ИƏ жоқ Гүлшат НҰрымбетова



жүктеу 5.4 Mb.
Pdf просмотр
бет4/35
Дата26.04.2017
өлшемі5.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

8.03.2013 жыл, 

жұма


2

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ӘЙЕЛ – АНА

Қазіргі кездегі әйел-

президенттер кімдер? 

Басы 1-бетте

Саясатта ел басқарған сырғалымдар аз емес. 

Дәл қазіргі кезде мемлекет басқарып отырған 

әйел-президенттер кімдер екенін білгім келеді.

Эльнура, Алматы облысы

Қазіргі кезде әлемде ел басқаратын әйел-президент 

көп емес. Соның ішінде Косово Республикасының 

президенті Атифете Яхьяга ханым әлемдегі ең жас 

президент болып саналады. Сонымен, жаһандағы ең 

жас әйел-президент – осы 37 жастағы Атифете Яхьяга. 

Төмендегі кестеде әлемдегі әйел-президенттердің 

(президентке балама лауазым генерал-губернатор) 

тізімі келтірілген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының жанында әйелдер ісімен айналысатын қанша мекеме 

бар?

Нәзира

Осы уақытқа дейін БҰҰ жанында әйелдер 

мәселесімен айналысатын көптеген мекеме 

болды. Бірақ соңғы жылдары оның бәрі бір 

мекемеге біріктірілді. Бірнеше жыл бұрын 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 

әйелдер ісі жөніндегі жаңа комитет құру туралы 

шешім қабылдаған болатын. Бұл комитет 

әлемдегі нәзікжандыларға қатысты барлық 

мәселемен айналыса береді. Негізінен, 

теңсіздікпен күресуді мақсат тұтады. Толық 

атауы Гендерлік теңдік пен әйелдердің 

құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту 

жөніндегі БҰҰ ұйымы деп аталатын бұл 

орталықты БҰҰ тұрақты түрде қаржыландырып 

отырады. Сонымен қатар мемлекеттердің ерікті 

түрде қаржы аударуына болады. Айта кетейік, 

аталған ұйымды құру жөніндегі шешімін БҰҰ 

бірнеше жыл бұрын қабылдағанымен, ресми 

түрде өз жұмысын өткен жылы 1 қаңтардан 

бастады.

Әйелдер ісі жөнінде БҰҰ 

деңгейінде ұйым бар

АҚОРДА


Ана тәрбиесін 

ақпараттық технология 

алмастыра алмайды

Назымгүл ҚУАНҒАН,

көпбалалы ана: 

– Осыдан үш жыл бұрын бірден төрт қызды дүниеге әкелдім. Бүгінде Нұрайша, 

Гүлайша, Жанайша және Биғай ша есімді қыздарым өсіп келеді. Олар дүниеге келгенде, 

мен «төрт» деген санды жақсылыққа бала дым. Қазақта «төрт құбыласы түгел», «төрт 

аяғын тең басқан», «төр теу түгел болса, төбедегі келеді» деген сөздердің өзі төрттің 

төрелігін көрсетіп отыр. Төрт қызым дүниеге кел генде Алматыдан үш бөлмелі пәтер 

берді. Сол үшін мемлекетке зор алғысымды білдіремін. Қазақтың саны көбейе берсін.

Н.Назарбаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстандағы әйелдер қауымының отандық 

экономика өсіміне қосып жатқан үлесі 40 пайызды құрап отыр. Олар білім беру, 

медицина, мәдениет сияқты салаларда ерен еңбек етіп келеді. Мемлекеттік басқару 

саласында қызмет етіп жатқандардың 55 пайызы – әйелдер. Олардың 260-сы – 

аудандық және ауылдық округтердің әкімдері. Депутаттық корпустың да 24 пайызы әйел 

азаматтардың үлесінде. Осының нәтижесінде жаһандық рейтингінің гендерлік теңдік 

мәселесі бойынша Қазақстан 135 елдің ішінен 31-орынға шықты. «Алайда әйелдер 

теңдігі мәселесін абсурдқа дейін жеткізудің қажет жоқ», – деп Елбасы бір әзілдеп қойды.

Азия ҚЫСТАУБАЕВА,

Қызылорда облысы Сунақ ата ауылдық округінің әкімі:

– Мен өзім әкіммін әрі көпбалалы анамын. Бүгінде біздің ауылымыз күн санап 

көркейіп келеді. Соңғы бір-екі жылдың өзінде заман талабына сай екі мектеп үйі 

салынып, балабақша, мәдениет үйі, спорт алаңқайлары іске қосылды. Әрбір үйге су 

тартылды. Өзім әкім болғаныммен, үйде – әйелмін. Үйде жүрген кезде отағасына 

бағы намын. Әрине, жолдасым да менің әкімдік қызметіме ара ласпайды. Негізі, 

қазақтың әйелдері үйдегі билік пен түздегі билікті араластырмай жұмыс істей алады 

ғой. Биыл әкімдер сайлауы өтеді. Бұл іскер әйелдердің, ел басқара білетін беделді 

келіншектердің өзін-өзі көрсететін сәті деп білемін. Сондықтан сайлаудан кейін әкім 

әйелдердің саны көбейеді деген сенім бар. 

Биыл Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан әйелдерінің 22 өкілі 

Ақордада болып, Президент Н.Назарбаевпен кездесуге мүмкіндік алды. Олардың ішінде 

Қазақстанның мәдениет қайраткері Қарақат Әбілдина, тележүргізуші Ақбота 

Асқарбекова, Сүлейман Демирель атындағы университеттің бірінші курс студенті Нәзифа 

Бақтыбаева, Президент жанындағы Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі 

ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова, «Ұлттық кардиохирургиялық 

ғылыми орталығы» АҚ басқарма төра ға сының орынбасары Махаббат Бекбосынова, 

«Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ бас директоры Тұрсынгүл 

Ботабекова, Солтүстік Қазақстан облысы Еңбек орта мектебінің ұстазы Марина Венинг, 

әнші Алтынай Жорабаева, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы 

Ләззат Ибрагимова, «Тіл» журналының бас редакторы Нұргүл Қарағойшина, Қызылорда 

облысы Сунақ ата ауылдық округінің әкімі Азия Қыстаубаева,  Қазақ ұлттық өнер 

университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева, әртіс Қарлығаш Мұхамеджанова, 

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі 

Наурызбаева, «Силла» ет өңдеу комбинатының директоры Анжелика Ни, Семей 

қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің маманы Валентина Олешкевич, 

«Транс Азия Констракшн» ЖШС дәнекерлеушісі Ғазиза Рысқұлова, Лондон 

Олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова, әртіс Әлия Телебарисова, ҰҚК 

Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының офицері Жанар Хамзина, 

көпбалалы аналар Самал Мақатова және Назымгүл Қуанған бар. «Сіздердің ұрпақ 

тәрбиесімен қатар, заманның барлық игілігін көріп, білім алып, біліктіліктеріңізді 

жетілдіріп,  жарқылдап  өмір  сүрулеріңіз  керек.  Мемлекет  те  сол  үшін  қызмет  істейді.             

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні бір ғасырдан бері аталып келеді. Әр елде оны 

әрқалай қарсы алады. Алайда оның мағынасы бір. Біздің елімізде 8 миллионнан астам 

қыз-келіншек пен әйел бар. Мен олардың барлығын бүгінгі мерекемен шын жүректен 

құттықтаймын. Бақыт, береке, отбасыларына тыныштық тілеймін», – деді Президент.

Кездесу соңында Елбасы көпбалалы ана Самал Мақатованың кеудесіне «Алтын алқа» 

тақты. Бүгінде 32 жастағы Самалдың жеті баласы бар. «Бүгінгі кездесуді пайдалана 

отырып, «Алтын алқаны» сізге өз қолыммен тапсырамын. Ал қалған «Алтын алқаларды» 

өз иелеріне жергілікті әкімдер мен министрлерге тапсыруды жүктеймін», – деді 

Президент. 



ТОТЫДАЙЫН ТАРАНҒАН СВЕТАНЫ ЕЛБАСЫ ДА ТАНЫМАЙ ҚАЛДЫ

Ақордадағы кездесуге шашын бұйралап, тотыдай құлпырып келген Лондон 

Олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедованы Елбасы танымай  қалды. 

«Дәнекерлеуші сөйледі, енді Светлана Николаевна Подобедова... , – деп дөңгелек 

үстелде отырған нәзікжандыларға қараған Елбасы таңданысын жасыра алмады. 

– О, бұл кім десем! Мүмкін емес... Бізге төртінші алтынды әкелген, қоссайыс 

бойынша 295 келі көтерген... Әлемдік рекорд! Жарайсың... осындай жеңістен 

кейін сен тіпті сұлусың!» 

Елбасының жүрекжарды сөзінен кейін Света: «Мен осы жерге келіп, әр салада 

жұмыс істеп жатқан әйелдермен таныстым. Спорттан бөлек өмірдің бар екендігін 

түсіндім. Әртіс, әнші, дәрігер және іскер әйелдер де болады екен», – деп өзінің 

бүгінгі құлпыру сырын ашты.

 Жақсы әйел ері ұялар іс қылмайды.

Абай Құнанбаев

Ұлттың келешегі – аналардың қолында. 

Оноре де Бальзак

Сайланған 

жылы

Аты-жөні

Лауазымы

Мемлекеті

2005


Эллен Джонсон-

Серлиф


Президент

Либерия


2005

Ангела Меркель

Федералдық 

канцлер


Германия 

2007


Луиза Лейк-Тэк

Генерал-


губернатор

Антигуа және 

Барбуда

2007


Кристина 

Фернандес де 

Киршнер

Президент



Аргентина

2008


Квентин Брайс

Генерал-


губернатор

Австралия

2009

Даля 


Грибаускайте

Президент

Литва

2011


Дилма Русеф

Президент

Бразилия

2011


Атифете Яхьяга

Президент

Косово

2013


Пак Кын Хе

Президент

Оңтүстік Корея

Аслан ҚАЛБЕКОВ,

алты жарым жаста:

– Мен қолдан екі открытка жасап, тығып 

қойдым. Оның біреуі – анама, екіншісі – апама. Ішіне 

«Анашым, 8 Наурызыңмен» деп жаздым. Енді 8-і күні 

таңертең ерте тұрып, оны духовканың ішіне 

салып қоямын. Оның қақпағын мамам ашқан кезде 

қатты қуанатын болды. Мамам мені жақсы көреді

құшақтайды, мен де анамды қатты-қатты жақсы 

көремін.


Сенаттың әлқиссасы әйелдерді 

құттықтаудан басталды

СЕНАТ


ОЙ-Т

О

ЛҒАМ



«Айналасын ізгілік пен мейірбандық 

шуағына бөлеген, перзент өсіруді өмірлік 

мақсат еткен абзал аналарды, елдің көркі 

болатын аруларды құрметтеу, олардың 

өмірін қорғау және денсаулығын сақтау – 

біздің мемлекеттік саясаттағы негізгі 

басымдықтардың бірі. Көктем мерекесімен 

құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, 

отбасыларыңызға баянды бақыт пен мол 

ырыс, құт-береке  тілеймін», – деді күн 

тәртібіне көз жүгіртпестен жиынды ашқан 

спикер Қайрат Мәми. Осылайша мерекелік 

көңілмен басталған Сенат отырысында 

палата депутаттары үш бірдей халықаралық 

келісімді талқылаған болатын. Оның 

маңыздысы Қазақстанға Ресейден мұнай 

және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы 

ынтымақтастық туралы келісім болатыны 

сөзсіз. Мұнайлы келісімнің түпкі мақсаты 

2014 жылдың 1 қаңтарына дейін Ресейден 

Қазақстанға бажсыз мұнай жеткізу болып 

отыр. «Ресей жағының не ойлағаны бел-

гісіз, ал бұдан Қазақстан тарапы елеулі 

пай  да таппақ», – деп сендірді сенатор лар-

ды мұнай және газ министрі Сауат Мың-

баев. 


Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан 

жылына 80 млн тоннаға тарта мұнай 

өндір се, оның 8 млн тоннасы ішкі нарықты 

жабуға жолданып, қалған 72-сі экспортқа 

кетеді. Мұнымен қоймай, біз жыл сайын 

6-7 млн тоннаға дейін Ресей мұнайын да 

импорттаймыз. Бұл бір қарағанда түсінік-

сіздеу көрінуі мүмкін. Шындығында, қара 

алтын өзімізде бола тұра, орыс мұнайына 

неге жаутаңдаймыз» деген сауал бұрын нан 

келе жатыр. Тағы нақтылайық – Қазақстан 

теріскейдегі көршінің мұнайы нан жақын 

аралықта бас тарта алмайтыны айқын. 

Кешегі кеңестің кезіндегі тарихи 

қалыптасқан логистика осы болса, бүгінгі 

күні бас тарта салатындай бұдан жапа 

шегіп жатқан жоқпыз. Қайта пайдасын 

қазақтың өзі көріп жатқан тәрізді. Ал Ресей 

ше? Көз жетіп тұрған шығынға қалай бас 

шұлғып отыр? Мұнай және газ министрі 

Мыңбавтың айтуынша, Ресей Қазақстанға 

бажсыз мұнай аудару арқылы жылына 2 

млрд долларға дейін шығынға бататынын 

біледі. Осындай олқылықты реттеу үшін 

2010 жылы екі елдің арасында мүдделі 

министрліктер келіссөз жасап, оның аяғы 

2014 жылға дейін Қазақстанға мұнайды 

бажсыз жеткізу туралы уағдаластық 

жасалған. Ал 2014 жылдан кейін не 

болмақ? «Мұндай келіссөз барысында біз 

мынаған келістік: 2014 жылдың 1 қаң та-

рынан бастап біз бір-бірімізге мұнай жет-

кізсек, онда алмасу операциялары 

негізінде жасайтын боламыз. Ал 2014 

жылдың 1 қаңтарына дейін өтпелі кезең 

болып қалады. Өтпелі кезеңнің қағидасы 

– Ресей 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін 

жылына 6-7 млн тонна шикі мұнайды 

бұрынғыша жеткізіп тұрады. Біз оларға 

2013-2014 жылдары 1,5 млн тонна қарсы 

жеткізілімді жүзеге асырамыз. Ал бұдан 

Ресей бюджеті 2 млрд доллардан астам 

жеткіліксіздік тартады», – дейді Сауат 

Мұхаметбайұлы. Бұл ретте министр 

Қазақстанның пайдасын былай есептеп 

шықты: Ресейден келетін 6-7 млн тонна 

мұнайды Қазақстанның ішкі нарығына 

алады, сосын соның есебінен елімізден 

алыс экспортқа 6-7 млн тонна мұнай 

шығады. Ендеше, алысқа экспорттаудан 

қазынаға түсетін табыс мол. Өйткені оның 

ішінде экспорттық баж да, пайдалы 

қазбаларға салынатын салық та бар. Яғни 

ішкі нарыққа жеткізгеннен гөрі алыс 

шетелге жеткізудің пайдасы екі есе жоғары. 

Есесіне, Ресейге қарсы жеткізілім көлемі 

1,5 млн тонна болса, оның есебінен 

Қазақстан бюджеті де біршама қаражат 

жоғалтады. Дегенмен ондай жоғалту – 

600 млн доллардың шамасында. Ендеше, 

айырмашылық Ресей ұтылатын 2 млрд 

доллар мен Қазақстан ұтылатын 600 млн 

доллардың арасы жер мен көктей. Сөйтіп, 

Қазақстан «екі жеп биге» шығатынға 

ұқсайды. «Жалпы, Қазақстан да, Ресей де 

өздерін мұнаймен толық қамтамасыз ете 

алады. Бірақ алмасу операциялары 

мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу 

логистикасын жеңіл дете түседі. Мұндай 

жеткізу режимінде екі тарап та мұнай 

экспортынан кірісті жоғалтпайды. Түптеп 

айтқанда, бұған дейінгі келісімнің арқа-

сында Қазақстан Ресейден бажсыз мұнай 

жеткізуден елеулі пайда тапты, 2014 

жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде де 

пайда көретін боламыз», – дейді министр 

Мыңбаев. 

БАҒАНЫ МЫҚТАП ҰСТАУ ҮШІН 

ШЕКАРАНЫ ТАРС ЖАБУДАН БАСҚА 

АМАЛ ЖОҚ

Келісімді талқылау барысында 

сенаторлар көпшіліктің көкейіндегі 

мәселені айналып өте алмады. Ол мәселе 

– баға. Алдымен залдағылардың жанар-

май жетіспей жатады дегеніне тоқталған 

министр Мыңбаев: «Қайда? Кімге бензин, 

дизель жетпей тұр?» – деп таңданысын 

жасырмады. Сосын залдан басқа әңгіме 

естілмеген соң, аргументтерді біртіндеп 

алға тартып, Сауат Мұхаметбайұлы сауатты 

жауап беруге көшті. «Баға ма? Оның жөні 

бөлек. Мәселе мынада: біз Бірегей 

экономикалық кеңістік құру туралы шешім 

қабылдадық. Солай ма? Солай. Оны ешкім 

жоққа шығара алмайды. Соның нәтиже-

сінде басқасы былай тұрсын, біздің 

шекарада тіпті ішкі кеден де жоқ. Кеден 

жоқ жерде еркін айналым да, жұмыс күші 

де араласып жатады. Ал осындай аралас-

құраластағы екі бөлек көршілес мемлекетте 

баға арасындағы алшақтық қандай болуы 

керек деп ойлайсыздар? Мәселе кімнің 

мұнайы, оның қай елде өндірілгенінде 

емес. Мәселе – ашықтықта», – деп бір 

тоқталды мұнай және газ министрі. Сосын 

тіке жауапқа көшті: «Бағаны ұстау керек пе, 

онда шекараны жабайық! Расымен, солай 

істеуге де болады. Мысалы, өзбектер де 

түрікмендер де солай істеп отыр. Ендеше, 

бағаны ұстауға баса мән беріп, сол үшін 

саяси модельді де, бағытымызды да 

өзгертейік, сосын шекараны тарс жауып 

отырайық! Баға сонда ғана тұрақты 

болады. Ешкім оған алаңдамайды. Ондай 

болмаса, бағаны ұстауға басқа жағдай да, 

мүмкіндік те жоқ», – деп сөзін түйіндеді 

Сауат Мыңбаев. Бақсақ, бұл – шындық. 

Ашық жатқан арғы бетте бағаның бүлкілі 

білінсе, біздің мұнай сол бағытқа «көлең-

кемен» де, тіке де жөңки жөнеледі. 

Министр дің меңзейтіні де – осы. Ал қазақ-

тың мұнай өнімі қазақ үшін қашан арзан 

болады дегенге келсек, ашық шекара 

тұрғанда елдегі бензин ешқашан арзан да-

майтын секілді. «2016 жылы біз ішкі 

сұранысты 100 пайыз отандық бензинмен 

қамтамасыз ете аламыз. Дегенмен шекара 

ашық болса, оның да түкке шамасы 

келмейді (бағаға қатысты шамасы деп 

біліңіз – авт.)», – деп ашық кетті министр 

Мыңбаев. Дегенмен расы – осы. 



Астана

Басы 1-бетте

Қанат ҚАЗЫ

Әйелдердің қоғамдағы орны 

аналық өлшемімен өлшенуі керек

Оларға Томирис пен Заринаның, 

жоңғардың тізесін қалтыратқан Гауһардың, 

Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне 

алты ұлымен келіп, үкілі найзамен жауын 

түйреген Бопайдың, Ұлы Отан соғысында 

қару жастанған Әлия мен Мәншүктің, Жел-

тоқ сан желінде қар жастанған Ләззат тар-

дың ерлікті жолын жалғатуға емес, 

керісінше, «шолақ белсенділік» арқылы 

тек қол көтеріп дауыс бергенде ғана қажет 

«қуыршақтарға» айналдырып жібердік. 

Бірақ біздің аналар жасымады. 

Біз ананың елге ететін еңбегін баға лауда 

да қателестік. Әр қыздың арманы ана атану 

болмағы шарт еді. Әйелдің қоғам 

дағы 

орны деген желеумен осы бір ұлы мақсатты 



да санамыздан сылып тастадық. Бала 

Шоқанды дана Шоқан еткен – әжесі 

Айғаным, бала Абайды дана Абай еткен 

әжесі Зере екенін, әр ананың мақсаты 

Шоқан мен Абайдай асықтай ұлды 

тәрбиелеу болу керектігін «керексіз 

кәдедей» сананың бір түкпіріне тастай 

салдық. Нәтижесінде туған қызынан, жа ры-

нан, анасынан жерінген еркек кіндік ті лер 

көбейді. Бірақ біздің аналар жа сы мады.

Біз әйелдердің теңдігін сауда-саттық-

пен де таразылап көрдік. Тәуелсіздік 

алысы мыз бен, еркек атаулыны үйге тастап, 

ару ларды ала қап арқалатып ел кездіріп 

жібердік. Бүлдіршіндер ана махаббаты 

мен ананың аялы алақанынан алыс қалды. 

Жарының қаржысына күн көретін «жатып-

ішер» ерлер қауымы пайда болды. Бірақ 

біздің аналар жасымады. 

Біз әйел теңдігін оқу мен білімнен 

іздедік. Бұл орайда да аруларымыз ерлер-

дің алдына түсіп, өзін мойындатты. 

Биіктерді бағындырды. Қоғамға қаншама 

өзгеріс әкелді. Бірақ бұл біліктілік аналар 

мойнындағы ауыр жүкке тағы да 

жауапкершіліктер жүктеп тастады. Бүкіл 

білім беру саласының тізгіні нәзік жан ды-

лар 


дың қолына бұйырып, ерлер тағы 

олардың «желкесіне» отырып алды. Бірақ 

біздің аналарымыз жасымады. 

Біз әйелдің қоғамдағы орнын құқық 

қорғау саласынан іздедік. Өрімдей қыз да-

ры мызды  қаныпезер  қылмыс кер лермен 

арпа лыстырып қойдық. Бұл жайт сезімі 

секем шіл арулар қауымын қатыгездікке, 

қатал 

дыққа баулыды. Бірақ біздің 



аналарымыз жасымады.

Иә, қазіргі қоғамның қай бағытын 

алсаңыз да барлық салада қазақтың көрсе 

көз тоятын сүйкімді қыздары жүр. Олар – 

кешегі тарихымыздағы Болған ана, 

Домалақ ана, Дарабоз ана, Қарқабат ана, 

Қызай ана, Найман ана, Ұлпан ана, Абақ 

аналарымыздың ізі. Бірақ біз бүгінгі таңда 

гендерлік саясатты аяғынан тік тұрғыздық 

дегенімізбен, ешбір аруға ана деп қарап 

көрген жоқпыз. Тіпті әйелдердің есімімен 

қатарласа аталатын «ана» деген асыл сөзді 

де ұмытып қалғандаймыз. Әйел азама ты-

ның қоғамдағы негізгі рөлі мен орнын 

белгілейтін де осы сөз емес пе еді?

Мереке қарсаңындағы Сенаттың отырысы кеше спикер 

Қайрат Мәмидің құттықтауымен ашылды. Шуақты көктемнің 

алғашқы мерекесі Астананың ақша қарымен ілесіп келгеніне 

назар аударған төраға Қайрат Әбдіразақұлы әйелдер 

қауымының мейрамын жақсылықтың жаршысына балады. 

ТҮЙІН

Белгілі жазушы Дулат Исабеков 

«Өкпек жолаушы» атты повесінде: 

«Әрбір әйел – танылмаған планета. 

Жай ғана планета емес, әрқайсысы 

мұңлы планета. Бүкіл дүниежүзінің 

ұлы ғалымдары жиналып, әйтеуір, 

бір кезде әлемнің құпияларын 

ашуы мүмкін, ал бірақ ешқандай 

ғылым, ешқандай данышпан 

қарапайым әйел жанының 

құпиясын аша алмайды. Әйел 

жаны әрқашан жаралы. Өйткені ол 

таза да нәзік жаралған, сондықтан 

ауруға тез шалдығады. Әйел 

жанын таза сақтайтын қоғам жер 

бетінде әлі құрылған жоқ, оған дақ 

түсірмей аялай білетін еркек әлі 

туылған жоқ...» деп толғаныпты. 

Солай-ақ шығар! Бірақ маған 

қазақ қоғамы сол мұңлы 

планетаның жарасын дер кезінде 

дауалай біліп, «Анаңды үш мәрте 

Меккеге арқалап апарсаң да, ақ 

сүтін ақтай алмайсың» деген 

сөзбен перзент атаулысын әйел 

затына қарыздар етіп қойған 

секілді! Ол қарыздың өтеуі – 

мәңгілікке мойнымызда… 

Мойныңызда… Сондықтан да әйел 

теңдігі, әйелдің ерден 

артықшылығы ана болып, сәби 

сүюде жатқанын ұмытпайықшы. 

Біздің айтпағымыз осы еді!

Мансұр ХАМИТ (фото)

Мансұр ХАМИТ (фото)

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)



БАЛА ТІЛІ – БАЛ

№39 (950) 



8.

8.

8.

8.

8.

8

03

03

3

03

.2

.2

.2

.2

.2

2

01

01

01

01

3

3

3

3

3

3

жы

жы

жы

жы

жы

ж

л,

л,

л,

л,

л,

,

 

 

жұ

жұ



жұ

ж

ж



ма

ма

ма



а

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

y

y

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



Б

ас

ы 1-

бе

тт

е

Саясатта ел басқарған сырғалымдар аз емес. 

Дәл қазіргі кезде мемлекет басқарып отырған 

әй

әй

әй

й

әй

ел

ел

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 5.4 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет