Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет



жүктеу 0.66 Mb.

бет4/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.66 Mb.
1   2   3   4   5

Данияр СЕрІКБАЕВ

Облыстық мәдениет басқармасы 

мәдени іс-шараларды ұйымдастыру 

бөлімінің бас маманы:

 

– Өткен жылы «Жол картасы» бағ-

дар ламасы бойынша Төлеби ау да нын-

да ғы 5 Мәдениет үйі күрделі жөндеу-

ден өт кізілді. Бұл – осы сала бас шы ла-

рының  жа н ашырлығының  арқасында 

жүзеге  ас ты.  Солардың  тындырымды-

лы ғының  ар қасында  қол  жеткізілді 

деу ге де бо лады. Өйткені күрделі жөн-

деу өткізуге бас қа бірде-бір аудан іліге 

алмай  қал ды...  Аталған  проблемадан 

ха барымыз  жоқ.  Алайда  сала  бас шы-

ларына ха бар дар етеміз. Дегенмен бұл 

мә селе  ау дан  бюджетіне  байланысты 

ше шілуі тиіс. 

Ия, мәдениет саласы білім, денсаулық 

сақтау  сияқты  «приоритетный»  салаға 

жат пайды. Бұл саланың көп ретте шө міш­

тен қағыла беретіні де, басына тартсаң ая­

ғы  ашылып  қала  беретіні  де  ақиқат.  Ау­

дан дағыларды да «не қарап отырсыңдар?» 

деп  кінәлауға  болмас.  Оларға  қозғау  са­

лып, құлағдар еттік. Олар алашапқын бол­

ға нымен де, мәдениет үйінің қалыпқа ке­

луі – қаржы деген дөкейдің қолында. Тек 

оған дейін мәдениеттің май шамын жақ­

қан ғимараттың бір түйір тасын да таппай 

қал масақ болғаны...



Гүлжан КӨШЕрОВА, 

Шымкент 

ҚАПЕрГЕ 

Халықаралық дәрежеде өтетін 

аниматорлар фестиваліне ТМД, 

Балтық жағалауы мемлекеттері, 

АҚШ, Жапон елі, Франция, 

Қытай, Германия, Польша секілді 

жиырмаға жуық мемлекеттен 

және Қазақстаннан елуден 

астам мамандар қатысады деп 

жоспарланып отыр. Олардың 

арасында есімдері әлемге әйгілі 

Ә. Қайдаров ағамыз, Э.Назаров, 

Ю.Норштеин, С.Алмов болады деп 

күтілуде. Анимация саласының 

«жілігін шағып, майын ішкен» 

мамандар алғашқы үш күн 

ішінде облыс оқушыларымен

бүлдіршіндерімен кездесулер 

өткізіп, өзара шеберлік сыныптар 

өткізу арқылы тәжірибе алмасатын 

болады.

Жақында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық 

консерваториясының халық әні кафедрасының 

ұстаздары: Қошқарбек Тасбергенов, Дүйсенбек 

Өмірәлиев, Айгүл Қосановалар шәкірттерінің өнерін 

шыңдау мақсатында сыныптық концерт өткізді.

Өнердің  қара  шаңырағында 

11  жылдан  бері  ұстаздық  етіп 

келе жатқан әнші Айгүл Қосанова 

өзі  өткен  сыннан  шәкірттерін  де 

өт кізуді  жөн  көрген  екен.    362 

әу лиесі  бар  қасиетті  маңғыстау 

то пырағының  мақам­сазы  –  өз 

ал дына бір мектеп. Батыстың ән­

ші лік мектебі мен маңғыстаудың 

жыр­термесінің мөлдір суатынан 

қа нып ішкен әнші Айгүл кешеден 

бү гінге жеткен ән­қазынаға қия­

нат  жасамай,    әуені  мен  сөзін 

бұз бай, саф күйінде үйретуді ұс­

таз дық борышым деп біледі.



Ай гүл ҚОСАНОВА, 

әнші, «Дарын» 

жастар сыйлығының иегері:

– Қазіргі студенттерге әнді 

үйренудің  барлық  жағдайы 

жасалған. Бұрынғы орын дау-

шылардың үнтаспалары бар, 

бүгінгі  таңдағы  мықты  ән ші-

лер ді  салыстырмалы  түр де 

тың дап, өзіне керегін ала ды. 

Сы ныптық  концерттің  ма ңы-

зы  зор.  Сахна  «әнші  болам» 

де ген    балаға  үлкен  стимул 

бе реді.  Сахна  –  әншіні  тәр-

бие лейді,  көрермен  –  жігер 

бе реді.  Студенттерді  да йын-

дық  курсының  не  жоғары 

курс тың  студенті  деп  ала ла-

май,  сахнаның  қасиетін  сез-

сін, ысылсын деген мақсатпен 

шә кірттеріміздің басын қо са-

мыз.

Ордалы  Арқа  мектебінің  қа­

быр ғалы  өкілдерінің  бірі  – 

манарбек  ержанов.  Қазақтың 

ән өнерінде дауыс ырғағы, дом­

бы р а  шертісі  ешкімге  ұқ са май­

тын  өзіндік  қолтаңбасымен  та­

рих та қалған манарбек ата мыз­

дың  салған  ізі  бір  мектепке 

татитындай.  «Өлеңге  әркімнің­

ақ бар таласы, сонда да солардың 

бар  таңдамасы»,  –  деп  Абай 

атамыз айтқандай, манарбектей 

дарабоз  әншінің  сара  жолын 

жалғастырып,  сол  кісінің  айту 

мәнеріне  бейімі  бар  жастарды 

тәрбиелеп  жүрген  әнші  – 

Дүйсенбек Өмірәлиев.  



Дүйсенбек ӨМІрӘЛИЕВ, 

әнші, ҚР мәдениет қайраткері:

– Класта, кафедрада тың -

даған ән мен концертте тың-

даған  әннің  арасы  жер  мен 

көктей. Әншінің әншілігі бай-

қалып,  балалардың  әнге  де-

ген  ықыласы  ауып,  бо йын-

дағы орындаушылық ше бер-

лігі шыңдалып, дарыны ашы-

ла түсетін шақ – концерт. Ше-

бер лік класс концерті арқылы 

ән ші  шәкірттерімізді  сахнаға 

тәр биелеу –  басты мақ са ты-

мыз.

«әншінің домбырасы – қол­

қа наты» деп естай ақын жыр ла­

ған дай, әншінің әдемі дауысына 

дом быра шертісі де сай келуі қа­

жет. әнші дауысы сахарада жел­

ген сәйгүліктей сұлу болса, оның 

қолы  да  аспапта  еркін  жүгіріп, 

үні мен  астасып  жатуы  шарт.  Бұл 

жа ғынан болашақ әншілер кенде 

емес. Халық әні кафедрасындағы 

жас тардың домбыра қағысы мен 

шер тісін  суда  жүзген  қайықтай 

бір ретке келтіретін ұстаз, ҚР ең­

бек  сіңірген  әртісі,  күйші  Қош­

қар бек Тасбергенов те бұл кеште 

бал  бармағынан  қазақтың  жау­

һар күйлерін ағытты. 



Жадыра ЖҰМАКҮЛБАй

Аталған  өнер  байқауында  Болгария, 

Фран ция, Голландия, Румыния, Ресей, Та­

тар стан,  Түркия  және  Қазақстан  елінің 

өнер паздары бақ сынады. Онда талант та­

ры мыз  әлемдік  мәдениет  пен  әдебиетке 

өл шеусіз  үлес  қосып  кеткен  м.әуезовтің 

«Айман­Шолпан»  спектаклін  сахналады. 

Ұстаздардың  айтуынша,  әсіресе  Шолпан 

рөлін  сомдаған  мөлдір  Қонысқызы  мен 

Ай ман рөлін ойнаған Ботагөз Жақып бе ко­

ва ның  шеберліктері  шынайлығымен  есте 

қалды. Олар өз кейіпкерлерінің психо ло­

гиялық тебіреністерін нанымды бейнелей 

білді. сондай­ақ мәриям Жагорқызының 

«Дударай» әнін нақышына келтіріп орын­

даған  сырымбек  Бибосыновтың  таланты 

да көпшілікті тәнті етті. Осылай әлем ел де­

рін  қазақ  өнерімен  таңғалдырған  жастар 

са рапшылардың үлкен алғысы мен ма ра­

па тына  бөленді.  Бұл  өнер  додасына  жас 

да рындарымыз  ТҮРКсОй  халықаралық 

ұйы мының қолдауымен барып қайтқан. 

Лиза АЛТЫБАЕВА, Т.Жүргенов атындағы 

Қазақ  ұлттық  өнер  академиясы  сыртқы 

бай ланыстар бөлімінің басшысы: 

– Фестиваль барысында студент те-

рі  міз  академия  қабырғасында  алған 

бі  л ім дерін  өте  жоғары  деңгейде  көр-

сет ті.  Бұл  байқау,  негізінен,  жас та ры-

мыз ға шетел мәдениетін таныту, халық-

тар  арасындағы  ынтымақтастықты 

жол   ға қою мақсатында қолға алынды. 

Мақсат СӘБИТОВ, жас талант:

–  Түрік  жерінен  алған  әсеріміз  ал-

дағы  уақытта  біздің  шығар ма шы лы-

ғымызға зор шабыт сыйлайды деп се-

не мін. Бұл сапарда біз орта ғасырларда 

Қазақстанда  «Ербу»  атты  суға  сурет 

салу өнерінің болғандығын біліп қайт-

тық. Маған неге «Ербу-емірену» деген 

осы өнерді қайта жаңғыртпасқа деген 

ой келді.

Нұрмұхаммед МАМЫрБЕКОВ

АлАШ­АҚПАРАТ



Жас әртістер Түркиядан 

бас жүлде алып келді

Жуырда Т.Жүргенов 

атындағы Қазақ ұлттық өнер 

академиясының ұжымы 

Түркия елінде V Ескішеһир 

балалар және жастар 

театрлары халықаралық 

фестиваліне және ІV Анкара 

халықаралық театрлар 

байқауына қатысып, екі бірдей 

бас жүлдені иеленіп қайтты.

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№59 (285) 



14.04.2010 жыл,  сәрсенбі                  

www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

Кеше Астанада өткен баспасөз мәс ли­

ха тында  ұлттық  компанияның  вице­пре­

зи денті  Ермек  Қизатов  мәлім  еткендей, 

би леттер  құны  республикалық  бюджет 

қар жысы есебінен екі жаққа да төленеді. 

Әкім дік  арқылы  рәсімделетін  билеттерді 

кез  келген  теміржол  кассасынан  сатып 

алу ға болады. Ардагерлермен бірге олар­

ға бас­көз болатын тағы бір адам да пойыз 

вагондарының плацкарт не купе орны еке­

ніне  қарамастан,  ТМД  елдері  мен  өз  елі­

міз дің аймақтарына тегін жол жүре алады. 

Же ңілдіктің  мерзімі  мамырдың  бірінен 

жыл аяғына дейін. Бұған қоса, Жеңіс ме­

ре кесі  тойланатын  мамырдың  3­12­сі 

ара лығында  жолға  шыққан  май дан гер­

лер ге тегін тамақ беріліп, ақысыз ме ди ци­

на лық қызмет көрсетіледі.



– Әлем саяси-экономикалық интег-

ра циямен бірге мәдени тұрғыдағы ин-

теграцияға да ұмтылуда. Бұл бір елдің 

бір  елге,  күштінің  әлсізге  рухани  үс-

тем дігін күшейте түспей ме?

–  Қазір  үшінші  мыңжылдық  басталып 

кет ті. Әр заманның қоғамға қояр өз талабы 

бо латыны  белгілі.  Бүгінгі  әлемдік  жағдай 

басқа елдермен тығыз байланысты қажет 

етуде. Және сол байланыс аясында өз дең­

гейі мізді  таныта  білуіміз  де  керек.  Ал  өзі­

мізді  өзгелерге  танытудағы  басты  құн ды­

лы ғымыз  ұлтқа  тән  мәдениетіміз  бол мақ. 

Біз дің қазақ екенімізді жалпақ жұртқа әй гі­

лейтін де – ұлттық салт­дәстүріміз, бол мы­

сымыз. Ата­бабаларымыздың қан дай мә­

де ниет 

үлгісін 


жасағанын, 

ұлттық 


өне   рі міздің өміршең күшке ие екенін бас­

қа  ларға сезіндіре білуіміз тиіс. Сондықтан 

оны сақтаумен бірге ары қарай дамыту да 

біздің  басты  міндетіміз  болуы  шарт.  Ал 

мәдени  тұрғыдағы  интеграцияны  қалай 

түсінуге болады? Жалпы, адамзатқа ортақ 

өнер  бар.  Мәселен,  классикалық  музыка 

са  ласын  алайық.  Ондағы  симфониялық 

жанр, опера жанры, камера жанры – бар­

лы  ғымызға ортақ өнер саласы. Оларды біз 

мін  детті түрде әлемдік жетістік ретінде та­

ни мыз. Және оны өз өнерімізді ілгерілетуде 

пай  даланамыз. Мен өзім музыкант ретінде 

айт сам,  консерваторияда  әлемнің  мәде­

ни еті  қабылдаған  гармонияны  оқыдық. 

Му  зыка теориясы мен полифониядан дә­

ріс  алдық.  Өйткені  біз  дамыған  елдердің 

әлем  музыкасындағы  ортақ  қазынаға  ай­

нал ған дүниелерін үйрену арқылы, со лар­

дан  тәжірибе  қабылдау  арқылы  кейін  өз 

шы ғармаларымызды  жаздық.  Бұл  үрдіс 

му зыка  ғана  емес,  барлық  салада  солай 

бо луы тиіс. Өз­өзімізбен ғана шектеліп, то­

маға­тұйық  тірлік  кешу  заман  талабына 

қарсы  келгенмен  бірдей.  Әлемде  өзіндік 

орны  бар  ақын­жазушы,  суретші,  ком по­

зи торлардың өнері барлық адамға ортақ. 

Мәселен, біз Густав Климтті австралиялық 

суретші екен деп мойындамасақ, болмаса 

Пи кассоның  жазған  суреттерін  қабыл да­

ма сақ,  жаһандық  мәдениет  нәрінен  баз 

кеш кенмен  бірдей  боламыз.  Сол  секілді 

Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» 

ро манын  қалай  қабылдамауға  болады. 

Бір халықтың, елдің дара таланты тудырған 

шы найы  шығармалары  басқа  ұлт  пен 

ұлыс қа  ешқашан  үстемдік  көрсетпейді. 

Ай   та лық, бауырлас қырғыз халқының ұлы 

жазушысы  Шыңғыс  Айтматов  қазақ тар 

туралы қандай ғажап дүниелер жазды. Ол 

бізге үстемдігін көрсетті ме? Жоқ. 

– Сонда мәдениет пен өнер арқылы 

ешқандай үстемдік орнатуға жол жоқ 

қой? 

– Мынадай бір мәселені айтпай кетуге 

бол мас. Жалпы, өте кең таралған поп­му­

зыка  секілді  өнер  саласы  бар.  Біз  өзімізді 

осын дай бағыттардан қорғай да білгеніміз 

дұрыс. Осындай танымал музыка жанрын­

да өз орындаушыларымызды қолдап­қос­

тап, солардың жақсы деңгейде танылуына 

кө мектесуіміз қажет. Әсіресе ән саласында. 

Қазақтың  әндері  өзге  елдің  әндерінен 

артық болмаса, кем емес. Мұны мен талай 

рет айтып та жүрмін. Кезінде Астана қала­

сы  әкімінің орынбасары болып жүр ген де, 

қазақ  әндерін  басқа  елдің  ән ші ле рінің 

орындауында  үлкен  байқау  да  өт кіз дік. 

Ондағы  мақсат  қазақ  әндерін  бас қаларға 

насихаттау  болды.  Бұның  бәрінде  үл кен 

мән  жатыр.  Таң  империясы  кезінде  қы­

тайдың  бір  ғұламасы  «басқа  мемлекетті 

жаулап алғың келсе, ең алдымен, сол елдің 

музыкалық жүйесін құртуың керек» деген 

екен. Біз кеңес құрамында болған кездегі, 

ең алдымен, қираған сала осы халық ара­

сы на  кең  таралған  музыка  болды.  Өзгеге 

бет  бұру  «Битлз»  тобы  дәурендеп  тұрған 

за манынан  бастау  алды.  Содан  кейін­ақ 

жас тарымыз басқа ел әуеніне ден қойып, 

өзі міздікін онша көп тыңдамауға көшті де­

сек  артық  емес.  Өйткені  батыстан  келген 

му зыкалар озық болды да, жастарды бау­

рап әкетті. Қазір тәуелсіз ел болған уақытта 

ол қателіктерді қайталамауға тиіспіз. Сон­

дық тан  ән­музыка  бағытындағы  телеви­

зия лық  хабарлардың  тартымды  да  мағы­

на лы болуына ерекше мән беруіміз керек. 

Бұл  –  идеологияны  дәріптейтін  ең  өтімді 

құрал дардың бірі. 

–  «Битлз»  демекші,  Алматыдағы 

Көк төбеде  осы  топтың  мүшелерінің 

құр метіне  олардың  мүсіндері  ор на-

тыл ғаны мәлім. Бұған наразы адамдар 

да жоқ емес. Сіздіңше, бұл басқаларды 

ұлық тап, өзімізден биік қою емес пе?

–  Әрине,  біз  көп  нәрседен  сақтануға, 

өз  генің өнерін орынды­орынсыз жар на ма­

лап, соған жалбақтай беруден қашуға тиіс­

піз. Дегенмен жер бетінде өмір сүріп жат қан 

соң, бәрінен аулақ қашам деу де қис ынсыз 

болары анық. «Битлз» бәрібір «Битлз» бо­

лып  қалады.  Олар  аты  аңызға  ай налған 

орын даушылар болды. Бұл топ тың әндерін 

тек Ұлыбританияда ғана емес, бүкіл дүние­

жүзі  таныған,  әлі  де  мойын дай ды,  орын­

дай ды. Біздің аға­апаларымыз бен құр дас­

та рымыз, інілеріміз, қысқасы, ұлтымыздың 

көп теген өкілдері олардың әндерін тыңдап 

өсті. Сол арқылы музы ка ның сазды әсеріне 

бө ленді.  Оны  ешкім  де  жа сыра  алмайды. 

Мен композитор ретінде «Битлздың» осын­

ша деңгейге көтерілгеніне таң ғаламын. Ке­

ре мет талант иесі болған олар музыка сала­

сын да  өздерінің  өшпес  із дерін  қалдырды. 

Ал біздің азаматтардың өз еркімен құрмет 

көрсетіп, оларға  өз қа ра жатымен мүсін де­

рін қойғаны ерсі қылық   деп айтуға келмей­

ді  деп  ойлаймын.  Осын дай  жағдайларда 

шек  тен  тыс  өзімшілдік  көр сеткеннен  гөрі, 

кей нәрсеге кеңірек қа ра ғанымыз да артық 

болмас. Мүмкін, «Битлз» секілді биік дең­

гей ге  ұмтылған  жас тар  бізден  де  шығып, 

әлем ді аузына қа ра татын шығар. Неге бізге 

соған ұм тыл масқа. Бұл, бір жағынан, жас­

тар ды  та лап тан дыруға,  соған  жетуге,  на­

мы сын жануға қажет те шығар. 



– Сенаттың Әлеуметтік мәдени да-

му комитетінде аталған салаларға қа-

тыс ты көптеген заңдар пысық та ла ты-

ны  белгілі.  Еліміздің  мәдени  өміріне 

серпін беруде жетіспей жатқан немесе 

қабыл дан са да, орындалуы жеткіліксіз 

заң дық нормалар бар ма? 

–  Қабылданған  заңдарда  кемшіліктер 

бо луы мүмкін. Бірақ өте сәтті, қоғам үшін 

маңызы зор кейбір заңдарымыз орындалу 

жағынан  ақсап  жатады.  Заң  тек  нақты 

талап  қойылып,  орындалған  кезде  ғана 

өмір шең күшке ие болады. Өйтпегенде ол 

жай қағаз түрінде қалып қоюы мүмкін. Заң 

нормаларының қоғам үшін ұтымды жұмыс 

іс теуіне барлығымыз атсалысуымыз керек. 

Онымен тек Парламент қана айналысады 

деген  ой  болмағаны  дұрыс.  Біз  көп  айта 

беретін батыс елдерінің бір артықшылығы 

–  олар  қабылданған  заңмен  өмір  сүреді. 

Біз де осы дәстүрге үйренуіміз қажет. 

– Заңдардың  атқарылуы бары сын-

да өзі ңіздің көзіңіз шалған кемістіктер 

бол ды ма?

–  Заң  нормаларының  тиісті  деңгейде 

ат қа рылмайтыны  айтылып  та  жүр.  Мәсе­

лен, мен жақында ғана әлдебір шараның 

ая сында қаладағы бір мейрамханада бол­

дым. Мұны неге айтып отырмын. Өз де рі­

ңіз ге белгілі былтырғы жылы «Халық ден­

сау лығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі 

ту  ралы»  Қазақстан  Республикасы  кодексі 

қа  былданып,  ол  бойынша  қоғамдық 

орын  дарда темекі тартуға тыйым салынды. 

Бірақ әлгі мейрамханада отырған қонақтар 

түтінін  будақтатып,  темекіні  тартып  отыр. 

Бейне  бір  заң  қабылданғанынан  мүлде 

бейхабар  жандар  секілді.  Мен  дереу  сол 

жердің  қожайынын  шақырып  алдым.  Өзі 

басқа ұлттың, басқа мемлекеттің азаматы 

екен. «Мұныңыз не? Заңымызды неге сый­

ла майсыз?» – дедім. Әрине, мен Сенаттың 

де путаты  болғасын  сөзімді  өткізіп,  заң 

нор  масының орындалуын сақтауды талап 

еттім.  Ал  соны  күнделікті  қадағалап,  заң­

ның орындалуын жүзеге асыратын ат қа ру­

шы билік бар емес пе?! Олар сол үшін қыз­

мет етіп, сол үшін жалақы алып отырғанын 

ұмыт пауы шарт. Мен сәл тектеусіз кетсе қо­

ғам дық  орындарда  бірден  көзге  түсетін 

заң  нормалары  туралы  айтып  отырмын. 

Бұл  заң  темекі  тартпайтын  адамдардың 

құ қын қорғау үшін және қоғамдық орында 

жайлы орта қалыптастыру ниетінде қабыл­

дан ған.  Ал  өзгенің  құқын  аяққа  таптап, 

мем лекет  тарапынан  қабылданған  заңды 

көз  ге  ілмеу  –  мәдениетсіздіктің  көрінісі. 

Не  гізі,  мемлекет  пен  халықтың  игілігіне 

жа  райтын көптеген ұтымды заңдар қа был­

данып жатыр, бірақ соны лайықты ат қа ра 

бі луіміз қажет. 



–  Сіздердің  комитетте  «Мәдениет 

ту ралы  заң  жобасына  өзгерістер  мен 

то лықтырулар енгізу туралы» заң жо-

басы қаралғанын білеміз. Оның кейбір 

өз геріске  түсетін  нормалары  туралы 

айта кетсеңіз? 

–  Жақында  ғана  осы  заң  жобасы  жа­

йын да Сенат пен Мәжілістегі келісім комис­

сия сының  жиналысын  өткіздік.  Көп  жай­

лар ды  талқыладық.  Кең  тараған  саланың 

бірі  кино  туралы  айтсам,  2012  жылдан 

бас тап Қазақстанда көрсетілетін шетел фи­

льм дерінің бәрі бірінші кезекте қазақ ті лін­

де  дубляж  жасалып  көрсетілетін  болады. 

Қазақ  тілінде  дубляж    жасалмаған  кино­

лар  дың көрсетілуіне рұқсат жоқ. 

– Өзіңіз қатардағы көрермен ретін-

де  қазіргі  шетелдік  киноларға  қазақ 

ті лін де жасалған дубляждың сапасына 

қан дай баға берер едіңіз?

–  Негізі,  бұл  саланы  дамытуымыз  ке­

рек.  Жаңа  заң  жобасы  қабылданғаннан 

кейін міндетті түрде дубляж жасау жұмыс­

та  рына қомақты қаржы бөлінеді. Бұл жер­

де  Мемлекеттік  тілді  дамыту  бағдар ла­

масын  атқаруға  бөлінген  ақша  пайда ла­

ны латын  болады.  Осы  кинолар  тек  кино­

театр да  ғана  емес,  теледидар  арқылы  әр 

отбасында көрсетілетіндіктен, оның дубля­

жы неғұрлым жақсы болса, фильмдердің 

қа былдануы да соғұрлым сәтті болмақ. Ал 

бүгінгі  дубляжға  келсек,  оған  мардымды 

қаражат берілмейтіндіктен, жетім қыздың 

тойы  секілді  жұпыны  болатыны  белгілі. 

Бәрі ақшаға байланысты. Мәселен, шетел­

дік  мультфильмдердегі  кейіпкерлерінің 

да уы сын  ең мықты голлибудтық жұл дыз­

дар ды быстайды. Тіпті олардың қатарында 

Анжелина  Джоли,  Бред  Питт,  Ричард  Гир 

сынды әйгілі кино саңлақтары бар. Өйткені 

олар ға жақсы еңбекақы төленеді. Сол се­

кіл ді біздің театрлар мен кино сала сын да­

ғы  мықты  әртістерімізді  шақырып,  жақ сы 

ақ ша төлесек, олар да жұмысына ынтамен 

кі рісіп, фильмдерге де сапалы дубляж жа­

салар еді. 

–  Қазақстандықтар  көбінесе  орыс 

ті лінде  дубляж  жасалған  шетелдік 

мульт фильмдерді,  фильмдерді  көре-

ті ні белгілі. Қазақшаны менсінбеушілік 

орыстардың да сол кино картиналарға 

мық ты  дубляж  жасай  білетіндігінен 

секілді?

– Орыстарда бұл сала бұрыннан дамы­

ған. Кеңес Одағы кезінде «Мосфильм» ал­

дың ғы  қатарлы  киностудия  болды.  Сон­

дық тан  олардың  тәжірибелері  мол  және 

дубляж жасауға мықты әртістерді тартады. 

Біз дубляжды көп жасаған жоқпыз. Кезінде 

бәрі  орыс  тілінде  болды.  Аударма  аз  еді. 

Енді­енді қимылдап жатырмыз. Меніңше, 

бұл  олқылықтардың  бәрі  жүре  келе  түзе­

ле тініне сенімдімін. 

– Егер осы бастаманың бәрі шетел-

дік  «кинодағыдай  болса»,  орысшамен 

ауыз данатын  сәбилеріміздің  ықы ла-

сын ана тілдеріне аударуға себі тие ме?

–  Міндетті  түрде.  Күні  бойы  жұмыста 

бо латын ата­ана бала тәрбиесіне онша көп 

уақыт  бөле  алмауы  мүмкін.  Ал  жұмыс 

істемесе, кіріс болмайтыны белгілі жағдай. 

Сол үшін баланың  жанында болып, оны­

мен ұдайы әңгімелесіп тұруға уақыты жоқ. 

Жа  рай ды,  бала  қазақ  мектебіне  барды 

делік, бірақ онда да үзілісте бәрібір орысша 

сөй ле седі.  Ал  үйге  келгесін  қолы  босап, 

теле ди дарды ашқан бала өздеріне ар нал­

ған  бағ дарламаны,  мультфильмді  көргісі 

келе ді. Бірақ ондай арналардың дені күні­

түні  орыс ша  сайрайды.  Басқа  арналар  да 

сон дай. Ал біздің телеарналардың сапасы 

әлі  шикі.  Тіпті  көрерменді  тартпайды  де­

сем, қателеспеймін. Қазақ тілінде тар тым­

ды,  та нымдық,  қызықты  хабарлардың 

дең гейі,  ұтым дылығы  аздау.  Мына  бір 

нақты  мы сал ды  айта  кеткен  жөн  шығар, 

осы  өткен  жа ңа  жылда  мен  немереммен 

бірге бол дым. Ол өзі ана тіліне судай, қазақ 

мек те бінде  оқиды.  Бұл  жағынан  мін  таба 

ал май сыз.  Немерем  екеуміз  сәл  әңгі ме­

лес кен  соң,  ол  теледидарды  көргісі  келіп 

қосып  еді  «Discovery»  арнасынан  жа­

нуарлар ту ра лы жақсы бір деректі фильм 

көрсетіп  жа тыр  екен.  Немерем  қызығып, 

соны  кө руге  кірісті.  Бірақ  көрсетілім  орыс 

тілінде.  «Ай налайын,  оған  қарама»  деп 

қалай  ай тасың?!  Өйткені  ол  бала  үшін 

қызықты,  үл кен­кіші  аңдардың  тыныс­

тіршілігін тар тым ды түрде көрсетіп жатыр. 

Ақыры ба   ламыз соны көріп отырып ұйық­

тады. Мұ ны мен қарапайым мысал ретінде 

ай тып  отыр  мын.  Өкінішке  қарай,  біздегі 

теле ар  на лар  ды шикі салалардың қатарына 

жат  қы зу ға  тура  келеді.  Көргісі  келген  кө­

рер мен дер  ді  тарта  алмайды.  Астана,  Ал­

маты се кіл ді үлкен қалаларда негізгі теле­

ар  на лар  дың  таратылу  сапасы  жақсы.  Ал 

қа ла дан  ұзап  шықсаңыз,  жеке  үйлердің 

бәрі  спут никтегі  арналарды  қойып  алған. 

Жүз  дол лар  төлеп,  тәрелкені  қояды,  ары 

қа рай  тегін,  отыз  тоғыз  арнаны  көреді. 

Оның  отыз  жетісі  орысша,  қалған  екеуі 

түрік мен ше. Байқадыңыз ба, сонда бұлар 

қай  елдің  аза маттары?!  Телеарна  деген  – 

үлкен  идео ло гия.  Бұл  сенен  сұрамай  есі­

гіңнен кіріп, төрі ңе бір­ақ шығады. Тілі де 

басқа, жаңа лы ғы да, танымдық дү ни е лері 

де басқа. Сол арқылы сіз басқа елде өмір 

сүресіз. 

Ақ параттық 

тәу ел сіз ді гімізге, 

қауіп сіз ді гі міз ге  қатысты  бұл  та қы рып ты 

мен Сенаттың оты рысында мәселе ретінде 

кө тердім.  Қынжылтарлығы  –  біз  жаңағы 

кө рер менге  «мынаны  қарамаңдар»  деп 

заң мен шектеу қоя алмаймыз. Сондықтан 

олар дың  алдын  орап,  ұтымды  дүниелер 

жасауымыз керек. 




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал