Ii-халықаралық Ғылыми конференцияның жинағЫ


ХИМИЯ КУРСЫН  ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ  СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет13/45
Дата07.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45

ХИМИЯ КУРСЫН  ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ  СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРУ МƏСЕЛЕРІ 
 
Ш.Қ. Наурызбаева, З.Қ. Өскембаева, Д.Т. Құрманалиева  
Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет, Алматы қаласы 
 
This article describes the organization of independent work of students in learning chemistry course. 
 
Қазақстанның    қазіргі    уақыттағы  білім  беру  жүйесі  дүниежүзілік    білім  кеңістігіне  енудің 
күрделі мəселесін шеше отырып, қайта құрылып өзгеру  үрдісі үстінде. Қазіргі заманның талабы өте 
жоғары,  ол  мамандардан  белсенділікті,  шығармашылық  ізденістерді,  сонымен  қатар  бəсекелестікке 
төтеп  бере  алуды  талап  етеді.  Осыған  сəйкес  білім  беру  саласындағы  болып  жатқан  оң  өзгерістер 
осы  қажеттіліктерді  өтеуге  бағытталған.  Кредиттік  жүйе  білім  алушыға  оқу  үрдісін  өз  қалауымен 
жоспарлауға  мүмкіндік беретін дəстүрлі оқыту жүйесінен тыс оқу жүйесін ұйымдастыру жолы. Ол - 
оқу  жүйесі  шеңберіндегі  білім  беру  траекториясының  кезеңдік,  жүйелік  негіздерінде  жəне 
таңдаулары  бойынша  студенттердің  өзін-өзі  оқыту  мен  білімді  шығармашылық    жолмен  игеру 
деңгейлерін көтеруге бағытталған.  
Химияны  оқыту,  білім  беру  жəне  тəрбиелеу  мақсаттарының  бірі – студенттерге  пəнді 
саналы, жүйелі əрі баянды меңгерту.Ол ұғымдар жүйесін дұрыс меңгеруге байланысты. Химияны 
оқыту мынадай əдістемелерден тұрады: 

химияны  оқытудың  жалпы  мəселелері,  онда  химия  курсының  мақсаттары  мен 
міндеттері,  оның  мазмұны  мен  құрылымы,  химияны  оқытуды  ұйымдастыру  формалары,  оқыту 
əдістері, химия есептері мен жаттығулары, студенттердің білімі мен білігін, химиядан жүргізілетін 
аудиториялық жəне аудиториядан тыс жұмыстар; 

химияны  оқытудың  жеке  мəселелері  айтылады,  онда:  химия  ұғымдарын  қалыптастыру, 
Д.И.Менделеевтің    периодтық    заңын,  заттардың  құрылысын,  валенттілік  жəне  тотығу  дəрежесі, 
химиялық реакциялар, ерітінділер, органикалық қосылыстар, т.б. ұғымдар қарастырылады.  
Химияны  оқытуда  теория  мен  сарамандық  əдістердің  байланысу  ұстанымы – оқыту  мен 
тəрбиелеудің  жəне  дамыта  оқытудың  негізгі  заңы.  Ол  химия  курсының  барлық  негізгі  бөлімдері 
мен  тақырыптарын  өту  кезінде  байқалады.Химяны  оқыту  барысында  түрлі  құбылыстар, 
заңдылықтар, теориялық мəліметтер тəжірибеде жинақталып, білім ретінде қалыптасады. 
Қазіргі  кездегі  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  саласының  оқытушы  алдына  аса  бір 
маңызды  талаптарының  бірі білім алушылардың өздігімен жұмыс жасап үйренуін қалыптастыру. 
Жалпы  студенттермен  жүргізілетін  өзіндік  жұмыстың  өту  дəрежесі  химияның    алғашкы 
тақырыптары  бойынша  жүргізілген  жұмыстарға,  қалыптастырылған  іскерлік  шеберліктеріне 
байланысты болады. Заман  талабына сай маман дайындаудын, тиімді жолы – студенттердің кəсіби 
шеберлікті  меңгеруге  ұмтылдырып,  саналылықпен  білім  алып,  өздігімен  үйрену  қажеттілігін 
калыптастыру.   Сондықтан  оқыту  процесінің  бөлінбес  бір  үлгісі - өзіндік  жұмыстар.  Оқытуды 
ұйымдастыру үлгілерінің барлық түрінің құрамына да өзіндік жұмыстар сөзсіз енеді, ол кезде оқу 
материалын  студенттердің  өздігімен  меңгеретіндіктен  оқу  ақпараттың  игерудің  жоғары  деңгейі 
түрлі өзіндік жұмыстар аркылы жүзеге асады. 
Сонымен  бірге  өзіндік  жұмыс  ұлкен  тəрбиелік  мəнге  ие,  өйткені  ол  жеке    тұлғаның 
дербестік,  мақсатқа  талпынушылық,  бірбеткейлік,  еңбек  сүйгіштік  сияқты  қырларының 
қалыптасуына  жағдай  жасайды.  Студенттердің  өзіндік  жұмыстарын  ұйымдастыру  оқыту 
процесінің  тиімділігінің  негізгі  қорын  көтерумен  бірге  болашақ  маманның  кəсіби 
сапасын 
арттыруға негіз болады.
 
Кредиттік жүйе бойынша оқыту  білімді жеке тұлғаға бағыттауға, оның  қабілетін, дарынын 
дамытуға,  болашақ  маманның  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына    жағдай  жасайды.  Заманның 

88 
 
талабына  сай  жүргізілетін  оқытудың  бұл  түрі  болашақ  мамандардан  белсенді  болуды, 
шығармашылық бағытта іздене білуді қажет етеді. Бұл технологияның басты ерекшеліктерінің бірі 
– студенттің  өздігінен ізденуі болып табылады. 
Оқыту  формасының  шығармашылығы  дамыған  маман  даярлауда  өзіндік    жұмыстың 
маңызы  өте  зор.  Себебі  студент  білімді  тек  дəрісханалық    сабақтарда    ғана  емес,  өз    бетімен 
істелетін  жұмыс  барысында  да  жинақтайды.  Өздігінен    ізденген    білім  анағұрлым  терең,  əрі 
түсінікті болады.  Кредиттік  жүйемен оқытуда оқу жоспарында қамтылған пəндердің 70 пайызы 
студенттің  өз  бетімен  ізденуіне  арналады,  оның 30 пайызы  студенттің  оқытушының 
басшылығымен  істелінетін  жұмыс  түріне  бөлінеді.  Өзіндік  жұмыс – бұл  əдістемелік 
əдебиеттермен жəне нұсқаулармен қамтамасыз етілген, белгілі бір тақырыптар бойынша өз бетімен 
оқып  дайындалуға  арналған  жұмыс  түрі.  Өзіндік  жұмыс  студенттердің    алған    білімдерінің 
сапасының  жоғарылауына  əсерін  тигізеді.  Ол  студенттердің    бойында    өзіндік    білім  алу  мен  өз-
өзін  жетілдіруге  деген  қажеттілікті  тудырады.  Студенттердің  өзіндік  жұмысын  кредиттік  жүйеде 
екі түрге бөліп қарауға болады: 
1. Оқытушының  басшылығымен  жүргізілетін  өзіндік  жұмыс  (СОӨЖ),  яғни  студенттің 
дəрісханадан тыс оқытушының басшылығымен жүргізетін жұмысы. Ол сабақ кестесінде көрсетіледі 
жəне оқытушының жүктемесіне енеді. 
2.  Студенттің  өздігінен    жасайтын  жұмысы,  арнайы  бөлінген  уақыт  ішінде  оқытушының 
тікелей  көмегінсіз  орындалатын  жұмыс.  Студент  тапсырманы  ешкімнің  көмегінсіз  өзі  шешіп,  өз 
жұмысының нəтижесін көрсетуі тиіс. Жоғары оқу орындарында жеке өзіндік жұмыстың түрлері өте 
көп,  олар:  дəрістерге  дайындық;  семинар,  лабораторияық  жұмыстарға,  сынақтарға,  емтихандарға, 
рефераттарды орындауға, курстық жұмыстарға дайындық;  қорытынды кезеңде – дипломдық  жобаны 
орындау. 
Химияны оқытудың дидактикалық принципінің негізін көрсететін химиялық экспериментпен  
оқытуды  оқытушыларға  міндеттейді.  Көрнекті  демонстрациялы  тəжірибелер  студенттің  ынтасын 
арттырумен қатар, химиялық элемент мəдениеттерінің ұғынуына химиялық  ойлау  жəне жаңа білім 
алудың  қайнар  көзі  болып  табылады.  Сонымен,  химиялық  эксперимент  студенттерге    химиялық 
заттар мен жұмыс істеу кезінде пəндік шеберлікті, жай химиялық тəжірбиелерді орындауға, өндірісте 
жəне  тұрмыста  заттар  қолдануда  экологиялық  білімге,  қауіпсіздік  шараларын  оқып  үйренуге 
дағдылайды. 
Химияны  оқыту  барысында  оқытушы  пəнге  деген  қызығушылықты  тудырып,  студент  содан 
қанағат  алатындай  жағдай  жасауы  керек.  Өйткені  оқу  материалын  саналы  түрде  меңгеру,  оның 
қажеттілігін түсініп, мəнін ұғынуға, мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға көп байланысты. 
        Студенттердің  өзіндік  жұмыстарын  ұйымдастыру  мақсатын  тиімді  шешудің  жəне  бір  түрі – 
үйренген  оқыту  əдісінен  алшақ,  қазіргі  кезге  сай  ғылыми  дəйектелген  жəне  жете  зерттелген 
оқулықтар  мен  əдістемелік  оқу  құралдарын  оқыту  үрдісіне  енгізу.  Студент  оқулықты  жете  түсініп, 
жеңіл  қабылдауы  үшін,  сабаққа  өздігінен  дайындалу  барысында  қолданатын  əр  пəннің  дəрістік 
курстары,  оқулықтары  жəне  оқу  құралдары  міндетті  түрде  оқу  жоспарына  сəйкес  болғаны  жөн. 
Сонымен  қатар  барлық  қажетті  оқу-əдістемелік  жəне  анықтама  материалдары  баспа  түрінде  де, 
электронды түрде де жеткілікті жəне қол жеткізерліктей болуы міндетті. 
Оқу  процесі  кезінде  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу - студенттердің  жан-жақты 
ізденуіне,  зерттеу  қабілеті  мен  ұжымдық  іс-əрекетінің  қалыптасуына  тəрбиелейді.  Оқу  барысында 
химия-технология элементтерін меңгере отырып,  студенттер  терең оқып білім алумен қатар, зерттеу 
жұмыстарын  жан-жақты  жүргізу  бағыттарын  үйренеді.  Себебі,  техникалық  жоғары  оқу  орнын 
бітіретін  жас  мамандар  машина  жасау,  химия-металлургиялық,  мұнай  өңдеу,  экология,  химиялық 
технология    салаларында  жұмыс  істеуге  қабілетті.  Сондықтан  соңғы    үлгіде  жабдықталған  
зертханалар мен жаңа ақпараттық технологиялар үлгісіндегі дəрісханалар əртүрлі мамандықтардағы 
студенттерге  кəсіби мамандандырылған білім алуға мүмкіндік береді. 
Еліміз  егемендік  алған  кезден  бастап  оқушылардың  химияға  деген  қызығушылығы  күннен-
күнге артуда. Химиялық өнімдерге сұраныс, сонымен бірге көптеген химия, металлургия жəне мұнай 
саласындағы  ғылыми-зерттеу  институттарына  жан-жақты  білімді  мамандарға  деген  сұраныс  артып,  
еңбек нарығында   химияның рөлі едəуір артты деуге болады. 
Баспасөз  ақпарат  құралдарында    қоршаған  ортаның  ластанып,  оның  экологиялық  жағымсыз 
жағдайға  əкеп  соғуы,  соның  зардабынан  туындап  жатқан  көкейкесті  мəселелер  көптеп  айтылуда. 
Мектеп  оқушылары  арасында  жоғарғы  оқу  орындарына  мамандық  таңдауға  үгіт-насихат 
жұмыстарын  жүргізген  кезде  сондай  аса  маңызды  да,  мəнді  мəселелер  айтарлықтай    көңіл  бөлуді 
қажет етеді.  

89 
 
Қазіргі  таңда  еліміздегі  барлық  жоғары  оқу  орындары  білім  берудің  кредиттік  жүйесіне 
көшуіне  байланысты  осы  жүйемен  оқытудың  басты  ерекшелігі — əлемдегі  білім  берудің  ең  үздік 
технологиялық  тəжірибелерін  қолдана  отырып  елімізге  қажетті  мамандарды  сапалы  дайындап 
шығару.  Мұнда  бұрыннан  қолданылып  жүрген  оқытудың  əдіс-тəсілдерімен  қатар,  студенттің 
ізденуіне,  жаңаша  көзқарас  тұрғысынан  келіп,  сапалы  білім  алуына  жағдай  туғызу.  Білім  беру 
жүйесінде əр пəннің өзіндік ерекшеліктері өзіне тəн қиыншылықтары болады.  
Студенттің сапалы білім алуына, сол пəннен алынатын міндетті білім дағдыларын меңгеруіне 
дұрыс бағытта жол ашу үшін, əр пəн оқытушысы сол пəннің өзіне тəн ерекшеліктеріне, сол пəнге тəн 
оқытудың принциптеріне баса көңіл бөлгені жөн.  
Химия    пəні  тікелей  эксперименттік    ғылым,  сондықтан  бұл  пəннің  сапалы  оқытылуы  үшін, 
эксперимент,  көрнекіліктер  жəне  тəжірибелер  көп  қолданылуы  тиіс.  Студенттің    өзіндік    ізденіс  
жұмыстарын  ұйымдастыру  мынадай  мақсаттарды  жүзеге  асыруды  көздейді.  Біріншіден,  студенттердің 
химиядан алған теориялық жəне практикалық білімдерін бағдарламадан тыс материалдармен толықтыра, 
жетілдіре  түсу.  Екіншіден,  химия  пəні  туралы,  оның  элементтері  мен  қосылыстары  туралы  қосымша 
əдебиеттермен  таныстыру.  Үшіншіден,  химия  пəнінен  түрлі  үйірме,  пəн  апталығы,  конкурстар 
ұйымдастыру жəне студенттерді ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар  жасату арқылы 
олардың  химияға деген белсенділігін арттыру. 
Химиялық білім беру дегеніміз – студенттерді заттардың қасиеті  мен түрленуін, олардың адам 
игілігіне жарату жолдарын зерттейтін химия ғылымының   негіздерін,  химиялық  өзгерістер мен   қазіргі  
жаңа техникаларға қолданатын химия материалдарын пайдалану мүмкіндіктерін, өндірістегі химиялық 
эксперимент,  əдістері  мен  экологиялық  мəселелерді,  қоршаған  ортаны  қорғаудын  химиялық  жақтарын 
қарастыратын мəліметтер болып табылады. 
Химиялық    білім  беруде  теориялық  білімді  терендету  мақсатында  Қазақстан  химиясы, 
республика өнеркəсіптері, мамандықтар туралы мəліметтер қамтылған ғылыми көпшілік əдебиеттер мен 
əдістемелік басылымдарды оқу үрдісінде пайдалану маңызды. 
Ғылым  мен  техниканың    дамуы  мен  шаруашылық      салаларында,  өндірістің    қарқынды 
қадамы,  əсіресе  өндірістің  мынадай  салалары:мұнай  өңдеу  өнеркəсібі,  күкірт    қышкыл    өндірісі, 
аммиакты  синтездеу  өндірісі,  шойын  жəне  болат  өндірісі,  алюминий,  кокс-химия  өндірісі,  жоғары 
молекулалы қосылыстар өндірісі жəне т.б. өндірістеріндегі даму мен технологиялардың өзгеруі мен  
ғалымдардың  ашқан  жаңалықтарына  байланысты    жоғары  оқу  орындарында    химия    пəнінің  
мазмұны  мен  оқытылуында    жаңа  серпіндер  мен  жаңаша  бағыттар,  формалар  мен  əдіс-тəсілдермен 
толықтырылып отырады.  
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мынадай жұмыс түрлерін жүргіземіз. 
Оқу  жылының  басында,  студенттердің  химиядан  қалдық    білім  деңгейін  анықтаған  соң, 
олардың  химияны  меңгеру  дəрежесіне  қарай  əр  түрлі  тапсырмалар  ұсынылды.  Өзіміз  дайындаған 
силлабуста  аудиториядан  тыс  жүргізілетін  студенттердің  өзіндік  жұмыстарының  тақырыптары 
берілді. Бұл тақырыптарда химияның негізгі түсініктері мен заңдары, атом құрылысының күрделілігі, 
химиялық  кинетика,  ерітінділер,  тотығу-тотықсыздану  реакциялары,  электрохимиялық  процестер 
қарастырылған.  Тапсырма  тақырыптарын    таңдауда  студенттердің  өз  қалауында  болды.  Бұл  жұмыс 
түрін ұсынудағы негізгі нысана: белгілі бір тақырыптарды зерттеу, саралау барасында студенттердің 
қосымша  əдебиеттермен  жұмыс  істей  білу  дағдыларын  қалыптастыру,  өз  ойын  тиянақты, 
тұжырымды жеткізе білуге үйрету. 
Студенттің  өзіндік  ізденуіне  викториналық  сұрақтар  ойынын  ұйымдастыру  да  өз  əсерін 
тигізеді. Сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін студенттің көп оқуы, ізденуі қажет.  Себебі бұл – жарыс. 
Викториналарды əр түрлі өткізуге болады. 
1. Сұрақтарды ертерек беріп қойып, соған студенттердің жауап беруі. 
2. Сұрақтар ауызша қойылады да, студенттер сол арада жауап береді. 
3. Сұрақтар жазбаша беріледі де, сол арада жазбаша жауап береді. 
Мазмұнына қарай викториналық сұрақтар екі түрлі болуы мүмкін. 
1. Пəн бағдарламасы бойынша, өтілген материалдар бойынша сұрақтар. 
2. Оқу бағдарламасынан тыс танымдық сұрақтар. 
Мұнда  студенттің  логикалық  ойлау  қабілеті  шыңдалады  əрі  өз  ойын  шапшаң  жеткізу  үшін 
сөздерді, сандық есептерді шығаруда  тиімді пайдалану дағдысы дамиды. 
Студенттердің  өзіндік  жұмыс  түрлерін  ұйымдастыруда  басқа  да  жұмыс  түрлерін,  білім 
берудің  көптеген  əдіс-тəсілдерін  қолдануға  болады.  Бұл  үшін  химия  аудиториясында    жүргізетін 
оқытушының  шеберлігі,  ізденімпаздығы,  ең  бастысы,  өз  мамандығына  деген  сүйіспеншілігі  басты 
орында тұруы қажет 

90 
 
 
ƏДЕБИЕТТЕР 
1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы. 
2. Е.В.Заика. Психологических вопросы организации СРС в вузе –Харьков, ХГУ, 1991.-71с. 
3. У.М.Маканов., В.В.Сорокин Самостоятельная работа по общей химии в вузе Алматы, 1991. -114с. 
 
 
МҰНАЙ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫ БИОРЕМЕДИАЦИЯ  
ƏДІСІМЕН ТАЗАРТУ 
 
Ə.Ө. Өтешова, Б.Б. Анапияев, К.М. Искакова 
Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет, Алматы қаласы 
 
To Earth, made oneself dirty that by oil on "Kalamkas" localization of mines area of Mangistau 
conductedwork research.That Bacillus polymyxa clears by an oxidant a help consortium of microorganism, 
Bacillus thuringiensis (a cage 1,1х10
12
КОЕ/ml) was soil given hydrocarbon made oneself dirty 2 by oils for  
general volume 35125 м.Parcel of land of place 3 to the doubts  was Given dividing  agrotechnical system of 
measures executed. Also, MBR№1, №2, №3 to the doubts " Ammonia is saltpetre" and   mineral fertilizer 
"suprefos" added (nitrogen, phosphorous, potassium correlation1:1:1). To Discuss chemically and 
microbiological standards were taken, examination was done. 
 
Дүниежүзілік  бірлестікте  Қазахстан  мұнайлы  елдердің  біріне  жатады.  Қазіргі  кезде 
Қазахстанда 208 мұнай жəне газ кен орындары ашылған. Дүние жүзі бойынша мұнайдың артық қоры 
жөнінен Қазахстан 13 орынды ал көмірсутекті шикізат қоры жөнінен 18 орынды алады. Европа жəне 
Евразия елдерінің арасында мұнай өнімі жөнінен Ресей, Ұлыбритания, Норвегиядан кейінгі 4 орынды 
Қазахстан  алады.  Үлкен  көлемді  өңдеу  жəне  көмірсутекті  шикізат  шығару    Ақтөбе,  Атырау,  Батыс 
Қазахстан, Маңғыстау жəне Қызылорда облыстарында жүргізіледі [1].
 
Мұнай  жəне  газ  адамзат  тіршілігінде  қажетті  шикізат  болып  табылады.  Мұнай  өндіру  жəне 
жаңа мұнай-газ кен орындарын ашу еліміздің экономикасын көтеретін факторлардың біріне жатады. 
Дегенмен,  мұнай-газ  кешендерінің  қарқынды  түрде  дамуы  елімізде  экологиялық  дағдарысқа  қарай 
бет бұрып барады яғни топырақ жамылғысы, ауа, жер асты суының мұнай өнімдерімен ластануына 
əкеліп соқтырады.  
Мұнай  кен  орындарының  технологиялық  желісін  құрастыру  көптеген  міндеттерді 
қарастырады,  оның  ішінде  өндірістің  экологиялық  талаптарды  қанағаттандыруы  маңызды  рөл 
атқарады.  Мұнай  өндірудің  технологиялық  үрдістерінде  жəне  мұнай  өнімдерін  өндіру,  оны  сақтау 
мен  тасымалдау  кезінде  өндірілген  мұнайдың 7 % жоғалады.  Мұнайды  бұрғылауда,  құбырлардың 
жалғасқан жерлерінен шикізаттың төгілуі топырақ, атмосфера, судың ластануына əкеліп соғады жəне 
биосфераны  ластап  қана  қоймай  адамзат  денсаулығына  зиянды  əсерін  тигізеді.  Топырақ  мұнай 
қалдықтарымен аз мөлшерде ластанған жағдайда, оны қайта қалпына келтіруге болады. Ал егер көп 
мөлшерде ластанса, оған қарсы күрес жүргізуге тура келеді. 
Қазақстанда  мұнай  қалдықтарының  ластанған  топырақ  биогиоценоздарын  қайта  қалпына 
келтіру  мақсатында  топырақты  тазарту  жəне  рекультивациялау  технологиясын  жасау  үшін 
топырақтың қаншалықты мұнай қалдықтарымен ластануын, құрамын білу қажет [3-5]. 
Мұнай  жəне  мұнай  қалдықтарымен  ластанған  топырақты  қалпына  келтіруде 
биоремедиацияныңрөлі
 
Қазақстан  Республикасының  энергетикалық  жоспары  алдағы  ұзақ  уақытта  «қара  алтынды» 
өндіру көлемін жоғарылатуды көздейтіні белгілі. Бұл мұнай құбырларының кеңеюі мен мұнай жəне 
мұнай өнімдерін тасымалдау мөлшерінің көбеюіне əкеледі. Сондықтан, жаңа апаттар мен мұнай жəне 
мұнай  өнімдерінің  төгілу  қауіптілігін  жоққа  шығаруға  болмайды.  Бұл  мəселеге  байланысты 
жүргізілген  бірнеше  зерттеулерге  қарамастан,  аймақтың  табиғи  жағдайларының  ерекшеліктерін 
есепке ала отырып тазарту əдістерінің тиімді түрін қажет етеді. Қазіргі уақытта мұнаймен ластанған 
топырақты  тазартуда  көп  қолданылатын  жəне  экономикалық,  экологиялық  жағынан  тиімді 
биотехнологиялық 
тəсіл 
болып 
табылады. 
Ол 
мұнай 
өнімдерінің 
компоненттерінің 
биодегредациясына  жоғарлатылған  қабілеттілігімен  ерекшеленетін  əр  түрлі  микроағзалар  топтарын 
қолданумен  негізделеді [2]. Биоремедиация - ластанған  ортада  немесе  қоқыс  өңдейтін  орындарда 
жиналатын  химиялық  улы  қалдық  заттарын  қауіпсіз  немесе  қауіпсіздігі  төмендетілген  заттарға 
айналдыру мақсатында микроағзаларды пайдалануды ұсынады [6].  

91 
 
Алға  қойған  мақсатымыз    Маңғыстау  облысы  Қаламқас  кен  орнының  мұнаймен  ластанған 
топырағын биологиялық жолмен  тазалап, ауыл шаруашылығы айналымына қайта енгізу.  
Bacillus polymyxa, Bacillus thuringiensis көмірсутек  тотықтырғыш  микроағза    културасының 
концентраты  РМК  «Ұлттық  Биотехнология  Орталығы»  мен    «Микробиология  жəне  вирусология» 
институты  бірлесіп  шығарылған.  Зерттеу  жұмысы  ЖШС «Bioengineering» мекемесі  қолдауымен 
жасалған.  Биопрепаратының  құрамына  кіретін  микроорганизмдер  Батыс  Қазахстанның  табиғи 
климаттық  жағдайына  жəне  жоғары  тұздылыққа (4% жоғары),  əр  түрлі  қышқылдылыққа  (рН 5-9) 
бейімделген,  топырақ  микробиоценозына  қауіпсіз  болып  келеді.  Осыған  байланысты    Маңғыстау 
облысы Қаламқас кен орнындағы Микробиологиялық рекультивация№1 (МБР), Микробиологиялық 
рекультивация№2,  Микробиологиялық  рекультивация№3  алаңдарының  мұнаймен  ластанған 
топырағын тазартуға қолданылды. Тазарту жұмысы 3 ай аралығында, күннің жылы мезгілінде болды.   
Биоремедиация  əдісін  қолданылды,  алдымен  биопрепаратты  кубтық  сыйымдылыққа    салып 
28°C  температурадағы  жылы  сумен  біркелкі  консистенцияға  келгенше  араластырылды.  Алынған 
соңғы  ерітінді  əрбір  алаңға 60 кубтан  сəйкес  келді [7,8]. Алынған  концентратты    периодты 
араластырып 90 мин  инкубирлейді (28 °С).  Биопрепаратты  енгізбес  бұрын  топырақты  сумен 
жұмсартып (10л/м
2
)  жəне  қопсытып  алады.  Өңделетін 1 м

жерге  көлемі 5 л  сұйық  концентрат 
пайдаланылады.  Биопрепаратты  кешкі  уақытта  ауа  температурасы    +30  ºС  болғанда  топыраққа 
енгізілді. Сонымен қатар МБР1, 2, 3 алаңына «Аммиачная селитра» жəне «супрефос» (азот, фосфор, 
калий  арақатынасы 1:1:1)  минералдық  тыңайтқышы  да  қосылды,1  м
2
  жерге 30 г  сəйкес  келеді.  Ал 
органикалық тыңайтқыш (қи тезек) -15 кг/м
2

 
 
 
1 – сурет. Маңғыстау облысы «Қаламқас» кен орнындағы МБР№1,2,3 учаскелеріндегі мұнай көмірсутектерінің 
орташа мөлшері 
 
 
 
2 – сурет. Топыраққа биопрепаратты енгізуге дейін жəне кейінгі мұнай деструкциясының салыстырмалы 
анализі
 

92 
 
Жұмыстың  нəтижесін  қорытындылай  келе  топырақтың  агрофизикалық  жəне  агрохимиялық 
құрамын төмендететін көмірсутек тотықтырғыш микроағзалар көмегімен мұнай қалдықтарын тазалау 
жəне қалпына келтіру экононмикалық жағынан тиімді екенін көрсетті. Маңғыстау облысы Қаламқас 
кен  орнының  мұнаймен  жəне  мұнай  қалдықтарымен  ластанған  топырағын  мұнай  тотықтырғыш 
микроаңзалар  негізінде  жасалған  биопрепаратының  көмегімен  тазарту  жұмысы  бойынша  мынадай 
қорытындыға келуге болады: 
1  Алғашқы  дайындық  жұмыстары  жүргізілді:  жоспар  құру,  белгілеу,  агротехникалық  шара 
(жер жырту, қопсыту, жұмсарту), анализ жасауға топырақ үлгісін алу.  
2 Тазарту сатысы яғни биопрепаратты енгізу жұмыстары жүрді.  
3  Биопрепаратты  енгізгеннен  кейін  топырақтың  мұнай  көмірсутектерінен  қаншалықты 
тазарғанына  көз  жеткіздік.  Қаламқас  кен  орнының  ауданы 31125 м
2
  құрайтын  мұнаймен  ластанған 
топырағы биологиялық тазарту нəтижесінде шамамен 95 % тазарды.  
 
ƏДЕБИЕТТЕР 
1.  Сапаров  А.С,  Фаизов  К.Ш,  Асанбаев  И.К.  Почвенно-экологическое  состояние 
Прикаспийского нефтегазового региона и пути их улучшения.-Алматы, 2006.-148 с 
2.Голодяев Г.П. Биодеградация нефтепродуктов в почвах и почвогрунтах. Владивосток, 2003. 
- С. 253-268.  
3.  Холоденко  В.П,  Разработка  биотехнологических  методов  ликвидации  нефтяных 
загрязнений окружающей среды.-Атырау, 2005-С.72-86. 
4.  Трафимов  С.Я.,  Аммосова  Я.М.,  Орлов  Д.С.  влияние  нефти  на  почвенный  покров  и 
проблема создания нормативной базы по влиянию нефтезагрязнения на почвы // Вест. МГУ – 2000. - 
№2. – С.30-33. 
5. Терещенко Н.Н., Лушников С.В., Пышьева Е.В. Рекультивация нефтезагрязненных почв // 
экология и промышленность. –2002. - №10.-С.17-20. 
6.  Барышникова  Л.М.,  Грищенков  В.Г.,  Аринбасаров  М.У.  и  др.  Биодеградация 
нефтепродуктов  штаммами-деструкторами  и  их  ассоциациями  в  жидкой  среде // Прикладная 
биохимия и микробиология. 2001. - Т. 37. № 5. - С. 542-548.  
7. Градова Н.Б., Кожевин П.А., Рабинович Н. JI. и др. Биотехнологические способы очистки 
почв, загрязненных синтетическими моющими средствами // Биотехнология. 2007. - № 11. - С. 46-50.  
8.  Баубекова  А.А.  Углеводородокисляющая  способность  иммибилизованных  клеток 
гетеротрофных бактерий: Афтореф. Дис.канд.биол.наук. – Астана, 2006.- 20 c. 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет