Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/48
Дата17.06.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

 

 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті 
Актюбинский университет имени С. Баишева 
 
 
 
 
 
 
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» 
Жас ғалымдар мен студенттердің 
ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция 
МАТЕРИАЛДАРЫ 
14 СӘУІР, 2017 ж. 
IV том 
 
МАТЕРИАЛЫ 
ІІІ международной научно-практической конференции  
молодых ученых и студентов 
«МОЛОДЁЖЬ И НАУКА: НАСТОЯЩЕЕ И БУДУЩЕЕ» 
14 апреля, 2017 г. 
IV том 
 
 
THE MATERIALS 
of The 3
rd
 International Scientific and Practical Conference 
of Young Scientists and Students 
«YOUTH AND SCIENCE:  THE PRESENT AND FUTURE» 
April 14. 2017 
Part IV 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
ББК 74.58+72 
Ж 37 
 
 
Жалпы редакциясын басқарған С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ректоры                  
А.Б. Ағзамова 
Под общей редакцией ректора АУ им. С. Баишева А.Б. Агзамовой 
 
 
Редакциялық алқа: 
Редакционная коллегия: 
Абдикаликов  К.А.,  Абдуллаев  Х.Т.,  Амангазиева  М.К.,  Кайыргалиева  М.Г.,  Сұлтан  Ж.И., 
Аймаганбетов  М.Н.,  Жубанышева  Г.И.,  Оспанбаева  А.Ж.,  Комарова  Д.Г.,  Исетова  А.Т.,  Сатова 
Д.Е. 
 
ЖАСТАР  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ:  БҮГІНІ  МЕН  КЕЛЕШЕГІ:
  жас  ғалымдар  мен 
студенттердің III халық. ғыл.-практ.конф. мат.= 
МОЛОДЕЖЬ И НАУКИ: НАСТОЯЩЕЕ И 
БУДУЩЕЕ
: мат.III межд.науч.-практ. конф.молод. учен. и студ.-
 YOUTH AND SCIENCE: THE 
PRESENT AND FUTURE: the 3rd  International Scientific & Practical Conference of Young Scientists 
and Students. – Ақтөбе:  С. Бәйішев ат.  АУ РББ, 2017 ж. – 375 б. IV том. – каз, рус, англ.    
 
ISBN 978-601-7566-27-2 
 
Жинаққа  «Жастар  және  ғылым:  бүгіні  мен  келешегі»  атты    III  Халықаралық  ғылыми-
практикалық конференция материалдары енгізілген. 
Жинаққа  Қазақстан  және  басқа  да  ТМД  елдерінің  әр  аймақтарындығы  жетекші  жас 
ғалымдардың,  студенттер  мен  магистранттардың  ғылым  мен  инновация,  техника  және  өндіріс 
саласындағы зерттеу нәтижелері мен мақалалары жарияланған. 
Жинақ ғылыми қауымдастықтағы барша оқырмандарға арналады. 
Мәліметтер  мен  дәйексөздердің,  экономика-статистикалық  мағлұматтардың  шынайлығы 
авторлардың  өз  жауапкершіліктерінде.  Редакциялық  алқа  тезистер  мен  мақалалары  түзетіп, 
рецензиялауға құқылы. 
 
В сборник включены материалы III Международной научно-практической конференции на 
тему «Молодежь и науки: настоящее и будущее». 
Материалы  охватывают  результаты  исследований  различных  сфер  начной  деятельности 
ведущих молодых ученых, студентов и магистрантов Казахстана и стран СНГ, касающиеся науки 
и инновации, техники  и производства. 
Сборник предназначен для всех членов научного сообщества. 
За достоверность фактов, цитат, экономика-статических данных, имен и прочих сведений 
ответственность  несут  сами  авторы.  Редакционная  коллегия  оставляет  за  собой  право 
корректировать и рецензировать тезисы и статьи. 
 
 
УДК 001:378(063) 
ББК 74.58+72 
 
 
 
 
 
 
 
 
ISBN 978-601-7566-27-2                            ©Актюбинский университет имени С. Баишева, 2017   
 

 
 
 
 
 
Құрметті конференцияға  
қатысушы студенттер,  
жас ғалымдар және қонақтар! 
 
«Жастар  және  ғылым:  бүгіні  мен 
келешегі»  тақырыбындағы жас ғалымдар мен 
студенттердің  IІІ  Халықаралық  ғылыми-
практикалық 
конференциясына 
 
қош 
келдіңіздер! 
 XXI 
ғасыр 
– 
білімділер 
ғасыры 
болғандықтан, бүгінгі таңда заманымызға сай 
зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған 
ұрпақ  қалыптастыру  –  мемлекетіміздің  алға 
қойған аса маңызды міндеті болып тұр. 
Бүгінгі  алдыңғы  толқын  аға  буынның  орнын  басар,  ізін  жалғастырар  артында  өсіп 
келе  жатырған  жастар  екені  даусыз.  Еліміздің  ендігі  дамуы  мен  өркендеуі,  келешегі 
білімді,  бәсекеге  барынша  қабілетті,  ғылыми  потенциалы  жоғары  жастарға  тікелей 
байланысты.  
Біздің  университетіміздің  ғылыми  өрісін  кеңейтуге  бағытталған  шаралардың 
қатарында  осындай  жыл  сайын  ұйымдастырылатын    халықаралық  жас  ғалымдар  мен 
студенттердің    конференциясын  айтуға  болады.  Жүздеген  жас  ғалымдар  қатысқан  бұл 
ғылыми жиын тақырып ауқымдығын, талқыға түскен мәселелердің өзектілігін, еліміз бен 
шет  елдік  ғылыми  ортаның  белсенді  ынтымақтастық  байланыстарының  нәтижелілігін 
көрсетеді.  Конференция  аясында  студенттер  мен  жас  ғалымдардың    техника, 
жаратылыстану,  экономика  және  гуманитарлық    ғылымдар  бойынша  үздік  ғылыми 
жұмыстары  анықталып,  марапатталды.  Өткізіліп  отырған  бұл  шара  жоғары  оқу 
орнындағы жүргізілетін  ғылыми жұмыстардың үлкен бір бағыты. 
«Мемлекеттік  жастар  саясаты  жастарға  еліміздің  толыққанды  азаматы  болуға 
жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, 
жақындары,  өз  халқы  және  Отаны  үшін  жағдай  туғызатын  азаматтар  болуы  тиіс. 
Мен  біздің  жастарға  сенемін»,  -  деген  елбасымыз  Н.Назарбаевтың  үмітін  біздің 
жасампаз жастарымыз әрқашан ақтайде деген сенімдеміз.   
Құрметті  конференцияға  қатысушылар  мен  қонақтар!  С.Бәйішев  атындағы  Ақтөбе 
университетінде  өткізіліп  отырған  «Жастар  және  ғылым:  бүгіні  және  келешегі»  
тақырыбындағы  жас  ғалымдар  мен  студенттердің  IІІ  Халықаралық  ғылыми-практикалық 
конференциясына  қатысушылардың  барлығына  ғылым  жолындағы  бастамаларына 
сәттілік тілеймін! 
 
 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе 
университетінің ректоры 
Ағзамова Әлия Бекежанқызы  
 
 


 
І СЕКЦИЯ 
 
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ 
 
ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
Абдигалиева М.Б. 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті 
 
Аннотация:  В  статье  рассматривается  исследование  методики  обучения  глаголам  в 
начальной школе, эффективные формы и методы организации на уроках. 
Ключевые  слова:  глагол,  обучение  глаголам  в  начальных  классах,  наблюдение,  пути 
повышения эффективности обучения формам глагола. 
Annotation:  In this article considers the study of the methods of teaching verbs in primary school, 
the effective forms and methods of organization in class. 
Key words: verb, teaching verbs in primary school, observation, ways to increase the effectiveness 
of teaching verb forms. 
 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ең жақсы жоспар − уақыт талабына бейімделе 
алатын  жоспар.  Біз  де  заманның  беталысына  қарай  межелерімізді  белгілеп, 
жоспарларымызды  жөндеп  отырамыз.  Біздің  мақсатымыз  −  елі  бақытты,  жері  гүлденген 
қасиетті  Отанымыз  Қазақстанды  «Мәңгілік  Ел»  ету!  Әлемдегі  ең  дамыған  30  мемлекеттің  
қатарына  қосылып,  бай  да  қуатты  елдермен  иық  түйістіру»  деп  жолдауында  атап  өткен 
болатын.  Қарыштап  дамып  келе  жатқан  жас  мемлекетіміздің  алдына  қойған  мақсаты  биік, 
бағыты айқын. Бұл жоспарды жүзеге асыруда ана тіліміз − қазақ тілінің де маңызы зор [1].  
Бүгінде осы мақсатта оқыту әдістемесінде, педогогика ғылымында көптеген оқытудың 
жаңа тәсілдері іске асырылуда. Бұдан қазақ тілін оқыту әдістемесі де құр алақан емес. 
Бастауыш  сыныптарда  етістікті  оқыту  әдістемесінің  өзектілігі  −  бұл  оқытуда  тиімді 
әдістерді анықтау, талдау және ұсыну болып табылады. Тиімді оқыту әдістері көп, қазір де 
олар жаңару үстінде.  
Етістік − сөз таптарының ішінде ең көлемді де, күрделісі болып саналады. Етістіктің ең 
күрделі  сөз  табы  екендігі    оның  лексика-семантикалық  ерекшелігінен,  түбір  тұлғасы  мен 
оған  үстелетін  грамматикалық  формалардың  қат-қабаттылығынан,  грамматикалық 
категориялардың  әртүрлілігінен,  жаңа  сөз  жасау  жүйесінен,  қолданылу  аясынан,  сөйлемде 
атқаратын  синтаксистік  қызметінен  және  т.б.  лексика-грамматикалық  қасиеттерінен 
байқалады. Етістік зат есім секілді көне (сөз табы), басқа сөз таптарын жасауға негіз болған 
сөз  табы.  Етістік  семантикалық  жағынан  тілімізде  қимылды,  іс-әрекетті,  процесті,  әртүрлі 
өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады. 
Кейбір  еңбектерде  етістікке  «қимылдың  немесе  қимыл  түрінде  өтетін  түрлі 
процестердің  атын  білдіретін  сөз  табы»  деген  анықтама  беріледі.  Дұрысында,  «етістік 
қимылдың  атын  емес,  нақ  өзін  білдіреді,  қимылдың  атын  етістіктің  кейбір  тұлғалары  ғана 
(қимыл  есімі  немесе  тұйық  етістік)  білдіреді.  Етістіктің  семантикалық  өрісі  кең.  «Оның 
себебі,-дейді  А.Ысқақов,  ол  семантика  тек  субъектінің  іс-әрекетін  ғана  емес,  табиғат 
ауқымында,  қоғам  өмірінде  ұшырасатын,  адамның  абстракты  ойы  мен  санасы  арқасында 
туатын неше алуан амал, әрекет, іс-қимыл, қозғалыс, жай, күй, сияқты процестерге қатысты 
ұғымдарды түгел қамтиды. Етістіктің осы бай семантикасы, оның түр-түрі, қашан да болсын, 
мезгіл немесе шақ ұғымымен ұштас болады». 
Оқушыларды  етістік  ұғымымен  таныстыру  2  сыныптан  басталады.2  сыныпта 
морфологияға 34 сағат бөлінеді. Бұл сабақтарда сөз таптары жайлы ұғым: сөздердің негізгі 


 
мағыналарына  қарай  топтастырылуы  әр  топтың  өзіне  тән  сұрақтарымен  таныстырады.  Бұл 
жерде қаралатын тақырыптар: етістік және оның сұрақтары, дара және күрделі етістіктер. 
3  сыныпта  морфологияға  30  сағат  бөлінеді.  Бұның  ішіне  етістікке  қатысты  ұғымдар: 
етістіктер  туралы  білімді  еске  түсіру,  негізгі  және  туынды  етістік,  негізгі  етістік,  оның 
анықтамасы, туынды етістік, оның анықтамасы, 
болымды және болымсыз етістік. 
4  сыныпта  морфологияға  52  сағат  бөлінеді.  Соның  ішінде  етістікке  қатысты  жаңа 
ұғымдар: етістік, оның жіктелуі, жекеше және көпше жіктелу үлгілері, етістік шақтары: осы 
шақ, келер шақ [2]. 
Етістікке  оқушының  қызығушылығын  оятып,  оның  қажеттілігіне  көз  жеткізетін 
дидактикалық  талаптардың  бірі  −  оқушыға  етістіктен  берілетін  теориялық  білімнің 
практикалық  мәні  екі  жүйеде  қатар,  сабақтастырыла  жүргізілуі  тиіс:  біріншіден,  етістікті 
өткеннен кейін оқушы оның қай сөз табына жататынын, қай сөз таптарымен қалай қатынасқа 
түсетінін,  сол  сыныптағы  бағдарлама  көлемінде  меңгеруге  міндетті.  Бұл  ұғым,  түсініктер 
оқушының  етістіктен  біліктілігін  қамтамасыз  етеді.Етістікті  оқытқанда,  байқау  әдісі  жақсы 
нәтиже  беру  үшін,  мұғалімнің  оқушыларды  байқауға  дайындау  жұмысы  мына  мәселелерді 
қамтиды: 
1.  Оқушылардың  байқайтын  нәрсесін  аңғара  алу  үшін,  оның  өткен  материалдардан 
теориялық білімінің болуы; 
2. Кейде байқайтынына қатысы бар кейбір деректерді алдын ала білдіру
3. Нені, не үшін байқау керектігін алдын ала ескерту. 
Мысалы, етістікті жазуда да, сөйлеуде де дұрыс қолдана білу үшін, оның мағынасы мен 
формаларын білудің міндет екенін аңғару (келып емес кел + іп, кел  – а емес кел – е екенін 
дұрыс қолдана білу). 
Байқау аз уақыттық та, көп уақыттық та болып келеді. Аз уақыттық байқау сабақтың әр 
кезеңінде бола береді. Ал көп уақыттық байқау тіл сабағында қазір онша көп орын алмайды. 
Қазақ  тілі  сабағында  етістіктен  білім  беруде  ең  тиімді  байқау  −  аз  уақыттық  байқау. 
Байқаудың  тым  ұзаққа  созылғаны  (3-4  сағатта  бір  ғана  объектіні  байқау)  оқушыларды 
жалықтырады.  Соның  салдарынан  басқа  сабақтарда  олардың  байқауға  ықыласы  болмайды. 
Сондықтан да етістікті оқытқанда, аз уақыттық байқау әдісі тиімді. 
Қазақ  тілі  сабағында  етістіктен  берілетін  білімнің  бірі  бірдей  оқушылардың  байқауы 
арқылы  меңгеріле  бермейді.  Сондықтан  да  тілдік-теориялық  материалдар  оқушыларға 
мұғалімнің түсіндіруі арқылы да меңгертіледі. 
Қазақ тілінде етістік материалдарын мұғалімнің түсіндіруі дегеніміз − оның ұғымдары 
мен  ережелерін,  логика  заңдарын  басшылыққа  ала  отырып,  ғылыми  тұрғыда  белгілі  бір 
жүйемен  оқушыларға  айтып  беруі.  Түсіндірудің  негізгі  өзіндік  ерекшелігі  −  дәлелдеу. 
Мұғалімнің  түсіндіруінде  үнемі  пайымдау,  ой  қорытындысын  шығару,  дәлелдеулер  болып 
отырады. 
Оқу  материалдарын  түсіндіру  бір  ізбен  жүрмейді.  Ол  түрленіп  отырады.  Солардың 
негізгі түрлері мыналар: 
1. Бағдарлама мен оқулықтағы етістік туралы білімді түгел түсіндіру; 
2.  Оқулық  пен  бағдарламада  көрсетілген  етістік  туралы  материалдардың  ең  негізгісін 
ғана мұғалімнің түсіндіруі; 
3. Оқушыларға бағыт беру; 
4. Оқушылардың өздігінен түсінуі немесе түсіндіруі.  
Ғ.Арғынов етістікті әңгіме әдісімен оқытатын мұғалімдер мыналарды білуі шарт дейді: 
1.  Әңгіме  кезінде  мұғалім  аз,  оқушылар  көп  сөйлеуге  (ереже  айту,  мысал  келтіру, 
жолдастарының жауабының дұрыс-бұрысын дәлелдеуге) тиіс; 
2.  Сұрақ  алдымен  сыныпқа  қойылуы  керек.  Содан  кейін  аз  үзілістен    соң  оған  жауап 
беретін  оқушының  фамилиясын,  атын  атаған  дұрыс.  Мұндай  жағдайда  мұғалім  сұрағына 
сынып болып қатысқан дұрыс және сынып болып жауап қайтаруға тырысады, оқушылардың 
белсенділігі, жауапкершілігі артады; 


 
3. Сыныпқа сұрақтарды анық, айқын етіп қою; 
4. Қиын сұрақтарды екі қайтара айту. Сол арқылы олардың оқушыларға түсінікті болу 
жағын ескеру; 
5. Қойылған сұрақтарға оқушылардың қысқаша әрі толық жауап беруін талап ету
6. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап беруге барлық оқушы қатысуы керек; 
7.  Оқушы  жауабын  әбден  тыңдап  алған  соң  ғана  мұғалім  оны  мақұлдауға  немесе 
толықтыруға құқылы; 
8.  Бір  оқушыдан  сабақ  сұрауға  көп  уақыт  кетіруге  болмайды.  Өйткені  көп  сұралған 
оқушы да жалығады. Соның салдарынан көптеген оқушы сынып еңбегіне қатыспай қалады; 
9. Оқушыдан карточка арқылы сұрауға да болады: 
10. Мұғалімнің рұқсатымен жауап беріп тұрған оқушыға сыныптағы басқа оқушыларға 
сұрақ қойғызуға болады; 
11.  Оқушылар  жауабының  аяқталған  ойды  білдіруін  және  әдеби  тілде  берілуін  талап 
ету; 
12.  Оқушы  жауап  бергенде,оның  кітапқа  көз  жүгіртпеуін,біреудің  сыбырын  қайталап 
айтпауын  қадағалау.Екінші  сөзбен  айтқанда,  әр  оқушы  білгенін  өз  сөзімен  баяндауға  тиіс. 
Қай  әдісті  болса  да  ұзаққа  созбай,  басқа  әдістермен,  алмастырып  отырса,  ол  жаңа 
материалды  түсіндіргенде  де,  сол  сияқты  қайталау,  пысықтау  да  оқушыларға  білім  беруге 
немесе білгенін түсіндіруге көмегін тигізеді. 
Оқушыға етістікті меңгертуді формалдылықтан аулақтататын бұл жолдардың ең тиімді 
де басты жетістігі − оның ойлау қабілетін арттырумен қатар, оқушылардың тілін дамытуға, 
олардың жалпы тілдің түсініктерін ой елегінен өткізіп, сөйлеу тілінде саралап қолдануға жол 
ашады.  Таратып  айтсақ,  мысалы,  оқушы  анықтаманы  өз  бетінше  құрастырса,  біріншіден, 
оның  байланыстырып  сөйлеу  дағдысы  қалыптасады,  екіншіден,  етістікке  байланысты 
атауларды пайдалану нәтижесінде сөздік қоры молаяды, үшіншіден, жұрт алдында сөйлеуге 
машықтанады,  төртіншіден,  басқаларды  да  тыңдауды  үйренеді,  бесіншіден,  оқушылар  бір-
бірінің қабілет-дарынын қанаттандырып, басқалардың пікірімен санасуға қол жеткізеді [3]. 
Қарапайым қорытындылар жасаудан бастап, үлкен тарауларды өткеннен (мысалы «сөз 
таптары»)  оларды  талдату,  бір  жүйеге  енетін,  яғни,  «сөз  таптарына»  енетін  зат  есімді,  сын 
есімді,  етістікті  т.б.  саралау,  оларды  классификациялау  жұмыстары  үстінде  ойлау 
операциялары  дамытылуымен  қатар,  оқушының  зейін,  ерік,  шығармашылық  қиял, 
тақырыптық  ерекшелігі  де  өрістейді.  Етістікті  игеру  мен  жорамалдар  ұсыну  және  оларды 
дәлелдеу үстінде тілдік біліктілігі оқушының өз ойын сөйлеу тілінде дұрыс құруы арқылы да 
танылады. 
Оқушының  өздік  жұмыстарында  әрқашан  сабақтастық  ұстанымын  басшылыққа  ала 
отырып жұмыс жүргізген тиімді. Себебі  оқушы үшін етістік бұрын соңды өтілген тақырып 
болса, етістіктің категориялары мүлдем жаңа көсемше, есімше, етістіктің райлары, шақтары 
тақырыптарын өз бетінше меңгеруі қиын. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Қазақстан Республикасының Президенті - Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 
Жолдауы: Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму.//2015 жыл, 30 
қараша 
2. Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу 
бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 
3. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Оқулық. –Алматы, 2007. – 390 б. 
 
Ғылыми жетекшісі:  Жұмабек Т.С., магистр, оқытушы. 
 
 
 
 


 
ҚЫЗ-ТӘРБИЕСІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫЛЫҒЫ МЕН ҰСТАНЫМЫ 
 
Абиляшева Айнұр 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті 
 
Аннотация:  Бұл мақалада қыз бала тәрбиесін дұрыс жетілдіруде, оны тәрбиелеу жолдарын 
ұсынылады.. 
Кілт сөздер: отбасы, салт-дәстүр, инабат, қыз әдебі 
 
Қазақ  отбасының  маңызды  қызметтерінің  бірі  –  тәрбие.  Ата-ананың  міндеті  –  жас 
ұрпаққа аға ұрпақтың әдеп-ғұрыпын, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. 
Әсіресе,  қазақ  отбасында  басқа  ұлттарға  қарағанда,  қыз  бала  тәрбиесі  ерекше  орын  алады. 
Қазақ  халқы  қыз  баланы  ардақтап  ұстаған,  оның  көңілін  қалдырмаған,  оған  қарсы 
сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.  
«Қызды  қадірлеген  еркек  заты  ғана  азамат  атына  лайық...  Қазақ,  қазақ  болғалы  қыз 
сыйлаған, қызды алқалаған текті халық... қыздың намысы – елдің намысы. Ұлттың намысы. 
Қыздарына  үлгі  көрсете  алмаған  елдің  іргесінен  ырыс  кетеді,  толысы  төгіліп,  тұнығы 
ылайланады, ұрпағы жидіп, жүнжиді...» - деп Бауыржан Момышұлы айтқан екен. 
Қазақ  халқы  ұрпақ  тәрбиесіне,  әсіресе,  қыз  баланың  тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөледі. 
Өйткені,  қыз  баланы  ұлттың  бойтұмары  мен  абыройы,  ұлттың  болашағы  деп  есептеп,  қыз 
бала тәрбиесіне аса зор жауапкершілікпен қарайды. «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды 
тәрбиеле,  рухыңды  сақтаймын  десең  –  ұлыңды  тәрбиеле»,  «Қыз  тәрбиесі  теңдесі  жоқ 
ұлылық,  ең  алдымен,  терең  ойлап,  сырын  ұқ»  деген  даналық  нақылдар  халқымыздың  қыз 
тәрбиесі ең басты өнегелі өсиеттер деп айтуға болады [1].  
Адам  бойындағы  асыл  адамгершілік  қасиеттерді,  немесе  айналамыздағы  әдемі 
сұлулықты  да  халқымыз  қыз  баламен  байланыстыра  айтып,  оны  басқаларға  үлгі  етіп 
отырған.  Мысалы,  «Қыз  мінезді  сынық  бол,  тау  суындай  тұнық  бол»,  «Ұлы  бар  үйде  қуат 
бар, қызы бар үйде шуақ бар», «Қыз – тектіліктің қорықшысы» (Мұзафар Әлімбаев), «Қыз – 
елдің көркі, гүл – жердің көркі», «Қыз – алтынның сынығы, шұғаның – қиығы», «Жетелі қыз 
жеті  ұлға  татиды»,  «Ақылды  туған  қыз  бала,  батыр  туған  ұлмен  тең»,  «Қыздың  жиған 
жүгіңдей»,  «Жақсы  қыз  –  жағадағы  құндыз»,  «Қыздың  жолы  жіңішке,  қыздың  жолы 
қиындау, түсінбесең сен оны – Құдайыңа сыйынбау», «Көп тұрса ауыз су да бүлінеді, елдің 
қасиеті қызды сыйлаудан білінеді», «Астың дәмін келтіретін тұз әулие, алысты жақын еткен 
қыз әулие» деген даналық сөздерді тікелей қыз балаға арнап айтуы халқымыздың әрі дана да 
данышпан,  әрі  кемел  ойлы  кемеңгер  ұлт  екендігін  және  ұлттық  құнды  рухани 
байлығымыздың мол екендігіне нақты дәлел бола алады.  
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз 
балаға  келешекте  ана,  ақ  босағаның  аруы,  шаңырақтың  құт-берекесі  екенін  ұғындырып, 
әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мол мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа 
баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеудің әрбір сәтте бастау алғаны 
нұр  үстіне  нұр  болары  анық.  Біз  ата-ананы  пір  тұтқан,  тегімізді  атадан,    тілімізді  анадан 
санаған  халықпыз.  Атам  қазақ  ешбір  жарғы,  нұсқау  жазып  әуре  болмай-ақ  әрі  қысқа,  әрі 
нұсқа  нақылдармен  тәрбие  тағылымның  тамаша  үлгісін  түйіп  айтып  отырған.  Халқымыз 
«қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген [2].  
Халық арасында бойжеткен қыз ажарына қарай алтыға бөлінген: 
1.
 
Әдемі қыз – баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын.  
2.
 
Көрікті  қыз  –  істі  үйіріп,  сөйлесе  бұйырып,  баурап  алатын,  бірден  көзге  түсе 
қоймайтын. 
3.
 
Әсем қыз – жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.  
4.
 
Ажарлы қыз – дене бітімі жинақы, сөзі салмақты, ісі тиянақты. 
5.
 
Шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет-әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр.  


 
6.
 
Ару  қыз  –  бет  пішіні,  дене  мүсіні  келіскен,  сөзі  сыпайы,  өзі  әлпетті,  сұңғақ  бойлы, 
терең ойлы.  
Қазақ  халқы  қызының  жазылмас  дертке  ұшырамауы  үшін,  жаза  қадам  баспауы  үшін 
мынадай он түрлі талап қойған: 
1.
 
Әдепті; 
2.
 
Ар-ожданы пәк болу; 
3.
 
Кеңпейіл кешірімді болу; 
4.
 
Мейір-шапағатты болу; 
5.
 
Ақыл-парасатты болу; 
6.
 
Сабырлы-салмақты болу; 
7.
 
Адал, ақ жарқын болу; 
8.
 
Мақсат-мұратты болу; 
9.
 
Өжет-батыл болу; 
10.
 
Ұят, намысты болу. 
Инабатты қыз өсіру ниетімен қызға 40 үйден тыйым болған: 
1.
 
Жарысасөйлеуге; 
2.
 
Жалғыз қыдыруға; 
3.
 
Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге; 
4.
 
Орынсызұрынуға; 
5.
 
Басқаларғақолтигізуге; 
6.
 
Өтірік, өсекке; 
7.
 
Суық жүріс, сумаң қылыққа; 
8.
 
Кісігеқарайкеріліпесінеуге; 
9.
 
Талтайыпотыруға; 
10.
 
Шалқайып жатуға; 
11.
 
Тамақтыобырланаасауға; 
12.
 
Ұрлық-қарлыққа; 
13.
 
Ұяттымүшелерінашыпжүруге; 
14.
 
Бұраңдап қылымсуға; 
15.
 
Қызыл іңірде жатуға
16.
 
Түскедейінұйықтауға; 
17.
 
Кісіалдындакиімауыстыруға; 
18.
 
Салт-дәстүрден аттауға; 
19.
 
Елдіғайбаттауға; 
20.
 
Үлкендердіңжолынкесіп, атынатауға; 
21.
 
Ішімдікішу пен шылымшегуге; 
22.
 
Ұрыс-керіске; 
23.
 
Беттеналып, бет жыртысуға; 
24.
 
Қараулыққа, ысырапқа; 
25.
 
Рахымсыздық пен қатыгездікке; 
26.
 
Түнде суға жалғыз баруға; 
27.
 
Жат жыныстыларменараласыпжатуға; 
28.
 
Күйеугеқашыптиюге; 
29.
 
Әдепсіз сөзге; 
30.
 
Тарс-тұрсетуге; 
31.
 
Адам мен жануарлардытебуге; 
32.
 
Кісініқорлапжәбірлеуге; 
33.
 
Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға
34.
 
Айқай-сүреңге; 
35.
 
Шектентыссыланыпжасануға; 
36.
 
Қызғаншақтық пен күншілдікке; 
37.
 
Менмендік пен өзімшілдікке; 


 
38.
 
Алдап-арбауға; 
39.
 
Көрсеқызарлыққа; 
40.
 
Нәпсіқұмарлыққатыйым. 
Көргенді  отбасылары  қыз  баланы  «қонақ»  деп  мәпелеп,  қадірлеп  өсірген.  Бойжеткен, 
ару қыздарын сырт көзден сақтап, оларды биязылыққа, ибалылыққа тәрбиелеген. Сол арылы, 
қыздарын  нәзік  те  қайратты,  алғыр,  салмақты  да  ширақ,  төзімді  жан  иесі  етіп  өсірген.  Қыз 
бала  бойжетіп,  әке-шешесінің,  бауырларының  ортасында  бұлғақтаған  дәуренін  қалдырып, 
басқа бір үйге келіп келін атанады. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін 
түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз баланың ата-анасын 
қуантады  және  қобалжытады.  Қобалжитын  себебі  қыз  баланың  тәрбиесі  ата-анаға  да  үлкен 
сын  болған.  Жүн  түту,  жіп  иіру,  құрақ  құрау,  көрпе  көктеу  тағы  басқа  өнерді  қыздарына 
бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арылы отбасы алдындағы 
жауапкершілік  сезімін  дамытып,  психологиялық  жағынан  даярлап  отырған.  Сол  баулып, 
үйреткен  нәрселерін  баласының  түскен  жерінде  қалай  көрсететіндігі,  өзін  қалай 
ұстайтындығы жайлы ойлап қамығады. Сонымен қатар, осы ұят-әдеп жоралғыларын белден 
басып,  отырғанда,  тұрғанда  өзінің  әйелдік  жаратылысын  ескермейтін,  қызға  жарасатын 
қымсыну, қызару, тартыну, имену дегендер ойына кіріп-шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата-
ана,  бауыр-туғандарына  сөз  келтіріп,  жергеқаратады.  Сондықтан,  қыз  ибасы,  қыз  әдебі 
дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайды [3].  
Қазіргі  заман  ағымына  сай  қыздар  тәрбиесінде  төмендегідей  басты  мәселелерге  көңіл 
бөлуді атап өтуге болады: 

 
Қыз бала аналармен тығыз байланыста болу; 

 
Баласы  туралы  пікір  алмасып,  олардың  пікірімен  санасып  отыру  керек  (әңгіме 
жүргізіп отырып тәрбиелеу өз нәтижесін бермек). Себебі, қай бала болса да (қыз, ұл) 
алдымен  тәрбиені  отбасынан  алады,  ата-анасына  еліктейді,  соларды  қайталағысы 
келеді, ал бала жас шыбық тәрізді, қалай баулыса, солай қарай бой түзейді.  

 
Отбасындағы қарым-қатынастың жақсы болуы; 
Өз  ұлтының  намысын  жоғары  қоя  білетін,  елінің  сөзін  сөйлейтін  жас  ұрпақты  баулып, 
тәрбиелеу үшін «мұны білуге әлі ерте, оған тыйым салынады» деген тежеулерді алып тастап, 
баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет, қайта баланы ойын еркін айта 
білуге жетілдіріп, білігіне жетелеп отыруымыз керек.  

 
Жас ұрпақты адамға тән табиғи сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге 
үйрету; 

 
Жаратылыстың  ақиқатын,  болмысты  ашық,  бүкпесіз  көрсетіп  ұғындыруға  арналған 
мектеп – шындықты үйрету мектебі болуы керек [4].  
Халық  «Өнерсіз  қыздан  без,  өнегесіз  ұлдан  без»  деген.  Ұлы  Абай  атамыз  «Ары  бар, 
ақылы  бар,  ұяты  бар  ата-ананаың  қызынан  қапы  қалма»  деген  екен.  Демек,  болашақ  жас 
ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі етіп тәрбиелеу – қазіргі отбасына үлкен міндет. 
Осындай  ауыр  жүкті  ел  ертеңі  қыз  баланың  мойнына  жүктейміз.  Себебі,  тіршіліктің  нәрін, 
өмірдің сәнін кіргізетін әйел –Аналар, яғни, қазіргі әр шаңырақтағы буыны қатып үлгермеген 
жас қыздар. Осы қыздарымызды ұлттық әдет-ғұрып арқылы тәрбиелейтін болсақ, ибалы да, 
көркем мінезді ұрпақ қалыптасатыны айдан анық.  
Сонымен, қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт-дәстүрлер. Тәрбие отбасынан 
басталады.  Қазақ  отбасындағы  қыз  бала  тәрбиесі  оң  жолға  қойылуы  керек.  Келешекте 
ұлттық  салт-дәстүрлермен  тәрбиеленген  қыздар,  ел  қорғайтын,  ұлтжанды  жас  ұрпақты 
тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.  
 

Каталог: assets -> images -> otdel -> innovation -> 5-5-2017
images -> Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары
images -> «Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыс ғылым пәндері» кафедрасы
5-5-2017 -> Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
images -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
5-5-2017 -> Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
5-5-2017 -> Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары
images -> «Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыс ғылым пәндері» кафедрасы и н ф о р м а т и к а

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет