ҚҰҚЫҚ негіздері



жүктеу 370 Kb.
бет20/47
Дата16.02.2022
өлшемі370 Kb.
#17295
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
78118

Құқықбұзушылықтың құрамы:

  • 1. Құқықбұзушылықтың субъектісі–бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықты әрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.
  • 2. Құқықбұзушылықтың объектісі–бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік және т.б. жатады.
  • 3. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы–бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде басты категория болып кінә табылады. Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы.
  • Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді. 
  • Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайдылық.
  • 4. Құқықбұзушылықтың объективтік жағы–бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады: а) әрекет немесе әрекетсіздік; ә) құқыққа қайшылық; б) зиянды нәтиже; в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

жүктеу 370 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет