құқыққа қарсы, кінәлі(қасақана немесе абайсыздықта жасалған) жеке адамның немесе заңды тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі. Әкімшілік құқық бұзушылық азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін және құқыққа қарсы әрекет боып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері: құқыққа қарсылығы, кінәлілігі, әкімшіліктік жазалану.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы:
бұл заңдық элементтердің жиынтығы, солар болған жағдайда әрекет әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады да әкімшілік жауаптылық туындайды. Бұл элементтер әкімшілік құқық бұзушының обьектісі, субьекті, обьективтік және субьективтік жақтары.