасы, бейіндік оқыту, жеке оқу бағдарламасы. 
Аннотация:  В этой статье речь  идет о  важности  перехода  к  системе  12-летнего 
образования.  Основная  цель  этой  системы  является  развитие  в  соответсвииссовременным 
требованиям.  Одним  из  наиболее  важных  вопросов  современного  общества  –это 
формирование  индивида  которые  готовы  не  только  жить  в  социальных  и 
экономическихменяющихся условиях но в то же время влияющие дляего улучшение. 
Ключевые  слова:      образовательная  система,  международный  стандарт,  школа  12 
летнего обучения, образовательная реформа, личная учебная программа.  

238 
 
Аnnotation:  Бұл  мақалада  әңгіме  маңыздылығы  туралы  жүйесіне  көшу,  12  жылдық 
білім  беру.  Негізгі  мақсаты-осы  жүйені  дамыту  болып  табылады,  өкімдерінің,  заманауи 
талаптарға  сай.  Анағұрлым  маңызды  мәселелердің  бірі  қазіргі  заманғы  қоғам  –  бұл 
қалыптастыру  индивидтің  дайын  ғана  емес,  өмір  сүру  әлеуметтік  және  экономикалық 
өзгермелі жағдайларда бірақ сол уақытта ықпал ететін және оны жақсарту. 
Keywords:the  education  system,  the  international  standard,  the  12-year-old  school,  the 
reform of the education, professional training, personal training program. 
 
«ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді  
және денсаулығы мықты азаматтар». 
Н.Назарбаев. 
 
Қазақстан Республикасының білім беру кеңістігінде барлық деңгейдегі сапалы білімге 
қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім берудің ұлттық моделін дамытуға қолайлы жағдайлар 
жасалуда.Қазіргі  қоғамымыздағы  өзекті  мәселелердің  бірі  –  өзгермелі  әлеуметтік  және 
экономикалық  жағдайда  өмір  сүруге  дайын,  айналасындағы  шынайы  өмірге  белсенді 
қатынасын  байқатып,  оны  жақсартуға  ықпал  ете  алатын,  қабілетті,  дербес  келген  жеке 
тұлғаны  қалыптастыру.  Еліміздегі  білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасында  жалпы  орта  білім  беретін  мектептер  жөніндегі  мәселелерді 
тиімді  шешу  арқылы  12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшу  көзделген.  12  жылдық  білім 
беруге көшудегі бірінші сатыдағы негізгі бағдар – оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен 
қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын 
және  білігін  қалыптастыру,  яғни  оқытудың  келесі  сатыларына  қажетті  танымдық 
қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға 
ықпал ету басты мақсат етіп қойылған. Елбасымыз Н.Назарбаев 2014 жылғы 14 қаңтардағы 
«Қазақстан жолы– 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына жолдауында 
Қазақстанның  әлемдегі  ең  дамыған  30  елдің  қатарына  кіруін  қамтамасыз  ету  жолындағы 
басым  бағыттарды  айқындап  берген  болатын.  Соның  ішінде  білім  беру  жүйесін  дамытуды 
басты бағыттардың бірі деп атап көрсетіп, алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін ұлттық 
білім берудің барлық деңгейінде сапаны жақсарту бойынша жүйелі жұмыс атқаруымыз керек 
екендігін тапсырды [1]. 
Қазақстанда білім беру жүйесін жаңғырту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен 
олардың  нәтижелері  елімізде  білім  беру  реформасының  жаңа  кезеңге  өтуге  бет  алғанын 
көрсетеді.  Елбасымыздың  тапсырмаларында  көрсетілгендей,  қазіргі  мектеп  партасында 
отырған балалар ертеңгі күні әлем кеңістігіне еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық 
деңгейге көтерілуі керек. Осы мәселені жүзеге асыру мақсатында елімізде білім берудің жаңа 
жүйесі жасалды және әлемдік стандартқа енуге бағыт алып, 12 жылдық білім беру жүйесіне 
көшу қолға алынуда. Халықаралық стандарт бойынша жалпы орта білім беру 12 жылдыққа 
негізделген. Еуропа Кеңесінің университет проблемалары жөніндегі тұрақты конференциясы 
1992  жылы  қабылдаған  декларациясында  «әлемдік  тәжірибеде  12  жылдық  орта  білім  беру 
жүйесі  ең  таңдаулы  болып  саналады»  деп  жазылған.  Бәлкім  содан  болар,  әлемнің  дамыған 
елдерінің 80 пайыздан астамы осы 12 жылдық оқыту жүйесінде білім береді. Бұл соңғы 20–
30  жылда  ғылым  мен  техниканың  дамып,  жаңа  технологиялардың  қоғам  өмірінің  әртүрлі 
саласына кеңінен енгізілуіне байланысты туындап отыр [2].  
Ендеше  біз  де  әлемдік  қауымдастықтың  бір  бөлігі  ретінде  бұл  мәселеден  шет 
қалмауымыз керек. Керісінше, Қазақстанды әлемдік деңгейде көрсету  бағытында мейлінше 
алға  ұмтылуымыз  керек.  Осыған  байланысты  қазіргі  таңда  білім  беру  жүйесіндегі 
реформалар,  өзгерістер  мен  жаңалықтар  әрбір  педагог  қауымының  ойлануына,  өткені  мен 
бүгіні,  келешегі  мен  болашағы  жайлы  толғануына,  жаңа  идеялармен,  жаңа  жүйелермен 
жұмыс  жасауына  негіз  болары  анық.  Ағымдағы  жылы  ҚР  Үкіметі,  Білім  және  ғылым 
министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Назарбаев Зияткерлік 
мектептері  бірлесе  «Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  бастауыш  білім  беру  стандартын» 

239 
 
жасақтады.  Бұл  бастауыш  білім  берудің  жалпы  білім  беретін  бағдарламаларын  жүзеге 
асыратын  білім  беру  ұйымдарындағы  оқу  үрдісін  ұйымдастыруға  арналған  негізгі  құжат 
болып табылады.  
Қазір қолданыста жүрген стандарт мұғалімге бағытталған, яғни көп ақпаратты педагог 
айтады, бала кітаптан ғана оқып шектелетін еді. Ал жаңа жүйе оқушыға бағытталады, бала өз 
бетінше  ізденіс  жасап,  сондай-ақ  ғаламтордан  әртүрлі  ресурс  құралдарын  пайдаланып, 
бірінші сыныптан бастап зерттеуге деген дағдысын қалыптастыруға жол ашады. 12 жылдық 
жалпы  орта  білім  берудің  мақсаты  –  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  өмірге  белсене 
қатысуға  дайын,  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлғаны  дайындау,  яғни  адамның  жеке  тұлғалық 
қасиетін  қалыптастыру.  Қазіргі  қоғамның  жаһандануы,  адам  ресурстарының  мобильділігі, 
қолжетімді  және  алуан  түрлі  ақпаратқа  көшу,  бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен 
технологиялар ықпалының артуы, ғылымдағы инновациялар – осылардың бәрі уақыт талабы 
болып отыр.  
Бүгінгі болып жатқан өзгерістерге дайын болу үшін, ең алдымен, білім  
беру жүйесіне ықпал ететін факторларға тоқталып кетуіміз керек. Қазіргі таңда ғылым 
мен  білім  тұрақты  жаңаруда,  техника  мен  технологиялардың  жылдам  даму  қарқыны 
байқалады, сонымен қатар қазіргі кезеңде белгілі бір сала мамандықтары бойынша берілетін 
стандартты біліктіліктің жұмысқа орналасуға жеткіліксіздігі сезіліп отыр. Ол үшін орта білім 
берудің  мақсаты,  мазмұны,  әдіс-тәсілі  жаңартылуы  керек.  Оқушылар  бойында 
көшбасшылық,  бастамашылық  және  кәсіпкерлік  дағды,  икемділік,  кез  келген  туындаған 
мәселені шеше білуге, ұжымдық жұмыс ұйымдастыра білуге, өз ойын ауызша да, жазбаша да 
сауатты және анық білдіру қасиеттеріне баулуымыз керек.  
12 жылдық білім берудің басты ерекшелігі: баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен 
ойын ашық жеткізуіне және шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал етпек. 12 
жылдық білім жүйесі бойынша, бала мектепке 6 жасынан баратын болады. Бастауыш білім 
беру жүйесі 1–4 сыныптар аралығында болса, 5–10 сынып оқушылары толық орта білімге ие 
болады. Ал 11-12 сыныпта оқушылар қандай да бір профиль арқылы белгілі бір мамандыққа 
бейімделеді [3].  
Мамандардың зерттеулері бойынша, 12 жылдық білім беру жүйесінің  
төмендегідей артықшылықтары бары анықталған.  
1.  Мектепті  бала  денсаулығына  кері  әсер  етіп  отырған  бүгінгі  ауыртпашылықтан 
құтқарудың  жолы.  Соңғы  15  жылда  мектептегі  сабақ  кестесі  ауырлап  кеткен.  Бұл 
балалардың  денсаулығына  кері  әсер  ете  бастаған.  Мектеп  түлектерінің  10  пайызының  ғана 
денсаулығы қалыпты нормаға сай көрінеді. Оқушылардың 15 пайызында жүйке ауруларына 
шалдығу, 50 пайызында әртүрлі созылмалы ауруларға ұшырау фактілері анықталған. Шектен 
тыс сабақтың ауырлығын 12 жылдық білім беру жүйесі  
жеңілдетері сөзсіз.  
2.  Білім  беру  мазмұнын  жаңарту.  Соңғы  жылдардағы  сараптау  қорытындылары 
көрсетіп  отырғанындай,  кеңестік  білім  беру  жүйесі  өзге  өркениетті  мемлекеттердің  білім 
беру  стандарттарына  жауап  бере  алмай-тындай  деңгейге  жеткен.  Әсіресе,  математика, 
жаратылыстану  ғылымы  бо-йынша  білім  беру  мәселесіне  келгенде  Қазақстан  көптеген 
мемлекеттердің  көш  соңында  тұр.  Бұл  білім  жүйесінде  информатика,  экология,  өмір  сүру 
қауіпсіздігінің  негіздері  енгізілмеген,  гуманитарлық  пәндердің  тәрбиелік  мүмкіндіктері 
бағаланбайды.  
3.  Материалдық-техникалық  базаны  жаңарту.  12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшу 
арқылы  біз  бүгінгі  талапқа  сай  келмейтін  материалдық-техникалық  базаларымызды 
жаңартатын боламыз.  
4.  Жұмыссыздықты  азайту  12  жылдық  білім  берудің  басты  артық-шылығы  болып 
саналмақ.  Бұл  жүйе  бойынша  орта  мектепті  тәмамдаған  жас  жеткіншек  жоғары  немесе 
арнайы оқу орнына түсе алмаса, қол қусырып үйде отырмайды. 12 жылдық мектепте алған 
кәсіптік мамандығы бойынша еңбек істеуге қабілетті болады [4].  
«Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік,  

240 
 
Білімге сенер заманда,... 
Қапы  қалып  жүрмелік»деген  ұлы  көреген  Абылайханның  ой-тұжырымы  қазіргі 
уақыттағы  еліміздің  білім  беру  кеңістігіндегі  көтеріліп  отырған  өзекті  мәселені  шешуде 
баршамызға ұран болуы тиіс. 
12  жылдық  орта  мектеп  оқушысы  нарықтық  қатынастар  мен  ақпараттық  қоғамның 
өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім негіздерін тәжірибелік 
іс-әрекеттерге  ұштастыра  білетін,  функционалды  сауатты,  өмірлік  қажетті  дағдылары  мен 
кең  спектрлі  компетенциялары  қалыптасқан,  өзін-өзі  дамытуға,  өз  бетінше  табысты  өмір 
сүруге, өзіне және қоғамға пайдалы қызмет атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс. Сондықтан 
12  жылдық  орта  мектеп  жүйесіне  көшу  кезеңінде  осы  елдердің  сан  қырлы  тәжірибесін 
зерделеп, өз білім жүйемізде ұтымды пайдалануымыз қажет. 12 жылдық мектептегі бейіндік 
оқыту бәсекеге қабілетті жастарды мынадай мақсаттарды шешуге көздейді: 
          1. Оқушыларға бейіндік оқытудың бір бағыты бойынша білім меңгерту; 
         2. Өзгермелі қоршаған ортаға бейімделуге ықпал ететін әлеуметтік, кәсіптік өзін-
өзі анықтау, білімін жетілдіруге арналған құзыреттерін қалыптастыру; 
         3. Мамандықты саналы таңдауға жағдай тудыру
         4. Оқушылардың  қызығушылығы  мен  мүмкіндіктеріне  сәйкес  білім  мазмұнын 
саралау, жеке оқу бағдарламаларын құру т.с.с. 
Бейіндік оқыту негіздері жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, 
дарынды  балаларға  арналған,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған  арнайы  мектептерде 
жүзеге  асырылады.Сонымен,  әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей,  білім  берудің  жаңа  сапасына 
қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім 
туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көптілділікті қамтамасыз етеді. 
Бүгінгі  әлемдегі  елдер  мен  халықтардың  өзара  тарихи  байланысының  дамуы, 
экономика,  мәдениет  пен  ғылымның  әлемдік  деңгейге  бет  бұруы,  ұлттық  деңгейде  қалуды 
көтермеуі,  ғылыми-білімнің  түрлі  салаларында  әлемдік  іс-тәжірибені  оқып  үйренудің 
қажетті шарт екенін дәлелдеуде. 
Ертеңгі  келер  күннің  бүгінгіден  де  нұрлы  болуына  ықпал  етіп,  адамзат  қоғамын  алға 
апаратын  құдіретті  күш  тек  білімге  ғана  тән.  Қай  елдің  болсын  өсіп-өркендеуі,  өркениетті 
дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық  білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей 
байланысты [5]. 
Қорытындылай келе, 12 жылдық орта мектептің оқушысы нарықтық қатынастар мен 
ақпараттық қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім  
негіздерін тәжірибелік ісәрекеттерге ұштастыра білетін, функционалды сауатты, өмірлік қаж
етті  дағдылары мен кең  спектрлі құзыреттіліктері қалыптасқан, өзін-өзі  дамытуға, өздігінен 
табысты  өмірсүруге, өзіне  және қоғамға пайдалықызмет  атқаруға  лайықты  тұлға  болуы 
тиіс.Бүгінгі  заман  –  бәсекелестік  пен  жоғары  технологиялар  заманы  ғылым  мен  білім 
заманы. Сол себептен жеке тұлғаны дамытуға бағытталған бейімдеп білім беру оқушыларға 
ғылым негіздерін үйретіп қана қоймай, әр оқушының бейімділігін анықтауға жане тұлғалық 
негізіне қарай білім алуға көмектеседі. Ал баланың табиғи қабілетін зерттеу арқылы болашақ 
мамандығына баулу – әрбір ұстаздың ұлы міндеті.   
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы//Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, 
бір мүдде, бір болашақ», 17.01.2014 
2. ҚР «Білім туралы» Заңы, 27.07.2007 
3. ҚР  білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы. – Астана, 2010 
4.  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  2012–2016  жылдарға 
арналған Ұлттық жоспары//ҚР Үкіметінің Қаулысы 25.06.2012. No832. – Астана, 2012 

241 
 
5. 12 жылдық білім беруге өтудің эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру туралы: 
ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  327  бұйрығы.  Астана,2001  жылдың  10  мамыры  // 
Қазақстан мектебі.-2001. 
 
Ғылыми жетекшісі: психология магистрі, аға оқытушы Мамбеталина А.А. 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  МӘДЕНИЕТІН 
ДАМЫТУ 
Орынбасарқызы Ж.  
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе Университеті 
 
Түйіндеме:  Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру, 
оны дамыту жолдары қарастырылып, экологиялық тәрбие ұғымының мәні анықталып, оны 
қалыптастыру жолдарын ұсынады. 
Кілт  сөздер:  экологиялық  тәрбие,экологиялық  мәдениет,  экологиялық  білім,  білім 
беру жүйесін жаңарту 
Аннотация: Экологическое воспитание учащихся начальных классов в данной статье, 
рассматриваются пути его развития, определены сущность понятия экологическое 
воспитание, предлагает пути его формирования. 
Ключевые 
слова: 
экологическое 
воспитание, 
экологическая 
культура, 
экологическоезнание, обновление системы образования 
 
 
 
 
 
Annotation: Ecological education of initial classes of students is in this article, the ways of 
his development are examined, certain essence of concept ecological education, offers to the way of 
his forming. 
Keywords:  ecological  education,  ecological  culture,  ecological  education,  the  education 
system update 
 
Табиғат  пен  қоғам,  адам  арасындағы  қарым-қатынастар  қайшылықсыз,  әрдайым 
үйлесімді  деп  қарауға  болмайды.  Олардың  арасында  барған  сайын  ішкі  қайшылықтар 
көбейіп  отырады.  Бұл  қайшылықтардың  қайнар  көзі  қоғам  мен  табиғат  дамуларының  бір-
біріне  қарама-қарсы  екі  тенденциясында  жатыр.  Біріншіден,  қоғам  мен  оның  өндіргіш 
күштері  дамыған  сайын  адамның  табиғатқа  «үстемдігі»  арта  түседі,  ал  екіншіден,  бұл 
екеуінің  арасында  үйлесімділік  туып,  барған  сайын  шиеленісе  береді.  Табиғат 
құбылыстарының  алуан  түрлілігіне  қарамастан,  олардың  бәрі  өзара  байланыста,  қарым-
қатынаста,  яғни  біртұтас  бірлікте.  Сол  себепті  де,  егер  адам  табиғат  құбылыстарының  бір 
саласына  әсер  етіп,  оны  өзгертуге  әрекет  етсе,  онда  ол  сонымен  іштей  байланысты  басқа 
жақтарының «тынышын бұзуы» мүмкін. 
Сондықтан,  табиғат  қорларына  құнтты  болу,  бүлінгендерін  қалпына  келтіріп  отыру, 
оларды  тиімді  пайдалану,  ауаға,  жерге,  суға  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесіне 
қамқорлықты  күшейту  барлық  азаматтардың  борышы  мен  абыройлы  міндеті  болып 
саналады. 
«Теңіздің  тұнық  болуы  –  бұлақтардан»  дегендей  табиғатты  қорғау,  қалпына  келтіру 
мәселелерін  ақылмен,  білгірлікпен  және  ұтымды  жолмен  жүргізудің  өзіміз  үшін  де,  келесі 
ұрпақтар  үшін  де  маңызы  зор  екенін  балалардың,  жасөспірімдердің  санасына  салып, 
экологиялық мәдениетін, тәрбиені бесіктен бастау керектігі бүгінгі күннің өмір талабы. 
Экологиялық  білім  беру  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігінің  алғашқы 
жылдарында жалпы білім беретін мектептің экологиялық білім беруге байланысты іс-әрекет 
бағдарламасы  мен  тұжырымдамасында  анықталған  болатын.  Экологиялық  білім  беру  деп 
жеке адамның ғылыми білімдер жүйесі  мен практикалық   іскерлігін, өзін-өзі ұстау, қызмет 
істеуге  байланысты  бағдар  алатын  игіліктерін,  қоршаған  әлеуметтік-табиғи  ортаға 

242 
 
жауапкершілікті  қалыптастыратын  білім  мен  тәрбие  беру,  дамытудың  үздіксіз  процесі  деп 
көрсетілген.  
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында:  «Экологиялық  тәрбие    алған 
экологиялық  білімдер  негізінде  қоршаған  ортаға  ұқыпты  қарауы  мен  табиғат  байлықтарын 
ұтымды пайдалану» - деп анықтама берілген. Ал, бұл болса, оқушылардың оқу-танымдық іс-
әрекетін  тиімді  ұйымдастырып,  олардың  бойына  елге,  жерге  деген  сүйіспеншілікті  ұялату 
болып табылады [1]. 
Қоршаған  ортаның  қандай  дәрежеде  сақталуы,  сол  ортада  өмір  сүрген  адамзаттың  да 
бет-бейнесін  ашып  отырады.  Жиырмасыншы  ғасырдың  60-жылдарының  аяғынан  бастап 
«табиғатты  қорғау  шаралары»,  одан  кейін  70  -жылдардың  соңы  мен  80  -  жылдарда 
«экологиялық  білім мен тәрбие беру»  ұғымына ауысты. Қазіргі  уақытта  «экология» сөзінің 
мәні  биологиялық  сипатта  ғана  қалып  қоймай,  бұл  ұғымның  биологиялық  жағы  мен  адам 
өмірінің  физиологиялық,  экологиялық  және  технологиялық,  педагогикалық  аспектілерін 
бірлікте қарастырғанда кең мазмұнға ие болды.  
 Классикалық  педагогикада  табиғаттың  әсем  көріністері  арқылы  жас  ұрпақтарды 
тәрбиелеу  А.Құнанбаев,  Ы.Алтынсарин,  Ш.Уалиханов,  шығармаларында  табиғат  пен  адам 
өмірін  ажырамайтын  біртұтас  дүние  ретінде  қарастырылған.  Табиғат  құбылыстарының 
өзгеріп  отыруы  заңдылық  екенін  айта  келіп,  табиғатқа  сипаттамалар  беріп,  болашақта 
бұрын-соңды болмаған жаңа дәстүрдің туып орнығуына жол салды.  
Ғаламдық  экологиялық  жағдай  мәселелеріне  арналған  зерттеулерде  қазіргі  заманғы 
қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігінің ерекшелігі сарапталады. Оларға мыналар кіреді: 
-  антропогенді  әсер  ету  орны  болып  жер  шарының  барлық  саласы-қатты,  газдық,  су, 
биотоптық, ғарыштық салалары саналады;  
- экологиялық қарама-қайшылықтар барлық жер шарын қамтиды;  
- адамзат әрекеті әлемдік көлемдегі көптеген табиғат тепе – теңдігіне әсер етеді. 
Осыдан  келіп  Отан,  туған  жер  табиғатын  қорғайтын  тәрбиелі,  тәртіпті,  мәдениетті 
тұлғаны дамытып, қалыптастыру міндеті жүктеледі. 
Экологиялық  мәселелерді  шешуде  білім  жеткіліксіз,  сондықтан  да  жеке  тұлғада  адам 
мен  табиғаттың  үйлесімді  қарым-қатынасын  қамтамасыз  ететін  экологиялық  мәдениет 
білімді белсенділікке, нақты іс-әрекетке бағыттайтын құрал қызметін атқарады. 
Осыған  байланысты  жиырмасыншы  ғасырдың  екінші  жартысында  экологиялық 
мәдениетке  тәрбиелеу  қажеттігі  айқындалады.  Ол  бір  жағынан  орта  мектептерде 
экологиялық  білімнің  енгізілуіне,  ал,  екінші  жағынан  экологиялық  дағдарыстың  тереңдеп 
қоршаған ортадағы үйлесімділіктің бұзылуына байланысты болады.  
Экологиялық мәдениет табиғи қоршаған ортамен қарым-қатынастағы адам тіршілігінің 
мұрасы  болып  қалатын  таза  тұрмыс  қалпына,  тұрақты  әлеуметтік,  экономикалық  дамуына, 
елдің және әр адамның экологиялық білім мен тәрбиесі деңгейіне байланысты қаланады. 
Экологиялық мәдениет - әрбір қоғамдағы жалпы мәдениеттің ең мәнді элементтерінің 
бірі  болып  табылады,  өйткені  әлеуметтік  іс-әрекет  ұдайы  қоршаған  ортаның  өмір  сүру 
талаптарымен байланысты болады. Яғни экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде 
қоғам мен табиғаттың өзара қарым – қатынасын реттеу қажеттілігінен туындайды.  
Экологиялық  мәдениет  тұлғамен,  оның  түрлі  қыр-сырымен  және  қасиеттерімен 
органикалақ  байланыста  болады.  Ғылыми  әдебиеттерде  «экологиялық  мәдениет»  ұғымына 
көптеген түсінік, анықтамалар берілген. Э.В.Гирусовтың пікірінше, экологиялық мәдениет - 
қоғамның  материалдық  және  рухани  құндылықтардың  бірлігі  сондай-ақ,  табиғи  ортаны 
сақтауға  бағытталған  әрекеттердің  бірлігі.  Сөйтіп,  мәдениеттің  мәнін  адамның  өзіндік 
материалдық және рухани қажеттілікке жетелейтін іс-әрекетке байланысты туындайтын өнім 
деуге болады [2]. 
Экологиялық  мәдениетті  қалыптастыру  проблемасы  бойынша  алыс  және  жақын  шет 
елдік ғалымдардың қырықтан астам еңбектерінде қарастырылуы оның күрделі де, сан қырлы 
екендігіне көз жеткізеді.  

243 
 
Экологиялық  мәдениет  ұғымына  берілген  анықтамаларды  пайымдауда  олардың 
мазмұны  мен  басты  идеяларына  қарай  бірнеше  бағытта  қарастырылғандығын  көрсетеді: 
экологиялық  мәдениет  –  жалпы  мәдениеттің  бір  бөлігі;  экологиялық  мәдениет  адамдардың 
табиғатпен  қарым  –  қатынастары  жөніндегі  қалыптасқан  дүниетанымы,  сенімі,  түсініктері, 
білімі,  іскерлігі,  құндылық  бағдар  жүйесі;  экологиялық  мәдениетке  –  адамның  өмірлік 
белсенді тұғырнамасы; экологиялық мәдениет адамның табиғатты теориялық, материалдық-
практикалақ, рухани ізгілікті  меңгеруі  және  жаңартудағы мәнді  күш-қуатының өлшемі,  іс  - 
әрекетінің жиынтығы; экологиялық мәдениет – адамның табиғатпен ғана емес, әлеуметтік – 
тарихи ортамен, биосферамен өзара әрекеттестігі. 
Демек,  экологиялық  мәдениет  экологияны  танып-білу,  мінез-құлық,  жүріс-тұрыс 
сипаты  негізінде  табиғатқа  сүйіспеншілікпен  қарап,  сақтай  білу  дегенді  түсіндіреді  деуге 
болады. 
«Экологиялық  мәдениет»  терминін  ең  алғаш  рет  академик  Д.С.Лихачев  1980  жылы 
ұсынған.  Оның  пікірінше,  адамгершілік  факторынан  құралған  адам  тіршілігінің  объективті 
негізі-мұраларды сақтау, сол себепті мәдениет экологиясын адамгершілік экологиясы ретінде 
қарастырады.  Оның  заңдарын  сақтамаған  жағдайда  ол-қоғамның  адамгершілік,  рухани 
жағынан  құлдырауына  әкеліп  соқтыратындығын  ескертеді  [3].  Отандық  ғалым 
И.К.Исламованың  пікірінше,  экологиялық  мәдениет  –  жалпы  мәдениеттің  ажырамас  бөлігі 
ретінде табиғатты қорғауға, табиғат ресурстарын үнемді пайдалануға, табиғат байлықтарын 
қалпына  келтіруге  байланысты  жеке  тұлғаның  экологиялық  білімі,  іскерліктері, 
көзқарастары, сенімнің және табиғи ортаға практикалық іс әрекетінің жиынтығы[4]. 
 Ғалымдардың педагогикалық ой-пікірлері бойынша, «экологиялық мәдениет» - жалпы 
дүниежүзілік мәдени дамуының құрамдас бөлігі және кезеңі болашақта адамзаттың дамуына 
игі әсер ететіні өмірдегі барлық жалпы маңызды экологиялық проблемалармен сипатталады.  
Бұл  анықтамада  ерекше  назар  аударатын  тұс  –  «экологиялық  мәдениеттің»  жеке  ұлттық 
немесе  ұлтаралық  деңгейде  емес,  бүкіл  дүниежүзілік    деңгейдегі  адамзатқа  әсер  ететін 
проблемалар қатарында сипатталуында.  
Сөйтіп, жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыруда адам мен табиғаттың 
экологиялық  байланысының  екі  жолы  көрінеді,  олардың  физиологиялық  және 
психологиялық  байланысы  адам  денсаулығына  әсер  етеді.  Бұл  байланыстың  бұзылуы 
соңынан  физиологиялық  және  психологиялық  үдерістерінің    тепе-теңдік  биоритмдік  өзара 
қатынастардың  бұзылуына  әкеп  соғады  да,  осыдан  адам  мен  табиғаттың  өзара  байланысы 
бұзылады.  Олардың  қайта  жаңғыртылуы  табиғаттың  бірыңғай  аурасын  қалпына  келтіреді, 
психикалық  және  физиологиялық    жүйеге  әкеледі.  Рухани  адамгершілік  –  эстетикалық 
байланыстар адамның рухани жай күйіне  әсер етеді. 
Э.А.Тұрдықұлов  өзінің  ғылыми  еңбегінде:    «Тұлғаның  экологиялық  мәдениетін 
қалыптастыруының  негізі  -  білім  болып  табылады.  Оқушы  оны  мектеп  дәуірінде,  ақпарат 
құралдарынан  өз  туған  елі,  жері  туралы  кітап  қорларынан  оқып  үйренеді.  Білім  –  адамның 
ғылыми  фактілерді,  ұғымдарды,  ережеледі,  заңдарды,  қағидаларды  түсінуі,  есінде  сақтауы 
және қайта жаңғыртуы. Табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім, білік, дағды 
жүйесін жеке тұлға, мектепте оқу барысында меңгереді және оны өмірде тиімді етіп қолдана 
алады. Тұлғаның экологиялық мәдениеті басқа да мәдениеттермен тығыз байланысты. Олар 
интеллектуалдық-танымдық  мәдениет,  жаратылыстану  ғылыми  білімділік,  табиғат 
заңдылықтарын тануын олардың өзара заңды байланыстарын қамтамасыз етеді», - дейді [5].  
Қазіргі  уақытта  орта  білім  беру  жүйесінде  оқушылардың  экологиялық  мәдениетін 
қалыптастыру  қажеттігі  өмірдің  өз  талаптарынан,  қарама-қайшылықтарының  болуынан 
туындаған проблемалардың біріне айналды. Бұл жағдайда жеке пәндердің рөлі  арта түседі. 
Әсіресе,  оқушылардың  экологиялық  білімді  қалыптастырушы  бастапқы  курс  «Дүниетану» 
болып  саналатын  болса,  алған  теориялық  білімдерін  жетілдіретін,  экологиялық  мәдениетін 
қалыптастыратын  пән  өлкетану  курсы  болып  саналады.  География  пәні  бойынша  өлкетану 
жұмысын  жүйеге  салу  жоспарын  ұсына  отырып,  Т.Түсіпбекова  –  оның  отансүйгіштікке 
тәрбиелеудегі  рөлін  атап  көрсетеді.  Шын  мәнінде  географиялық  өлкетану  дегеніміз  - 

244 
 
әркімнің  өз  үйінің  табалдырығын  аттап  шыққанда  табаны  тиіп,  қолмен  ұстап,  көзімен 
көретін  табиғи  заттарды,  құбылыс  болмысты  түсініп  білу  деген  сөз.  Онсыз  өмірдің  мәні 
болмайды.  Неғұрлым  табиғатпен  етене  жақын  жүріп,  табиғи  құбылыстарды  зерттеп  білуге 
құштар болса, адамдардың жан-дүниесі бай, көңіл-күйі сергек болады, әрі жер ананың қадір-
қасиетін  білген  адам  өзін  оның  перзенті  санап,  оған  жауапкершілік  сезіммен  қарайды.  Ал 
мектеп  оқушысын,  яғни  елдің  ертеңгі  азаматтарын,  оқытып  тәрбиелейтін  орында 
географиялық  өлкетану  үйірмесі  жұмыстарын  бағдармалық  тұрғыда  қарау,  бұл  бағытта 
дәйекті іс. 
Барлық  анықтамаларды  талдай  келе  біз  экологиялық    тәрбиенің  мақсаты  ретінде 
субъектінің  экологиялық  мәдениетін  қалыптастыру  жаралытыстану  ғылымының, 
гуманитарлық,  экономикалық  және  құқықтық  білімдерді  қолдану  табиғатқа  деген  жаңа 
экологиялық этикалық қатынас орнату екенін ұқтық. 
Олай болса, орта білім беру жүйесін жаңарту жағдайында жас ұрпақтың экологиялық 
мәдениетін    ғылыми  және  тәжірибелік  білімнің  бірлігі  негізінде  қалыптастыру,  оның 
қоршаған  ортаға  жауапкершілігін  және  құндылық  бағдарын,  рухани  сипаттағы  іс-әрекетін 
қамтамасыз ету маңызды бағыт болып табылады.  
 
Каталог: assets -> images -> otdel -> innovation -> 5-5-2017
images -> Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары
images -> «Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыс ғылым пәндері» кафедрасы
5-5-2017 -> Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
images -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
5-5-2017 -> Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
5-5-2017 -> Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
images -> «Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыс ғылым пәндері» кафедрасы и н ф о р м а т и к а

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет